2004 жылдың 27 қазанынан шыға бастады Байқоңыр аумақтық ақпараттық-танымдық апталығы



жүктеу 472.38 Kb.

бет3/4
Дата15.09.2017
өлшемі472.38 Kb.
1   2   3   4

Дүйсенбі,  20 шілде          

Технический  перерыв  с  03:00 

до  17:00  (профилактические  ра-

боты).  17.00,  20.00,  23:55,  1:25 

жаңалықтар.  17:15  «Нүкте». 

18.00,  21.00,  00:25  новости.  18:10  т/х  «Сұлтан 

Сүлейман».  19:00  «ТВ  Бинго».  20:30  «Арнайы 

хабар».  21:30  т/с  «Гречанка».  22:20  т/с  «След». 

23:10  «Жекпе-жек».  00:55  т/х  «Әр  үйдің  сыры 

басқа». 


Сейсенбі, 21 шілде          

7.00 «Айтұмар». 8.00 «Әсем әуен. 8:30 «Аймақтар 

аламаны».  9:30  м/с  «Динофроз».  10.00,  13.00, 

17.00, 20.00, 00.25, 1.55 жаңалықтар. 10.10, 21:30 

т/с  «Гречанка».  11.00,  15.00,  18.00,  21.00,  00.55 

новости. 11:10, 1:25 т/х «Әр үйдің сыры басқа». 

11:45  Кулинарная  программа  «Магия  кухни». 

12.20 «Подари детям жизнь». 12.25 м/с «Джейк 

и  пираты  Нетландии».  12:50  «Экономкласс». 

13:15  «Семейные  мелодрамы».  14:00  т/с  «Жен-

ский  доктор».  15:15,  23:40  «Бұйымтай».  16:00 

«Өмір сабақтары». 16:30 т/с «Алдар көсе». 17:15 

«Нүкте».  18:15  т/с  «Сұлтан  Сүлейман».  19:00 

«Біздің үй». 20:30 «Бюро расследований». 22:20 

т/с «След». 23:10 «Арнайы хабар».

Сəрсенбі, 22 шілде          

7.00 «Айтұмар». 8.00 «Әсем әуен». 8:30 «Аймақ-

тар аламаны». 9:30 м/с «Динофроз». 10.00, 13.00, 

17.00, 20.00, 0.45, 2.15 жаңалықтар. 10:10, 21.30 

т/с «Гречанка». 11.00, 15.00, 18.00, 21.00, 1.15 но-

вости.  11:10,  1:45  т/х  «Әр  үйдің  сыры  басқа». 

11:45  Кулинарная  программа  «Магия  кухни». 

12:20  «Подари  детям  жизнь».12.25  м/с  «Маша 

и медведь». 12:35 м/с «Джейк и пираты Нетлан-

дии».  13:10  «Семейные  мелодрамы».  14:00  т/с 

«Женский  доктор».  15:15,  00:00  «Бұйымтай». 

16:00 «Өмір сабақтары». 16:30 т/с «Алдар көсе». 

17:15  «Нүкте».  18:15  т/с  «Сұлтан  Сүлейман». 

19:10, 23:10 «Біздің үй». 20:30 «100 бизнес тари-

хы». Индустрияландыру. 22:20 т/с «След». 

Бейсенбі,  23 шілде          

7.00  «Айтұмар».  8.00  «Әсем  әуен».  8:30 

«Аймақтар  аламаны».  9:30  м/с  «Динофроз». 

10.00, 13.00, 17.00, 20.00, 0.45, 2.15 жаңалықтар. 

10:10,  21.30  т/с  «Гречанка».  11.00,  15.00,  18.00, 

21.00,  1.15  новости.  11:10,  1:45  т/х  «Әр  үйдің 

сыры басқа». 11:45 Кулинарная программа «Ма-

гия  кухни».  12:20  «Подари  детям  жизнь».12.25 

м/с  «Джейк  и  пираты  Нетландии».  12:50  «Биз-

нес сыры». 13:15 «Семейные мелодрамы». 14:00 

т/с «Женский доктор». 15:15, 00:00 «Бұйымтай». 

16:00 «Өмір сабақтары». 16:30 т/с «Алдар көсе». 

17:15  «Нүкте».  18:15  т/с  «Сұлтан  Сүлейман». 

19:10  «Жекпе-жек».  20:30  д/ф  «Сила  лидера». 

22:20 т/с «След». 23:10 «Біздің үй».

Жұма,  24 шілде          

7.00  «Айтұмар».  8.00  «Әсем  әуен».  8:30 

«Аймақтар  аламаны».  9:30  м/с  «Динофроз». 

10.00, 13.00, 17.00, 20.00, 1.30, 3.00 жаңалықтар. 

10:10  т/с  «Гречанка».  11.00,  15.00,  18.00,  21.00, 

2.00  новости.  11:15,  2.30  т/х  «Әр  үйдің  сыры 

басқа».  11:45  Кулинарная  программа  «Магия 

кухни». 12.20 м/с «Подари детям жизнь». 12:25 

м/с  «Маша  и  медведь».  12:35  «Джейк  и  пира-

ты  Нетланди».  13:15  «Семейные  мелодрамы». 

14:10 т/с «Женский доктор». 15:15 «Бұйымтай». 

16:00  «Өмір  сабақтары».  16:30  «Ұлт  саулығы». 

17:15 «Бармысың, бауырым?». 18:15 т/х «Сұлтан 

Сүлейман». 19:10 «Ойжүйрік». 20:30 «Тур де Ха-

бар».  21:30  КВН  .  «В  сердце  Евразии».  Кубок 

столицы. 23:30 т/х «Құрбылар». 



Сенбі,  25 шілде          

7.00 «Ду думан». 8:30, 13:20 «Әсем әуен». 9:00 

«Бармысың,  бауырым?».  9:40  «Продвопрос». 

10:00  «Спорт  без  границ».  10:25  м/с  «Маша  и 

медведь».  10.35  м/ф  «Победитель».  12:05  Со-

ветское  кино.  «Обыкновенное  чудо».  13:40 

«Бұйымтай».  14:20  «Тур  де  Хабар».  14:50 

«Жұлдызды дода». 16:30 кино «Инспектор Гад-

жет»-2.  18:05  «Әнім  сен  едің».  Ш.Қалдаяқов 

концерті. 19:45 «Бенефис-шоу». 21:00 кино «Ан-

гел». 23:10 т/х «Құрбылар». 1:10 Қазақстан теа-

тры. Қазақтың мемлекеттік М.Әуезов атындағы 

Академиялық драма театры.  Б.Жакиев «Жүрейік 

жүрек ауыртпай». 3:10 «Әсем әуен». 



Жексенбi, 26 шілде          

7.00,  19:50  «Ду-думан».  8:30  «Айбын».  9:00, 

13:45  «Әсем  әуен».  10:00  «Ас  арқау».  10:30 

«Спорт  әлемі».  11:00  Сказки  братьев  Гримм. 

«Принцесса для гусей». 12:00 м/с «Приключения 

Жюль-Верна». 12:30 Советское кино. «Обыкно-

венное чудо». 14:10 «Бенефис-шоу». 15:20 кино 

«Жұмақ».  18:00  Досымжан  Таңатаровтың  «От-

аным десем...» атты ән кеші. 21:00 кино «Асте-

рикс  и  Обеликс  против  Цезаря».  23:00  кино 

«Жаужүрек мың бала». 1:20 т/х «Құрбылар».  

Дүйсенбі, 20 шілде          

17.00-ге  дейін  техникалық 

үзіліс.  17.05  «Шаншарға»-  20 

жыл! 17.30 т/х “Махабатта шек 

бар  ма?”.  18.30,  19.30  т/х  “Тағдырмен  тартыс”. 

20.30,  2.45    Жаңалықтар.  21.00  Новости.  21.30 

кино  “По  горячим  следам”.  23.20  кино  “Без-

дна”.  1.05  кино  “Ой,  ма-моч-ки!”.  2.00  “Ктк” 

қоржынынан”  ойын-сауықты  бағдарлама.  3.10 

к/ф “Мачеха”.4.30 “Вау”. 



Сейсенбі, 21 шілде          

6.05 Мультфильмдер. 6.20, 4.50 “Вау”. 6.45, 2.00 

“Ктк”  қоржынынан”  ойын-сауықты  бағдарлама. 

7.30,  3.55  т/х  “Қарадайы”.    8.35,  20.30,  2.45  

Жаңалықтар. 9.00, 3.10 т/х “Сарай ханымдары”. 

10.00  “Верное  средство”.12.00,  21.00  Новости. 

12.30, 23.20 кино “Бездна”. 14.30 “Семейные дра-

мы”. 16.30 т/х “Махаббат мұңы”. 17.30 т/х “Маха-

батта шек бар ма?”. 18.30, 19.30 т/х “Тағдырмен 

тартыс”.  21.30  кино  “По  горячим  следам”.  1.05 

кино “Ой, ма-моч-ки!”.

Сəрсенбі,  22 шілде 

6.05 Мультфильмдер. 6.20, 4.50 “Вау”. 6.45, 2.00 

“Ктк”  қоржынынан”  ойын-сауықты  бағдарлама. 

7.30,  3.55  т/х  “Қарадайы”.    8.35,  20.30,  2.45  

Жаңалықтар. 9.00, 3.10 т/х “Сарай ханымдары”. 

10.00  “Верное  средство”.12.00,  21.00  Новости. 

12.30, 23.20 кино “Бездна”. 14.30 “Семейные дра-

мы”. 16.30 т/х “Махаббат мұңы”. 17.30 т/х “Маха-

батта шек бар ма?”. 18.30, 19.30 т/х “Тағдырмен 

тартыс”.  21.30  кино  “По  горячим  следам”.  1.05 

кино “Ой, ма-моч-ки!”.

Бейсенбі, 23 шілде

6.05 Мультфильмдер. 6.20, 4.50 “Вау”. 6.45, 2.00 

“Ктк”  қоржынынан”  ойын-сауықты  бағдарлама. 

7.30,  3.55  т/х  “Қарадайы”.    8.35,  20.30,  2.45  

Жаңалықтар. 9.00, 3.10 т/х “Сарай ханымдары”. 

10.00  “Верное  средство”.12.00,  21.00  Новости. 

12.30, 23.20 кино “Бездна”. 14.30 “Семейные дра-

мы”. 16.30 т/х “Махаббат мұңы”. 17.30 т/х “Маха-

батта шек бар ма?”. 18.30, 19.30 т/х “Тағдырмен 

тартыс”.  21.30  кино  “По  горячим  следам”.  1.05 

кино “Ой, ма-моч-ки!”.

Жұма, 24 шілде

6.05 Мультфильмдер. 6.20 “Вау”. 6.45, 16.30, 2.15 

“Ктк”  қоржынынан”  ойын-сауықты  бағдарлама. 

7.30,  17.45,  4.10  т/х  “Қарадайы”.    8.35,  20.30, 

2.45  Жаңалықтар. 9.00, 3.10 т/х “Сарай ханым-

дары”. 10.00 “Верное средство”.12.00, 21.00 Но-

вости. 12.30, 23.20 кино “Бездна”. 14.30 “Семей-

ные  драмы”.  15.30  т/х  “Махаббат  мұңы”.  17.30 

т/х  “Махабатта  шек  бар  ма?”.  18.30,  19.30  т/х 

“Тағдырмен тартыс”. 21.30 кино “Если бы я тебя 

любил”.  23.55  кино  “Я  покажу  тебе  Москву”. 

1.25 “Тайный шоу бизнес” – “Звёзды при дворе 

хана Алимжана”.

Сенбі, 25 шілде

7.05,  3.45  к/ф  “Голос  матери”.  8.50,  3.00  “Ктк” 

қоржынынан”  ойын-сауықты  бағдарлама.  9.50 

“Удиви  меня!”.  Уникальный  конкурс  иллюзио-

нистов.  11.00  “Звездная  жизнь”  –  “Как  забыва-

ли  звёзд”.  12.00  Новости.  12.35  кино  “Если  бы 

я тебя любил”.  14.35 “Путь на олимп” – Генна-

дий Хазанов.15.05 т/х “Махаббатта шек барма?”. 

16.30,  1.50  “Той  BestStar”  сазды-ойын-сауықты 

бағдарлама.  18.00 т/х “Қарадайы”. 21.00 “Очная 

ставка” –  “Семейный бизнес”. 22.00 “Беремен-

на в 16”. 23.00 кино “Поверь, все будет хорошо”. 

1.00 “Ревизорро”. 

Жексенбі, 26 шілде

7.05  м/с  “Астробой”.  7.35  “Бен  10.  Омниверс”.  

8.00,  1.55  “Ктк”  қоржынынан”.9.35  “Выходной 

со звездой” – группа “Улытау”. 10.10 кино “По-

дари мне воскресенье”. 13.50 “Звездная жизнь” 

–  “Как  забывали  звёзд”.  14.50  “Дорога  домой”. 

15.00 т/х “Махаббатта шек барма?”. 17.00 «Алда-

распан» концертi.20.00 “Базар жоқ алаңы”. 21.00 

кино  “Мы  объявляем  вам  войну”.00.22  кино 

“Игра в правду”. 3.20 кино “День полнолуния”.



№ 29 (555) 17 шілде (жұма) 2015 жыл

6

 «100 ÍÀҐÒÛ ҐÀÄÀÌҒÀ» ӘÐҐÀÉÑÛÌÛÇ 



ҮËÅÑ ҐÎÑÓÛÌÛÇ ÊÅÐÅÊ

 «ÍҰÐËÛ ÆÎË – ÁÎËÀØÀҐҐÀ 

ÁÀÑÒÀÐ ÆÎË»

ҐÀÇÀҐÑÒÀÍ ÕÀËҐÛ ÀÑÑÀÌÁËÅßÑÛ - 

ÁÅÉÁІÒØІËІÊ ÏÅÍ ÊÅËІÑІÌÍІҢ ІÐÃÅÒÀÑÛ

Бұл  «100  нақты  қадам»  бағдарламасы 

Қазақстан  Президенті  айтқан  құндылықтар 

мен  басымдықтарды  шын  ниетімен  қол-

дайтын  мемлекет  азаматтары  арасында  қы-

зу  талқылану  үстінде.  Егер  «Бес  институ-

ционалдық реформада» Нұрсұлтан Әбішұлы 

ұзақмерзімді 

Бағдарламаны іске асыру институционал-

дық  реформалардың  басты  бес  бағытына 

негізделген.  Оның  әрқайсысында  Елба-

сы  таңдалған  сегменттерді  қайта  формат-

тау  бойынша  жұмыстың  нақты  кезеңдерін 

айқын  көрсетіп  берді.  «100  нақты  қадам» 

бағдарламасын  іске  асыру  аясында  елдің 

әр  азаматының  алдына  қойылған  ауқымды 

міндеттерді ой елегінен өткізіп,  әр бағыт бой-

ынша үлкен жұмысқа әзір болуымыз керек.

Елбасының  бес  институционалдық  ре-

формасында  ең  бірінші  тұрған  бағыт  мем-

лекеттік  қызметті  жаңа  деңгейге  көтеру, 

яғни  кәсіби  мемлекеттік  аппарат  құру  мәсе-

лесі  қарастырылған.  «100  нақты  қадам»  

жоспарының  бірінші  бөлігі  де  осы  мәселеге 

арналған.  Кәсіби  мемлекеттік  аппарат  құру 

мәселесі  15  қадамды  қамтып  отыр.  Тәуел-

сіздік алған кезімізден бергі 24 жылға жуық 

уақыт  ішінде  Қазақстанда  мемлекеттік  ап-

парат  құруға,  кадр  саясаты  мәселесіне  баса 

көңіл  бөлініп  келе  жатыр.  Барлық  жұмысты 

тізіп айтпай-ақ қояйын, бірақ қажетті инсти-

туттар  мен  уәкілетті  орган  құрылып,  білім 

беретін  академия  ашылып,  қажетті  заңдар 

қабылданып,  сол  заңдарға  сәйкес  іске  асы-

рылатын  нормативтік  құқықтық  актілер  қа-

былданды.  Соның  нәтижесінде  мемлекеттік 

қызмет өзінің деңгейінде жетіліп қалыптасты 

және  біздің  қоғамымыз  бен  экономикамыз 

қалай өсіп келе жатса, соның бәріне себебін 

тигізіп отыр.

Дегенмен Елбасымыз осы салаға қатысты 

бірқатар  орынды  сындар  айтты.  Атап  айт-

қанда,  мемлекеттік  қызметтегі  кәсіби 

деңгейдің  ойдағыдай  болмауы,  қызметке 

қабылдаудағы  кемшіліктер,  қызмет  саты-

сымен  өсу,  жалақы  төлеу  жүйесі,  сыбайлас 

жемқорлықпен  күрес  мәселелері  өзекті  бо-

лып тұр.


Мемлекеттік  қызметке  азаматтар  қабыл-

данарда, тест тапсыру сынағынан өтеді. Жа-

сыратыны  жоқ,  кейбір  қызмет  орындары-

на  тамыр-таныс  арқылы  жұмысқа  кіріп 

жатқанын  естіп  жүреміз,  баспасөзде  жазып 

жатады.  Жауапқа  тартылып  жатқан  лауазым 

иелері  де  бар.  Сондықтан  бұл  салада  жетіл-

діруді қажет ететін мәселелер аз емес.

Жалпы, әлем елдері бойынша алсақ, мем-

лекеттік  қызметтің  тарихы  терең,  мыңдаған 

жылдарға кетеді. Мысалы, Қытайда қызметке 

алынатын  адамды  сынақтан  өткізген  кез-

де,  оны  қабылдаушы  мекеме  де,  комиссия 

мүшелері де білмейді. Ол адамның тек қана 

коды болады. Барлық сынақтан өткен соң, кім 

екені анықталады. Бұл жерде жемқорлық, та-

ныс арқылы өтуге жол берілмейді. Кейбір ел-

дерде,  бір  рет  сынақтан  өтіп,  мемлекеттік 

қызметке  қабылданған  соң,  мекеме  ішіндегі 

ауыс-түйістер  жұмыс  істеген  жерінің  мінез-

демесі,  сондай-ақ  онымен  әңгімелесу,  эссе 

жазу, өзінің қызметі мен тәжірибесін көрсету 

арқылы  жүзеге  асырылады.  Біздің  елде  де 

қызметте  жоғарылау  сол  адамның  қабіле-

тіне,  білімі  мен  біліктілігіне  қарай  болса, 

мемлекеттік қызметте кәсіби шеберлігі мық-

ты азаматтар қалыптасар еді.

Тағы  бір  проблема  -  басшылар  ауысқан 

кездегі өзгерістер. Қазір кейбір мекемелерде 

бір жылда қызметкерлер 15 пайыз, кейбірінде 

тіпті  30  пайызға  дейін  ауысып  отырады. 

Мұндай ауыс-түйістің орын алуы сол мекеме-

де  тұрақтылықтың  жоқ  екендігін  көрсетеді. 

Өйткені  бір  қызметкер  сол  жерде  екі  жыл-

дай  жұмыс  істеп,  тәжірибе  жинап,  өз  ісінің 

шеберіне  айналса,  ол  бастық  ауысқан  кезде 

жұмыстан  «қуылатын»  болса,  жинақталған 

барлық  мағлұматтарды,  құжаттарды  жойып 

кетеді.  Жаңадан  келген  адам  бос  үстел  мен 

бос  орындықты  ғана  қабылдап  алады.  Ол 

қайтадан бір-екі жыл бойы қажетті материал-

дарды жинақтайды. Арада тағы басшы ауыс-

са, осы процесс қайталанып отырады. Сонда 

он жыл бұрын қандай құжат қабылданды, аза-

маттардан қандай арыз-шағымдар болған еді, 

қандай мәселелер көтерілді, қандай заңдарға 

қандай  өзгерістер  мен  ұсыныстар  берілді? 

Осының  бәрі  жүйеленбей,  бұл  салалардағы 

істің барлығы ақсап жатады.

Мысалы, Германияда мемлекеттік қызмет-

ке кірген адам, егер бір кінәсі болмаса не заң 

бұзып,  бір  нәрсені  бүлдіріп  қоймаса,  өмір 

бақи  зейнеткерлікке  кеткенше  одан  шық-

пайды.  Үкіметтің  не  министрлердің  ауы-

суы оған ешқандай әсерін тигізбейді. Оларда 

«Статс-секретарь» деген лауазым бар, біздегі 

«Жауапты хашты» сияқты. Олар өмір бақи от-

ырады, соған орай Аппарат қызметкерлері де 

қозғалмайды. Біз де сол дәрежеге жетуіміз ке-

рек.


Елбасы  біздегі  «команда»  деп  басшымен 

бірге  «көшіп  жүру»  «дәстүрін»  сынға  алды. 

Сондықтан  басшысымен  бірге  үдере  көшіп 

жүретіндерге  тыйым  салынуы  тиіс.  «Коман-

дамен»  жүретіндердің  келтіретін  зияны  өте 

көп,  мекемеде  тұрақтылықтың,  жүйеліліктің 

болмауына  алып  келеді.  Бір-бірінің  ым-

жымын  білетін  олар  сыбайлас  жемқорлыққа 

да барады.

Тағы  бір  мәселе,  мемлекеттік  қызмет  са-

ласында білім алатын студенттер, оқу орын-

дары  мен  мемлекеттік  органдар  арасын-

да  байланыс  жоқ.  Мысалы,  студент  практи-

кадан  өтуі  үшін  мемлекеттік  органдардың 

есігін  өзі  қағып  жүреді.  Оқу  орындары  өзің 

тауып  кел  деп  жібереді.  Бұлай  болмауы  ке-

рек. Мемлекеттік қызмет істері және сыбай-

лас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  агенттігі 

ме  немесе  Білім  және  ғылым  министрлігі 

ме,  әйтеуір  бір  органда  қанша  студент  мем-

лекеттік  қызмет  саласына  дайындалып  жат-

қаны,  қай  мекемеде  практикадан  өтетіні  ту-

ралы  тізімі  болуы  керек.  Сонда  білікті  ма-

ман  дайындау  ісі  де  бірізділікке  түсер  еді. 

Яғни, практикаға келген студент сол органға 

құжат  қалай  қабылданады,  арыз-шағымдар 

қалай қаралады, ол мекеменің жылдық және 

стратегиялық жоспары қалай - соның бәрімен 

танысуы  қажет.  Ертеңгі  күні  әкімдікке  не 

министрлікке  жұмысқа  келгенде,  ол  соның 

бәрін  білуі  керек.  Ондай  процесті  білмесе, 

таза  кабинетке,  таза  үстелге  келіп  жайғасса, 

ештеңе  білмейді.  Сондықтан  осы  мәселеге 

мән берілгені жөн.

Мемлекеттік  қызметшілердің  жалақысын 

оның істеген ісіне қарай беру туралы мәселе 

көтерілді.  Бұл  да  орынды  деп  ойлаймын. 

Өйткені  бір  деңгейдегі  бес  қызметкер  бо-

луы  мүмкін.  Бірақ  бәрі  бірдей  емес,  бірі  та-

лантты,  ол  күніне  бірнеше  бет  ақпарат  жа-

зады.  Соған  орай  оған  жалақы  да,  қосымша 

төлемақы да саралау бойынша төленуі керек. 

Ол адам жыл бойына өткен сынақ бойынша 

өзіне балл жинауы керек. Сынақ нәтижелерін 

барлық  қызметшілер  көріп  отыруы  тиіс. 

Сонда  үстемеақы  жасырын  не  бастықтың 

шешімімен төленбейді, сыбыс әңгіме де бол-

майды.   

Бірақ  ең  негізгісі,  мемлекеттік  қызмет-

шілердің заңдарды орындау мәселесіне қатты 

талап  қою  қажет.  Халықта  «Егер  Заңды 

орындасаң,  ол  -  Заң,  ал  оны  орындамасаң, 

сөз  бен  сөйлемдерден  тұратын  құжат  бо-

лып қалады» деген сөз бар. Тіпті кейбір бас-

шылар,  қызметкерлер  өздеріне  қатысты 

заңдарды оқымайды да. Заңға сәйкес шыққан 

нормативтік құқықтық актілерді де оқу қажет 

деп есептемейді. Біздің қоғамдағы «дерттің» 

бірі - осы. Әйтпесе, айтылып отырған мәсе-

лелердің  барлығы  Заңда  бар.  Бірақ  алдағы 

уақытта  қабылданатын  заңдарда  оны  одан 

әрі қатаңдата түсу қажет. Заңды бұрмалауға, 

бас пайдасы үшін айналып өтуге болмайтын-

дай  жетілдіргеніміз  жөн.  Мемлекеттік  қыз-

метшілердің  жауапкершілігін  арттыру  -  ба-

сты міндет.

Еліміздің  дамуы  жолында  әлемдегі  озық 

отыз  елдің  қатарына  қосылып,  өзге  елдер-

мен  тереземіз  тең  болу  мақсатында  Елба-

сы  Нұрсұлтан  Назарбаев  тың  шешім,  батыл 

қадамдар жасап отыр. Міне, «Ұлт Жоспары – 

100 қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы 

мемлекет»  атты  бес  институционалдық  ре-

формасы осыны көздейді.



Дина ШАКЕЕВА, Төретам кенті әкімі

аппаратының бас маманы

Ассамблея  -  мемлекеттік  органдардың 

халықпен жемісті үнқатысуын, барлықэтнос-

тар  өмірлерінің  өзекті  мәселелерінің  шеші-

луін  қамтамасыз  етуші  ұйым.  Еліміздің 

Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев  Қазақстан 

халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 

1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына 

арналған Қазақстан халықтарының форумын-

да сөз еткен болатын. 1995 жылғы 1 наурыз-

да  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 

Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы 

Жарлығы шықты. Қазақстанның көпэтностық 

бай  кеңістігінде  сенім,  келісім  мен  өзара 

түсіністік  үлгісі  орнады.  Қазақ  жерінде  қа-

зір  140-тан  аса  ұлт  пен  ұлыс  өкілдері  өмір 

сүріп  жатыр.  Оларға  Қазақстан  азаматтары 

ретінде  тең  құқық  берілген.  Олар  білім  алу, 

емделу,  жоғары  лауазымды  қызмет  атқару 

мүмкіндіктеріне ие. Елімізде мекен еткен ұлт 

пен ұлыстарға өз мәдениетін дамытып, салт-

дәстүрлерін  сақтауға  лайықты  жағдайлар 

жасалған.  Олардың  әрқайсысының  ұлттық 

мәдени  орталықтары  тұрақты  жұмыс  істеп, 

ұлттық  дәстүрлерін  сақтауға  зор  ықпал  жа-

салып  келеді.  Жыл  сайынғы  халықтық  ме-

рекелер  Наурыз,  1  мамыр  –  Қазақстан  хал-

қының бірлігі мерекесі, масленица, сабантой 

меркелерін тойлау дәстүрге айналды. Елімізде 

орыс, өзбек, ұйғыр, корей және неміс театрла-

ры жұмыс істейді. Әр түрлі тілдердегі газет-

журналдарды,  радиобағдарламаларды,  теле-

бағдарламаларды  көгілдір  экраннан  тамаша-

лап  көруімізге  болады.Еліміздегі  барлық  эт-

нос  өкілдерін  ортақ  мақсатқа  біріктіре  оты-

рып,  республикадағы  тұрақтылықты  сақтау 

мен  ел  дамуының  мақсатына  айтулы  үлес 

қосып келетіндігін осыдан байқауымызға бо-

лады. 

2008 жылғы 20 қазанда Қазақстан Респуб-



ликасының  «Қазақстан  халқы  Ассамблеясы 

туралы» Заңына қол қойылды. Ассамблеяның 

негізгі  мақсаты:  қазақ  халқының  топтасты-

рушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық 

патриотизм,  Қазақстан  халқының  азаматтық 

және  рухани-мәдени  ортақтығы  негізінде 

қазақстандық  азаматтық  бірегейлікті  және 

бәсекеге  қабілетті  ұлтты  қалыптастыру 

процесінде 

Қазақстан 

Республикасын-

да  этносаралық  келісімді  қамтамасыз  ету 

болып  табылады.  Ассамблеяның  негізгі 

міндеттері:  этносаралық  қатынастар  са-

ласында  мемлекеттік  органдармен  және 

азаматтық  қоғам  институттарымен  тиімді 

өзара  іс-қимылды  қамтамасыз  ету,  қоғамда 

этносаралық  келісімді  және  толеранттықты 

одан  әрі  нығайту  үшін  қолайлы  жағдайлар 

жасау; халық бірлігін нығайту, қазақстандық 

қоғамның  негіз  қалаушы  құндылықтары 

бойынша  қоғамдық  келісімді  қолдау  және 

дамыту;  қоғамдағы  экстремизмнің  және 

радикализмнің көріністері мен адамның және 

азаматтың  құқықтары  мен  бостандықтарына 

қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы 

тұруда  мемлекеттік  органдарға  жәрдемдесу; 

азаматтардың  демократиялық  нормаларға 

сүйенетін  саяси-құқықтық  мәдениетін  қа-

лыптастыру;  Ассамблеяның  мақсаты  мен 

міндеттеріне  қол  жеткізу  үшін  этномәдени 

және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-

жігерін біріктіруді қамтамасыз ету; Қазақстан 

халқының  ұлттық  мәдениетін,  тілдері  мен 

дәстүрлерін  өркендету,  сақтау  және  дамыту 

болып  табылады.Ел  Президентінің  бастама-

сы  бойынша  құрылған  мемлекеттік,  ұлттық 

саясатты  дамыту  мен  жетілдірудің  ерекше 

маңызды құралы болып саналатын Қазақстан 

халқы Ассамблеясы бүгінде елді біріктіруде, 

этностар мен ұлттар арасындағы бейбітшілік 

пен  келісімді,  татулықты  нығайтуда  аса  ма-

ңызды қызмет атқарып келеді. 

Б.КАПАНОВА, Байқоңыр қалалық

мұрағатының директоры

Елбасы  Жолдауы  әрқашан  еліміз  үшін 

маңызды мәселелерді қамтып келеді. Елбасы-

мыздың  Жолдауы  Егемен  еліміздің  тұрақты 

дамуын  қамтитын,  мемлекетіміздің  барлық 

саласына  серпін  беретін,  халқымыздың  игі-

лігін  көздейтін  шынайы  іс  –  жоспарға  құ-

рылған шын мәніндегі тарихи құжат. 

Осы стратегиялық құжатта Президентіміз 

мемлекеттік  қызметтің  барлық  саласын 

қамти  отырып,  тәуелсіз  Қазақстанымызды 

дамытудың,  әрбір  қазақстандықтың,  әр-

бір  отбасының,  жастардың  және  келешек 

ұрпақтың  мүддесін  қорғаудың  нақты  жол-

дарын  ұсынды.  Бұл  жолдағы  негізгі  бағ-

дарымыз  –  «Қазақстан  –  2050»  Стратеги-

ясын    орындаудың  бес  жылдық  кезеңді 

қамтитын маңызды міндеттерін атап көрсет-

ті.  Әр  кезең  сайын  экономиканың  жаңа  бе-

лестерін  бағындыру  әрбір  бес  жылдықтың 

нақты  нәтижесі  болып  табылады.  Әсіресе, 

индустриялық  -  инновациялық  даму,  шағын 

және орта бизнесті дамыту, агроөнеркәсіптік 

кешен, білім-ғылым салалары осы Жолдаудың 

ең салмақты тұстары екені сөзсіз.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарба-

ев  жыл  сайынғы  Жолдауында  Қазақстанның 

білім саласына ерекше назар аударып келеді. 

Болашақ ұрпақ үшін заманауи әдістер мен тех-

нологияларды енгізу, білімге қолжетімділікті 

кеңейту, білім сапасын арттыру Қазақстанның 

одан  әрі  қарыштап  дамуына  үлкен  үлес 

қосады.  Сонымен  қатар  апатты  мектептер 

мәселесін  шешу  үшін  Үкімет  қосымша  70 

млрд теңге бөлетін болды. Бұдан бөлек, Пре-

зидент  балабақшалардың  жетіспеушілігіне 

де  тоқталып,  осы  бағытта  мектепке  дейінгі 

мекемелердегі мәселелерді алдағы үш жылда 

шешуді жүктеді.

Осы  құжатта  Елбасымыз  жастарға,  бола-

шақ  ұрпақтарға  назар  аударады.  Себебі  жа-

стар  -  еліміздің  болашағы.  Білімді  жастар  – 

жарқын болашақтың кепілі, жастардың білім 

саласында толыққанды білім алуына жағдай 

жасалып отыр. Нұрсұлтан Назарбаев біз үшін 

«Болашақ»  бағдарламасын,  Зияткерлік  мек-

тептер мен Университетті ашып жатыр. Осы 

оқу орындарында оқып білім алып жатқан ба-

лалар еліміздің әлеуметтік-экономикалық да-

муына үлес қосып, инновациялық технологи-

яларды дамытатын жеткіншіктер. Бұның бәрі 

жас ұрпақ үшін. 

Үстіміздегі жылдың 26 маусым күні Бай-

қоңыр  қаласы  Ғарыш  Сапары  мекемесінің 

мәжіліс  залында  Қызылорда  облыстық  ішкі 

саясат  басқармасының  мемлекеттік  тапсы-

рысы шеңберінде «Қорқыт елі – Қармақшы» 

жастар  қоғамдық  бірлестігі  мен  «Жастар 

ресурстық орталығы» КММ Байқоңыр қала-

лық бөлімінің ұйымдастыруымен Елбасының 

«Нұрлы  жол-болашаққа  бастар  жол»»  атты 

халыққа  Жолдауын,  ҚР-ның  «Жастар  саяса-

ты  туралы»  Заңын  кеңінен  насихаттау  мақ-

сатында кездесу өткізілді.

Бұл ретте Елбасының биылғы жылғы Жол-

дауы турасында жастардың пікірі, көзқарасы 

қандай?  Жалпы  осынау  маңызды  әрі  жауап-

ты құжат жұртшылықтың жүрегіне жетті ме, 

Осы  сауалдарға  жауап  алу  мақсатында  ар-

найы  қамти  отырып  ұғындыру.  Жастардың 

ойлау қабілетін, елге, жерге деген патриоттық 

сезімдерін арттыру. 

Шараны «Қорқыт елі – Қармақшы» ЖҚБ 

төрағасы  Б.Ильясов  ашып,  алғы  сөзді  ҚР 

Президентінің  «Байқоңыр»  кешеніндегі  ар-

наулы  өкілінің  қызметін  қамтамассыз  ету 

басқармасының  бөлім  басшысы  Жұмағазиев 

Ертай  Жиенбайұлына  беріліп  -  Елбасының 

халыққа  Жолдауының  негізгі  қағидаттары 

туралы  айта  отырып,  «бұл  барлық  құрамдас 

компоненттері  –  экономикалық,  әлеуметтік, 

саяси  тұрғыдан  өзара  үйлестірілген,  алдағы 

еліміздің  даму  жолын  көрсететін  құжат»,  - 

деп атап өтті. 

«Төретам жастары» жастар қоғамдық бір-

лестігінің  төрайымы  Айгүл  Абишова,  «Жа-

стар  ресурстық  орталығы»  КММ  Байқоңыр 

қалалық  бөлімінің  аға  кеңесшісі  Аягөз 

Қаңлыбаева,  «Жастар  ресурстық  орталығы» 

КММ Қармақшы аудандық бөлімінің басшы-

сы, Қармақшы ауданы мәслихатының депута-

ты Мұхтар Ибраевтар  жолдауға байланысты 

өз ойларын  жеткізді. 

Жолдауда  мемлекеттің  экономикалық  – 

қаржылық дамуы, денсаулық пен білім, сырт-

қы саясат, ішкі өндіріс пен елдің табысын есе-

леу  мақсаттары  алға  қойылып,  оларды  іске 

асырудың  негізгі  тетіктері  белгіленеді.  Әр 

жылғы  жолдаудың  өзіне  тән  ерекшеліктері, 

алдағы  дамуда  басымдық  беретін  сала-

лары  болады.  Демократиялық  даму  жо-

лын  таңдаған  біздің  республикамыз  да 

тәуелсіздікке  қол  жеткізген  соң  осы  өнегені 

қолданысқа енгізді. Қоғамға тән жалпыланған  

дүниетанымдармен  қатар,  бүгінгі  таңда  жо-

ғалып  келген  немесе  бұрын  күштеу  мен 

қандай  да  бір  саяси  идеялар  нәтижесінде 

айрылған  аса  маңызды  қасиеттердің  орнын 

толықтыруда  және  адамзаттың  рухани  мә-

дениетінің  негізін  қалауда  жастардың  орны 

ерекше  бола  отырып,  тек  сонда  ғана  жүзеге 

асырылатыны даусыз. 



Дана АЗИРБАЕВА, «Жастар 

ресурстық орталығы» КММ Байқоңыр

қалалық бөлімінің аға кеңесшісі

№ 29 (555) 17 шілде (жұма) 2015 жыл

«ÆÀÇ» ÊÅØÅÍÄІ ÆÅÄÅË - 



ÏÐÎÔÈËÀÊÒÈÊÀËÛҚ ІÑ ØÀÐÀÑÛ

ҚÀÇÀҚÑÒÀÍÄÛҚÒÀÐ ÏÀÑÏÎÐÒ 

ÏÅÍ ÆÅÊÅ ÊÓӘËІÊÒІ 

ÊÅÇ-ÊÅËÃÅÍ ÕҚÊÎ ÀËÀ ÀËÀÄÛ

ҰЛТТЫҚ ÌҰРАНЫҢ ОРНЫ ÌУÇЕÉДЕ

Жаз  –  мектеп  оқушыларының  тынығып, 

дем алатын кезі. Оқушылардың жаз қызығын 

асыға  күтетіні  де  сондықтан.    Жазғы  дема-

лыс  кезі  -  балалардың  сабақтан  бір  сәт  да-

мылдап, демалатын, жазғы қызықты сәттерді 

басынан кешіретін жайма шуақ уақыт. Әрбір 

бала осы жазғы демалыс күндерін қызықты 

өткізгісі  келеді.  Жан  жадыратырар  жаз 

айы  ойын  баласы  үшін  ең  қызқты  да,  есте 

қалатын  керемет  кезең.  Үш  ай  каникулға 

шыққан  бала  өзін  бостандыққа  шыққандай 

сезініп, ойын атты үлкен доданың мәресіне 

түсіп-ақ  кетеді.  Бұл  дұрыс-ақ.  Бірақ,  осы 

жазғы  каникул  кезінде  ата-анасының  қа-

рауынсыз, өздігінен көше балаларына қосы-

лып,  бейбастақтыққа  баратын  балалар  да 

кездеседі.  Бүгінгі  күнгі  қоғамның  алдын-

да  тұрған  басты  міндеттердің  бірі  -  бала-

лар  мен  жасөспірімдер  арасындағы  құқық 

бұзушылықтың  алдын-алу,  кәмелетке  тол-

мағандар  арасындағы  қылмыстың  өсуіне 

жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкей-

тесті  мәселелердің  біріне  айналып  отыр, 

себебі өмірлік қиын жағдайға душар болған 

жасөспірімдердің  саны  азаяр  емес.  Бұл 

санатқа,  көбінесе  отбасылық  жағдайы  на-

шар,  демалыс  мезгілі  ойластырылмаған, 

өздеріне  өздері  бас  болып  жүрген  бала-

лар  жатады.  Бұндай  құқық  бұзушылық 

фактілерінің  көбісі  жаз  маусымында, 

балалардың  мектептен  тыс  уақытында 

тіркеледі.  Осы  мәселеге  орай  КІІД-нің 

17.06.2015 жылғы №1-5/2-328/3846-И санды 

нұсқауына  сәйкес,  Төретам  кентінде  «Жаз» 

кешенді  жедел-профилактикалық  іс  шара-

сы өтті. Бұл жедел шараны өткізудегі негізгі 

мақсат  -  Төретам  станциясы  аумағындағы 

ІІЖБ–нің  қызмет  атқару  аймағында  орын 

алған  құқық  бұзушылық  пен  қылмыстарды 

ескерту  және  алдын  алу,  кәмелеттік  жасқа 

толмағандарға  алкогольдік  ішімдіктер,  те-

мекі өнімдерін сату, олардың түнгі уақытта 

заңды  өкілдерінің  ілесіп  жүруінсіз  ойын-

сауық  мекемелерінде  және  тұрғын  үй-жай-

лардан тыс жерде болу фактілерін анықтау, 

олардың  құқықтық  сауаттылығын  арт-

тыру,  сондай-ақ,  жасөспірімдерді  құқық 

бұзушылық  пен  қылмыс  жасауға  тарта-

тын  адамдарды  анықтау  болып  табылады. 

«Жаз»  кешенді  жедел-профилактикалық 

іс  ша-расы  барысында  Төретам  темір  жол 

вокзалы  маңайында  беймезгіл  жүрген  10 

жасөспірім  кезекші  бөлімге  жеткізілді.  Бұл 

жасөспірімдер ата-аналарына қолхат арқылы 

ескерту  жасалып,  тапсырылды.  Яғни, 

бұдан  шығатын  қорытынды  түнгі  уақытта 

балалардың  беймезгіл  жүруіне  болмай-

ды  деген  сөз.  Баламыз  бір  нәрсеге  ұрынып 

қалмасын  десеңіз,  баланы  көшеге  кешкі 

уақытта шығармауға тырысқанымыз жөн.

А.ЖАҢБЫРШЫ, 

Төретам ст. ЖПб-нің, КТІЖ УПИ, 

полиция аға лейтенанты

ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН БЕРУ ҚЫЗМЕТІ 2 САҒАТ 

ІШІНДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН БОЛАДЫ

Мамандандырылған  ХҚКО  ашылғалы 

бері  «Ауыл  шаруашылығы  министрлігі  бе-

ретін  куәліктерді  қоспағанда,  азаматтарға 

жүргізуші  куәліктерін  беру»  мемлекеттік 

қызметі 2 сағат ішінде көрсетілетін болады. 

Мемлекеттік  қызмет  көрсету  нысаны 

электрондық және қағаз түрінде жүргізіледі. 

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін 

қызметті алушыға электрондық сұрау салу-

ды  қабылдау  туралы  хабарлама  жіберіледі. 

Мемлекеттік  қызмет  ақылы  түрде  көрсе-

тіледі. Бұл қызмет түріне күннен күнге сұра-

ныс та артуда. 

Айта  кету  керек,  жаз  маусымы  кезінде 

жолға  қатысушылар  саны  артады.  Біреулер 

көлікті  алғаш  рет  жүргізуге  ниет  етсе,  енді 

біреуі мотоциклді жүргізе бастайды. Сондай-

ақ  автокөлікті  не  мотоциклді  сатып  алуды 

жоспарлап жүрген адамдар да бар және олар 

үшін  ең  бастысы  авто-мотокөлікті  басқару 

құқығын беретін жүргізуші куәлігін алу бо-

лып  табылады.  А,В,С,Д,Е  категориялары-

на  жататын  сондай-ақ  трамвайды  немесе 

троллейбусты басқару құқұғының жүргізуші 

куәлігін  алу  үшін  және  жол  қозғалысына 

жүргізуші  куәлігін  алу  процесін  шартты 

түрде мынандай кезеңдерге бөлуге болады:

1) Жол қозғалысының ережелерін оқу жә-

не көлік құралын жүргізуге үйрену;

2) Емтихан тапсыру;

3) Құаттарды жинау;

4)  Құжаттарды  тапсыру  және  жүргізуші 

куәлігін алу.

Теориялық  Емтихан  тапсырғанда  жол 

қозғалысы  ережелері  мен  жол  қозғалысы 

қауіпсіздігіне  қатысты  және  оқу  бағдар-

ламасына  қатысты  көзделген  басқа  да 

пәндерден  білім  тексеріледі.  Автоматтан-

дырылған  электрондық  алаңында  көлік 

құралын  жүргізуге  практикалық  емтихан 

тапсырылады.  Қазіргі  уақытта  жүргізуші 

куәлігі  Мамандандырылған  Халыққа  қыз-

мет  көрсету  орталығында  берілетіне  ха-

лық  ризашылығын  білдіруде.  Айта  кетер-

лігі,  жергілікті  тұрғындар  алысқа  сабыл-

майды.  Жүргізуші  куәлігіне  қажет  барлық 

медициналық  анықтамаларды  сол  орталық-

тан  алады.  Емтиханды  тиісті  жерде  тапсы-

рып өткен соң, дайын куәлікті алу қиындық 

туғызбайды. 

А.ЕСКАЛИЕВА, ХҚКО Байқоңыр

қалалық бөлім инспекторы 

Қазақстандықтар  паспорт  пен  жеке 

куәлікті  алу  үшін  тұрғылықты  жеріндегі 

немесе    тіркелген  мекенжайы  бойын-

ша  орналасқан  ХҚКО-мен  қатар,  еліміздің 

кез-келген 

халыққа 

қызмет 


көрсету 

орталығына  құжат  тапсыра  алады.  Бүгінгі 

күні  ХҚКО-дағы    көші-қон  полициясының 

қызметкерлері  тұрғындардан  жаңа  куәлік 

немесе  паспорт  рәсімдеу  үшін  құжат 

қабылдауда. Бұл қызмет азаматтарымыздың 

уақытын  және  қаржылық  шығындарын 

айтарлықтай үнемдейді, мысалы, жаңа жеке 

куәлік  немесе  паспорт  алу  үшін  тіркеуде 

тұрған  облысқа,  ауданға  барудың  қажеті 

жоқ. Айталық, сіз Алматы қаласында немесе 

басқа елді мекенде тұрып  жатырсыз,  бірақ 

нақты уақытта Байқоңыр қаласында жүрсіз. 

Сізге паспорт немесе жеке куәлік алу үшін 

өзіңіздің  қалаңызға  барудың  қажеті  жоқ. 

Паспорт  немесе  жеке  куәлік  алуға  өтінімді  

Байқоңыр  қаласында  орналасқан  ХҚКО-на 

бере  аласыз,  Айтып  өту  керек,  азаматтың 

жеке  басын  куәландыратын  жаңа  құжатты 

алуға  өтінімді  аты-тегін  ауыстырған,  құжат  

бүлінген,  паспортты  жоғалтқан,  құжаттың 

мерзімі    өтіп  кеткен  және  т.б.  жағдайларда  

тұрғылықты  және  тіркелген  мекенжайына 

қатыссыз,    кез-келген  ХҚКО-на  беруге  бо-

лады. Ал, қосымша тексеру жүргізу немесе 

шешім шығару қажет болған жағдайда жаңа 

құжат азаматтың тіркелген мекенжайы бой-

ынша ғана беріледі.



С.ЖИЕНҚОЖАЕВА, ХҚКО Байқоңыр

қалалық бөлімінің инспекторы 

Ашылғанына  бір  жыл  толып  отырған 

Астанадағы  Қазақстан  Республикасының 

Ұлттық  музейі  Елбасы  Нұрсұлтан  Назар-

баевтың идеясымен және тікелей қолдауымен 

іске  асқан  жоба.  Ұлттық  музейдің  жалпы 

көлемі  74  мың  шаршы  метр  аумақты  алып 

жатыр. Ол архитектуралық сәулеті жөнінен 

әлемнің  үздік  10  музейінің  қатарына  ене-

ді.  Қазір  мұндағы  жиналған  жәдігерлер 

саны  200  мыңға  жуықтады.  Ұлттық  му-

зей қордағы жәдігерлерді келушілерге ұсы-

нумен  ғана  шектеліп  отырған  жоқ.  Му-

зей  болашақта  бүкіл  халыққа  рухани  азық 

беретін  ірі  орталық  болып  қалыптасуды  

мақсат  етіп  отыр.  Қазіргі  таңда  осы  мақ-

сат  жолында  аянбай  жұмыс  атқарып  жат-

қандары  да  рас.  Мәселен  бір  ғана  мы-

сал,  18  мамыр  –  Халықаралық  музейлер 

күніне  орай  Ұлттық  музей  ұйымдастырған 

«Музейдегі  түн»  акциясына  айнала-

сы 4-5 сағаттың шамасында 23 мың 

адам келген болатын. Сонымен қатар 

музейде халықаралық және отандық 

деңгейдегі ғылыми конференциялар, 

дөңгелек үстел, акциялар жиі ұйым-

дастырылады.  

Сондай  ірі  іс-шаралардың  бірі 

«Ұлттық музейге сый тарту» акция-

сы. Акция 2015 жылдың наурыз ай-

ында  басталған.  Ашылу  салтанаты-

на  Үкімет  басшысының  орынбаса-

ры  Бердібек  Сапарбаев  бастаған  ла-

уазымды тұлғалармен бірге ұлт зия-

лылары қатысқан. Акцияның басты мақсаты 

ұлтымыздың  ұлы  тұлғаларының  өмірі  мен 

шығармашылығына  байланысты  құнды 

жәдігерлерді  музей  қорына  қабылдау.  Ак-

ция  қазіргі  уақытқа  дейін  Астана  және  Ал-

маты 


қалаларында 

ұйымдастырылды. 

Нәтижесінде  700-ге  жуық  құнды  жәдігер 

Ұлттық  музейдің  экспонаттар  қатарына 

қосылды.  Ол  жәдігерлердің  арасында  Ке-

нен  Әзірбаев,  Шәмші  Қалдаяқов,  Жұмекен 

Нәжімеденов,  Ілияс  Жансүгіров,  Жұмабек 

Тәшенов,  Қасым  Қайсенов  тағы  да  басқа 

ұлтымыздың  біртуар  ұл-қыздарының  өмірі 

мен  шығармашылығына  қатысты  құнды 

жәдігерлер  бар.  Бір  ескере  кететін  мәселе, 

Ұлттық  музей  жәдігерлерді  қабылдау  ба-

рысында  ол  дүниенің  ұлт  тарихында  қан-

шалықты  маңызы  бар  екендігіне  ерекше 

мән береді. Осы іс-шара жөнінде Қазақстан 

Республикасы  Ұлттық  музейі  директоры 

Дархан  Мыңбай  былай  дейді:  «Жұрттың 

сандығы  мен  шкафында,  шатыры  мен 

жертөлесінде  әлі  ашылмаған,  ғылыми  ай-

налымға  түспеген  небір  құнды  жәдігерлер 

тұр.  Оны  «бабамның  бабасының  көзі»  деп, 

ешкімге  айтпай,  көрсетпей  ұстау  арқылы 

сақтаймыз  деп  ойлайды.  Ал  шындығында, 

бетін  аулақ  қылсын,  оның  оттан-судан  сақ-

тандырылмағаны  былай  тұрсын,  кез-келген 

зат  биологиялық  өзгерістердің  салдарынан 

жылдан-жылға  жойыла  береді.  Жәдігердің 

бүтін қалпын тек бірнеше ұрпағы ғана көруі 

мүмкін.  Кәдімгідей  жылмен  есептегенде, 

50-70  жылда  жеке  азаматтың  қолындағы 

бұйым,  зат  жойылып  отырады.  Әркім  өз 

отбасындағы қадірлі бұйым туралы ойланып 

көрсінші,  соның  көбі  жоғалған,  жойылған 

немесе  қолды  болған.  Сондықтан  «кез-кел-

ген  мұра  музейде  сақталыну  керек»  деген 

елдік  ұстанымды  жалпыхалықтық  парыз 

санаудың уақыты туды деп санаймын».

Ұлттық  музей  бұл  шараны  еліміздің 

барлық өңірлерінде ұйымдастыруды жоспар-

лап  отыр.  Елге  еңбегі  сіңген  тұлғалардың 

өмірі  мен  шығармашылығына  қа-тысты 

жәдігерлер  сіздің  үйіңізде  де  сақталып 

келген  болуы  мүмкін.  Немесе  ата-

бабаңыздан бері көненің көзі ретінде 

мұраға  қалған  құнды  дүние  бол-

са,  оны  ұлт  тарихының  бір  бөлшегі 

ретінде  түсініп,  Ұлттық  музейге 

сыйға тартуыңызға болады. Тәуелсіз 

Қазақстанның  әрбір  азаматы  өз 

ұлтының  тарихы  мен  мәдениетіне 

жанашырлықпен 

қара-са, 

ол 

елдігіміздің нығая түсуіне ке-піл бо-



лар игі істің бастамасы. Тарихымыз-

ды  түгендеп,  мұрамызды  жинауға 

атсалысайық ағайын!

Төменде Алматы қаласында өткен 

Ұлттық  музейге  сый  тарту  акциясының 

салтанатты  шарасы  кезіндегі,  танымал 

тұлғалардың  ұрпақтары  жеткізген  ақжарма 

тілектерінен беріп отырмыз. 



Зайда Бекхожина, көрнекті ақын, халық 

жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың ие-

гері Қалижан Бекхожиннің жары:                        

– Ұлттық музейге 1973 жылы Қалекеңнің 

60  жасқа  толған  мерейтойында  қазақ  әде-

биетінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам 

қайраткері,  әйгілі  жазушы  Сәбит  Мұқанов 

пен  Мәриям  апай  сыйлаған  самаурынды, 

академик Әлкей Марғұлан мен аяулы жары, 

Қаныш  Сәтбаевтың  қарындасы  Раушан 

апай  екеуі  естелікке  тарту  еткен  гүл  сала-

тын  құмыраны  және  өмірлік  жолдасымның 

«Мерседес»  деген  жазу  машинкасын  сыйға 

тарттық. Ғанибетті ғұмырын халқына қалт-

қысыз  қызмет  қылуға  арнаған,  қазақ  әде-

биетінде  өшпес  із  қалдырған  жазушының 

пайдаланған  жеке  заттары,  ешқашан  ескір-

мейтін  еңбектерін  басқан  жазу  машинкасы 

тарихи  жәдігер  ретінде  ұлтымыздың  баға 

жетпес  құндылығына  айналатынына  қуа-

ныштымыз. 

Әзел  Жәнібек,  мемлекет  қайраткері, 

этнограф, тарих ғылымдарының кандида-

ты Өзбекәлі Жәнібековтің немересі:  

– Қазақтың кемеңгер жазушысы Шерхан 

Мұртаза:  «Өзбекәлі  Жәнібеков  бүкіл  сана-

лы өмірінде қазақ халқының цивилизацияға 

қосқан  үлесін  дәлелдеумен  өтті»  деген  бо-

латын.  Өмірде  адамгершілігі  асқақ  адам 

болған  атамыз  аса  көрнекті  мемлекет  және 

қоғам  қайраткері,  энциклопедист-ғалым, 

Қазақстанда  музей  құру  ісінің  таланатты 

ұйымдастырушысы  еді.  Әулетіміздің  биік 

бәйтерегі болған атамыздың тұтынған жеке 

заттарын,  көзіміздің  қарашығындай  сақ-

таған  80-ге  жуық  фотосуретін,  қаламын, 

қолжазбасын  және  қайшысын  ҚР  Ұлттық 

музейіне  табыстадық.  Ардақ  тұтқан  ата-

мыздың көзі тірісінде қолданған заттары мұ-

ражайда сақталатыны – әулетіміз үшін үлкен 

қуаныш әрі мақтаныш.    




1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал