2-бет. Әлеумет әлді де




бет2/10
Дата16.03.2017
өлшемі1 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

„

«Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жалпыұлттық қозғалысы рҚБ-і Қр мәдениет және спорт министрлігінің 



тапсырысымен «Еліміздің әртүрлі аймақтарында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері» тақырыбында «Ашық сұхбат 

алаңдарының жұмысын ұйымдастыру» жобасын жүзеге асыруда.

Әлеумет Әлді де, Әлсіз де

Ерман ӘБДИЕВ

Осы  мақсатта  жалпыұлттық 

қозғалыстың өңірдегі филиалының 

ұйымдастыруымен  «Жамбыл  об-

лысы  әкімдігінің  жұмыспен 

қамтуды үйлестіру және әлеуметтік 

бағдарламалар  басқармасының 

мемлекеттік  қызмет  көрсету  сапа-

сы мен қолжетімділігі мәселелері» 

тақырыбында қоғамдық тыңдау өтті. 

Жиынды ашып, жүргізген «Жаңару» 

СЖҚК ЖҰҚ РҚБ Жамбыл облыстық 

филиалының  директоры  Қасымхан 

Төлендиев жиынның маңыздылығына 

тоқталды.

-    Әлеуметтік  жобаны  іске 

асыру  және  қоғамдық  тыңдауды 

ұ й ы м д а с т ы р у   -   « Ж а ң а р у » 

жалпыұлттық  қозғалысының  ҚР 

Президенті Н.Назарбаевтың 5 инсти-

туционалды  реформасы    «Баршаға 

арналған қазіргі заманғы мемлекет», 

«100  нақты  қадам»  Ұлт  жоспарын 

қолдауы  және  іспен  жауап  беруі. 

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын-

да  әлеуметтік  салаға  арналған  екі 

қадам  бар.  83  -  қадамда:  «Еңбек 

қатынастарын  ынталандыру.  Жаңа 

Еңбек  кодексін  әзірлеу»  және  84  - 

қадамда:  «Әлеуметтік  көмекті  тек 

оған шынымен зәру азаматтарға ғана 

берілетін болады. Кірісі төмен, еңбекке 

қабілетті  азаматтарға  мемлекеттік 

атаулы көмек тек олардың еңбекке 

ықпал ету және әлеуметтік бейімдеу 

бағдарламаларының  белсенді 

қатысуы жағдайында ғана берілетін 

болады» делінген, - деді Қасымхан 

Төлендиев. Бұдан соң облыс әкімдігінің 

жұмыспен қамтуды үйлестіру және 

әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 

басшысының  орынбасары  Сәкен 

Арубаев өңірде мүмкіндігі шектеулі 

азаматтарға  жасалып  отырған 

жұмыстар жайында хабарлама жасады. 

-    ҚР  Үкіметінің  2013  жылдың 

қыркүйек  айында  Мемлекеттік 

көрсетілетін қызметтер тізімі бекітіліп, 

онда халықты әлеуметтік қорғау са-

ласына қатысты жергілікті атқарушы 

органдар тарапынан жеке және заңды 

тұлғаларға  мемлекеттік  қызметтің 

20  түрі  көрсетілетіні  белгіленді. 

Оның  ішінде  екі  мемлекеттік 

қызмет облыс әкімдігінің жұмыспен 

қамтуды үйлестіру және әлеуметтік 

бағдарламалар  басқармасы  арқылы 

көрсетілсе,  18-і  Тараз  қаласы  және 

аудандық уәкілетті органдар арқылы 

ұсынылады. Жоғарыда атап өткенімдей, 

басқарма тарапынан көрсетілетін екі 

қызметтің бірі – оралман мәртебесін 

беру.  Ағымдағы  жылдың  тоғыз  ай-

ында аймаққа көшіп келген 216 от-

басыдан  тұратын  533  оралманға 

оралман мәртебесі берілді. Олардың 

айтарлықтай үлесі 479-ы немесе 90%-ы 

Өзбекстаннан қоныс аударған азамат-

тар. Сондай-ақ, басқарма тарапынан 

көрсетілетін екінші қызмет түрі - шетел 

қызметкерлеріне жұмысқа орналасуға 

және жұмыс берушілерге шетел жұмыс 

күшін тартуға рұқсат беру. ҚР Денсаулық 

сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 

тарапынан  Жамбыл  облысына  2015 

жылға барлық жұмыс берушілерге ше-

тел азаматтарын жұмысқа тартуға 1666 

квота белгіленген. Осы квотаның ішінде 

«Қазақстан-Қытай»  газ  құбырының 

«С»  желісін  салу  жобасы  бойынша 

шетел күшін тартуға 556 квота, «Батыс 

Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық 

транзит дәлізінің жол құрылысы жо-

басына шетел жұмыс күшін тартуға 

10 квота белгіленген. Сонымен қатар, 

шетел жұмыс күшін тартатын жұмыс 

берушілерде жұмыс атқарып жатқан 

қазақстандықтардың  саны  -  6  595 

адам.  Жыл  басынан  бері  комиссия 

тарапынан белгіленген ерекше шарт-

тар  бойынша  шетел  жұмыс  күшін 

тартатын жұмыс берушілерде 391 жаңа 

жұмыс орындары ашылып, жергілікті 

халық жұмыспен қамтылды. Жалпы, 

жұмыспен қамту мәселесіне қысқаша 

тоқтала кетсек, 2015 жылға арналған 

өңірдегі халықты жұмыспен қамтудың 

кешенді жоспарларына сәйкес ағымдағы 

жылы жұмыссыздық деңгейін 5%-дан 

асырмау мақсатында 18 826 адамды 

жұмыспен қамту жоспарланған болатын. 

1 қазанға кешенді жоспар 105,3 пайызға 

орындалып,  барлығы  19  830  адам 

жұмыспен қамтудың белсенді түрімен 

қамтылып отыр. Оның ішінде тұрақты 

жұмыс орнына 12 216 адам орналасты. 

Сондай-ақ, ақылы қоғамдық жұмыстарға 

3 147, әлеуметтік жұмыс орындарына 

1  067,  жастар  практикасына  1  308, 

кәсіптік оқытуға 627 адам тартылып, 

324 адам шағын несиелер алды, - деді 

Сәкен Қаланұлы. Жиында Тараз қалалық 

мәслихатының депутаты Қаржаубай 

Бекболатов  басқарма  тарапынан 

жұмыссыздықтың алдын алудағы кейбір 

мәселелерге қатысты сауалдар қойды. 

Және қоғамдық тыңдауда сараптама 

тобының жетекшісі, «Әулие-Ата-Демеу» 

корпоративтік қорының директоры Бәтес                                                                                                       

Егембердиева  хабарлама  жасады. 

«Бүгінгі  күні  ХҚКО-да  «Бір  тере-

зе»  қағидасы  жұмыс  істеуде.  Алай-

да, осы қағиданың негізін түсінбеген 

мамандардың  әлі  де  болса  өздеріне 

қайырылған  азаматтарға  қызмет 

көрсетуде  сауаттылығы  төмен 

екендігі байқалып жатады. Өздерінің 

функционалдық  қызметін  жете 

түсінбегендері қайырылған азаматтар-

ды әлі де бірнеше «терезеге» телміруіне 

жол береді. Қарапайым халықтың алтын 

уақытын үнемдеуге көмектескені жақсы 

ғой» - деген Бәтес Шәйменқызы өз 

тәжірибесінен  бірнеше  мысалдар 

келтірді. Ал жиын барысында бірнеше 

ауданның мамандары өз тараптарынан 

атқарылып жатқан жұмыстарын баян-

дап өтті.

Ұлт жоспары – 

«100 нақты қадам»



 

„

Қалалық м. Әуезов атындағы 



кітапханада кітапханашы Қамар 

Әлішеваның ұйымдастыруымен «Ұлт 

жоспары – «100 нақты қадам» атты 

дөңгелек үстел өтті.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Оған №13 мектептің тарих пәнінің ұстазы Нұрлан 

Есенов, «Қайнар» колледжінің ұстазы Ырысты Баянқызы, 

ұстаз-репетитор  Қуаныш  Әжібаев,  сондай-ақ  №54 

мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты. 

Іс-шара    барысында    Ұлт  жоспары  -  «100  нақты 

қадам» бағдарламасын талқылап, күн тәртібіндегі мәселе 

бойынша өз ойларын ортаға салды. Жиынға қатысушы 

оқушылар  өздерінің  көкейінде  жүрген  сұрақтарын 

қойды. №54 мектептің 11 «ә» сынып оқушысы Барат 

Атымтай    «100  нақты  қадамның»    6  -  қадамындағы 

«Еңбекақыны нәтиже бойынша төлеуге көшу» мәселесіне 

тоқталып,  болашақта еңбекақы қалай алынатындығы 

толғандыратынын айтса, осы мектептің оқушысы Жансая 

Қоңыр Ұлттық жобаның жүзеге асырылуы   үшін нақты 

атқарылып  жатқан іс-шаралар қызықтыратынын және 

де Қазақстан Республикасының азаматы ретінде елінің 

дамуына өзі де үлес қосқысы келетінін жеткізді.

Жиын соңында «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» 

тақырыбында  кітап  көрмесі  өтті.  Онда  Елбасы                                   

Н.Ә.  Назарбаевтың  түрлі  тақырыптарды  қамтыған 

авторлық  кітаптарымен  қатар,  республикалық  «Заң» 

газетінде жарық көрген М. Шүкіровтің «Ұлт жоспарының 

жүктейтіні көп», Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінде 

басылып  шыққан  Нұрби  Жігітековтің  «Қауіпсіздік  – 

қадағалаумен қамтамасыз етіледі» сынды мақалалары 

талқыланды. 

Келелі кеңес



 

„

«Інжу» білім беру мекемесінің мәжіліс залында 



«нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы, «Жас 

Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысының орынбасары 

Бақкелді далабаев, «партияның 50 тұлғасы» 

жобасына қатысушы, Тараз қалалық мәслихатының 

депутаты, қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінің 

директоры  Эльмира мырза-Ғалимен кездесу өтті. 

Кездесуді осы мекеменің директоры гүлмира 

Қуатбекқызы ашып, жүргізіп отырды. 

Нұржан ОҢҒАРБАЙ

Кездесуге аталмыш білім ордасының 

ұстаздары  мен тәрбиешілері қатысты. 

Жиын  барысында  сөз  алғандар  

Елбасының Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас 

Ассамблеясының жалпы пікірсайысында 

айтқан оқшау ойларымен қатар, Қазақстан 

Республикасының бүгінгі таңда жеткен 

жетістіктеріне тоқталып өтті.

Жиында баяндама жасаған Эльмира 

Иниятқызы Елбасы айтқан мәселелерге 

тоқталды. 

- БҰҰ штаб-пәтерін Азияға көшіру 

мәселесі  назар аударарлық. ХХІ  ғасырда  

ядролық   қарудан азат әлемге қол жеткізу  

мақсатында  жаһандық  антиядролық 

қозғалыс  құру  керектігі  де  айтылды. 

Расында өткенді еске алсақ, Қазақстан 

дүниежүзі  елдері  арасында  ең  алғаш 

ядролық қарудан азат елге айналып, Се-

мей ядролық жарылыс алаңын мәңгілікке 

жойған болатын. Президенттің әлемнің 

бас мінберінде сөйлеген сөзі Қазақстан 

үшін аса зор маңызға ие болмақ. Елбасы 

ұсынған жаһандық бастама - 2045 жылға 

дейінгі кең ауқымды стратегиялық жоспар.

Әлемде мемлекеттерге қатер төндіріп, 

миграцияның  белең  алуына  себеп  бо-

лар терроризмнің алдын алу, қаржылық 

дағдарыс,  кедейлік,  жұмыссыздық  

және қараңғылық мәселелері - барлығы 

ғаламдық деңгейде талқыланатын жағдай. 

Бұған қоса, 2015 жылдың 28 қыркүйегі 

Тәуелсіз  Қазақстанның  шежіресіне 

мемлекеттік тіліміздің  ең биік мінбері БҰҰ 

Бас Ассамблеясының төріне көтерілген 

күн ретінде енетін болады.Бұл мақсатта 

ҚР Президенті ұтымды ұсыныс айтып, 

пайымды пікірін жеткізді,- деді ол. 

Өз  кезегінде  сөз  алған    Бақкелді                       

Далабаев та патриотизм, сондай-ақ ел 

ертеңі мен  болашағы жайын сөз етті. 

-  Біздің  еліміздің,  ұлтымыздың  

болашағы  -  білімді  де  парасатты 

азаматтардың  қолында.  Әркім  өзінің 

мамандығын терең игеріп, өзінің білгенін 

өзгелерге үйретуден жалықпай, сапалы да 

терең білімді иеленсе,  әрбір жүректе рухы 

биік, патриот азамат өсіп жетілер еді,-деді 

«Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысының 

орынбасары.

Болашақ бүгіннен



 

„

Тараз қалалық ішкі саясат 



бөлімі және «Киванис» 

қоғамдық бірлестігі 

ұйымдастыруымен №9 орта 

мектепте ғылыми конференция 

болып өтті. 

Диляра ДАРХАН

«Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясаты-                                 

әлемдегі  дамыған  30  елдің  қатарына  кіруге 

жасалған ғаламат қадам» тақырыбында өткен 

конференцияға ҮЕҰ, сондай-ақ, №№ 9, 31, 16, 

35-ші  мектептерінің  ұстаздары және жоғары 

сынып оқушылары қатысты. 

Жиын барысында ҚР Президентінің Жолда-

уын іске асыру мәселелері айтылып, ғаламдық 

экономикалық дағдарыс аясында Қазақстанды өз 

деңгейінен түсірмеу, білімсіздіктің  алдын алудың 

мән-маңызы талқыланды.

Конференцияда  «100  нақты  қадам»  Ұлт 

жоспарындағы индустрияландыру және экономи-

каны арттыру», «Білім және инновация», «Нұрлы 

жол – болашаққа бастар жол» атты тақырыптарда 

ұстаздар баяндама жасады.  

Сондай-ақ,  «Мектепке  жол»  акциясының 

тұрмысы төмен отбасынан шыққан оқушыларға 

берері мол екені айтылып, Үкімет тарапынан 

көрсетілген қолдаулар мен жасалған игі істер де 

сараланды. Қоғамды жаңартудың жаңа кезеңінің 

стратегиялық басымдықтары, мемлекетті одан 

әрі нығайту, оның қауіпсіздігі мен халықтың әл-

ауқатын көтеру жөніндегі ел ертеңіне қатысты 

сан түрлі сауалдар да жиналғандардың назарынан 

тыс қалмады.

ашық пікір алаңы. 

   


5

//   «ЖАМБыл - ТАРАз»  //  №44 (1279), 28 ҚАзАН 2015 Жыл  //

таразы

 

„

Қараша айының  қарасы көрінбей жатып, қала тұрғындары алғашқы қарды да тамашалап  үлгерді. Әбүйір 



болғанда, сол мезетте шаһарға жылу берілген болатын. Бірақ толық емес. Қаланың қақ ортасындағы отыздан 

астам көппәтерлі тұрғын үйлер табиғаттың тосын мінезіне тосқауыл бола алмай, дәрменсіздіктен дал болды...

Жөндеу бітпей, Жылу ЖоҚ!

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Әп сәтте еріп кеткен ақ ұлпа артында келе жатқан 

қаһарлы қыстың сәлемін жеткізген  хабаршыдай 

көрінді. Үйі жылының көңілі де тыныш. Ал сол 

сәтте үйде де, түзде де қабат-қабат киіммен жүріп, 

құр көгілдір отынмен жұбанып, ас үйді айналшықтап 

жүргендер үшін алғашқы қардың үрей тудырғаны 

рас. Жалпы қала бойынша осы айдың басында ыстық 

су берілсе, жылу айдың бел ортасында үйімізге жан 

бітірді. Толығымен қаланың қысқа дайындығын 

саралайтын сәттің қызып тұрған мезеті де жетті. 

Дейтұрғанмен, қаланың қақ ортасындағы әлі күнге 

жылуға жете алмай отырған тұрғындардың мәселесі  

көпшілікті алаңдатып отыр. 

-    Нақты    уақытта    қалада  30  үйге  жылу 

берілмеген.  Алғашқыда  бұл  тізім  39  болатын. 

Мәселені шешуге барынша кірісіп кеттік. Барлық 

жұмыс  қарашаның 1 күні толығымен аяқталады 

деп күтілуде. Яғни қала орталығындағы үйлерге сол 

күні жылу мен ыстық су берілуі керек. Осы тұста 

айта кететін бір мәселе бар. Қаладағы көптеген 

үйлердің қысқы мезгілге дайындығы тек қана қағаз 

жүзінде іске асады. Немесе бұл жұмыста салғырттық 

басым. Біз жылу жіберген сәтте кейбір пәтерлердің  

құбырларынан су атқылап, жертөлелерді су алып 

жатады. Ал оны жөндеуге келгенде таяқтың ұшы ай-

налып келіп бізге тиеді. Санаулы күннен кейін қараша 

айы басталады. Жылу берілгенше, жағдайды қатаң 

бақылайтын боламыз,-дейді «ТаразТрансЭнерго» 

МКК директоры Нұржан Тәнеке.

 Тараз қаласындағы жылу өндіруші және жылу 

жеткізуші мекемелер: «Таразэнергоорталық» АҚ, 

«ТаразТрансЭнерго» МКК, «Жамбыл-Жылу» МКК, 

«Теміржол-Жылу» МКК, «Т.И. Батуров атындағы 

ЖГРЭС» АҚ және «София» ЖШС. 15 қазан күні 

қалаға жылу берілді. Қазіргі таңда жалпы тұрғын 

үй қорының 95,5%-ы, денсаулық сақтау нысандары-  

100%, білім беру нысандары – 100%, әлеуметтік-

мәдени нысандар – 87,5%, заңды тұлғалар мен 

жеке тұрғын үйлер – 92,7% жылумен қамтамасыз 

етілуде. Ал жоғарыда біз айтып отырған тұрғын 

үйлердің әлі күнге жылусыз отырғаны  «Нұрлы 

жол» Инфрақұрылымдарды дамыту» бағдарламасы 

аясында «Тараз қаласы, Абай даңғылы бойымен 

Байзақ батыр көшесіне дейін ЖК-410 және Қазыбек 

би  көшесінің  2-ші  бұрылысы,  Абай  даңғылы, 

Әйтеке би көшесінің 1-ші бұрылысы аумағындағы 

ЖК-411 жылу жүйелерін қайта жаңғырту» ныса-

ны бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж 

жұмыстарының әлі толық аяқталмағандығынан  

екен. Басты себеп осы. Жылу берілмеген үйлер 

төмендегілер: ЖК-410 - 27 үй: Абай даңғылы №160, 

162, 164, 170, 170 «а», 186, 188, 190, 192, 192 «б», 

194, 196, 198, 151, 153, 155, 157, 159, 159 «а», 161, 

163, 200, 202, Байзақ батыр көшесі №146, 185, Ма-

яковский көшесі №3, 42 «а» және ЖК-411 - 10 үй: 

Абай даңғылы №141, 145, 147, 149, (1-бұрылыс), 

Әйтеке би көшесі №32, 48, 50, 52, (2-бұрылыс), 

Қазыбек би көшесі №45, Аққошқар әулие көшесі 

№58. Аталған нысандар бойынша құрылыс-монтаж 

жұмыстарының жүргізілуіне орай қалалық тұрғын 

жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі 

және автомобиль жолдары бөлімі, қалалық тұрғын 

үй инспекциясы бөлімі және «Тұрғын үй жөндеу-

Тараз» ЖШС мамандарымен бірлесе ЖК-410, 411 

жылу жүйесі арқылы жылу алатын көпқабатты 

тұрғын үйлердің тұрғындарымен жиналыс өткізіліп, 

хаттама да толтырылыпты. Аталмыш бөлім тара-

пынан құрылыс-монтаж жұмыстарының бары-

сын күнделікті бақылау мақсатында кезекшілік 

ұйымдастырылған.  Қорыта  келгенде,  жылуға 

жауапты  мамандар  қарашаның  1-інде  жылу 

қалаға  толығымен  беріледі  деп  сенімді  түрде 

айтып отыр. Бұл - бір. Ал қала ішіндегі қоғамдық 

көліктердің қысқа дайындығы, аяздың жұдырығы 

сірескен таң сәріден бастап халықты күнделікті 

тіршілігіне  жетелейтін  қоғамдық  көліктердегі 

жылытқыштардың жайы қалай? Барлығы сары 

аязға сақадай сай ма? Ол әлі белгісіз. Тіпті, қазірдің 

өзінде қаладағы кейбір қытайлық маршруттардың 

қырық жамау есік-терезелері мен жылыту пештері 

істен шыққан қоғамдық көліктерге тұрғындардың 

шағымы шаш етектен!

Қысқы қам. 

 Суреттерді түсірген Ю.Ефимов

Жылы жүргенге суық тимейді



 

„

Әне-міне дегенше, коңыр күздің соңғы айы да 



таяп қалды. Қарашаның қара суығы да сезіле 

бастады. Бүгінде шаһарға алғашқы қар да түсіп, 

тараздықтардың қытымыр қысқа дайындығын 

бір сынап алғандай болды. «Халық айтса, қалт 

айтпайды» демекші, ел ішінде  «биыл жаз ыстық 

болды, енді қыстың қаһары қатты болмақ» деген 

алып-қашпа әңгіме де желдей есіп тұр.

Алайда, халықтың мұндай пайы-

мымен ауа-райын болжаушы синоп-

тиктер келіспей отыр. «Қазгидромет» 

ШЖҚ  РМК  Жамбыл  облысы  бой-

ынша  филиалының    мамандарына 

хабарласқанымызда, олардың өзі қыс 

маусымына  толық  болжам  жасай 

алмайтындықтарын алға тартты. Әрине, 

табиғаттың тылсым құбылысы он сегіз 

мың ғаламды жаратқан Алла тағалаға 

ғана аян. Дейтұрғанмен, қыстың қамын 

жазда  ойлайтын  халықтың  ұрпағы 

емеспіз бе?  

Қыста ең бірінші денсаулыққа жіті 

көңіл бөлген абзал. Расында, күн суыт-

са баршамыз тұмаудың әлегіне түсіп, 

онымен күресу жолдарын іздейміз.  Бұл 

вирустық індеттің алдын алу мен жылы 

киім-кешектерді  қамдау  -  өте-мөте 

маңызды мәселе.    

Кейбір  деректерге  сүйенсек, 

Қ а з а қ с т а н д а   ж ы л   с а й ы н 

эпидемиологиялық кезеңде ЖРВИ-мен 

және тұмаумен 800 мыңнан 1 миллионға 

дейін адам ауыратын көрінеді. Сондай-

ақ ақ желеңді абзал жандардың сөзіне 

қарағанда,  2 жасқа дейінгі балаларға, 

созылмалы аурулары бар жасы үлкен 

адамдарға  және  жүкті  әйелдерге 

тұмаумен сырқаттану аса қауіпті.   

Егер  тұмаудың алғашқы белгілері 

байқалса, үйіңізге дәрігер шақырыңыз. 

Кез  келген  ауруды  емдегеннен  гөрі, 

оның алдын алған дұрыс. Дүниежүзілік 

денсаулық  сақтау  ұйымы  (ДДҰ) 

сырқаттанушылықты,  асқынуларды 

және өлім-жітімді айтарлықтай азай-

татын, халықты тұмаудан қорғайтын 

жалғыз  және  тиімді  іс-шара  ретінде 

тұмауға қарсы вакцинациялауды ұсынды. 

Сондай-ақ таза ауада серуендер алдында 

немесе көшеге шығар кезде мұрныңызға 

оксалин майын жағып жүріңіз. Суық ти-

юден сақтанудың ең оңай жолы қорғаныс 

шаралары екенін қаперіңізде ұстаңыз. 

Суық кезде дұрыс таңдалған киім сізді 

жылуда сақтап, терлетпеуі де керек. Күн 

суығанда, ауа-райына қарап киініңіз. 

«Әлі  күз  екен,  мына  жұқа  көйлекті 

киіп  тастайын»  деп  тоңып,  ауырып 

қалмаңыз.  Қазіргідей  өтпелі кезеңде 

күнделікті таңертең ауа-райы болжамын 

тыңдап, терезеден далаға бір қарауды 

да ұмытпаңыз. Тым қалың киініп те, 

терлеп, суық тигізіп алуыңыз мүмкін.  

Міндетті түрде мойынға орамал тағыңыз. 

Көп жағдайда тамағымыз ашық қалады, 

ал  суық  бірінші  осы  тамаққа  тимей 

ме? Жылы күндердің өзінде орамалды 

сөмкеңізге  салып  жүріңіз.  Жаңбыр 

не қар жауып кетті дегенде орамалды 

басқа тағып алуыңызға болады. Бірінші 

тоңып, суық өткізетін – аяқ. Сол себепті 

етігіңізге ұлтарақ салыңыз. Етігіңіз ке-

ремет сапалы жасалса да, ұлтарақ артық 

болмайды.  

Қар  жаумаса  да,  қолғап  киіп 

жүргеніңіз  абзал.  Жылы  жүргенге 

қоса қолыңыз бірінші аяздан құрғап, 

жарықтанып кетпейді. Аяқ-қолы жылуда 

болған адамға суық тимейді.

Таңертең және кешкісін күн қатты 

суытады. Біздің далада жүретін кезіміз де 

осы шақ, сондықтан күнделікті бас киім 

киіңіз. Ерекше қалпақтарға қарағанда 

қарапайым, қалыңдығы орташа, бастысы 

құлақты жабатын бас киім таңдаған жөн. 

Бас киім құлақты тоңудан сақтайды, 

суықтың әсерінен шаштың құртылып 

кетуіне жол бермейді.

Қыс  бойы  капрон  колготкилерін 

киіп  шығатын  арулар  болады.  Осы 

күннен бастап сұлулықты екінші кезекке 

қойып, ауа-райына сай қалың колгот-

килер, шұлық, жылы іш киім (майка) 

киіп  жүріңіз.  Тым  ауыр  киімдерден 

бас тартыңыз, ол шаршатып, жүрекке 

де  жүктеме  береді.  Барынша  табиғи 

маталардан  тігілген  киімдерді  алуға 

тырысыңыз.  Олар  теріге  дем  алуға 

мүмкіндік береді, нәтижесінде қатты 

терлемейсіз, далаға шығып жүргенде 

теріңіз  ұстап  қалмай,  суық  тиюден 

сақтанасыз. Мұнымен қоса, дәрігерлер 

адам иммунитетін күшейтетін цитрустық 

жеміс-жидектер: лимон, апельсин, грейп-

фрут, мандаринді көптеп пайдалануға 

кеңес береді. 

Расында да, доллардың көтерілуі 

сатылып жатқан тауарлардың бағасына 

әжептеуір әсер етті. Мұны қала тұрғыны, 

зейнеткер Алтынкүл Назарқұлқызы да 

алға тартып, өзінің басынан өткерген 

оқиғасымен бөлісті. 

-  Осыдан бір апта бұрын «Ауыл 

береке»  базарына  жолым  түсіп, 

немеремнің сабаққа киетін киім-кешегін 

көргенмін. Сол жолы 1-ші сыныпқа ба-

ратын қыздардың ақ жейдесі 1800-2000 

теңгеден еді. Ақшаның ыңғайы болмаған 

соң алмай кеткенмін. Кеше барсам, дәл 

сол жейдені 3000 теңгеден сатып тұр. 

Басқа да киім-кешектердің бағасы тым 

өсіп кеткен. Мәселен, Ресейден келетін 

құндыз бөріктердің біршама сапалысы 

30-35 мың теңгеден сатылатын. Ал кеше 

көрсем, сатушылар былтырдан қалған 

сол  бас  киімдерді  45  мың  теңге  деп 

тұр. Бір сатушы қыз доллар өсе салы-

сымен бастығының бағаны 20 пайызға 

қымбаттату туралы тапсырма бергенін, 

сондықтан  бұрын  келген  тауарларға 

қойылған жеңілдіктерді тоқтатқанын 

айтты. Қарапайым халыққа не керек? 

Ең алдымен азық-түлік пен киім-кешек 

керек. Мүмкін биліктегілер азық-түліктің 

бағасын  реттеп  отырған  болар.  Ал 

киім-кешектің мәселесін кім ойлайды? 

Шынын айту керек, қазір бәрі күзгі және 

қысқы киімдерді алудың қамымен жүр. 

Енді  осы  жағдайда  бұрын  әкелінген 

тауарлардың  қымбат  бағада  сатыл-

мауын қадағаласа екен. Қазір базарға 

барсаңыздар көресіздер, үш-төрт бала-

сын жетектеп, ауылдан келген ата-аналар 

қолындағы ақшасын қайда жеткізерін 

білмей зар илеп жүр,-дейді зейнеткер.

Біз осы әңгімеден кейін қаладағы 

бірнеше базарға барып қайттық. Расында 

сатылып жатқан тауарлардың бағасы 

әжептеуір өсіпті. Мектеп жасындағы 

балалар мен ересектердің киімдері де 

біршама  қымбаттаған.  Дүкен  иелері 

тіпті бұрын әкелінген тауарлардың да 

бағасын өзгертіпті. Алайда мұны олар 

дағдарыстың әсерінен емес, «маусым-

ды  пайдаланып  қалудың  қамы»  деп 

түсіндіреді.

Бірінші байлық – денсаулық. Қалай 

десек те, басты байлығымызды бағалау 

өз қолымызда. Сондықтан қыстың қамын 

бүгін ойлап, түрлі ауру-сырқаудың алдын 

алу үшін жылы киініп, өз-өзіңізді күтіңіз.  




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал