2-4 бет Болашақ тарихына үлес



жүктеу 221.92 Kb.

бет1/3
Дата10.09.2017
өлшемі221.92 Kb.
  1   2   3

Жалпы қолдау және кешенді шешімдер

Жалпы қолдау және кешенді шешімдер

газетасы

Болашаққа 15 жыл 

2-4 бет

Болашақ тарихына үлес 

қосқан адамдар 

5-8 бет

Шаңғымен сабақтасқан       

өмір: Назым Насыровпен  

сұхбат 

9-10 бет

Табысқа жетелейтін жол      

11-12 бет

Пайдалы мәліметтер           

13-14 бет

Үздіктердің үздігі                    

15-16 бет

Қазақ мәдениетінің     

бұрышы  

17 бет

«Болашақ командасы бар күш-қуатын салып, жұмысты беріліп істегенінің арқасында біз алдыңғы айда Болашақтың 15 

жылдық мерейтойын – тарихи кезеңін атап өттік. Осы уақыттың ішінде компания айтарлықтай өсіп-жетілді. Қазіргі кезде 

бізде 7 қазақстандық филиалымыз, Теңіздегі базамыз, Атыраудағы Оқу орталығымыз, Ұлыбританияда орналасқан 

Халықаралық кеңсеміз бар. Бейінді командамыз штатта істейтін 200 қызметкер мен клиенттеріміздің түрлі жобаларына 

тартылған 3000 маманнан құралады. Сонымен бірге қазіргі уақытта біз халықаралық байланыстарымыз арқылы әлемнің 

көптеген елдеріндегі клиенттерімізге қолдау көрсете аламыз. Оқу мен біліктілікті арттыруға, Теңіз базасында, Атыраудағы 

Оқу орталығында жүзеге асырылып жатқан қоғамдық және әлеуметтік жобаларға, және нысандарымызды қалпына 

келтіруге ірі инвестициялар салдық. Бүгінгі күні қиындау, бірақ сонысымен қызықты уақытты басымыздан кешірудеміз. 

Келешегіміздің жарқын және табысты болатынына сенімім мол. Біз алдағы жылдарда әрі қарай дами беруіміз үшін жаңа 

мүмкіндіктерді іздейтін боламыз. Жақында біз басты клиенттермен бірнеше жаңа ұзақ мерзімді келісім-шарттарымызды 

ұттық және алдағы уақытта дамуды әрі қарай қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндіктерді іздейтін боламыз. Осы 2016 жыл 

сізге және жан-ұяларыңызға бақыт, денсаулық, аманшылық және табыс әкелсін».

Куинтин Голди, Директор

Тоқсан сайын шығатын Болашақ Групп ақпараттық 

газетінің алғашқы басылымына қош келдіңіздер

Шығарылым №1, (2016)

BOLASHAK


2

Болашаққа 15 жыл 

Болашаққа 15 жыл 

Біздің шыққан жеріміз, алға жылжуымыз 

және болашағымыз

Біз жақында 15-жыл мерей тойымызды атап өткеніміз жай-

лы хабарлауға ризамыз. Осындай ұлы оқиғаның қарсаңын-

да Болашақтың ең жарқын сәттерін есімізге түсіріп, соңғы 

он бес жылдағы негізгі жетістіктерімізді атап өтсек дей-

міз. Біздің тәуелсіз ұйым болғанымызға көп жыл болды, 

алайда басында Болашақ адами ресурстарды халықа-

ралық мұнай және газ өнеркәсібіне жетекші жеткізуші  

«Swift Technical Services» компаниясының еншілес ұйы-

мы ретінде құрылған болатын. Болашақ тың қазақстан-

дық нарықты адами ресурстармен қамтамасыз етуге 

және 


жергілік қазақстандық мазмұн бойынша ұзақ 

мерзімді міндеттемелерді орындауға, сондай-ақ 

жергілікті бизнестің табысты дамуы үшін халықаралық 

мүмкіндіктері бар ұйым ретінде негізі қаланған.

2000 жылы қыстың бір суық кешінде Крис Уэлдон (қазір-

гі уақытқа дейін «Болашақ» компаниясы басқармасының 

мүшесі болып табылады) мен оның қазақстандық досы 

жаңа компанияның ықтимал атауын сөз арасында кеш-

кі аста талқылады.Көптеген атаулар ұсынылды, алайда 

даяшы бесбармақтан қалған бос тәрелкелерді әкетіп 

жатқанындай, біреусінің де қабылданбайтыны тез арада 

шешіле салды. Сорпаны алып келгенде, достар лайықты 

атау табамыз деген үмітін үзгелі отырған болатын. Ама-

лы құрып, кеседегі сорпаны бірінен кейін бірін сіміріп 

отырғанда біреусі күтпеген жерден «Болашақ» деген 

сөзді айтып қалды. Бұл сөздің мағынасын анықтап біл-

ген соң (Болашақ қазақша «Келешек» дегенді білдіреді), 

басқарма тобы мүшелерінің барлығы компанияның 

аты 


«Болашақ»

 болсын деген келісімге келді. 

Мыңжылдықтың аралығындағы тап сол күндері «Бо-

лашақ» компаниясы дүниеге келді. Болашақ өз жұ-

мысын шағын, бірақ берілген командадан бастады. 

Өз кезегінде команда Болашақтың жоғарғы нәтиже-

лерге жетіп, бүгінгі деңгейіне көтерілуіне негіз болды.

Жергілікті компанияның табысты тарихы Қазақстан 

мен оның бүтіндей халқы секілді бір бағытта және бір 

кезеңде өсіп-дамып келеді. 



Эдельвейс Темірғали-

ева, Алтынгүл Саметова, Светлана Жалковская 

мен 


Эльвира Фазылова бастапқыда Болашаққа кіші 

әкімшілік қызметкерлер болып келген еді, кейін олар-

дың барлығы компаниямен бірге өсіп, жоғары білікті 

мамандарға айналды, қазір олар Қазақстан мен Вели-

кобританияда түрлі директорлық және басқарушылық 

лауазымдарды иеленіп отыр. Бұл Қазақстанның жер-

гілікті мазмұнына үлес қосқанымыздың нақты мы-

салдары. 



Біз олардың ортақ табысымызға үлесін 

қосқаны үшін қатты құрметтейміз және олардың 

жетістіктеріне қуанамыз. Эдельвейс, Алтынгүл, 

Светлана мен Эльвираның қалай жетістіктерге жет-

кендері туралы толығырақ 5-8 беттерде жарияланған 

сұхбаттарынан оқып, біле аласыздар.

Қысқа уақыттың ішінде Болашақ Қазақстандағы бар-

лық мұнай және газ жобаларына қызмет көрсететін 



Болашаққа 15 жыл 

Болашаққа 15 жыл 

3

Болашақтың дамуы



Қызметкерлер саны (желілік тренд) және Негізгі кезеңдер

кәдімгідей табысқа жеткен компанияға айналды. Swift  

қоғамынан тәуелсіздігімізді алған соң біздің тіпті жер-

гілікті үлестік қатысу мен персоналды көбейту  арқылы 

жергілікті мазмұнды, сонымен бірге оқуға, жергілікті 

инфрақұрылым мен жабдыққа инвестиция құю мөл-

шерін арттыру қолымыздан келді. 

«Болашақ» командасының қызу жұмысының арқа-

сында біз жаңа тәуекелдерді қабылдай отырып, жыл-

дан жылға дамып, осы қалыпқа жеттік. Бүгінгі таңда 

клиенттеріміздің жобалары мен өндіріс нысандарын-

да бекітілген қызметкерлердің саны 3000-ға жетеді. 

Оларды, өз кезегінде, Атыраудағы бас кеңседе, Теңіз, 

Орал, Ақсай, Астана, Алматы мен Ақтау филиалда-

рында, сондай-ақ Ұлыбританияның Фарнборо қала-

сындағы кеңседе (онда Эльвира Фазылова мен Алтын-

гүл Саметова істейді) жұмыс істейтін 

200-ден астам 

штаттағы персонал

 қолдайды. Болашақтың соңғы он 

бес жылдағы табысты тарихын, оның негізгі кезеңдерін 

шолып қарап өтсеңіз, нақты бағалай аласыздар:

2001 жылдан бастап Болашақ «Қарашағанақ Петроле-

ум Оперейтинг» (КПО), «Теңізшевройл» (ТШО) және 

«Норт Каспиан Оперейтинг Компани» (НКОК) сияқты 

компаниялармен келісім-шарттарға отыру арқылы Қа-

рашағанақта, Теңізде және Қашағанда ұзақ мерзімді 

қатынастың ірге тасын орната алды. 



Біз бұл табысты ел 

ішінде бизнесіміздің инфрақұрылымын дамытып, 

мүмкіндіктерін арттыруды жалғастыру арқылы 

нығайттық.  Нәтижесінде «Болашақ» Қазақстандағы 

түрлі жобалар мен бірнеше саланың өндірістік қызметін 

жүзеге асыруда басты рөл атқаратын болды. Негізгі қы-

зметіміздің мұнай-газ саласында шоғырланғанына қа-

рамастан, біз Қазақстанның тау-кен өнеркәсібінде, сон-

дай-ақ жаңадан дамып келе жатқан телекоммуникация 

саласында маңызды шарттарды жасастық. Біздің бүкіл 

тарихымыз  бойына Болашақ 



өз бизнесін дамытып, 

әртараптандыру үшін дәйекті түрде мүмкіндіктерді 

іздеді.

 Мұның негізгі мысалы елімізде еңбекті қорғау

қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау 

бойынша мамандырылған оқуды ұсынатын 



«SEFtec 

Global Training Services»

 компаниясын құру болды. 

2008 жылы біз Атырау қаласындағы оқу орталығын 

дамытуға инвестиция құйдық. Ол арнаулы «SEFtec» 

атты Ирланд ұйымымен серіктестікке негізделген бол-


Болашаққа 15 жыл 

Болашаққа 15 жыл 

4

ды. «SEFtec Global Training» қазақстандық ұйымы қазіргі 



уақытта толығымен Болашақ компаниялар 

тобына ти-

есілі және  ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша өндірістік қа-

уіпсіздік курстарында, OPITO, құзыреттілікті бағалау 

курстарында, ҚР міндетті курстарында және ірі ТЖ мен 

дағдарыстарды басқару курстарында оқыту жөніндегі 

қызметтердің кең ауқымын көрсетеді. 

2002 жылы Болашақ біздің клиенттерге іске қосу және 

жөндеу жұмыстары жөніндегі қызметтерді ұсына баста-

ды. Бастапқыда біз Қарашағанақтағы жоба үшін іске 

қосу және жөндеу жұмыстары жөніндегі мамандар то-

бын ұсынған болатынбыз. Ал бұл, өз кезегінде, Теңіздегі 

Екінші Ұрпақтағы Жобаның іске қосу және жөндеу жұ-

мыстары жөніндегі келісім-шартты қамтамасыз етті.  Біз 

қызметімізді басқарып, дамыту және іске қосу жөніндегі 

мүмкіншіліктер үшін  арнайы бөлімше құрдық. В 2010 

жылы біз іске қосу және жөндеу жұмыстары жөніндегі 

(Қашаған жобасының жаға және теңіз нысандарың қа-

митын) ірі келісім-шартты қамтамасыз еттік. Ол  Imtech 

(инженерлік, құрылыс, іске қосу және жөндеу жұмыста-

ры жөніндегі  халықаралық Нидерланд компаниясы) 

компаниясымен ынтымақтастықтың бес жылы ішінде 

ойдағыдай пысықталды. Қазіргі уақытта техникалық 

директор  Деклан Фицджеральд тағайындалды. Оның 

көңілі Болашақ ұсынған іске қосу және жөндеу қызмет-

терін басқару мен ары қарай дамытуға ауған. 

Біз техникалық қызметтердің кең ауқымын ұсына оты-

рып, елдегі бизнестің инфрақұрылымының негізін сала 

алатынымызды үнемі көрсетіп келдік. Бұл біздің сапаны 

бақылау саласындағы инспекциялық қызметтерді да-

мытуымызбен растады. 

2005 жылы Болашақ Қашағандағы жоба үшін сапа-

ны бақылау жөніндегі қызметтерді көрсету туралы 

келісім-шартқа қол қойды. Содан көп ұзамай, біздің 

командамызға басқарушы рөлінде сапаны бақылау са-

ласындағы жоғары білікті маман Стюарт Николь келіп 

қосылды. Оның осы салада Қазақстанда және одан тыс  

жерлерде жинаған тәжірибесі мол. Қашағандағы жоба 

үшін сапаны бақылау саласындағы инспекциялық қы-

зметтерді тікелей және Бұзылмайтын бақылаудың же-

текші әдістері жөніндегі қызметтер саласындағы 



TÜV 

Rheinland Sonovation компаниясымен ынтымақта-

стықта көрсетуді жалғастырамыз. 

Біздің меншікті, тексерілген және сыналған ноу-хау-

дың көмегімен жергілікті бизнес-инфрақұрылымы са-

ласында техникалық шешімдерді платформа ретінде 

ұсыну қабілетіміз жақында ТШО-мен жасасқан бағалау 

және сапаны бақылау бойынша қызмет көрсету туралы 

шарт арқылы тағы бір мәрте расталды.Біздің негізгі ко-

манда  топ жобалар мен ТШО-ның қызметі үшін баға-

лау және сапаны бақылау бойынша Теңіздегі келесі 5 

жыл бойы қызметтерді ұсынатын болады. Бағалау және 

сапаны бақылау тобының жұмысы ТШО-ны, сондай-ақ 

Теңіз кен орындарында жұмыс істейтін түрді мердігер 

компанияларды әрі қарай қолдауға әлеуетті 

Теңіздегі 

«Болашақ» базасында

 жүргізіледі.

Бұл тамаша 15 жыл болды. Көп нәрсеге қол жеткіздік 

және осы табысты тарихты жасаған олар команданың 

бір бөлігі болып қалды. Осы жыл еске алу үшін басқа 

жылдарға қарағанда жақсы себеп болды. Компания 

атын ұмытпай, болашаққа бет алу керек. Келесі он бес 

және онан кейінгі жылдарды асыға күтеміз. Болашаққа 

үнемі жетілдірумен, мықты командалық жұмыспен, 

сондай-ақ ары қарай өсу және табыспен қадам баса-

мыз.

Пол Пинкертон, Өндіріс бойынша Директорі

Қарабатанда құрлықты пайдалану бойынша 

800 астам қызметкерлер


Болашақ тарихына үлес қосқан адамдар

Болашақ тарихына үлес қосқан адамдар

5

Эльвира Фазылова



– Болашақта жұмыс істеген кезіңізден ең жылы естеліктеріңіз 

қандай?

– Әңгімелеп беруге болатын естеліктер көп-ақ, алайда осы уақыт 

ішіндегі ең жылы сәттерім Қазақстанның түкпір-түкпірінен кел-

ген қызықты әрі дарынды адамдармен, сондай-ақ әлемнің әр 

жерінен келген әртүрлі мәдениет өкілдерімен танысып, олармен 

бірге жұмыс істеуіммен байланысты болды. Мен өз өмірімде ол 

адамдармен кездескенімді бақыт санаймын, олардың кейбіре-

улері өмірлік достарыма айналды. Сонымен қатар Болашақта 

болған кезімде мен үшін бәр-бәрі жаңа болды: алғаш рет әң-

гімелесуден өтіп, алғаш рет жұмысқа тұрдым, алғаш рет ком-

панияда жұмыс істеуім болды, алғаш рет әріптестеріммен бірге 

Лондонға кәсіби даярлыққа бардым, кейіннен 10 жылдан соң 

сол кісілермен бір жерде қызмет атқардым, Болашақ Лондон-

ның қақ ортасынан халықаралық кеңсесін ашқан. Қазақстанда 

кадрлармен қамтамасыз ету индустриясының дамып, осы дәре-

жеге жеткені, Болашақтың осы салада қызмет атқаруын бастап, 

жергілікті мамандарды даярлап жатқаны қандай ғанибет. Және 

де Болашаққа тәжірибеленуші болып келіп, бүгінде компания-

ның дамуына өз үлесін қосып жатқан штаттағы қызметкерлердің 

даму деңгейін ерекше атап өткім келеді. 



– Болашақта жұмыс істеген кезде қандай ірі міндеттер атқа-

рылды? 

– Біз үнемі өз Клиенттеріміздің маман іздеп табуға деген үмітін 

ақтап, бізден күтетін нәтижелерін барынша жоғары деңгейге 

жеткізуді мақсат тұтамыз, бір жолы Клиенттеріміздің бірі ше-

телдік университеттерде оқып жүрген қазақстандық студент-

тердің арасынан маман тауып беруімізді сұрады. Сондай ма-

манды іріктеп алу үшін біз шетелдік университеттерге жүгіндік, 

олар бізге студенттермен хабарласуға көмектесті, сол тапқан 

студенттеріміз мансапқа қол жеткізіп, әлі күнге дейін сол Кли-

енттерімізде қызмет атқаруда. Болашақ қазіргі уақытта да қа-

зақстандық және шетелдік университеттерді бітірушілерді қы-

зметке орналастыруға инвестиция салып, студенттерге біздің 

Клиенттерімізде мансапқа жетуге жәрдемдесіп жүр.

– Қажет болса, Болашақты және өзіңіздің осындағы жұмы-

сыңызды екі ауыз сөзбен қалай сипаттар едіңіз?

– Болашақ дегеніміз – әрбір салада өз ісін адал атқарып, 

Клиенттерінің үздік нәтижеге қол жеткізуі үшін жұмыс істеп 

жүрген кәсіпқой мамандардан құралған Арман Командасы 

іспеттес. Мұнда әрбір күн өткен күнге ұқсамайды, ол жаңа 

күнге деген қызығушылығымызды арттыра түседі. 



– Болашақ командасының мүшесі болу үшін адамда қандай 

қасиеттер болуы қажет? 

– Өз ісіңде табанды болып, Болашақ клиенттерінің үмітін асыра 

ақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасау қажет, өз жұмысыңды 

жақсы көру керек. 



– Сізде табыс формуласы бар ма? 

– Өзіңе өзің адал болып, төңірегіңдегі адамдарға қолдау жасап

дамуына жәрдем беру керек, себебі ол ең жақсы марапат. 

– Сүйікті тағамыңыз қандай? 

– Мен тамақ жасағаннан гөрі оны ішкенді жақсы көретіндіктен, 

әртүрлі халықтардың кез келген тағамдарының дәмін татуға дай-

ынмын деп айта аламын, бірақ өзім дайындайтын тағамдарға кел-

сек, бұл жерде дәстүрден таймаймын, менде Қазақстаннан әкел-

ген палауға арналған дәмдеуіштер толып жатыр.   



– Жылдың қай мезгілін жақсы көресіз? 

– Маған Ұлыбританияның оңтүстік-шығысының климаты өте 

ұнайды, ол ыстық та емес, суық та емес. 

– Сіздің сүйікті кітабыңыз, фильміңіз немесе музыкалық тобыңыз 

бар ма? 

– Негізінен мен адамдардың өмірбаяндары мен қиялыңды қозғай-

тын әңгіме кітаптарды жақсы көремін.

– Сіздің сүйікті кейіпкеріңіз кім (спортта, іскерлікте, әдебиетте, ак-

тер/актриса т.с.с.)? 

– Менің кейіпкерлерім шынайы өмірдегі қайырымдылық қызмет-

пен айналысып, өзгелердің мұқтаждықтарын өз мұқтаждығынан 

жоғары қоятын адамдар. Оның өзі оңайшылықпен қолдан келе 

бермейтін іс деп ойлаймын. 

– Осы дүниеде қандай да бір жерге бара қалсаңыз, ол жер қай жер 

болар еді? 

– Ол жер мен қазір өмір сүріп жүрген, менің отбасым тұратын, мен 

сүйікті жұмысыммен айналысып жүрген жер болар еді.  

– Қай музыка аспабын меңгергіңіз келер еді? 

– Өкінішке қарай, музыкалық дарын менің үлесіме тимеген, сон-

дықтан адамдарды шошытпау үшін, музыка аспаптарын меңгеруді 

қолға алмас едім. 



– Өзіңізге үш сөзбен мінездеме беріңізші? 

– Жақсы ойлайтын, жауапты, сенімді адаммын. 



Жылы

Қызметі

1999

Кадрларды іріктеу бойынша кеңесші, Ақсай 



2002

Компания уәкілі, Теңіз



2007

Қызметкерлерді іріктеу бойынша Супервайзер, 

Атырау 

2010

Қызметкерлерді іріктеудегі өндірістік сұрақтар 

бойынша Менеджер, Болашақ-Интернешнл, 

Лондон


Қазіргі 

уақытта

Қызметкерлерді іріктеудегі өндірістік сұрақтар 

бойынша Менеджер, Болашақ-Интернешнл, 

Фарнборо


Болашақ тарихына үлес қосқан адамдар

Болашақ тарихына үлес қосқан адамдар

6

– Болашақта жұмыс істеген кезіңізден ең жылы 



естеліктеріңіз қандай? 

– 1) Менің екі қызым да мен Болашаққа қосылған-

нан кейін туылды, сондықтан олардың «мама» және 

«папа» деген сөздерден кейінгі алғашқы сөздері 

менің әріптестерімнің есімдері болды; 2) Алматы 

кеңсесінің 7 рет көшкені; 3) Болашақ – үлкен ком-

пания, және командамыздың құрамы бірте-бірте 

өзгеріп отыратыны табиғи нәрсе, бірақ компаниядан 

кеткен адамдармен және әлі күнге дейін компания-

дан қол үзбей келе жатқандармен байланысымызды 

тоқтатпай жүргеніміз жақсы да, және мен олардың 

барлығына бірге өткізген уақытымыз үшін алғыс біл-

діргім келеді. 

– Болашақта жұмыс істеген кезде қандай ірі мін-

деттер атқарылды? 

– а) Мен Болашаққа келген кезде, менің ағылшын 

тілін білуім де, жұмыс тәжірибем де нөлге жақын 

болған. Бірақ мен бірден білімімді жақсартуға тиіс 

болдым, менің алдымен  Крис Уэлдонмен, Тим 

Бентаммен жұмыс істегенімізді ескерсек, менің 

оларға сай болу үшін білімімді ұштауым керек бол-

ды, себебі олар кәсіпқой  менеджерлер. б) баста-

пқыда мен бір өзім әкімшінің ассистенті де, АТ-ма-

ман да, кассир де, рекрутер де, HR да, сатып алушы 

да, әйтеуір, сан алуан қызметтерді атқарушы бол-

дым, және, шынымды айтсам, менің алдымда аса 

зор міндет – барлық салаларды қамту міндеті туын-

дады, сонымен бірге бұл дамуға тамаша мүмкіндік 

берді; в) мен көмекшіден бастап филиал директо-

ры лауазымына дейін көтерілдім.



– Қажет болса, Болашақты және өзіңіздің осын-

дағы жұмысыңызды екі ауыз сөзбен қалай сипаттар 

едіңіз? 

– Тұрақты дамып отырған компания, қызметкер-

лері сенімді, кәсіби және өмір тәжірибесін жинақтауға ар-

налған бірегей кәсіпорын. 



– Болашақ командасының мүшесі болу үшін адамда қан-

дай қасиеттер болуы қажет? 

– 

1) Командада жұмыс істей білуі тиіс; 2) Оқуға және ақпарат 

алмасуға дайын болуы керек;  3) Компанияға төзімділік көзқа-

рас таныту қажет; 4) Әр түрлі қызметтерді атқаруға дайын болу 

қажет. Көп оқу қажет және Сәттілікпен достасу керек. 

– Сүйікті тағамыңыз қандай? 

– Мен әртүрлі тағамдарды жақсы көремін, нақты біреуін атап 

бере алмаймын, бірақ грузин тағамдары бәрінен басым түседі. 

– Жылдың қай мезгілін жақсы көресіз? 

– Мен үшін әрбір жыл мезгілі өзінше жақсы әрі қызықты. Мен 

бір жыл мезгілі жағдайында ұзақ уақыт өмір сүре алмас едім. 

– Сіздің сүйікті кітабыңыз, фильміңіз немесе музыкалық то-

быңыз бар ма? 

– Кітаптар: Мен нақты бір кітапты атап бере алмаймын, мен 

жан-жақты оқырманмын, сондықтан маған Борис Акунин, 

Конан Дойл, Роберт Хансван Гулик, Омар Хайям, Лермонтов, 

Пикульдар ұнайды. Музыкалық топ/музыканттардан: Вячеслав 

Бутусов – Наутилустан (бұрын болған топ), Нино Катамадзе, 

DeepPurple, Нирвана, Владимир Высоцкий, Булат Окуджава.

– Осы дүниеде қандай да бір жерге бара қалсаңыз, ол жер 

қай жер болар еді?  

– Ол жыл мезгіліне және менің көңіл күйіме байланысты. Мы-

салы, қыркүйекті алсақ, маған Прага мен Барселона ұнайды.

– Қай музыка аспабын меңгергіңіз келер еді?  

– Гитара және пианино (Егер менің музыкалық есту қабілетім 

жақсы болса :)

– Өзіңізге үш сөзбен мінездеме беріңізші? 

– Табанды; бастамашыл; сындарлы.



Светлана Жалковская

Жылы

Қызметі

2001

Әкімшілік ассистенті, Астана 



2002

Кеңсе Әкімшісі / Логистика бойынша ассистент, 

Алматы 

2006

Бизнесті дамыту бойынша Үйлестіруші, Алматы /

Астана

2011

Директор, Алматы/Астана



Қазіргі 

уақытта 

Директор, Алматы



7

Болашақ тарихына үлес қосқан адамдар

Болашақ тарихына үлес қосқан адамдар

– Болашақта жұмыс істеген кезіңізден ең жылы 

естеліктеріңіз қандай? 

– Бастапқыдағы әрбір қадамым мен үшін баһра-

лы күндер естелігі, себебі олар менің жаңа 

тәжірибем және жаңа білімім болған. 



– Болашақта жұмыс істеген кезде қандай ірі мін-

деттер атқарылды? 

– Мен Болашақпен әр жерлерде жұмыс жа-

сау мүмкіндігіне ие болдым, алдымен Ақсай 

қаласындағы, содан соң Атырау қаласындағы 

кеңселерде істегенмін, қазір Ұлыбританиядағы 

кеңседе қызмет атқарамын. Әрбір жаңа орын, 

әрбір жаңа өзгеріс маған бір ілгері қарай шақыру 

іспеттес және тамаша тәжірибе берді. 



– Қажет болса, Болашақты және өзіңіздің осын-

дағы жұмысыңызды екі ауыз сөзбен қалай сипат-

тар едіңіз? 

– Болашақтың сипаттамасы оның атауында жа-

тыр емес пе. Мен қызмет атқара бастаған кезде 

Болашақ Қазақстандағы мұнай және газ сала-

сына жұмыс күшін тартып, жұмыскерлер іріктеп 

беру нарығындағы алғашқы қазақ компаниясы 

болған. Болашақта қызмет атқару барысында 

мен көптеген қызықты адамдармен кездесіп, 

олардың әрқайсынан бірдеңе үйреніп, олармен 

тәжірибе алмастым. 



– Болашақ командасының мүшесі болу үшін 

адамда қандай қасиеттер болуы қажет? 

– Инновациялық көзқарас, көпұлтты ортада жұ-

мыс істеуге мүмкіндік беретін икемділік керек, 

себебі біз әр жерлерде әртүрлі мәдениеттермен жұмыс 

істейміз, содан соң үнемі өзіңді-өзің жетілдіріп отыру мен 

командада жұмыс істеу қабілетінің де маңызы зор. 



– Сізде табыс формуласы бар ма?  

– Өмірдің жарқын жағын ғана көріп, сол сәтте рахаттана білу.



– Сүйікті тағамыңыз қандай? 

– Көбінесе итальян тағамдары және кез келген күні қа-

зақтың дәстүрлі бесбармағы.

– Жылдың қай мезгілін жақсы көресіз? 

– Жаз. 


– Сіздің сүйікті кітабыңыз, фильміңіз немесе музыкалық 

тобыңыз бар ма? 

– Халед Хоссейни кітаптары, соул стиліндегі музыка. 



– Сіздің сүйікті кейіпкеріңіз кім (спортта, іскерлікте, әдеби-

етте, актер/актриса т.с.с.)?  

– Мерил Стрип, Джек Николсон, Габриэль (Коко) Ша-

нель...  т.б.

– Осы дүниеде қандай да бір жерге бара қалсаңыз, ол жер 

қай жер болар еді? 

– Күн шығып тұрған жердің барлығы.



– Қай музыка аспабын меңгергіңіз келер еді? 

– Пианино болар.



– Өзіңізге үш сөзбен мінездеме беріңізші? 

– Әрбір нәрсеге оң көзқарас танытатын ашық адам және 

өз ісімде кәсіпқой болуға тырысамын.

Алтынгүл Сәметова



  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал