2 семестрлік жұмыс



жүктеу 270.2 Kb.
бет7/10
Дата13.11.2022
өлшемі270.2 Kb.
#23840
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
2 срс философия
Бөбектің отыруы. «Бөбек бес айда белгілі отырады, алты айда анық отырады» дейді халық. Баланың әке-шешесін, жақындарын анық танып, күлу, ренжу әрекеттерін көрсете бастауы, оның өздігінше қимыл әрекеттерін жасаумен ұштасады да, отыруға ыңғайлануы байқала бастайды.
Тұсау кесу. Бөбек туғаннан кейін жеті-сегіз айдан соң, әуелі еңбектеп содан кейінірек қаз-қаз тұрып, қаз басып жүре бастайды. Бала тәй-тәй басып жүре бастаған кезде, тұсау кесу рәсімі жасалып, тұсау кесу жыры айтылады.
Тұсаукесер жырлары. Тұсау кесу - әдет-ғұрыптық, ырым-рәсімдік қуаныш мәжілісінде айтылатын жыр. Көбінесе, бір жасқа толып, еркін жүре бастаған бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей, жақсы жүріп кетуіне тілек білдіріп, оның ата-анасы қуанышқа ортақ жақын адамдарды жинайды да, сыйлы адамға бөбектің тұсауын кестіреді. Баланың тұсауы ала жіппен немесе қойдың тоқ ішегімен байланады да, тұсау кескен соң тұсау кесушіге сый-сыяпат көрсетіліп, сыйлық беріледі. Тұсау кесілген соң баланы ақ жайма үстімен немесе қалың кілем үстімен жүргізіп:

Қаз-қаз, балам, қаз, балам, Тай-кұлын боп шаба ғой,


Қадам бассаң мәз болам. Озып бәйге ала ғой.
Күрмеуіңді шешейін, Қаз баса ғой, шырағым,
Тұсауыңды кесейін. Құтты балсын қадамын.
Қаз-қаз, балам, қаз, балам, Өмірге аяқ баса бер,
Тақымыңды жаз, балам, Асулардан аса бер
Қадамыңды қарайық, Жүгіре қойшы құлыным,
Басқаныңды санайық. Желбіресін тұлымың
Қаз-қаз, балам, жүре ғой, Елгезек бол, ерінбе.
Балтырыңды түре ғой. Ілгері бас, шегінбе, —
деп ата-ана қуаныш білдіріп, арман тілегін айтады.
Атқа мінгізу тойы. Бала 4,5.-5-ке толғанша әке-шешесі ұл балаға арнайы ат, ертоқым даярлайды. Ерді (егер) қайыңның безінен шаптырып жасатады. Мұны ашамай ер деп атайды. Ердің тебінгі, құысқан үзеңгі бауларын киіз бен былғарыдан, қайыстан күмістетіп жасатады.
Атқа мінгізу тойы жаз айларында болады. Бәленшенің баласы (немересі) азамат болыпты, атқа мінгізу тойына шақырып жатыр десіп, ағайын-туыс, жекжат, нағашылары келеді. Баланың нағашысы жиенге арнайы ат әкеп мінгізетін болған. Тойға келушілер балаға арнап қамшы, садақ, шідер, т. б. заттар жасап әкеп сыйға тартады. Бұл — баланы азамат болуға жарадың деген ырымдар.
Ел жиналғаннан кейін баланың өзіне арнаған құнанына ер салып, баланы киіндіріп, атқа отырғызып байлап қояды да, ағасы немесе нағашы атасы атты жетектеп, ауылды айналдыра әуелі аяңдатып, кейін ақырын желгізіп жүргізеді. Бұдан кейін балаға ауыл ортасында (қотанда) жиналып тұрған карияларға атпен келіп сәлем бергізеді. Қариялар:
Ал ақ тіпек, ақ тілек. Өнеге, өнер таба біл.
Атқа тоқым сал білек. Аймағына жаға біл.
Жасыңнан малды баға біл. Тең құрбыңның алды бол.
Атқа да жақсысы шаба біл. Мінеки, атқа міндің, ашылды жол, -

деп бата береді. Әйелдер баланың азамат болу қуанышына шашу шашады.


Мұнан кейін ересек балалар тайларымен жарысып, бірімен-бірі күресіп ұлт ойындарын ойнайды. Қариялар қымыз ішіп, ет жеп, бата беріп, тарасады.
Қазақ баласы қаршадайынан атқа мініп шабуды, 5—6 жасынан бастап қозы-лақ қайыруды, мал бағуды үйренген. Атқа міну тойы баланың әжетке жарап, еңбекке араласуы, азаматтықтың басы деп ұққан. Ол балаға да үлкен ой туғызып, тез есеюіне әсер еткен.
Тілашар тойы. Бала 7 жасқа толған кезде әке-шешесі немесе атасы, әжесі қолынан жетектеп, мектепке (медресеге) оқуға апаратын болған.
Баланың мектепке баруын ауыл-аймақ болып қуаныштап, әйелдер анасына қайырлы болсын айтып, «тілашар» тойына арнап шашу шашады. Ата-анасы арнайы мал сойып, тойға келгендерді ет, қымыз, шай беріп сый-лайды. Қариялар кетерде оқуға барған жас балаға «хатты тез танып, кітапты көп оқып, Лұқпандай хакім, Атымтайдай жомарт болсын, 12 ғаламның тілін білсін» деп бата беріп, тілек тілейді.
Балаға ата тегін уйретү. Балаға 7—9 жасында әкесінен бастап ағайын-туысты, нағашы жұртын, алыс-жақынды таныстыру, ата-тегін, руын, ел жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлінген. «Жеті атасын білу» заң болған. Ер жігіттің үш жұрты бар, оның шығу тарихын, тегін білу әр азаматқа парыз деп ұққан халық «Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар» деген аталы сөзді арқау етіп, баласына ата тарихын жастайынан жаттатып, ел-жұрт тарихын білу — ер азаматты ерлікке, елдікке, Отан сүюшілікке баулиды деп ұққан. Әкесі, атасы балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймай, олардың қандай адам болғанын, ел-жұрты үшін еткен ерлігі, өнегелі істері жайын да әңгіме еткен. Сол арқылы бала ата дәстүрін жалғастырса екен деген мақсат көзделген.
Ата, ру тарихын білген жақсы. Бірақ баланы өз руының адамдарын ғана қолпаштап, жақсы, текті, асыл азаматтар тек біздің рудан шыққан деген өзімшілдік, теріс көзқараста тәрбиелеу дұрыс емес. Басқа рулардың, елдердің де ақылды, шешен, батыр, ақын адамдары туралы сөз қозғап әңгіме ету, «жақсы көпке ортақ», «жақсы туса елдің ырысы», «жақсыда жаттық жоқ, ол халықтың қамқоршысы» деген ой-пікірді жастардың жетесіне жеткізу азаматтық парыз.
Өкінішке орай, отбасы тәрбиесінде осы жаға жетіспей жатады. Жастардың бойына көпшіл, қоғамшыл рухты себе білу, «адам баласын бауыр тұту» мақсатында тәрбиелеу өзекті мәселе болуы керек.

жүктеу 270.2 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет