2-бет. Әлеумет әлді де




бет1/10
Дата16.03.2017
өлшемі1 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 №44 (1279)   28 қазан  

 

2015 жыл, сәрсенбі



www.z-taraz.kz

 2-бет.

Әлеумет әлді де, 

әлсіз де

 

„



Ағымдағы жылы 

өңірде 18  826 адамды 

жұмыспен қамту 

жоспарланған болатын. 

1 қазанға кешенді 

жоспар 105,3 пайызға  

орындалып,  аймақта 

барлығы 19 830 адам 

жұмыспен қамтылып 

отыр. 


«Қазтест» 

мемлекеттік 

қызметшілер үшін

 

„



Өңірімізде алғаш рет 

ҚР Білім және ғылым 

министрлігі Ұлттық 

тестілеу орталығы 

облыс әкімдігі Тілдерді 

дамыту басқармасының 

«Мемлекеттік тілді оқыту 

орталығында» «Қазтест» 

сертификаттық тестілеу 

өткізді.


 

4-бет.

 

9-бет.



Бақыт мекені

 

„



Облыс орталығында жаңа перинаталдық орталық ашылды. Бұған дейін жұмыс 

істеп келген мекеме жаңа қонысқа көшті. 120 орынға арналған орталық 200 орынға 

кеңейтілді. Мамандардың айтуынша, енді бұл орталықта аудандардан да келген 

аналарға бар жағдай жасалады. Ана мен бала өлімін барынша азайтуға сеп болар бұл 

орталықты «Бақыт мекені» деп атауға толық негіз бар.                                 

«Октоберфест» - көпшілік 

мереке

 

„



Немістер қоғамы  «Октоберфест» 

мерекесін тойлады. 



Қазақстандық мазмұн – 85 

пайыз

 

„



 БАҚ өкілдері «Тараз химия паркі» 

ЕЭА-нда болды. 



      7-бет.

Әлеуметтік қызметкерлер 

мерекесі

 

„



Әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби 

мерекесі төртінші рет аталып өтті.



      6-бет.

      10- бет.

 

„

«Адамға табын, Жер енді!» деп ақын Олжас Сүлейменов жырлаған тарихи сәттен  бері алаштың абыройын 



аспанға асқақтатып, осымен үшінші қазақ баласы ғарышқа тізгін сермеді. Ел тәуелсіздігінің туын адамзаттың 

қолы жете бермейтін зау биікке бір-ақ көтеріп, Халық қаһарманы атанды.

ҚазаҚтың Қыраны!

Айсана НҰРБАП

Қазақтан  шыққан  үшінші 

ғарышкер  Айдын  Айымбетов 

1972 жылы Талдықорған өңірінің 

Талдықорған ауданында дүниеге 

келген. 1989 жылы Талдықорған 

қаласындағы №20 орта мектепті Ал-

тын белгіге аяқтаған ол Авиацияның 

Бас маршалы П.С.Кутахов атындағы 

Армавир жоғары әскери авиация 

училищесіне  түсіп,  1993  жылы 

«командалық,  тактикалық  жою 

авиациясы»  мамандығы  бойын-

ша  бітіріп,  «ұшқыш-инженер» 

мамандығын  алып  шығады. 

Сол  жылдың  мамыр  айынан 

бері  ҚР  Әскери-әуе  күштерінің 

қатарында  әртүрлі  қызметте 

жүріп, өзін ғарышкерлер қатарына 

енгізу  жөнінде  өтініш  білдіреді. 

Ғарышкерлер қатарына қосылмай 

тұрып,  ол  Талдықорған  қаласы 

маңындағы әуе базасындағы әуе 

желісінің командирі болып қызмет 

еткен. Ол 470 сағат әуеде ұшып, 

парашютпен  360  рет  секірген. 

2002 жылдың 9 қарашасында ҚР 

ғарышкерлерінің қатарына қосылып, 

2003 жылы медициналық тексеру-

ден өтіп, жаттығу жұмыстарына 

кіріседі.  Ал  2009  жылдың  15 

желтоқсанында  А.Айымбетов 

Мемлекеттік  Ант  қабылдап, 

«Қазғарыш» басшысының кеңесшісі 

болады. Содан кейінгі жылдары осы 

агенттікте бөлім басшысы, депар-

тамент басшысы сынды бірқатар 

лауазымды қызметтерді атқарған. 

2014  жылы  оған  ҚР  Әскери-әуе 

күштерінің  полковнигі  атағы 

берілді. Бүгінде 43 жасар Айдын 

Айымбетов «Байқоңыр» айлағынан 

тәуелсіздігіміздің  ашық  аспан 

кеңістігіне  қанат  қаққан  үшінші 

қыран қандасымыз. Жалпы алғанда, 

Айдынның еңбек жолы тұтастай әуе 

және ғарыш қызметімен тығыз бай-

ланысты.  Он күнге созылған сапар 

барысында ол бірқатар физикалық-

ғарыштық  эксперименттер  мен 

Арал  және  Каспий  теңіздерінің 

экологиясына мониторинг жүргізіп, 

шаңды дауылдарды зерттеп қайтты. 

Ғылыми мақсатта кез келген қазақ 

баласының  арманына  айналған 

ғарыш кеңістігін шарлап болып, елі 

мен жеріне оралған Айдын        Айым-

бетов қазақстандық журналистерге: 

«Көңіл-күйім жақсы. Жоспарланған 

эксперименттерді  орындадым. 

Тағы да ұшуға дайынмын»-деп жауап 

беріп,  қазақ  баласының  қайтпас 

қайсар, алған мақсатына жетпей 

қоймайтын  өжет  мінезін  таныт-

ты.  Жерге  қона  салысымен  екі 

сағаттық медициналық тексеруден 

өтіп, бірден елордамыз Астанаға ат       

басын бұрып, Елбасымен жолықты. 

Айдын  Айымбетов  пен  «Союз 

ТМА-16М» экипажының мүшелері 

Геннадий Падалканы (Роскосмос) 

және тұңғыш даниялық астронавт 

Андреас  Могенсенді  әуежайдан 

күтіп  алған  Мемлекет  басшысы 

Нұрсұлтан  Назарбаев  құттықтау 

лебізін жеткізді.

-  Біз ғарышкерлердің сапар-

дан аман-есен оралуын ел болып 

тіледік. Бұл біз үшін үлкен тарихи 

оқиға. Қазақ жері 60-жылдардан 

бастап  ғарышқа  жол  тартатын 

мекенге айналды. Сапардың сәтті 

өткеніне  қуаныштымыз,-  деді 

Н.Назарбаев. Сондай-ақ, Елбасы 

әлемдегі 200-ден астам мемлекеттің 

барлығының  ғарышкерлерін 

ұшыруға мүмкіндігі жоқ екендігін 

атап өтті. «Осындай мүмкіндікке 

ие  елдердің  қатарында  біз  бар-

мыз.  Бала  кезден  біз  аспанға 

қараймыз,  түнде  жұлдыздарды 

санаймыз.  Адам  баласы  ылғи 

ғарышқа  ұмтылады,  бірақ  бәрі 

ұша бермейді. Ғылыми жағынан 

да, техниканың өркендеуі жағынан 

да  ғарышпен  шұғылданған  өте 

дұрыс. Ресей Федерациясымен осы 

жұмысты жалғастыра беретін бола-

мыз. Бұған жұмсалған шығын мен 

ғылыми зерттеулер өз-өзін ақтайды 

деп санаймын», - деді Президент.

Еске сала  кетейік, Қазақстанның 

үшінші  ғарышкері  Айдын                     

Айымбетов  ғарышқа  «Союз ТМА-

16М» кемесімен 2 қыркүйек күні 

аттанған болатын. 4 қыркүйек күні 

«Союз» Халықаралық ғарыш стан-

циясына автоматты режимде сәтті 

түйісті. Сапар барысында ол өзінің 

көңіл-күйімен, сезімдерімен Twitter 

парақшасында  бөлісіп  отырды, 

тіпті суреттер мен видеолар салды. 

Ол өз арманының орындалғанын, 

сөйте тұра түсінде Жерді көретінін 

жазды. Сондай-ақ ғарышкеріміз по-

ляр шұғыласы мен шаңды дауылды 

түсіре алды.

Айдын  Айымбетов  ғарышта 

он  шақты  ғылыми  эксперимент 

жүргізді. Оның ішінде қазақтың 

ұлттық тағамдарын салмақсызда 

дегустациялау  да  бар.  Сонымен 

қатар, ол Жер бетінің мониторингі 

және  экологиялық  апаттарды, 

биотехнологиялық, медициналық 

күрделі  зерттеулер    бойынша  

эксперименттерді жүзеге асырды. 

Ғарышкер  бұл  сапарға  12  жыл 

дайындалған.  Ашық  кеңістікке 

ол  екінші  бортинженері  ретінде 

аттанды.  Өзіне  жүктелген 

міндетін  ойдағыдай  атқарған 

А й д ы н ғ а   Қ Р   П р е з и д е н т і 

Н ұ р с ұ л т а н   Н а з а р б а е вт ы ң 

Жарлығымен «Халық қаһарманы», 

«Қазақст анның  ғарышкер-

ұшқышы» жоғары мәртебелі атағы 

берілді. Сонымен қатар, «Алтын 

жұлдыз» және «Отан» орденімен 

марапатталды. 



Ерман ӘБДИЕВ

Облыста «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асуы осын-

дай игі шараның айғағы. Елімізде денсаулық сақтау саласын жаңа бағытқа 

көтеру мақсатында 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 

бой көтерген нысанның ашылу салтанатында сөз сөйлеген аймақ басшысы 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қамқорлығымен соңғы жылдары өңірде 

денсаулық сақтау саласында оң өзгерістер болып жатқандығын айтып өтті.

-  Құрметті көпшілік! Күні кеше ғана облыс орталығында үлкен 



Бақыт мекені

 

„

Тараз қаласында жаңа облыстық перинаталды орталық ашылды. 4 гектар аумақты алып жатқан 200 төсектік орталықтың 



ашылуына облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев қатысты.

алаң


2

//   «ЖАМБыл - ТАРАз»  //  №44 (1279), 28 ҚАзАН 2015 Жыл  //

Жаңа құрылғылар да бар... 

    Суретті түсірген А. Рысмахан

мерейтой – Қазақ хандығының 550 жылдығы өтті. 

Енді, міне сондай той үлкен іс-шараға ұласып отыр. 

Бүгінде ана мен бала денсаулығы барлығымыздың 

назарымызда тұр. Осындай үлкен ғимарат соғылып, ме-

дицина қызметкерлеріне де бар жақсылық ұсынылып 

отыр. Аналарымыз босанып, аймақта демографиялық 

өсім өсіп жатса, неге қуанбасқа! Дүние есігін ашқан 

әр  сәби  –  Қазақстанның  азаматы,  болашағымыз. 

Олардың денсаулығы біздің қолымызда. Соңғы бес 

жылды алатын болсақ, өңірде салынған медициналық 

ғимараттардың  саны  артып,  барлығы  ел  игілігіне 

ұсынылуда. Бір Тараз қаласының өзінде 200 орындық 

облыстық балалар ауруханасы, 200 орындық қалалық 

балалар ауруханасы, «Химпоселок» аумағындағы 500 

орындық қалалық емхана, облыстық Қан орталығы, 

қазір 300 төсектік көп салалы аурухана құрылысы 

жүріп жатыр. Аудандарды алатын болсақ, Шу ауданын-

да 150 орындық орталық аудандық аурухана, Меркі ау-

данында 250 адамға арналған емхана, Талас ауданының 

орталығы Қаратау қаласында 250 адамға арналған 

емхана, Жамбыл ауданының орталығы Аса ауылында 

250 адамға арналған емхана құрылыстары аяқталып, 

пайдалануға берілді. Жалпы, өңірдегі қайбір ауылдық 

мекенге барсаңыз да, медициналық мекемелер бар. 

Бұл жұмыстың барлығы – облыс жұртшылығының 

денсаулығын  жақсарту  мақсатында  жүргізіліп 

жатқан жұмыстар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 

салиқалы саясатының аясында, ел экономикасының 

дамуы арқасында осындай игі жұмыстар жүргізілуде. 

Аналарымыздың,  балаларымыздың  денсаулығы 

жақсы болсын, бар жақсылық соларға. Жылына өңірде 

он  мыңға  жуық  сәби  дүние  есігін  ашады.  Сондай 

қуанышты хабардың жаршысы болып отырған бүгінгі 

облыстық перинаталды орталық қызметкерлері де жаңа 

бағытта жұмыс жасайды деген сенімдемін. Бүгін міне, 

осы жаңа орталықта облыстық құрылыс, жолаушы-

лар көлігі және автомобильдер жолдары басқармасы 

басшысының орынбасары Әділет                Ахатаев 

бауырымыздың үйіндегі келін босанып, өмірге ұл 

келді. Той тойға ұласып жатқан жайы бар, - деді Кәрім 

Нәсбекұлы. Бұдан соң сөз алған қоғам қайраткері   

Александр  Савченко  ел  игілігіне  берілген  жаңа 

ғимаратта еңбек ететін дәрігерлер жаңа технология-

лармен жұмыс жасап, заманауи құрал-жабдықтарды 

игеретіндігін айтты. Ал, нысан құрылысын жүргізген 

мердігер  компания  –  «Тараз  Құрылыс  Дизайн» 

ЖШС-і директоры Тимур Манашев: «Біздің компа-

ния осыдан үш жыл бұрын құрылыс жұмыстарын 

бастаған кезде екі міндетті басшылыққа алды. Әрине, 

біріншісі, уақытында аяқтау және сапа болды. Бүгін 

міне, әлеуметтік ғимараттың құрылысы аяқталып, 

пайдалануға беріліп отыр. Өзімізге жүктелген міндетті 

толық орындап шықтық деп айта аламын» - дей келе, 

облыстық  перинаталды  орталықтың  бас  дәрігері 

Гүлнағира Байзатоваға символикалық кілтті салтанат-

ты түрде табыс етті. Көпшілік жаңа ғимаратты аралып, 

жұмыс барысымен танысып шықты.

Жаңа 200 төсектік перинаталды орталықтың негізгі 

қызметі–әйелдерге жүктілік, босану және босанғаннан 

кейінгі кезеңде акушериялық-гинекологиялық көмек, 

нәрестелерге және ұрпақты болу жүйесінің аурулары 

бар әйелдерге медициналық көмек көрсету. Ағымдағы 

жылдың өткен тоғыз айында облыстық перинаталды 

орталықта 7 689 сәби дүние есігін ашқан.     



Қала-Қарбалас

3

//   «ЖАМБыл - ТАРАз»  //  №44 (1279), 28 ҚАзАН 2015 Жыл  //



ҮшЕмдЕргЕ Сый-СияпАТпЕн

 

„

Қазақ хандығының қарсаңында шаһарымызда үшем дүние есігін ашқан болатын. 



Қылмыстың 

алдын алу қажет

 

„

Биылғы жылдың тоғыз 



айында қала бойынша 14469 

құқық бұзушылық  тіркеліпті. 

Бұл көрсеткіш өткен 

жылмен салыстырғанда 4,2 

пайызға немесе 588 дерекке 

өскендігін айғақтап отыр.

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Қала  әкімінің  орынбасары  Жақсылық 

Сапаралиевтің  төрағалығымен    сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  күрес  мәселелері  мен 

жалпы  қаладағы  қылмыс  түрлеріне    қарсы 

күрес,  қылмыстың  алдын  алу  бойынша 

кеңейтілген комиссиялық отырыс өтті. Комис-

сия отырысының күн тәртібінде екі мәселе 

қаралды.  Алғашқысы    қала  бойынша  2015 

жылдың    9  айында  сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы  күрес  мәселелеріне  қатысты  болса,  

екінші  аталған мерзім аралығында  бөтеннің 

мүлкін ұрлау қылмыстарына қарсы күрес пен 

алдын  алу  мәселелеріне,  қаладағы  жалпы 

қылмыс түрлері мен заң бұзушылық әрекеттерге 

қарсы    атқарылған  жұмыстар  талқыланды. 

Бірінші мәселеге қатысты Тараз қаласы әкімі 

аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімше 

басшысы Бауыржан Молдашев мәлімдеме жаса-

ды. Бөлімше басшысы бүгінгі таңда мемлекеттік 

саясаттың басым бағыттарының бірі болып 

белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 

әрекеттерінің қаладағы жай-жапсарын тарқатып 

айтып өтті. 

Қалада    қоғамдық  індеттің  бұл 



түріне қарсы күресті насихаттау мақсатында 

билік органдары мен құқықтық құрылымдар 

өкілдерінің қатысуымен флешмоб, форум, акция, 

семинарлар, дөңгелек үстелдер жүйелі түрде 

ұйымдастырылып, білім беру мекемелерінде 

дәрістер оқылып тұрады. Баспасөз беттерінде 

мақалалар жарияланып, қала көшелерінде ба-

нерлер орнатылған,- деді ол. 

Дегенмен, 2015 жылы сенім телефонда-

рына 66 өтініш-арыздар түсіп, жемқорлықты 

болдырмауға  бағытталған  жұмыстардың 

белсенді жүргізілуіне қарамастан, биыл жыл 

соңына жетпей жатып  7 құқық бұзушылық 

анықталыпты (2013-2014жж - 6). Қала әкімінің 

орынбасары Жақсылық Мырзабекұлы сыбайлас 

жемқорлықпен күресу әрекеттері тек семинар-

лар мен дөңгелек үстел ұйымдастырумен ғана 

шектелмеу керектігін баса айтты. Атқарылып 

жатқан жұмыстар нәтиже бермесе, жемқорлықты 

жоюдың басқа амалдарын табу қажеттілігін 

міндеттеп, батыл ұсыныстарды талап етті. Ал 

күн тәртібіндегі екінші мәселеге қатысты сөз 

алған қалалық ІІБ басшысының кадр жөніндегі 

орынбасары Алтынбалта Көшербаев қаладағы 

тіркелген қылмыстық көрсеткіштерді тізіп берді. 

Оның айтуынша, қарастырылып отырған уақыт 

ішінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай 

тізіміне барлығы 8312 жалпы қылмыстық құқық 

бұзушылық тіркеліп (2014 жылдың 9 айында- 

6615), өткен жылмен салыстырғанда қылмыс 

саны 25,7 пайызға өскен. 

5,1%-ға ауыр қылмыстардың тіркелуі 



төмендеді, ал аса ауыр санаттағы қылмыстар 

өткен  жылмен  салыстырғанда  8,3%-ға  өсіп 

отыр.  Дейтұрғанмен,  тіркелген  қылмыстар 

тізімінің өсуіне қарамастан, жалпы және же-

келеген қылмыс түрлерінің ашылу деңгейінің 

жақсарғанын байқауға болады. Зорлау, тонау 

қылмыстары едәуір азайғанымен, қарақшылық 

қылмысы өткен жылмен бір деңгейде, алаяқтық 

қылмысы  7,7%-ға  (659-дан  710  дерекке), 

бұзақылық қылмысының тіркелуі 58,1%-ға (425-

тен 672 дерекке) өсіп отыр, -деді Алтынбалта 

Әзімханұлы. 

Өткен жылға қарағанда, бөтеннің мүлкін 

ұрлау  қылмыстарының  ахуалы  төмендепті.

Мәселен пәтер ұрлығы бойынша өткен жылы 

1100 қылмыс тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 856-

мен шектеліп тұр. Бұған қоса, есірткі қылмыстары 

да едәуір азайған. Құқық қорғау қызметкерлері 

тарапынан қала аумағында 816 бағыт әзірленіп, 

қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған 

жүйелі жұмыстардың нәтижесінде қоғамдық 

орындарда жасалған қылмыстар легі 33,0%-ға, 

көшелерде  жасалатын  қылмыстардың  саны 

36,7%-ға азайыпты. Бір көңіл қуантарлығы, 

нақты уақытта кәмелеттік жасқа толмағандармен 

жасалған қылмыстар 18,8%-ға төмендеген екен. 

Алайда  өз балаларына тиісті тәрбие бермегендері 

үшін сот шешімімен ата-ана құқығынан  31 ата-

ана айырылыпты. Жиында жол қауіпсіздігіне 

қатысты  орын  алған  заң  бұзушылықтар  да 

айтылды. Жақсылық Сапаралиев бұл мәселені 

де жіті тыңдап, қылмыстардың әлі де орын 

алып жатқандығын, тіпті азаймай тұрғандығын 

ашық айтып, тіркелген заң бұзушылықтарды 

статистикалық тұрғыда салыстыра беруден гөрі, 

қылмысты болдырмай, алдын алу үшін нақты 

жұмыстар атқару керектігін жеткізді. 

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Ағалы-інілі  үш  сүйкімді  сәби  Тараз 

қалалық  коммуналдық  қызметтерге    есеп 

айырысу  орталығында  бөлім  басшысы 

болып  қызмет  ететін  Нұрлан  мен  Айсұлу 

Бейсеқұловтардың үйіне осылай айрықша 

қуаныш әкелді. Нұрлан мен Айсұлудың бұған 

дейін екі қыз, бір ұл тәрбиелеп, өсіріп отырған 

отбасы болатын. Енді олар көпбалалы ата-ана 

атанып отыр. 

«Қуанышты бөліссең көбейеді» демекші, 

туылғандарына айдан асқан үшем мен ата-

аналарын Тараз қаласы әкімінің орынбасар-

лары Әлім Жусанбаев пен Маржан Қожаева 

шаңырақтарында болып, құттықтап қайтты. 

Олар ана мен Нұрсұлтан, Бексұлтан, Айсұлтан 

есімді үшемнің денсаулықтары мен жағдайына 

толықтай  қанықты.  Сондай-ақ  қала  әкімі 

Нұржан Календеровтің атынан батыр анаға 

гүл  шоқтары  мен  сәбилер  арбасын  және 

нәрестелерге қажетті заттарын табыс етті. 

-    Қазақ  хандығының  550  жылдығы 

қарсаңында жақсы жаңалықтар көп болды. 

Соның бірі - дүние есігін ашқан Нұрсұлтан, 

Бексұлтан, Айсұлтан есімді үшемдер. Бұл 

біз  үшін  ғана  емес,  ел  үшін  де  қуаныш. 

Біздің  еліміз  территория  жөнінен  әлемде 

тоғызыншы орын алатын болса, жерімізге 

еліміз  сай  болуы  үшін  осындай  ұрпақтар 

керек. Қазір қалай уайымсыз жатса, елімізде 

де  сондай  уайым-қайғысыз  өмір  болуын 

тілеймін.  Алдағы  уақытта  бұл  балаларға 

түрлі жеңілдіктер болады. Атап айтқанда, 

кезексіз балабақшаға орналасу және басқа 

да  әлеуметтік  көмектер,-  дейді  үшемнің 

қуанышын бөліскен Әлім Октябрұлы. 

Үшемнің  анасы  35  жасар  Айсұлу 

Бейсеқұлова:  «Балаларым  дүниеге  2,400 

келіден салмақтары бірдей болып дүниеге 

аман-есен келді. Қазіргі таңда ұлдарымның 

денсаулықтары жақсы. Есімдерін қоярда отба-

сымызбен ақылдасып Нұрсұлтан, Бексұлтан 

және  Айсұлтан  деп  қоюды  жөн  санадық. 

Өмірге алғаш болып Нұрсұлтаным, одан соң 

Бексұлтан, сосын Айсұлтан келді. Бір-біріне 

қатты  ұқсамайды.  Шатастырып  алу  деген 

болмайды (күліп). Бұлардың қызықтары мен 

шыжықтары көп-ақ. Мәселен, біреуі ұйықтап 

жатса, біреуі оянады. Десе де, өсіп қалған 

балаларым қарайласуға жәрдемдеседі»,-деп 

айрықша қуаныш сезімін басынан кешіріп 

жатқан үшемдердің анасы барлық аналарға 

осындай бақыт тілейтінін жеткізді. 

Бірден үш інісіне әпке атанған Нұрлан 

мен  Айсұлудың  тұла  бойы  тұңғыштары 

Алтынайдың  да  қуанышында  шек  жоқ. 

4-сынып оқитын ол анасына қолғабыс етіп 

жүргендігін де қуанышпен жеткізді. Алтынай 

қайда жүрсе де, інілерімен мақтанатындығын 

жасырмайды. Алдағы уақытта өзінен кейінгі 

бауырларына  үлгілі  әпке  болатындығына 

сенім білдірді.



Сапасы жоғары, бағасы арзан

 

 

„

Өткен сенбі күні «Атакент» сауда орталығында ауыл шаруашылық өнімдерінің кезекті 

жәрмеңкесі өтті.

Айсана НҰРБАП

Қалтаға тиімді, талапқа сай әрі табиғи ауыл шаруашылық өнімдерінің 

берекелі жәрмеңкесі тағы да жалғасын тапты. Күздің қоржынына жиналған 

Жер ананың байлығын халыққа үлестіріп берген жәрмеңкеге Жамбыл об-

лысы мен Қырғызстан Республикасының тауар өндірушілері  өз өнімдерін  

алып келді. Тараз қаласы мен Байзақ, Талас, Сарысу, Т.Рысқұлов, Жуалы 

аудандарының және «Тараз» ӘКК» АҚ-ның, сонымен қатар қырғызстандық  

тауар өндірушілердің қатысуымен өткен бұл жәрмеңкеде  құны 52,2 млн. 

теңгеден астам  258,9 тонна ауыл шаруашылық тауары ұсынылды. Атап 

айтсақ, 12,1 тонна ет өнімдері (жылқы, сиыр, қой, шошқа), 7 тонна сүт 

өнімдері, 2,1 тонна шұжық, 1 кондитерлік, 2 тонна макарон өнімдері 

және 1 тонна бал, 1 мың дана жұмыртқа,5 тонна қант, 2,5 тонна балық, 0,5 

тонна кептірілген жеміс және 219,3 тоннадан астам көкөніс-бақша және 

жеміс-жидек өнімдері саудаланды. Аталмыш жәрмеңке екі ел арасындағы 

сауда-саттық ынтымақтастығын арттыру мақсатында  және Жамбыл об-

лысы әкімдігі мен  Қырғызстан Республикасы  Талас, Чу облыстарының 

әкімдіктері  арасында  жасалған  Меморандум  аясында  жүзеге  асып 

отыр.  Шарада әрбір тауар өндіруші өз өнімдерін  делдалсыз, тікелей 

тұтынушыларға саудалады.  Нәтижесінде жәрмеңкедегі тауарлардың 

бағалары нарық бағаларынан 10-20 пайыз төмен бағада сатылды. 

-  Облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отырған жәрмеңкеге 

Сарысу ауданынан 800 кг жылқы еті, 1 жарым тонна сиыр еті және мың 

келі қой етін алып келдік. Сонымен қатар, тұз, сүт өнімдері де жеткізілді. 

Біздің өнімдер базар бағасынан 20 пайыз арзан сатылуда. Жәрмеңкеге 

біздің ауданнан бес шаруа қожалығы мен төрт жеке кәсіпкер қатысуда. 

Бұндай іс-шара  аудан шаруашылықтарына, ондағы тауар өндірушілерге 

деген үлкен қолдау. Бағаның тұрақтануына да септігін тигізуде,- дейді 

Сарысу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы 

Жұмат Сақыпбеков.

Жәрмеңкедегі өнімдердің бағасын бір келіге шаққанда сиыр еті 1000 

теңге, қой еті-950, жылқы еті -1100, шошқа еті-900, қазы-1500, жая – 1300, 

тауық еті-400, қақталған шұжық-800, пісірілген шұжық–750, балық - 

350-430, сүттің литрі -100, қаймақ -700, 10 дана жұмыртқа -160, қымыз, 

шұбат-350, сары май-800, өсімдік майы -280, қант – 170, күріш – 200, 

макарон өнімі – 130, ұн (жоғарғы сорт, 1 кг) – 110, 1 сорт – 85, алма – 130, 

қызанақ – 80, қияр – 90, қырыққабат – 50, пияз – 35, картоп пен сәбіз – 

45,  қызылша – 70, жүзім   –  200-250, алмұрт – 150, қауын  40 теңгеден 

сатылды. Айыр қалпақты ағайындар тарапынан бұл жәрмеңкеге 210 тонна 

ауыл шаруашылық өнімдері жеткізіліпті. Ал өз өңіріміздің арасында Талас 

ауданынан келген тауарлардың үлесі басым.

-  Бір күн бұрын естідік, осындай жәрмеңкенің болатынын. Қазір бәрі 

қымбаттап жатыр ғой. Әсіресе өсімдік майы мен қантқа қолымыз жет-

пей қалды. Бағасы бірден шарықтап кетті. Жәрмеңкеде барлығы көзіміз 

үйренген бұрынғы бағада сатылып жатыр. Сарысу ауданынан келген  қой 

етін алдым. Келіншегім қырғызстандық жүзім, алма, құрмаларды алды. 

Дегенмен, көп нәрсе сатып ала алмадық. Бәріміз бір айлыққа қарап отыр-

мыз. Мұндай жәрмеңке халыққа әбден керек. Тек айдың аяғына таман 

ұйымдастырса, қолымызда ақша болып, талап алатын едік қой,- дейді қала 

тұрғыны Алмасбек Бисенов. 

Демографиялық өсім бар.  

    Суретті түсірген автор


мәңгілік ел

4

//   «ЖАМБыл - ТАРАз»  //  №44 (1279), 28 ҚАзАН 2015 Жыл  //




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал