№20 (7055) 16 мамыр 2017 жыл



жүктеу 347.71 Kb.

бет1/4
Дата08.09.2017
өлшемі347.71 Kb.
  1   2   3   4

Газет 1930 жылдың 7 қыркүйегінен шығады

Апталық  басылым



№20 (7055)     16 мамыр   2017 жыл

Бөкей  ордасы   аудандық  қоғамдық-саяси  газеті

орда жұлдызы

www.ordazhuldyzy.kz

Өңір басшысы Алтай 

Көлгіновтің жұмыс сапары 

Бөкей ордасы ауданының  

орталығы Сайқын ауылын-

да жалғасты. 

Облыс 


басшысы 

Сайқын 


ауылындағы  су  құбырын  қайта  құру 

құрылысының  жұмысымен танысты. 

Айта  кетсек,  бұл  су  құбырын  қайта 

құру  құрылысымен  «АльфаСервис-

Строй» ЖШС-і айналысуда. Жобаның 

жалпы  құны    369,425  млн.  теңгені 

құрайды.  Нысан  толықтай  аяқталған 

жағдайда  3514  тұрғын  таза  ауыз  су-

мен  қамтылмақ.  Жалпы  Бөкей  орда-

сы  ауданындағы  7  ауылдық  округте 

22  елді  мекен  бар.  Олардың  10-ы 

орталықтандырылған  таза  ауыз  су-

мен қамтылса, 2-еуіне су тасымалда-

нады.


Құрылыс алаңында өңір басшысы-

мен кездескен ауыл тұрғындары Ал-

тай Сейдірұлына облыста атқарылып 

жатқан жұмыстар үшін алғысын айта 

келе,  аудан  орталығындағы  тозығы 

жеткен  мектеп  интернатқа  жаңа 

ғимарат салу және Орал қаласындағы 

М.Мәметова  ескерткішін  өзінің  кіндік 

қаны  тамған  Бөкей  ордасы  ауданы-

на  беру  жөніндегі  ұсыныс-пікірлерін 

білдірді.  Ауыл  тұрғындарымен  кез-

дескен соң облыс басшысы бастаған 

делегация  Сайқын  ауылындағы  әлгі 

ескі  мектеп  интернатына  барып, 

оның  жай-күйін  өз  көздерімен  көрді. 

Содан  кейін  Сайқын-Шоңай  ауылы 

бағытындағы табиғи газ құбырын тар-

ту  жұмыстарымен  танысты.  Ауданда 

тоғыз  елді  мекен  газдандырылып, 

1975 аулаға көгілдір отын  кіргізілген. 

–  Екі  жылдық  жоспар  бойын-

ша  Шоңай,  Сейітқали,  Қарасу, 

Жиекқұм,  Жамбыл,  Көктерек,  Бөрлі, 

Тереңқұдық, Ұялы, Кеңой, Саралжын 

секілді 11 елді мекенге газ жеткізіліп, 

тағы  да  1551  аула  тұрғындары  осы-

нау  игілікке  қол  жеткізбек.  Биыл  бұл 

құрылыс нысандарына 500 млн. теңге  

бөлінді.  Жылдың  аяғына  дейін  тағы 

қосымша қаржы көзі қарастырылмақ. 

Аудан  орталығындағы  тоғыз  көше 

жөнделеді. 

Сондай-ақ, 

Сайқын 


ауылындағы  мектеп  интернатының 

тозығы  жетуіне  орай  сыйымдылығы 

100 балаға арналған жаңа ғимараттың 

жобалық-сметалық 

құжаттары 

дайындалмақ.  Былтыр  «Нұрлы  жер» 

бағдарламасы бойынша 16 тұрғын үй 

пайдалануға берілсе, биыл қосымша 

10 үй бой көтеретін болады,- деді өңір 

басшысы Алтай Сейдірұлы.

Облыс  әкімі  мен  оның  сапар-

ластары  Бисен  ауылдық  округіне 

қарасты  «Ораз»  шаруа  қожалығына 

атбасын  тіреді.  Қожалық  жетек-

шісі  Ермек  Момынов  мемлекеттік 

бағдарламаның  көмегімен  мал  ба-

сын асылдандыруды алғашқылардың 

бірі болып  қолға алған. Бүгінде төрт 

түлік  малды  өсірумен  қатар  мал 

бордақылау алаңын ашып, шаруасын 

дөңгелентіп  отыр.    Облыс  басшысы 

мал  бордақылау  алаңында  болып, 

шаруашылықтың жай-жапсарымен та-

нысты. Қожалық иесі атасының есімі-

мен аталатын шаруашылықты алғаш 

әкесі Мәлік негізін қалағанын, кейін өзі 

оны заман талабына сай өркендетуге 

белсене 


кіріскенін 

әңгімеледі. 

2012  жылы  «Ауыл  шаруашылығын 

қаржылай  қолдау  қоры»  АҚ-дан 

«Сыбаға»  бағдарламасы  бойынша 

13  миллион  теңге  несие  алып,  оған 

көрші  ауылдардан  мал  сатып  ала 

бастайды.  Сосын  Ресейдің  Орынбор 

облысынан  қазақтың  ақбас  тұқымды 

50  сиырын  әкелген.  Жылдар  алға 

жылжыған  сайын  мал  басы  да  ар-

тып,  еңбегі  де  жана  бастапты.  2014 

жылы  қазақтың  ақбас  тұқымды  ма-

лын өсіретін шаруашылық мәртебесін 

алып,  республикалық  палата  мүшесі 

болған  шаруашылық  болашақта 

бордақылау  алаңын  кеңейтпек  ниет-

те.


Мұнда өңір басшысымен кездесуге 

келген  шаруа  қожалық  иелері  малға 

беретін  судың  тапшылығын  баян-

дады.  Су  болмаса  мал  өсімі,  азығы 

болмайтынына  тоқталған  облыс 

басшысы  мәселені  шешу  жолдарын 

қарастыратынын айтты.

Бұдан әрі өңір басшысының жұмыс 

сапары Темір Масин ауылдық округінің 

Бөрлі  ауылындағы  су  құбырының 

құрылыс  жұмыстары  нысанында 

жалғасты. Осы жерде  Бөрлі және Би-

сен  ауылдық  округінің  Жамбыл  мен 

Көктерек елді мекендеріне кіргізілетін 

таза  ауыз  су  құбырының  құрылыс 

жоспары таныстырылды. «Жиенбай» 

ЖШС-ның  мердігерлігімен  басталған 

аталмыш  құрылыс  биылғы  жылдың 

күз  айларында  аяқталмақ.  Құрылыс 

толықтай  жүзеге  асқан  жағдайда 

Бөрлі ауылындағы 1260, Көктеректегі 

542,  Жамбылдағы  187  тұрғын  таза 

ауыз сумен қамтылмақ.

Гүлсезім БИЯШЕВА.

«Орал өңірі».

Әкім бол, халқыңа жақын бол!

Өңір басшысы Бөкей ордасында

Мәні зор маңызды іс



Бисен ауылдық округіне қарасты Көктерек ауылында Ұлы Отан 

соғысы және еңбек ардагері Ораз Момыновтың тұрған үйіне ес-

керткіш тақта орнатылды. Оған аудан әкімі Н.Рахымжанов, Бөкей 

ордасы  тарихи  мұражай  қызметкерлері,  Ақжайық,  Жаңақала 

аудандарынан өкілдер, қарияның ағайын-туыстары қатысты.

Салтанатты  округ  әкімі  Қайырсапа  Саматов  ашып,  қонақтарға  қош  келдің 

айтып,  ардақты  азаматтың  өмірбаянымен  таныстырды.  Ескерткіш  тақтаның 

бетіндегі  шымылдықты  сыпыру  құрметі  аудан  әкімі  Нұрлан  Сағынтайұлы 

мен  Бөкей  ордасы  ауданының  құрметті  азаматы,  ауыл  ақсақалы  Есқайрат 

Өтепқалиевке ұсынылды. Аудан басшысы соғыс жылдарындағы аға ұрпақтың 

ерен  ерліктерін  айта  келіп,  Көктерек  ауылында  болғалы  жатқан  жағымды 

жаңалықтармен  бөлісті.  Естелік  айтқан  құдасы  Қуаныш  пен  майдангердің 

балдызы Бәтима апайдың әңгімелерін ауыл тұрғындары мен оқушылар ұйып 

тыңдады. Ақжайық ауданының депутаты әрі шаруа қожалығының иесі Ақылбек 

Сәбитов жерлестерін ұлықтап жатқан көпшілікке алғыс айтты.

Ескерткіш  тақта  алдына  оқушылар  гүл  шоқтарын  қойып,  арнау  өлеңдерін 

оқыды. Хан ордасы мұражайының қызметкері Г.Еділбаева майдангер туралы 

бейнефильм көрсетті.



*  *  *

Еңбектегі ерлігімен ел құрметіне бөленіп, КСРО Жоғарғы Советінің депутаты 

болған Рахима Боранғалиеваның Бисен ауылында тұрған үйіне ескерткіш тақта 

орнатылды. Аталмыш шараға аудандық мәслихат хатшысы Ерболат Таңатов, 

«Нұр  Отан»  партиясы  аудандық  филиалы  төрағасының  бірінші  орынбасары 

Тілеген  Арыстанбеков,  сайқындық  тумасы  Ескендір  Қазиханов,  көктеректік 

немерелері Мұқсина Жиенәлиева, Сәпия Қапсихова, оралдық нағашы сіңлісі 

Мәншүк Нұрғалиевалар арнайы келді. 

Шақырулы  қонақтарға  қош  келдіңіздер  айтқан  ауыл  әкімі  Қ.Саматов 

Боранғалиеваның өмірбаянымен таныстырып өтті. Ескерткіш тақтаны мәслихат 

хатшысы  Ерболат  Қабденұлы  мен  Рахима  апамыздың  нағашысы  Хисмет 

Мөкешев  ашты.  Әрі  Тілеген  Керейұлы  мен  Хисмет  ата  әдемі  естеліктермен 

бөлісті.  Ал,  Ескендір  аға  мен  Мәншүк  апай  шараны  ұйымдастырушыларға 

алғыстарын жеткізді. 

Өз  кезегінде  Р.Боранғалиеваның  сіңлісі  Материяның  ұлы  Бауыржан  Ора-

зов  нағашы  апасының  аруағына  құран  оқытып,  шаңырағынан  ас  берді.  Бұл 

ескерткіш  тақтаны  тұрғызуға  демеушілік  жасаған  Хисмет  ата  мен  ауыл  әкімі 

Қайырсапа  Саматұлы  екенін  де  айта  кеткеніміз  жөн  шығар.  Сондай-ақ, 

атағы алысқа кеткен жанның фотолары мен ол туралы тың деректер мектеп 

жанындағы мұражайға тапсырылды. 



Екатерина ЖОЛДЫҒАЛИҚЫЗЫ.

Бисен ауылы.

Алматы қаласында өткен «Жеті 

өнер»  І  халықаралық  балалар 

мен  жастар  шығармашылығы  

фестиваль-конкурсына  қатысқан 

аудандық 

 

саз 


мектебінің 

шәкірттері Фариза Ғабділманапова 

мен Ильфат Ахметкереев (жетек-

шілері  Азамат  Зайноллин)  жеңіс 

тұғырынан  көрінді.  Қазақтың  қара 

домбырасынан 

күй 

төгілткен 



Фариза  бас  жүлдені  иеленсе, 

Ильфатқа  бірінші  орын  бұйырды. 

Айта  кетейік,  қос  домбырашы 

да  облыстық,  республикалық 

байқаулардың  бірнеше  дүркін 

жүлдегерлері. 

Ескерткіш – елдіктің белгісі

Ақжолтай хабар

Қос бас жүлде һәм бірінші орын  

Сондай-ақ,    аталмыш  кон-

курста  ән  салған  саралжындық  

өнерпаз  Маралбек  Шәріпқалидің  

де  асығы  алшысынан  түсіп,  бас 

жүлдені  жеңіп  алды.  Маралбек 

бүгінде  Қ.Сағырбаев  атындағы 

орта 


мектеп-балабақшасының 

3-сынып  оқушысы.  Жетекшісі  Ра-

уан  Қуанышевтің  айтуынша,  жас 

өреннің  өнерін  белгілі  әнші  Сәкен 

Қалымов, басқа да  қазылар алқасы 

мүшелері жоғары бағалапты.  

«Орда – өнерлілер өлкесі» екенін 

бөкейлік ұл-қыздар осылайша тағы 

бір дәлелдеп қайтты.

Арайлым ӘЖІҒАЛИЕВА.

+21


+14

Жексенбі, 21.5.2017

+14

+27


Сенбі, 20.5.2017

+24


+14

Жұма, 19.5.2017

+24

+14


Бейсенбі, 18.5.2017

+22


+12

Сәрсенбі, 17.5.2017

+21

+12


Сейсенбі, 23.5.2017

+21


+15

Дүйсенбі, 22.5.2017



16 мамыр 2017 жыл

2

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


Қазақ 

халқының 

тұрмысын, 

мәдениеті  мен  білімін  көтеруді  ал-

дына  мақсат  етіп  қойған  ол  оқуды 

бітіре  салысымен  Омбыға  оралып, 

қаланың саяси-әлеуметтік, қоғамдық 

жұмыстарына  белсене  араласады. 

Қазақ  зиялылары  арасында  шағын 

партиялық  топ  құрып,  Қазақстанда 

демократиялық  сайлау  мәселесін 

көтереді.  1917  жылы  «Алаш  орда» 

халық  кеңесінің  төрағасы  лауазы-

мына  сайланады.  Әлихан  бастаған 

ұлт  зиялылары  ресейлік  отар-

лау  саясатына  шектеу  қою,  қазақ 

жерінің  бүтіндігін,  қазақ  ұлтының 

бірегейлігін  сақтау  жолында  бел 

байлап  күреске  шықты.  Патшалық 

билік 


тұсында 

Ә.Бөкейханов 

жұртшылық  мойындаған  саяси 

қайраткер дәрежесіне көтерілді. За-

мандас  ағасы  Бақытжан  Қаратаев 

оған  Оралдан  жолдаған  хатында: 

«Халықтың  ықыласына  бөленген 

ұлттық  тұлғасың»  деп  жазады. 

Әлихан  Нұрмұхамедұлы  алдымен 

патшалық,  кейінірек  кеңестік  билік-

тің қазақ елін ешқандай даярлықсыз 

тез  арада  отырықшы  тұрмысқа 

аудару жобасына қарсы шықты. Оны 

1917  жылы  Орынбор  қаласындағы 

Алаш автономиясының съезінде де, 

«Қазақ» газеті арқылы да анық біл-

дірді.

Ұлт  бағына  туған  ұлы  тұлға 



Ә.Бөкейхановтың өмірі қазақ жаста-

рына өнеге. Елі үшін басын бәйгеге 

тіккен  ол  тар  жол,  тайғақ  кешуде 

де  алған  бағытынан  қайтпады. 

Жүрегінің  жалынын  темір  қапас  та 

баса алмады. «Тірі болсам, қазаққа 

Ұлттық әдебиетіміздің ең үздік туын-

дыларын  оқу  және  насихаттау,  руха-

ни  мұрамызды  сақтау  мақсатында 

жыл сайын республикалық «Бір ел – 

бір  кітап»  акциясының  өткізіліп  келе 

жатқанынан  қалың  оқырман  хабар-

дар.  Ұлттық  академияның  кітапхана-

сы мен республика кітапханашылары 

ассоциациясының бастамасымен, ҚР 

мәдениет және ақпарат министрлігінің 

қолдауымен жүзеге асып келе жатқан 

аталмыш жоба алғаш рет 2007 жылы 

Абайдың  қара  сөздерінен  бастау 

алған еді.

Жақсы  дәстүрге  айналған  бұл 

бастамаға  биыл  10  жыл  толды.  

Үстіміздегі жылы «Бір ел – бір кітап» 

акциясына  С.Торайғыровтың  кітап-

тары  таңдалды.    Мұндағы  басты 

мақсат – бір шығарманы көпшілікпен 

бір  уақыт  аралығында  оқып  тал-

дау.  Осыған  орай  жақында  Бөкей 

ордасы  колледжі  кітапханасында 

«Сұлтанмахмұт  –  заман  жыршысы» 

атты  тақырыптық  кеш  өтті.  Атал-

мыш  кеште  ақынның  өмірбаяны 

мен  шығармашылығы  баяндалып, 

колледж  студенттері  «Қамар  сұлу», 

«Кім  жазықты?»  романдарынан 

және  «Адасқан  өмір»,  «Кедей» 

атты  поэмаларынан  үзінділер  оқып, 

қаламгердің  әдебиетке  қосқан  үлесі 

жөнінде әңгіме өрбітті. 

Шара 


соңында 

аудандық 

кітапхананың  оқу  залы  кітапхана-

шысы  А.Ділманова  кітап  көрмесіне 

шолу жасап, ақынның шығармаларын 

көпшілікке кеңінен таныстырды.



Рима ҚУАНШАЛИЕВА,

колледж кітапханашысы.

Сайқын ауылы.

Еңкейгенге еңбек 

табылады

«Нұр Отан» партия-

сы аудандық филиа-

лында шартты түрде 

жаза алған азаматтар-

мен кездесу өтті. 

Оған филиал төрағасының 

бірінші  орынбасары  Тілеген 

Арыстанбеков, 

аудандық 

пробация  қызметі  инспекто-

ры,  әділет  капитаны  Мақпал 

Бекқалиева  және  шартты 

түрде  жаза  мерзімін  өтеп 

жүргендер қатысты.

Кездесу барысында азаматтардың тұрмыс жағдайы мен жұмысқа орнала-

су  кезіндегі  кедергілер  талқыланып,  оны  шешу  жолдары  қарастырылды.  Өз 

сөзінде Тілеген Керейұлы  бұл бағытта қолынан келген көмегін аямайтынын 

жеткізді. Ал, Мақпал Исатайқызы есепте тұрғандардың тәртіптері жақсы екенін, 

қазіргі таңда «Өрлеу» бағдарламасы арқылы өз кәсібін бастап, оны әрі қарай 

дамытып жатқандар да бар екенін мәлімдеді.

Иә, қоғамда кездесетін кейбір келеңсіздіктердің алдын алып, онымен күресу 

барлығымыздың міндетіміз. Табысқа адал жолмен жетсең ғана оның жемісін 

сүйсіне жерің хақ. Әрі еңкейген жанға еңбек көзі табылады. Сондықтан «тек 

жүрсең, тоқ жүрерсің» дегендей, табысты маңдай термен табуға талпынайық, 

ағайын! 

Әділет СӘМЕНОВ.

Кітап – білім бұлағы

Колледжде өткен келісті шара

«Тірі болсам, қазаққа 

қызмет қылмай қоймаймын»

Әлихан Нұрмұхамедұлы ХХ ғасырда жаңа тұрпатта 

жаңғырған қазақ ұлттық мемлекетінің (Алаш 

орданың) тұңғыш басшысы ретінде тарих төрінен 

мәңгі орын алған тұлға. Ата тегі Шыңғыс ханның 

үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымынан. 

Ауыл мектебін, кейін Омбының техникалық учи-

лищесін жақсы бітіріп, 20 жасында Ресейдің аста-

насы Санкт-Петербургтегі Орман шаруашылығы 

институтына түседі. Сабағымен қатар саяси, әдеби, 

экономикалық үйірмелерге де белсене қатысады.

Ә.БӨКЕйханов: 

жеріне  қоныстандыруға    байла-

нысты  еңбектері  де  маңызды. 

Әрі  қоныстандыруды  тоқтатуды, 

қазақтардың  жерді  пайдаланула-

рын  бұрынғы  қалпында  сақтауды 

талап  етті.  Патшаның  қазақтарды 

майданның  қара  жұмысына  алу  ту-

ралы жарлығы 1915 жылдан бастап 

астыртын  дайындала  бастағанын 

білген  Ә.Бөкейханов  1916  жылы 

ақпан  айында  соғыс  министрінің 

қабылдауында 

болып, 

«қазақ 


мылтық  ұстап,  майданға  шыға 

алатын  ер  халық,  киіммен,  қару-

жарақпен қамтамасыз етіңіздер, үш-

алты  айлық  әскери  дайындықтан 

өткізіңіздер»  деп өтініш айтады.

1909  жылғы  «Қазақтар»  атты   

іргелі 

еңбегінде 



ұлтымыздың 

әлеуметтік-шаруашылық  құрылы-

мын  аса  білгірлікпен  

көркем  түрде  жазған. 

Сарыарқаның 

сайын 


төсінде,  Ақтоғай  өңірінде 

туып 


өскен 

Әлихан 


бала  кезінен  қазақтың 

мал 


бағу 

тәсіліне 

қанық 

болған. 


Оны-

сы  Томск  қаласындағы 

баспадан 

шыққан 


«Далалық  өлкедегі  қой 

шаруашылығы» 

де-

ген 


монографиялық 

еңбегінен  анық  аңғар-

ылады.  Алаш  көсемінің  

қазақтың  егін  егіп,  мал 

өсіру кәсібін, жалпы ауыл 

шаруашылығы  саласын 

жедел  дамыту  үшін  ер-

кін  кооперативке  бірігуге 

шақыруы қазіргі уақытпен 

үндес  келуде.  Ал,  Кеңес 

үкіметі  Алаш  зиялыла-

рын мемлекеттік биліктен 

аластатумен  шектелмей,  жаппай 

қудалады.  1937  жылы  67  жасында 

Мәскеуде атылған Ә.Бөкейханов та 

сол қаладағы Дон бауырластар зи-

ратына жерленген.

  Аса  көрнекті  мемлекет  және 

қоғам 

қайраткері, 



жан-жақты 

энциклопедиялық білім иесі Әлихан 

Нұрмұхамедұлы ормантанушы, эко-

номист,  аудармашы,  заңгер,  ғалым 

болумен  қатар,  қазақ  тілінің  да-

муына  елеулі  үлес  қосқан  ірі  саяси 

тұлға. Қазақтың тілі мен өмір салтын 

жетік білген ұлт зиялысы 1922-1927 

жылы  Мәскеудегі  КСРО  халықтары 

орталық  баспасының  Қазақ  секци-

ясында  әдеби  қызметкер  болып 

жұмыс істеген. Әулеті қуғын-сүргінге 

ұшырағанда  туған  інісі  Махан  от-

басымен  Алтай  өлкесіне  барып 

паналапты.  Ол  Сталин  өлгеннен 

соң  атажұртқа  оралып,  Балқаш 

қаласында 

мешіт 


салдырып, 

имандылық жолын ұстанады.

«Алаш» 

партиясын 



ұйымдастырушы  көрнекті  қоғам 

қайраткері,  ғұлама  ғалым,  ұлт-

азаттық  қозғалысының  теориялық 

негізін  салушы  көсем  Әлихан 

Бөкейханов  орыс  империясының 

қол  астында  құлдықта  отырған, 

этнос  есебінде  құрып,  жойылып 

кету  қатері  анық  төнген  тұста 

«іргесін  аулақ  салған»  біртұтас 

қазақ  ұлтын  тәрбиелеп,  ұлттық 

мемлекеттілігіміздің 

шаңырағын 

қайта  көтеруімен  халқының  мәңгі 

есінде қалмақ.

Дулатов, Байтұрсынов, 

 

 



       Бөкейханов,

Білемін бұл үш ердің айтпай 

 

 

 



жайын.

Кешегі қара күнде болмап па еді,

Бірі – Күн, бірі – Шолпан, 

 

 



        бірі – Айым!

Солардан басқа кеше кім бар еді,

Қазақ үшін шам қылған жүрек 

 

 



            майын... -

деп  Сұлтанмахмұт  Торайғыров 

жырлағандай,  Алаш  қозғалысының 

100  жылдығы  қарсаңында  өз 

білгенімді 

«Орда 


жұлдызы» 

оқырмандарына 

жеткізуді 

жөн 


көрдім.

Есенболат ШАПЕНОВ,

зейнеткер. 

Бөрлі ауылы. 

қызмет  қылмай  қоймаймын»  сын-

ды  ұлағатты  сөздерінің  маңызы 

бүгінгі  таңда  тіптен  арта  түскендей. 

Өйткені, отарлаушылар бұрмалаған 

төл  тарихымызды  қайта  нақтылап 

жазып,  кейінгі  ұрпаққа  таза  күйінде 

жеткізуіміз 

керек. 

Тарихтағы 



ақтаңдақтарды 

анықтауда 

сол 

ұлы  тұлғаның  қалдырған  дерек-



теріне  сүйенгеннің  еш  артықтығы 

жоқ.  Соның  бірі  –  Қасым  хан  ту-

ралы  пайымдаулары.  Оның  ханға 

жағымды  баға  беруі  еріксіз  назар 

аудартады.  Орыс  мұжығын  қазақ 


16 мамыр 2017 жыл

3

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


Тілшімен тілдескенде

Салауаттылық – өмір салты



–  Нартай  Елібайұлы,  үстіміздегі 

жылдың  төрт  айы  артта  қалды. 

Осы  мерзім  ішінде    аудандық 

прокуратурада  қандай  жұмыстар 

жүзеге асырылды?

–  Биылғы  төрт  айды  түйіндесек, 

аудандық  прокуратурамен  2  тек-

серіс  жүргізіліп,  77  заң  бұзушылық 

анықталды.  Соның  негізінде  18 

ұсыныс жолданып, заң бұзушылыққа 

жол  берген  17  тұлға  тәртіптік,  3-еуі 

әкімшілік  жауапкершілікке  тартылды. 

Біздің наразылық білдіруімізбен заңға 

қайшы келетін 2 акт өз күшін жойды. 

Сонымен қатар, ағымдағы жылы аудан 

прокурорының  қатысымен  аудандық 

сотта 5 қылмыстық, 3 азаматтық және 

77 әкімшілік іс қаралды.

Аудандық  ішкі  істер  бөлімінің 

әкімшілік  істерін  қарау  барысын-

да  прокурор  ұсынысы  бойынша  5 

жеке  қаулы  шығарылып,  аудандық 

сотпен  қабылданған  жеке  қаулылар 

негізінде  аудандық  ішкі  істер  бөлімі 

жергілікті полиция қызметінің 5 учас-

келік  инспекторы  жауапкершілікке 

тартылды.  Қылмыстық  істердің  тер-

гелу  сапалылығы  зерделеніп,  тиісті 

нұсқаулар берілді. Әрі Қазақстан Рес-

публикасы  Бас  прокуратурасының 

«Ұрлықты тоқтат» жобасын іске асы-

ру мақсатында да біркелкі жұмыстар 

атқарылды. 

–  Жалпы  ауданымызда  заңды-

лықтың 

сақталуын 

прокурор 

көзімен қалай пайымдар едіңіз? 

– Заңдылықты қадағалаушы орган 

болғандықтан,  аудан  аумағындағы 

барлық  мекемелермен тығыз байла-

ныс  ұстауға  тырысамыз.  Сондықтан 

қылмыстың  алдын  алу,  қоғамдық 

тәртіпті  қамтамасыз  ету  мәселелері 

бойынша  құқық  қорғау,  жергілікті 

атқарушы және мүдделі органдардың 

қызметін үйлестіру, ведомствоаралық 

қатынасты  жақсарту  жолында  көпт-

еген  шаралар  атқарылуда.  Мәселен, 

аудандық 

прокуратураның 

бас-

тамасымен 



ағымдағы 

жылдың 


өткен  мерзімінде  қылмыс  пен  заң 

бұзушылықтың  алдын  алу  және 

оның  көрсеткішін  төмендету  мақса-

тында  жергілікті  атқарушы,  ішкі  іс-

тер  бөлімі  және  уәкілетті  органдар 

қызметкерлерінің  қатысымен  ведом-

ствоаралық  кеңес  өткізіліп,  тиісті 

нұсқаулар  да  берілді.  Нәтижесінде 

биылғы  қылмыс  саны  өткен  жылдың 

осы  мерзімімен  салыстырғанда  10,3 

пайызға төмендеді. 

– 

Экономикамыздың 

негіз-

гі  қозғаушы  күшіне  айналған 

кәсіпкерлердің  құқықтарын  қорғау 

жайы нешік? 

–  Аудандық  прокуратурамен  сәуір 

айында  «Кәсіпкер  және  шенеунік» 

акциясы өткізіліп, онда кәсіпкерліктің 

дамуына  кедергі  келдіріп  отырған 

жайлар  ортаға  салынды.  Жоғары 

жақтың қолдауын қажет ететін өзекті 

мәселелер  облыстық  прокуратураға 

хабарланды.

Реті  келген  соң  айта  кетелік, 

жақында  аудан  прокуратурасының 

сенім  телефонына  Бисен  ауылының 

тұрғыны,  азаматша  Э.К.  ауылдық 

«Қазпошта»  мекемесінің  қызметкері 

өз  міндетіне  салғырт  қарап,  тиесілі 

жәрдемақысын  төрт  ай  бойы  бер-

мей  жүргендігін  жөнінде  хабарла-

ды.  Тексеріс  кезінде  ол  расталды. 

Тұрғындардың  осындай  өздерін  ма-

залап жүрген сұрақтары болса, аудан 

прокуратурасының сенім телефонда-

рына 8 (71140) 21-2-68, 8 (776) 906 98 

76  немесе  республикалық  тегін  111, 

115  нөмірлеріне  хабарласуларына 

болады.



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал