2004 жылдың 27 қазанынан шыға бастады Байқоңыр аумақтық ақпараттық-танымдық апталығы



жүктеу 456.92 Kb.

бет1/4
Дата12.02.2017
өлшемі456.92 Kb.
  1   2   3   4

2004 жылдың 27 қазанынан шыға бастады

Байқоңыр аумақтық ақпараттық-танымдық апталығы

№ 39 (513) 26 қыркүйек (жұма) 2014 жыл

АҚАЙДА МАЛ СОЮ ЦЕХЫ АШЫЛДЫ



жалғасы 7-бетте

Қазірде елімізде мал шаруашылығын да-

мытуда  атқарылып  жатқан  жұмыстардың 

бірі-мал  сою  пункттерін  ашу  болып  табы-

лады.  Мал  сою  -  малды  жансыздаңдырып 

етін  алу.  Мал  сою  кәсіби  жұмыс,  оған 

сәйкес  білім  мен  тәжірибе  керек.  Әр  түрлі 

түлік  малын  союдың  өзіңдік  ерекшеліктері 

бар.  Көпшілігіне  ортақ  мал  союдың  тәртібі 

келесідей  -  малды  жығып,  аяқтарын  бірге 

байлап,  бауыздау,  басы  мен  сирақтарын 

ажырату,  терісін  сыпыру,  өкпе-бауыр,  ішек 

қарындарын шығару, 

ұшасын  алу,  ұшаны 

мүшелеу 

(бөлу).     

Сәрсенбінің  сәтінде 

Ақай 


ауылдық 

округінде 

мал 

бордақылау 



және 

сою  цехы  ашыл-

ды.  Бұл  мал  сою 

цехының 


ашылу-

ына 


Қармақшы 

ауданының 

әкімі 

Нәжмадин  Шәкиза-



даұлы  Шамұратов 

арнайы  келді.  Со-

нымен  қатар  осы  мал  сою  цехының  ашы-

луына  ауданнан  Қармақшы  аудандық  ауыл 

шаруашылығы бөлімінің басшысы Ерлан Би-

сембаев,  Қармақшы аудандық ветеринария 

бөлімінің  басшысы  Рысбек  Әбдірахманов, 

Қармақшы  аудандық  кәсіпкерлік,  өнеркәсіп 

және туризм бөлімінің басшысы Диас Мол-

дабаев,  Қармақшы  аудандық  ардагерлер 

кеңесінің  төрағасы  Тұрсынбек  Бекпанов 

және Ресей Федерациясының Байқоңыр қа-

ласындағы  ветеринария  саласындағы  қыз-

меткерлер  арнайы  келіп  қатысты.  Аталған 

цехтың  ашылуында  орталықтың  лента-

сын Қармақшы ауданының әкімі Нәжмадин 

Шамұратов  пен  Ақай  ауылдық  округінің 

ардагерлер  кеңесінің  төрағасы  Жақсылық 

Қыпшақбаев  қиып,  өз  лебіздерін  білдірді. 

Ақай ауылында болған жаңалықтың жаршы-

сы  ретінде  қазақтың  «Шашу  шашу»  рәсімі 

жасалды. Сонан соң осы мал сою цехының 

төрағасы Серік Жақанов қонақтарға цех ішін 

аралап көрсетіп, таныстырды. «Дос едік» ша-

руа  қожалығының  төрағасы  Серік  Жақанов 

басшылық ететін бұл цех заман талабына сай 

жабдықталған. Цех жылу жүйесімен, ыстық 

сумен  толық  қамтамасыз  етілген.  Ақайда 

ашылған  мал  сою  цехының  құрылымына 

тоқталар  болсақ,  екі  тоңазытқыш  бөлмесі, 

құрал-сай-мандар 

сақтайтын 

бөлме, 

мал  дәрігер  бөлмесі, 



мал 

дә-рігерлік 

тексеру 

бөлмесі, 

қызметкерлердің  са-

нитарлық  бөлмесі, 

қызметшілердің  де-

малыс  бөлмесі  бар. 

Және  бір  жаңалық 

-  бұл  цехта  малдың 

ішек-қарнын,  тері-

сін тазалайтын бөлек 

бөлме  мен  мал-

ды  қамайтын  бөлек 

қора  да  арнайы  қарасты-рылған.  Ақайдағы 

Рүстембек  жырау  кө-шесінде  орналасқан 

бұл  мал  сою  цехының  ақайлықтар  үшін 

маңызы зор. Осындай игі істерімен Ақай ау-

ылы  күн  өткен  сайын  көркейіп  келеді.  Иә, 

аулымыздың  өсіп-өркендеуі  өз  қолымызда. 

Әр  азамат  өз  ауы-лының  өркендеуіне  осы-

лайша  үлес  қосса,  ауылымыз  келешек-

те  биік  белестерден  көрі-нетіндігі  анық. 

Тіршілігінің  қайнар  көзі  малмен  байланы-

сты, сәлемдескенінің өзінде «мал-жан аман 

ба?»  деп,  жанынан  бұрын  малын  сұрайтын 

қазақ  қоғамында  басқаша  болуы  мүмкін 

емес.


Азат АБДІРАЗАХОВ, 

Ақай ауылдық округі әкімі аппаратының

жетекші маманы

АЛҒЫС АЙТАМЫЗ

Қайырымдылық  бұл  елімізге  тән  дәстүр-

лердің  бірі.  Ата-бабаларымыз  жақын  адам-

дарға  жақсылық  жасау  ұғымын  жақсы  тү-

сінсе,  қазіргі  таңда  қайырымдылық  әрбір 

азаматтың  борышына  айналды.  Елімізде 

адамдарға  қол  ұшын  беруге  дайын  көптеген 

компаниялар,  қоғамдық  ұйымдар  мен  жеке 

меценаттар  баршылық.  «КазРосГаз»  компа-

ниясы алғаш құрылу күнінен бастап жағдайы 

жоқ  жанұялар  балаларына,  балалар  үйінің 

балаларына,  ардагерлер  мен  әлеуметтік  қор-

ғалмаған 

халыққа 

көмек  көрсетуді  қа-

йырымдылықтың  ба-

сты  бағыттарының 

бірі  деп  біледі.  Жу-

ырда Төретам кентін-

дегі  №269  орта  мек-

тепте  әлеуметтік  пе-

дагог 

Нұрлыбек 



Ахметовтің 

ұйым-


дастыруымен  тұрмы-

сы 


төмен 

отба-


сы  және  мүмкіндігі 

шектеулі  балаларға 

қолдау  көрсету  мақ-

сатында қазіргі таңда елімізде өткізіліп жат-

қан  республикалық  «Қамқорлық»  акциясы 

аясында  «Қайырымдылық-сауапты  іс»  тақы-

рыбында  іс-шара  өткізілді.  Акцияға  мектеп 

әкімшілігі, жеке кәсіпкерлер мен ата-аналар, 

ұстаздар қатысты.

Балалардың  жанашыр  қамқоршысы  бо-

лып,  оларға  өздерінің  аялы  алақандарын  то-

сып,  жүрек  жылуын  ұсынып  жүрген  ауыл 

азаматтарының  игі  істері-көпке  үлгі.  Осы 

ретте акцияға қатысушы «Әлия» сауда орта-

лығының директоры Әкімжан Қазиев 5 оқу-

шыға,  «Меруерт»  сауда  орталығының  бас-

шысы Кенішкүл Есжанова 1 оқушыға көмек 

қолын созып, қаржылай көмек көрсетті. Олар 

бұл  жолы  да  осындай  игілікті  іске  бей-жай 

қарамайтындарын тағы дәлелдеді. Осы ретте 

мектебіміздің тұрмысы төмен отбасы балала-

рына қаржылай демеу көрсетіп, қол ұшын бер-

ген кәсіпкерлерге шексіз алғысымызды айта-

мыз. Кәсіптеріне береке тілей отырып, отба-

сыларында әрдайым жақсылық, қуаныш бола 

берсін  деген  тілегіміз  бар.  Сонымен  қатар 

осы  қайырымдылық  шарасында  мектептің 

әкімшілік қызметіндегі  қызметкерлер мектеп-

тегі 12 балаға мектеп формасы мен спорттық 

киімдер  алып  берді.  Сондай-ақ,  мектептегі 

әр  сынып  жетекшісі  өз  сыныбындағы  бір 

оқушыға  оқу  құрал-

дары  мен  сөмке 

алып  беріп,  қайы-

рымдылық 

жаса-


ды.  Шарада  оған  қа-

тысушы  ата-аналар 

«Қамқорлық»  акция-

сын  ұйымдастыруға 

ұйытқы  болған  мек-

теп 


басшылары-

на,  қол  ұшын  бе-

руге 

ат-салысқан 



д е м е у ш і - л е р г е 

шексіз  алғыс-тарын 

өздерінің 

жылы 


лебіздері  арқылы  білдірді.  Қайырымдылық 

шарасына  қатысқан  Халықаралық  «Қазақ 

тілі»  қоғамының  төр-ағасы  Серік  Шағатаев 

қатысушыларға өзі-нің ақ батасын берді. Ак-

ция  соңы  мектеп  оқушылары  дайындаған 

концерттік бағдар-ламамен жалғасын тапты. 

Сөз  соңында  айтарымыз,  мектеп  ұжымы 

мен  ата-аналар  атынан  осы  қайырымдылық 

шарасына  белсене  қатысып,  көмек  бер-

ген  Төретам  кентінің  кәсіпкерлері  Әкімжан 

Қазиев,  Кенішкүл  Есжановаға  айтар  алғы-

сымыз  шексіз.  «Кәсіп  түбі-нәсіп»,  демекші, 

кәсіптерінің  одан  әрі  гүлденіп,  бақыт  пен 

берекенің басы осындай игі істерінен бастау 

ала берсін деп тілейміз.

Фарида АМАНОВА, 

№269 орта мектептің директоры

ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ ТӘРТІБІ



Ақай  ауылы  «Мүсірәлі 

сопы  Әзіз»  мешітінің  Бас 

имамы  Нұрғалиев  Аяған 

Өмірбекұлымен сұхбат:

Аяған  Өмірбекұлы  келе 

жатқан  мерекеге  орай 

құрбан  айт  мейрамында 

мұсылмандар  орындайтын 

амалдар туралы айтып берсеңіз?

Аса мейірімді де рахымды Аллаһ Тағала-

ның атымен бастаймын!

Арафа күні мен түні

Бұл  –  қасиетті  мейрамның  алғашқы 

күні  қарсаңындағы  мезгіл.  Ислам  дініндегі 

барлық  қасиетті  күндер  мен  түндер  тәрізді 

арафаны  да  (арапа)  қастерлеуге  тиістіміз. 

Ислам дінінің дағуатшылары арафа күні мен 

түні  туралы  хадис-шәріптерде  былай  деп 

айтылған дейді:

«Арапа  күнін  құрметтеңдер!  Өйткені, 

арапа – Аллаһ Тағала қадірлеген күн».



Ташриқ тәкбирі

Зулхижжа  айының  бес  күні,  яғни  Ара-

фа күні мен кейінгі Құрбан айттың үш күні 

– «Айямут – ташриқ» (ташриқ күндері) деп 

айтылады. Осы күндері парыз намаздарынан 

соң ташриқ тәкбирі айтылады.

Ташриқ тәкбирін айту Арафа күнінің таң 

намазынан басталады, содан Құрбан айттың 

төртінші күнінің аср намазында аяқталады.

Ташриқ тәкбирі:

«Аллоһу  әкбар,  Аллоһу  әкбар.  Лә  иләһә 

илләл – лоһу, уоллоһу әкбар. Аллоһу әкбар 

уә  лилләһил  –  хәмді».  Ташриқ  тәкбирін 

айту  –  ер  адамдарға  уәжіп,  әйел,  мүсәпірге 

шарт емес. Тек мүсәпір оған ұйыса, ташриқ 

тәкбирін  айту  –  уәжіп.  Ташриқ  тәкбирін 

жалғыз да, жамағатпен бірге де айтуға бола-

ды. Жамағат ер-әйел аралас болса, тәкбирді 

әйелдер  ер  адамдарға  естіртпей,  ақырын 

айтуға тиісті.



Құрбан айтта 

орындалатын 

амалдар

Қасиетті  Құр-

бан  айт  күндері 

мұсылман-дарға 

мынандай  амал-

дарды  жасау  – 

сүннет.

1. Ерте тұру. 2. 



Ғұсыл  құйыну.  3. 

Мисуақ  қолдану. 

4.Хош  иіс  себіну. 

5.  Жаңа  және 

таза,  бүтін  киім 

кию.  6.  Аразда-

сып  қалғандарды 

татуластыру. 7. Қабірге зиярат ету. 8. Жүзік 

тағу. 9. Жылы жүзді болу. 10. Мешітке ерте 

бару. 11. Мешітке бара жатқанда тәкбір айту. 

12. Кездескен мұсылмандарға сәлем беру. 13. 

Мұсылмандарды  мейрамымен  құттықтау. 

14.Кедейлерге садақа беру. 15.Туыстарға ба-

ру. 16. Діні бір бауырларға бару. 17. Сыйлық 

апару. 18. Қонақтарды күту. 19. Көп дұға оқу, 

тәубе ету. 20. Құрбандық шалатын жағдайда 

пайғамбардың  (с.ғ.с.)  сүннетіне  сәйкес  айт 

намазын оқып болғанша ішіп-жеуден тиылу.



Құрбандық – ізгі ғибадат

Құрбандық  –  Аллаһ  Тағалаға  жақындық 

үшін  Құрбан  айт  күндері  ғибадат  ету 

ниетімен  мал  шалу.  Пітір  садақасы  кімге 

уәжіп 

бол-


са. 

құрбандық 

шалу  да  оған 

міндет.  Алайда 

құрбандық  ша-

луға  отбасының 

жағдайы  келме-

се,  қарызданып 

қ и н а л м а ғ а н ы 

жөн.  Құрбан  сө-

зі  араб  тілінде 

«жақындау»  де-

ген 

мағынаны 



білдіреді. 

Ол 


әркімнің  өз  нәп-

сісінің  өтемі  ре-

тінде  шалынады. 

Аллаһ  Тағаланың  ризашылығы  үшін  шын 

ықыласпен құрбандыққа шалынған малдың 

ең  бірінші  аққан  қанымен  оны  шалған 

мұсылманның  бар  күнәсінің  кешірілетіні 

баян  етілген.  Қасиетті  Құран  Кәрімнің 

«Кәусар»  сүресінің  аятында:  «Намаз  оқы 

және  құрбан  шал»  деп  айтылған.  Ал  Ұлық 

Пайғамбарымыз  Мұхаммед  (с.ғ.с.)  хадис-

шәрібінде:  «Кімде-кім  мүмкіншілігі  бола 

тұра  құрбан  шалмаса,  біздің  намаз  оқитын 

жерімізге  жақындамасын»,  «Уа,  халайық! 

Әр  жылы,  әрбір  үйге  құрбандық  шалу  – 

уәжіп», - деген.

Ислам  дінінде  құлшылық  мынандай  үші 

түрлі жолмен орындалады:

1. Денемен.

2. Малмен.

3. Дене және малмен.

Құрбандыққа  мал  шалу  бізге  хазіреті 

Ибраһим (ғ.с.) сүннетті ретінде жетіп отыр. 

Құдіреті  күшті  Аллаһ  Тағаланың  хазіреті 

Исмаилдың (ғ.с.) орнына аспаннан көк қош-

қарды  түсіріп,  оны  құрбандыққа  шалды-

руы  адамзатқа  берген  ұлы  нығметі,  шексіз 

мейірімі.  Жаратқан  Иеміз  өзінің  осы  қайы-

рымдылығымен сол уақытқа дейін әдет бо-

лып  келген  адамды  құрбандыққа  шалуды 

тыйып,  адамзатты  бұл  қаралы  да  қайғылы 

істен құтқарды.



Құрбандық қашан бұйырылған?

Құрбандық  шалу  һижраттың  екінші  жы-

лында  Мәдина  Мунаууарада  ғибадат  сипа-

тында  уәжіп  етілген.  Құран,  сүннәт  және 

ижмағпен  құрбандықтың  сахих  (дұрыс) 

ғибадат екендігі дәлелденген. Айша анамыз-

дан имам Термизи, имам Ибн Мажаһ риуаят 

еткен  ұлық  Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.)  бір 



№ 39 (513) 26 қыркүйек (жұма) 2014 жыл

2

Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, 



құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге 

еніп,  қалыптасады.  Тіл  байлығы  -  әрбір 

елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға 

мирас  болып  қалып  отыратын  баға  жет-

пес  мұра.  Демек,  әр  адам  ана  тілін  көзінің 

қарашығындай  қорғауға,  оның  орынсыз 

шұбарлануының қандайына болса, да қарсы 

тұруы тиіс. Ана тілі – ең басты байлығымыз. 

Ана тілі - ең ұлы мен тамаша тіл. Менің ана 

тілім  -  қазақ  тілі.  Қазақ  тілі  -  мемлекеттік 

тіл.  Ана  тілі  -  халық  боп  жасағаннан  бері 

жан  дүниеміздің  айнасы,  өсіп-өніп  түрлене 

беретін,  мәңгі  құламайтын  бәйтерегі,-  деп 

Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін 

сүйген  әрбір  азаматтың  көкірегінде  ана 

тіліне  деген  сүйіспеншілігінің  мақтаныш 

сезімі  болуы  керек.  Себебі,  қазақ  тілі  – 

Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік 

тілі. Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы 

-  оның  ана  тілі.  Тіл  -  халықпен  бірге  өмір 

сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты 

мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың 

болашағы  туралы  тереңнен  толғай  отырып, 

«мемлекеттің  ең  басты  дүниесі  тек  ғана 

байлық  емес,  сонымен  қатар  ана  тіліміздің 

болашағы»  деген  болатын.  Мемлекеттік 

тіл  –  мемлекеттің  бүкіл  аумағында,  қо-

ғамдық  қатынастардың  барлық  салала-

рында  қолданылатын  тіл  болғандықтан, 

жүргізілетін  барлық  іс-қағаздары  мен 

құжаттар  мемлекеттік  тілде  болуы  тиіс. 

Өйткені  өркениетке  құлаш  ұратын  елдің 

өрісі  қашанда  білікті  де,  саналы  ұрпақпен 

кеңеймек.  Әлемдегі  мүйізі  қарағайдай  ел-

дердің  санатына  енуді  көздеген  халықтың 

басты  мақсаты  да  сауаты  ұрпақ  тәрбиелеу. 

Сауатты  ұрпақ  тәрбиелеу  дегеніміз,  өз  ана 

тілінде  еркін  сөйлей  алатын,  оны  терең 

меңгерген  ұрпақ.  Ал  ана  тілін  жақсы 

білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, 

тіл  байлығын  мол  қолданбайынша,  шын 

мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың.

22-қыркүйек  –  Қазақстан  Республикасы 

халықтарының тілдер мерекесі.

Еліміз  егемендігін  алғалы  мемлекеттік 

тіл  мәртебесіне  ие  болған  ана  –  тіліміз  – 

қазақ тілі қанатын кеңге жайып келеді. Оған 

біріншіден  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың 

елімізде  жүргізіп  отырған  тілдік  саясаты 

ықпалын тигізуде. Ал екіншіден мемлекеттік 

мекемелердің,  оның  ішінде  мектептердің 

сабақтан  тыс  іс-шаралар  ұйымдастырып, 

әдеби кеш өткізулері барысында қазақ тілін 

насихаттаулары да өз үлестерін қосуда.

Президентіміз Қазақстан халқына Жолда-

уында айтқандай, бүгінгі кезде үш тұғырлы 

тіл  мәселесіне  ерекше  көңіл  бөлудеміз.  Әр 

халықтың,  ұлттың  құрмет  тұтар  өз  ана  тілі 

бар.  Әрбір  адам  өз  тілінде,  анасының  ақ 

сүтімен дарыған туған тілінде сөйлеуі тиіс. 

Сонау замандағы ата-бабаларымыздың өзде-

рі  де  қазақ  тілінің  жойылуына  аз  қалған 

шақта  жан  аямай  күресіп,  қолдарынан  кел-

генше тырысып,бізге, келешек ұрпаққа қазақ 

тілін аманат етіп қалдырды. Осы тілімізді біз 

ары  қарай  дамытып,  жетілдіріп,  ұрпақтан-

ұрпаққа жеткізуіміз керек. Өйткені, қазақ тілі 

– ұлттық, мәдени, рухани асыл мұра. «Өзге 

тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте,»-деп ата-

ларымыз бекер жырламаған екен. Біз қазіргі 

таңда тәуелсіз, еңсесі биік мемлекетпіз. Осы 

мемлекетіміздің  әрбір  азаматы  өз  тілінде 

сөйлеп,  оны  құрметтеуі,  жетік  меңгеруі 

–  міндет.  Бірақ,  қазіргі  кезде  адамдардың 

барлығы  да  туған  тілінде  сөйлей  бермейді. 

Өз  ана тілін біліп  жүріп өзге бір  жат  елдің 

тілінде сөйлеп жүргендер де аз емес. Осы кез-

де:  «Неге  осылар  қаншама  қиыншылықпен 

мұраға қалдырылған тілімізде сөйлемейді?»-

деп налисың. Осындай жағдайларда қолдан 

келер  шара  аз.  Дүние  жүзі  бойынша  алты 

мың сегіз жүз тіл болса, солардың ішінде сөз 

байлығы  жағынан  қазақ  тілі  үшінші  орын-

ды  иемденіп  отыр.  Бүкіл  әлемге  белгілі 

Шекспир  шығармашылық  өмірінде  он  үш 

мың сөз қолданған болса, ал өзіміздің қазақ 

халқының ағартушысы ұлы Мұхтар Әуезов 

бір  ғана  «Абай  жолы»  романында  он  алты 

мың  сөзді  керек  еткен.  Міне,  осыдан  қазақ 

тілінің қасиетті де қастерлі, асыл тіл екенін 

ұғамыз. Ұлы ақын Мұқағали Мақатаев: 

«Ал екінші бақытым – тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім. 

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім,»-деп жыр-

ласа, Мағжан Жұмабаев: 

«Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп

Нұрлы  жұлдыз,  бабам  тілі  сен  қалдың,» 

-деп толғанады.

Өткен  бейсенбі  күні  Төретам  кентіндегі 

№80 мектеп-гимназиясында «Кемеңгер,ұлы, 

кен-тілім»  атты  тіл  мерекесіне  арналған 

онкүндіктің  қортынды  кеші  болып  өтті. 

Негізгі мақсаты - оқушылардың өз ана тіліне 

деген  құрмет  сезімін  арттыру,  қазақ  тілінің 

мәртебесін  көтеру,  таза  сөйлеуге  үйрету, 

өз  ұлтына,  еліне  деген  сүйіспеншілігін  оя-

ту  болып  табылады.  Білім  ордасындағы 

қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пән  бірлестігінің 

ұйымдастыруымен  болған  бұл  шара  ең 

әуелі  мектептегі  «Жас  қалам»  үйірмесі 

мүшелерінің  (Үйірме  жетекшісі  Гүлнұр 

Қайнарбаева)  өлеңдері  жинақталған  «Та-

лаптыға  нұр  жауар»  атты  кітапшаның 

тұсаукесер рәсімімен бастау алды. Кітаптың 

тұсаукесер  рәсімінің  лентасын  мектеп-

гимназия  басшысы  Райхан  Шауһарқызы 

қиды. 


Ана тілін жырлап өткен талайлар,

Жырлар өткен Ыбырай мен Абайлар.

Қасиетті менің ана тілімде,

Өшпес мәңгі алаулаған арай бар, демекші 

кештің  бастау  алар  тұсында  қазақтың 

көрнекті  ақын-жазушылары  –  Абай,  Ах-

мет,  Махамбет,  Мұқағали  келіп  өздерінің 

өсиет-сөздерін  жастарға  арнады.  Сонымен 

қатар осы кеш барысында көңілді көтеретін 

әндер  шырқалып,  ана  тіліміздің  қасиетін 

дәріптейтін көрініс те қойылып үлгерді. Жыр 

сүйер қауым үшін Байғани Дина, Жүндібаева 

Назерке, Жаңабаев Нұржалғас секілді талап-

ты  оқушылар  өз  өлеңдерін  оқыды.  Кештің 

аяқталар  сәтінде  қорытынды  сөзді  мектеп-

гимназия  басшысы  Райхан  Әлиева  айтып, 

өз бағасын жақсы деп берді. Сонымен қатар 

осы  тіл  мерекесіне  арналған  онкүндікте 

белсенділік  танытып,  жүлделі  орын  ие-

ленгендер  мен  «Жас  қалам»  үйірмесінің 

мүшелеріне  төсбелгі  табыс  етілді.  Жүлделі 

орындармен  марапатталғандарға  тоқталар 

болсақ,  аудандық  жыраулар  үйінде  өткен 

мүшайрадан  10  ә  сынып  оқушысы  Байғани 

Дина,  аудандық  оқушылар  үйінде  өткен 

мүшайрадан 8 а сынып оқушысы Жүндібаева 

Назерке  мақтау  қағазына  ие  болды.  Соны-

мен  қатар  осы  онкүндік  іс-шарада  қабырға 

газетін  шығарудан  1-  орын  7  а  сыныбына 

берілсе, шығарма жазудан 1- орын Жетпісова 

Сараға,  ал  қазақ  тілінен  олимпиадаға  қа-

тысқан  Жалғасбек  Дана  1-  орынмен  мара-

патталды.

«Бәйтерек-Байқоңыр» апталығы

Құрметті  оқырман!  Сіздердің  назарларыңызға  №80  мектеп-гимназиясының  «Жас 

қалам» үйірме мүшелерінің тіл мерекесіне арналған туындыларын ұсынамыз.

ҚÀÑÈÅÒÒІ ҚÀÇÀҚ ÒІËІ

Қазақтың ұстанымы тілім деген,

Сол тілмен кемшілігім білінбеген.

Қаншама қиын –қыстау заманда да,

Жаудың отын сөндірген тілімменен.

Туған тіл қиялыма қанат бердің,

Басқа тілде жүргенше өз тілімді,

Қазақ тілін шыңдайтын талапкермін.

Жүргенде сәби болып елді көптің,

Үнсіз ғана барлығын елеңдеттім.

Бойыма қазақ тілі дарыған да,

Қуансам да, қайғырсам да өлеңдеттім.

Тыңдашы жалын жүрек дүрсілдерін,

Тілім барда мұңайып мен күрсінбедім.

Қазақ тілі тұрғанда лаулап жанып,

Болмайды ғой мұңайып күрсінгенің.

«Ана тілі нұрын шашар жарқыным,

Ана тілім туған тілім бал тілім

Сен арқылы дүниеге талпындым,»

Деп жырлаған ақындары халқымның.

Ақтабан боп шұбырғанда қайран бабам,

Бұғаулықта жан болмады байланбаған.

Өшпесін деп қазақ елі қанын төккен,

Ерлігіне ерлердің қайран қалам.

Өр қазақтанқазақ боп қала берем,

Ең алғашқы сөйлеген де «ана» деген.

Ана тілдің сырларын бірге ұғынам,

Ұлы ақын Абай деген анаменен,

Танытқан қазағымның ғажаптығын,

Танытқан қазағымның азаттығын,

Айналдым құдіретіңнен қазақ тілім.



Байғани Дина, №80 мектеп-гимназиясының 10 а сынып оқушысы

ÀÍÀ ÒІËІÌ - ÀÍÀÌ ÒІËІ

Тілім менің тірлігімнің тірегі,

Тілім менің елдігімнің жүрегі.

Тілім менің ана тілім оны бәрі біледі,

Тілім менің мәңгі өмір сүреді.

Өз тіліңді қорғамашы ағайын,

Құрып барад осы күнгі жағдайың.

Тілім менің таза болсын әрдайым,

Туған тілім, шытылмасын маңдайың.

Көп қой сенің көріп келген қасіретің,

Тартып жүрсің тағдырдың сен тауқыметін.

Туған тілім бар ғой сенің қасиетің

Ұрпақтарың бар ғой сенің бас иетін!



Нұрланова Аружан №80 мектеп-гимназиясының 7 ә сынып оқушысы

ҚÀÇÀҒÛÌÍÛҢ ÀÇÀÒ ҮÍІ - ÀÍÀ ÒІËІ

Мен қазақпын намыстан жаратылған,

Мен қазақтың қызымын дара туған.

Қазақ елі өрлесін, өркендесін,

Ұрпақтары көп болсын белін буған.

Мен қазақпын иесі қазақ тілдің,

Болашағы біз боламыз азат күннің

Босқа қалмай Ахмет, Абай толғанысы

Кіндігін біз ашамыз күңгірт тілдің.

Ана тілі сен менің тірегімсің,

Жанашыры халқымның жүрегісің.

Қазақ деген ұлы елдің арманымен,

Ұрпақтардың ардақтар сенімісің.



Сақтағанова Айсана, №80 мектеп-гимназиясының 9 а сынып оқушысы

ӨÇÅÊÒІ ӨÐÒÅÏ ØÛҚҚÀÍ ÆÛÐ

Өтірік емес өзекті өртер жайлар көп,

Күрмеліп қана сайрайды тілім енді кеп.

Ұмытып барады ана тілінде сөйлеуді,

Соны ойласам кетті жүрек тілім боп.

Шахановтай шырылдап жырлап тілімді,

Парақтың беті сиямен бүгін бүлінді.

Бар шындықты жазайын парақ бетіне,

Қазағым бірақ тыңдаса менің сөзімді.

Білесіздер қазақтың тілі киелі,

Осы тілмен айтылды сөз жүйелі.

Не себептен басқа тілде сөйлеп біз,

Құртуымыз керек тым жақсы сол жүйені.

Керісінше, қорғап тіліміз үшін күресіп,

Жүрмеске неге қазақша ғана сөйлесіп.

Қазақ тілін қорғау біздің қолда тұр,

Кел достарым, табайық жолды бірлесіп.

Ана тілін білмейтін ерлерім көп,

Көрсем болды өмірге төзбегім жоқ.

Жылқы да өз тілінде кісінейді,

Мөңіреген қойларды көргенім жоқ!



Жүндібаева НАЗЕРКЕ, №80 мектеп-гимназиясының 8 а сынып оқушысы

«АНА ТІЛІ – ЖҮРЕК ҮНІ»



№ 39 (513) 26 қыркүйек (жұма) 2014 жыл

3

ДУАЛДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ - ҚАЗІРГІ 



УАҚЫТ ТАЛАБЫ

«ÀÍÀ ÒІËІ – ÆҮÐÅÊ ҮÍІ»

16 ҚÛÐÊҮÉÅÊ – ÎÇÎÍ ҚÀÁÀÒÛÍ 

ҚÎÐҒÀÓÄÛҢ ÕÀËÛҚÀÐÀËÛҚ ÊҮÍІ

Кыркүйек  айының  17  жұлдызында  Бай-

қоңыр «Космос» колледжінде «Дуалды оқы-

ту жүйесін енгізу-қазіргі уақыт талабы» атты 

дөңгелек үстел өткізілді. 

Шара барысында «Нұр Отан» партиясы-

ның Байқоңыр филиалы төрағасының бірінші 

орынбасары Мәуленов Абылбек Абылайұлы, 

Қармақшы  аудандық  маслихат  депутаты 

Рзалиев  Еркін  Оразәләұлы,  Қармақшы  ау-

дандық  жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік 

бағдарламалар  бөлімінің  Байқоңыр  қаласы 

бойынша  филиалының  директоры  Суйем-

бетов Шайкибек Шайхисламұлы,  «Нотари-

ус» ЖШС бас директоры  Т.Башаров, «Асар 

плюс» ЖШС бас директоры С.Жумадьяров, 

«Автоклуб»  ЖШС  директоры  М.Ауеспаев 

қатысты. 

Колледж  директоры  Дәуленбаев  Әнуар 

Президент Жолдауында еліміздің қарқынды 

индустриялық-инновациялық 

дамуын 

басшылыққа  ала  отырып,  білім  берудің 



түрлендіру  мәселесін  атап  айтты.  Себебі 

бүгін  білім  беру  мен  бизнес  мемлекеттің 

дамуындағы басты компоненті болып отыр. 

Сондықтан  бүгінгі  таңда  дуалдық  оқыту 

жүйесі  –  әлемдегі  кәсіби-техникалық  ма-

мандар  даярлаудың  тиімді  жолы.  Өйткені, 

өз мамандығын осы жүйемен меңгерген тү-

лектер бірден қызметке орналаса алады.

Колледжіміздің  жоғары  санатты  эконо-

микалық  пәндерінің  оқытушысы  Алимба-

ева  Нүргүл  Қожантайқызы  дуалды  оқыту 

жүйесінің  маңыздылығын  айта  отырып, 

маманның  болашақ  кәсібі  бойынша  жұмыс 

орнын табу мәселесі оқуға да, ынтасына да 

тікелей әсер ететінін айтты. Олар өндіріске 

маман  ретінде  бекітіле  отырып,  оқу  бары-

сында  ерекше  көзқарас  қалыптастырып, 

жауапкерілікті  түсініп,  қызыға  оқиды.  Со-

нымен  қатар  студент  өндірістік  ұжымдағы 

қарым-қатынасқа  ерте  бейімделіп,  әлеумет-

тік ортаға үйренетіндігін айтып өтті.

Бұл жерде еңбек нарығында сұраныс бол-

са, жаңа бітірген жас маман жұмысқа тез-ақ 

орналасатынын ерекше айтып өткім келеді. 

Ақиқатында жастарға дуалды оқыту жүйесі 

ерте  өз  еркін  алуға  мүмкіндік  береді  және 

ересек  өмірге  өтуге  бейімделу  жеңіл  бола-

ды. Оқу барысында өз еңбегіне ақы ала от-

ырып, ал кейін жақсы маман жұмыс орнына 

кедергісіз орналаса алатын болады. 

Дуалды оқыту жүйесі Германия, Австрия, 

Дания,  Нидерланды,  Швейцария  сияқты 

көптеген  еуропалық  елдерде  және  соңғы 

жылдары  Қытайда  және  Азияның  басқа  да 

елдерінде  кең  тараған  және  оң  нәтижеге 

ие болып отыр және осы дамыған елдердің 

қатарында  Қазақстан  Республикасыда  биік 

тұғырдан көрінетіне сенімдімін.



Ш.ДАУЛЕНБАЕВА,  

Байқоңыр «Космос» 

колледжінің оқу ісі жөніндегі 

орынбасары 

Тіл – ұлттың жаны. Ғабит Мүсірепов тіл 

туралы  былай  деген:  «Тілін  білмеген  түбін 

білмейді».  Әрине,  әр  халықтың  тілі  өзіне 

ерекше  құрметті.  Тілдің  байлығы,  сөздік 

қорының  өсуі  халықтың  өзіне  байланысты. 

Халықтың тілін білсең, оның жанын сезінесің, 

тіл  арқылы  бүкіл  адамзатқа  тән  гуманистік 

идеяларға  қол  жеткізуге  болады.  Қазақстан 

Республикасының  мемлекеттік  тілі  –  қазақ 

тілі. Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан 

Республикасының  әрбір  азаматының  пары-

зы.  Қазақстан  Республикасының  «Тіл  тура-

лы» Заңына сәйкес қазақ 

тілі  республикамыздағы 

негізгі  тіл  –  мемлекеттік 

тіл 

болуына 


орай 

оның 


қолдан 

аясы, 


бедел-мерейі 

мемле-


кет ішінде ғана емес, ха-

лықаралық  қатынастар 

деңгейіне  дейін  артып 

келеді.  Осыған  байла-

нысты  қазақ  тілін  оқу 

мен  оқытуды  жан-жақты 

зерттеп,  дамыту  жауап-

кершілігін алға тартып отыр. 

Қымбат маған ана тілім, бал тілім,

Қымбат маған дала тілім, ар тілім.

Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,

Ана  тілім-  ардақ  тұтар  алтыным,  деген-

дей  ана  тіліміздің  айбыны  жыл  өткен  сай-

ын асқақтап келеді. Соның айғағы жыл сай-

ын еліміздің барлық аймағында тіл мерекесі 

дәстүрлі  түрде  аталып  өтіледі.  Өткен  сенбі 

күні Төретам кентіндегі №269 орта мектеп-

те тіл мерекесіне арналған «Ана тілі- 2014» 

байқауы  болды.  «Қыз  өссе  елдің  көркі» 

демекші,  бұл  байқаудың  негізгі  мақсаты- 

қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік 

талғамын  қалыптастыру,  қазақ  халқының 

қыз  тәрбиелеу  салт  –  дәстүріне  байланы-

сты  әдептілікке,  инабаттылыққа,  ізеттілікке 

тәрбиелеу болмақ.

№269 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пән 

бірлестігінің  мұғалімдері  ұйымдастырған 

бұл  іс-шара  апта  бойы  мектепішілік  әр 

түрлі  кештерден  тұрды.  Соның  бірі  осы 

«Ана  тілі  -  2014»  байқауы  болып  отыр. 

Мектептегі  өзін  –өзі  тану  пәнінің  мұғалімі 

Айгерім  Бегімбаева  жүргізген  бұл  байқауға 

7-9  сынып  аралығында  оқитын  10  бойжет-

кен қатысты. Байқауға қатысқан қыздардың 

өнерлерін бағалап, шынайы бағасын беретін 

әділқазылар  алқасының  құрамында  мек-

теп  директоры  Фарида  Аманова,  мектеп 

басшысының  ғылыми-  әдістеме  жөніндегі 

орынбасары  Света  Жалмағанбетова  және 

Халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамдық  ұйы-

мының  төрағасы  Серік  Шағатаев  бар.  Сай-

ыс  негізінен  6  турдан  тұрады,  атап  айтар 

болсақ,  өзін-өзі  таныстыру,  өз  өнерін  көр-

сету,  мәнерлеп  оқу  сайысы,  тіл  туралы  ой- 

толғам айту, шаш өру өнері, ас мәзірін даяр-

лау. 


Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары, жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам, де-

ген өлең жолдары қазақ қызының болмысын 

айқындайтын 

тәрізді. 

Бүгінгі  жас  жеткіншек 

қазақ  қыздарының  ұш-

қыр  ойлы,  талапты-

сын  айқындайтын  «Ана 

тілі    аруы»  байқауында 

әр  қатысушы  өз  өнер-

лерін  көрсетіп,  білімі 

мен әр іске деген тиянақ-

тылықты  қай  деңгейде 

о р ы н д а й т ы н д а р ы н 

көрсете  білді.  «Ана  ті-

лі  аруы»  байқауына  қа-

тысқан  сегіз  бойжеткен  алдымен  өздерін 

таныстырғаннан  кейін  өз  білімдері  мен 

жылдамдықтарын  анықтайтын  сындарлы 

сағатта  әр  қатысушы  өз  деңгейлерін  көр-

сетті.  Сайысқа  қатысушылар  арасында  тіл 

туралы  ақын  –жазушылардың  өлеңдерін 

оқу туры кезінде дайындалмай келіп дағдар-

ғандар да болды. Әділқазылардың лайықты 

шешімімен  сайыстың  қортындысы  бой-

ынша  «Ана  тілі  аруы  -  2014»  байқауында 

бас  жүлдені  №269  орта  мектептің  8  ә  сы-

нып  оқушысы  Нәдірбекова  Гүлжанат  ие-

ленсе,  І  орын  Оразбекова  Жанатқа,  ІІ  орын 

Қабыланқызы  Нұрайға,  ІІІ  орын  Байғара 

Ләйлаға  бұйырды.  №269  орта  мектепте 

болған «Ана тілі аруы - 2014» байқауының 

соңы  тіл  мерекесіне  арналған  апталықтың 

«Ана  тілі-  жүрек  үні»  атты  қорытынды 

кешімен жалғасын тапты. 

«Адамға екі нәрсе тірек тегі, 

Бірі  -  тіл,  бірі  -  ділің  жүректегі»,  -  деп 

Жүсіп  Баласағұн  бабамыз  айтқандай  кез-

келген  мемлекеттің,  елдің  ең  негізгі  рәмізі 

де,  ұраны  да,  тірегі  де  сол  елдің  ана  тілі 

болмақ. 


Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Біздің Ота-

нымыз  –  Қазақстан.  Қазақстан  Республика-

сының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Со-

нымен  қатар  өз  тілі  бар.  Тіліміздің  мерейі 

әрқашанда  үстем  болып,  егемендігіміз 

ғұмыры ұзақ болғай.



«Бәйтерек-Байқоңыр» апталығы

ЕЛІМІЗДЕ СЫРАНЫ ПЛАСТИКАЛЫ  

ТЫДА САТУ А ТИЫМ САЛЫНДЫ

Адамзаттың  шаруашылық  қызметі  жер 

шарындағы  экологиялық  жағдайдың  ушы-

ғуына  әкеліп  соқтыруда.  Адамзат  эколо-

гиялық  қауіптің  алдын-алудың  маңызын 

түпкілікті  түсініп,  оны  болдырмау  үшін 

белсенді  шаралар  жүргізуі  тиіс.  Қоршаған 

ортаны  қорғау  мақсатында  жүргізілген 

осындай шаралардың бірі 1987 жылдың 16-

шы қыркүйегінде озон қабатының жойылуы 

жөнінде Халықаралық Монреаль хаттамасы-

на қол қойылды. 

1994  жылы  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының 

Бас  Ассамблеясы  16  қыркүйек  күнін  Ха-

лықаралық  озон  қабатын  қорғау  күні  деп 

жариялады.  Соның  құрметіне  бұл  атаулы 

күн  Біріккен  Ұлттар  Ұйымы  Бас  Ассам-

блеясының шешімімен 1995 жылдан бастап 

аталып өтіледі.

Озон грекше «иіс шығарамын». Түсі қою 

көк, өткір иісті газ, ал сұйық озон күлгін көк. 

Озонды 1875 жылы голландия физигі М.Ван 

Марум ашқан. Озон тұрақсыз, өздігінен жылу 

бөліп, оттекке айналады. Күшті тотықтырып, 

кейбір  органикалық  және  бейорганикалық 

қосылыстарға  әсер  етіп,  озонидтер  түзеді. 

Озонды  иод  -  крахмал  қағазының  түсінің 

өзгеруі  бойынша  анықтайды.  Табиғатта 

озон  найзағай  жарқылдаған  кезде  және 

кейбір  органикалық  заттар  тотыққанда 

түзіледі.  Таза  озон-күшті  тотықтырғыш, 

микроорганизмдерді  өлтіреді,  сол  себепті 

суды,  ауаны  дезинфекциялауда,  күшті  то-

тықтырғыш  болғандықтан  қағаз  ағартуда, 

т.б.  қолданады.  Ауада  әрқашан  озон  бар, 

жердің бетінде оның концентрациясы жалпы 

алғанда 6-10%. Озон атмосфераның жоғарғы 

қабатында  атомды  оттектен  күн  сәулесінің 

әсерінен  химиялық  реакция  нәтижесінде 

пайда болады. Біздің өмір сүріп отырған Жер 

планетасындағы озон қабаты 15 км-ден ба-

стап 100 км биіктікке дейін жетеді. 

Байқоңыр  «Космос»  колледжінде  «16 

қыркүйек – Озон қабатын қорғаудың халық-

аралық  күні»  аталып  өтті.  Ашық  тәрбие 

сағатын  «Химия  және  биология»  пәнінің 

оқытушысы  Жумабекова  Жанар  ашып, 

білімгерлерге  мақсаты  мен  мазмұнын  тү-

сіндірді.  Слайд  арқылы  ашық  тәрбие  са-

ғаттың  тақырыбын  ашты.  «О-131гр»  то-

бының  білімгерлері  Жұмабекова  Акнұр, 

Құдайберген  Айгерім  өз  баяндамаларын 

оқыды. 

Озон  қабаты  стратосферада  орналасқан. 



Озон  қабаты  жерден  22-24  км  жерде  өте 

қалың.  Озон  қабаты  өте  жұқа.  Егер  озон 

кішкене  азайып  кетсе  жерде  өсімдік  және 

организмдер  әлемінде  үлкен  өзгерістер  бо-

лады. Колледж білімгерлері тәрбие сағатына 

қызығып, белсене атсалысты.

Сөз  соңында  жалпы  пәндер  оқытушысы 

Акмурзаева  Бахыт,  арнайы  пәндер  оқы-

тушысы  Амангельдиева  Данагүл  қорытын-

дылады. 


Озон  қабатынсыз  тіршілік  қазіргі  біз 

көріп отырғандай болмайды. Сондықтан, та-

биғатымызды қорғап,  аялайық!!!

   


Жанар ЖУМАБЕКОВА, Байқоңыр 

«Космос» колледжінің «химия және

биология» пәнінің оқытушысы  

Астана.  16  қыркүйек.  Baq.kz  –  Елімізде 

алкогольді  ішімдіктерді  пластикалық  құты-

ларда  сатуға  тыйым  салатын  заң  шықты. 

Бүгін емес, шілдеде өз күшіне енген. Бірақ 

мұны  біле  тұра  аяқ  тартпай  пластикалық 

құтыларды  үлкен  мөлшерде  пайдаланатын 

сыра  сату  орындарына  енді  арнайы  тексе-

ру жүргізілмек. Ал ішімдік сатушылар бол-

са пластиктен қандай жағдай болмасын бас 

тартпайтындарын  айтады.  Өйткені  әйнек 

құтының құны 2-3 есе қымбат. 

Сыраны сатуға болмаса тұтынуға тыйым 

емес  бұл.  Дегенмен  енді  ішімдікті  пластик 

ыдысқа құюға болмайды. Оған заң жүзінде 

тыйым  салынуы  бекер  емес.  Өйткені  алко-

голь  мен  пластик  құрамындағы  химикат-

тар қосылса, ағзаға өте қауіпті екені ғылыми 

дәлелденген.  Сондықтан  құзырлы  орын-

дар  енді  заңды  өрескел  бұзғандарға  қарсы 

ауқымды шара жүргізгелі отыр.

Ерқанат Нұрбаев, Алматы қаласы Cалық 

департаментінің басқарма бастығы:

- Заңға сәйкес, пластикалық құтылардағы 

алкогольді  ішімдікті  сатуға  мүлдем  тыйым 

салынады.  Тіптен  пластик  ыдыста  сақтауға 

да  болмайды.  Және  мәселен  сатып  алушы 

сыра  алуға  өзінің  пластикалық  ыдысымен 

келсе  де  оған  құйып  саудалауға  қатаң  тый-

ым салынады.

Ол  аз  десеңіз,  демалыс  орындарында 

алкогольді  ішімдікті  пластикалық  стаканға 

құйып  беруге  болмайды.  Тілді  алмаймын 

дегендердің  арқасынан  заң  бойынша  та-

спа тілмек тексерушілер. Бірақ Алматыдағы 

сыра  сататын  орындар  әзірге  бұл  заңды 

атүсті  естіпті.  Алайда,  орындап  жатқаны 

жоқ.  Пластик  құтыларды  тау-тау  қылып 

үйіп қойып, тұтынушыларға таратуда. Жап-

пай пластиктен бас тартсақ ісіміз құрдымға 

кетеді  деп  отыр.  Бірінші  кезекте  шыны 

ыдыстардың бағасы 2-3 есе қымбат.

Николай, сыра сатушы:

-  Сауда  орнымды  жабатын  шығармын, 

амал  жоқ.  Сыра  сататын  мезгіл  де  өтіп  ба-

рады,  тұтынушылар  онсыз  да  азайды.  Ал 

пластик  құтымен  сатқызбаса  әйнек  құты 

ала  алмаймыз.  Өйткені  ол  2-3  есе  қымбат 

тұрады.  Мен  ғана  емес,  осы  бизнестегі 

әріптестерімде не істерлерін білмей отыр.

-  Сыра  сатушылар  сең  соққан  балықтай 

сенделіп  жүр  осылай.  Көбі  қазірдің  өзінде 

сауда  орындарының  есігіне  қара  құлып 

ілген.  Ал  қаннен  қаперсіз  шыққан  заңға 

пысқырмай  отырғандар  болса,  оларды 

тексерушілер  іздеп  тауып  істерін  майшам-

мен қарамақ. Басында бәрі осылай бастала-

ды,  тек  арты  тағы  да  сиырқұйымшақтанып 

кетпесе  болғаны.                                      Baq.kz


№ 39 (513) 26 қыркүйек (жұма) 2014 жыл

4



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал