1986 жылы 17-18 желтоқсанда республиканың бас алаңына



жүктеу 49.18 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі49.18 Kb.

1986 жылы 17-18 желтоқсанда

республиканың бас алаңына

шерулеп шыққан жастардың

ұрандарының бірі — «Тіліміз —

жоғалмасын, жеріміз —тоналмасын»

болатын. Ол уақыттағы өмір

шындығы солай еді. Тіліміз

жоғалудың сәл алдында болса,

жеріміз шынында тоналып жатқан-

ды. Бұл бір күнде ғана пайда болған

проблема емес, бодан болған әрбір

елдің басындағы қайғы-қасірет.

Империяның құрсауынан құтыла

алмай келе жатқан қазақ халқының

тарихындағы бұл алғашқы бас

көтеру емес екендігі белгілі. Сонау

Исатай мен Махамбет бастаған

көтеріліс, 10 жыл бойы отаршы-

лармен бөлтірігін алдырған қас-

қырдай жорта жүріп арпалысқан

Кенесары ханның соғысы, 1916

жылғы ұлт-азаттық көтеріліс

ешқашан санадан кетпейді. Міне,

осы халықтық қозғалыстың заңды

жалғасы 1986 жылғы желтоқсан

көтерілісі болды. Кезінде партия

көсемдерінің аузынан шыққан

«желтоқсан оқиғасы» деген атауы

бүгінге дейін қалмай келеді. Шын

мәнінде ол қатардағы оқиға емес,

кәдімгі көтеріліс болатын. Ал бұл

бас көтерудің себебі тым алыста,

тереңде жатыр еді. 16

желтоқсан күні болған

Орталық Комитеттің пленумы

сылтау ғана. Онсыз да

жарылғалы тұрған жараның

аузы ашылды. Ұлттардың

теңдігі жөніндегі құр  с ө з ,

жымысқы саясат, алдап-арбау

әбден жалықтырған болатын.

Көзі ашық жастар мұны

білмеді емес, білді.

Батыстың саяси  қ а й -

раткерлері қазір Кеңестік

жүйеге қарсылық білдіру неге

Алматыдан шыққанына таң қалады.

Олардың пайымдауынша Ташкент,

Рига, Ереван, Баку тәрізді бір

қаладан шығуға тиіс болатын.

Олардың ойынша Орта Азия мен

Кавказ, Прибалтика елдерінің

бірінен түптің-түбінде дүмпу болу

керек-ті. Ал жүз ұлттың мекеніне

айналған Қазақстаннан мұндай

шеру шығып, аяғы көтеріліске

ұласады деген үш ұйықтаса

түстеріне енбеген. Шын мәнінде,

«жанжалдың» Алматыдан шық-

қанына таң қалуға бола ма? Сырттай

қарағанда жуас, қонағына қарсы

келмейтін қазақтардың ішінде не

болып жатқанын шетелдік ба-

қылаушылар қайдан білсін.

Ғасырлар бойы Тәуелсіздікті

аңсаған халықтың ұл-қыздарының

кеудесінде намыс оты қайнап

жатқанын, күндердің күнінде

бодандық ноқтасын үзіп шығатынын

олар білген жоқ. Көтерілістің тура

Алматыдан шығуының тағы бір

себебі —  қ а з а қ т ы ң көзі ашық

жастарының көбі осында

институттар мен университеттерде

оқығандықтан болар. Жалпы бұл

қалада қазақтың рухы бұрыннан

басым еді. Жетпісінші жылдары

ҚазМУ-де оқыған кезімізде

Қарағанды тәрізді орысы көп

қаладан келген біздерге көшедегі

қазақтың көптігі, автобустарда

қазақша қысылмай сөйлесулері

біртүрлі оғаш көрінетін. Оған да

бірте-бірте көз үйреніп, кілең

қ а з а қ т ы ң арасында жағамыз

жайлауда жүретін еді, Дәл осынау

қазақтың қаймағы, бетке ұстар

жастары тоталитарлық жүйеге

қарсы шығуы, ұлт намысын жыртуы

заңды ғой.

Тәуелсіздігіміздің 10 жылдығын

тойлап жатқан тұста сол желтоқсан

көтерілісіне де 15 жыл толып отыр.

Мұндай мереке күндері сол

жастардың көрген құқайын ұмыт

қалдырғанымыз дұрыс болмас. Осы

уақыт ішінде желтоқсан құрбандары

туралы талай кітап шықты, көптеген

естеліктер жарияланды. Сол кө-

теріліс жайлы фактілерді жинас-

тырып, желтоқсан жайлы құлағының

ұшымен ғана естіген кейінгі жастар-

ға баяндап беруді жөн көрдік.

Мұның үстіне сол желтоқсандағы

бейбіт шеруді, оған күш қолдану,

жастарды ұрып-соғу мен итке

талатуды өз көзімен көрген куәгер

ретінде жазуға тиісті едім. Әрине,

бұдан бұрынғы жылдары бұл

көтеріліс жайлы газетке жазған

едік. Бүгінгі 15 жылдыққа орай сол

жайларды ықшамдап, айтып кетсек

артық болмас.

Орталық Қазақстан.-2001.-15 желтоқсан.-7 б.



Желтоқсан көтерілісіне

 — 15 жыл

«Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды,

Анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды,

Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз»

(Қаздауысты Қазыбек би).

1986 жылы желтоқсан айында

мен Алматы жоғары партия

мектебінің II курсында оқып жүр

едім. Бұл оқу орнының ғимараты

Абай мен бұрынғы Ленин көшесінің

қиылысында, көтеріліс болған

алаңнан қол созым жерде

орналасқан еді. Салт басты

жатақханада тұрғандықтан, сол

күндері сабақ болмай қол бос

болғандықтан алаңда және оған

жақын маңда болып жатқан

оқиғаларды көзбен көруге тура

келді. Алғашқыда бәрі бейбіт

болатын. Орталық Комитеттің 16

желтоқсандағы 20 минуттық

пленумы болып, Колбин сайланғаны

туралы хабарды сол күні сағат 11-де

естідік. Ал ертеңіне республикалық

газеттер пленумның хабарын және

Колбиннің өмірбаянын суретімен

жариялады. 17 желтоқсан күні

таңертеңгі сағат 10-ның шамасында

сабақта отырған кілең қазақ

жігіттері мен қыздарын ректор

шақырып алды. Ол кісі: «Алаңға

қазақ жастары жиналып жатқан

көрінеді. Пленумның шешіміне

қарсы болса керек. Сендер ақыл

тоқтатқан үлкенсіңдер ғой. Бас

бұзарлық болып кетпесін,

ақылдарыңды айтыңдар» деді ол

қобалжып отырғанын байқатқысы

келмей. Сағат 11-дің кезінде алаңға

келсек, шынында біраз адам

жиналып қалыпты. Сәтбаев пен

Фурманов көшесінің қиылысында

кілең ішкі әскердің офицерлері сап

құрып, жастарды алаңға жібермей

тұр екен. Олар да не қылса алаңға

шығамыз деп жатқан жоқ. Топ-топ

болып бөлініп, бейбіт әңгіме жүріп

жатты. Әңгіменің тақырыбы әртүрлі.

«Бірінші хатшылыққа неге

Қазақстаннан біреу сайланбай-

дыдан» басталып, тіл мәселесі,

қазақ мектептерінің аздығы, қазба

байлықтың тоналып, қазақ жері

шұрық тесік болып жатқаны, өз

елімізді өзіміз қашан билейміз деген

әңгімелер айтылды. Түске дейін

осылай тұрған жастар біртіндеп

тарай бастады. Бірақ кешке қарай

қарамызды көбейтіп қайта келеміз

дегенді айтты.

Қысты күні қараңғы ерте түседі.

Кешкі 6-дан аса тамағымызды

асығыс ішіп, тағы да алаңға бет

алдық. Себебі, алаңдағы адамдар

саны күндізгіден де көбейіп кетті

деген болатын сонда барып келген

жігіттер. Жақындағанда ғана бай-

қадық, алаңға адам лық толған екен.

Екі-үш жерден будақтап түтін

көрінді. «Е, жастар тоңған соң от

жағып жылынып жатқан ғой» деп

қойдық. Жоқ, жанып жатқан маши-

налар екен. Түтіні будақтаған

түтқындарды таситын бірнеше

«Черный вор» көрінді. Бір-екі

милицияның уазигі де түтінге

ораныпты. Жастарға су шашқан өрт

сөндіруші машиналарда біздің көз

алдымызда шағылып қалды. Күн

аязда суық су шашып, тұщы етіне

ащы таяқ тиген соң аянып қалсын

ба, нағыз арпалыс басталды да

кетті. Қалқан ұстап, резина таяқпен

қаруланған солдаттар мен

курсанттар тұра бастырады. Кейін

қашқан жастар серпіліп барып қайта

тап береді. Бірақ, олар құр қол

болатын. Кейбіреулерінің қолында

көшедеп ағаш-

тың сындырып

алған бұтағы

ғана болды.

Біраздан кейін

қуатты зениттік

прожектор қой-

ылып, алаң

к ү н д і з г і д е й

жарық болды.

Прожекторлар

түнгі аспанды

тілгілеп, сол-

даттардың кас-

калары мен темір қалқандарына

шағылысты. Бірнеше мың адам

қатысқан қарулы топпен құр қол

жастардың айқасы түннің бір уағына

дейін жалғасты. Көбіне таяқ жеген

жастар еді. Мұзға тайып жығылған

қыздарды шаштан сүйреп,

жігіттерді өкпеге тепкіледі.

Желтоқсанның 18-і күні таңертең

біздерді халық жасақшысы ретінде

қолымызға қызыл шүберек байлап,

500 адамды тағы алаңға алып келді.

Түнімен таяқ жеген жастар ашынып,

бүгін тіпті салғыласу күшейіп кеткен

екен. Оларды қалайда алаңға

шығармау үшін үш қатар шеп

құрылыпты. Түс әлетінде Ташкент

пен Новосибирскіден келген ОМОН

отрядтары ештеңеге қарамай, бас-

көз демей ұрып, жиналған

жастарды көше-көшемен

қуып кетті. Қаша алма-

ғандары сойылдың астында

қалды. Қанға боялған қыз-

жігіттерді сүйреп, авто-

бустарға тиеп әкетіп жатты.

Сол күні кешке қарай үстіне

солдаттар отырғызылған

бронетранспортерлер мен

жеңіл танкілер алаңға енді.

Осылай әскери күш пен

техника «Қайта құру мен

демократияға» сенген жас-

тарды аямай жаныштады. Келесі

күндері қай жерде адам жиналып

жатса, десантшылар оларды қуып

тарататын болды. Міне, осы оқиға-

лардың бәрі менің көз алдымда өтті.

Американың Хельсинки тобының

қызметкерлері жүргізген зерттеу

қорытындысы бойынша 1986 жылғы

17-18 желтоқсан күндері заңдылық

жаппай бұзылып, жастардың құқы

аяқ асты болған. Қалада төтенше

жағдай жарияланбаса да әскер

енгізілген. Комендаттық сағат

белгіленбесе де түнде жүргендер

қамауға алынған. Шетелдік

бақылаушылардың айтуынша үкімет

тарапынан 50 мың әскер, 20 мың

милиция қызметкері демонс-

трацияға шыққандарға қарсы

қолданылған. Ал алаңда жобамен 10

мыңдай жастар болған. Сонда күш

қолдану алты-жеті есе артық еді.

Оның үстіне кәсіпорындардан халық

жасақшылары әкелінген. Тағы сол

шетелдік бақылаушылардың

пікірінше мұндай көп адам қатысқан

демонстрация кезінде халық

жасақшыларын мүлде пайдалануға

болмайды. Себебі олар арнайы

оқудан өтпеген, күшті қаншалық

қолдануды білмейді. Американың

Хельсинки тобының  ж ү р г і з г е н

зерттеуінде ауруханаға жарақат

алып түскендер кілең қазақтың

қыздары мен жігіттері екенін,

олардың көбінің басы жарылып,

қолдарының қары сынғанын

анықтаған. Яғни, олар қорғанған. Ал

Шаханов комиссиясының қоры-

тындысы бойынша сол күндері 8500

адам қамауға алынған. Соның 110-

ы сотталған. Оның 80-і Алматыдан,

5-уі Қарағандыдан, 1-уі Жезқаз-

ғаннан, 3-уі Ақтөбе облысының Алға

қаласынан, 5-уі Өскеменнен, 6-уы

Талдықорғаннан, 1-уі Маңғыстау-

дан, 2-уі Ақмоладан істі болып

түрмеге жабылған. Екі адам ату

жазасына кесілген. Қысқасы, бұл

көтеріліс бүкіл Қазақстанды шар-

пыды. Қаншама қыз-жігіт оқудан

шығарылды. Қаншама қызметкер

балалары үшін әкімшілік жазаға

тартылды.

Қорыта айтқанда, желтоқсан

көтерілісі туралы шағын мәлімет

осындай. Тәуелсіздіктің қарлы-

ғашы, бодандықтан босауымызға

түрткі болған желтоқсан құрбан-

дары біздің есімізде мәңгі болуға

тиісті. Тоталитарлық жүйенің ыды-

рауына себеп болған бұл

көтерілістің маңызы тарихта қалып,

ұрпақтан ұрпаққа жететіне сенеміз.



Серік СЕКСЕНҰЛЫ.

1986 жылғы желтоқсан

көтерілісінің куәгері.




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал