2-ДƏріс мəшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858-1931) Шығармашылығы



жүктеу 60.55 Kb.

Дата03.02.2017
өлшемі60.55 Kb.

 

14

 

2-ДƏРІС 

Мəшһүр

 Жүсіп Көпейұлы (1858-1931) 

 

1. Шығармашылығы 

2.  Шығармаларындағы  саяси-əлеуметтік  жəне  діни-

ағартушылық

 тақырып. 

 

 

1)ХХ ғасыр басындағы қазақтың ұлттық əдебиетінің 

айтулы  тұлғасы  ақын  Мəшһүр  Жүсіп  Көпеев  мұрасы  мен 

шығармашылығы  ұлт  руханиятында  ерекше  орын  алады. 

Оның  əдеби  мұрасы  қазақ  халқының  философиялық 

дүниетанымын,  өмір  мəні,  адами  қасиеттер  сипатындағы 

ой-толғамын  тануда,маңызды  болып  табылады.  ХХ  ғасыр 

басындағы  қазақ  əдебиетінің  тарихын  зерттеуші  көрнекті 

ғалым  Б.Кенжебаев  «ХХ  ғасыр  басындағы  əдебиет»  атты 

еңбегінде  ақын  шығармашылығының  басты  ағартушы-

демократтық  жолды  ұстанғанын  айтады.  Бұл  ретте  ақын 

мұраты  ағартушылық  десек,  ол  адамгершілік  тұрғыдан 

тазару  мен  ағарту  ұғымын  да  білдіреді.  Ағару,  яғни  жан 

дүниеңді жамандықтан аулақ ұстау, арамдықтан қашу. Ал, 

əдебиетші ғалым Əуелбек Қоңыратбаев «Қазақ əдебиетінің 

тарихы»  зерттеуінде:  «Оның  шығармаларының  басты 

тақырыбы - ұлт еркіндігі, жер мəселесі, содан туындайтын 

əлеумет  тілегі,  дін  бостандығы,  оқу-білім,  патшалық 

тəртіпті сынау» деген пікір айтады. Шындығында да, ақын 

дін  бостандығын  басты  орынға  қояды.  Дін  бостандығы 

дегеніміз өз дініңді пір тұту ғана емес, оның қасиетін бойға 

сіңіруде.  Ал  дін  ол  үлкен  ғылым.  Сондықтан  да 

М.Ж.Көпеевтің  философиялық  ой-толғамдары  Алланы 

тану,  Аллаға  құлшылық  етудің  өмірлік  мəн-мағынасын 

ұғынуымыз  мүмкіндік  береді.  Қазақ  əдебиетіндегі  діни-

ағартушылық 

ағым 


табиғатын 

зерттеген 

Уəлихан 

Қалижанұлы    «Ол  бір  жаратушы  Алладан  басқаға  мойын 

бұрмаған діндар да еді, аузына арам салмаған тахуа да еді» 


 

15

 

дей 


келе, 

«Алланы 


жырлау 

арқылы 


адамды, 

адамгершілікті,  кісілікті,  парасаттылықты  толғады»  деп 

ақын  шығармашылығындағы  діни-ағартушылықты,  соның 

ішінде  философиялық  ой-толғамдарының  тереңдігін  атап 

көрсетеді.  

Ақын  шығармашылығы  сан  қырлы  десек,  оның 

философиялық  ой-толғамдары  да  терең  мазмұнға  толы. 

Абай  дəстүрін  ұстанған  ақын  оның  гуманистік  ой-пікірін 

дамыта  отырып,  дініи  ой-толғамдарымен  тереңдетті.  Бұл 

ретте М.Ж. Көпеевтің мұсылман ағартушылығын қолдауы, 

ислам  дінінің  ізгі  де  ілкі  қасиеттерін  жырлап,  рухани 

өрлеудін темірқазығы тұрғысынан насихаттауы əділдік пен 

ізгілікті,  парасат  пен  қайырымдылықты  əлеумет  санасына 

сіңіруі соның айқын дəлелі болып табылады.  

ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетінің айтулы өкілі 

Мəшһүр  ақынның  мұрасы  сан  қырлы.  Халық  ауыз 

əдебиетін 

жинаудағы 

ерең 

еңбегі, 


ата-баба                                                                                       

шежіресін  жазудағы  «Қазақ  шежіресі»  жəне  қазақтың 

алғашқы  баспасөзі  саналатын  «Дала  уалаяты  газетінде»  

жарық 


көрген 

мақалалары, 

ой-толғамдары 

қазақ 


руханиятында  айрықша  маңызға  ие.  Мəселен,  Абайдың 

көзі  тірісінде  «Дала  уалаяты  газетінде»  жарық  көрген 

мақаласында  М.Ж.Көпейұлы  Абай  ұлылығын  «Бұл  біздің 

соңғы пайғамбарымыз» деп бағалайды (1889 №7;12). 

Халық ауыз əдебиетінен нəр алып өскен дарын əлем 

елдерінің  əдебиеті  мен  мəдениетін  де  терең  игереді. 

Түркістан,  Ташкент,  Бұхара,  Самарқан  қалаларында  терең 

білім  алады.  1870  жылдары  Хамаретдин  хазіреттің 

медресесінде, 

одан 


кейін 

Бұхарадағы 

Мірараб 

медресесінде 

білім 

алады. 


Ақын 

ауыз 


əдебиеті 

нұсқаларымен  жас  кезінен  бастап  танысып,  халықтық 

жыр-дастандарды  жаттап  өседі.  Мəшһүр  Жүсіп  үш  рет 

1887, 1895, 1907 жылдары Орта Азияның Самарқан, Бұхар, 

Ташкент, 

Түркістан 

қалаларында 

болып, 


білімін 

 

16

 

жетілдіреді..  Араб,  парсы  тілдерін  үйреніп,  Шығыстың 

классикалық əдебиетімен жете танысады,əрі жолшыбай ел 

аралап  ауыз  əдебиеті  мен  фольклор  үлгілерін,  өзінің 

көрген-білгенін,сезген-түйгенін,естіген 

керектісін,ел 

игілігіне  асады-ау  дегенін  ерінбей-жалықпай  хаттап,қағаз 

бетіне  меруерттей  түсіріп  жинастырады.  Өз  дəуірінің 

өзекті мəселелеріне (ұлт тағдыры, ел азаттығы, жер-су, дін, 

оқу-ағарту) сергек қараған ақын 1907 жылы жарық көрген 

„Тірлікте көп көргендіктен жасаған бір тамашамыз“, „Хал-

ахуал“,  „Сарыарқаның  кімдікі  екендігі“  атты  өлең 

жинақтарында ұлт мүддесін басты орынға қояды. Ресейдің 

отаршылдық  саясатын  ашық  айыптап,  жер  мен  судан 

айрылған  қазақтың  қасіретін  жырлайды.  Дінге  жасалып 

отырған  қиянатты  əшкерлейді.  Халықты  оянуға,  өнер-

білімге  шақырып,  рухани  кемелденудің  жолын  дінмен 

сабақтастырады.  

„Жатқандай тəтті ұйқыда қазақ халқы,  

Айырмай жақсы менен жаман парқы,  

Баласы дін мұсылман ояныңдар,  

Көрінер  жұрт  пайдасы  мен  нарқы“  деп 

түркі халықтарының бірлігін жақтайды. 

Ақын  қазақ  поэзиясында  мысал  өлеңнің  көркемдік 

дамуына,  тақырыптық-идеялық  өрісінің  кеңеюіне  ерекше 

үлес  қосты.  Мəселен,  „Шайтанның  саудасы“,  „Жарты  нан 

хикасы“ 

шығармаларындағы 

адамгершілік 

қасиеттер 

уағыздалып, жақсы менен жаманды айыру, мейірімді болу 

сынды  мəселелер  қоғамдық  өмірдің  өзекті  мəселелерімен 

тығыз бірлікте жырланады.  

2)Мəшһүр 

Жүсіп 


Көпейұлы 

діни-ағарушылық 

бағыттың  айтулы  да  бірегей  өкілі.  Ақын    «Сарыарқа 

кімдікі  екендігі»  атты  кітабында:  «Шариғат  қылса  хакім 

қандай қатты Дер едік жарық сəуле таң жаңа атты. Қолына 

көптен  бері  тимеген  соң,  Сағынды  дін  мұсылман 



 

17

 

шариғатты»,  -  дей  келе,  ары  қарай  өз  дініңді  қорғауың 

керек екендігін айтады:   

«Дініңді кім қорласа — сол өш-қасың,  

Қорлықтан ақпап пе еді көзден жасың                                                                                         

Үйде  өлген  мың  шіріктің  бірі  болмай, 

Жұрт үшін арманың не кетсе басың». 

   Аллаға  сыйыну  идеясын  ту  еткен  «Жер  мен  Көк», 

«Хаятбақшы» 

дастандарында 

əлем 

тарихы 


жəне 

Мұхаммедтің  дүниеге  келуі  мен  жастық  шағында  көрген 

қиындықтары 

бейнеленсе, 

ақынның 

«Миғраж», 

«Пайғамбардың  дүниеден  өтуі»  туындылары  Пайғамбар 

өмірінің  жеке  бір  сəттерін  бөліп  көрсетуге  арналған.  Бұл 

дастандар  автордың  əлем  сыры,  жаратылысы  туралы 

наным-сенімінің 

айнасы. 

Сонымен 


бірге 

жалпы 


адамзаттық  идея:  Аллаға  сену,  əділдікті  ту  етіп  ұстау 

идеясы  назар  аудартады.  Шығарма  одан  əрі  адамнан 

тараған  ұрпақтар  шежіресі,кімнен-кім  өрбігені  беріледі. 

Дастандарының 

барлығы 

дерлік 


ортақ 

бір 


идеяға,ізгілік,ақиқат көзін іздеу, Аллағы сыйыну идеясына 

бағындырылуы  қазақ  əдебиетін  дамытудағы  ролі  елеулі 

екенін    дəлелдейді.  Сондықтан  да  ақынның  „Гүлшат-

Шеризат“,  „Баяннама“,  „Пайғамбардың  дүниеден  өтуі“ 

өзге  де  қисс-дастандарының  тəрбиелік  мəн-мағынасы  зор. 

Ақынның  қай  шағармасы  болмасын  адам,  адам  өмірінің 

мəні, 

жаратушы 



құдіреті, 

дін 


тарихы, 

əдептілік, 

қайырымдылық,  кішіпейілділік  хақындағы  этикалық  жəне 

философиялық  ой-толғаныстарға  толы.    Мəселен,  „Алла 

құдіреті“  атты  қара  сөзбен  жазылған  толғамында  „Бір 

қиял:  оң  ба,  теріс  пе,  -  ол  арасын  құдай  біледі.  Мен 

Құдайды  „бір“  –  деп  білемін,  „күшті“  –  деп  білемін.  Осы 

үшеуіне  нанамым,  сенімім  күшті.  Өзге  нəрсеге:  құлақпен 

естіген  –  танық,  көзбен  көрген  –  анық.  Көзім  көрмей, 

нанбаймын“  дейді.  Ақынның  терең  ой-толғауы  ғылым, 

білім  жайында.  «Ғылым-білім»  атты  еңбегінде:  «Оқыған 


 

18

 

адамның  көзінің  алды  жарық  дүние  де,  қара  танымаған 

кісіге  бар  нəрсе  бұлдырап  тұрады.  Білімі  таяз  адам 

дірілдеп-қалтырап əркімге бір жалтақтағыш келеді. Білікті 

кісі  құйған  қорғасындай  салмақты  болады.  Сондықтан 

терең  де  парасатты  білім  əрбір  адамға  ауадай  қажет. 

Ғылым  -  пенденің  ішін  анау-мынау  лас  қылықтан 

тазартатын  түңлік  сияқты.  Түңлік  сияқты  үйге  күндіз 

Күннің,  түнде  айдың  сəулесі  түсіп  тұратын  болса,  сапалы 

білім де адам жанын баспалдақтай биіктете беретіні анық», 

-  дей  келе,  «Əркім  өз  жанын  тірілтуді  керек  қылса, 

ғұмырын  ғылым-білімге  сарып  қылсын.  Ғылым-білімге 

ғұмырын  сарып  қылмаған  пенденің  жаны  өлік  жан  есепті. 

Өзі  өліп  жатқан  өлікті  кім  керек  қылады».  «Ғылым-білім 

немен  болады?  Ең  алды  құдайды,  құдайтағаланы 

танығанда. Ол құдайды қайтсе таниды? Əркім өзін таныса, 

сонда  тəңірісін  таниды.  Қазақ  қариялары  да  айтады 

жақтырмаған  кісісін:  «бұл,шіркін,өзін  танымайды,кімді 

таниды?»  -деп.  Олай  болғанда,  ғылым-білімге  талап 

қылушылар  алдымен  өзін  тануды  мақсат  қылу  керек». 

«Наданнан 

бойыңды 


алыс 

қылып,сақтан 

Берілген 

ғылым,хикмет  маған  хақтан.  Ақ  жағыңнан  көретін  көзді 

жоқ  боп,      Өңшең  соқыр  қарайды  қара  жақтан,  -  деп 

ғылым-білімге  айырықша  құрметпен,  хақтың  көмегімен 

жеткен тəңірі сипатты құдіретке балап қарайды.  

    «Төрт асыл, бес береке» өлеңінде ақын адам баласының 

қара бойында төрт асыл мен бес берекесі болса, адам  

екі  жұртта  бірдей  қор  болмайды  деп  ой  түйіндейді. 

Ақынның айтпақ болған                                                                                                                              

төрт  асылы:  бірі  -  жаратқан  Алла  тағаланы  «Бір»  -  деп 

білмек - тіліменен. Екіншісі сол тілінің «Бір!» дегенін шын 

деп  білу  діліменен.  Үшіншісі  он  екі  мүшесін  Құдайдың 

құлшылығында  қылу.  Төртіншісі  пайғамбар  сүннетін 

орынға  келтіру.  Ақынның  айтпақ  болған  бес  берекесі 

мыналар:  бірі    Құдайдан  қорқып,  уақытымен  оқыған 


 

19

 

намазы,  екіншісі  өзін  артық  сөзден  тыю,  үшіншісі  закот 

хирахасаны,  төртіншісі  нəпсісін  тыю,  ал  бесіншісі 

аманатқа  қиянат  қылмай,  берген  уəдесіне  берік  болу.  Осы 

аталған  тоғыз  қасиетті  бойына  жинақтаған  адам  дүниенің 

шарапат,  қасиетімен  көркейіп,  нағыз  толық  адам  атанбақ 

деген ой түйіндейді. 

Қорыта  айтқанда,  ақынның  философиялық  ой-

толғамдары 

адам 


баласын 

адамдық 


қасиетке, 

бауырмалдылыққа 

үндеуімен 

жəне 


жақсылық 

пен 


жамандық  туралы  терең  ойға  жетелеуімен  құнды.  Өмір 

мəніне,  дүние  сырына  терең  бойлай  отырып,  бұл  өмірдің 

тұтқасы  иман  қасиетте  деп  біледі.  Ал  имани  қасиет 

жүрегіңнің  тазалығы,  жан  дүниеңнің  кіршіксіздігі.  Өмір 

мəні  тек  жақсылықта.  Жақсылық  күннің  нұрындай  бойға 

сіңсе  адам  баласының  адамгершілік  мұраты  да  асқақтай 

бермек.   

 

  Дəріс бойынша сұрақтар: 



 

1.М.Көпеев шығармашылығын зерттеуші. 

2.Ақынның көтерген басты тақырыбы. 

3.М.Көпеевтің нəр алған əдебиеті. 

4.Ақынның қазақ поэзиясына қосқан үлесі. 

5. «Төрт асыл,бес береке» өлеңінің идеясы.     

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

20

 

               

 

Негізгі

 əдебиеттер тізімі: 

1. Əбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ əдебиеті. - 

Алматы, 2002. 

2.  Жаксылыков  А.  Образы,  мотивы  и  идеи  с  религиозной 

содержательностью 

в 

произведениях 



казахской 

литературы. - Алматы, 1999.  

3. Əуезов М. Əдебиет тарихы. - Алматы, 1991. 

4.  Кенжебаев  Б.  ХХ  ғасыр  басындағы  əдебиет.  -  Алматы, 

1993.  

Қосымша

 əдебиеттер тізімі: 

1. Қалижанұлы У. Қазақ əдебиетіндегі діни - ағартушылық 

ағым  (ХІХ  ғасырдың  ортасы  мен  ХХ  ғасырдың  басы).  - 

Алматы, 1998. 

2. Қазақ əдебиетінің тарихы. Т. 2, 2 кітап. - Алматы, 1965.  

3. Қамзабекұлы Д. Алаш жəне əдебиет. - Астана, 2002.  

4.  Қоңыратбаев  Ə.  Қазақ  əдебиетінің  тарихы  –  Алматы, 

1994 


      

                                                                                                                            






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал