2 семестрлік жұмыс


Салт-дәстүр туралы түсінік және оның мәдениеттегі орны



жүктеу 270.2 Kb.
бет2/10
Дата13.11.2022
өлшемі270.2 Kb.
#23840
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
2 срс философия
Салт-дәстүр туралы түсінік және оның мәдениеттегі орны

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің қоғам алдындағы борышымыз. Ал ойлы-пайымды, білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді адамзаттың ақыл-ойы мен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін игере отырып және оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.


Ал жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрдің тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық рөлі орасан зор.
Салт – тұрақтылық қасиетіне ие болған мәдени іс-әрекеттер жинағы. Олар адамдардың іс-әрекет стереотиптеріне айналды, жалпылық қасиетке ие болады. Салт ғасырлар бойы тарихи негізде қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын әдет-ғұрып, жалпыға бірдей тәртіп. Салттың шектеушілік қызметі, жақындастыру қызметі, ақпараттық қызметі бар. Салт - әлеуметтік ақпараттың жиналуының, сақталуының және келер ұрпаққа жеткізілуінің өзіндік құралы. Салт – халық даналығының, жалпыға ортақ игіліктердің квинтэссенциясы.
Дәстүр - әлеуметтік және мәдени құндылықтардың ұзақ уақыт қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа сабақтастық арқылы сұрыпталып келуін білдіретін және мәдениеттануда да кеңінен қолданылатын ұғым-термин. Дәстүрдің негізі ретінде белгілі бір қоғамдық ұстанымдар, мінез-құлық, құндылықтар, идея, әдет-ғұрып, басқа да рухани дәстүрлік қасиеті бар іс-әрекет көрініс табады. Қазақтың дәстүрлік мәдениетінің басты типі, қайнар-бастауы – ауыз әдебиеті, фольклор.
Өзге халықтар сияқты, қазақ елінің де бала тәрбиесі жөнінен де атам заманнан жиып-терген мол тәжірибесі бар. Аға буын өз бойындағы ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін-жерін, Отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп, қан мен жанына сіңіріп келеді. Адамның жарық дүниеге келген күнінен бастап, оның есейіп, қартайып, о дүниеге аттанып кеткенге дейінгі өмірі мен іс-әрекеті, басқалармен қарым-қатынасы атаулының барлығы – салт-дәстүрлерден өзекті орын алып, адамның дүниетану көзқарасын қалыптастыратын тәрбие мектебі. Өз ұрпағының «сегіз қырлы, бір сырлы», өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-бабамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін әлде неше ғасырлар бойы өлең жырмен насихаттады.
Әсіресе, «өнер алды – қызыл тіл», «жер астында жатқанды – қазбай қарап тіл табар» деп саналы сөзді сары алтыннан артық бағалаған халқымыз тілді тәрбиенің пәрменді құралы, ақыл-ойдың асыл қоймасы деп таныды. Қазақтың айтыс өлеңдерінде, терме-толғауларында, бесік жырларында, ертегі, аңыз әңгімелерінде, ақсақалдардың нақыл сөздерінде ел тағдыры, адамгершілік, ар-ождан мәселелері жан-жақты сөз болып, дидактикалық ақыл өсиет, насихат түрінде айтылып, ол халықтың қыз ұзату, келін түсіру, шілдехана, баланы бесікке салу, өлікті жөнелту сияқты дәстүрлі жиындарында марапатталып келді.

жүктеу 270.2 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет