2 семестрлік жұмыс


Жөн-жоралғы, кәде рәсімдерінің тәрбиелік мәні



жүктеу 270.2 Kb.
бет6/10
Дата13.11.2022
өлшемі270.2 Kb.
#23840
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
2 срс философия
Жөн-жоралғы, кәде рәсімдерінің тәрбиелік мәні. Қазақ халқының әдептілігі тарихи қалыптасқан мәдени үлгі болып табылады. Әдептілік негіздері: әдеп, рәсім, дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сана. Халқымыздың салт-санасы – ұрпағына берген үлгі өнегесі, мәдени мұрасы. Халқын сүйген адам сол халқының салт-санасын қастерлеп, үйреніп, оны өнеге тұтуға тиіс.
Жақсы әдеттер дағдыға, дағдыдан әдепке айналады. Әдеп - әрбір адамныңф тәртібі мен инабаттылығын көрсететін, салт-сананың ұлттық белгісі. Елдің әдет-ғұрпын, әдептік белгілерін, тәртіпсіздік көрсеткен адамды халық әдепсіз деп, жек көреді, әдеп сақтаған адамды құрметтейді.
Тұрмысқа байланысты әдет-ғұрыптарды орындау әрекеттері рәсімдер деп аталады. Егер қосыңа, аулыңа жақын көрші қоныстанса оған ерулік беру рәсімін жасайсың, ол саған қарулық береді. Тоқым қағар, Құдайы нан беру, тағы басқа рәсімдер игілікке үндеп, инабаттылыққа тәрбиелейді. Игілікті іс қалыптаса келе дәстүрге айналады. Халықтың дәстүрге айналған қасиетті рәсімдері өте көп. Түрлі ырымдар, тыйымдар, қайырымдылық пен сыйласымдылық дәстүрлері, жөн-жоралғылар мен кәделер, той тамашалық рәсімдер ата мұра болып қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа мәдени үлгі ретінде жалғасып келеді. Наурыз той, қымызмұрындық, бесік тойы, шілдехана, тұсаукесер, атқа мінгізу, сүндет тойы, үйлену тойы сияқты дәстүрлер құр жиналып бас қосуға арналмаған, керісінше жастарды әдептілікке, көпшілдікке, өнерпаздыққа, имандылыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілетін халықтық дәстүрлер.
Халықтық әдет-ғұрып елдің тұрмысына, кәсібіне, халықтық қасиеттеріне байланысты қалыптасты. Яғни игілікті әдептердің ғұрыпқа, тұрмысқа еніп, қалыптасуы әдет-ғұрып көріністері болып табылады. Әдет, әдеп, рәсім, дәстүр, әдет-ғұрып ғасырлар бойы қалыптасып, жаңаша жақсылықтармен толысып, салт-санаға сіңген. Яғни мүлтіксіз орындалатын заңдылыққа айналып, ұрпақ санасына сіңіп, қастерлі қасиетке айналған.
Халықтың әдет-ғұрпы оның мәдениеттік ерекшеліктері болып табылады. Халық әдептілік пен мәдениеттілікті қалыптастыру жолында имандылық пен ілтипаттылықты, инабаттылық пен ізеттілікті ұрпағына әуелі үйретіп, жаттықтырып, дағдыландырып, әдеттендіріп, әдепті қалыптастырған. Қалыптасқан әдет ғұрыпқа айналып, халықтың санасына сіңіп, салт-сана пайда болған. Өркениетті ел жаңа заманға, жаңаша өмірге сәйкес әдет-ғұрып үрдістерін дамытып, жетілдіріп отырады. Әдет-ғұрыпты жетілдіруде халық бүкіл адамзаттық озық рәсімдер мен дәстүрлерді өзінің салт-санасына сіңіріп отырады.
Бесік жырының тәрбиелік мәні. Тұрмыс салт әуендерімен айтылатын бесік жыры бөбекті жұбату үшін және оған тілек айту үшін ғана шығарылған емес. Ең әуелі ырғағы бесіктің тербелісіне сәйкес келетін сабырлы екпінде айтылатын қоңыржай әуен бөбектің сезім мүшелері арқылы оған сүйкімді, сүйсінерлік әсер етіп, жан жүйесін жадыратады, яғни ұнамды, ұнасымды әсермен баланы жұбатады. Екіншіден баланың келешегіне үміт артып, тілек айта отырып, оны жұбатушы ана болашақтың шамшырағы мен нұрсәулесінен қуат алғандай әсерленеді. Үшіншіден ата-ана жатқа айтқан тілектерді тілі шыққан балдырғандар да жаттап, әрі тілі дамиды, әрі сол сөздерден тәлім алады.
Бесік жырларын мазмұнына қарай: шілдехана жыры, бесікке бөлеу жыры, жұбату және тілек айту деп топтауға болады. Бесікке бөлеу жыры нәрестені бесікке салғанда, қуаныш-тілек ретінде, көбінесе көңілді әуенімен айтылады.
Мойнымдағы маржаным
Қорадағы мал – жаным
Бесігіңе жата ғой,
Тәтті ұйқыға бата ғой.
Балғын бөбек бесік жырының жанға жайлы әуезді әуеніне жұбанып, рахатқа бөленеді. Бесік жыры көбінесе тілек айту мәніне құрылады да, жыр айтуы бөбектің келешегіне сенім артып, қуанышқа бөленеді.

Құрығыңды майырып, Ақырып жауға тиісіп,


Түнде жылқы қайырып, Батыр болар ма екенсін?!
Жаудан жылқы айырып, Бармақтарың майысып,
Жігіт болар ма екенсің?! Түрлі ою ойысып,
Айыр қалпақ киісіп, Ұста болар ма екенсің! —

Осы бір ауыз өлең жолынан халықтың бала тәрбиелеудегі ой-арманы айқын көрінген. Ол ана тілегі арқылы беріліп отыр. Мал бақ, кәсіп ет, ел жұртыңды жаудан қорға деген ойын халық бесікте жатқан нәрестеге ақыл-кеңес, тілек етіп білдірген. Баланы жастайынан ел намысын қорғаушы азамат болуға баулу, оны ана аманаты ретінде келер ұрпақтың құлағына сіңіру ежелгі ел дәстүрінің озық түрі болған.


Баланы бесіктен шешіп аларда анасы өлең-жырмен әндете отырып:

Анасы шешіп алсын, Балам бесіктен шықсын


Ұйқысы бесікте қалсын. Пәлесі есіктен шықсын, -
деп үнемі өлең – жырмен әлдилеп, жауыздық атаулыдан сәбиін аман сақтау ой – арманын білдіреді.
Халық педагогикасының бұл саласы ғасырлар бойы бала тәрбиесіне өз өрнектерімен әсер етіп, қазіргі көркем әдебиет нұсқаларымен дамып келеді.

жүктеу 270.2 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет