2-бет. Әлеумет әлді де




бет3/10
Дата16.03.2017
өлшемі1 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Дайындаған Индира БАЙҚОНЫС

әлеумет

6

//   «ЖАМБыл - ТАРАз»  //  №44 (1279), 28 ҚАзАН   2015 Жыл  //



ӘлЕумЕТТІК ҚызмЕТКЕрлЕр 

мЕрЕКЕСІ

 

„

Елімізде Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі осымен төртінші 



жыл аталып өтуде.

Құрметтің төрінде.

  Суреттерді түсірген

 Т. Борисенко

Жастар - қоғам 

қозғаушысы



 

„

«Қазақстан 2020: 



болашаққа жол» Қр 

мемлекеттік жастар 

саясатының 2020 жылға 

дейінгі тұжырымдамасын 

жүзеге асырудың ІІ 

кезеңі аясында «Жастар 

ресурстық орталықтары 

жұмысының өзекті 

бағыттары» тақырыбында 

республикалық аймақаралық 

семинар-тренинг өтті.

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің 

қолдауымен облыс әкімдігінің жастар саясаты 

мәселелері басқармасы және республикалық 

«Жастар»  ғылыми-зерттеу  орталығы 

ұйымдастырған шараға Оңтүстік Қазақстан, 

Қарағанды,  Қызылорда  облыстарының                                                                         

жастары  қатысты.  Осы  жылдың  22-26                                

маусымында  ҚР  Премьер-министрі  Кәрім 

Мәсімовтің төрағалығымен өткен Жаңғырту 

жөніндегі  ұлттық  комиссия  отырысы  хат-

тамасына  сәйкес  әзірленген  ҚР  Үкіметінің 

«Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік 

жастар  саясатының  2020  жылға  дейінгі 

тұжырымдамасын  іске  асыру  жөніндегі  іс-

шаралар жоспарының екінші кезеңін жүзеге 

асыру  қолға  алынып,  Жастардың  өзін-өзі 

басқаруы және Жастар ресурстық орталығы 

қызметкерлері арасында тәжірибе алмасуға 

жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылған 

жиынның ашылу салтанатына облыс әкімінің 

орынбасары  Ерқанат  Манжуов  қатысып, 

сөз сөйледі. Ол өз сөзінде өткізіліп отырған 

семинардың  жастар  үшін  маңыздылығына 

тоқтала келе, жұмысына сәттілік тіледі. Мұнан 

кейін мінберге шыққан  ҚР Білім және ғылым 

министрлігі Жастар саясаты департаментінің 

бас сарапшысы Ернұр Бихожаев биылғы жылы 

«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заң 

қайта қаралып, жаңғыртылғандығын жеткізді. 

-  Өткізіліп отырған шараның бір ерекшелігі 

Жамбыл  облысының  жастары  Оңтүстік 

Қазақстан,  Қарағанды  және  Қызылорда 

облысының жастарымен тәжірибе алмасуында 

болып табылады. Айта кетер болсақ, Жастар 

ресурстық орталықтарының қызметтерімен 

жылдың басынан бері 250 мың жастардың 

қатысуымен іс-шаралар өткізілген. Негізінен, 

Жастар ресурстық орталықтарына мемлекеттің 

жастарға арналған бағдарламалары бойынша 

25  мыңнан  аса  жас  қайырылып,  кеңестер 

алған. Министрлік тарапынан түрлі жастар 

ұйымдарына ақпараттық-әдістемелік көмек 

көрсету  жыл  сайынғы  дағдыға  айналған. 

Алдағы уақытта да біз жастармен бірлесіп 

жұмыстар  атқара  бермекпіз,-деген  Ернұр 

Бауыржанұлы министрліктің жастарға қатысты 

атқарып отырған жұмысы туралы мәлім етті. 

Сонымен  қатар  республикалық  «Жастар» 

ғылыми-зерттеу  орталығының  директоры 

Жанар Буканова осы жылдың 9 ақпанында 

қабылданған «Мемлекеттік жастар саясаты 

туралы» Заң турасында түсінік беріп өтті. 

Семинардың алғашқы күні қатысушыларға 

Жанар Буканова «Жастарға мейірімді мекен» 

пилоттық жобаларының желісін ұйымдастыру-  

«Жастар  ресурстық  орталықтарының 

жұмысын жетілдірудің негізі» тақырыбында 

дәріс оқыды. Ал, Қарағанды облысы Сәтбаев 

қаласы Жастар ресурстық орталығының ди-

ректоры Нұрлыбай Наурызбаев «2020 жылға 

дейінгі Сәтбаев қаласындағы жастар саяса-

тын дамыту стратегиясы» тақырыбына дәріс 

оқыған болса, оның орынбасары Б.Алимова 

«Жастардың  жекелеген  санаттары  үшін 

технологиялық пакеттердің құрылымы және 

қолдану мақсаты. Жастардың еріктілік, еңбек 

және  кәсіпкерлік  қызметін  ұйымдастыру- 

мүмкіндіктер  пирамидасы»  тақырыбында 

сөз  қозғап,  ойын  білдірді.  Шара  барысын-

да  «Жастарға  мейірімді  мекен»  пилоттық 

жобалар  желісіне  кіретін  өңірлік  Жастар 

ресурстық орталығының директорлары мен 

өкілдерінің қатысуымен «Стратегияны әзірлеу, 

рейтингті пысықтау, жастар белсенділерімен 

жұмыс»  тақырыбында  диалогтік  алаң 

ұйымдастырылып, түрлі пікірлер тыңдалды. 

Сондай-ақ «Жастар арасындағы жағдайдың 

талдауы  мен  мониторингі.  Жастардың  да-

муында  қолайлы  аймақтар  рейтингісі» 

тақырыптарында дәрістер оқылып, «Жастар 

ресурстық орталығы -2020- даму бойынша 

көзқарас», «Білім редакторы» технологиясы» 

атты атаумен талқылаулар жүргізілді. 



Арсен БАЙЗАҚ

2011  жылы  20  қазанда  Елбасы  Нұрсұлтан 

Назарбаевтың  Жарлығымен  қазан  айының 

соңғы  жексенбісі  Әлеуметтік  қорғау  жүйесі 

қызметкерлерінің  кәсіби  мерекесі  болып 

бекітілген-ді. Осы атаулы күнге орай Жамбыл 

облысы жүйке аурулар интернат үйінде салта-

натты шара өтіп, бірқатар сала қызметкерлері 

марапаттарға  ие  болды.  Онда  әлеуметтік  сала 

қызметкерлерін  төл  мерекесімен  құттықтаған 

Жамбыл  облысы  әкімдігі  жұмыспен  қамтуды 

үйлестіру  және  әлеуметтік  бағдарламалар 

басқармасының  басшысы  Жорабек  Баубеков 

қоғамның  әлсіз  өкілдеріне  қолдан  келгенше 

көмектерін,  жүрек  жылуын  ұсынып  отырған 

жандарға шынайы алғысын жеткізді.

-    Әлеуметтік  көмекке  мұқтаж  жандарға 

көмек көрсету бағытындағы жұмыстар жылдан 

жылға артып келеді. Оның бір дәлелі, өткен жылы 

желтоқсан айында салтанатты шара өтіп отырған 

осы ғимарат көпшіліктің игілігіне берілді. Шыны 

керек, мұндай ғимарат әлі елімізде жоқ. Бұл Елба-

сы Нұрсұлтан Назарбаевтың, облыс әкімшілігінің 

жасап отырған қамқорлығы. Бүгінгі күні өңірде 

екі  мыңға  жуық  адам  әлеуметтік  көмекке 

мұқтаж.  Қазір  оларға  әлеуметтік  жәрдемақы 

да  уақытылы  төленеді.  Біздің  тарапымыздан 

аудандардың бірінде осындай балаларға арналған 

интернат  ашу  жоспары  бар.  Оның  қатарында 

бірнеше  аудандарда  ақыл-есі  кем  балаларға 

арналған орталықтар жұмыс жасауда. Жуырда 

Т.Рысқұлов және Меркі аудандарында да осын-

дай орталықтар ашылмақ. Сондықтан сіздерді 

төл  кәсіби  мерекелеріңізбен  шын  жүректен                                                                            

құттықтаймын,  -  деген  Жорабек  Баубеков 

басқарма басшысының орынбасары Сейдахмет 

Сейітбеков пен басқарма бөлім басшысы Райхан 

Әлішеваның кеудесіне ҚР Денсаулық сақтау және 

әлеуметтік  даму  министрлігінің  «Әлеуметтік 

еңбек  саласының  үздігі»  төсбелгісін  қадады. 

Сондай-ақ,  салтанатты  жиында  бірқатар  сала 

мамандары Министрліктің Құрмет грамотасы-

мен, Жамбыл облысы әкімдігінің, «Нұр Отан» 

партиясы  мен  басқарманың  Құрмет  грамота-

лары  мен  Алғыс  хаттарына  ие  болды.  Шара 

сала  мамандарының  дайындаған  концерттік 

бағдарламасына ұласты.

С о н д а й - а қ     Ә л е у м е т т і к   қ о р ғ ау 

қызметкерлерінің  күніне  орай  Тараз  қалалық 

мәслихатының хатшысы Балабек Нарбаев қаланың 

әлеуметтік  саласындағы  көп  жылғы  жемісті 

еңбегі үшін Жамбыл облысы әкімінің мүмкіндігі 

шектеулі азаматтар мәселесі бойынша кеңесшісі 

Руслан Төлегенов, «Жан» мүгедектер құқықтары 

бойынша Азиялық қоғам» ҚБ Жамбыл облыстық 

филиалының төрағасы Алексей Зубаиров, «Та-

раз» қалалық мүгедектер қоғамы» ҚБ төрайымы 

Гүлнар Қожабергенова, «Дос-Тараз» бірінші топ 

мүгедектер»  ҚБ  төрайымы  Эльмира  Ибраева, 

«Жастар мүгедектер қоғамы» ҚБ төрағасы Сәкен 

Қабдулинге Тараз қалалық мәслихатының Құрмет 

грамотасы мен Алғыс хатын табыс етті. 



Индира ҚОЖАМҚҰЛОВА,                                         

Ақыл-есі кем балаларға арналған интернат 

үйінің директоры

Мемлекет  қамқорлығындағы  балалар  ҚР 

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 

2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығымен 

бекіткен «Халықты әлеуметтік қорғау саласын-

да стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік 

қызметтерді көрсету стандарты» бойынша қызмет 

алуда. Психоневрологиялық аурулары бар және 

тірек-қимыл  аппараты  бұзылған  104  мүгедек 

балалар  ауруына, өзіне-өзі қызмет көрсету және 

жеке гигиена дағдыларына байланысты  11 топқа  

бөлінген. Интернатта тәрбиеленушілерге Стандартқа 

сәйкес 8 бағытта арнаулы қызметтер көрсетіледі. 

Олар:  әлеуметтік-тұрмыстық,  медициналық, 

психологиялық, педагогикалық, еңбек, мәдени, 

экономикалық және құқықтық қызметтер. Интер-

натта тәрбиеленіп жатқан балаларға үй жағдайына 

жақындатылған, жеке даму, әлеуметтену және кірігу 

деңгейін арттыруға барлық жағдай жасалынған. 

Оңалту іс-шаралары, емдеу-еңбек және білім беру, 

мәдени және тұрмыстық қызметтер заманауи аспап-

тар, аппаратуралармен, қажетті жиһазбен және 

мамандандырылған  жабдықтармен  қамтылған. 

Психолог,  логопед,  дефектолог,  саз  жетекшісі, 

еңбек нұсқаушы, дене шынықтыру мамандары 

жеке қажеттіктер негізінде әзірленетін арнайы 

бағдарламалар бойынша қызмет көрсетеді.

Жұмыстардың  нәтижелері  де  аз  емес. 

Денсаулығында  кемістіктері  ауыр  балаларды 

медициналық-әлеуметтік оңалту іс-шаралары жыл-

дан жылға жақсарудың арқасында 2013 жылмен 

салыстырғанда 2014 - 2015 жылдары бала өлімі 80 

пайызға төмендеді. 2015 жылдың сәуір айынан бастап  

тірек-қимыл аппараты бұзылған  37 интернат бала-

ларына иппотерапия қызметі ұсынылып отыр. 2015 

жылы жергілікті бюджет есебінен  интернат ауласын-

да балаларға арналған ойын алаңы (әткеншектер мен 

беседкалар) салынды. «Кемтар балаларды әлеуметтік 

және медициналық-педагогикалық түзету арқылы 

қолдау туралы» Заң іске асырылуда. 2014 жылмен 

салыстырғанда дефектолог мұғаліміне баратын 30 ба-

ладан 10 бала жазуды, сызуды, сурет салуды өздігінен 

үйренді.  Балаларды  еңбекке  баулу  сабағының 

кәсіби даярлауы жүзеге асырылуда. Өткен жылмен 

салыстырғанда биыл 4 ер бала өздігінен ағашпен 

жұмыс жасауды үйренді. Сондай жұмыстардың 

нәтижесінде  интернат  тәрбиеленушісі  Ұлбала 

Молдабаева барлық тұрмыстық бағыт-бағдарларын 

үйренген  соң,  үйіне  ата-анасына  қайтарылды. 

Одан басқа ән, би үйірмелеріне қатысатын балалар 

көпшілік алдында өзін еркін ұстап, басқармаға 

қарасты мекемелерге гастрольдік сапарға шығып, 

өз өнерлерін еркін түрде көрсете алды. 

А ғ ы м д а ғ ы   ж ы л д ы ң   1 4   қ а з а н ы н д а 

Мүгедектер күніне орай интернат қызметкерлері 

балаларға  арналған    «Болайын,  мен  де  аман» 

атты  қайырымдылық  мерекелік  шара  өткізді. 

Мерекелік концертке интернаттың барлық бөлімінің 

қызметкерлері бар ынтасымен дайындалды. Концерт-

те ертегі кейіпкерлері ән айтып, би биледі, ал көңілді  

сайқымазақтар балалардың көңілдерін көтеріп, әр 

балаға жеке бағалы сыйлықтар таратты. Мерекенің 

соңында әр тәрбиеленушіге жеке ойыншық сыйға 

беріліп, барлық балаларға арналған бес қабатты торт 

әкелінді. Осы мерекеге шақыртылған балалардың 

ата-аналары ризашылықтарын білдіріп, тілектері мен 

алғыстарын айтты.

21 қазанда  ақыл-есі кем балаларға арналған 

интернат  үйінде  Әлеуметтік  қорғау  жүйесі 

қызметкерлерінің кәсіби  мерекесі аталып өтті. 

Мерекеде «Халықты әлеуметтік қорғау саласын-

да стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік 

қызмет көрсету стандарты» бойынша 8 бағытта 

жұмыс  жасайтын  қызметкерлер  арасында 

байқау  ұйымдастырылды.  Байқау  үш  бағытта 

ұйымдастырылды. Мереке соңында әр номинация 

бойынша кәсіподақ ұйымының қолдауымен әр 

бөлімге бағалы сыйлықтар тапсырылды. 

Жүрек жылуы балаларға

 

„

  Қр президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы 



Жарлығымен қазан айының соңғы жексенбісі 

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні 

болып белгіленген. Жамбыл облысы әкімдігінің 

жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік 

бағдарламалар басқармасына қарасты «Ақыл-

есі кем балаларға арналған интернат үйі» Кмм-і 

1964 жылдан бері жұмысын атқарып келеді.

өнДіріс

7

//   «ЖАМБыл - ТАРАз»  //  №44 (1279), 28 ҚАзАН 2015 Жыл  //



ҚАзАҚСТАндыҚ мАзмҰн – 85 пАйыз

 

„

Елбасы нұрсұлтан назарбаевтың ұстанған саясатының бірі – елімізде халықаралық 



тауар айналымы белсенділігін арттыру, инвестициялар тартуды жеделдету және 

интеграциялық-экономикалық үдерістер ауқымын кеңейту. 

Ерман ӘБДИЕВ

Осы мақсатты серпінді экономикалық 

өсімге  қол  жеткізуге  мүмкіндік  беретін 

еліміздегі алты экономикалық аймақтың бірі, 

ел Үкіметінің шешімі бойынша Қазақстанның 

Үдемелі  индустриялық-инновациялық 

бағдарламасына кіретін 29 инвестициялық 

жобаның бірегейі — «Тараз химия паркі» ар-

найы экономикалық аймағы». Жалпы, «Тараз 

химия паркінің» Шу өңірінде орналасуының 

да  өзіндік  себептері  бар.  Шу  қаласынан 

15  шақырым  жердегі  Қорағаты  өзенінің 

сол жақ бетінен бөлініп берілген, болашақ 

химия кәсіпорындары салынатын, аумағы 

505  гектар алқап Тараз-Шу  бағытындағы 

темір  жолы  мен  «Батыс  Еуропа-Батыс 

Қытай» транзиттік дәлізіне шығатын Меркі-

Бурылбайтал автодаңғылынан – 5,8, «Шу» 

ПС-500 подстансасынан  –  5,  Тасөткел  су 

қоймасынан – 38, «Орта Азия-Батыс Қытай» 

газ құбырынан 9,7 шақырым қашықтықта жа-

тыр. Бұл алғашқы кәсіпорындар таяудағы екі-

үш жылдың ішінде салынып, іске қосылуға 

тиіс алып мега жобаны белгіленген мерзімде 

жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызатын 

химиялық парктің инфрақұрылым жүйесінің 

құрылысын тездетіп жүргізуге  мүмкіндік 

береді.


Қазір мұнда инфрақұрылымдарды жүргізу 

жұмыстары толығымен жүргізілуде. Бір айта 

кетерлігі,  инфрақұрылымдарды  жүргізіп 

жатқан  мердігер  компаниялардың  дені  – 

құрылыс  материалдарына  қазақстандық 

өнімдерді қолдануда. Мұндағы қазақстандық 

өнімнің үлес салмағы 85 пайыздан жоғары. 

Мұнда шамамен 16-21 зауыт шоғырланады. 

Құны  2  725  миллион  АҚШ  долларын 

құрайтын  жоба  болашақта  2500  адамды 

жұмыспен  қамтитын  болады.  Нақтырақ 

айтсақ,  химиялық  өндіріс  жобасы  2023 

жылы  жүзеге  асып,  толық  қуатында  іске 

қосылады деп күтілуде. Ал әзірге келешек 

кәсіпорынның 505 гектар аумағының ішкі-

сыртқы инфрақұрылымы жүргізілуде. 

Ж у ы р д а     « Т а р а з   х и м и я л ы қ 

паркі»  басқарушы  компаниясының 

ұйымдастыруымен  республикалық, 

облыстық,  аудандық  бұқаралық  ақпарат 

құралдары өкілдері арнайы аймақта болып 

қайтты. Басқарушы компания төрағасының 

орынбасары Николай Бокаев журналистер 

тобына жол көрсетіп, құрылыс аумағының 

кіреберісінен бастап, төңіректегі атқарылып 

жатқан  жұмыстарды  түгелдей  таныстыр-

ды. «Тараз химиялық паркі» акционерлік 

қоғамымен арадағы келісімшартқа сәйкес, 

инфрақұрылым  құрылысын  «КАТЭК», 

«Өркен»,  «KazHiTechEuroBuilding»,  «ISS 

Engineering»  жауапкершілігі  шектеулі 

серіктестіктері қолға алған. Ұзындығы 5,8 

шақырым  болатын  кіреберіс  автомобиль 

жолының  құрылысы  мәресіне  жетіпті. 

Бүгінде автомобиль және темір жолдарына 

қарасты екі көпір құрылысы да бітуге таяу. 

Бұл нысандар қазан айының соңына дейін 

аяқталмақ. Зауыт аумағына тартылған 6,4 

шақырым темір жол құрылысы 92 пайызға 

орындалып отыр. Николай Бокаевтың ай-

туынша,  бұл  темір  жол  желісі  Тараз  бен 

Шу  қалалары  аралығындағы  37-31  темір 

жол  учаскесінен  бастау  алатын  болады. 

Мұнда өзінше үлкен логистикалық орталық 

болады. Онда алдағы уақытта аумағы үш 

шақырым  болатын  екі  кіреберіс  жолы 

қамтылған станция бой көтереді. Болашақта 

бұл станциядан тәулігіне 180 вагонға жүк 

тиеліп, түсіріледі. Сондай-ақ, автоматты газ 

тарату стансасының 9,75 шақырымдық маги-

стральды газ құбыры желісі де сақадай сай 

әзір тұр. Сыртқы инфрақұрылымның тағы 

бірі магистральды су құбырының құрылыс 

жұмыстары 40 пайыз көлемінде жүргізіліп 

отыр. Әрқайсысы 35 шақырым болатын екі 

желіден тұратын бұл су жүйесі Тасөткел су 

қоймасынан бастау алмақ. Тиісті мердігерлер 

екі желіні қосқанда 70 шақырымды құрайтын 

жүйенің  50 шақырымына су  құбырларын 

тартып, дайындық жүргізуде. Өндіріс ор-

нына  тартылған  су  құбырларының  бірі 

ауыз суға, екіншісі өндірістік мақсаттағы 

қолданысқа арналған. Аймақта су тазалау-

өңдеу  техникасы,  сорғы  стансасы  іске 

қосылатын  болады.  Зауыттардан  шыққан 

тұрмыстық  және  өндірістік  қалдықтарға 

арналған  тоғандардың  орны  әзірленіпті. 

Сыртқы электрмен жабдықтау жұмыстары 

да ақырғы сатысына жеткен. Шу ауданына 

қарасты «Пс-500» қосалқы стансасы зауыт-

ты электр энергиясымен қамтамасыз етеді. 

АЭА  аумағына  екі  бірдей  электр  тарату 

желісі тартылған. Олардың әрқайсысының 

ұзындығы – 2,9 шақырым. Өндіріс аумағында 

ондағы  барлық  зауыттарға  электр  тара-

татын  220кВт-тық  қосалқы  стансаның 

құрылысы жүріп жатыр. Айта кетерлігі, «Та-

раз химиялық паркі» арнайы экономикалық 

аймағы  инфрақұрылымы  нысандарының 

құрылысы екі кезең бойынша жүзеге асуда. 

Жұмыстың алғашқы кезеңінің жоспарына 

сай 2016 жылдың соңғы маусымында сыртқы 

инфрақұрылым түгел аяқталуы тиіс. Яғни 

505  гектар  жердің  208  гектарына  тиесілі 

құрылыс  жұмыстары  мәреге  жетпек.  Ал 

екінші кезең қорытындысы 2018 жылдың 

тамызына  жоспарланған.  Журналистерге 

атқарылып  жатқан  жұмыстар  барысын 

таныстырған Николай Бокаев бар жұмыстар 

уақытында аяқталатындығына сенім білдірді.



Тараз-Шу-Тараз

Жұмыс қызған сәт.

  Суреттерді түсірген автор.

 

Индира БАЙҚОНЫС

Жу р н а л и с т е р   а л д ы н д а 

сөз  алған    басқарма  басшысы 

Ерлібек  Зикеев  2015  жылдың  

бірінші қазанына дейін қалалық  

бюджеттің кіріс бөлігінің орында-

лу барысы туралы баяндап берді.

- Бүгінде қалалық қазынаның 

кіріс бөлігінің орындалуы 101,4 

пайызды  құрап  отыр.  Яғни 

белгіленген  болжам  сомасы 

5370363,0  мың теңгені құрайды, 

ал  нақты  түскені  –  5447235,5 

мың  теңге.  Өткен  жылдың 

осы  кезеңімен  салыстырғанда 

түсімдердің  өсу  қарқыны  111,1 

пайызға немесе қалалық  бюджет 

542258,5 мың теңгеге  көбейді,-

деді ол. 

Басқарма  басшысының  ай-

туынша,  олар  мұндай  табысқа 

жүйелі  түрде  жүргізіліп  отыра-

тын жұмыстың нәтижесінде қол 

жеткізген.  Алайда,  мерзімінде 

салық  міндеттерін  орындамай 

отырған азаматтар да жоқ емес. 

Мәселен, бүгінге дейін  қаладағы 

берешегі  бар  салық төлеушілерге 

1452387,1 мың теңгені құрайтын 

2582  хабарлама жіберілген. 

Елбасы  жариялаған  мора-

торий,    яғни  шағын  және  орта 

бизне сті  қолдау  көптеген 

кәсіпкерлерге өз істерін дөңгелетіп 

әкетуге  мұрындық  болды. 

Десе  де,  мемлекеттің  осындай 

қамқорлығын теріс түсінген кейбір 

азаматтар салық төлеуге салғырт 

қарауды әдетке айналдырған.

Ж и ы н   б а р ы с ы н д а   е л 

қазынасына  түсетін  салық  пен 

өзге де тиісті төлемдерді көбейту 

мақсатында ҚР Қаржы министрлігі 

Мемлекеттік кірістер комитетінің 

ұйымдастыруымен    «Түбіртекті 

талап етіп – жүлде ұт» акциясы 

қолға алынғаны да әңгіме өзегіне 

айналды. 

Бұл акция аудан, облыс және 

республикалық деңгейді қамтып, 

үш кезең бойынша өтуде. 

Ағымдағы жылдың алты айы-

на қысқаша қорытынды жасаған 

Кассалық аппарат олқылыққа тосқауыл

 

„

Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы ағымдағы 



жылдың 9 айына  белгіленген бюджетке түсетін салықтар мен міндетті 

төлемдердің орындалуы туралы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне 

арнап, баспасөз мәслихатын өткізді. 

Тараз қаласы бойынша Мемлекеттік 

кірістер басқармасының бас маманы 

Құдайберген Рысдәулет «Түбіртекті 

талап етіп – жүлде ұт» акциясына  

970 жеке тұлға қатысқанын,  7380  

чек қабылданып, 738 ұтыс купоны 

табыс  етілгенін  атап  өтіп,  әрбір 

қала тұрғыны сауда-саттық орын-

дарына бас сұғып, сауда жасағанда, 

міндетті түрде чек талап етуі тиіс 

екенін шегелеп айтты.  

Баспасөз мәслихаты жұмысын 

қорытындылаған    басқарма  бас-

шысы Ерлібек Зикеев 2016 жылдан 

бастап,  кәсіпкерлердің  есебінен 

көлеңкелі табыс пен жемқорлыққа 

тосқауыл қою мақсатында   барлық 

сауда-саттық орындарына  кассалық 

аппарат қойылатынын тілге тиек 

етті. 


8

//   «ЖАМБыл - ТАРАз»  //  №44 (1279), 28 ҚАзАН   2015 Жыл  //

таным

мӘңгіге мекен етіп гүл даланы...

 

„

Халқына бір ауыз сөз қалдырудың өзі кез келген адамның 



маңдайына жазылмаған бақ болар. Ол үшін адам ақын, ғұлама 

немесе асқан дарын иесі болуы тиіс. Ол барлық адамның қолынан 

келе бермес.  Өткен жылы ғана 90 жылдығы аталып өткен шона 

ағамыздың туған күні қарсаңында тағы да еске алуды жөн көріп 

отырмын. 2 қараша – ш.Смаханұлының туған күні.

Мадина ҮСІПБАЕВА,                                                                         

ТарМУ-дың аға оқытушысы.

Шын мәнінде, Шона Смаханұлы - қазақ сатирасының 

шоқтығы биік сатириктерінің бірі және тек сатира саласында 

емес, басқа жанрларда да қалам тербеген лирик ақын. Оның 

айғағы ретінде «Жамбылым қандай тамаша», «Анамның 

тілі», «Егіншілер жыры», «Сүйікті ұстазым - мектебім» атты 

лирикалық өлеңдерін айтуға болады. Мысалы «Жамбылым 

қандай тамаша» өлеңі өткен ғасырдың 60-жылдары жазылған 

(әнін жазған Садық Кәрімбаев)  өлеңнің соңғы шумағы:

Қанатын жайып жас орман,

Үйлерің өскен жараса,

Жыл өткен сайын жасарған,

Жамбылым қандай тамаша! - деп аяқталады. Жамбыл 

бұл күнде Тараз болып аталғанымен, Жамбыл аты тарих 

тереңінде  сақталып  қалары  даусыз  және  бұл  күнде  де 

соңғы үлгімен соғылып жатқан жаңа ғимараттар  Тараз 

қаласының жасарып жатқандығын көрсетеді. Ал «Анамның 

тілі» өлеңіндегі:

 Анамның тілі-айбыным менің,

Анамның тілі- ай-күнім менің! - деген жолдары ақынның 

анасына деген пәк сезімі ғана емес, ұлтына және оның тіліне 

деген құрметі, қазақ тілі мемлекеттік тіл болып танылған 

сәттен бастап бұл жастардың сүйіп айтатын әніне айналды. 

«Егіншілер жырындағы»: 

Мәңгіге мекен етіп гүл даланы, 

Орнаттық құтты жерге мың қаланы.

Жайқалып жапырағы жас көшеде,

Ақ қайың, балғын терек ырғалады...- деген жыр жолдары 

еліміздің өркендеп, өсіп, жайқалып келе жатқан қалаларын 

және оларды тұрғызып жатқан азаматтарына деген құрметтен 

туғандығы даусыз. Ақын ағаның мұндай лирикалық өлеңдері 

өте көп, соның жүзге жуығына ән жазылған екен. Өкінішке 

орай, сол әндердің көпшілігі айтылып жүрген жоқ...

Шона Смаханұлы  қазақ сатирасының шоқтығы биік 

сатиригі болып қалатыны хақ. Өткен ғасырдың 55-60 - жыл-

дарынан бастап Шона Смаханұлы  Қазақстанның  әдебиет 

«майданына» барлық дарын-талантымен кіріскен жан. Көзі 

тірісінде-ақ «сатираның сарбазы» атанған Шона талай-

ларды күлкісінен айырып, ұйқысынан бездіргені даусыз. 

Өткен ғасырдың орта шенінде Қазақстан Кеңес Одағының 

құрамында болса да, адамдарды адалдыққа, білімділікке, 

мейірімділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеп еді. Иә, ол 

кезде де адалдықтың ақ жолынан шығып кететіндер болған, 

«таразыдан жеген тасбақа» дегендей жегіштер де табылған, 

жұмыстан қашатын жалқаулар да кездескен. Міне, сондай 

өмірдегі кемшіліктерді сөз сойылымен соғатын сыншылар, 

сатириктер арнайы мақалалар, өлеңдер жазып, сын садағын 

кезеп отырған. 

Біраз жылдар «Ара» журналында қызмет атқарған Шона 

ағамыздың сатиралық дарынының арқасында жиырмадан 

аса кітап шығарды. Ол кітаптардың барлығының арқауы 

адамдарға  ой  салу,  кемшілігі  болса  түзету,  қоғамдағы 

олқылықтарды жоюға бағытталады. Абай атамыз айтқандай: 

«Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек бекер мал шашпақ» бес 

дұшпаннан аулақ болуға шақырады. Мысалы, «Болар-бол-

мас» сықағында: 

Адам болар жігіт

Қонақ келсе екен деп отырады.

Надан болар жігіт

Шарап болса екен деп отырады. 

«Қызметке алудың бес сатысында»:



Бірінші рет – тумаларын, бауырын,

Екінші рет- жерлестердің тәуірін,

Үшінші рет –дос-жаранын қауымын.

Төртінші рет-қоңырауларды ескерер,

Бесіншінің – «іскерлігін» тексерер.

«Атжалман адвокат» сықағында:



Бидай ұрлап соқыр тышқан,

Сотқа түсіп, сорлап қалды.

Атжалман адвокат еді,

Амалын тауып қорғап қалды. 

Мұндай шымшымалардың, сықақтардың дәл санын айта 

алмасақ та, Шона Смаханұлының ұлтына деген қамқорлығы, 

адамдарының рухани бай болуына қосқан тілегі мен үлесі, 

адалдық пен шындықты ту етіп желбіретуі, халқына деген 

құрметі мен сүйіспеншілігі деуге  болады. 




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал