2 Қолдану саласы



жүктеу 164.03 Kb.

Дата19.04.2017
өлшемі164.03 Kb.

1 МАҚСАТЫ 

«Сырдария» университеті 

УЕ-ОӘБ-007/08-2016

 

Сапа менеджменті жүйесі 



Ереже 

2-нұсқа 


Кәсіптік практиканы ұйымдастыру ережесі 

13 беттің 2-беті 

 

Кәсіптік  практиканы  ұйымдастыру  ережесінің  (әрі  қарай  –  Ереже)    мақсаты 



«Сырдария»  университетінде  оқытудың  кредиттік  технологиясы  бойынша  білім 

алушылардың  кәсіптік  практикасын  ұйымдастыру  мен  өткізудің  бірыңғай  талаптарын 

орнату. 

 

2 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ 

2.1.Осы  Ереже  кәсіптік  практиканы  сапалы  ұйымдастыру  және  өткізу  мақсатында 

университеттің  практика  жетекшілері  мен  практикаға  жауапты  тұлғалар  (факультет 

декандары,  кафедра  меңгерушілері  мен  практика  базаларының  өкілдері)  басшылыққа  алуға 

міндетті. 

2.2.  Кәсіптік  практиканы  ұйымдастыру  ережеі  СМЖ  ІІ  деңгейдегі  құжаттарының 

құрамына кіреді. 

 

3



 

 СІЛТЕМЕЛІК ҚҰЖАТТАР 

Осы Ережеде келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер қолданылды: 

3.1

 

«Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасының  2007  жылғы  27  шілдедегі  №  319-III 



Заңы (2015.21.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен). 

3.2


 

 «Жоғары  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарты»  Қазақстан 

Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген; 

3.3


 

«Жоғары  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру  ұйымдары  қызметінің 

үлгілік  қағидалары»    ҚР  Үкіметінің  2013  жылғы  17  мамырдағы  №499    қаулысымен 

бекітілген. 

3.4

 

«Білім  алушылардың  үлгерімін  ағымдағы  бақылау,  аралық  және  қорытынды 



мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі». ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 

бұйрығы  (ҚР  БҒМ  2010.04.13  №168,  2010.11.1  №506,  2011.03.16  №94,  2013.11.04.  №445 

бұйрығымен берілген өзгерістер мен толықтырулар); 

3.5


 

«Кәсіптік  практиканы  ұйымдастыру  мен  өткізу  қағидаларын  және  практика 

базалары  ретінде  ұйымдарды  айқындау  қағидаларын  бекіту»  туралы  Қазақстан 

Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығы. 

3.6

 

«Білім  беру  қызметтерін  көрсетудің  үлгілік  шартының  және  кәсіптік  практикадан 



өткізуге  арналған  үлгілік  шарт  нысандарын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім 

және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығы. 

3.7

 

УС-СМАМБ-008/09-2015  Университет  ережелерін  дайындау,  келісу    және  бекіту 



тәртібі.  

3.8


 

ҚП СМАМБ-008-06-2016 Құжаттаманы басқару; 

3.9

 

ҚП СМАМБ-008-05-2016 Жазбаларды басқару. 



 

 

4 АТАУЛАР, АНЫҚТАМАЛАР  ЖӘНЕ  ҚЫСҚАРТУЛАР 

Кәсіптік  практика:  Кәсіптік  практика  Білім  беру  бағдарламасының  мiндеттi 

компоненті болып табылады. 



Келісімшарт - «Сырдария» университеті мен білім беру мекемелері, өндіріс орындары, 

қызмет көрсету органдары  арасында;  



Практика  базасы  –  бұл    кәсіптік  практиканың  қажеттілігіне  қарай  мекемелер, 

мектептер, бала-бақшалар, оңалту орталықтары, интернаттар, колледждер және т.б. 



Күнделік  –  студенттің  практика  кезіндегі  атқарған  жұмыстарының  жазбаша  есебі, 

практика жұмысының мектеп басшылығын қолы және мөрі басылған басты құжаты. 



 

ҚР 


ҚР БҒМ - 

Қазақстан Республикасы 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 

ҚР МЖМБС - 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім 

стандарты 



«Сырдария» университеті 

УЕ-ОӘБ-007/08-2016

 

Сапа менеджменті жүйесі 



Ереже 

2-нұсқа 


Кәсіптік практиканы ұйымдастыру ережесі 

13 беттің 3-беті 

 

СМЖ – 


СМАМБ 

Сапа менеджменті жүйесі 

Сапа менеджменті, аккредиттеу және мониторинг 

бөлімі 


СУ - 

«Сырдария» университеті 

КПҰЕ - 

Кәсіптік практиканы ұйымдастыру ережесі 



 

5  ПРОЦЕДУРАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ  

5.1 Жалпы ережелер 

 

5.1.1  Бұл  ереже  Қазақстан  Республикасының  2007  жылғы  27  шілде  №319–III  «Білім 



туралы»  Заңының  38  бабына,  «Кәсіптік  практиканы  ұйымдастыру  мен  өткізу  қағидаларын 

және  практика  базалары  ретінде  ұйымдарды  айқындау  қағидаларын  бекіту»  туралы 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 

бұйрығына  сәйкестендіріліп  жасалынған  және  жоғары  оқу  орындарындағы  кәсіптік 

практиканы ұйымдастыру мен өткізудің бірыңғай талаптарын орнатуға бағытталған. 

5.1.2  Ереже  білім  алушылардың  бүкіл  оқу  мерзімі  бойы  теориялық  оқытудың 

нәтижелерін  бекітуге,  практикалық  дағдылар  мен  құзыреттер  алуға,  сондай-ақ 

инновациялық технологияларды игеруге бағытталған кәсіптік практикаларын ұйымдастыру 

және өткізу бойынша ұйымдастырушылық және оқу-әдістемелік қызметті реттейді.  

5.1.3  Кәсіптік  практиканың  әр  түрінің  мақсаты,  міндеттері  мен  бағдарламасы  бар, 

оларға байланысты кәсіптік практиканың тиісті базасы айқындалады. 

5.1.4  Оқу орны білім алушының кәсіптік практикасының әртүрі бойынша жоғары оқу 

орнының ішкі құжаттарын дербес әзірлейді. 

 

 



5.2 Негізгі ережелер 

5.2.1  Кәсіптік  практика  білім  беру  бағдарламасының  мiндеттi  компоненті  болып 

табылады. 

5.2.2  Білім  алушыны  кәсіптік  практиканың  барлық  түрлеріне  жіберу  өту  мерзімдерін, 

практиканың  базасы  мен  жетекшісін  көрсете  отырып,  жоғары  оқу  орны  ректорының 

бұйрығымен ресімделеді. 

Білім алушыға осы Қағидаға 1-қосымшаға

 

сәйкес нысан бойынша жолдама беріледі. 



5.2.3  Кәсіптік  практиканың  түрлері,  мерзімдері,  көлемі  мен  мазмұны  стандарттармен, 

үлгілік және оқу жұмыс жоспарларымен және бағдарламалармен айқындалады. 

5.2.4  Кәсіптік  практиканың  бағдарламасы  практика  базалары  ретінде  айқындалған 

кәсіпорындарымен  (мекемелерімен,  ұйымдарымен)  келісіледі  және  оқу  орнының 

басшысымен бекітіледі. 

5.2.5 Кәсіптік практиканың бағдарламасы өз мазмұны бойынша мамандықтың бейінін, 

практика  түрінің  ерекшелігін,  кәсіби  стандарттардың  және  білім  беру  бағдарламасының 

талаптарын, ұйым қызметінің, технологиялық процестің және практика нысанының сипатын 

көрсетеді.  

5.2.6.  Жоғары  оқу  орнының  сырттай  (кешкі)  оқу  нысандарында  білім  алушылар 

мамандық  бойынша  жұмыс  істейтін  жағдайда  оқудан  және  педагогикалық,  өндірістік 

практикадан босатылады.  

Бұл жағдайда олар оқу орнына жұмыс орнынан олардың кәсіптік қызметін көрсететін 

анықтаманы және мінездемені ұсынады.  

Сырттай  (кешкі)  оқу  нысандарында  білім  алушылар  диплом  алды  практиканың 

бағдарламасын орындайды. 

5.2.7.  Университеттің  білім  алушылары  кәсіптік  практиканың  әрбір  түрінің 

қорытындылары бойынша практика жетекшісі тексеретін есепті ұсынады.  

Кәсіптік  практиканың  есебін  қорғаудың  нәтижелері  Нормативтік  құқықтық  актілерді 

мемлекеттік  тіркеудің  тізіліміне  №  5191  болып  тіркелген  Қазақстан  Республикасы  Білім 



«Сырдария» университеті 

УЕ-ОӘБ-007/08-2016

 

Сапа менеджменті жүйесі 



Ереже 

2-нұсқа 


Кәсіптік практиканы ұйымдастыру ережесі 

13 беттің 4-беті 

 

және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен (бұдан әрі – № 125 



бұйрық)  бекітілген  Техникалық  және  кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі  білім  беру 

ұйымдарындағы  білім  алушылардың  үлгеріміне  ағымдағы  бақылауды,  аралық  және 

қорытынды  аттестаттауды  өткізу  ережесіне  сәйкес  сараланған  бағалаумен  өткізілетін 

сынақтармен бағаланады.  

5.2.8.  Жоғары  оқу  орындарының  білім  алушылары  кәсіптік  практиканың  әр  түрінің 

қорытындылары  бойынша  тиісті  кафедраға  практика  жетекшісі  мен  консультанты 

тексеретін  және  кафедра  меңгерушісінің  өкімімен  құрылған  комиссияның  алдында 

қорғалатын есепті ұсынады.  

Есепті  қорғау  нәтижелері  №  125  бұйрыққа  сәйкес  бағалардың  балдық-рейтингтік 

әріпті жүйесі бойынша бағаланады. 

5.2.9  Практиканың  барлық  түрлері  бойынша  практиканы  ұйымдастыру,  өткізу  және 

қажетті құжаттармен қамтамасыздандыру шығарушы кафедраға жүктеледі. 

5.2.10  Білім  алушылардың  кәсіптік  практиканы  өткізу  үшін  базасы  ретінде  жарғылық 

қызметі  мамандарды  даярлаудың  бейініне  және  білім  беру  бағдарламасының  талаптарына 

сәйкес  келетін,  кәсіптік  практикаға  жетекшілік  етуді  жүзеге  асыру  үшін  білікті  кадрлары 

және материалдық-техникалық базасы бар ұйымдар айқындалады.  

5.2.11 Кәсіптік практиканың базасы ретінде айқындалған ұйыммен ҚР БҒМ 2016 ж. 28 

қаңтардағы  №93  бұйрығының  2-қосымшасына  сәйкес  білім  алушылардың  кәсіптік 

практикасын  өткізуге  арналған  үлгілік  шарттың  нысаны  негізінде  құрастырылған  кәсіптік 

практиканы өткізу туралы шарт жасалады. 

5.2.12 Жоғары оқу орындары білім алушылардың кәсіптік практика базаларымен шарт 

практика басталғанға бір ай бұрын кеш емес мерзімде жасалады. 

5.2.13  Шартта  оқу  орнының,  кәсіптік  практиканың  базасы  болып  табылатын 

кәсіпорнының  (мекеменің,  ұйымның)  және  білім  алушылардың  міндеттері  мен 

жауапкершілігі айқындалады.  

5.2.14  Кәсіптік  практиканы  өткізу  үшін  оқу  орны  практика  базасымен    келісілген 

бағдарламаны, күнтізбелік кестелерді, кәсіптік практиканы өтудің оқу-тәрбиелік процесінің 

кестесін бекітеді.  

5.2.15 Кәсіптік практиканы өтуге жолдау кезінде білім алушыға кәсіптік практиканың 

жұмыс жоспар-кестесі, кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есебі беріледі. 

5.2.16  Кәсіптік  практиканың  әр  түрі  бойынша  білім  алушыларға  оқу  орнынан  және 

практика  базасынан  –  кәсіпорнынан  (мекемеден,  ұйымнан)  жетекшілер  тағайындалады. 

Қажет болған жағдайда консультанттар тағайындалады. 

5.2.17    Жетекшілердің  қызметтерін,  міндеттері  мен  жауапкершілігін  оқу  орны  және 

практика базасы – кәсіпорын (мекеме, ұйым) келісім бойынша дербес айқындайды. 

5.2.18    Өндірістік  қажеттілік  болған  жағдайда  білім  алушы-практиканттар  белгілі  бір 

лауазымға оларға еңбек ақысын төлей отырып, уақытша жұмысқа қабылданады. 

5.2.19      Кәсіптік  практиканың  базасы  болып  табылатын  ұйым  кәсіптік  практиканың 

бағдарламасына сәйкес оны өту үшін білім алушыларға орын береді және білім алушыларға 

жұмыс орнында қауіпсіз еңбек шарттарын қамтамасыз етеді.  

5.2.20  Практика  базасы  –  ұйым  білім  алушылармен  кәсіптік  практиканы  өту  кезінде 

болатын  қайғылы  оқиғаларға  2015  жылғы  23  қарашадағы  Қазақстан  Республикасының 

 Еңбек кодексіне сәйкес толық жауапты болады. 

 

 

5.3 Кәсіптік практиканың түрлері 

5.3.1.  Оқу  практиксы  –  оқыту  процесінде  алынған  теориялық  білімдерді  бекітуді 

және  тереңдетуді,  зерттеу  қызметінің  алғашқы  дағдыларына  ие  болуды,  іскерлік  хат 

алмасуды  жүргізуді  машықтарды  қамтитын  бастапқы  кәсіби  құзыреттерді  игеру,  оқитын 



«Сырдария» университеті 

УЕ-ОӘБ-007/08-2016

 

Сапа менеджменті жүйесі 



Ереже 

2-нұсқа 


Кәсіптік практиканы ұйымдастыру ережесі 

13 беттің 5-беті 

 

мамандыққа  сәйкес  қызметтің  практикалық  машықтар  мен  дағдыларды  игеру  болып 



табылады.  

5.3.2. Педагогикалық практика – жалпығылыми, культурологиялық, психологиялық-

педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша білімдерді бекіту және тереңдету, 

теориялық  білімдер  негізінде  педагогикалық  машықтарды,  дағдылар  мен  құзыреттерді 

қалыптастыру болып табылады.  

5.3.3. Өндірістік практика – кәсіби құзыретін бекіту, кәсіби қызметінің практикалық 

дағдылары мен практиканы игеру болып табылады.  

5.3.4.  Диплом  алды  практика  –  студенттердің  бакалаврлық  бітіру  жұмыстарын 

орындау үшін қажетті материалдарды жинақтау мақсатында дипломды жобалау алдындағы 

өткізілетін практика түрі. 



 

 

5.4 Оқу жұмысы 

5.4.1 Оқыту-тәрбие беру мекемелері жұмысының жүйесін оқып-үйрену. 

5.4.2 Оқыту мен тәрбиелеудің бірегей ұстанымдарын практикада қолдана білуге баулу 

және  білім  берудің  білімділік,  дамытушылық,  тәрбиелік  мақсаттарын  нақтылай  және 

тұжырымдай білуге, оқу материалы мазмұнынан негізгі түйінді таба білуге үйрету. 

5.4.3 Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстар жүйесін жүргізуде кәсіптік-педагогикалық 

шеберлікке  үйрену.  Үлгерімі  нашар,  сондай-ақ  дарынды  балалармен  жұмыс  істеудің  әдіс-

тәсілдерін, олармен жеке жұмыс істеудің әдістемесін меңгеру. 

5.4.4  Сабақ  жүргізудің  әдістемесі  мен  техникасын,  оқытуды  ұйымдастырудың  басқа 

формаларын  (лабораториялық,  практикалық  жұмыстар,  диктант,  бақылау  жұмыстары  және 

т.б), оқу экскурсияларын үйрену. 

5.4.5 Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша тапсырмаларды орындау. 



 

 

5.5  Тәрбие жұмысы 

5.5.1


 

Білім  беру  мекемелерінде  тәрбие  жұмыстарын  ұйымдастыруды,  жоспарлай 

білуге үйрену және оның негізгі әдістемелерін меңгеру. 

5.5.2  Сынып  жетекшісінің  (тәрбиешінің,  өндірістік  оқыту  шеберінің)        жұмыстарын 

үйрену. 

5.5.3 Тәрбие жұмысын өз бетінше жүргізу дағдысына машықтану. 

5.5.4  Психологиялық-педагогикалық  әдістердің  көмегімен  жас  ерекшеліктерін  оқып 

үйрену, психологиялық-педагогикалық мінездемелер беру. 

5.5.5  Оқушылармен,  олардың  ата-аналарымен,  әріптестерімен  өз  қарым-қатынасын 

педагогикалық тұрғыдан дұрыс қалыптастыра білуге дағдылану. 

 

  5.5.6  Педагогикалық  жұмыстарда  әлеуметтік  белсенді  педагог  тәрбиелеудің 



шеберліктері мен дағдыларын меңгеру. 

 

5.6  Оқу практикасын ұйымдастыру және өткізу 

5.6.1  


Нақты  пәндік  саланың  ерекшелігіне  және  болашақ  маманның  кәсіптік 

біліктілігіне  байланысты  оқу  практикасының  танысу,  далада  өтетін,  экскурсиялық, 

бағдарлы, мектептік, есептеу, пленэр және т.б. нысандары қолданылады. 

5.6.2  


Оқу  (танысу)  практикасы  болашақ  кәсіптік  қызметінің  нысаны  болып 

табылатын  ұйымда  танысу  экскурсияларын  қамти  отырып  жоғары  оқу  орындарында 

өткізіледі. 

5.6.3 


 Оқу  практикасы  аталған  мамандық  бойынша  мамандар  даярлауды  жүзеге 

асыратын арнайы кафедраға бекітіледі.  

5.6.4 

 Оқу  практикасының  бағдарламасы  білім  беру  бағдарламасының  талаптарына 



және мамандықтың бейініне сәйкес әзірленеді. 

«Сырдария» университеті 

УЕ-ОӘБ-007/08-2016

 

Сапа менеджменті жүйесі 



Ереже 

2-нұсқа 


Кәсіптік практиканы ұйымдастыру ережесі 

13 беттің 6-беті 

 

5.6.5  Оқу  практикалық  сабақтарды  әдістемелік  пен  материалдық  дайындауды 



өндірістік оқыту шебері немесе тиісті пәнді жүргізетін арнайы пәндер оқытушылары жүзеге 

асырады. 

5.6.6 

Білім  алушылардың  оқу  практикасында,  оқу  орнының  оқу-көмекші 



объектілерінде жұмыс күнінің ұзақтылығы 6 сағатты құрайды, ұйымдарда (кәсіпорындарда, 

мекемелерде)  еңбек  туралы  қолданыстағы  заңнамаға  сәйкес  тиісті  қызметкерлердің 

дәрежелері  үшін  жасқа  және  өндірістің  жағдайларына  байланысты.  Оқу  практикасы 

аяқталғаннан соң білім алушыларға олардың практика кезінде жұмысы бойынша ағымдағы 

бақылаудың негізінде баға қойылады.  

 

 

5.7  Педагогикалық практика құрылымы 

5.7.1  Педагогикалық  практиканың  мақсаты  жалпығылыми,  культурологиялық, 

психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша білімдерді бекіту 

және  тереңдету,  теориялық  білімдер  негізінде  педагогикалық  машықтарды,  дағдылар  мен 

құзыреттерді қалыптастыру болып табылады.  

5.7.2 Педагогикалық практиканың негізгі міндеттері: 

- педагогикалық қызметтің бастапқы тәжірибесін игеру; 

- сабақ беру мен оқыту әдістемесін меңгеру; 

- педагогикалық шеберліктің негіздерін білу; 

-  оқу-тәрбие  және  оқытушылық  жұмысты  өз  бетінше  жүргізудің  машықтары  мен 

дағдыларына баулау; 

- ғылыми-психологиялық және педагогикалық зерттеудің дағдыларын меңгеру; 

- тәрбие жұмысының әдістемесін меңгеру; 

- оқытудың инновациялық технологияларды білу

- оқу және тәрбие жұмысы барысында білім алушыларға олардың даму ерекшеліктерін 

ескере отырып жеке тәсілді жүзеге асыру болып табылады.  

5.7.2 Студенттердің педагогикалық практика құрылымы мынадай кезеңдерден тұрады: 

-

 



3 курстағы педагогикалық практика - орта сыныптарда 4 апта (5-8 сыныптар); 

-

 



4 курстағы диплом алды, педагогикалық практикасы - жоғары сыныптарда 8 апта (9-

11 сыныптар). 

Бітіруші  кафедралар  үшін  практика  жетекшісіне  15  студентке  дейін,  педагогика 

кафедрасының оқытушысына 25-тен көп емес, психология кафедрасының оқытушысына 50 - 

ден көп емес студент бекітіліп беріледі. 

 

 



5.8  Педагогикалық практиканы ұйымдастыру және өткізу 

5.8.1  Педагогикалық  практика  педагогика  және  психология  кафедрасымен  бірлесіп 

арнайы кафедраға бекітіледі.  

5.8.2 


Педагогикалық  практиканың  бағдарламасы  мамандықтың  білім  беру 

бағдарламасының  талаптарына  сәйкес  әзірленеді  және  білім  алушыларда  кәсіби  мағыналы 

машықтарды  жасауға  және  мұғалім  мен  педагогтың  педагогикалық  құзыреттерін 

қалыптастыруға бағытталған. 

 5.8.3  Практика  басталар  алдында  педагогика,  психология  кафедралары  мен  мектеп 

директораты,  бірлесіп  практиканың  өтілу  тәртібін  түсіндіру  мақсатында  орнықтыру 

конференциясын өткізеді. 

5.8.4  Практика  барысында    студенттер  (байқау,  бақылау,  есеп  беру  сабақтары)  және 

оқушыларды  психологиялық-педагогикалық  тұрғыдан  зерттеу  бойынша  жүргізілетін 

тәрбиелік іс-шараларды өткізуі  тиіс. Пән мұғалімі,  сынып жетекшісі,  практика жетекшілері 

әр сабақ пен тәрбиелік іс-шараларды тыңғылықты талдап-талқылап отырады. 


«Сырдария» университеті 

УЕ-ОӘБ-007/08-2016

 

Сапа менеджменті жүйесі 



Ереже 

2-нұсқа 


Кәсіптік практиканы ұйымдастыру ережесі 

13 беттің 7-беті 

 

5.8.5  Студенттердің  педагогикалық  практикасына  университеттен  бекітілген  әдіскер 



басшылық жасайды. Топ жетекшісі оқыту-білім беру мекемесінде мамандық бойынша үлкен 

еңбек өтілі бар, университеттің шығарушы кафедрасының оқытушысы болуы тиіс. 

 

 

5.9  Педагогикалық практика жетекшісінің міндеттері 

Шығарушы  кафедраның  практика  жетекшісіне  1  топ  бекітіліп  беріледі.  Шығарушы 

кафедраның жетекшісі: 

-

 



практика басталардан бір ай бұрын студенттердің педагогикалық практикадан  өтетін 

мектебін  анықтауға, практика өткізу туралы келісімшарт жасауға, практика бағдарламасын, 

практикадан өтуші студенттердің тізімін жасауға, практиканың нақты мерзімін көрсетуге; 

-

 



практика  басталардан  бұрын  студенттермен  мектеп  бағдарламасы  бойынша 

коллоквиум өткізуге; 

-

 

оқыту-білім  беру  мекемесінің  әкімшілігімен  бірге  студенттерді  сыныптарға  бөлуге, 



пән  оқушысы  және  сынып  жетекшісімен  бірге  студенттердің  сабақтарының,  сыныптан  тыс 

жұмыстар мен тәрбиелік іс-шаралардың тақырыптарын анықтауға; 

-

 

студенттер үшін ашық сабақ өткізуге (1-2 сабақ); 



-

 

студенттерге  практиканың  бүкіл  кезеңіне  арналған  жоспар  конспектісін  жазуға, 



сабақтарда көрнекіліктер мен дидактикалық материалдарды пайдалануларына көмектесуге;  

-

 



практикадан өтуші студенттердің сабағына кіруге, оларға пән бойынша кеңес беруге, 

жоспар-конспектіні  тексеруге  және  бекітуге,  оны  талдау  мен  бағалауға,  студенттердің 

ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша жеке тапсырмаларды орындауын қадағалауға

-

 



оқыту-білім 

беру 


мекемелерінің 

жетекшілері 

өткізетін 

қалыптастыру 

конференциялары мен кеңестерге қатысуға; 

-

 



педагогикалық  практика  бойынша  сынақтан  өткізуге  және  педагогика,  психология 

оқытушыларымен бірлесіп ортақ баға қоюға міндетті. 



 

 

5.10  Педагогика пәнінің оқытушысы 

Педагог әдіскерге 25 - тен көп емес студент бекітіліп беріледі.  

Кафедра оқытушысы: 

-

 



студенттердің педагогикалық практикасына әдістемелік жағынан жетекшілік жасауға,  

оқытудың, тәрбиелеудің, кәсіптік бағдар берудің өзекті мәселелері бойынша кеңес беруге; 

-

 

сынып  жетекшісімен  бірлесіп  практикадан  өтуші  студенттердің  оқушылармен 



жүргізетін тәрбие жұмысын жоспарлауға, тапсырмалардың орындалуы үшін кеңес беруге; 

-

 



 студенттердің  ашық  тәрбиелік  іс-шаралар,  сыныптан  тыс  сабақтар  өткізуге, 

студенттердің,  сабаққа  дайындаулары  мен  өткізулеріне  көмек  беруге,  өткізілген  сабақтарға 

талдау жасауға; 

-

 



студенттердің  педагогикалық  шеберлік  негіздерін  меңгеруге,  студенттердің  ғылыми-

зерттеу жұмыстары бойынша тапсырмаларды орындауына көмек беруге

-

 

студенттермен  бірге  практика  кезеңіне  арналған  күнтізбелік-тақырыптық  жұмыс 



жоспарын жасауға; 

-

 



педагогикалық 

практика 

бойынша 

орнықтыру 

және 

қорытындылау 



конференцияларына,  оқыту-тәрбие  беру  мекемелерінде  жетекшілер  өткізген  кеңестерге 

міндетті түрде қатысуға; 

-

 

практика бойынша сынақтау және жалпы бағасын қоюға



практика бойынша есеп жазуға және топ жетекшісіне өткізуге міндетті. 

 

 



5.11 Психология пәнінің оқытушысы 

Психолог әдіскерге 50-ден көп емес студент бекітіліп беріледі. 

Кафедра оқытушысы: 


«Сырдария» университеті 

УЕ-ОӘБ-007/08-2016

 

Сапа менеджменті жүйесі 



Ереже 

2-нұсқа 


Кәсіптік практиканы ұйымдастыру ережесі 

13 беттің 8-беті 

 

-

 



жекелеген  оқушылар  мен  оқушылар  ұжымын  психологиялық  жағынан  зерттеу 

бойынша тапсырмалар әзірлеуге; 

-

 

практикадан  өтуші  студенттердің  сабақтары  мен  сыныптан  тыс  өткізілген  іс-



шараларына қатысуға және талдау жасауға; 

-

 



жекелеген  оқушы  мен  оқушылар  ұжымын  зерттеудегі  студенттер    жұмысына 

жетекшілік жасауға, социометрия бойынша сабақ өткізуге, сондай-ақ студенттердің ғылыми-

зерттеу жұмыстары бойынша тапсырмаларды орындауына көмек беруге; 

-

 



психология бойынша ашық іс-шаралар өткізуге; 

-

 



педагогикалық  практика  бойынша  өткізілген  орнықтыру  және  қортындылау 

конференцияларына,  оқыту-тәрбие  беру  мекемелерінің  жетекшілері  өткізген  кеңестерге 

қатысуға, практика бойынша сынақтауға және жалпы бағасын қоюға; 

-

 



практикадан өтуші студенттермен күнтізбелік-тақырыптық жұмыс жоспарын жасауға 

міндетті. 

 

 

5.12  Күндізгі  және  сырттай  оқыту  нысанындағы  студенттердің  педагогикалық 

практикасына  жетекшілік  жасағаны  үшін  университет  оқытушыларының  оқу 

жүктемесін есептеу нормалары 

   Кесте №1 

Пән әдіскері 

О,7 сағат 

1 студентке 1 күнге 

Педагог әдіскер 

0,2 сағат 

1 студентке 1 күнге 

Психолог әдіскер 

0,1 сағат 

1 студентке 1 күнге 

 

Ескерту:  педагогикалық  практика  кезінде  мерзімі  ұзарғанда  (қысқарғанда)  оқу 

жүктемесін есептеу нормалары практика мерзіміне пропорционал көбейеді (азаяды). 

 

 

5.13  Қашықтықтан,  кешкі  және  сырттай  оқу  нысандарындағы    студенттердің 

педагогикалық практикасы 

5.13.1  Мамандық  бойынша  жұмыс  істеп  жатқан  бітіруші  курс  студенттері  шығарушы 

кафедра әзірлеген жеке тапсырмалар бойынша практикадан өтеді. 

5.13.2  Мамандық  бойынша  жұмыс  істемейтін  студенттер  оқу  жоспарында 

қарастырылған  көлемде,  орталықтың  рұқсатымен  тұрғылықты  жерде  ұйымдастырылған 

тәртіппен оқыту-тәрбие беру мекемесінде міндетті практикадан өтеді. 

5.13.3  Практика  аяқталған  соң,  студенттер  істелінген  оқу-тәрбие  жұмыстары  жайында 

жазбаша есеп беріп, жоспар – конспектілері мен көрнекіліктерін өткізеді. Осы құжаттар мен 

оқыту-тәрбие  беру  мекемесінің  берген  оң  пікірі  негізінде  практика  жетекшісі  студенттерді 

дифференцияланған бағамен сынақтайды. 

5.13.4  Кешкі  және  сырттай  оқу  нысандарында  білім  алушылар  мамандық  бойынша 

жұмыс  істесе  (жалпы  орта  білім  беру  мектептерінде,  колледждерде)  онда  олар 

педагогикалық  практикадан  босатылады.  Бұл  жағдайда  студенттер  жоғары  оқу  орнына 

жұмыс орнынан оның кәсіби қызметін көрсеткен анықтама және мінездеме тапсырады. 

 

 

5.14 Педагогикалық практика нәтижесін қорытындылау 

5.14.1  Педагогикалық  практика  күнделігі  мен  есебінде  студенттің  практика  кезінде 

орындаған  нақты  жұмыстары  мен  оқыту-тәрбие  беру  мекемесінің  қысқаша  сипаттамасы 

туралы  мәлімет  жазылуы  керек  (мекеменің  қысқаша  тарихы,  мектеп  құрылымы, 

педагогикалық ұжым мен  мектеп оқушыларының контингенті және т.б). 

5.14.2  Өтілген  сабақ  жоспарының  конспектісі  және  оқу  –  көрнекі  құралдары  мен 

дидактикалық материалдар, слайд, презентация және т.б жиынтығы болуы тиіс. 


«Сырдария» университеті 

УЕ-ОӘБ-007/08-2016

 

Сапа менеджменті жүйесі 



Ереже 

2-нұсқа 


Кәсіптік практиканы ұйымдастыру ережесі 

13 беттің 9-беті 

 

5.14.3 Мамандық бойынша тәрбиелік іс-шаралар, сыныптан тыс немесе мектептен тыс 



іс-шаралар талдамасы. Бір оқушыға арналған психологиялық-педагогикалық мінездеме; 

5.14.4 Психология бойынша тапсырмалар (тест, социометрия). 

5.14.5  Есеп  беру  құжаттамасын  дайындау  үшін  студентке  практикадан  соң  5  күн 

беріледі. 

5.14.6  Оқыту-тәрбие  беру  мекемесінде  практика  нәтижесі  бойынша  әкімшіліктің, 

сынып  жетекшілерінің,  мамандыққа  қатысты  кафедраның,  педагогика,  психология 

кафедралары  оқытушыларының  және  практикадан  өтуші  студенттердің  қатысуымен 

қортынды кеңес өткізіледі. 

5.14.7  Педагогикалық  практика  соңында  студент  сынақ  тапсырады,  дифференциялық 

баға  қойылады.  Комиссия  құрамына  топ  жетекшісі,  педагогика  және  психология  пәнінің 

оқытушылары кіреді. Есеп беру құжаттамалары шығарушы кафедрада сақталады. 

5.14.8 Практика қорытындысы кафедрада және факультет кеңесінде талқыланады. 

5.14.9  Практика  бағдарламасын  орындамаған  студент,  жұмыс  нәтижесінде  кері  пікір 

немесе есеп кезінде қанағаттанарлықсыз баға алса, практикадан өтуге өз қаражатымен қайта 

жіберіледі. 

 

5.15 Өндірістік практиканы ұйымдастыру және өткізу 

5.15.1   Өндірістік  практика  барлық  мамандықтардағы  (педагогикалық  мен  тілдік 

мамандықтарынан басқа) білім алушылар үшін жүргізіледі және білім алушылардың оқуды 

аяқталуына дейін 2 курстан бастап ұйымдастырылады. 

5.15.2   Өндірістік практика оның мазмұнына байланысты арнайы кафедраның немесе 

нәтижесінде  аталған  өндірістік  практика  түрінің  объектілері  болып  табылатын  теориялық 

оқытуды жүргізетін кафедраға бекітіледі. 

5.15.3   Өндірістік 

практиканың 

бағдарламасы 

мамандықтың 

білім 

беру 


бағдарламасының  талаптарына  сәйкес  әзірленеді  және  білім  алушыларда  кәсіби  мағыналы 

машықтарды  өндіруге  және  кәсіби  стандарттарының  талаптарына  сәйкес  арнайын 

құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.

 

5.15.4 Өндiрiстiк практикасының өтілу мерзімі және уақыты ҚР МЖМБС және СУ-нің  



оқу процесінің кестесіне сәйкес орнатылады.  

5.15.5   Өндiрiстiк практика қорытындысы бойынша білім алушылар сәйкес кафедраға 

есеп беру тапсырады, оны практика жетекшісі тексеріп, кафедра меңгерушісінің бұйрығымен 

құрылған  комиссиясының  алдында  қорғайды.  Есеп  беруді  қорғау  қорытындысы 

дифференциалдық сынақпен сандық балды-рейтингтік әріптік баға жүйесімен бағаланады.  

 

5.16 Диплом алды практикасын ұйымдастыру және өткізу 

5.16.1  Диплом  алды  практика  дипломдық  жұмысты  (жобаны)  орындайтын  білім 

алушылар үшін ұйымдастырылады.  

5.16.2  Диплом  алды  практика  жеке  оқу  жоспарына  сәйкес  дипломдық  жұмысты 

(жобаны)  немесе  есепті  орындалатын  барлық  мамандықтардың  түлектері  үшін  бітіруші 

курста өткізіледі. 

5.16.3 Дипломдық жұмысты (жобаны) немесе есепті әзірлеу және жазу үшін білім беру 

бағдарламасымен диплом алды практикасы көзделген.  

5.16.4   Диплом  алды  практика  бойынша  басшылықты  әдеттегідей  дипломдық 

жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі жүзеге асырады. 

5.16.5  Диплом  алды  практиканың  ұзақтылығы  жоғары  білім  берудің  мемлекеттік 

жалпыға  міндетті  стандартына  сәйкес  дипломдық  жұмысты  (жобаны)  жазуға  берілген 

кредиттер санымен айқындалады.  

5.16.6  Диплом  алды  практиканың  мазмұны  дипломдық  жұмыстың  (жобаның) 

тақырыбымен айқындалады. 


«Сырдария» университеті 

УЕ-ОӘБ-007/08-2016

 

Сапа менеджменті жүйесі 



Ереже 

2-нұсқа 


Кәсіптік практиканы ұйымдастыру ережесі 

13 беттің 10-беті 

 

5.16.7 Диплом алды практиканың қорытындылары арнайы кафедра ұйымдастыратын 



дипломдық жұмысты (жобасын) алдын ала қорғауда қорытындыланады. 

5.16.8  Дипломдық  жұмысты  (жобасын)  алдын  ала  қорғау  кафедра  отырысында 

өткізіледі және хаттамамен ресімделеді. 

 

 



5.17 Білімді бағалау тәртібі 

Білім  алушының  есебін  практика  жетекшісі  тексереді  және  кафедра  меңгерушісінің 

өкімімен  құрылған  комиссия  алдында  қорғалады.  Қорытынды  баға  практика  базасынан  

практика жетекшісінің бағасы ескеріліп қойылады, оның қорытынды бағадан салыстырмалы 

салмағы 40 % құрайды  және университет атынан жетекші  ұсынған есепті қорғау бойынша 

бағасы  ескеріле  отырып  қойылады,  оның  қорытынды  бағадан  салыстырмалы  салмағы  60% 

құрайды.  Есепті  қорғау  нәтижелері  белгіленген  балдық-рейтингтік  әріптік  бағалау  жүйесі 

бойынша дифференцияланған сынақпен бағаланады. 

Осыған орай: 

 



Сипаттауда айтылған пікір; 

 



Күнделіктегі жазбалардың мазмұны мен оны толтыру ұқыптылығы

 



Есеп сапасы; 

 



Қорытынды конференцияда сөз сөйлеу ерекше ескеріледі.  

Есепті  тапсыру  мерзімдерін  бұзғаны,  дәлелсіз  босатулар  немесе  қандай  да  бір 

тапсырмаларды орындаудан бас тарту, күнделікті ұқыпсыз жүргізгені үшін бағалар әлбетте 

төмендетілетін болады. 

 

 

5.18 Білімді бағалау критерийлері 

90  ден  100  ұпайға  дейін  «өте  жақсы»  бағаға  сәйкес  болады,  бұл  баға  тек  Практика 

бойынша  есептің  және  практикадан  өту  күнделігінің  мазмұны  мен  ресімделуі,  қойылған 

талаптарға  толығымен  сай,  студенттің  мінездемесі  оң,  практика  бағдарламасы  бойынша 

комиссия сауалдарына берілген жауаптар толық әрі дәл болса ғана қойылады.  

75 ден 89 ұпайға дейін «жақсы» бағасына сәйкес, практикадан өтуге қойылатын негізгі 

талаптар орындалып, есеп және күнделіктің формасы мен

 

мазмұнына елеулі емес ескертулер 



бар,  студенттің  мінездемесі  оң,  практика  бағдарламасы  бойынша  комиссия  сауалдарына 

берілген  жауаптарда  белгілі  бір  дәлсіздіктерге  жол  беріледі,  бірақ  жауап  сенімді  әрі  нақты 

білімі  бар  болса  ғана  қойылады.  Берілген  баға,  егер  студент  практика  бағдарламасын  75  % 

игерсе қойылады.  

50  ден  74  ұпайға  дейін  «қанағат»  бағасына  сәйкес,  есеп  пен  күнделік  ұқыпсыз 

ресімделген,  практика  бағдарламасының  барлық  сауалдары  көрсетілген,  бірақ  жекелеген 

мәнді қателіктер бар, студенттің мінездемесі оң, практика бағдарламасы бойынша комиссия 

сауалдарына берілген жауаптарда қателіктерге жол берілген болса қойылады. Берілген баға, 

егер студент практика бағдарламасын тек 50 % игерсе қойылады.  

0  ден  49  ұпайға  дейін  «қанағат  емес»  бағасына  сәйкес,  бұл  баға  егер  студент  есепті 

жасау және схемаларыды құру кезінде дөрекі қателер жасап, жеке тапсырманы орындамаған 

жағдайда қойылады.  

Практика  өтуі  бойынша  қорытынды  ұпай  академиялық  рейтингті  анықтау  және 

студенттің курстан курсқа үлгерімінің орташа ұпайын есептеуі (GPA) бойынша ескеріледі.  

Нақты  бір  себептерге  байланысты  немесе  қанағат  емес  бағалары  бар,  практикадан 

өтпеген  студенттер,  ректормен  бекітілген,  кафедра  берген  уақыт  аралығында  практиканы  

ақылық түрінде өтуі мүмкін. 

 

 

 

 


«Сырдария» университеті 

УЕ-ОӘБ-007/08-2016

 

Сапа менеджменті жүйесі 



Ереже 

2-нұсқа 


Кәсіптік практиканы ұйымдастыру ережесі 

13 беттің 11-беті 

 

 


«Сырдария» университеті 

УЕ-ОӘБ-007/08-2016

 

Сапа менеджменті жүйесі 



Ереже 

2-нұсқа 


Кәсіптік практиканы ұйымдастыру ережесі 

13 беттің 12-беті 

 

1-қосымша      

ЖОЛДАМА  

Өндірісте қалады 

____________________________________________________________________ 

____________________________________________________________________ 

                               

(негіздеме)

 

20___ж.


 «_______» ___________________ 

Білім алушы

________________________________________________________________

 

                       



 

 

(аты-жөні, тегі)  



____________________________________________________________________ 

____________________________ кәсіптік практикадан өту үшін жолданады. 

                          (кәсіпорнының атауы) 

  

Практиканың басталу мерзімі 20____ж. __ _______________ 



Практиканың аяқталу мерзімі 20____ж. __ ________________ 

Оқу орнының басшысы

 ____________________________________________________ 

      


М.О. ____________________________ 

                     (қолы)

 

____________________________________________________________________ 



 

 

Оқу орнына қайтарылады 



Келу мен кету туралы белгі 

Білім алушы _____________________________________________________ 

                       

 

 



(аты-жөні, тегі) 

кәсіптік практикадан өту үшін _________________________________________ 

                        (Кәсіпорынның атауы) 

__________________________________________________________________ 

 

Келді                                                                        Кетті 



______________________                              ____________________ 

 

20____ж. «______»______                                         20____ж. «______»____ 



 

Мөр, қолы                                                                      Мөр, қолы 



 

 

 

 

 

 

 

 

«Сырдария» университеті 

УЕ-ОӘБ-007/08-2016

 

Сапа менеджменті жүйесі 



Ереже 

2-нұсқа 


Кәсіптік практиканы ұйымдастыру ережесі 

13 беттің 13-беті 

 

ТАНЫСУ ПАРАҒЫ 

 

№ 

Аты-жөні 

Қызметі  

Мерзімі  

 

Қолы  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



Document Outline

  • SUB1000669662
  • z15
  • z16
  • z20
  • z22
  • z23
  • z24
  • z27
  • z28
  • z29
  • z30
  • z31
  • z36
  • z37
  • z38
  • z40
  • z41
  • z42
  • z44
  • z45
  • z95
  • z122
  • z55
  • z56
  • z57
  • z58
  • z63
  • z123
  • z124
  • z125
  • z126
  • z127
  • z128
  • z129
  • z130
  • z131
  • z152
  • z153
  • z88
  • z168




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал