2-бет. Әлеумет әлді де




бет4/10
Дата16.03.2017
өлшемі1 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Құдайберген НҰРМАНОВ,   қобызшы-ұстаз

Ащысына қамықпады, тәттісіне  дандай-

сымады. Өзін жалғызындай еркелеткен  туған 

халқының ыстық ықыласына, барша қошеметіне 

қанша бөленсе де, елінен еш биіктеген емес. Оған 

дәлел жасы ұлғайып, атақ пен құрметтің сан 

түріне ие болған шағында тілшілердің кезекті 

«Бақыттысыз ба?» деген сұрағына, Нұрағаңның: 

«Елден ала бөтен бақытты болғым келмейді. 

Өзімді анадан тумағандай сезінемін, өйткені 

халқым мені алақанына салып, өмір бойы аялап 

келеді»-деп әлгі сұраққа орағыта  жауап бергенін 

білеміз, оқыдық.

Ал қазақтың көзі тірі кемеңгер жазушысы 

Әбіш  ақсақал    (Кекілбаев):  «Егер  ел-жұрты 

етінен ет кесіп бермеді демесек, құрметін, ізетін 

аямады»,-деген еді қоштасу сәтіндегі қаралы 

жиында... Бұл өткен ғасырдың  тоқсан сегізінші 

жылының күрең мезгіл, қара күзі болатын. Әнші 

құстар да жылы жаққа мекеніне қайтқан. Міне 

сол тұста Нұрағаң да өзінің ақтық өтінімімен 

үш жасынан сақалына жармасып өскен өмірдегі, 

өнердегі ет жақын атасы– Жамбыл жәкесінің 

жанына жайғасқан.Осынау 1998 жылда қандай 

құдірет, қандай  күш, қандай сәйкестіктер болды. 

Сол  жылдың  тамыз  айында  Елбасы 

Нұрсұлтан  Назарбаев  ауруханада  жатқан 

Нұрағаның өнер ұялаған абыз кеудесіне «Алтын 

жұлдыз» тағып, «Халық қаһарманы»  атағын 

берді.Сол жылдың қазан айында ауруханадағы  

дәрігерлердің қарсылығына қарамастан бабасы 

Қарасай  батырдың  400  жылдық  мерейтой-

ына  қатысып,  өзі  негізін  қалаған,  аспаптық 

өнердің биік шыңына көтерген, академиялық, 

фольклорлық – этнографиялық «Отырар сазы» 

оркестріне соңғы рет дирижерлік еткен. «Қарасай 

бабам 73 жасында дүние салыпты, мен де ...» деп,  

ақтық күнін болжаған дейді білетіндер сол тұста. 

Шындығы да солай екен. 1925 жылы туылған, 

1998 жылы өмірден озған. Бұл қандай дәлдік! 

Әрине, ол бір Аллаға ғана аян!

Тағы да сол 1998 жыл, наурыз айы. Тура 

сол тұста Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 

тікелей тапсырмасымен, экономикамыздың әлі 

де әлсіздігіне қарамастан, Тараз қаласында көп 

балалы және аз қамсыздандырылған отбасы бала-

лары үшін облыстық мектеп-интернат ашылып, 

оған қазан айының 9 жұлдызында, Әулиеата 

өңірінің алыс-шалғай ауылдарынан алғашқы 

түлектер қабылданды. Ал 2000 жылдың қазан 

айында мектепке Ғасыр композиторы,  Халық  

хаһарманы  Нұрғиса Тілендиевтің есімі берілді. 

Нұрғиса Атабайұлын өз басым сонау, өткен 

ғасырдың 70 - жылдарынан білетінмін. Біздің 

студент кезімізде түсіріле бастаған «Қыз Жібек», 

«Көксерек», «Құлагер» сияқты қазақтың кәсіби 

кино өнеріне жаңа леп әкелген көркем филь-

мдерге Тілендиев  жазған ерекше сәтті музыка-

ларын, оның өзі үйлестірген құрама оркестрдің 

бір мүшесі ретінде ойнау бақытына ие болған 

кезеңнен жақын тарттық. Нұрағаңның ақыл-

кеңестерін де, аласапыран, келтек мінездерін де, 

былайша айтқанда, ел аузында  жүрген аңызға 

бергісіз дара мінезінің  де  тірі куәсі болғанбыз. 

Кейінірек, 1987 жылы облыстық филармонияның 

қызметкері ретінде 

он  бес,  жиырма 

күндей  жол  серік 

ретінде Нұрағаңмен 

бірге  «Отырар 

сазы»  оркестрін 

өңірдің  Жуалы, 

Байзақ  ауданда-

ры  мен  Тараз  қаласындағы  жоспарланған 

концерттерінде сапарлас болғаным бар. Осы 

күндері шығып жатқан кітаптар мен әртүрлі 

газет беттерінде жарияланып жүрген әңгімелерін 

де естігем. 

2006 жылдың қазанынан бүгінгі күнге дейін 

аталған мектепте қобызшы - ұстаз қызметіндемін.

Ал, қыл қобыз аспабын Нұрағаң: «Қорқыттан 

жеткен ұлы мұра» деп ерекше құрметтейтін. 

Он  бес  жылдық  тарихында  Н.Тілендиев 

атындағы облыстық мектеп-интернаты көптеген 

шәкірттерге біліммен қатар өнерден де дәріс 

берді.Олардың ішінде талантымен танылған, 

облыстық, республикалық байқауларда жеңімпаз 

атанғандары  да бар. Мектептің базасында өтетін 

түрлі мәдени, көпшілік іс - шаралар  Нұрғиса 

Атабайұлының есімімен тікелей байланысты. 

Оған  дәлел  Н.Тілендиевтің  80  жылдығына 

орай  «Баласағұн»  ОКЗ-да  өткен  мерекелік 

концерт, 85 жылдығына байланысты республи-

када бірінші болып орнатылған Тілендиевтің 

көрнекті  бюсті.  Ал  Нұрғиса  Атабайұлының 

90 жылдық мерейтойы облыс көлеміндегі  ірі 

мәдени іс – шаралардың  бірі болды. Ол туралы 

кезінде айтылды, жазылды. Ал атақты «Оты-

рар сазы» оркестрінің Тараздағы тұяғындай 

саналатын мектептің «Нұр-Ата» фольклорлық– 

этнографиялық оқушылар оркестрі 2011 жылы 

Астана қаласында өткен V халықаралық  «Ақ 

көгершін» байқауында I  орынды жеңіп алып, 

лауреат атанды.

Жылда  сәуірдің  алғашқы  ақ  таңымен 

бірге Нұрғиса Атабайұлының туған күні атап 

өтіліп, түрлі мәдени іс-шаралар жоспарланып, 

Тілендиев айы өтеді. Жоғарыда қозғалған әңгіме 

Тілендиевтің есіміне байланысты шегіністен 

туған ой. Ал, түйінді сөз Нұрағаң жөнінде. Әрине 

ол туралы ақ қағаз бетіне түспеген әңгіме,  жыр, 

ой – пікір, сыр-сұхбаттар баршылық, тәубә. 

Алайда, соның ішінде:

«... Жүрек менің Пайғамбарым, Лұқпаным,

Содан ғана биіктерден шыққаным.

Ұқпағаным көп бойыңда,  Нұр – аға,

Қайталанбас құбылыссың -  ұққаным!» - 

деп толғаған қазақ поэзиясының қадірлі ақыны 

Қадыр Мырза - Әлінің  жыр  жолдары ерекше. Иә, 

шындық сол, Тілендиевті ұққандардың мақтауы 

мен  мадақтауы,  жазылған,  айтылған  әңгіме, 

эсселері аңызға, ал ұқпағандар үшін өмірде 

сирек кездесетін құбылысқа – Абыз талантқа 

айналып кетті.



Ғұмыры аңыз, талантты абыз

 

„

Өмірдің шынайы мәнін бағалай білетін пенделер үшін нұрғиса Атабайұлы 



Тілендиевтің ғұмырнамасы бір қазақтың тұтастай өнер тарихы іспетті. 

Өйткені кең тынысты, биік мақсатты ұлы тұлға сол өмірдің қадір - қасиетін, 

бар болмысын терең сезінді, мәнді, сәнді, дәмді бейнет кешті. 

9

//   «ЖАМБыл - ТАРАз»  //  №44 (1279), 28 ҚАзАН  2015 Жыл  //

айна

«Қазтест» мемлекеттік 

Қызметшілер үшін

 

„

Қр Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы облыс әкімдігі 



Тілдерді дамыту басқармасының «мемлекеттік тілді оқыту орталығында» «ҚАзТЕСТ» 

сертификаттық тестілеу өткізді.  

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

  Жалғызынан  айырылып,  қара  жамылып  есеңгіреп  отырған 

шаңыраққа  жаңа туған шарана жуық арада қуаныш сыйлай алмады. 

Жиылған жұрт: 

Дүниеге немерең келді! Ұлыңның ізі жалғасты. Төстікбайдың 



орнын Әбділда басады,- дегенде: - Бұл бала өсіп, жетілгенше қай заман?- 

деп өксіген екен үлкендер. 

Сөйтіп,  қайғының  уысынан  енді-енді  ес  жиып,  көктемде  туған 

нәрестенің құжаттарын күзде бір-ақ алады. Уақыт та бір зымыран емес пе? 

Міне, Әбділда Сәрсенбі сәби атанғалы бері алты күндей болмады, алпыс 

көктем шуағын төгіп, алпыс күздің  сары жапырағы да  төгіліп үлгерді. 

Әбділда мектеп табалдырығын аттағалы зеректігімен көзге түсіп, 

оқуда озат атанады. Үлгілі оқушылардың қатарынан көрінуіне нағашы 

апайы Лизаның Тараз қалалық педагогикалық училищесін бітіріп, осы 

шаңырақта жүріп ұстаздық қызмет атқаруы да себеп болса керек. Лиза 

құрбысы Алша екеуі кішкентай Әбділдаға білім нәрімен қатар, жүріп 

-тұру, киім кию әдістері мен талғампаздықты үйретеді. 

Жоғары сыныпқа барғанда, әйгілі жазушы Мұхтар Әуезовтен дәріс 

алған  Есалы Қырықбаев пен Әбілқасым Аязбеков есімді ұстаздары жас 

баланың әдебиетті сүюіне ықпалы тиеді.

Кейін мектеп бітірген соң, атасы Сәрсенбінің қалауымен Алматы 

қаласындағы мал дәрігерлік-зоотехникалық институтына оқуға түседі.

Алайда жүрегі журналистиканы, қиялы қалам мен қағазды ғана аңсап, сөз 

семсерін ғана серік еткісі келген сері өзі қаламаған мамандықты оқығысы 

келмей, алты айдан кейін елге келеді. Бала кезінен-ақ жазуға әуестігі бар 

болғандықтан, түрлі басылымдарда танылып жүрген кезі еді бұл. Өнерден 

де құр алақан еместігін аңғартып, аудандық мәдениет бөліміне қызметке 

тұрады. Жазушы-драматург Қалтай Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрі 

астында», «Құдағи келіпті» спектакльдерінде сан түрлі рөлдерді ойнап, 

сахна төрінен табылып қана қоймай, іссапармен Жамбыл облыстарын 

аралап, Қырғызстанға дейін барып қайтады.Әртістік қабілеті бола тұра, 

атасы жалғыз немересінің әртіс болғанын қаламайды. Сөйтіп, түрлі басы-

лымдарда жарық көрген мақала, өлеңдерін ескереді де, журналистикаға 

бет  бұруына  рұқсат  етіп,  батасын  береді.  Кейін  Қазақ  мемлекеттік 

университетінің журналистика факультетін тәмамдаған тұста, облыстық 

«Ақ жол» газетіне жұмысқа орналасады. «Ақ жолда»  табан аудармай 

он жыл қызмет етеді. Көз жанары төмендеуіне байланысты  облыстық 

тіл басқармасында бас маман, Жамбыл темір жол бөлімшесінде және 

локомотив депосында аудармашы қызметіне ауысады. 

«Аққу құсқа оқ тисе, қанатын суға тидірмес,

Ер жігітке оқ тисе, қиналғанын білдірмес» - демекші, көз жанары 

әлсіреп, жарық сәуленің шуағын көруі мұң болған тұстары да, Әбділда 

аға мойымады. Алланың қалауы, жан-жарының  сезімі, жақындарының 

тілектестігі мен ақ халатты абзал жандардың демеуінің арқасында үміттің 

жарық сәулесі көз ұшында шырақтай жанды. Міне, асқаралы алпыс жасқа 

да жетті. Есенқұл Жақыпбеков өзінің алпысында:

«Амалым не, алпыс міне кеп қалды, 

Алпыс деген абырой ғой ақ қарлы»,-деген екен. 

 Әбділда аға да өзінің асқаралы алпыс жасын абыройсыз қарсы алған 

жоқ. Көз қарашығының әлсіздігіне қарамастан, облыстық басылымдарға 

мақала беріп тұрады. Бірнеше кітап та жазды. 

Ақжарқын  аға  қолыма  өз  қолтаңбасымен  менің  отбасыма  деген 

тілектестігін білдіріп,  «Азия мен Еуропаны жалғаған болат жол» атты 

еңбегін ұсынды. Сол сәтте мен Әбділда аға екеуміздің арамызды жалғаған 

қара көзілдірігінің арғы жағынан өмірге деген махаббатын  көрдім. Ал 

жан-жарының қаламгер ағаға сүйсіне қараған жүзінен бұл шаңырақтың 

шырағы алаулап жанып тұрғанын сезіндім...

Шежіре - 20

 (Сарғайған газет беттерінен)

Жалғасы, басы өткен санда 

2002 жыл

№1 (310) 4.01.2002

Ақын Асқаржан Сәрсектің балаларға 

арналған «Міне, қызық керемет!» өлеңдер 

жинағы жарыққа шықты.

Республикалық абаттандыру 

байқауында Тараз қаласы үшінші орынды 

иеленді. Астана бірінші, Алматы екінші. 

Жаңа жыл қарсаңында облыс әкімі Серік 

Үмбетов қала әкімі Болат Сауранбаевқа ІІІ 

дәрежелі дипломды табыс етті.



№3 (312) 18.01.2002

Өзбекстан астанасы Ташкент 

қаласының әкімі Рустам Шобурахметовтің 

шақыруымен Тараз қаласының әкімі Болат 

Сауранбаев Ташкент қаласында болды. 

Бұл шара алдағы күндері Тараз қаласында 

жалғасын тапты.

Орталық базарда сауда жасаушылар 

Қазыбек би мен Абай көшесінің қиылысын 

жауып тастады. Олар базарда қытайлардың 

көтерме сауда орнын ашуына наразылық 

танытты. Алайда, олармен кездескен облыс 

әкімі Серік Үмбетов Таразға қытайлық 

саудагерлердің келмейтіндігін айтты.



№11 (320) 15.03.2002

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-да 

Д.Қонаевтың 90 жылдығына орай «Тұғыры 

биік тұлға» тақырыбында жыр мүшәйрасы 

өтті. Онда бірінші орынды ақын Азамат 

Есалы, екінші орынды Фариза Әбдікерімова 

алды. Жандос Жұмабеков пен Сәбит      

Жамбаевтар үшінші орынды өзара бөлісті.



№12 (321) 22.03.2002

(Газет осы саннан бастап екі тілде 

бөлек басылып шыға бастады)

АҚШ-тың Индиана штатының Мэнси 

қаласының мэрі Даниел Кэнэн мен Тараз 

қаласының әкімі Болат Сауранбаев өзара 

ынтымақтастық қарым-қатынас құжатына 

қол қойды. Бұл екі қала – бауырлас қалалар.



№15 (324) 12.04.2002

Тараз қаласының 2000 жылдық тари-

хына арналған республикалық ғылыми-

практикалық конференция өтті.



№16 (325) 19.04.2002

Тараз қазақ-түрік экономикалық 

колледжінің 11- сынып оқушысы Арыстан 

Иманғалиев «Хабар» телеарнасындағы 

«ХХІ ғасырдың көшбасшысы» 

интеллектуалдық ойынының ақтық сайы-

сында жеңіске жетіп, 3200 АҚШ долларына 

тең білім грантын иеленді.



№18 (327) 3.05.2002

Облыстық «Ақ жол» газетіне 80 жыл.



№21 (330) 24.05.2002

Қала әкімі Б.Сауранбаев Латвияның 

Даугавпилс қаласында өткен балалар 

шығармашылығының халықаралық 

байқауына қатысқан «Жас дәурен» 

хореографиялық ансамблінің мүшелерін 

қабылдап, сый-сияпат жасады. Ансамбльдің 

жастар тобы бірінші, ересектер тобы үшінші 

орынды иеленген еді.

№26 (335) 28.06.2002

Соңғы бір жарым жыл бойы қатынасы 

үзілген «Тараз-Астана» бағытындағы 

әуеқатынасы қайта қалпына келтірілді.



№26 (338) 19.07.2002

АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және 

өкілетті елшісі Лэрри Нэппер облыс әкімі 

Серік Үмбетовпен кездесті.



№32 (341) 9.08.2002

Орталық «Достық» алаңындағы қос 

фонтанға «Кристал-Тараз» ЖШС-і суасты 

жарықтандыру және аудио құрылғылар 

орнатып берді.

жалғасы келесі санда

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Өңірімізде  алғаш  рет  өткізіліп  отырған 

сертификаттық  тестілеуге  қатысушыларға 

Жамбыл облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту 

басқармасының  басшысы  Ғалия  Боранбае-

ва  сәттілік  тілеп,  шараның  маңыздылығына 

тоқталды.  Сондай-ақ  ҚР  Білім  және  ғылым 

министрлігі жанындағы Мемлекеттік тілдерді 

дамыту  басқармасының  жетекші-сарапшысы 

Сұлтанбек  Қабылов  пен  Ұлттық  тестілеу 

орталығы «ҚАЗТЕСТ» өкілі Шынар Балқожина 

өткізіліп отырған тест жүргізу жайын түсіндірді. 

«ҚАЗТЕСТ»  жүйесі  бойынша  тестілеу  қазақ 

тілін оқыту курсының тыңдаушыларын бастау-

ыш, жалғастырушы, тереңдетілген деңгейлерге 

Алпыс деген абырой ғой ақ қарлы

 

„

Әрбір ер-азаматтың таңдайындағы тәтті тілегі жарының 



құрсағындағы нәрестенің жарық дүниенің есігін ашқан сәтін сүйіншілеп, 

құшағына алу шығар... Алайда Талас ауданы, Тамабек ауылының 

тұрғыны Төстікбай Сәрсенбіұлы ұлының өмірге келуіне жиырма күн 

қалғанда бақилық болды. Қазақтың қайсар рухын қайрап өскен қуатты 

кісі көкпар тартып жүріп, ажал құшқан.

дұрыс бөлуге септігін тигізіп, қазақ тілін білу 

деңгейін тәуелсіз бағалайды. Негізінен, мұндағы 

тестілеу жүйесі 5 деңгей бойынша бағаланады 

екен. Атап айтар болсақ, А1-қарапайым, А2-

базалық, В1-орта деңгей, В2-ортадан жоғары 

және С1 деңгейі –жоғары, яғни қазақ тілін жетік 

меңгергендер деңгейі болып саналады. Тест 4 

бөлім 150 сұрақтан құралады. Алғашқы бөлімі 

тыңдалым. Бұл бөлімде диалогқа байланысты 

сұрақтар  легі  қарастырылған  болса,  мұнан 

кейін қызметкердің лексикалық-грамматикалық 

білімі сараланады. Үшінші оқылым бөлімінде 

белгілі бір мәтінге қатысты сұрақтар қамтылған. 

Қорытынды соңғы жазылым деп аталған бөлімде 

А2 санаты бойынша тапсырғандар диктант жазса, 

В1 санатындағылар мазмұндама жазады. 

Айта  кетерлігі,  аталмыш  сертификаттық 

тестілеуге қатысушы мемлекеттік қызметкерлер 

ақылы түрде ғана белгілі мөлшердегі ақысын 

төлеп, бақтарын сынай алады. Тест қорытындысы 

тест  тапсырғаннан  кейін  10  күннен  кейін 

шығарылады. Тестілеуден межелеген балды ала 

алмағандар 3 айдан соң қайта тапсыруларына 

мүмкіндік  туғызылған.  Ал  тестілеуден  өтіп, 

сертификатқа қол жеткізгендер үшін сертификат 

екі жылға жарамды болып табылады. Сондай-ақ 

қызметінде лауазымы жоғарылайтын болса, тестті 

қайта тапсырады. 

Аталған  тест  тапсырған  мемлекеттік 

қызметшілердің үлесі 2017 жылға  дейін 50 пай-

ыз, 2020 жылға 100 пайыз тапсыру жоспарланып 

отыр. Осыған орай өткізілген тестілеудің алғашқы 

күні  70  мемлекеттік  қызметкер  өз  бақтарын 

сынады.  Қазан  айының  26-30  аралығында 

өтетін  өңіріміздегі  тестілеу  жұмысына  523 

қызметкер қатысады деп жоспарланып отыр. 

Оның 200-і А2 базалық деңгей бойынша тап-

сыратын болса, 323 қызметкер В1 орта деңгей 

бойынша. Қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға 

бағытталған «ҚАЗТЕСТ» тестілеуі мемлекеттік 

қызметкерлерден өзге «Болашақ» халықаралық 

бағдарламасымен шетелде білім алғысы келген 

үміткерлер үшін міндеттелген. Мұнымен қоса, 

мемлекеттік қызметшілердің аттестациясына қосу 

жоспарлану үстінде екен. 

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 

жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 

аясында «Мемлекеттік тілді оқыту орталығында» 

2013 жылдан бастап Жамбыл облысындағы ере-

сек тұрғындардың мемлекеттік тілді меңгеру 

деңгейін анықтау мақсатында диагностикалық 

байқау сынақтарын ұйымдастыру жұмыстары 

жүргізілген.  Осы  жылы  облыс  көлемінде 

«ҚАЗТЕСТ»  жүйесі  арқылы  байқау  сынағы 

өткізіліп, оған 2391 қызметкер қамтылған. Ал 

2014 жылы 1691 қызметкер, осы жылдың 23-27 

ақпан аралығында 1000 мемлекеттік қызметкер 

аталған жүйе бойынша байқау сынақтарынан 

өткен.      

білімдері сараланды. 

    Суретті түсірген А. Қартабай



10

//   «ЖАМБыл - ТАРАз»  //  №44 (1279), 28 ҚАзАН   2015 Жыл  //

орта

«АрмАндАй АлмАҒАн  АлыСҚА БАрмАйды»

Нариман Мәуленов, 

«DIAMOND» халықаралық әмбебап тауар биржасы АҚ президенті, жеке кәсіпкер:

–  Нариман  Бүлдешұлы,    бизнес  сала-

сында  белгілі  бір  жетістікке  жету  үшін 

адам  баласына  қандай  қасиеттер  керек? 

Жаңадан кәсіпкерлігін ашып, бизнес бастау-

шы жастарға қандай кеңес берер едіңіз?

–Қазір көпшілік жастар барлығы бірден 

бола  салса,  су  жаңа  «Тойотаны»  тақымдай 

салсам  деп ойлайды. Тіпті, арыға бармай-ақ, 

жаңадан жұмысқа тұрған жас маман бірден 

көп  айлық  алып,  бастық  болғысы  келеді. 

Қазақ «судың да сұрауы бар» деген. Алланың 

әрбір берген ырзық-несібесінің сұрауы бар. 

Кәсіпкерлігін бастап, бизнес ашқысы келетін 

әрбір жас  табанды еңбектен қашпауы қажет. 

Өз жеке басыма келетін болсақ, біз барлығына 

адал еңбекпен жеткен адамдармыз. Әкем ел 

қатарлы  еңбек  етіп,  қарапайым  жұмысшы 

болды. Ал анам үнемі үй шаруасында отыр-

ды.  Бірақ,  сол  кісілердің  жақсы  тәрбиесі, 

бізді  еңбекке  табанды  түрде  баулығанының 

арқасы болар, кез келген қиындыққа мойы-

май,  ауырсынбай, тек алға ұмтылумен өмір 

сүрдік. Қарапайым ғана өзімізге ыстық, ал-

тын ұя С.Шәкіров ауылындағы орта мектепті 

тәмамдадық. Одан соң, облыс орталығындағы 

техникумды «бухгалтер» мамандығы бойынша 

бітірдім. Осы орта біліммен-ақ  1991 жылы 

Қаратау қаласында алғашқылардың бірі болып 

бизнес  бастадық.  Осы  кезде  табанымыздан 

тозып, халыққа қажетті тауарды тасымалдап, 

бизнестің алғашқы дәмін таттық. Керек десеңіз, 

мен де ауылдың балалары сияқты «ВАЗ 2106» 

жигулиім, алдымда 300 бас қойым болса деп 

армандадым. Сол арман-тілектің арқасы шығар, 

бүгін сіз көріп отырған жетістікке жетіп отыр-

мын. Армандай алмаған адам  алысқа бармайды.



-  Осыдан үш жыл бұрын облыс бойын-

ша  жылжымайтын  мүлік  орталығында 

директордың орынбасары деген лауазымда 

жемісті қызмет еттіңіз. Бірнеше кәсіптің 

тізгінін ұстап отырып, облыстық деңгейдегі 

орталықта жұмыс жасау қиындық тудыр-

мады ма? 

–  Әрине,  әр  жұмыстың  өз  қиындығы, 

жауапкершілігі болады. Мемлекеттің жұмысы 

болған  соң,  менің  жеке  басымның  жұмысы 

екінші орында тұратыны айтпаса да түсінікті. 

Дегенмен, сол уақыттарда менің иелігімдегі 

жұмыстың барлығының өз жауапты адамдары 

болды. Сондықтан, облыс бойынша жылжы-

майтын мүлік орталығындағы қызметіме ол 

жұмыстар  еш  кедергі  келтірген  жоқ.  Қайта 

қолымыздан  келгенше  орталық  жұмысын 

жандандыруға  күш  салдық.  Еңбегімнің 

қаншалықты  жемісті  болғанын  менімен 

қызметтес болған әріптестерім айта жатар. 



– Қашанда қайырымдылық шараларының 

бел ортасында жүресіз...

– Халыққа қызмет жасау - мен үшін үлкен 

абырой.  Қара  бастың  қамын  ойлау  менің 

ұғымымда жат дүние. Қазірдің өзінде жүзден 

аса адамға жұмыс беріп отырмын. Олардың 

әрқайсысының үйінде кемі үш баладан бар. 

Барлығын қосып есептесеңіз, бес жүз адамға 

жетіп артылады. Осы бес жүз адамның өмір сүруі 

менің мойнымда қазір. Оларға еткен еңбегіне 

қарай айлық беру, басқадай жағдайларда көмек 

қолын созу – менің басты міндетім. Бір күні 

менде  жүргізуші  болып  істейтін  Жанысбек 

деген  азамат  жанұя  жағдайына  байланысты 

жұмыстан  шығамын  деп  кетіп,  сәлден  соң 

мендегі басқа жүргізуші жұмысшылармен бірге 

бірнеше адам болып, рұқсат сұрап кабинетіме 

кіріп келді. Он бес жыл менде жұмыс істейтін 

Мақсат  деген  азамат  маған:  «Нәке,  есіңізде 

ме?  2004  жылы  баспанадан  қиналып  бала-

шағаммен үй жалдап жүрмін. Луговой темір 

жол бекетінен жұмысыма жақын жерден бір үй 

сатылады екен, соны сатып алуға көмектесесіз 

бе»  деп  өтініш  айтқанымда,  сол  үйді  маған 

«Алланың  разылығы  үшін  және  балаларың 

қиналмасын»  деп  сатып  алып  бергеніңіз»  - 

деді. Мен:«Ия,есімде» - дедім. «Сондай жағдай 

бүгін Жанысбектің де басына түсіп тұр екен.

Жанысбек жұбайы, төрт баласымен баспана-

сыз қалыпты. Сол себепті жұмыстан шығып 

жатқанын естіп: «Жүр, мен сені Нариманға ертіп 

барайын. Осындай жағдай менің де басымнан 

өткен, сол кезде Нәкең маған көмектескен» деп 

ертіп келдім» - деді. Содан әлгі жүргізушіммен 

сөйлесіп мән - жайын сұрап біліп, ол азаматтың 

Дальний  Қарасу  ауылында  жері  бар  екенін 

білдім. Бұл 2014 жылдың көктем айының басы 

болатын. Бір Алланың разылығы үшін және де 

төрт баласы қиналмасын, қатарынан қалмасын 

деп өз қалтамнан «5-6 айға дейін бала-шағаңмен 

пәтер жалдап тұра тұр» деп қаржы бердім де, 

көп уақыт өтпей үйін соғатын жұмысшылар 

тауып,  олардың  да  және    үй  соғуға  керекті  

қаражатты өз қалтамнан толық беріп, қыстық 

отынына дейін түсіріп бердім.    



–  Сіз  табаны  күректей  он  жыл  бойы 

облыстық  көмір-отын  базасы  «Транзит-

Көмір» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін 

басқардыңыз.  Екі  айдан  соң  қылышын 

сүйретіп «кәрі құда» қыс келеді. Биыл көмірдің 

жайы қалай болмақ?  

– Облыстық көмір базасын басқарған жыл-

дары  бағаны  аспанға  шарықтатып,  халыққа 

қысастық жасаған кезіміз болған емес. Қайта ең 

арзан көмір біздің облыстық базадан босатылып 

отырды. Қазір Тараз қаласында көмір бағасы он 

бір мың теңгеден саудаланатын болса, біз жа- 

уапты адамдармен келісе отырып,  әр тоннасын 

тоғыз мың теңгеден белгіледік. Өйткені елдің 

жағдайы маған жақсы таныс. Ал, енді ортадағы 

делдалдар,  алыпсатарлардың  жұмысына  біз 

тосқауыл  қоя  алмаймыз.  Осыдан  бірер  жыл 

бұрын  Сарысу  ауданына  қарасты  Досбол 

ауылының маңына достарыммен аңға шықтым. 

Жол-жөнекей көмір артқан камаздар жолықты. 

Қызығушылығым оянып, әлгі камаз иелерінен 

көмірдің бағасын сұрай салдым. Сөйтсем, олар 

тоннасын  12  000  -13  000  теңгеден  саудалап 

жүргендерін айтты. Ол кезде көмірдің әр тон-

насын базадан 7 500 теңгеден босатамыз. Дереу 

Досбол ауылының әкіміне жолығып, ауылда 

көмір қажет етіп отырған адамдардың тізімін 

жасауды сұрадым. Егерде  қатты отын керек бол-

са, мен өз техникаммен 8 000 теңгеден есігінің 

алдына дейін жеткізіп беретінімді айттым.  Бұл 

ұсынысымды әкім де қолдай кетіп, бірер күнде 

көмір қажет деген үйлердің барлығын арзан 

көмірмен  қамтыдық.  Осы  Сарысу  өңірінде, 

Тоғызкент  елді  мекенінің  маңында  Әулие 

Баба - Түкті шашты Азиз бабамыздың кесенесі 

бар.  Осы  кесененің  шырақшысының  үйіне 

«Әулиенің әруағы разы болу үшін отыр, бір 

Алланың разылығы үшін және де бабамыздың 

әруағы разы болсын» деп он бес жылдың көлемі 

бойы қыстық отынын жеткізіп беріп отырмын.

–  Елге  пайдаңды  тигізу  де  үлкен 

азаматтықты қажет етеді. Жерлестеріңіз, 

дос-жарандарыңыз,  қасыңызда  жүрген 

қызметтестеріңіз сіздің кеңпейілділігіңізді, 

қолыңыз  ашық,  жомарт  екендігіңізді  көп 

айтады...

–  Қазір қоғамымызда қаншама мүгедек, 

ата-анасының қамқорлығынан айырылған жетім 

балалар бар. Кейде осыларға жүрегім ауырады. 

Қолдан  келгенше  көмек  бергім  келеді.  Бұл 

істе «Нұр Отан» партиясының жасап жатқан 

жұмысы, бастамалары көңілге қонымды. Өзім 

еліміздің бас партиясының мүшесі ретінде дәл 

қазіргі күні  «Кедергісіз келешек» жобасы ая-

сында  «Қазақстан соқырлар қоғамы» қоғамдық 

бірлестігінің облыстық филиалы ғимаратының 

жылу  жүйесін  жөндеуге  жәрдем  беріп  жа-

тырмын. Аудандарда тұратын жағдайы төмен 

зағип жандарға 40 тонна көмір отынын жеткізіп 

бердім. Одан кейін «Нұр Отан»  партиясының 

тағы бір үлкен бастамасы –  «Бақытты балалық» 

жобасы аясында ата-анасынан айырылған он 

балаға арнайы есеп-шот ашуға жәрдем жаса-

дым. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің 

болашағы  дені сау ұрпақ екендігін айтудан 

жалыққан емес. Және халықтың отыз пайызы 

бұқаралық спортпен шұғылдану қажеттігін әр 

уақыт назарда ұстайды. Қолымнан келгенше  

спортшыларға  да  көмегімді  беріп  келемін. 

Қол  ұшын  созған  спортшылар  байрақты 

бәсекелерде  топ  жарып  жатса,  көңіліңнің 

марқайып сала беретінін жақсы түсіндім. Осын-

дай қуанышты сыйлаған Талас ауданы, Ақкөл 

ауылындағы Досан Қалаубеков  бауырымыз бен 

қол күресінен әлемдік чемпионатта олжа салған 

Әсел Қалмысқызы қай кезде де мақтауға лайық. 

Осыдан бір жылдай бұрын Талас ауданының 

әкімі  Болат  Рысмендиевті  жаңа  қызметімен 

құттықтауға аудан орталығы Қаратау қаласына 

бардым.  Әкімнің  қабылдауында  болып, 

аудандағы  біраз  мәселеден  хабардар  болып, 

шешімі табылмай тұрған жайттарға да құлақ 

түрдік. Дәл сол кезде Ойық ауылдық округіне 

қарасты Көктөбе ауылындағы орта мектептің 

апатты жағдайда тұрғандығы сөз болып жатыр 

екен. Түсінгенім, егер мектептің апатты бөлігін 

құлатып, орнын тегістеп, қайта ретке келтірсе, 

оқушылар сабағын алаңсыз жалғастыра беру-

ге  бек мүмкіндік бар. Бірақ осы істі жасауға 

күш  керек.  Аудан  әкімдігі  тарапынан  жаса-

латын болса, уақыт аздап созылатын түрі бар 

көрінеді. Мәселеге қаныққан соң, аудан әкімі 

Болат Қанатбайұлына әлгі құлауға шақ тұрған 

мектептің  бөлігін  құлатып,  орнын  тегістеп, 

балалардың оқуына мүмкіндік жасайын деген 

ұсынысымды  жеткіздім.  Ол  кісі  де  бірден 

келісіп, сол күннің ертесіне Талас ауданына 

арнайы үш техника жіберіп, мектептің мәселесі 

екі күнде толықтай шешілді. 



– Әңгімеңізге рахмет.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал