2014 ж сəуір, №2 (34) Журнал 2005 ж. қантардан бастап шығады



жүктеу 5.09 Kb.

бет1/17
Дата26.01.2017
өлшемі5.09 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

 
2014 ж. сəуір, №2 (34) 
Журнал 2005 ж. қантардан бастап шығады 
Жылына төрт рет шығады 
 
Құрылтайшы: Қостанай мемлекеттік педагогикалық институт 
 
 
Бас редактор: Қ.М. Баймырзаев,  
география ғылымдарының докторы, профессор 
 
Бас редактордың орынбасары: Е.А. Əбіл,  
тарих ғылымдарының докторы, профессор  
 
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ 
Бережнова Е.В., педагогика ғылымдарының докторы, ММХҚИ, Ресей   
Амирова Б.А., психология ғылымдарының докторы, Е.А. Букетов атын. ҚарМУ, Қазақстан  
Елагина В.С., педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ЧелМПУ, Ресей  
Рудик Г.А., педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Phd д-ы, «Шекарасыз заманауи 
білім беру» орталығының директоры, 
 
Монреаль қ., Канада 
Катцнер Т., Батыс Вирджиния Университетінің профессоры, Phd докторы, АҚШ  
Кайе Ж., философия ғылымдарының докторы, Виа Домисия Университетінің  
профессоры, Перпиньян қ., Франция 
А. Күзембайұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚМПИ  
Брагина Т.М., биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚМПИ  
Важев В.В., химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚМПИ  
Куанышбаев С.Б., география ғылымдарының докторы, АМПИ  
Сивохин И.П., педагогика ғылымдарының докторы, ҚМПИ  
Ахметов Т.А., педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚМПИ  
Төлеген М.Ə., заң ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚМПИ  
 
Нөмірдің жауапты редакторы:  
Б.Ш. Баймұхамбетова, педагогика ғылымдарының кандидаты 
 
РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС 
Федоров А.И., педагогика ғылымдарының кандидаты 
Орал мемлекеттік дене шынықтыру университеті, Ресей 
Утегенова Б.М., педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚМПИ  
Кудрицкая М.И., педагогика ғылымдарының кандидаты ҚМПИ  
Смаглий Т.И., педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚМПИ  
Қонысбаева Д.Т., биология ғылымдарының кандидаты, доценті, ҚМПИ  
Брагин Е.А, биология ғылымдарының кандидаты, ҚМПИ  
Демисенов Б.Н., физика-математика ғылымдарының кандидаты, ҚМПИ  
Наурызбаева Э.К., тарих ғылымдарының кандидаты, ҚМПИ  
Əлібек Т.К., тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚМПИ  
Огиенко Н.А., педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚМПИ  
Есіркепова К.К., филология ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚМПИ  
 
 
Тіркеу туралы куəлік №8786-Ж  
Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігімен 
19.11.2007 берілген. 
Жазылу бойынша индексі 74081 
 
Редакцияның мекен-жайы:   
110000, Қостанай қ.,  Таран к., 118  
(редакциялық-баспа бөлімі) 
Тел. (7142) 53-34-71 
 
© Қостанай мемлекеттік  
педагогикалық институты 
PUBLISHINGS
 
of Kostanay State Pedagogical 
Institute
 
 
 
 
Қостанай мемлекеттік 
педагогикалық институтының 
 
ЖАРШЫСЫ
 
ВЕСТНИК 
Костанайского 
государственного 
педагогического 
института
 

 
ҒЫЛЫМИ-ƏДІСТЕМЕЛІК  
ЖУРНАЛ 

 2
 (34) 
2014 
НАУЧНО-МЕТОДИЧЕСКИЙ 
ЖУРНАЛ 
 
 
№2 (34), апрель 2014 г. 
Издается с января 2005 года 
Выходит 4 раза в год 
 
УчредительКостанайский государственный педагогический институт 
 
 
Главный редактор: К.М. Баймырзаев,  
доктор географических наук, профессор 
 
Заместитель главного редактора: Е.А. Абиль,  
доктор исторических наук, профессор  
 
РЕДАКЦИОННАЯ КОЛЛЕГИЯ 
Бережнова Е.В., доктор педагогических наук, МГИМО, Россия  
Амирова Б.А., доктор психологических наук, КарГУ им. Е.А. Букетова, Казахстан 
Елагина В.С., доктор педагогических наук, профессор, ЧелГПУ, Россия 
Рудик Г.А., доктор педагогических наук, профессор, д-р Phd, директор Центра 
Современной педагогики «Обучение без границ», г. Монреаль, Канада 
Катцнер Т., доктор Phd, профессор Университета Западной Вирджинии, США 
Кайе Ж., доктор философских наук, профессор, Университет Виа Домисия,  
г. Перпиньян, Франция 
А. Кузембайулы, доктор исторических наук, профессор, КГПИ 
Брагина Т.М., доктор биологических наук, профессор, КГПИ 
Важев В.В., доктор химических наук, профессор, КГПИ  
Куанышбаев С.Б.доктор географических наук, АГПИ 
Сивохин И.П., доктор педагогических наук, КГПИ 
Ахметов Т.А., кандидат педагогических наук, доцент, КГПИ 
Төлеген М.Ə., кандидат юридических наук, доцент, КГПИ 
 
Ответственный редактор номера:  
Б.Ш. Баймухамбетова, кандидат педагогических наук 
 
РЕДАКЦИОННЫЙ СОВЕТ 
Федоров А.И., кандидат педагогических наук, Урал. ГУ физической культуры, Россия 
Утегенова Б.М., кандидат педагогических наук, доцент, КГПИ 
Кудрицкая М.И., кандидат педагогических наук, КГПИ 
Смаглий Т.И., кандидат педагогических наук, КГПИ 
Конысбаева Д.Т., кандидат биологических наук, доцент, КГПИ 
Брагин Е.А., кандидат биологических наук, КГПИ  
Демисенов Б.Н., кандидат физико-математических наук, КГПИ 
Наурызбаева Э.К., кандидат исторических наук, КГПИ 
Алибек Т.К., кандидат исторических наук, доцент, КГПИ  
Огиенко Н.А., кандидат педагогических наук, КГПИ 
Есиркепова К.К., кандидат филологических наук, доцент, КГПИ
 
 
 
 
 
Свидетельство о регистрации № 8786-Ж  
выдано Министерством культуры и информации Республики Казахстан  
19 ноября 2007 года. 
Подписной индекс 74081 
 
Адрес редакции:  
110000, г. Костанай, ул.Тарана, 118  
(редакционно-издательский отдел) 
Тел. (7142) 53-34-71 
 
© Костанайский государственный 
 педагогический институт 

ТЕОРИЯЛЫҚ ЖƏНЕ  
            ТЕОРЕТИЧЕСКИЕ И 
САРАПТАМАЛЫҚ-ШОЛУ ЗЕРТТЕУЛЕР  
           ОБЗОРНО-АНАЛИТИЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ 
 

УДК 81 
 
ПРОЗА ТІЛІНДЕГІ СӨЗ - СИМВОЛДЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖАЙЫ 
 
Қанапина Б.Т., 
аға оқытушы, ҚМПИ,  
Қостанай қ., Қазақстан 
 
Аннотация 
Мақалада  қазіргі  қазақ  тіл  біліміндегі  символдық  мағынаны  көркем 
мəтіннің  мазмұнына  сəйкес  анықтау  зерттеу  жұмыстарының  негізгі  ба-
ғыттары қарастырылады. Символдық мағынаны, сөздерді ашып көрсеткен 
тілші-  ғалымдар  пікірі  кездеседі.  Айтылмақ  оқиғаның  сырын  тұспалдап 
ашатын сөз-символдары кеңінен қолданылған. 
 
 
Аннотация 
В  данной  статье  рассматриваются  главные  направления  определе-
ния  исследовательских  работ  по  художественному  содержанию  текста 
символьного значения современного казахского языкознания. Широко исполь-
зованы слова-символы, а также приведены мнения писателей о символьном 
значении.  
 
Abstract 
This article deals with the main ways of defining research work on art 
content of the tex,t symbolic meaning of modern Kazakh linguistics. In this article 
we can find widely used words symbols and the writer’s opinion about symbolic 
meaning.  
 
Түйінді сөздер: тіл, əдебиет, көркем шығарма, символ, мəтін. 
Ключевые  слова:  язык,  литература,  художестенное  произведение,  символ, 
текст. 
Key words: language, literature, piece of art, symbol, text. 
 
1. Кіріспе.  
Поэзия  тілін  қарастырумен  қатар,  көркем  проза  стилистикасы  тілін  зерттеу  бүгінгі 
күннің өзекті мəселелерінің бірі болып табылады. 
Қазіргі  қазақ  тіл  білімінде  символдық  мағынаны  көркем  мəтіннің  мазмұнына  сəйкес 
анықтау  зерттеу  жұмыстарының  негізгі  бағыттарының  біріне  айналған.  Өйткені,  көркем 
туынды ұлт тілінің құдіретін танытып қана қоймай, оның сыр сипатын, бүкіл болмысын жан-
жақты  ашуға,  танытуға  негізделген.  Өзге  мəтіндерге  қарағанда  (ғылыми,  публицистикалық 
т.б.),  тілдің  образдылық  мүмкіншілігі,  эстетикалық  қызметі  осы  көркем  туындыда,  көркем 
мəтінде барынша ашыла түседі. Сондықтан «Халықтың рухани-эстетикалық қажетін толығы-
нан өтеп, ұлттық ұйымдастырушылық қызметін атқарып келетін көркем əдебиет тілін зерт-
теу – бүгінгі мəдени дүниеміздің мүддесі», – деген белгілі ғалым Р. Сыздықтың пікірін қуат-
тай түскіміз келеді (Сыздықова Р., 1997, 7 б.). Осы көркем шығарма тілін танытудың ең бір 
өзекті тұсы – сөз қолданысы болып табылады. Мұнда стильдік – шеберлік жайттары сөз бол-
мақ. Осыған байланысты суреткерлік қырын танытатын көркем мəтін мазмұнын бейнелеуге 
қатысты  сөз  қолданыстардың  бір  түрі – шығармада  айтылмақ  оқиғаның  сырын  тұспалдап 
ашатын, ишарамен білдіретін – сөз-символдарды қолдану. 
2. Талқылау
Тілші-ғалым Р. Сыздықованың «Сөз құдіреті» атты кітабында М. Əуезов, Ш. Мұртаза, 
Ə. Кекілбаев, С. Бердіқұлов, М. Мағауин, О. Бөкеев, А. Сүлейменов сияқты қазақтың көркем 
сөзінің  құдіретін  танытқан  қаламгерлердің  тілін  талдау  жан-жақты  қарастырылып,  зерт-
телінген.  Сөз  қолданыс – жазушы  шеберлгінің  айнасы.  Бұл  орайда  əңгіме  желісі  болатын 
шеберлік тұстары əр алуан болып келеді. Солардың бірі – жоғарыда атап өткен шығармада 
айтылмақ оқиғаның сырын тұспалдап ашатын сөздерді қолдану. Мұндай сөздерді талдауды 

ТЕОРИЯЛЫҚ ЖƏНЕ  
            ТЕОРЕТИЧЕСКИЕ И 
САРАПТАМАЛЫҚ-ШОЛУ ЗЕРТТЕУЛЕР  
           ОБЗОРНО-АНАЛИТИЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ 
 

ғалым еңбегінде, ең алдымен, белгілі жазушы М. Əуезовтың шығармаларынан бастау алады. 
Жазушының қолданысындағы сөз-символдарды қарастыру кезінде суреткердің «Қорғансыз-
дың күні» жəне «Қаралы сұлу» туындылары алынды. Мəселен, «Қорғансыздың күні» əңгіме-
сінде  трагедиялық  оқиғаға  себепкер  болатын  Жақыптың  болысы  Ақан  мырза  мен  оның 
атшабары  Қалтай  жолаушылап  келе  жатқан  жыл  мезгілін,  күн  райын  суреттеу  үстінде 
жазушы «қызыл (қып-қызыл, қызғылт)» деген сын есімді бір абзацта сөйлем сайын келтіреді:  
Январь аяғының аяқ кезі. Күн батуға тақап қалған мезгіл. Күнбатыс батуға айналған 
күннің  қызғылт  сəулесімен  нұрланып,  қызыл  торғынның  түсіндей  болып  тұр.  Күнге 
жақын  тұрған  ұзынша  жұқалаң  бұлттардың  тұсы  қалың  өртке  қызған  темірдей  қып-
қызыл. Төбеге жақын тұрған алысырақ бұлттардың бір-бір жағы ғана жұқалаң қызылға 
боялған  асыл  нұрдың  буын  ғана  жалатқандай.  Қызғылт  сəулесін  дүниеге  жайып  тұрған 
күн шарасымен тұтас көрініп тұр. Аспан ашық. Берірек тұрған аз ғана ала шұбар бұлттар 
кең  жаһанның  жүзіне  перде  болған  жоқ.  Күні  бойы  тыныш  болған  жел  Күшікбайдың 
бауырында  ғана  ызғырықтап,  жаңадан  жауған  көбік  қарды  жаяу  борасындатып  тұр. 
Күннің  қызыл  сəулесі  даланы  да,  тауды  да  өз  өңіне  кіргізген.  Күнбатыс  жақтан  бораған 
ұсақ қар да күн астынан қызғылттанып тұр» (Сыздықова Р., 1997, 25 б.). 
 
Бұл абзацта «қызыл» сөздің бірнеше рет қайталануында жазушының өзіндік сыры бар. 
Ол  сырды  ғалым  дəл  тауып,  шығармада  қандай  қызмет  атқарғанын  көрсетеді: «М.Əуезов 
қызыл деген сөзді аталған əңгімеде баяндалатын трагедияның увертюрасы (құлақ күйі) етіп 
ұсынған.  Ғазизадай 13 жасар  қыз  бала  қызыл  гүл  болса,  ол – уыз  жастықтың,  пəктіктің 
символы,  ал  үзіндідегі  келтірілген  қызыл  сөзі  қатыгездікті  көздеп  тұр.  Бұл  қызылға  ала 
шұбар  бұлттар  перде  бола  алмайды,  яғни  Ақан  мырза  «тыста  болған  əңгіменің  немен 
тынарын  білмей,  біресе  күдіктеніп  қорқып,  біресе  азын-аулақ  өкінгендей  болып, 
тынышсызданып, қорғалақтанып» жатады (Сыздықова Р., 1997, 25-26 б.).  
Демек, қызылға перде бола алмай қалған «ала шұбар» деген түс те символ, ол – «азын-
аулақ өкініштің» символы болып табылады. Ал «Қаралы сұлу» повесінде болса, «қара» түс 
шығарманың өн бойында əр алуан затты, сəтті суреттеп қайталап келіп отырады екен. Жалпы 
бұл  аталмыш  құбылыс  кез  келген  сəтте  қолданыла  бермейді,  бұған  оқиғаның  немесе 
шығармада  суреттелетін  жеке  бір  ситуацияның  оқырман  сезіміне  қатты  əсер  ететін,  сол 
оқиғаның бір бояуына жазушы себепкер болады.  
Сонымен  қатар  суреткер  Ш.  Мұртазаның  «Қызыл  жебе»  шығармасында  сөз-символ 
қолданысы табиғат көріністерін беруде қолданылған. Алайда бұл табиғат көріністерін беруде 
жұмсалған сөздер шығарма кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесін, қиын-қыстау кездерін астар-
лап,  ишарамен  жұмсалуда  қолданылған.  Мысалы  түрмеде  болған  Рысқұлдың  кең  даланы, 
табиғатты,  бостандықты  аңсауы  қара  сораны  суреттеу  арқылы  берілсе,  ал  сол  кейіпкердің 
ішкі  психологиялық  символын  көрсететін  де  сол  табиғат: «Аспандағы  ай  мен  жұлдыздар 
төбеден төніп, бəрін байқап тұрған сияқты. Рысқұлға кінəлай қарайтын да тəрізді. Рысқұл 
білмейтін алдағы сұмдықты ай мен жұлдыздар сезіп, секем алып: «Əттеген-ай, бекер бол-
ды-ау!»  деп,  үндері  жоқ,  тек  іштен  тынып  қалғандай.  Мұндағы  «бекер  болды-ау!»  деп 
іштен тынып тұрған, əрине, ай мен жұлдыз емес, Рысқұлдың ар-ұждан толғанысы» (Сызды-
қова Р., 1997, 58 б.).  
Ғалым тарихи романдарының тілін зерттеу барысында Ə. Кекілбаев жəне М. Мағауин 
шығармаларын алады. Бұл жерде қаламгерлердің сөз-символ қолданысына автор «Сөз құді-
реті»  еңбегінде  арнайы  тоқталмаса  да,  жазушы  шығармасының  стильдік  ерекшелігін  анық-
тауда  қысқаша  тоқталып  өтеді.  Жəне  қандай  мақсатта  жұмсалғандығын  айқындап,  ғылыми 
тұжырымын жасайды. Мəселен, Ə. Кекілбаев туындысында кейіпкер бейнесін жасау немесе 
белгілі бір оқиғаны, құбылысты, іс-əрекетті баса көрсету мақсатымен қолданылған. Айталық, 
жазушының  «Үркер»  романы.  Бұл  романның  бас  кейіпкері  Əбілқайыр  ханның  портретін 
жасауда автор «сұр», «ақ сұр», «сұп-сұр» сөздерін үнемі қайталап отырады. Бұлар тек Əбіл-
қайырдың бет-жүзінің келбетін көрсетпейді, сондай-ақ ол – ханның ішкі портретінің көрсет-
кіші. «Сұп-сұр болу», бір жағынан, үлкен тартыста, арпалыста, тебіренген ойда жүрген адам-
ның  сыртқа  тепкен  келбетін  танытса,  екінші  жағынан, «сұп-сұрлық»  Əбілқайырдың  үміті 
мен қаупін, қуанышы мен ренішін, қайраты мен осалдығын арпалысқан, аңдыған ұяластары 

ТЕОРИЯЛЫҚ ЖƏНЕ  
            ТЕОРЕТИЧЕСКИЕ И 
САРАПТАМАЛЫҚ-ШОЛУ ЗЕРТТЕУЛЕР  
           ОБЗОРНО-АНАЛИТИЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ 
 

мен  би,  батыр  сияқты  ел  тізгінін ұстағандарға  білдірмеудің,  сыр бермеудің  қалқаны.  Мəсе-
лен, «Тевкелев  елшілігінің  тізгіні  өз  қолына  біржола  өткеніне  қуанған  Əбілқайырды 
суреттеген жерде автор:  
Бірақ жылт-жылт сығалап отырған сыншы көздерге сыр алдырғысы келмей, үйрен-
шікті сұп- сұр қалпына түсіп алды.  
Елшінің көз алдына қашан көрсең де бір қалпында тұратын сұп-сұр жүзі, тұнжыр 
жанары  мен  салыңқы  қабағы  келді.  Бұның  бəрі  бұрын  оған  қайдағы  жоқ  сұмдықтарды 
ойлап отыратын ішмерездік қана сияқты көрінуші еді, енді байқаса, ішіндегі қара қазандай 
бұрқ-сарқ  қайнап  жатқан  əлем-тапырық  көңілін  байқатқысы  келмеген  ерекше  бір  ұстам, 
сабыр екен ғой» (Сыздықова Р., 1997, 83-84 б.).  
Осы  үзіндіге  қарап  отырып,  бұл  жердегі  «сұп-сұр»  сөзінің  кейіпкердің  бейнесін 
білдіруде  емес,  керісінше,  Əбілқайыр  ханның  ішкі  келбетін,  саясатын,  күрес  амалын  біл-
діруде  пайдаланылған.  Академик  Р.  Сыздықованың  сөзін  келтірсек: «Жазушы  бір  сөзге 
бірнеше беттік суреттеменің жүгін арқалатқан» – дейді (Сыздықова Р., 1997, 84 б.).  
«Сөз  құдіреті»  еңбегінде  жанр  мен  тіл  үйлесімі  мəселесін  қарастыруда  қаламгер  О. 
Бөкеевтің  туындылары  қарастырылады.  Бұл  үйлесімділікті  ғалым  образдылық  жасайтын, 
яғни бейнелеуіш тəсілдерінен іздейді. Себебі «көркем шығарма» образдылығымен ерекшеле-
неді. Ал образдылық көбінесе сөзді өзінің тура мағынасынан көшіріп, ауыс мəнде жұмсауда 
жақсы  танылады.  Бұл – метафора,  перифраз,  аллегория,  символ  тəрізді  амалдармен  жүзеге 
асады.  Оралхан  Бөкеев  осыларды  шығарма  жанры  мен  сипатының  тактісіне  билете  əсем 
пайдаланады» (Сыздықова Р., 1997, 130 б.).  
Біздің қарастырып отырған символ мəселесіне қатысты ғылыми талдауды суреткердің 
«Қайдасың қасқа құлыным» повесінен келтірсек, мысалы, бас кейіпкердің ой-монологі оның 
көрген түсі ретінде беріледі. Бұл түс-монологте «аппақ» сөзі арқылы образ жасайды: аппақ 
селеулі дала, аппақ қозы, аппақ сақалды шал, аппақ домбыра, аппақ бие – демек, жас жігіт-
тің,  яғни  бас  кейіпкер  Қаршығаның  түсінде көрген  дүниесінің бəрі  аппақ,  бұл – арманның, 
ізгіліктің символы болып табылады.  
Ғалым  Рабиға  Сыздықова  қазақ  прозасы  тілін  зерттеу  саласында  көп  еңбек  атқару 
арқылы  көптеген  жазушылардың  стильдік  ерекшелігін тани  білген.  Бұған,  əрине,  жоғарыда 
біздің ерекше атап өткен «Сөз құдіреті» еңбегі дəлел бола алады.  
Зерттеуші Қ. Қайырбаеваның «Академик Р. Сыздық жəне қазақ тіл білімі мəселелері» 
атты  конференция  материалдарында  жарияланған  «Символдық  мағынаны  көркем  мəтін 
мазмұнына  сəйкес  анықтау»  атты  ғылыми  мақаласында  символдың  проза  жанрында 
қолданылуы жөнінде анық айтқан: «Символ-сөздің мағынасы кейде бір сөйлем немесе абзац, 
əйтпесе тіпті бүкіл мəтін көлемінде ғана танылады. Сондықтан символды белігілі бір мəтін-
нен  интуитивті  түрде  алынған  контекст  ретінде  қарастырамыз.  Ал  контекстің  əр  түрлілігі 
символға көпмағыналылық сипатын береді. Яғни, сөз-символдың символдық мағынасын бір-
ден түсіну мүмкін емес, ол өз мəнін бірте – бірте ашады жəне де шығарма мазмұнына сəйкес 
дағдылы символдық мəннен өзге сипатта да танылады» – дейді (Қаирбаева Қ., 2004, 111 б.).
 
Сонымен қатар, автор сөз-символ жазушының шеберлігін танытады жəне оның стиль-
дік ерекшелігін көрсетеді деп тұжырымдайды. Шынында да, сөз-символ жазушының айтпақ 
ойын дөп басып, шығарманың көрнекілігін арттыру үшін қажет.  
Ғалым өз ойы нақты болу үшін көркем шығармадан мысалдар келтіреді. Мысалға  
І.  Есенберлиннің  «Алтын  Орда»  трилогиясының  І  кітабы  жəне  Ғ.  Мүсіреповтің 
«Ұлпан»  повесі  алынады.  Бұл  туындылардан  «бүркіт» жəне  «дала»  сөздерінің  автор  қолда-
нысындағы  сипатына  назар  аударылады.  Төменде  аталған  мысалдан  Есенберлиннің  көркем 
шығармасынан  «бүркіт»  сөзінің  халық  бейнесін  танытатын  символ  образ  ретінде  қолда-
нылғандығын көруге болады:  
Жауға кегін жібермей үйренген Бату енді қара бүркіттен кегін алмақ болды... Қара 
бүркітті  өз  қолымен  бауыздап,  ыстық  қанын  ұрттаса  Барағы  тіріліп  келетіндей  сезінді. 
Хан  Бату  тағы  аспанға  қарады.  Кереге  қанат  алып  бүркіт  тағы  көз  ұшында  қалықтап 
жүр. 
Алып қыран əлі көк бетінде қалықтап жүр.  

ТЕОРИЯЛЫҚ ЖƏНЕ  
            ТЕОРЕТИЧЕСКИЕ И 
САРАПТАМАЛЫҚ-ШОЛУ ЗЕРТТЕУЛЕР  
           ОБЗОРНО-АНАЛИТИЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ 
 

Қыранның  өзіне  жақындап  келе  жатқанын  көзі  көрмесе  де,  Бату  ханның  жүрегі 
сезді. 
«Қыран» бəрібір сенің қолыңнан ештеңе келмейді дегендей» Батудың дəл төбесінен 
қанатымен  сипай  бір  өтті.  Яғни  «билік  басында  отырған  Бату  ханға  халық  көзқарасын 
жазушы  бүркіт  бейнесімен  беріп,  қалың  қауымның  еркіндікке,  тəуелсіздікке  ұмтылысын, 
Бату  хан  тəрізді  билік  иелерінің  ең  ақырында  аяқ  асты  қалатынын,  еркіндікке  ұмтылған 
ұлттың алып тегеуріні, əйтеуір, бір күні болмаса, бір күні басып, асқақ арманына жететінін 
шеберлікпен, жазушылық талантпен жеткізе білген» деп тілші-ғалым «бүркіт» сөзінің қандай 
мақсатта пайдаланылғаны туралы түсіндіріп өтеді (Қаирбаева Қ., 2004, 113 б.) 
Ал  «дала»  сөзін  Мүсіреповтің  повесінде  бірнеше  рет  қайталанып  отыратындығын 
мысалмен  көрсетіп,  мағынасын  ашады.  Мысалға  төмендегі  сөйлемдер  алынды: «Далада 
өскен қазақ қызына жылдың төрт мезгілі ғана емес, əр күннің өзінде əлденеше мезгіл бар. 
Бəрінің  де  өз  қызықтары  бар.  Бір  жұмадай  атқа  мініп  далаға  шықпаған  қыз  даласын 
сағынып қалыпты». 
«Дала қызы табиғаттың ең жас перзенті, Көзіне көрінгеннің бəрің көңіліне тоқып 
келеді. Ол не көріп, не біліп өсті? Кең дала... көк дала, сары дала... сағым». 
 «Таза ұстаған киіз үйде даланың иісінен басқа иіс болмайтын бір кезі болушы еді, 
дəл  сол  қалпына  келіпті».  Осы  мысалдарды  келтіре  отырып,  ғалым  Қ.Қайырбаева  «дала» 
сөзінің символдық мəнін айқындайды. Дəлірек айтқанда, «Дала – көшпендінің алтын бесігі, 
ол оның төл перзенті, Дала – туған жер, Дала – тəрбиеші, Дала – ана, Дала – сұлулық, көр-
кемдік  əлемі,  Дала – еркіндік,  тəуелсіздік,  Дала – кеңдік,  дархандық,  Дала – қарапайым-
дылық» (Қаирбаева Қ., 2004, 112 б.) 
Сөзін дəлелдей түсу үшін Р. Сыздықованың сөздерін келтіреді. Яғни «Дала сөзі қазақ 
поэзиясында,  тіпті  прозасында  да  бұрын  да,  қазір  де  туған  жердің,  қасиетті  Отанының 
символы», – деп, «Сөз құдіреті» еңбегін де көрсетеді (Қаирбаева Қ., 2004, 113 б.) 
Ұлт танымының осыған жалғас терең тамырын «жұрт» сөзінің символдық мəнінен де 
көруге болады. Оны ғалым Қазтуған жырауының шығармасынан көрсетеді. «Ал жұрт сөзіне 
қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде мынадай түсінік берілген: «Көшіп кеткен елдің орны, үй 
тіккен  жер» (ҚТТС, 4 б., 236). Бұл  жерде  жырау  жұрт  сөзін  бірнеше  рет  қайталай  отырып, 
«туған жердің иесіз қалу идеясын айғақтайды, Қазақ үшін туған жер Алтын бесік, кір жуып, 
кіндік  кескен  жер,  алғаш  ат  жалын  тартып  мініп,  асық  атып,  айлы  түнде  алтыбақан  теуіп, 
ақсүйек  ойнаған,  қалыңдығына  ұрын  барып,  күйеу  жігіт  атанған  қасиетті  жер  еріксіз  артта 
қалып  барады.  Туған  жерге  деген  ұлы  сүйіспеншілікті  жан  жарасын  жырау  жеріне  жеткізе 
толғаған» деп Қ. Қайырбаева Қазтуған жыраудың «жұрт» сөзін бірнеше рет қайталау арқылы 
не айтпақ болғысы келгенін дəлелдейді (Қаирбаева Қ., 2004, 113 б.).  
Жыраудың туған жерге деген сүйіспеншілігін жұрт жаңғыртты, ата жұрт, жұр-
тын бермейді, жұртқа тастады, жұртта қалды, есіл ел, қайран жұрт, қара жұрт тəрізді 
тұрақты  сөз  тіркестерінен  байқауға  болады.  Сондықтан  кез  келген  көркем  туындыда  бұл 
пайым кеңінен орын алып отырады.  
Мақала соңында «бүркіт, дала, жұрт сөздері тəрізді бірден сыр бере қоймайтын, мағы-
насын  аша  қоймайтын  символ-сөздердің  мəні  мəтінді  тұтастай  оқығанда  белгілі  болады. 
Соның өзінде символ мағынасы интуитивті түрде танылатыны анық» деп қорытындылайды 
(Қаирбаева Қ., 2004, 113 б.). 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал