2004 жылдың 27 қазанынан шыға бастады Байқоңыр аумақтық ақпараттық-танымдық апталығы



жүктеу 472.38 Kb.

бет1/4
Дата15.09.2017
өлшемі472.38 Kb.
  1   2   3   4

2004 жылдың 27 қазанынан шыға бастады

Байқоңыр аумақтық ақпараттық-танымдық апталығы

№ 29 (555) 17 шілде (жұма) 2015 жыл

БАЛАЛАР БЕС КҮН ОҚИДЫ

ЖАҢАРУҒА БАСТАҒАН ЖАҢА БАҒЫТ

Елімізді  әлемдегі  дамыған  30  елдің  қа-

тарына  қосу  және  «Мәңгілік  ел»  идеясын 

жүзеге  асыру  мақсатында  бес  институттық 

реформаның  әрқайсысының  өзіндік  атқара-

тын ерекше міндеттері мен жүгі бар.

Осылардың  ішінде  бесінші  институттық 

реформа – «Транспарентті және есеп беруші 

мемлекетті қалыптастыруға» арналған.

Елбасы қойған бес институттық реформа-

ны жүзеге асыруға белгіленген 100 қадамның 

он  қадамы  (91-

100  қадамдар)  осы 

бесінші институттық 

реформаға  арналып 

отыр. Осы қадамдар 

әрбір  қазақстандық 

пен 


мемлекеттің 

арасын  анағұрлым 

жақындатып,  бірін-

бірі 


құрметтейтін 

қоғам  орнатуға  мол 

мүмкіндіктер жасай-

ды.


Б і р і н ш і д е н , 

мемлекеттік  органдар  басшыларының  есеп-

тілігі  тәжірибесі  кеңейетін  болады.  Мем-

лекеттік  органдар  басшылары  халық  алдын-

да  стратегиялық  жоспарлар  және  аумақтық 

даму  бағдарламаларының  маңызды  көрсет-

кіштеріне  қол  жеткізілгендігі  туралы  жыл 

сайын  ашық  баяндамалар  жасап,  олардың 

есептері  ресми  веб-сайттарда  орналасты-

рылатын  болады.  Яғни,  әрбір  мемлекеттік 

органның  басшысы  осыған  дейін  өзінің 

жылдық қызметтік есебін оны тағайындаған 

жоғары  тұрған  басшы  алдында  ғана  беріп 

келген  болса,  алдағы  уақытта  есепті  сол  ау-

мақтың  тұрғындарын  да  беретін  болады, 

ал  есептің  мәтіні  танысамын  деген  кез  кел-

ген адамға қолжетімді болмақ. Бұл жағдайда 

мемлекеттік орган басшысының есебімен та-

нысып  қана  қоймай,  оған  сұрақтар  қойып, 

ұсыныс-пікірлерін  білдіру  мүмкіндігі  де  бо-

латындығын ескерген жөн.

Бұл  талап  –  мемлекеттік  органдардың 

жұмысына  қоғам  тарапынан  ұдайы  бақылау 

орнатуға мүмкіндік беріп, соның нәтижесінде 

басшылардың  өз  қызметін  қалтқысыз  атқа-

руға  және  жауапкершілігін  арттыра  түсуге 

міндеттейтін болады.

Екіншіден,  шешім  қабылдау  үдерісінің 

мөлдірлігі қамтамасыз етіледі.

Заманауи  ақпараттық  технологиялардың 

жетістіктері  пайдаланыла  отырып,  «ашық 

үкімет» тетігі жүзеге асырылады. Өзін-өзі рет-

теу мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту 

арқылы  азаматтардың  шешімдер  қабылдау 

үдерісіне  қатысу  мүмкіндігі  кеңейетін  бо-

лады.  Мемлекетке  тән  емес  қызметтер  бәсе-

келестік ортаға және қолданыстағы заңнамаға 

сай  және  мемлекеттің  қатысуынсыз  дербес 

жұмыс  жүргізетін  өзін-өзі  реттеуші  ұйым-

дарға  беріліп,  Үкімет  мемлекетке  тән  емес 

және басы артық қызметтерді қысқарту есебі-

нен неғұрлым ықшамдалады.

Бұл  халық,  мәслихаттар  және  басқа  да 

жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы 

жүзеге  асырылатын,  заңнамада  айқындалған 

тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді 

өзінің  жауапкершілігімен  дербес  шешуге 

бағытталған  қызмет.  Жергілікті  өзін-өзі  бас-

қару қызметі қазірдің өзінде ауылдық округ-

тер мен кенттерде құрылып, өз жұмыстарына 

кірісе бастады.

Басқарудың  ашықтығы  мен  мемлекеттік 

органдар  басшыларының  есеп  беруін  кезең-

кезеңмен  дамыту,  қоғамдық  бақылаудың  рө-

лін  күшейту,  азаматтық  қатысуды  кеңейту, 

мониторинг пен бағалау тетіктерін жетілдіру 

тұтастай  алғанда  мемлекеттік  басқарудың 

тиімділігін арттыратыны сөзсіз.

Үшіншіден, азаматтық бюджеттендіру ен-

гізілетін болады.

Әрбір  аумақтың  (ауыл,  кент,  аудан,  қала, 

облыс)  алдағы  қаржы  жылына  арналған 

бюджетінің  жобасы  қазіргі  кезеңде  тиісті 

жергілікті атқарушы орган тарапынан дайын-

далып, ол сәйкес мәслихатта бекітіледі және 

әділет  органдарында  мемлекеттік  тіркеуден 

өтіп, БАҚ-та жарияланады. Бюджет жобасы, 

Заңда көзделгендей, мәслихаттың тұрақты ко-

миссияларында тиісті басқармалар басшыла-

ры мен мамандарының қатысуымен талқыла-

нып  келді,яғни  айтқанда,  бюджет  жобасын 

талқылауға тек депутаттар ғана атсалыса ала-

тын.

Азаматтық  бюджеттендіру  енгізілген  кез-



де, бюджет жобасын талқылауға депутаттар-

мен қатар қоғамдық ұйымдар өкілдерінің де, 

жеке азаматтардың да қатысып, өз ой-пікірлері 

мен ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік туады. 

Басқаша  айтқанда,  барлық  жергілікті  бюд-

жеттер  (ауыл  бюджетінен  бастап  облыстық 

бюджетке  дейін)  жобалары  кезең-кезеңімен 

жалпыхалықтық талқылаудан өтеді.

Ауылдық округ, кент, аудандық маңыздағы 

қала  деңгейінде  жергілікті  өзін-өзі  басқару-

дың дербес бюджеті енгізіледі және тек жер-

гілікті  қоғамдастық  қалауымен  ғана  жұмса-

латын болады.

Жалпыхалықтық  талқылауды  ауыл,  кент 

деңгейінде  жергілікті  қоғамдастық  жиналы-

сы түрінде өткізу, әрине, аса қиындық туғыза 

қоймағанымен,  аудандық,  әсіресе  облыстық 

деңгейде  оны  басқаша  түрде,  мысалы,  элек-

трондық  бұқаралық  ақпарат  құралдарын  не-

месе  интернет  ресурстарын  пайдалана  оты-

рып, он-лайн режимінде өткізу тиімді болар 

еді.


Бюджетті  осылайша  жалпыхалықтық 

талқылаудан  өткізудегі  және  оны  орын-

дау  барысындағы  мейлінше  ашықтық  ор-

тақ  іске  халықтың  қатысуын,  сол  арқылы 

жауапкершілігін көтеру мүмкін болмақ және 

халықтың  билікке  деген  сенімін  арттырып, 

оларды бір-біріне жақындата түспек.

Төртіншіден, шағым жасау жүйесі нығай-

тылатын болады.

Қоғамда көптен бері қозғалып келе жат-қан 

тақырыптың бірі – азаматтардың мемлекеттік 

қызметшілердің  іс-қимылына  шағымдану 

мүмкіндіктерінің шектеулілігі болатын.

Мемлекеттік  қызметшілердің  іс-қимылы 

бұған  дейін  жоғары  тұрған  басшының  не-

месе  арнайы  органдардың  ғана  назарын-

да  болып  келген  болса,  енді  оны  бақылау 

тетіктері  кеңейетін  болады.  Бұдан  былай 

мемлекеттік  қызметшінің  жүріс-тұрысы  мен 

іс-әрекеттерін бүкіл қоғам болып бақылап, өз 

бағасын беріп отыратын болады. Түптеп кел-

генде  мемлекеттік  қызметшінің  заң  аясында 

ғана  жұмыс  жасап,  адал  еңбек  етуіне,  түрлі 

заң  бұзушылықтардан,  теріс  әрекеттерден 

аулақ  болуына  оң  ықпал  ететіні  сөзсіз.  Бұл 

екінші жағынан, қоғамның дамуына кесел бо-

лып  жабысқан  сыбайлас  жемқорлықты  мей-

лінше азайтуға септігін тигізері анық.

Бесіншіден, қоғамда өзін-өзі реттеуді кеңі-

нен енгізу қамтамасыз етіледі.

Қазір мемлекеттік органдардың жауапкер-

шілік  аймағы  шектен  тыс  ауқымды.  Соның 

салдарынан  олардың  жұмыс  уақытының  ба-

сым  бөлігі  ағымдағы  жедел  шешілуі  тиіс 

мәселелермен  ғана  айналысуға  жұмсалады. 

Мысалы, білетіндей, ауылдық округ әкімінің 

функциясына сол аумақтағы барлық мәселеге 

жауаптылық  заңмен  жүктелген.  Дәл  осын-

дай жағдай облыстық, аудандық басқару ор-

гандарына  да  тән.  Осылардың  біршамасын 

мемлекеттік  басқару  өкілеттілігінен  азамат-

тық  қоғам  институттарына  (үкіметтік  емес 

ұйымдарға) беруге әбден болады. Сонда мем-

лекеттік органдардың жауапкершілік аймағы 

қысқарып, өзіне жүктелген стратегиялық ша-

раларды жүзеге асыруға тынысы біршама ке-

ңитін болады.

Қазақстан  Республикасының  Президенті, 

«Нұр  Отан»  партиясының  төрағасы  Н.Ә.На-

зарбаев  партияның  ХVІ  съезінде:  «Осы  бес 

бағыт  бойынша  оң  нәтижелерге  қол  жет-

кізілуімен жергілікті атқарушы органдардың 

жаңа  сайлау  жүйесі  туралы  мәселені  шешу-

ге  болады.  Билік  өкілеттіктерін  біздің  дәс-

түрлерімізді  есепке  ала  отырып  Президент-

тен Парламентке және Үкіметке қайта бөлуді 

көздейтін  конституциялық  реформа  кезең-

кезеңмен жүргізілетін болуы тиіс.» – деді.

Бұл  реформалар  Қазақстанның  болашақ 

онжылдықтарға  арналған  сара  бағытын 

айқындайды.  Өздеріңіз  куә  болғандай,  тә-

уелсіздік  жылдарында  қыруар  шаруа  атқа-

рылды,  ал  алда  атқарылар  жұмыстар  одан 

да  көп.  Еліміздің  қарқынды  өркендеуі  үшін 

қоғамда  жарасымдықты  нығайта  отырып, 

конституциялық  реформа  жолымен  бірлесе, 

ауызбіршілікпен еңбек ете берейік!

Ақмарал ӘЛНАЗАРОВА, 

облыстық мәслихат хатшысы

Еліміздегі  білім  ұялары  бес  күндік 

оқыту жүйесіне көшеді.

Алайда үш ауысыммен оқитын мектептер 

қалыптасқан  жүйе  бойынша,  яғни  6  күндік 

сабақпен  қала  береді.  Биыл  білім  беру  са-

ласында  тәжірибе  ретінде  қарастырылатын 

өзгеріс 2016 жылдан бастап толықтай қолда-

нысқа  енгізіледі.  Бұл  турасында  кеше  Аста-

нада  Орталық  коммуникациялар  қызметінде 

өткен брифингте хабарланды.

Вице-премьер  Бердібек  Сапарбаев,  Білім 

және  ғылым  министрі  Аслан  Сәрінжіпов, 

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму ми-

нистрі Тамара Дүйсенова қатысқан брифинг-

те еліміздің маңызды саласындағы өзгерістер 

жан-жақты  айтылды.  Сапарбаевтың  мәлім-

деуінше,  Үкіметтің  бүгінгі  күнгі  тыным-

сыз  айналысып  жатқан  шаруасының  бірі  де, 

бірегейі  –  жұмыссыздықты  азайту.  Әсіресе, 

қайыра соққан дағдарыстың қайраңында қал-

мас үшін жыл ауқымында 322 мың жұмыс ор-

нын  ашуды  нақты  жоспарлап  отыр.  Әзірге 

191 мың адам тұрақты кәсіптің көзін тауып, 

межелі  міндеттің  ортасынан  асыпты.  Соны-

мен  бірге  66  мың  кәсіпорын  басшыларымен 

мем¬орандумға  қол  қойып,  2,2  млн  жұмыс 

орнын сақтауға да ұмтылып жатыр.

– Еңбеккерлер қарызының қордаланбауын 

қадағалау да жауапты іс – дейді вице-премьер. – 

Әйтсе де, түрлі мекемелердің жұмысшыларға 

жалақы қарызы 1 млрд теңге көлемінде қалып 

тұр.  Бұл  түйінді  тарқатуға  прокуратура  ор-

гандары  да  тартылуда.  Жалпы,  қиын-қыстау 

кезеңде әлеуметтік аз қамтылған топты назар-

дан тыс қалдырмай жыл көлемінде оларға 11 

млрд теңге жәрдемақы төлейміз. Жоғары оқу 

орындарын  бітірушілерді  тұрақты  қызметке 

орналастыру бойынша да үкіметтегілер тиісті 

міндетті атқаруда. Өткен жылғы есеп бойын-

ша бітірушілердің 70 пайызы лайықты кәсібін 

тауыпты.  Енді  жалған  есеп  жасамас  үшін 

биылғы мамандардың қаншалықты еңбекпен 

қамтылғанын білу үшін Бірыңғай зейнетақы 

төлеу орталығы арқылы тексеретін боламыз. 

Үкімет  басшысының  орынбасары  биыл 

162  балабақша  ашылатындығын  жеткізді. 

Бұл  «Балапан»  бағдарламасының  орындалу-

ын 81 пайызға көтереді. Бүлдіршіндерді мек-

тепке  дейінгі  тәрбиемен  қамтуға  мемлекет-

тен бөлек, жеке сектор да атсалысып келеді. 

Нәтижесінде,  кәсіпкерлердің  ынтасының  ар-

қасында  324  балабақша  бой  көтеретін  бола-

ды.  Осы  орайда  Б.Сапарбаев  таяуда  атақты 

кәсіпкер Нұрлан Смағұловқа қатысты айтқан 

пікіріне  байланысты  туындаған  сұраққа  да 

жауап берді.

– «Туған елге тағзым» деген тәп-тәуір ак-

ция  жер-жерлерде  ұйымдастырылып  жүр. 

Бастамаға  сәйкес,  елден  шыққан  бизнес-

мендер  қаржы-қаражатын  халықтың  мұң-

мұқтажын  өтейтін  салаларға  салып  жат-

са,  керемет  емес  пе?!  Мәселен,  Алматыда 

балабақша  жайы  өте  өткір  күйінде  тұр.  Ал 

осы қалада кәсібін дөңгелентіп, бизнесін өріс-

теткен Нұрландай кәсіпкерлер қажетті нысан-

ды  жеке  бастамасымен  салып  жатса  игілікті 

іс емес пе? Мұны Елбасымыз да үнемі айтып, 

қолдап келеді. Мен сол ортақ мақсатқа тарту 

үшін ойымды айттым. Ал негізі Смағұловпен 

қарым-қатынасымыз  жақсы.  Жалпы,  жұмыс 

жағдайындағы әрекетті сан-саққа жүгірте бе-

руді қаламаймын, – деді Б.Сапарбаев.

Білім  саласына  қатысты  маңызды  жаңа-

лықты  Аслан  Сәрінжіпов  жеткізді.  «Біз  Қа-

зақстан  Президентінің  тапсырмасымен  орта 

білім беру мазмұнын өзгертуді бастап кеттік. 

Жаңа  бағдарламалар  енгізіледі.  Онда  білім 

беруден  бұрын,  оқушыларға  қажетті  машық 

пен  дағдыларды  қалыптастыруға  үлкен  мән 

беріледі.  Соған  сәйкес  2016  жылдан  бастап 

мектептер  5  күндік  оқыту  бағдарламасына 

көшеді.

Бүгінде  біз  30  мектепті  таңдап  алдық, 



қыркүйектен бастап сол жүйені тәжірибе ре-

тінде енгіземіз. Келесі жылы 1-сыныптан ба-

стап, барлық мектептерге тарататын боламыз. 

Ал  6  күндік  оқушылары  тым  көп  үш  ауы-

сымда оқытылатын санаулы білім ұяларында 

ғана  болады.  Уақыт  өте  ғимарат  мәселесі 

шешілгенде  олар  да  қалыпты  ауысымға  кө-

шеді» дейді Білім және ғылым министрі.

Үкімет басшысының орынбасары брифинг 

барысында  туындаған  бірқатар  сауалдарға 

жауап  берді.  Лауазымды  тұлғаның  айтуын-

ша, биыл Қазақ хандығының 550 жылдығына 

орай  750  шара  ұйымдастырылады  екен. 

Бүгінге дейін мұның тең жартысы өткізіліпті. 

Енді негізгі ірі жиын 11 қыркүйекте Астанада 

және 9 қазанда Таразда болады. Сол сияқты 

Президент  межелеген  мерзім  бойынша  2020 

жылға қарай қазақстандықтардың басым бө-

лігі мемлекеттік тілді білуі тиіс. Қазіргі кезде 

ол деңгей 72 пайызға жетіпті. 

Сапарбаев  күні  кеше  ғана  Шығыс  Қа-

зақстан  облысы  Аягөз  ауданында  жергі-

лікті  тұрғындар  мен  Қытайдан  келген-

дер  арасындағы  жаппай  төбелес  жайын  да 

түсіндіріп  өтті.  «Тұрмыстық  жанжалға  145 

адам  қатысқан.  Бүгінде  онда  тиiстi  комис-

сия  жұмыс  жасап  жатыр.  Қылмыстық  iс 

қозғалды.  Жедел  тергеу  амалдары  жүргi-

зiлуде. Оқиғаға байланысты облыс әкiмi Да-

ниал  Кенжетайұлы,  прокурор,  Ішкі  істер 

департаментінің  бастығы  сол  жақта  жүр. 

Тұрмыстық  қақтығысқа  қатысқан  145  адам-

ның 65-i ауруханаға жеткiзiлген. Бүгiнгi таңда 

Аягөзде  және  Өскеменде  31  адам  аурухана-

да  жатыр.  Олардың  денсаулығына  еш  қауiп 

жоқ.  Соңғы  нәтижелер  тергеу  аяқталғанда 

мәлiм  болады»  –  деді  Бердібек  Сапарба-

ев.  Қоғамдағы  өзге  де  өзекті  сұрақтарға  жа-

уап қатқан Үкімет басшысының орынбасары 

ақпарат құралдарының өкілдеріне кез келген 

оқиғаны көрсету барысында әсерге берілмей, 

жан-жақты  қамтудың  қажеттілігін  еске  сал-

ды. 

Б.Дәулетұлы, Астана 

aikyn.kz


№ 29 (555) 17 шілде (жұма) 2015 жыл

2

ҚÀÄІÐ ÒҮÍІÍÄÅÃІ ÀÓÛÇ ÀØÀÐ



ÌÅÌËÅÊÅÒÒІÊ ҚÛÇÌÅÒ ÊӨÐÑÅÒÓ ÅË ÝÊÎÍÎÌÈÊÀÑÛÍÄÀҒÛ ÍÅÃІÇÃІ ÁÀҒÛÒÒÀÐÄÛҢ ÁІÐІ

Өткен  сейсенбі  күні,  рамазан  айының  

26-сынан 27-сіне қараған түні, яғни  Қадір түні 

қарсаңында Төретам кентіндегі клуб үйінде 

Төретам  кенті  әкімі  Мырзабек  Демесінов 

пен «Төретам Водсервис» ЖШС ұжымының 

ұйымдастыруымен  ораза  айындағы  сауап-

ты  іс  -  ауыз  ашар  жасалды.  Аталған  ауыз 

ашарға  «Жәрімбет  ата»  мешітінің  бас  има-

мы  Мұрат  Дәуіржан,  Төретам  кентіндегі 

Ардагерлер  кеңесінің  төрағасы  Арыстан-

бек  Бөлекбаев,  Төретам  кентіндегі  әйелдер 

кеңесінің  төрайымы  Ахметкүл  Аралбаева 

және Төретам кентінің бір топ ақсақалдары 

келді. Оразада ауыз бекіткен ағайынға арнап, 

дастархан  жайылған  қонақасыда  Төретам 

кентінің әкімі Мырзабек Қаленұлы былайша 

сөз сөйледі: -Құрметті ағайын! Баршаңызға 

қасиетті  рамазан  айы  құтты  болсын.  Ораза 

айының ішінде Алла тағала азаматтарға ниет, 

жақсылық жасауға, айналамыздағы жағдайы 

төмен адамдарға, мұқтаж азаматтарға қолың-

нан келгенше көмек қылған жөн дейді. Осы 

ораза  айында  ауыз  бекіткен  азаматтар-

ды  шақырып,  ауызашар  жасаса  сауап  бола-

ды  дейді.  Сондықтан  біз  де  өзара  келісіп, 

«Төретам  Водсервис»  ЖШС-мен  бірігіп 

ауызашар  жасап  жатырған  жайымыз  бар. 

Сіздерге  біріншіден,  оразаларыңыз  қабыл 

болсын деймін. Аузы берік жандардың Алла 

тағала ниеттерін қабыл етсін. Бүгін міне, ау-

ызашарымыз  Қадір  түнімен  сәйкес  келіп 

жатыр.  Бұл  да  біздің  ниетіміздің  түзулігі 

шығар.  Алла  тағала  Қадір  түнінде  тілеген 

тілектеріміз қабыл етіп, бүкіл елге, сіздердің 

отбасыларыңызға  құт-береке  әкелсін.  Ора-

заларыңыз қабыл болсын!

Ораза  айының  ішіндегі  ауызашарда  кең 

жайылған дастархан басында үлкен кісілерге 

бас  тартылып,  қонақтың  кәдесі  жасалын-

ды.  Қазағымыздың  үрдісінен  қалмайтын 

бұндай  кәделер  қазақ  халқы  тұрған  жер-

де  ешқашан  ұмытылмақ  емес.  Сондай-ақ 

ауызашарға  қатысқан  ел  ағалары  өздерінің 

жүрекжарды  лебіздерін  білдіріп  жат-

ты.  «Жәрімбет  ата»  мешітінің  бас  имамы 

Мұрат Дәуіржан осы жиналған топқа арнап, 

мұсылманның міндеттері, оразаның қасиеті, 

Қадір  түнінің  сыры  туралы    уағыз  айтты. 

Содан  кейін  Төретам  кентіндегі  «Жәрімбет 

ата»  мешітінің  бас  имамы  Мұрат  Дәуіржан 

құран  оқыды.  Сонымен  қатар  осы  Төретам 

кенті  әкімінің  басшылығымен  жасалған 

ауызашарға  келіп,  қонақ  болған  бірнеше 

азаматтардың ойын білген едік.

Төретам  кентінің  тұрғыны  Әкімжан  Қа-

зиев:  Менің  ораза  ұстап  жүргеніме  біраз 

жылдың  жүзі  болды.  Ораза  адамды  қана-

ғаттыққа,  әр  нәрсенің  қадірін  білуге,  са-

бырлы болуға жетелейді. Бүгінгі кент әкімі 

мен  «Водсервис»  ЖШС  ұжымының  ауыза-

шарына айтар алғымыз көп. Сауапты іс жа-

сап  жатыр.  Сонымен  қатар  осы  басқосуда 

имам  айтқан  уағыздар  маған  қатты  ұнады. 

Мұсылман әлемінде біз біле бермейтін тың 

дүниелердің барын аңғардық. Осындай жи-

ындар жиі болып тұрса, бүгінгі буынның дін 

жөніндегі  пікірі  дұрыс  қалыптасатынына 

сенімім  мол.  Төретам  кентінің  тұрғыны 

Шолпан  Махмутова:  Қасиетті  рамазан 

айындағы мұндай сауапты істердің болғаны 

жақсы.  Осындай  дін  өкілдерімен  бірге  да-

стархандас болып, жақсы мен жаманды ай-

ыра  білуді  үйренетін  жастарымыз  көп  бол-

са  екен  деймін.  Себебі,  бүгінгі  ауызашар-

да  ауыз  бекіткен  жастарымызды  көріп, 

мұсылманның  бір  парызы  оразаны  ұстап, 

қадірлеуі, олардың бес уақыт намазын қалт 

жібермеуі көңілге қуаныш ұялатады. Рамазан 

айында ауыз бекіткен барша мұсылмандарға 

айтарым,  оразадағы  ниеттері  қабыл  болып, 

тілектері орындалсын дегім келеді. 

Байқоңыр  қаласының  тұрғыны  Мұқтар 

Орынбасарұлы:  Ораза  айындағы  ауыза-

шар  бұл  бір  ғанибет  іс  деп  ойлаймын.  Ел 

басқарып  отырған  басшының  көрегенділігі 

мен  халықпен  байланыс  жасаудағы  ілти-

паты  деп  білген  жөн.  Қазағымыздың  жо-

марттығын  көрсететін  қонақжайлылығы 

да  көрініс  табады  бұл  садақада.  Мұсылман 

қауымы үшін мыңнан бір құрметті ай сана-

латын оразаларыңыз қабыл болсын. 

Төретам  кентінің  тұрғыны  Қымбат 

Қожаберген:  Бүкіл мұсылман қауымы үшін 

рамазан  айы  қабыл  болсын.  Ауыз  аштырту 

дегеніміз  —  үлкен  сауап.  Пайғамбарымыз 

(саллаһу  аләйһи  уәсаллам)  былай  дейді: 

«Аузы  берік  жанды  ауызашарға  шақырып 

тамақ берген кісі — ораза ұстаған адамның 

алатынындай  сауап  алады.  Аузы  берік 

адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді». 

Егер  ауыз  аштыртатын  болсақ,  ораза  бекіт-

кендей  сауап  аламыз.  Бұл  —  өзің  ораза 

ұстамай-ақ  елге  ауыз  аштыр  деген  сөз 

емес.  Қоғамда  адамдардың  бір-біріне  деген 

мейір-шапағатының  артуына  ауызашардың 

пайдасының шексіз екендігіне көз жеткізу. 

Төретам кентіндегі Ардагерлер кеңесінің 

төрағасы  Арыстанбек  Бөлекбаев:  Алла 

тағала  тарапынан  адамдарға  міндет  етілген 

бес  парыздың  бірі  —  ораза  ұстау.  Қасиетті 

Құранның  Бахара  сүресінің  183-аятын-

да  ораза  туралы:  «Ей,  иман  келтіргендер, 

сендерге  бұрынғыларға  парыз  етілгендей 

тақуалыққа  жетулерің  үшін  ораза  ұстау 

сендерге  де  парыз  етілді»  делінген.  Кез-

келген мұсылман баласы шама-шарқы жет-

кенше  оразаның  парызын  өтеуге  тыры-

суы  керек.  Рамазан  —  жығылғанды  демеп, 

жылағанды  жұбататын,  мұң-мұқтаждардың 

қабағын  кірбіңнен  арылтатын  шынайы 

жанашырлықтың  айы.  Рамазан  —  өзінің 

әлсіз,  әлжуаз  екенін  мойындап,  құлшылық 

арқылы қуат алғысы келетін, әрі бойындағы 

«тау тасынан кем емес» сансыз мінін жоюға 

тырысқан  рухани  науқас  құлдың  дертін 

емдейтін мейірімді дәрігер іспетті.

Төретам  кентінің  тұрғыны  Гүлім  Қожа-

бекқызы:  Кент  әкімінің  басшылығымен 

болған  ауызашар  осы  өңірдегі  басшыларға 

үлгі  болып  қалыптасып  жатыр.  Бұл  ел 

басқарып отырған басшылардың мұсылман-

дыққа бей- жай қарамайтындығын білдіреді. 

Жалпы  бұл  ауыз  аштыру  жақсы  нәрсе  деп 

ойлаймын.  «Әкім  бол,  халқыңа  жақын 

бол»,  деген  нақыл  сөз  бар  ғой.  Халқының 

қамын  ойлаған  басшыны  халық  қашан  да 

төбесіне  көтереді.  Әрине,  арнаулы  өкілдің 

салауатты  ісі  әрқашан  жалғасын  таба  бер-

се  екен  дейміз.  Қазақ  деген  атымызға  сай 

өз  қонақжайлылығымызды,  әрбір  мұсыл-

манның  бес  парызын  қадірлейтінін  көрсе-

теді. Ниетіміз түзу болсын.

Аталған  ауыз  аштыру  жоралғысына  қа-

тысқан келушілердің пікірлері осындай бол-

ды. Не десек те, жылына бір рет келетін ра-

мазан  айының  күллі  мұсылман  үшін  қадір 

–қасиеті жыл өткен сайын артпаса, кемімек 

емес.  Олай  деуіміздің  себебі,  бүгінде  ора-

за  тұтып,  бес  уақыт  намазын  оқитын,  ша-

риғаттан  таймайтын  жастарымыздың  қа-

тары көбейген. Лайым, Алласын аузынан та-

стамайтын,  ораза  ұстап,  намаз  оқитын  жа-

старымыз көбейе берсе нұр үстіне нұр емес 

пе?

«Бәйтерек - Байқоңыр» апталығы

«Халыққа  қызмет  көрсету  орталығы» 

РМК Қызылорда облысы бойынша филиа-

лының Байқоңыр қалалық бөлім басшысы 

Шара Шарапханқызы Ұзақовамен сұхбат

Сөз  басында  бү-

гінде  тұтынушылар 

көңілінен 

шығып 

жатқан  бөлімнің  не-



гізгі міндеттеріне тоқ-

талып өтсек:

-  «Елбасы  Н.На-

зарбаевтың  «Қазақ-

стан-2050» 

Страте-


гиясы:  қалыптасқан 

мемлекеттің  жаңа  са-

яси  бағыты  атты  Жолдауында  атап  көрсе-

тілгендей,  мемлекеттік  қызмет  көрсету  ел 

экономикасындағы  негізгі  бағыттардың 

бірі.  Онда  «Ерекше  назарды  мемлекеттік 

қызметтер көрсетудің сапасын арттыруға ау-

дару  қажет.  Міндет  –  мемлекеттік  аппарат-

тың халықпен өзара қарым-қатынастарында 

біржақты  өктем  көзқарастардан  ары-

лып,  азаматтарға  мемлекеттік  қызметтерді 

тиімді  және  жедел  түрде  көрсетуге  көшу» 

деп  негізгі  мақсат  айшықталған.  Бөлімде 

тұрғындарға  кедергісіз  қызмет  көрсетілуі 

үшін  құжаттарды  рәсімдеу  ісі  тере-

зе  арқылы  емес,  бетпе  –  бет  жүргізіледі. 

Бөлім  қызметкерлерінің  жұмыс  сапасы-

на  тұрғындар  арнайы  монитор  арқылы 

баға  береді.  Бірыңғай  кезекке  қою  арқы-

лы  тұтынушыларға  ыңғайлы  қызмет  көр-

сетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету сапа-

сын  бақылау  мақсатында  арнайы  бейне  ка-

мералар  орнатылып,  ұдайы  бақылауда  бо-

лады. Мемлекеттік жергілікті мекемелермен 

бірлескен  жұмыс  жоспары  жасалған,  соны-

мен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету бой-

ынша  ХҚКО  қызметкерлерінің  біліктілігін 

арттыру  мақсатында  тұрақты  түрде  іс-

шаралар ұйымдастырылып, сабақтар жүргі-

зілуде.  2015  жылдың  І-жартыжылдығы 

бойынша  мемлекеттік  қызмет  көрсету 

стандарттарына  сәйкес  уәкілетті  орган-

дар  мамандарының  қатысуымен  семинар, 

«Жеке  және  заңды  тұлғаларға  көрсетілетін 

мемлекеттік  қызметтердің  тізілімін  бекіту 

туралы»  ҚР  Үкіметінің  қаулысына  сай, 

«Электрондық үкімет» порталын және «Мо-

бильдік  үкімет»,  жаңа  қызмет  түрлері  бой-

ынша - 81 оқыту сабағы және жоспардан тыс 

44 іс-шаралар өткізілді. 

Сонымен  бірге  бөлімдегі  төтенше  жағ-

дайлардың  алдын  алу,  сыбайлас  жемқор-

лықтың  алдын  алу,  төтенше  жағдайлардың 

алдын  алу  мақсатында  бекітілген  уәкілетті 

органдармен бірлескен жоспарға сәйкес жә-

не жоспардан тыс 27 дөңгелек үстелдер, се-

минарлар  өткізіліп,  медиа  жоспарға  сәйкес 

69 мақала БАҚ құралдарына жарияланды. 

Орталықта мүмкіндігі шектеулі жандарға 

қызмет көрсету жайы қалай?

Бөлімде 


мүмкіндігі 

шектеулі 

т ұ л ғ а л а р ғ а 

тұрақты  түрде 

м е м л е к е т т і к 

қ ы з м е т т е р 

к ө р с е т і л уд е , 

т ұ р ғ ы н д а р ғ а 

н а с и х а т т а у 

м а қ с а т ы н д а 

БАҚ-на  тұрақ-

ты  түрде  мақа-

лалар 

жа-


р и я л а н у д а . 

Осы  жылдың 

І-жартыжылды-

ғында 


мем-

л е к е т т і к 

қызметтер  бой-

ынша  1414  - 

бірыңғай байла-

ныс  орталығы 

арқылы  23  өтініш  қабылданып,  22  құжат 

орындалды.  Сонымен  қатар,  «Жұмыспен 

қамту  және  әлеуметтік  бағдарламалар  бас-

қармасы»  және  «Қызылорда  облыстық  мү-

гедектер  қоғамы  бірлестігі»  арасында  үш 

жақты  меморандум  қабылданған.  Соның 

негізінде бөлім қызметкерлерінен құрылған 

оңтайлы  топ  тұрақты  түрде  мүгедек  адам-

дардың  үйіне  барып,  өтініштерін  же-

дел  орындауға  тырысады.  Сонымен  бірге 

«Электрондық  үкімет»  порталын  таны-

малдандыру  мақсатында  бірқатар  іс-шара-

лар  атқарылды.  Атап  айтсақ  Байқоңыр 

қаласындағы «Шаңырақ» қоғамдық компью-

терлік  клубымен  2015  жылдың  басында 

бірлескен  меморандум  негізінде  мүмкіндігі 

шектеулі  тұлғаларға  Электрондық  үкімет 

порталы  арқылы  көрсетілетін  мемлекеттік 

қызмет түрлері, ЭЦҚ алу жолдарын үйрету 

мақсатында бөлім қызметкерлері түсіндірме  

жұмыстарын тұрақты жүргізуде.

Ал, ХҚКО –ға келген мүгедек азаматтарға 

да  қолайлы  жағдай  жасау  мақсатында  ғи-

маратқа кіреберісте шақыру тетігі мен пан-

дус орнатылған, бөлімде оларға арнайы те-

резе бөлінген. 

«Электронды үкімет» порталының жұмы-

сы туралы айтып өтсеңіз: 

- «Электронды үкімет» – ақпараттық тех-

нологиялар көмегімен ішінара келісушілікті 

қамтамасыз  ететін,  мемлекет  пен  азамат-

тар  арасындағы,  сондай-ақ  мемлекеттік 

органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай 

механизмі.  Мемлекеттік  органдардағы  ке-

зекті  қысқартып,  анықтама,  куәлік,  рұқсат 

құжаттарын  алуды  жеңілдетуге  әрі  жыл-

дамдатуға мүмкіндік берген де дәл сол жүйе. 

Халыққа  қызмет  көрсету  орталықтарынан 

электронды  қолтаңба  алсаңыз  болды,  элек-

тронды  үкімет  порталына  кіру  арқылы 

қажетті құжаттарды ала аласыз. 

2015  жылдың  І-жартыжылдығында  аза-

маттарға  барлығы  -  17179  электрондық 

анықтамалар берілді. Өткен жылмен салыс-

тырғанда  2014  жылдың  І-жартыжылды-

ғында  ХҚКО  ЫАЖ  бағдарламасы  арқылы 

23196  электрондық  анықтама  берілген  бо-

латын.  Себебі  биылғы  жылы  барлық  анық-

тамалар «Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы» 

арқылы ұсынылуда.

«Өзіне–өзі  қызмет  көрсету  секторы»  ту-

ралы тарқатып айтсаңыз:

-  Тұтынушыларға  Электронды  үкі-

мет  порталында  жұмыс  дағдысына  оқыту 

және  кеңес  беру  мүмкіндігін  ұсыну  мақ-

сатында  «Өзіне  өзі  қызмет  көрсету  секто-

ры»  жұмыс  жасайды.  Мұнда  бөлімге  кел-

ген  мемлекеттік  қызметті  алушыға  дер-

бес  электрондық  қызмет  алу  үшін,  элек-

тронды үкімет  порталының мүмкіндіктерін 

пайдалануға қолайлы жағдай жасалған. Осы 

мақсатта ХҚКО–ға келген әрбір тұтынушыға 

дербес  өзі  мемлекеттік  қызмет  алу  үшін 

бөлінген  арнайы  жұмыс  орны  тиісті  жаб-

дықтармен  және  электронды  үкімет  порта-

лы  жөнінде  мәлімет  беретін  түрлі  матери-

алдармен қамтамасыз етілген. Бүгінде әрбір 

тұтынушының  тікелей  өзі  аталған  секторда 

электронды  қызметтерді  алуға,  салық,  жол 

қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл, 

«Қазақтелеком»  өтемақысын  төлеуге  мүм-

кіндігі бар. 

Сондай-ақ,  қажет  жағдайда  сектор  ке-

ңесшілері  түсіндірме  жұмыстарын  жүр-

гізуде.  Жергілікті  тұрғындар  ХҚКО–да  ха-

лыққа  осындай  қолжетімді  мүмкіндіктің 

жасалғанына ризашылықтарын білдіруде.  

«Электронды  үкімет»  порталының  ха-

лыққа тигізер мүмкіндігін аша түссеңіз:

-  Тұтынушылар  өздері  қалаған  минис-

трлігінің  қабылдауына  жазылып,  портал 

арқылы  сауалдарын  қоя  алады.  Осылай-

ша қазіргі таңда ақпараттық технология да-

мыған уақытта халыққа қолайлы жағдай жа-

салып,  министрге  онлайн  жазу  сервисінің 

көмегімен  бейнеконференция  байланысы 

арқылы  мемлекеттік  органның  бірінші  бас-

шысының виртуалды қабылдауына қатысуға 

мүмкіндік қарастырылған. 

Әңгімелескен 

Қымбат БЕРДЕШ


№ 29 (555) 17 шілде (жұма) 2015 жыл

3

ÀÓÛÇ ÀØÒÛÐÓ - ÑÀÓÀÏÒÛ ІÑ



«ÆÀÐÒÛ ҐҰÐÌÀ ÁÎËÑÀ ÄÀ ÑÀÄÀҐÀ ÁÅл ÀÊÖÈßÑÛ

Қазақта 


«Қайырымдылық 

жасасаң 


қайырымын  өзің  көресің»  деген  екен  да-

налы  сөз  бар.  Адамға  жақсылық  жасау, 

қайырымдылық  көрсету  –  халқымыздың 

мақтан  етерлік  дәстүрлерінің  бірі.  Бұл  дәс-

түр  қазақ  тіршілігінде  түрліше  іске  асып 

отырған.  Ата-бабаларымыз  қайырымдылық 

дегенді  осылайша  түсінісіп,  осылай  жүзеге 

асырып отырған. «Адам баласына қолыңнан 

келсе, жақсылық қыл, жасаған жақсылығың 

алдыңнан шығады,» деген екен. Бір-бірімізге 

жақсылық жасаудан жалықпағанымыз жөн.

Демек,  істелген  жақсылықтың  негізгі 

пайдасы  сол  жақсылықты  істеген  адамға 

болмақ.  Сырт  көзге  жұмсалған  теңгеден 

басқалар  пайда  көрген  сияқты  болғанмен, 

соңында  қайырымдылық  жасаған  кісі  көп 

пайда  таппақ.  Біріншіден,  Алланың  әмірін 

амалға  асырды.  Екіншіден,  мол  сауапқа 

кенелді. Үшіншіден, Алланың Өзі уәде етке-

ніндей ақыреттегі жайы жәннат болмақ.

Қайыр-садақа жасаған пенде осы дүние-

нің  өзінде  адамдардың  мейір-шапағатына, 

құрмет-қошеметіне  бөленеді  әрі  ризық-

несібесі  арта  түседі.  Бұдан  басқа  пайдала-

ры  көл-көсір,  оларды  Алланың  өзі  біледі. 

Хадис  шәріптің  бірінде:  «Жасаған  қайыр 

садақаңыз  пәле-жаланы  алыстатады  және 

ғұмырды  ұзартады»,  -  делінген.  Демек, 

жасалған  қайырлы  істің  түп-төркінінде 

жақсылық    жасаған  кісінің  өзі  толығымен 

пайдасын  көреді  екен.  Сейсенбі  күні  «Жә-

рімбет  ата»  мешітінде  «Жарты  құрма  бол-

са  да  садақа  бер»  атты  қайырымдылық  ак-

циясы  өтті.  Аталған  акцияға  Төретам 

кентіндегі  тұрмысы  төмен  отбасылар  мен 

мүмкіндігі  шектеулі  жандар  шақырылды. 

Қайырымдылық  акциясы  барысында  әлеу-

меттік  жағдайы  төмен  20  отбасыға  25  кг 

ұн, 5 литр асқатық май, қант, макарон, шәй 

және  т.б  азық-  түлікпен  қоса  11000  теңге 

қаржылай  көмек  көрсетілді.  Жақсылық  жа-

сап,  қайырымдылық  көрсетудегі  ең  басты 

мақсат – Алла разылығы көзделуі тиіс. Сол 

үшін  мұсылман  баласы  пенделік  мақсатты 

көздеп емес, тек қана Алла ризалығын мақ-

сат тұтып қайырымдылық жасауы керек.

Қайырымдылық  демекші,  осы  акци-

яны  ұйымдастырып  жүрген  «Жәрімбет 

ата»  мешітінің  бас  имамы  Мұрат  Дәуіржан 

акцияға жиналған көпшілікке оразаның пай-

дасы,  садақа  берудің  өзіндік  ерекшеліктері 

туралы  сөз  қозғады.  Төретам  кентінің 

қадірменді 

ақсақалы 

Нәдірбек 

ата 


жиналған жұртқа ақ батасын беріп, әрбіріне 

денсаулық,  отбасыларына  амандық  тіледі. 

Қайырымдылық  соңы  жалпы  халыққа 

арналған  ауызашармен  жалғасты.  Ауыз-

ашарда мешітте үлкен дастархан жайылып, 

қонақасы берілді. 

Айта  кетуіміз  керек,  бұл  шараның  қар-

жылық  қолдауы  мешітке  халықтан  түскен 

пітір  садақа  қаржысы  мен  кәсіпкерлердің 

демеушілігінің  негізінде  болып  отыр.  Со-

нымен  қатар  Жәрімбет  ата»  мешітінің  бас 

имамы Мұрат Дәуіржанның айтуынша, осы 

ораза айында бір ай бойы №3 маршруттағы 

бір  автобус  халыққа  тегін  қызмет  көрсетті. 

Яғни  бір  автобус  бір  ай  бойы    «Жәрімбет 

ата» мешітінің демеушілігімен халықты ба-

ратын жеріне тегін апарды деген сөз. Сондай 

–ақ, соңғы мәліметтерге қарағанда, ораза айт 

күні №1,№2,№3 маршруттағы бір – бір авто-

бус халыққа тегін бір күн қызмет көрсетеді.  

Осы орайда садақа беру, қайырымдылық 

турасындағы  хадистерді  келтіре  кеткенді 

жөн  көрдік.  Саңлақ  сахаба  Әбу  Һұрайра 

(р.а.):  «Пайғамбар  Мұхаммед  (с.ғ.с)  былай 

деді», - дейді:

««Алла  тағала  айтады:  «Ей,  адам  бала-

сы! Алла үшін қайырымдылық жаса, 

сонда саған да қайырымдылық жаса-

лады».  Мұндай  тәлім-тәрбиені  бой-

ына сіңдірген хазіреті Айша анамыз 

өте жомарт кісі-тұғын.

Бірде  екі  баласын  ертіп  қайыр 

сұрай келген әйелге жаны ашып, бе-

рерге  ештеңе  таппай  бір  құрманы 

ұстатып,  шын  пейілімен  шығарып 

салғаны бар.

Пайғамбарымыздың (с.ғс.) жақын 

досы  халифа  Мағауия  (р.а.)  хазіреті 

Айшаға  рамазан  айында  азық-түлік 

сыйлайды.  Жіберген  азығы  айлар 

бойы жеуге болатындай тым көп бо-

латын.  Бірақ,  Айша  анамыз  өз  үйін 

ойламай,  келген  азықтың  барлығын 

ауылдағы жағдайы нашар отбасыларға тара-

тып берген екен.

Кешқұрым  Айша  анамыздың  көмекшісі 

Үммү  Дүрре  ауызашарға  бір  нәрселер  да-

йындамақшы болады. Қараса, үй ішінде бір-

де-бір азық жоқ. Жағдайды хазіреті Айшаға 

айтып:


-  Уа,  мүміндердің  анасы,  тым  болма-

са  келген  азықтан  кішкене  болса  да  үйге 

қалдырмадыңыз  ғой?  –  дейді  не  істерін 

білмей.


Сонда хазіреті Айша анамыз:

- Иә, Үммү Дүррә! Мен өзімді ойламап-

пын. Және бізден де нашар тұратындар бар 

ғой,  соншама  азықты  ұстап  тұрғаным  әсте 

ұят болар. Алла тағала бір жолын көрсетер. 

Сабыр  етейік.  Бүгінгі  кеште  де  аузымыз-

ды  сумен  ашармыз,  -  деп    көмекшісімен 

сөйлесіп  тұрғанда,  есік  қағылады.  Үммү 

Дүррә есіктің аузындағы әйелді көргенде таң 

қалды.  Ешкімге  айтпай,  көршілері 

тамақ  жасап  алып  келіпті.  Хазіреті 

Айшаның  мұқтаждарға  қамқорлық 

жасауды  ұмытпағанындай,  Алла 

Тағала  да  оған  қамқорлық  жасауды 

ұмытпауда. Өйткені, көмектескеннің 

көмекшісі  Алла  тағаланың  өзі  екені 

ақиқат.

Ади ибн Хатим (р.а) риуаят еткен 



хадисте пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с): 

«Жарты құрмамен болса да тозақтан 

қорғаныңдар», - деген. Имам  Науа-

уи (р.а.) хадиске былайша түсіндірме 

береді:  «Қайырымдылықтың  мақ-

саты - оның аз-көптігінде емес, оның 

жақсылық ниетімен істелуінде. Осы 

себепті қайырымдылық жасауға кімнің қан-

шалықты  мүмкіндігі  бар  болса,  сол  мөл-

шерде  қолғабыс  жасауға  ынтық  келеді». 

Қасиетті Құранның:

«(Ей,  Мұхаммед!)  Олардың  малынан 

садақа  ал  да,  онымен  оларды  тазартып, 

толықтыр,  оларға  дұға  қыл.  Өйткені,  сенің 

дұғаң олар үшін бір жұбаныш. Алла – бәрін 

естуші  де  білуші»,  деген  Тәубе» 

сүресінің,  103-аяты  түскенде  «Жар-

ты  құрмамен  болса  да  тозақтан 

қорғаныңдар»,  -  деп  айтылған  ха-

дистің  әсерімен  сахабалар  арасын-

да садақа беруге бар күш- жігерлерін 

салатындар пайда болды.

Бірде  сахабалардың  бірі  екі 

уыс  құрма  алып  келді.  Сонда 

мұнафықтар:  «Алла  мына  кісінің 

екі  уыс  құрмасына  мұқтаж  емес 

шығар»,  -  деп  келеке  мазақ  етіп  өз-

дерінен  төмен  санайды.  Ал,  бір  са-

хаба болса әжептеуір қомақты ақша 

алып келеді. Сонда әлгі мұнафықтар: 

«Бұның істегені рия», - десті. Осыдан кейін 

мына  аят  түсті:  «Мүміндер  жомарттық  жа-

сап,  садақаны  көп  берсе  де  немесе  шама-

шарқына  қарап,  аз  берсе  де,  оңбағандар 

оларды  келекелеп  күлкі  етеді.  Ал,  Тәңірі 

олардың  өздерін  тәлкекке  салып,  жазалай-

ды, зор зобалаңға душар етеді».

Жалпы  азаптан  құтылудың  жолы  жақ-

сылық  жасау.  Ал  оны  аз-көбіне  қарамай 

істеу керек. Қайырымдылық ниетімен жаса-

лынған  әрбір  игі  істің  соңы  жақсылыққа 

қауыштырады.

Алла Тағала Құранда:

«Кімде-кім  тозаңның  салмағындай  жақ-

сылық істесе,  соның сауабын көреді. Кімде-

кім тозаңның салмағындай жамандық істесе, 

соның зардабын татады», - дейді.

Асыл  дінімізде  садақа  атауы  жақсылық 

пен қайырымдылыққа ортақ. Садақа атауы-

мен аталған әр нәрсе не болмаса жарты құрма, 

жылы сөз өз басына жеке дара жақсылық деп 

аталып, тозақ отынан қорғанатын қалқан са-

налады. Осы себепті жақсылықты аз-көп де-

мей, оның қайырымдылық деп қарау керек.

Күллі  мұсылман  жұртшылығы  үшін  мо-

лырақ сауап жасайтын кез мүбәрак рамазан 

айы.  Хадис  шәріпте:«Кімде-кім  ауыз  ашса, 

құрмамен ашсын. Құрма таппаса, сумен аш-

сын. Өйткені су – пәк нәрсе», - делінген. Аузы 

берік адамға бір құрма немесе бір жұтым су 

тәрізді азық беру де сауапқа кенелтеді. Алла 

елшісі  (с.ғ.с.):  «Ораза  ұстаған  кісіге  ауыз 

аштырғанға  ораза  ұстаған  кісінің  сауабын-

дай  сауап  жазылады.  Бұдан  ораза  ұстаған 

кісінің сауабы кемімейді», – дейді.

Пайғамбарымыз  (с.ғ.с):  «Кім  Алла  жо-

лында  берген  нәрсесін  жұп  қылып  берсе, 

жәннаттың есігінен, кім намаз оқушылардан 

болса,  намаз  есігінен  шақырылады.  Кім 

жиһад  етушілерден  болса,  жиһад  есігінен 

шақырылады. Кім ораза ұстаушылардан бол-

са,  «Раййан»  есігінен  шақырылады,  садақа 

берушілер  болса,  садақа  есігінен  шақы-

рылады», - дегенде хазіреті Әбу Бәкір (р.а): 

«Әке-шешем саған пида болсын о, Алланың 

Елшісі! Осы есіктердің барлығынан шақыры-

латын адамдар бола ма? Бір адамның барлық 

есіктерден шақырылуы мүмкін бе?» - деген 

сұрағына Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Иә, бола-

ды.  Сенің  де  солардың  бірі  болуыңды  үміт 

етемін», - деп айтқан екен. 

Хазіреті  Мұхаммед  (с.ғ.с.)  пайғамбары-

мыздың  хадис-шәріпінде:  «Рамазан  айын-

да бір жақсы іс жасаған адамға Алла тағала 

басқа айларда  парыз істі орындағанның сау-

абын  береді. Ал парызды орындағанға басқа 

айларда жетпіс парыздың сауабын жазады», 

- дейді.


Демек,  бұл  айда  жай  садақа  жасаған  кі-

сі  басқа  айда  зекет  бергендей  сауап  алса, 

ал  бес  парыздың  бірі  –  зекетті  осы  айда 

өтесе, жетпіс рет зекет жасағанның сауабын 

алмақ.  Сол  себепті,  мұсылмандар  бұл  сау-

абы  арта  түсетін  Рамазан  айын  әдеттегіден 

де маңызды өткізіп, ораза ұстайды, ауыз аш-

тырады.  Тікесінен  тік  тұрып  тарауих  нама-

зын  оқып,  Құран  хатымға  қатысады.  Пітір-

садақа беріп, игі істерміне жан-дүниесін та-

зартып, рухани байи түседі.

Міне,  пенденің  жасаған  қайырымдылық 

істері  ешқашан  босқа  кетпек  емес.  Алла 

әділдігімен  құлының  ақысын  беріп,  еткен 

еңбегінің есесін қайтара түседі. 

Адамдар    бір-біріне    қайырымдылық,  

мейірімділік    таныту    арқылы    жақсылық  

жасайды. Қамқорлықты  қажет ететін  жан-

дарға  қол ұшын беру арқылы  адам  баласы  

жақсылыққа  қадам  бастайды.  «Адам  бала-

сына  қолыңнан  келсе,  жақсылық  қыл,  жа-

саған  жақсылығың  алдынан  шығады,»  де-

ген  екен.  Бір-бірімізге  жақсылық  жасаудан 

жалықпайық, ағайын!



Қымбат БЕРДЕШ

Ислам  дінінде  қасиетті  Рамазан  айы  ай-

лардың  ең  төресі  болып  саналады.  Осынау 

келген ораза айында әрбір адам ауыз бекітіп, 

имандылық  құндылықтарын  ұстануда.  

«Ораза  -  тәннің  зекеті,  сабырдың  жарты-

сы,  нәпсінің  тізгіні»  дейді.  Осыны  зейініне 

тоқыған  мұсылман  қауымы  қасиетті  Рама-

зан айында ауыз бекітіп, Аллаға құлшылық 

етуде.  Ал  ауыз  бекіткен  адамдарға  құрмет 

көрсетіп,  ауызашар  беру  –  сауапты  іс.  Сәр-

сенбінің  сәтті  күнінде  «Меруерт»  сауда 

орталығындағы  кафетерийде  Төретам  кен-

тіндегі  кәсіпкерлердің  ұйымдасуымен  жал-

пы көпшілікке ауызашар берілді. Дастархан 

басына қала мен ауыл аймақтың қадірменді 

қариялары,  кәсіпорындар  мен  мекемелер 

басшылары, ауыл тұрғындары жиылды. Ау-

ызашарда  мешіт  өкілі  марқұмдарға  құран 

бағыштап,  кент  ақсақалдары  бата  берді. 

Жалпы,  ауызашар  беру  –  өте  үлкен  сауап-

ты  іс.  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с):  «Кімде  кім 

бұл  айда  аузы  берік  бір  адамға  ауызашар 

берсе, күнәлары кешіріледі. Сол аузы берік 

адамның  алған  сауабындай  сауап  бұған 

да  беріледі»  деген.  Яғни,  амалдардың  ең 

құндысы  –  бір  мұсылманды  күнәдан  арыл-

ту, қарнын тойдыру және мұқтаждығын беру 

арқылы оны қуанту. Тіпті Алланың өзі тамақ 

жегізетін  жомарт  құлымен  періштелеріне 

мақтанады.  Тағы  бір  хадис  шарифте  бы-

лай делінген: «Досына оның жақсы көретін 

тамағын  әперген  адамның  күнәлары  кеші-

ріледі».  Демек,  дос-жарандарға  тамақ  беру 

садақа беруден абзал болады. 

Қалай десек те, Рамазан тек асқазанға да-

мыл  беріп,  денсаулықты  түзету  ғана  емес, 

бұл  –  жан  дүниемізді  тазарту,  яғни  руха-

ни денсаулығымызды емдеу болып табыла-

ды. Сондықтан ауқатты кісілер, әкімқаралар, 

әртүрлі мекеме басшылары өздерінің ұжым-

дары  арасында  ауызашар  беріп,  кедей-кеп-

шіктерге  көмектесіп  отырса,  бұл  адамдар-

дың бір-біріне деген сүйіспеншілігін артты-

рып, ерекше сезімге бөлейтіні сөзсіз. 

Осы  ауызашарға  Төретам  кентіндегі  ар-

дагерлер  кеңесінің  төрағасы  Арыстанбек 

Бөлекбаев,  «Нұр  Отан»  партиясының  сая-

си  кеңесінің  мүшесі,  кент  ардагері  Шәкен 

Балжаев  және  «Жәрімбет  ата»  мешітінің 

өкілдері қатынасып, кейінгі ұрпаққа өнегелі 

сөздерін жеткізді. Құран кәрім оқылды.



«Бәйтерек - Байқоңыр» апталығы

№ 29 (555) 17 шілде (жұма) 2015 жыл

4

«ÆÀÑ ҚÀËÀÌ» ÁÀËÀËÀÐ ØÛҒÀÐÌÀØÛËÛҒÛ




  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал