2004 жылдың 27 қазанынан шыға бастады Байқоңыр аумақтық ақпараттық-танымдық апталығы



жүктеу 441.44 Kb.

бет1/4
Дата12.09.2017
өлшемі441.44 Kb.
  1   2   3   4

2004 жылдың 27 қазанынан шыға бастады

Байқоңыр аумақтық ақпараттық-танымдық апталығы

№ 26 (604) 24 маусым (жұма) 2016 жыл

жалғасы 5-бетте

ҮШ «АЛТЫН БЕЛГІ» АЛҒАН №277 МЕКТЕПТІҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ

Білім  таразысы  -  Ұлттық  Бірыңғай 

Тестілеуден Байқоңыр қаласындағы мектеп-

тердің ішінде алдыңғы орындардан көрініп, 

үш «Алтын белгі» мен бір «Үздік аттестат» 

иегерлері шыққан мектеп - №277 орта мек-

теп.  Бұл  білім  ордасының  байқоңырлықтар 

үшін  орны  ерекше  екені  де  белгілі.  Себебі, 

бұл білім ошағы Байқоңыр қаласындағы жаңа 

технологиямен  жабдықталған,  стандартқа 

сай,  жаңа  мектеп.  Сонымен  қатар  бұл  мек-

теп Қазақстан Республикасының білім стан-

дартына қараған соң алдағы жарқын күндері 

кешкі  мектеп  пен  тест  орталығы  ашыла-

ды деген жоспар да жоқ емес. Ал осы білім 

ошағының  биылғы  жетістігі  туралы  білмек 

болып,  киелі  білім  ордасына  бас  сұққан 

едік. Білім бақшасының мәуелі жемісі- үздік 

оқушыларымен  көрінген  мектептің  басшы-

сы  Жұмагүл  Тілеуқабыловаға  жолығып,  аз 

кем сұхбаттасудың сәті түскен еді.



-Жұмагүл  Қосжанқызы,  ең  бірінші 

биылғы оқу жылындағы жемісті жұмыс-

тың  нәтижесіндей  болған  жетістік-

теріңіз  құтты  болсын  дейміз,  өзіңіз  бас-

қарып отырған мектеп үш «Алтын белгі» 

алып отыр, бұл жалпы ұжымның жемісі 

деп ойлаймын...

-  Үлкен  рахмет  сіздерге.  Кез  келген 

мемлекеттің  болашағы  –  білімді  жастар. 

Білімсіздің  күні  қараң.  Көзі  ашық,  көкірегі 

ояу  кез  келген  білімді  ұрпақ  өз  Отанын 

даму жолында аянбай тер төгеді. Бүгінгі жас 

болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Жа-

старды  білім  жолына  салып,  түзу  жолдан 

тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің 

тізгінін  ұстату  мемлекет  пен  қоғамның 

міндеті  саналады.  Қандай  мықты  мемле-

кет  болмасын  жастардың  білімі  мен  оқу-

ағарту  ісіне  көп  көңіл  бөледі.  Келешектің 

іргетасын қалау үшін, ең алдымен сол елдің 

жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне 

күш салу керек. Қазіргі таңда Елбасымыз дәл 

осы  бағытта  көптеген  жұмыстар  атқаруда. 

Әрбір жастың алаңсыз, білім нәрімен сусын-

дауына  барынша  жағдай  жасалған.  Нұрлы 

болашақтың даңғыл жолында шабысы қатты 

тұлпардай  жүйткіген  Қазақстанның  жаста-

ры  текті  ұлттың  ұрпақтары  екеніне  келер 

күн мен атқан таң бірден-бір куәгері болмақ. 

Елбасымыздың  «Қазақстан  жаңа  жаһандық 

нақты  ахуалда:өсу,  реформалар,  даму»  ат-

ты  жолдауында  да  «Білімді,  еңбекқор,  бас-

тамашыл,  белсенді  болуға  қазірден  бас-

тап  дағдыланыңдар.  Жұмыс  пен  сұраныс 

бар  өңірге  батыл  барыңдар.  Шеберліктің 

шыңына жете білсеңдер  мамандықтың бәрі 

жақсы. Қазір техникалық мамандықтардың, 

ғылым мен инновацияның күні туған заман. 

Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, 

жалықпай  техника  меңгерген  адам  озады. 

Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады. Біз 

жүзеге  асырып  жатқан  түбегейлі  реформа-

лар мен атқарып жатқан қыруар істердің бәрі 

сендер үшін, болашақ үшін жасалуда»,- деп 

ел жастарына сенім артады.

Міне осындай ел сенімін, ұстаздарының 

сенімін ақтаған талантты оқушыларымыз да 

біздің мектебімізде бар деп қуанышпен айта 

аламыз.

Әрине,  біздің  мұндай  жетістікке  жетуі-



міздің  өзі  мектеп  ұжымының,  ұстаздары-

мыздың  ерен  еңбегінің  арқасы,  алғыр  оқу-

шыларымыздың  тынбай  дайындалғанының 

нәтижесі деп білемін. Жалпы мектебімізден 

ҰБТ-ға  25  оқушы  қатысып,  90,4  балл  па-

йыздық  көрсеткішке  ие  болды.  Екілік  ал-

ған  және  50  баллдан  төмен  балл  жинаған 

оқушы  болған  жоқ.  Алдағы  уақытта  да 

осы  үкілеген  үш  жеткіншегіміздің  жо-

лын  қуар  ізбасарлары  да  көп  болатыны-

на  сеніміміз  мол.  Мектебіміздің  талабы  та-

удай  оқушыларынан  күтер  үмітіміз  көп  де-

сем болады. Мектеп бітірушілерге айтарым, 

таңдаған  жоғары  оқу  орындарына  түсіп, 

өздері  армандаған  мамандық  иесі  атанып, 

ата-аналарының,  ұстаздарының,  қала  берді 

елінің мақтанышына айналып, Қазақ елінің 

экономикасы  мен  әлеуметтік  дамуына  өз 

үлестерін қосады деген сенімдемін.

Сұхбатымыз әрі қарай мектеп атын шы-

ғарған үш «Алтын белгі» иегерлерімен емен-

жарқын  әңгімелесумен  жалғасқан  еді.  Ең 

бірінші болып, «қыздың жолы жіңішке» де-

ген халық нақылына сүйеніп, №277 мектеп 

түлегі,  «Алтын  белгі»  иегері  Ақбота  Қарт-

баеваны сөзге тарттық.



- Ақбота, жеңісің құтты болсын, «Ал-

тын белгі» алған сәттегі сезімің?

- Әмин. Әрине, керемет сезім, ол сезімді 

жүрекпен  айтып  жеткізу  мүмкін  емес. 

Өміріңдегі ең бірінші сыннан өту және «Ал-

тын  белгі»  иегері  атану  мен  үшін  үлкен 

жеңіс. Қырымбек Елеуұлы Көшербаев мыр-

задан осы «Алтын белгіні» алғаныма өте қуа-

ныштымын. Бұл - мен үшін үлкен жетістік, 

үлкен бақыт. Бұл белгі менің үйімнің төрінен 

орын алады. Облыс көлемінен жиналған 143 

«Алтын  белгі»  иегерлерімен  бірге  болып, 

бірге  ой  бөлісу  әркімнің  де  арманы,  міне,  

менің  де  арманым  орындалды,  осы  арман 

мені әрі қарай алға жетелейді.



- Таңдаған пәнің?

-  Менің  таңдаған  пәнім  –  физика.  Әр 

адам  баласында  санап  жетпес  байлықтар 

мен  құндылықтар,  таланттар  мен  шығар-

машылықтар  бар.  Тек,  әркімнің  алгоритмі 

әр түрлі. Уақытымен, өмірде болатын қиын-

дықтар  мен  мүмкіндіктердің,  жеңілдіктер 

мен нығметтерге қарай алгоритм жұмыс жа-

сай бастады. Сондықтан, адам баласы кейбір 

салаларды жақсы меңгеріп, кейбіреулерінен 

осал  болады.  Соған  қарағанда,  әркімнің 

таңдайтын жолы бар. Сол дамытылған сала-

ларға бойдағы алгоритм қосылып, ынта мен 

ықылас қосылады. Менің де ынта-ықыласым 

физика пәніне ауды.

- Болашақта кім болғың келеді? 

- Мен болашақта IT технологиясында фи-

зика саласын дамытып, кіші және орта биз-

нес  жасайтын  адамдар  қатарындағы  маман 

иесі болғым келеді.

-  Байқоңыр  өңірі  бойынша  ең  жоғары 

117 балл жинадың, бұл жетістік қаншама 

дайындықпен келгені белгілі...

-  Әрине,  бұл  бір  жылғы  еңбек  емес.  11 

жылғы еңбегіміздің нәтижесі. Қуанышымда 

шек жоқ. Ең жоғарғы балл жинап, ата-анам-

ның,  ұстаздарымның  үмітін  ақтағаныма 

қуаныштымын.



-  Білім  алған  мектебіңе,  ұстаздарыңа 

ризасың ба?

-  Әрине, мектебіме, ұстаздарымызға үл-

кен  алғыс  білдіреміз.  Себебі,  біздің  білім 

деңгейіміз  –  олардың  жұмысының  жемісі. 

Білім  нәрімен  сусындау  жолында  төккен 

теріміз текке кеткен жоқ. Ұстаздарымыздың 

бізге  артқан    үмітін  ақтай  білдік.  Мектеп 

басшысы  Тлеуғабылова  Жұмагүл  Қосжан-

қызына  алғысымыз  ерекше.  Бізбен  бірге 

күні-түні  дайындықта  жүрген  директордың 

оқу  ісі  жөніндегі  орынбасары  Амантаева 

Ғалия Мүсілімқызы мен сынып жетекшіміз 

Қазтуғанова  Гүлмира  Алдабергенқызының 

еңбегі  де  ерекше.  Ұстаздарымыздың  бер-

ген  сапалы  білімінің  арқасында  ҰБТ-ға 

дайындық  барысында  қосымша  сабақтарға 

бару  қажеттілігі  де  туындаған  жоқ.  Физи-

ка  пәнінен  дайындаған  Жандосов  Әділ-

бек  ағайыма,  Абжанова  Айгүл  апайыма 

да  алғысым  шексіз.  Математика  пәнінен 

Сәрсенбаева  Ләззат  апайға,  қазақ  тілі  пә-

нінен  Абдикалиева  Гүлхан  апайға,  тарих 

пәнінен Аппазов Жәнібек ағайларға да риза-

шылығымды  білдіремін.  Еңбектеріңізге 

жеміс  тілеймін.  Біз  сияқты  оқушыларыңыз 

көбейе берсін. 



- Отбасың туралы бір ауыз сөз...

- Мен қарапайым жанұяда дүниеге келген-

мін.  Әкем  –  Сақтағанов  Асқар  Қартбайұлы 

ұста-шебері,  ал  анам  –  Нарегеева  Венера 

Малікшеқызы  №277  орта  мектептің  мате-

матика пәнінің мұғалімі. Жанұяда екі бала-

мыз. Сіңілім – Қартбаева Ақтоты Асқарқызы 

Қызылорда  облысындағы  музыкалық  кол-

ледждің  ұлттық  аспаптар  бөлімінің  ІІ  курс 

студенті.



-Жаңа өмірге қадам басқан құрдастары-

ңа айтар тілегің қандай?

- Өзіммен түлеп тұрған түлектерге өзіме 

қандай тілектер тілесем, оларға да тек ақ жол 

тілеймін!  Алдан шыққан қайсыбір қиыншы-

лықтарды  оңай  еңсеріп,  биік  белестерден 

көріне  беріңдер!  Еліміздің  бетке  ұстар  аза-

маттары  атанып,  Отанымыздың  гүлденуі 

жолында  өз  үлестеріңді  қосыңдар!  Ақ  жол 

сіздерге, жас түлек!

*****

Мектептің  мақтанышына  айналған  та-

лапты  оқушылардың  бірі  «Алтын  белгі» 

иегері Жақсылықов Айбек есімді жас талап-

кер қазақтың қара домалақ баласы екен. Реті 

келгенде  Айбекпен  де  тілдесудің  де  орайы 

келе кетті.

-  Айбек,  «Алтын  белгі»  иегері  атағы 

құтты  болсын,  сен  үшін  ҰБТ  сұрақтары 

қиын болды ма?

-Әмин!  «Өзіңе  сен,  өзіңді  алып  шығар, 

ақылың  мен  білімің  екі  жақтап»  деп  Абай 

атамыз айтқандай, өзің мықты болсаң, мақ-

сатыңа  жетесің.  ҰБТ-ның  сұрақтары  оңай 

болды  деп  айта  алмаймын,  алайда  ауызша 

сабақтардан көп қиналған емеспін. Тарихтан 

сұрақтар өзгертіліп келді. Кітаптармен дай-

ындалу болса, мен тек мектеп оқулықтарын 

оқуға кеңес берер едім, себебі бүкіл ҰБТ-ның 

сұрақтарына солардың ішінен жауап табуға 

болады.  Қазір  тарих  пәні  кітаптарының 

әр  сөйлемінен  сұрақ  құрастырып  отыр. 

Егер,  сіз  оқулықтарды  зейін  салып  оқып 

дайындалсаңыз,  жаңа  сұрақтарға  да  жа-

уап  беру  қиын  болмайды.  Ал,  қазақ  тілі 

мен  орыс  тіліне  келсек,  ережелерді  жат-

тап, әр тақырып бойынша тест жұмыстарын 

жүргізіп  отырған  дұрыс.  Қосымша  оқу  ре-

тінде,  достық  оқыту  орталығының  матери-

алдарымен де жаттыққан дұрыс.

-Таңдаған пәнің?

-Менің таңдаған пәнім – биология. Менің 

ең  бірінші  алға  қойған  мақсатым  «Алтын 

белгі» иесі атану еді. Ол үшін адамда өзінің 

бойында осы таңдаған пәніңе, мамандығыңа  

деген  сүйіспеншілігі  мен  өзіңе  деген  сенім 

болуы қажет. Осы сенім сені алға қарай же-

телей түседі.Сол табандылықтың арқасында 

мен жеңіске жеттім.

-Болашақта кім болғың келеді? 

-«Арман адамға қанат бітіреді» деп тегін 

айтпайды.  Адамның  арманы  көп  болады. 

Менің де алдыма қойған мақсатым көп.  Ең 

алдымен дәрігер болғым келеді. Дәрігер болу 

үлкен мәртебе деп білемін. Мамандық таңдау 

үшін адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін 

тануы  қажет.  Меніңше  дәрігер  болу  менің 

қолымнан келеді. Ең бастысы – адам еңбекке 

қабілетті,  зейінді  болуы  қажет  және  оның 

мамандығы  өзі  өскен  ортаға  маңызды, 

бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне 

сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке 

жетеді.  Адам  еңбегінен  қуанышын  таба 

білсе,  бойына  жаңа  күш  қосылып  еңбекке 

деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, ша-

бытпен істелген іс биігіне жеткізетін қанат.  

Дәрігер - арыстандай айбатты, қыздай икем-

ді, анадай мейірімді болуы керек деген ата - 

бабамыздың айтқан ұлы да ұлағатты сөздері 



  ● «Біздің мақтаныштарымыз»

№ 26 (604) 24 маусым (жұма) 2016 жыл

2

АТТЕСТАТ    ТАПСЫРУ   САЛТАНАТЫНДА



Үлкен  өмірге  қадам  басқан  мектеп  бі-

тірушілерге  арналған  «Аттандық  сапарға» 

атты  аттестат  тапсыру  жиыны  өткен  жұма 

күні  Төретам  кентіндегі  №80  мектеп-гим-

назиясында  болып  өтті.  Бұл  білім  орда-

сындағы ерекше атап өтетін жағдай - бұл мек-

тептен «Алтын белгі» иесі атанған Кемалова 

Ақнұр  атты  талантты  түлектің  түлеп  ұшуы 

болып  отыр.  Мектеп  бітіруші  түлектерге 

арналған  салтанатты  жиынға  Қармақшы 

аудандық білім бөлімінен келген өкіл Шол-

пан Исакова, Төретам кентінің әкімі Мырза-

бек Демесінов, кент ақсақалы Шәкен Балжа-

ев және мектеп мұғалімдері, ата-аналар мен 

осы кешке қонақ болып келген бірқатар ар-

дагер  ұстаздар  қатысты.  Салтанатты  ша-

рада  ең  әуелі  Қазақстан  Республикасының 

Мемлекеттік  Туы  әкелініп,  Мемлекеттік 

Әнұранымыз  шырқалды.  Содан  соң  алғаш-

қы  сөзді  мектеп-гимназия  басшысы  Рай-

хан  Әлиева  алды:  -  Қадірлі  бүгінгі  кештің 

қонақтар,  құрметті  ата-аналар,  бүгінгі  мек-

теп  бітіруші  жас  түлектер!  Мінекей,  біз  он 

бір жыл бойы білім нәрімен сусындатқан ал-

тын ұя мектебімізбен қоштасар сәт те келіп 

жетті.  Бүгінгі  күнді  ұстаздар  қауымы  мен 

оқушылар асыға күттік. Әрине биылғы оқу 

жылы біздің мектеп үшін жемісті жыл бол-

ды деп есептейміз. Биылғы мектеп бітіруші 

18 оқушының 18 - і де 100 пайызбен Ұлттық 

Бірыңғай  Тестілеуге  қатысып,  нәтижесінде 

92,6  пайызбен  аудан  көлеміндегі  29  мек-

тептің  ішінен  алдыңғы  қатарлы  екінші 

орынды иеленіп отырмыз. Осы мектеп біті-

руші  18  түлектің  ішінен  өздерінің  шынайы 

білімімен  ерекшеленген  3  оқушыны  Ал-

тын  белгіге  үміткерлікке  ұсынғанбыз.  Осы 

үш  оқушымыз  да  үмітімізді  ақтады.  Оның 

ішінде Кемалова Ақнұр «Алтын белгіні» ие-

ленсе,  Бақытова  Анель  мен  Сухашов  Ай-

бек  сынды  оқушыларымыз  ерекше  үлгідегі 

аттестатқа ие болып отыр. Әрине, бұл мек-

теп тарихындағы соңғы бес жылда болмаған 

жетістік,  былтырғы  оқу  жылында  біз  ау-

дан  көлемінде  тоғызыншы  орынды  ие-

ленсек,  ал  биылғы  жылы  екінші  орынға 

көтерілуіміздің  себебі,  біздің  мектептің 

ұлағатты  ұстаздарының  ерен  еңбегі  десем 

артық айтқандық емес. 

Содан соң мектеп басшысы жас түлектер-

ге мемлекеттік аттестатты салтанатты түрде 

табыстады.  Төретам  кентінің  әкімі  Мырза-

бек  Демесінов  өз  кезегінде  сөз  алып,  біті-

руші түлектерге арнап ақ тілегін жаудырды. 

Сонымен қатар осы салтанатты шарада кеш 

қонақтары, ата – аналар ақ тілектерін арнап, 

ыстық лебіздерін білдірді. 

Өстік біз дау айтар, кімбар бізге,

Аттестат алуға жараймыз.

Сонда да сүйікті ұстаздардан

Қалайша,  қалайша  тараймыз,  -  деп 

әндеткен мектеп бітіруші түлектерінің жүзде-

рінен он бір жыл білім нәрімен сусындатқан 

ұстаздар қауымын  қимайтындығы байқалды. 

Осы  сәтте  биылғы  мектеп  бітіріп  жатқан 

оқушылар үлгі тұтар ұлағатты ұстаздарымен 

бірге  сынып  алғашқы  ұстазы  Жаңыл  Мол-

дабаева  мен  сынып  жетекшісі  Науанова 

Қарлығаштың  орны  ерекше  екендігін  айта 

кеткеніміз жөн. 

Осы  салтанатты  кеште  мерекелік  кө-

ңілмен  «Алтын  белгі»  иегері  Ақнұр  Жа-

малашқызына  көкейіміздегі  бірнеше  сауал-

дарымызды қойған едік.



-Ақнұр,  Ұбт  сұрақтары  қиын  болды 

ма?

-Ұбт  сұрақтары  айтарлықтай  қиын  бол-

ған  жоқ.  Дегенмен,  сұрақтардың  30  пайы-

зы  өзгертілген  түрде,  яғни  жауабын  сұрақ 

ретінде  алмастырып  жіберген.  Барлық  сұ-

рақтар  тың  түрде  келді  деп  айтып  жата-

ды кейбір оқушылар, бірақ, таза өз біліміне 

сенген  балаға,  кітаптың  ішіндегі  сұрақ  еш 

өзгеріссіз келеді. ҰБТ - бұл таза білім дода-

сы. Мектеп  бітіруші  түлектер  үшін  өмірдің 

алғашқы сынағы деп ойлаймын.

- Таңдаған пәнің?

-ҰБТ-да менің таңдаған пәнім- биология. 



- Болашақта кім болғың келеді?

-9  сыныптан  бастап  мамандық  таңдау 

жөнінде түрлі пікірлер болып жатты. Сол кез-

ден бастап менің алдыма қойған мақсатым - 

биология  пәнін  таңдап,  дефектология  сала-

сына қарай бет бұрамын деп шештім. Себебі 

біздің  Төретам  кентімізде  бұл  мамандыққа 

сұраныс  өте  көп  болғанына  қарамастан, 

бұл  мамандықты  игеріп,  көмекке  мұқтаж 

жандарға қол ұшын созып жатқан мамандар 

өте аз. Сол себепті осы мамандықтың нағыз 

білгірі болғым келеді.



-Шетелге оқуға барасың ба?

-Шынымды  айтсам,  шет  мемлекеттер-

ге барып білім алуды мен ешқашан ойланып 

көрмеппін.  Егер  сәті  түсіп  жатырса,  барып 

білімімді  шыңдауға  болады,  бірақ,  арнайы 

шетелге барамын деген мақсатым жоқ.



-105 балл алғаныңа таңғалдың ба, әлде 

өзіңе – өзің сенімді болдың ба?

-ҰБТ  алдында  бізден  бірнеше  сынама 

тесттер  алынған  болатын.  Ол  сынама  тест-

тердің  барлығында  105  баллдан  жоғары 

алып жүрдім. Мысалға, 122,124, 117,115,111 

балл иеленіп жүрген болатынмын. ҰБТ жа-

уабы  шыққан  кезде  «105  балл  алыпсың!» 

деп жатты. Бір жағынан қуаныш сезімі бол-

ды себебі «Алтын белгіні» қорғадым, екінші 

жағынан 105 балл мен үшін алып жүрген сы-

нама тесттерден төмен болған сәтте сәл көңі-

лім түскені рас.



-  Білім  алған  мектебіңе,  ұстаздарыңа 

ризасың ба?

-Менің  жәнеде  сыныптастарымның 

осындай  биік  деңгейде  білім  алып,  оны 

ҰБТ-да  дәлелдеп  шыға  алуы  бұл  жалғыз 

ұстаздарымыздың  арқасы  деп  білемін.  Әр 

сынама  тест  болған  сайын  аудан  бойын-

ша  сапа  қорытындысы  шығатын.  Сол  кез-

де №80 мектеп-гимназия ылғида №1 орын-

да  тұрып  келді.  ҰБТ  қорытындысы  бой-

ынша  мектебіміз  №2  орынды  иеленседе 

оқушыларымыздың  еңсесі  биік  болып  қала 

берді. Себебі мектебімізде  1 «Алтын белгі», 

2  «Үздік  аттестат»  иегерлері  шықты.  Бұл 

жетістіктерге  жеткізген  біздің  №80  мектеп-

гимназия ұстаздарына алғысымыз шексіз!

- Алтын белгі алған сәттегі сезімің?

-Екі жылғы дайындығым еш кетпеді деп 

іштей  қатты  қуанып  жүрдім.  Сол  сәттегі 

қуаныш  сөзбен  айтып  жеткізуге  тұрмайды. 

Менің өзім керемет сезімде болғанда туыс-

қандарым  мен  ата-анамның  қандай  сезімде 

болғанын тіпті елестете алмаймын.

-  Осы  жетістікке  жетуде  ата-анаң 

мен ұстаздарыңның еңбегі зор, оларға ай-

тарың бар шығар?

-Әрине,  ҰБТ  барысында  ата-анам  менің 

арқа сүйерім болды. Қатты күйзелген сәтте 

қолдау  көрсетіп,  жігеріме  жігер  қосты.  Ата 

- анама деген алғысым ұшан-теңіз. Егер ол 

кісілер болмағанда мен бүгінде «Алтын бел-

гіні» ала аламын ба оны білмеймін?

Ал  ұстаздарым,  әрдайым  оқушының 

қамқоршысы. №80 мектеп-гимназия басшы-

сы  Әлиева  Райхан  апайға  алғысым  шексіз! 

Күн  сайын  «жолдастар»  деп  сыныбымызға 

кірген  сәтте  оқушының  мерейі  асқақтай 

түседі. Биология пәнінен берген - Жұмабаева 

Индира  апайыма,  әр  күнге  «биологтарым» 

деп  рухтандырып  кетуші  еді.  Сынып  же-

текшіміз  –  Науанова  Қарлығаш  апайыма 

да  айтар  алғысым  шексіз.  Осындай  асқар 

таудай  ұстаздарымыз  барда  біздің  елдің 

ұрпақтарының болашағы жарқын болмақ.

- Отбасың туралы бір ауыз сөз...

-Отбасым туралы айтатын болсам, әкем- 

Нұржанов  Жамалаш,  анам  -  Избасканова 

Гүлмира. Асқар таудай әкем мен қамқоршы 

анамның  аялап  өсіріп  отырған  3  перзенті 

бар.  Үйімнің  үлкенімін.  Ізімнен  ерген  бір 

інім мен бір сіңілім бар. 

-Жаңа  өмірге  қадам  басқан  құрдас-

тарыңа айтар тілегің қандай?

-Өз  жолдастарыма  айтарым  әрдайым, 

мәпелеп өсірген ата-анамыздың мерейін ас-

қақтата  білейік.  Өзімізге  артылған  барлық 

міндеттерді  абыроймен  өткізуге  талпы-

найық.  Еліміздің  болашағы  «Жас  Ұрпақ» 

екенін  ұмытпай,  келешекке  еңсесі  биік  ел 

болып қалану үшін аянбай еңбек ете білейік 

дегім келеді.

-Ақнұр,  саған  үлкен  рахмет,  білімнің 

асқар биіктерінен көрініп жүре бер.

Материалды дайындаған 

Қымбат БЕРДЕШ

ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС...

Қазақстан  білім  басқару  ісінің    тарапы-

нан мектептерде «Озат» тәжірибе бірлестігі, 

«Озат» шығармашылық бірлестігі, жаңа тех-

нология  үрдісіндегі  үйірмелер  мен  «Жас 

ұландар» ұйымдары құрылғаны мәлім. Осын-

дай сапалы, әрі тиімді бірлестік жетекшілері 

өз  жұмысын  ұдайы  атқарып  келеді.  Соған 

орай мектебімізде ғылыми әдіскер жетекшісі 

Бисембекова  Шамшибанудың  ұйғаруымен 

«Озат» тәжірибе мектебінің мүшелері «Озат 

тәжірибе  –  көпке  ортақ»  деген  тақырыпта 

ашық  сабақтар  өткізді.  Оқытудың  тиімді 

әдістерін  пайдалана  отырып,  жаңа  техно-

логия  элементтерін  қолдану  арқылы  сабақ-

тың  тиімділігі  мен  оқушылардың  пәнге 

қызығушылығын  арттыру,  өзара  тәжірибе 

алмасу  барысында  білікті  ұстаздардың  іс-

тәжірибесінен  тәлім  алу  мақсатында  ашық 

есік күні сәтті өтті. 

«Озат  тәжірибе»  мектебінің  құрамында 

12  ұстаз  бар.  Олар  жоғары  және  бірінші 

санатты    тәжірибелі  ұстаздар.  Ашық  есік 

кезінде  4  сабақ  өткізілді.  Ұстаздар  өз  са-

бақтарында  оқытудың  тиімді  тәсілдерін, 

жаңа  технология  әдістерін,  АКТ-ны  тиімді 

пайдалана  отырып  оқушылардың  сабаққа 

қызығушылығы  мен  белсенділігін  арттыру 

арқылы өз жетістіктерін көрсетті. Өткізілген 

4 сабаққа 58 ұстаз қатысып тәжірибе бөлісті. 

«Озат  тәжірибе»  мектебінің  жетекшісі  Па-

зылбекова Аманбике ұстаздар қауымына та-

ныстырылымдар көрсету арқылы хабарлама 

жасап,  өткізілетін  іс-шарамен  таныстырды. 

Математика пәнінің мұғалімі Утебаева Айгул 

6 «А» сыныбына жаңа технология үрдісінде 

«Рационал  сандар»  деген  тақырыпта  ашық 

сабақ  өткізді.  Сабақтың  түрі  сайыс  сабақ. 

Сабақтың құрылымы өте сауатты құрылған 

және  қызықты  болды.  Айгул  биылғы  жыл 

«мешін»  жылы  және  сыныптағы  оқушылар 

мешін  жылғы  туылған  екендігін  ескере  от-

ырып,  сыныпты  осы  атаумен  байланысты-

ра    үш  топқа  бөлген.  Сабақты  оқытудың 

жаңа  тәсілдерін  және  АКТ-ны  пайдалана 

отырып  тартымды  өткізді.  Сабақта  топтық 

жұмыстар,  деңгейлік  тапсырмалар  орын-

далды. Оқушылар сабақ кезінде пәнге қызы-

жалғасы 6-бетте


№ 26 (604) 24 маусым (жұма) 2016 жыл

3

ÄÅÍІ ÑÀÓÄÛҢ - ÆÀÍÛ ÑÀÓ



«ÑÅÐÏІÍ» - ÌÅÌËÅÊÅÒÒІÊ ÌÀҢÛÇÛ ÁÀР

ÆÎÁÀ


ÀÓÛÇ ÀØÒÛÐÓÄÛҢ ÑÀÓÀÁÛ ÌÎË

Шіліңгір  шілденің  соңғы  онкүндігі,  та-

мылжыған  тамыз  айының  алғашқы  жар-

тысында  Қазақстанда  мемлекеттік  білім 

гранттарының  аламан  бәйгесі  өтеді.  Бәйге 

екі белестен тұрады: бірі – талапкерлер та-

рапынан  ЖОО  орны  мен  мамандықтарды 

таңдау, екіншісі – республикалық байқаудың 

қорытындысы  жарияланатын  кезең.  Бас-

аяғы 20-25 күнге созылатын, талапкерлердің 

бірінің көңіліне нық сенім мен үміт, екінші 

біріне  күдік  мен  уайым  орнататын  күндер. 

Ата-аналар  да  бәйгеге  түскен  баласының 

үкілі үмітін қолдап, «тақымын қысып» оты-

рады. Бәйгенің басталу күні – 2015 жылдың 

23 шілдесі.

Білім  және  ғылым  министрлігінің  ха-

барлауынша,  биылғы  2015-2016  оқу  жылы-

на  мектеп  және  колледжді  бітіруші  талап-

керлерге 32 168 білім гранты бөлініп отыр. 

Оның  75%  орта  мектепте  немесе  коллед-

жде қазақ тілінде, ал 25% орыс тілінде білім 

алғандарға  бағытталған.  Білім  гранттары 

–  мемлекеттің  өз  азаматтарын  әлеуметтік 

тұрғыдан  қолдау  түрінің  бірі.  Олай  болса, 

32  168  талапкердің  бағы  жанып,  мемлекет 

есебінен білім алу мүмкіндігі туады.

Сарапшылардың  пайымдауынша,  мем-

лекет есебінен білім алу мүмкіндігіне, яғни 

грантқа ие болған талапкер отбасына жылына 

800 мың мен 1 миллион теңге аралығындағы 

шығынды  үнемдеуге  жәрдемдеседі  екен. 

Ата-анасының  жәрдеміне  жарауды  арман 

етпейтін жасөспірім жоқ шығар, сірә?!  

Білім гранттарының аламан бәйгесіндегі 

басты  ойыншы  –  талапкер.  Мәреге  озып 

жетудің бір тәсілі – болашақта білім алатын 

оқу  орнын  және  мамандықты  дәл  таңдау. 

Талапкердің  төрт  мамандықты  таңдау 

мүмкіндігі  бар.  Таңдаған  төрт  мамандықты 

бір жоғары оқу орнынан немесе төрт жоғары 

оқу  орнынан  төрт  мамандық  белгілеуге  бо-

лады.  Осылайша  «төрт  құбыласын  түген-

деген»  талапкер  өз  «таңдауын»  бәйгеге 

қосады.  Бұл  жердегі  қағида:  дәл  таңдасаң 

–  дөп  түсесің,  яғни  бағың  жанады.  Мұның 

мәнісі неде? Біріншіден, мұқияттылық таны-

тып,  мамандыққа  бөлінген  грант  санының 

мөлшерін  білу,  екіншіден,  көптеген  маман-

дықтар  тізбегінен  жұртшылық  аса  бір 

ұмтыла  бермейтін,  бірақ  еліміздің  эконо-

микасында  өзіндік  ерекше  орны  бар,  та-

бысы  жаман  емес  мамандықты  «іліп  алу», 

үшіншісі жоғары оқу орнын дұрыс таңдау.

Қойылған  мәселелердің  соңғысынан 

бастайық.  Талапкерлердің  басым  көпшілігі 

Астана  немесе  Алматы,  Қарағанды  сын-

ды  үлкен  қалалардың  ЖОО-ларын  таң-

дайды. Осылайша үлкен қалаларға ұмтыла-

тындардың  саны  артады.  Бұл  өз  кезегінде 

байқаудың  бәсін  арттырып  жібереді.  Бәс 

көп  тігілген  жерде  «бәсіреден»  бос  қалу 

ықтималдығы жоғары. Оның үстіне бұл - со-

нау  кеңес  дәуірі  тұсынан  келе  жатқан  «са-

палы  білім  орталықта  орналасқан  жоғары 

оқу  орындарында»  деген  стеротиптің  бірі. 

Қазақстанның Еуроодақтың Боллон үрдісіне 

енуі «сапалы білім алу» шекарасын кеңейтіп 

жіберді.  Басқаша  айтсақ,  аймақтағы  ЖОО-

дан Еуропаның үздік оқу орындарының ше-

телмен  байланысы  артып  келеді.  Соның 

арқасында  шетелдік  білікті  мамандарды 

шақыру,  сондай-ақ  академиялық  икемділік 

бағдарламасы арқылы шетелге шығып, сапа-

лы білім игеруге болады.

Ал  грант  санының  мөлшерін  білу  және 

жұртшылық  ескере  бермейтін  мамандықты 

таңдау  қандай  пайда  әкеледі?  Әдетте,  ма-

мандыққа  бөлінетін  грант  саны  елімізде 

жүзеге  асырылып  жатқан  мемлекеттік  бағ-

дарламалардың қажеттілігіне, экономиканың 

өзекті  салаларының  сұранысына  орай  бел-

гіленеді. Мысалы, қазіргі таңда Қазақстанда 

үдемелі  инновациялық  инсдустрияландыру 

бағдарламасының екінші кезеңі жүргізілуде. 

Бұл бағдарлама инженер, ауылшарашылығы 

мен  ветеринария,  технолог  мамандықтарға 

деген  сұранысты  арттырып  отыр  және 

бағдарлама  «инновациялық»,  яғни  мүлдем 

жаңа  мазмұндағы  индустрализациялау  бол-

ғандықтан  жалпы  қазақстандықтарға,  оның 

ішінде қазақ ұлтына аса таныс емес, құлаққа 

тосаңдау  естілетін  мамандық  түрлері  бар. 

Мамандық  таңдағанда  мұндай  тұстарды, 

әлбетте, ескеру қажет.

Биылғы жылы қазақ тілінде білім алған-

дарға,  әсіресе,  еліміздің  Алматы,  Жам-

был,  Оңтүстік  Қазақстан,  Қызылорда, 

Маңғыстау  облыстарының  талапкерлеріне 

былтырғы  жылдан  бері  қолға  алынған 

«Серпін»  бағдарламасы  тағы  да  «жәрдем» 

қолын созып отыр. Елбасы Н. Назарбаевтың 

«Мәңгілік  ел»  идеясын  жүзеге  асыруды 

көздейтін  «Серпін-2050»  әлеуметтік  жоба-

сының  басты  мақсаты  –  демографиялық 

өсімі жоғары оңтүстік пен батыс өңірі жаста-

рын индустриялды-инновациялық бағдарла-

маның  ірі  жобалары  жүзеге  асырылып 

жатқан  солтүстік  және  шығыс  аймақтарда 

орналасқан жоғары оқу орындарында білім 

алуға жәрдем ету. Жәрдемнің сипаты мына-

дай:  білім  гранттарының  жалпы  байқауына 

бүкіл  республиканың  барлық  аймағы 

қатысса,  «Серпін-2050»  әлеуметтік  жоба-

сына, жоғарыда аталған, бес өңірдің жаста-

ры  арасында  бәсекелестік  көрігі  қызады. 

Олай  болса,  «Серпінге»  қатысқан  түлектің 

бәйгеден  озып  шығып,  грант  иесі  атануы-

на  мүмкіндігі  мол.  Аталмыш  бағдарлама, 

Serpin-2050.kz  сайтының  көрсетуінше,  сол-

түстік және шығыс аймақтардағы 19 жоғары 

оқу  орындарының  60  мамандығына  5000 

(бес мың) грант бөлініп отыр.

Бөлінген  гранттардың  басым  көпшілігін 

экономиканың маңызды салаларына тікелей 

қатысы бар әрі индустриялы-инновациялық 

бағдарламаға  аса  қажет  мамандықтарға 

бағыттау  көзделген.  Демек,  5000  гранттың 

педагогикалық  мамандықтарға  бөлінген 

1500  грантынан  басқасы,  яғни  3500  грант 

техникалық,  ауылшаруашылығы  және  ве-

теринария,  өңдеу  технологиясы  салалары-

на  бағытталған.  Қысқасы,  «Серпін»  -  жас-

тардың мемлекет есебінен тегін білім алуға 

септігін мол тигізетін, мемлекеттік маңызы 

бар жоба.

Сөз  соңында,  осы  жолдардың  авторы 

ретінде,  Ахмет  Байтұрсынұлы  атындағы 

Қостанай мемлекеттік университетіне инже-

нерлік-техникалық,  ауылшаруашылығы  жә-

не  оны  өңдеу  технологиясы,  ветеринария 

мамандықтарына 450 грант бөлінгенін баса 

айта  кеткіміз  келеді.  Қазақ  даласына  озық 

үлгідегі  Еуропалық  білім  үлгісін  енгізуге 

елеулі  еңбек  сіңіріп,  «дала  қоңырауы» 

атанған  Ы.Алтынсарин,  ұлттың  рухани 

көсемі А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы дүние-

ге келген қазыналы Қостанай өңірі «Серпін» 

жобасымен солтүстікке бет бұратын жастар-

ды  қабылдауға  әзір.  Бірақ  таңдау  тізгіні  – 

құрметті талапкерлер, Сізде!

 

Индира ҚАБАТОВА, «Жастар 



ресурстық орталағы» Байқоңыр 

қалалық бөлімінің аға кеңесшісі 

Жаздың  жайма  шуақ  күндерінде  аталы-

нып өтетін мерекелер де аз емес. Соның бірі 

Медицина  қызметкерлері  күні.  Маусымның 

үшінші  жексенбісі  күні  аталмыш  кәсіби 

мерекені  еліміз  атап  өтті.  Аталған  күнде 

мыңдаған дәрігерлер, дәрігерлік салада жұ-

мыс  істейтін  қызметкерлер  бұл  мерекені 

ерекше күткен еді.

Бұл  күнде  халықтың  өзі  дәрігерлерге 

деген  ерекше  ықыластарын  жасырмай,  өз 

алғыс тілектерін білдіреді. Әрине, аса жауап-

кершілікке толы дәрігер мамандығын игеру 

үшін көп еңбек ету қажет. Дәрігер боламын 

деген  адам  ең  алдымен  өз  халқының  жана-

шыры және адамгершілік қасиеті басым бо-

луы  керек.  Дәрігер  –  әлемдегі  ең  қасиетті 

мамандықтардың  бірі.  Олардың  ерең  ең-

бектері  шексіз.  Нағыз  құрметке  лайықты 

тұлғалар. Бұл мерекені ақайлықтар да естен 

шығармады.

Ақай ауылдық округінде 2016 жылдың 15 

маусым күні ауылдық клуб үйінде Медици-

на қызметкерлері күніне орай «Дені саудың 

- жаны сау» атты мерекелік концерт болып 

өтті. Мерекелік іс-шараға ауыл тұрғындары, 

мекеме  басшылары  және  қызметкерлері, 

ауыл  жастары  қатысты.  Ауылдық  клуб  ал-

дында ауылдық округте орналасқан мекеме 

қызметкерлері арасында 400 м қашықтыққа 

жүгіру  кросы  жарысы  ұйымдастырылды. 

Жарыс  басталмас  бұрын  ауылдық  округ 

әкімі  Райхан  Байшораева  жарысқа  қатысу-

шыларға  сәттілік  тілеп,  «Ақсақалдар  ал-

қасы»  қоғамдық  бірлестігінің  төрағасы 

Жақсылық  Қыпшақбайұлы  батасын  берді. 

Содан  соң  жарыс  қорытындысы  бойынша 

жеңімпаздар  анықталып,  мадақтамамен  ма-

рапатталды.  Ерлер  арасында  өткізілген  400 

м  қашықтыққа  жүгіру  кросында  І  орынды 

– №99 орта мектеп мұғалімі Н.Кеулимжаев, 

ІІорынды – №99 орта мектеп мұғалімі Д.Қали, 

ІІІ  орынды  –  №17  «Алақай»  санаториялық 

ясли-бақшасының қызметкері А.Байкөбеков 

иеленді.  Ал  әйелдер  арасында  өткізілген 

жарыста  І  орынды  «Бота»  балдырған  бала-

лар бақшасының тәрбиешісі А.Маханова, ІІ 

орынды – №279 орта мектебінің қызметкері 

К.Қуандық, ІІІ орынды – №23 «Балдырған» 

ясли-бақшасының  қызметкері  Г.Нұрниязова 

иеленді. 

Іс-шара  барысында  ауылдық  округ  әкі-

мі  Райхан  Байшораеваның  және  Төретам 

ауылдық  емханасының  меңгерушісі  Наби-

ра Бектасова жиналғандарды мерекелерімен 

шын  жүректен  құттықтап,  зор  денсаулық, 

қажымас  қайрат,  еңбектерінде  мол  та-

быс,  отбасыларына  бақыт  тілеп,  халықтың 

мақтанышына  бөлене  берулеріне  тілектес-

тігін  білдірді.  Ауылдық  округ  әкімінің 

мадақтамасынмен  Төретам  құрылымдық 

бөлімшесі,  әйелдер  бөлімінің  кіші  аяжа-

ны  –  Қожаназарова  Р.,  дәрігерлік  амбулато-

рияның  медбикесі  –  Маханбетиярова  С., 

№23 «Балдырған» ясли-бақшасының медби-

келері – Қарасай П., Сахалова А., №99 орта 

мектебінің  медицина  қызметкері  –  Буха-

ев  Б.,  №17  «Алақай»  санаториялық  ясли-

бақшасының медбикесі - Науашова Б., №279 

орта  мектебінің  медбикелері  –  Тулебае-

ва А., Садықова Г., №19 «Балдәурен» ясли-

бақшасының  медбикесі  –  Нияз  Г.,  «Бота» 

балдырған балалар бақшасының тәрбиешісі 

–  Маханова  А.  марапатталды.  Марапат-

тау  табысталған  соң,  ауылдық  клуб  үйінің 

ұйымдастыруымен  концерттік  бағдарлама 

жалғасын тапты.

Данияр ТАЖИМБЕТ, 

Ақай ауылдық округінің 

әкімі аппаратының бас маманы 

Ислам дінінде қасиетті Рамазан айы ай-

лардың  ең  төресі  болып  саналады.  Осынау 

келген ораза айында әрбір адам ауыз бекітіп, 

имандылық құндылықтарын ұстануда. 

«Ораза - тәннің зекеті, сабырдың жарты-

сы,  нәпсінің  тізгіні»  дейді.  Осыны  зейініне 

тоқыған  мұсылман  қауымы  қасиетті  Рама-

зан айында ауыз бекітіп, Аллаға құлшылық 

етуде.  Ал  ауыз  бекіткен  адамдарға  құр-

мет  көрсетіп,  ауызашар  беру  –  сауапты  іс. 

Қасиетті  жұма  күнінде  «Жәрімбет  ата»  ме-

шіті  жанындағы  халал  асханада  Төретам 

кенті  әкімі  Мырзабек  Демесінов  пен  «Тө-

ретам  водсервис»  мекемесінің  ұйымда-

суымен  ауызашар  берілді.  Дастархан  ба-

сына  қала  мен  ауыл  аймақтың  қадірменді 

қариялары,  кәсіпорындар  мен  мекемелер 

басшылары, ауыл тұрғындары жиылды. Ау-

ызашарда  мешіт  өкілі  марқұмдарға  құран 

бағыштап,  кент  ақсақалдары  бата  берді. 

Жалпы,  ауызашар  беру  –  өте  үлкен  сауап-

ты  іс.  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с):  «Кімде  кім 

бұл  айда  аузы  берік  бір  адамға  ауызашар 

берсе, күнәлары кешіріледі. Сол аузы берік 

адамның  алған  сауабындай  сауап  бұған  да 

беріледі»  деген.  Яғни,  амалдардың  ең  құн-

дысы  –  бір  мұсылманды  күнәдан  арылту, 

қарнын  тойдыру  және  мұқтаждығын  беру 

арқылы оны қуанту. Тіпті Алланың өзі тамақ 

жегізетін  жомарт  құлымен  періштелеріне 

мақтанады.  Тағы  бір  хадис  шарифте  бы-

лай делінген: «Досына оның жақсы көретін 

тамағын әперген адамның күнәлары кешірі-

леді». Демек, дос-жарандарға тамақ беру са-

дақа беруден абзал болады. 

Қалай десек те, Рамазан тек асқазанға да-

мыл  беріп,  денсаулықты  түзету  ғана  емес, 

бұл  –  жан  дүниемізді  тазарту,  яғни  руха-

ни денсаулығымызды емдеу болып табыла-

ды. Сондықтан ауқатты кісілер, әкімқаралар, 

әртүрлі мекеме басшылары өздерінің ұжым-

дары  арасында  ауызашар  беріп,  кедей-кеп-

шіктерге  көмектесіп  отырса,  бұл  адамдар-

дың бір-біріне деген сүйіспеншілігін артты-

рып, ерекше сезімге бөлейтіні сөзсіз.

Осы  ауызашарға  Байқоңыр  қалалық  ар-

дагерлер  кеңесінің  төрағасы  Табынбай  Ал-

мақанов,  Ақай  ауылдық  округінің  ақаса-

қалдар  алқасының  төрағасы  Жақсылық 

Қыпшақбайұлы,  «Нұр  Отан»  партиясы 

Байқоңыр  филиалы  төрағасының  бірінші 

орынбасары  Әнуар  Дәуленбаев,  кент  арда-

герлері  Шәкен  Балжаев,  Ұласқан  Әбуов 

және «Жәрімбет ата» мешітінің өкілдері қа-

тынасып, құран оқылды.



«Бәйтерек - Байқоңыр» апталығы


  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал