2015 жыл, сәрсенбі



жүктеу 0.97 Mb.

бет1/10
Дата10.02.2017
өлшемі0.97 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 №30 (1265)   22

 шілде 


2015 жыл, сәрсенбі

www.z-taraz.kz



жаз қызығы - жағалауда

Баянды бастама

 

„



Қазақ хандығының 

550 жылдық мерекесі 

төл шаһарымыз – 

Таразда тойланғалы 

отыр. Айтулы 

күнге аз уақыт 

қалды. Ал қаланың 

қақ ортасындағы 

көшелердегі 

бейберекет сауда 

орындары мен   заңсыз 

дүңгіршектер қала 

көркіне көлеңке түсіріп 

тұрғаны... 



                                           

ҮЕҰ: қоғамның 

белсенді күші 

 

„



Бұл күнде Үкіметтік 

емес ұйымдар 

азаматтық қоғамның 

белсенді бөлігіне, 

халық пен биліктің 

арасындағы алтын 

көпірге айналған. 

Қазіргі  таңда шаһарда 

420 ҮЕҰ тіркелсе, оның 

62-сі жастар қоғамдық 

бірлестігі болып 

табылады.

 

„

Жайдары жаз - еңбек демалысының, саяхаттың, күлімдеген күннің көзінде суға 



түсіп, шомылудың маусымы. Адам бойына сергектік дарытып, рахат күйге бөлейтін 

тұнық судың шипасы да мол.  Алайда, суда жүзіп тәніңді сауықтырғанмен,  қауіпсіздік 

ережелерін сақтауды да қаперде ұстаған жөн. 

 

3 бет.

 

5 бет.

 

8 бет.



құрметті тараздықтар  және қала қонақтары!

24 шілде күні сағат: 19.00-де 

қР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта қазақ 

хандығының 550 жылдығына орай 

Тараз қаласының мәдениет және өнер күні өтеді.

Тараз қаласының әкімдігі

Тіл үйірген 

жеңсік ас

 

„



Жаз - ағзаны 

дәруменмен 

толтыратын маусым. 

Базар мен сауда 

орындарында қаздай 

тізілген қарбыз бен 

қауынның көптігінен 

көз сүрінеді. Десе 

де, балдай тәтті 

көкөністерді дұрыс 

тұтынбау денсаулыққа 

кері әсер етеді. 

 

6 бет.


қала-қарбалас

2

//   «ЖАмБыл - ТАрАз»  //  №30 (1265), 22 шілДЕ 2015 Жыл  //



 

„

Қала әкімі Нұржан Календеров өңірімізге жұмыс сапарымен келген Индонезияның 



Қазақстандағы  елшісі  Фостер  Гултоммен  кездесіп,  екі  ел  арасындағы  ымыралы 

ынтымақтастық турасында әңгіме өрбітті.



ЫнтЫмақтастЫқтЫң көкжиегі

Елдестірмек елшіден.

  Суретті түсірген В.Алсуфьев.

Шынболат СЕЙдуалИЕВ

Кездесуде  алғаш  болып  сөз  алған 

Фостер Гултом елшілік қызметтегі екі жыл 

ішінде  еліміздің  біршама  облыстарын 

аралағандығын  тілге  тиек  етті.  Елмен 

кездесулерде экономикалық, мәдениет 

және  академиялық  мәселелер  туралы 

талқылағандығын баса айтты. Сондай-

ақ  екі  ел  арасындағы  достық  қарым-

қатынасты реттеп, оны ары қарай дамыту 

жолдарын бір жүйеге келтіру барысында 

біршама жұмыс атқарғанын мәлім етті. 

Сондай жұмыстардың негізінде өңірімізге 

табан тіреген. Сонымен қатар елші Фо-

стер шаһарымыздан алған әсерлерімен 

де бөлісті. Өңірдегі «Батыс Қытай –Ба-

тыс  Еуропа»  автодәлізінің  сапасына 

үлкен баға берді. мұнымен қоса біздің 

облыспен түрлі сала бойынша қарым-

қатынас  жасауға  әзір  екендіктерін  де 

білдірді. Өз кезегінде  қала әкімі Нұржан 

Сәбитұлы Фостер Гултомға қаланың та-

рихы мен ерекшеліктері туралы айтып, 

тыныс-тіршілігі мен негізгі өндірісіне де 

тоқталып өтті. 

-  Бізде қазіргі таңда көп инвестор-

лар  жұмыс  жасайды.  Биылғы  жылы 

біз болашағы бар 3 үлкен жобаны іске 

асыратын  боламыз.  Осыған  байланы-

сты  сіздердің  де  ұсыныстарыңызды 

қабылдауға  дайынбыз  және  ол  үшін 

қуаныштымыз.  Қазіргі  таңда  өзіңіз 

байқағандай  қаламыз  қанат  жайып, 

өсіп-өркендеп келе жатыр. Соның айқын 

айғағы  республикалық  маңызы  бар 

археологиялық «Көне Тараз» музейінің 

құрылысы  мен  алдағы  қазан  айында 

тойланатын  Қазақ  хандығының  550 

жылдығы,- деп атап өткен шаһар бас-

шысы елшіні сол дүбірлі тойдың қонағы 

болуға шақырды. 

Айта  кетерлігі,  әкіммен  кездесуге 

дейін елші Жамбыл облысы кәсіпкерлер 

палатасының қызметкерлерімен кезде-

скен  болатын.  Оңтүстік-шығыс  Азияда 

шоғырланған  аралдар  елінен  келген 

елшілік  Жамбыл  облысы  кәсіпкерлер 

палатасының  басшылығымен  және 

өңір кәсіпкерлерімен кездесіп Индоне-

зия мен Жамбыл облысы арасындағы 

экономикалық  байланыстар,  алдағы 

уақыттағы әріптестік қарым-қатынастар 

мәселесін  жан-жақты  талқылады.  «Ин-

донезия  мен  Қазақстан  арасындағы 

экономикалық әріптестік 2012 жылы екі 

ел  басшыларының  кездесуінен  кейін 

бастау  алған  болатын.  Бұдан  соң  қос 

тарап  экономикалық  әріптестік  бай-

ланысты  нығайту  мақсатындағы  Жол 

картасы,  Индонезия-Қазақстан  бизнес 

форумы, мұнай-газ, фармацевтика, ауыл 

шаруашылығы,  логистика  және  өзге 

де  салалар  бойынша  түрлі  кездесулер 

өткізді. Біздің бұл кездесуіміздің мақсаты 

– қонақтарға Жамбыл облысындағы биз-

нес-жобаларды таныстыру. Біз ұсынған 

жобаларға  қызығушылық  танытып,  екі 

жақты байланысымызды одан әрі нығайта 

түсемін деген сенімдемін» - деді Жамбыл 

облысы кәсіпкерлер палатасының дирек-

торы Қарлығаш Аралбекова. Өз кезегімен 

сөз алған Фостер Гултом Индонезияның 

экономикалық  әлеуеті  мен  Жамбыл 

облысындағы бизнес жобалар жайында  

айтып өтті. Жиын барысында екі жақ жиын 

хаттамасына қол қойып, Қазақстандағы 

Индонезия  республикасының  елшілігі 

және Жамбыл облысы кәсіпкерлер пала-

тасы арасында сауда, туризм және инве-

стиция салалары бойынша тәжірибе ал-

масу, екі жақты сауда мен экономикалық 

байланысты  дамыту,  тиісті  мемлекет-

терде  бірлескен  бизнес-кездесулер, 

семинарлар,  тренингтер  ұйымдастыру 

мәселелері бойынша әріптестік байланыс 

орнатуға өзара келісім жасады. 

Қала  басшылығымен  өткен  кез-

десуде  елші  Қазақстан  мен  Индоне-

зия  арасындағы  достықты  нығайту 

мақсатында  Тараз  қаласы  мен 

Индонезияның  бір  қаласын  бауырлас 

қала  ретінде  таныту  керектігі  туралы 

ұсынысын  білдірді.  Нұржан  Сәбитұлы 

Тараз  қаласы  бірнеше  мемлекеттердің 

қалаларымен  бауырлас  екендігін 

ескере  отырып,  айтылған  ұсынысты 

құптайтындығын жеткізді. 

-  мен бұл жолы кәсіпкерлермен кез-

дессем,  келесі  кездесуімді  басқа  сала 

бойынша  өткізуді  жоспарлап  отырмын. 

мәселен,  академиялық  сала  бойынша 

университеттерде  кездесулер  өткізіп, 

осы бағытты көтеру. Қазақстанның басқа 

қалаларындағы жоғары оқу орындары мен 

біздің елдің жоғары оқу орындары әріптестік 

қарым-қатынаста болғанымен, сіз басқарып 

отырған  қаланың  оқу  орындарымен 

ешқандай қарым-қатынас орнатылмаған 

екен,-деген Фостер Гултом қаламыздағы 

университеттермен қарым-қатынас орнату 

туралы ұсынысын жеткізді. Қаладағы жоғары 

білім беріп жатқан университеттердің жай-

күйіне тоқталған Нұржан Сәбитұлы аталған 

ұсынысқа да қарсы еместігін білдірді. Кезде-

су соңында Индонезияның Қазақстандағы 

елшісі Фостер Гултом қала басшысына 

елшілік атынан рахметін жеткізіп, алдағы 

уақыттағы жүздесулер бұдан да ауқымдырақ 

болатындығын баса айтты. 

Индира БаЙқОНыС

Алдымен, Оразкүл Асанғазы 2013 жылы «Бәйтерек» 

мөлтек  ауданындағы  «100  мектеп,100  аурухана» 

мемлекеттік  бағдарлама  шеңберінде  бой  көтерген  

№1  Қалалық  балалар  ауруханасына  бас  сұқты.  Ем-

деу  мекемесінің  жұмысымен  аталған  аурухананың 

бас  дәрігері  райқұл  Нұржанов  таныстырып,  ондағы 

нәрестелер паталогиясы  мен ерте жастағы балалар 

бөлімшелерін көрсетті.

райқұл Бестайұлы  депутатқа аруханада 470-тен  

астам қызметкер жұмыс істейтінін,  мұнда тәулік бойы 

жататын 230 төсекке арналған заманауи көпсалалы 

клиника және  20 төсектік күндізгі стационар жұмыс 

істейтінін тілге тиек етіп, жоғары білікті мамандар кең 

спектрлі  нозологиялық    түрлерімен  барлық  жастағы  

қалалық және аудан тұрғындарына жоғары деңгейде 

шұғыл,  жоспарлы,  емдік,  диагностикалық,  оңалту 

көмегін көрсете алатындығын атап өтті.  

Өз кезегінде Оразкүл Асанғазы Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаевтың  жүргізіп отырған сарабдал саясатының 

арқасында  денсаулық  сақтау  саласында  жүйелі 

жұмыстар жүзеге асып келе жатқанына тоқталды.

-  Бүгінде республика көлемде «100 мектеп, 100 

аурухана» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде 

көптеген заманауи ауруханалар мен емханалар бой 

көтеруде. міне, бүгін өздеріңіз қызмет ететін тамаша 

ғимаратта бас қосып отырмыз. Үкімет сіздерге барлық 

жағдайды жасап берді. Енді білек сыбана, ұлт саулығы 

жолында аянбай тер төгіңіздер,-деді депутат.

Оразкүл Асанғазықызы аурухана ішіндегі науқастарға 

ақпарат  тарататын  стендтердің  мемлекеттік  тілде 

жазылғанына  оң  бағасын  берді.  Алайда,  медицина 

қызметкерлерінің емделушілердің  ауру тарихын рес-

ми тілде жазатындықтарын сынға алып, ана тіліміздің 

мерейін  өзіміз  асыруға  тиіс  екенімізді  қадап  айтты. 

мұнан  кейін  халық  қалаулысы  аурухананың  мәжіліс 

залында ақ желеңді абзал жандармен кездесу өткізді. 

-  Ұлттың саулығы  –  дәрігерлердің қолында. Аурумен 

күресуден бұрын оның алдын алған тиімді. Сондықтан 

мектеп  оқушылары  мен  жоғары  және  арнаулы  оқу 

орындарына денсаулық сақтаудың жолдары турасында 

лекциялар оқып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 

түсіндірмелі жұмыстар жүргізсеңіздер нұр үстіне нұр. 

Қазір өмірге неге мүгедек балалар көптеп келеді деп 

ойлайсыздар? Оның басты себебі, көп отбасыларда 

келінге әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қысым көп 

жасалады. Оның үстіне, ішіп-жейтін азық-түлігіміздің 

сыйқы  мынау.  Бұрын  ата-бабаларымыз  ұрпағын 

өрбітетін  келінін  туған  қызынан  артық  көріп,  соның 

көңіліне  қараған.  Тіпті,  қазақта  құрсақ  шашу  деген 

дәстүр бар. Келінінің аяғы ауыр екенін білген енелер 

бірден туған-туыс, көрші-қолаңдарын шақырып, дастар-

хан жайған. Сөйтіп, келіннің жерік асын тауып беріп, 

болашақ сәбидің үлкен азамат болуы үшін  жезтаңдай 

әншілердің әнін тыңдатып, білекті балуандардың өнерін 

тамашалатқан. міне, осы дәстүрді жаңғырсақ, біздің 

ұрпақтың  дені  сау,  рухы  асқақ  болары  сөзсіз,-  деді 

Оразкүл Асанғазы. Сондай-ақ, депутат №5  емханаға 

атбасын  бұрып,  қызметкерлермен  жүздесті.  мұнда 

Оразкүл Асанғазықызын емхана жұмысымен Жамбыл 

облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы 

Ерлан масалимов таныстырды. Кездесу барысында 

депутат өзінің  ой-толғамдарын  ортаға салды. Ал  емха-

на қызметкерлері халық қалаулысының келелі кездесу 

өткізгені үшін алғыстарын білдіріп жатты. 

Ұлт болам десең,  ұрпақ саулығын ойла!



 

„

қР Парламенті Мәжілісінің депутаты Оразкүл асанғазы жұмыс сапарымен Тараз қаласында болды. Халық қалаулысы  қаладағы 



№1 қалалық балалар ауруханасы мен №5 емхана ұжымымен кездесу өткізді. 

«I LOVE TARAZ» 

жастардың 

махаббаты

қала-қарбалас

3

//   «ЖАмБыл - ТАрАз»  //  №30 (1265), 22 шілДЕ 2015 Жыл  //



 

„

қаламызда еліміз 



үшін елеулі әрі маңызды 

болып саналатын қазақ 

хандығының 550 жылдық 

мерейтойын жастар 

арасында насихаттау 

мақсатында «жаса» жастар 

қозғалысы құрылған 

болатын. қала әкімі Нұржан 

Календеров «Топчан» 

кафесінде аталмыш 

қозғалыстың белсенді 

жастарымен бейресми 

кездесу өткізді. 

Орталықтағы орынсыз олқылық.

  Суретті түсірген В.Алсуфьев.

айбек  КадРалИЕВ

Н е г і з і н е н ,   « Ж а с а »   ж а с т а р 

қозғалысының  басты  мақсаттарының 

бірі  –  Қазақ  хандығының  550 

жылдық  мерейтойына  атсалысу-

дан  өзге  облысымыздағы  үкіметтік 

емес  ұйымдардың  басын  бір  арна-

да  тоғыстыру,  сондай-ақ  өңіріміздегі 

белсенді  жастардың  жаңа  буынын 

тауып, оларға жол көрсету. Бейресми 

кездесуде алғаш болып сөз алған «Нұр 

Отан» партиясы Жамбыл облыстық фи-

лиалы жанындағы «Жас Отан» жастар 

қанатының төрағасы Уалихан Болатбек 

қозғалыстың  мақсат-міндеттері  тура-

сында қала әкіміне егжей-тегжейлі ба-

яндап өтті. Сондай-ақ ол дүбірлі тойдың 

қарсаңында қала жастарының атынан 

шаһарымызға 550 түп ағаш отырғызу 

туралы  ұсыныс  білдірді.  Ұсынысты 

бірден құп көрген Нұржан Сәбитұлы 550 

түп ағаш отырғызуды бір ғана жерден 

емес,  екі  жерден  отырғызу  керектігін 

ескерді.  Ол  үшін  жастарға  өздеріне 

ыңғайлы деген жерді іздестіруді тапсыр-

ды. Сонымен қатар шаһар басшысына 

жастар тарапынан бірнеше ұсыныстар 

айтылды. мәселен, жастар арасында 

салауатты өмір салтын қалыптастыру 

бағытында жұмыс атқарып келе жатқан 

«Street workout» атты көше спортына 

алаңқайдың  көңіл  көншітпейтіндігі. 

Бұл  жөнінде  мемлекеттік  бюджеттен 

немесе  арнайы  демеушілер  тауып 

салдыртуға  болатындығын  ескер-

ген  әкім  қолдайтындығын  білдірді. 

мұнымен  қоса  кездесуде  облыстық 

сайт  жағдайының  мәз  емес  екендігі 

туралы да әңгіме өрбіді. Сайт турасын-

да жастарға оның механизмдерін бір 

жүйеге келтіріп, ұсыныс жазуды тапсыр-

ды. Және де  жастар тарапы қалалық 

жастар  ісі  жөніндегі  кеңеске  «Жаса» 

жастар қозғалысын енгізуді, қала ішінде 

жастардың арнайы баннерлері ілінсе 

деген тілектерін де жасырып қалмады. 

Жастардың көкейінде жүрген «I LOVE 

TARAZ» сынды жазуы қалада көрініс 

тапса деген тілегі болатын. Бұл мәселе 

жоспарда бар екендігін және орнала-

сатын орны да белгіленіп қойғандығын 

атап көрсетті. Ол әуежай маңындағы 

қонақ  үйдің  іргесінен  орын  тебетін 

көрінеді. Кездесу барысында әлеуетті 

үйіріп  алған  әлеуметтік  желі  және 

жастардың аптасына бір мезгіл футбол 

ойнайтын  алаң  тауып  беруге  ыңғай 

жасауы жайлы да сөз болды. Кездесу 

барысында  сондай-ақ,  әкімнің  жеке 

басына  қатысты  сұрақтар  қойылып, 

тұшымды жауаптар алынды. 

Бейресми  кездесудің  соңына 

қарай қала әкімі Нұржан Календеров 

жастардың бастамасына ризашылығын 

білдіріп, айтылған ұсыныстары жерде 

қалмайтындығын  жеткізді.  Жастар 

жағы осындай форматтағы кездесулер 

бұнымен тоқталып қалмаса екен деген 

тілектерін білдірді.       

Нұржан СЕРІКХаНҰлы

шетел  асып  келгендерді  қазақи 

қонақжайлылықпен қарсы алып, тарихи 

шаһарымыздың нақты сұлулығын көрсету 

мақсатында  қызу  жұмыстар  басталып 

кетті. Тіпті, республикамыздың әр өңірі 

шаһарды  абаттандыру  жұмыстарына 

демеушілік  көрсетіп,  бір  үйдің  бала-

сындай  ат  салысып  жатыр.  Дегенмен, 

мереке қамына кіріскен сәтте қаланың 

орталық  көшелеріндегі  бейберекет  са-

уда орындары кенжегеден кері тартып 

отыр. мыңдаған жылдар бойы күткен бес 

жарым ғасырлық белесімізбен мақтанар 

тұста, Отан ана мен елден, тарих пен 

болашақтан күнделікті нәпақасын жоғары 

қойып,  қазақтың  мүйізі  қарағайдай 

Қазыбек  би,  Әйтеке  би  атындағы  төл 

шаһарымыздың  төрінде  орналасқан 

көшелердің  бойын  бейберекет  сауда 

алаңына  айналдырғандарға  жол  бол-

сын. Тіпті, Жамбыл даңғылы бойындағы 

қалалық аурухана алдын жабайы базарға 

айналдырып жіберген. Сонда олар кімнің 

атына  кір  келтірмекші  болып  отыр?! 

Әрине,  өздері  өніп-өскен  елдің  атына. 

Осыған  орай  Жамбыл облысы әкімі Кәрім 

Көкірекбаев  арнайы  қаулы  қабылдап, 

жергілікті атқарушы орындарға тапсыр-

ма  берген  болатын.  Қаулы  негізінде 

қалалық  мәслихат  депутаттары  мен 

қалалық бөлім басшыларынан арнайы 

комиссия құрылып, қаланы бейберекет 

сауда орындарынан тазарту жұмыстары 

жүргізілді.  Аталмыш  комиссия  құрамы 

кеше  бірінші  кезекте  «Орталық  гас-

троном»  маңындағы  бейберекет  сау-

да  дүңгіршектеріне  ат  басын  бұрды. 

Бұрынғы «Тюльпан» мейрамханасының 

алдында шоғырланған жеңіл тағам сату-

мен айналысатын қос нысанның бірі алы-

нып тасталған. Ал екіншісі әлі күнге жылы 

жерінен жылжымай отыр. Оның егесіне 

қалалық  мәслихаттың  хатшысы  Бала-

бек  Нарбаев  алдағы  айтулы  мерекеге 

орай қолға алынып отырған мәселемен 

қатар сол «Смак» сауда повильонының 

ешқандай заң мен санитарлық бақылауға 

сай жұмыс жасап отырмағандығын  шеге-

леп айтты. Олардың жұмысына осы күнге 

дейін екі шағым да түсіп үлгерген екен. 

-  Әр заманның өз талабы бар. «Тюль-

пан» мейрамханасы ескіргеннен кейін, 

Түркияның «Котон текстиль»  компания-

сымен келісім жасасып, ғимаратты жалға 

бердік. Құрылыс жұмыстары біткеннен 

кейін,  75  адамды  жұмыспен  қамтитын 

болады.  Ғимараттың  алдындағы  екі  

сауда  нысанының  бірі  бізге  қарайтын. 

Қала басшылығы тарапынан бізге алы-

нып тасталсын деген қолхат берілді. Біз 

алып тастадық. Қазақ хандығының 550 

жылдық тойы біз үшін үлкен мақтаныш. 

Ал дәл алдымыздағы «Смак» сауда пови-



БаяндЫ Бастама

 

„

Тарихымызды тірілткен қазақ хандығының 550 жылдық мерекесі төл 



шаһарымыз – Таразда тойланғалы отыр. айтулы күнге аз ғана уақыт қалды. ал 

қаланың қақ ортасындағы көшелерде тұрған бейберекет сауда орындары мен 

ойдан-қырдан жиналған заңсыз дүңгіршектер қала көркіне, кескін-келбетіне көлеңке 

түсіріп тұрғаны... 

льоны өз жұмысын әлі жалғастырып 

отыр. Олардың жұмысы санитарлық 

бақылауға  мүлдем  сай  емес.  Атал-

мыш  сала  мамандарының  өздері 

де  2012  жылы  осы  сұрақпен  сотқа 

жүгінген. Сол жылы соттың шешімімен 

бұлардың  жұмысы  тоқтатылған  бо-

латын. Кейін барлығын талапқа сай 

қыламыз деп 6 ай уақыт сұрап алды. 

Бірақ  қалыпқа  келген  ештеңе  жоқ. 

Қалдықтарының  барлығы  арыққа 

төгіліп  жатыр,  -  дейді  ғимарат  иесі 

Бейбіт  Әлмұхамедов.  Дегенмен, 

аталмыш сауда повильонының егесі 

сөзге тоқтап, нысанды алып тастауға 

келісімін берді. «Орталық гостроном» 

маңындағы  бірқатар  бейберекет 

сауда дүңгіршектері өз жұмыстарын  

тоқтатты. 

Ал  сол  маңдағы  «Tochibox» 

автодүңгіршегінің иесі Николай Ким 

мәселені түсінбей өзінше қарсылық 

білдірді. Алайда комиссия мүшелері  

заң  талаптарын  айтып,  тіпті  жол 

потрульдік  полиция  қызметкерлері 

автодүңгіршектің  орталық  көшедегі 

жаяужол  бойында  тұрғаны  заңсыз 

екендігін  соқырға  таяқ  ұстатқандай 

дәлелдеп  берді.  Өз  еркімен 

алып  кетпесе,  айып  автотұраққа 

қамалатындығын  да  баса  айтып, 

нақты шара қолданылды. Бұдан әрі ко-

миссия құрамы «Дәулет» базарының 

алдында тұрған «Bon appetit», «Бур-

гер  мания»  автодүңгіршектердің 

иелерімен  жолықты.  Бұл  жерде  де 

бірінші  аталған  жылжымалы  сауда 

дүңгіршегінің  иесі  сөзге  келмей  өз 

айбын  түсініп,  дереу  басқа  орынға 

ауыстыратындығын  уәде  етті.  Ал 

қасындағы  автодүңгіршектің  иесі 

ауызекі тілмен айтқанда «шатырлары-

на» телефон шалып, мәселені солай 

шешкісі келді-мыс. Дегенмен, әрекеті 

ойдан шықпады. Оның хабарласқан 

адамы шет елде жүр екен. Арнайы ма-

мандар мәселені жан-жақты анықтап, 

заң  жүзінде  бейберекет  сауда  ны-

санын  алып  тастады.  Айта  кетсек, 

жалпы қаладағы автодүңгіршектердің 

ешқайсысы  өз  жекеменшік  жерінде 

тұрған жоқ. Сол себепті мемлекетке 

де салық төлемейді. Қаланың көркіне 

де сын. Онымен қоса маңайын газдың 

иісіне тұншықтырып отыр. Жәй ғана 

газ балонымен шаруасын шалқайтып 

отырғандар  жан-жағындағылардың 

қауіпсіздігіне  миығынан  қарап  отыр 

деген сөз. 

Бұдан  әрі  комиссия  мүшелері 

қалалық аурухана маңындағы сауда 

кешендеріне,  ондағы  шаһар  сәніне 

сүйелдей болып тұрған бастырмалар-

ды алып тастау жұмыстарына кірісті. 

Ал  қалалық  аурухана  алдындағы 

жабайы  жайма  базарлардың  жайы 

өз алдына бір төбе. Жабайы сауда-

ны дөңгелетіп отырғандардың өздері 

де  әрекеттерінің  заңсыз  екендігін 

мойындады. Қалалық мәслихат хат-

шысы  Балабек  Нарбаев  арнайы 

мамандарға  нақты  тапсырма  беріп, 

аурухана  алдындағы  барлық  сау-

да  кешендерінің  иелерін  аталмыш 

мәселеге  қатысты  қала  әкімдігінде 

өтетін жиынға қатысуды міндеттеді. 

Бұдан  басқа  да  қала  көшелеріндегі 

бейберекет  сауда  орындары  енді 

арнайы  комиссияның  бақылауында 

болады.


алаң

4

//   «ЖАмБыл - ТАрАз»  //  №30 (1265), 22  шілДЕ 2015 Жыл  //



 

„

қала әкімінің орынбасары жақсылық Сапаралиев бірнеше округ тұрғындарымен кездесіп, жұртшылық 



көтерген мәселелерді тыңдап, шешу жолдарын қарастырды.

қЫс БейқамдЫқтЫ көтермейді

Тұрғындардың талап-тілектері ескеріледі.

  Суретті түсірген В.Алсуфьев.

№1 округ бойынша  рахимов көшесі 

№61 «А», «Б», «В» үйлерінің ауласында 

өткен жиынға аумақ тұрғындары аз жи-

налды. Дейтұрғанмен, айтылар мәселе 

аз  болған  жоқ.  Жиын  қысқа  болса  да, 

біраз  мәселенің  басы  ашылды.  Жал-

пы  қала  бойынша  қай  округ  болмасын 

тұрғындарды жалпы алаңдатып отырған 

мәселе – жарықтандыру, жабайы қоқыс 

алаңдары,  жолдардың  қазылып,  қайта 

қалпына  келмеуі  сынды  олқылықтар 

бұл  аумақ  тұрғындарына  да  жат  емес. 

мәселен,  жиында  алғашқы  болып  сөз 

алған  тұрғын  Александр  масютин  До-

стаевский  мен  рахимов  көшелеріндегі 

жарықтандыру  мәселесін  көтерді.  Ал 

Софья  Хегай  есімді  тұрғын  Достаев-

ский  көшесінде  өзі  тұрып  жатқан  үйдің 

жертөлесіне  жиналып  қалған  судың 

жайын айтып өтті. Бұл мәселе бойынша 

тұрғын бірталай жерге де шағымданған. 

Ал қаланы сумен қамтамасыз ететін ме-

кеме мамандары ол су біздікі емес дейтін 

көрінеді. Жақсылық Сапаралиев айтылған 

мәселеге  қатысты  тиісті  мамандарға 

тұрғындардың  жертөлесін  толтырған 

судың қайдан келгендігін анықтауды тап-

сырды. 

Сонымен  қатар  рысбек  батыр  №9 



үй  тұрғындары  әлі  күнге  дейін  ыстық 

сусыз  отырғандықтарын  ортаға  салды. 

Бұл  сұраққа  «ТразТрансЭнерго»ммК 

мамандары ыстық суды жүргізуге қажетті 

материалдардың келмей жатқандығын ай-

тып, дегенмен алдағы жылыту маусымын-

да бұл мәселенің шешімі табылатындығын 

нақтылады. 

Аумақ тұрғындарының жаппай көтерген 

мәселесі шатырдың жайы. Олардың ай-

туынша, бірер жыл бұрын ғана күрделі 

жөндеуден өткен тұрғын үйдің шатыры-

нан  жауынды  күндері  бесінші  қабаттан 

үшінші қабатқа дейін су ағатын көрінеді. 

Тұрғындардың жасы да, жасаңы да осы 

мәселеге алаңдаушылық танытып отыр. 

«Қыстыгүні  шатырдың  шетіндегі  қарды 

ұстап тұратын ештеңе жоқ. Қыста бала 

шаға тұрмақ, қар немесе мұз құлап ке-

тер ме екен деген үреймен есік алдына 

шығуға  өзіміз  қорқамыз»  дейді  олар. 

Тіпті осы бір ғана мәселенің төңірегінде  

бірнеше  тұрғын  жанайқайын  жеткізіп, 

шара  қолдану  қажеттілігін  баса  айтып 

өтті. Бұдан бөлек аталмыш үйде тұрып 

жатқан Бейсенбек Құттыбаев есімді азамат 

«Жасыл-Ел Тараз» ЖшС бұрын жұмыс 

істеген адамдарды неге қайта жұмысқа 

алмайды  деген  жеке  сұрағын  жеткізді. 

Жұмыс  берсе  деп  білегін  сыбанған 

азамат,  қазіргі  таңда  жұмыссыздықтан 

баз  кешіп,  бір  үзім  нанға  зар  болып 

отырғандығын да жасырмады. Айтыла-

айтыла жырға айналған қоқыс мәселесі 

де  назардан  тыс  қалмады.  Сондай-

ақ,  «ТаразЭнергоОрталық»  АҚ-ы  вице-

президенті Бақтыбай Қырықбаевтың айту-

ынша,  рахимов көшесінде тұрып жатқан 

188 абоненттің жылуға қарызы 2 812 322 

теңгені құраған. «Орта есеппен алғанда 

әр  тұтынушы  14  мың  959  теңге  қарыз 

деген сөз» - дейді Бақтыбай Әбубәкірұлы. 

рахимов 47-дегі 22 абоненттің қарызы 400 

мың  теңгеден  асып  жығылса,  рахимов 

59-дағы  тұрғындар  қарызы  500  мыңға, 

ал рахимов 61 «В» үйіндегі 24 тұтынушы 

450 мың теңгеге жуық қарыз болып отыр. 

Жиын соңында Жақсылық мырзабекұлы 

тұрғындар көтерген ортақ мәселелер мен 

сұрақтарға жеке-жеке тоқталып, жуық ара-

да олардың шешімін табуға байланысты 

жұмыстар жүргізу үшін тиісті мамандарға 

нақты тапсырмалар берді.  



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал