1931 жылдың 4 қазанынан бастап шығады Газет 2007 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз»



жүктеу 464.52 Kb.

бет1/3
Дата12.09.2017
өлшемі464.52 Kb.
  1   2   3

 

1931 жылдың 4 қазанынан 

бастап  шығады

Газет  2007 жылы  Қазақстан 

Журналистика  Академиясының 

«Алтын  жұлдыз»  сыйлығымен 

марапатталды.

Газет 1981 жылы Еңбек Қызыл Ту 

орденімен наградталған.

♦ Қарағанды  облыстық  қоғамдық-саяси  газеті

♦ БЕЙСЕНБІ,   24 ТАМЫЗ,  2017 жыл   №94 (22 401) 

Қаздауысты  Қазыбек:  Сөздің  атасы – бірлік,  анасы – шындық

www.ortalyq.kz

Сіздерді Астана қаласындағы Қарағанды 

облысының  мәдениет  күндеріне  арналған 

әсерлі де жарқын іс-шараларды тамашала-

уға шақырамыз! 

Мәдениет  күндері  2017  жылдың  төртін-

ші  және  тоғызыншы  қыркүйегі  аралығында 

«Астана ЭКСПО – 2017» Халық аралық көр-

месінің аясында өтеді.

2017  жылдың  5  қыркүйегінде  сағат 

15.00-де  Этно-ауылдың  концерт  алаңында 

өңірлердің мәдениет күндерінің салтанатты 

ашылу рәсімі өтеді. Сіздерді «Қоянды жәр-

меңкесі»,  «Бауырсақ-шоу»,  «Қымыз-шоу» 

театрландырылған  қойылымдары,  «Өнер 

көзі  –  халықта»  атты  кең  ауқымды  фоль-

клорлық бағдарлама, спорттық іс-шаралар, 

сыйлықтар және тағы да басқалар күтеді.

Ал, 6 қыркүйекте сағат 21.30-да «ЭКСПО 

–  2017»  амфитеатрында  Қарағанды  облы-

сының мәдениет пен өнер жұлдыз дарының 

Гала-концерті  өтеді.  Сіздердің  алдарыңы-

зда  ең  үздік  өнер  ұжымдары  мен  орында-

ушылар,  Қарағанды  аймағының  танымал 

әртістері,  қазақстандық  шоу-бизнес  жұлды-

здары Қарақат Әбілдина, Ерлан Көкеев пен 

«К-7»  тобы,  Жәмілә  Баспақова  және  басқа 

әртістер  өнер көрсетеді.

Келіңіздер,  көріңіздер!  Қызықты  да  та-

нымдық мәдени шаралардан құр қалмаңыз-

дар!


 

Жолдамыз. 

Қаздауысты Қазыбек 

би бабаның 350 

жылдығына орай 

және Елбасының 

«Болашаққа бағдар: 

рухани жаңғыру» 

атты бағдарламалық 

мақаласының тарихи 

маңызын терең 

түсіндіру мақсатында 

жолға шыққан 

«Қаздауысты Қазыбек 

би жолымен: бабаларға 

тағзым» Халықаралық 

автокеруені киелі 

Түркістан қаласына 

дейін 2500 шақырымға 

жуық жолды 

артқа тастады. 

Сөз жоқ, тарихи 

сапар. Балқантау 

баурайында дүркіреп 

өткен баба тойында 

Арқа жұртының ақ 

тілеуімен атқа қонған 

керуен мүшелері Ұлы 

Даланы ән мен күйге 

бөлеп, Арқадағы той 

дүбірін Ұлытау арқылы 

Қаратауға жеткізді. 

(Жалғасы 2-бетте).

Ерсін МҰСАБЕК,

«Орталық Қазақстан»

Дастан  Тілеуғабылұлы  – 

Сы байлас  жемқорлыққа  қарсы 

іс-қимыл  ұлттық  бюросының 

Қа рағанды  облысы  бойынша 

департаментінің Тергеу басқар-

масы тергеу бөлімінің басшысы. 

Жаңаарқа ауданы, Атасу кентін-

де  қарапайым  отбасында  дү-

ниеге  келіп,  Қаражал  қаласын-

дағы орта мектепті тәмамдаған. 

Кейін,  2008  жылы  Қарағанды 

экономикалық  университетінің 

түлегі атанды.

Д.Искаков мемлекет пен ел-

дің  алдындағы  борышын  ақтау 

үшін  күш-жігерін  қоғамның  жегі 

құрты саналатын – жемқорлық-

пен күрес саласына арнады.  

Өз қызметін қаржы полиция-

сының  тергеуші  лауазымынан 

бастады. Биік белестерді бағын-

дыра келе, 9 жыл ішінде тәжіри-

бе жинақтап және терең білімін 

көрсетіп,    басшы  лауазымына 

дейін  көтерілді.  Қаржы  поли-

циясы  органдарында  қызмет 

атқару кезінде Д.Искаков І және 

ІІ  дәрежелі  «Қаржы  полиция-

сының  үздігі»  төсбелгілерімен 

марапатталды. 

Департамент 

бас шысының  және  сыбайлас 

жем қорлыққа қарсы қызмет төр-

ағасының  тарапынан  бірнеше 

рет  марапатқа  ие  болды.  Сон-

дай-ақ,  2017  жылы  үлгілі  қыз-

меті  үшін  Қарағанды  облысы 

әкімінің грамотасымен марапат-

талды.


Сыбайлас 

жемқорлыққа 

қар сы іс-қимыл ұлттық бюросы-

ның Қарағанды облысы бойын-

ша департаментінің басшылығы 

Д.Искаковтың  тәжірибесі  мен 

білімін ескере отырып, оған бас-

шылық  лауазымдарының  бірін 

сеніп тапсырды. Бұл лауазымда 

жас мамандарға үлгі болып, бар 

білгенін  ортаға  сала  отырып, 

тәжірибесімен бөлісуде. Жақсы 

нәтижеге қол жеткізу, жақсыдан 

үйреніп,  жаманнан  жирену  ол 

үшін негізгі қағидаларының бірі-

не айналды. 

Д.Искаков  ұлтжанды,  па-

триот  азамат  ретінде  танылып 

келеді. 

Мемлекетке  адал  қызмет 

ету,  заңғар  шыңнан  көріну  – 

Дас тан  Тілеуғабылұлының  не-

гіз гі мақсаты.

Сыбайлас жемқорлыққа 

қар сы іс-қимыл ұлттық 

бюросының Қарағанды 

облысы бойынша 

департаменті.

 

Горные вершины 

Спят во тьме ночной; 

Тихие долины 

Полны свежей мглой; 

Не пылит дорога, 

Не дрожат листы… 

Подожди немного, 

Отдохнёшь и ты.

Мемлекет басшысы 

ұсынған «100 жаңа есім» 

бағдарламасы әр салада 

қызмет етіп, еліміздің 

гүлденуіне үлес қосып 

жүрген азаматтардың 

есімін айшықтап, оларға 

тың серпін беретіні сөзсіз.

Міне, іскерлігімен 

ілгері басып, жауапты 

қызметтің жүгін арқалаған 

азаматтың бірі – Дастан 

ИСКАКОВ.

Қараңғы түнде  тау қалғып,

Ұйқыға кетер балбырап.

Даланы жым-жырт,    

    

 

             дел-сал қып,



Түн басады салбырап.

Шаң шығармас жол-дағы,

Сілкіне алмас жапырақ.

Тыншығарсың сен-дағы,

Сабыр қылсаң азырақ.

Über allen Gipfeln

Ist Ruh,

In allen Wipfeln

Spürest du

Kaum einen Hauch;

Die Vögelein schweigen im 

Walde.


Warte nur, balde

Ruhest du auch. 



(И.Гете – М.Лермонтовтан)

 

 



«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойын-

ша Қарағанды облысының жобалық кеңсесі 2017 жылдың 25 

тамыз күні сағат 10.00-16.00 аралығында Азаматтық бастама-

лар күнін өткізеді. 

Біз сіздерді жаңа идеяларыңызбен, бастамаларыңызбен, 

ұсыныстарыңызбен күтеміз.

Біздің мекен-жайымыз: Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі 

31 («Завод» дүкені), офис 204. 

«Из Гете  (Горные вершины…)»

Qarangy tunde tau qalgip,

Uiqiga keter balbirap.

Dalani jim-jirt, del-sal qip,

Tun basadi salbirap.

San sigarmas jol-dagi,

Silkine almas japirak.

Tinsigarsin sen-dagi,

Sabir qilsan aziraq.

ҚАРАҢҒЫ ТҮНДЕ  ТАУ ҚАЛҒЫП

QARANGY TUNDE TAU QALGIP

(I.Geote – M.Lermontovtan)

Ұлы Абайдың 

өле ңін латын қар-

пімен жобалап теріп 

көрдік. Бұған дейін 

жазғанымыздай, 

біздің «Орталық» 

та латынша жарық 

көрген. 

Қарағанды 

облысында 

алты  айда  1,05  трлн.  теңгеге 

өнер кәсіп  өнімдері  өндірілген. 

Өнеркәсіп  көлемі  бойынша 

Қарағанды  облысы  елімізде 

екінші  орында  тұр.  Республи-

калық  өндірістегі  облысымыз-

дың үлесі – 10%. Бірінші орын  

–    өңдеу  өнеркәсібінде.  Бұл 

секторда  жарты  жылда  811,6 

млрд.теңгеге  өнім  өндірілген 

екен.  Өткен  жылмен  салысты-

рғанда  ол  көрсеткіш  3,4%-ға 

артық.


Өнеркәсіптің  негізгі  сала-

лары  –  металлургия,  машина 

құрастыру,  химия  өнеркәсібі 

және  фармацевтикада    өсім 

байқалады.  Өнеркәсіп  кәсіп-

орындарының негізгі капиталы-

на  73,7  млрд.  теңге  құйылған. 

Мұның  жартысына  жуығы  (38 

млрд.теңгеден  астамы)  өңдеу 

өнеркәсібіне  тиесілі.  Кәсіпкер-

лерді қолдау картасы бойынша 

облысымызда  80  индустри-

алды  жобалар  іске  қосылса, 

онда    6000-нан  астам  жұмыс 

орны ашылған. Алты ай ішінде 

бұл өндіріс орындары 84 млрд. 

теңгеге  өнім  өндірген  көрінеді.  

2017-ші жылға 9,3 млрд. теңге-

ге 9 жобаны іске қосу жоспар-

ланып  отыр.  Оларда  500-ден 

астам  жаңа  жұмыс  орындары 

құрылады  деп  күтілуде.  Олар-

дың  ішінде  3,5  млрд  теңгені 

құрайтын 3 жоба іске қосылған. 

Жаңа  кәсіпорындарда  159 

жаңа жұмыс орны қамтамасыз 

етіледі.

Өз тілшімізден.

КЕНШІЛЕР 

АЙМАҒЫ

ЕКІНШІ ОРЫНДА



(Соңы. Басы 1-бетте).

...Көргенімізді 

көпіртіп, 

есті-


генімізді  екілене  екпіндетіп  жазуға 

болар  еді.  Алайда,  керуеннің  мақса-

тынан  маңызды  ештеңе  жоқ  екенін 

ескерген  жөн.  Мақсатымыз  –  ұлы 

баба  мұрасын  жаңғыртып,  азаттыққа 

деген арпалыс пен Тәуелсіздікке де-

ген   талпынысқа толы ғасырлардың 

асыл  мұратын  бүгінгі  «Мәңгілік  Ел» 

идеясымен сабақтастыру. Яғни, баба-

лар арманы мен Елбасы мұратында-

ғы үндестікті жаңғырту. 

Бастама  –  облыстың  жастар 

саясаты  жөніндегі  басқармасынан, 

қолдау  –  облыс  әкімдігінен,  демеу 

–  «Шұбаркөл  көмір»  АҚ-нан.  Керуен 

құрамында – 28 адам. Меценатымыз 

бар,  әншіміз,  күйшіміз,  журналистер 

мен  спортшылар  бар.  Жанарынан 

нұр,  жүрегінен  жыр  төгілген  ақын-

дарымызды  қосып  қойыңыз...  Жас 

саясаткерлер  мен  емі  шипалы  дәрі-

геріміз де бар. Керуенбасымыз – жас-

тар  саясаты  жөніндегі  басқарманың 

басшысы  Мирас  Құттыбай,  үлкеніміз 

–  ҚР  Мәдениет  қайтаркері,  мемле-

кеттік қызмет ардагері, Егіндібұлақ се-

лосындағы  мәдени-сауық  кешенінің 

директоры  Раушан  Жылтыбаева. 

Сонымен,  сақадай  сайланып,  кездік-

тей қайралып жолға шықтық. Қазыбек 

баба ізімен. Арқалағанымыз – аманат.

Егіндібұлақтан  екіндіге  таяу  қоз-

ғалған керуеннің алғашқы аялдамасы 

қасиетті  Қарқаралыдағы  Құнанбай 

қажы  мешіті  болды.  Бабалар  рухы-

на  дұға  бағыштап,  базарлы  Балқан-

таудағы  дүбірден  алыстап  барамыз. 

Мәліксайдағы  Мәди  бабаның  зира-

тына зиярат етуді де ұмытпадық. Ұлы 

рух бойымызды кернеп тұр. 

Келесі  аялдама  –  Ботақара.  Ау-

дан  орталығындағы  Бұқар  жырау 

ескерткіші  маңында  аудан  тұрғында-

ры  ерекше  салтанатпен  күтіп  алды. 

Аудан  әкімінің  орынбасары  Айғаным 

Ақпанова  бас  болып  ұйымдастырған 

мерекелік  бағдарлама  баба  тойын-

дағы  аламан  бәйгені  көре  алмаған 

атқұмардың, айтысты тамашалай ал-

маған жырқұмардың өкінішін сейілтіп 

жіберген.  Керуен  мүшелері  атынан 

Арқаның  Атымтайы,  ҚХА  мүшесі, 

Білім  меценаты,  Жезқазған  қалалық 

мәслихатының  депутаты  Бекзат  Ал-

тынбеков  сөз  алып,  сапар  салмағы 

мен керуен мақсаты жайлы ой толға-

ды.  Елбасының  «Болашаққа  бағдар: 

 

Бейсенбі



24 тамыз, 2017 жыл

2

www.ortalyq.kz

рухани жаңғыру» мақаласынан туын-

дайтын  міндеттердің  мән-мазмұнын 

ашып,  аудан  әкімдігіне  облыс  әкімі 

Ерлан  Қошановтың  Алғыс  хатын  та-

быстады.  Сөзі уәлі, аузы дуалы Қа-

йыржан Сымаиылов ақсақал батасын 

беріп, аудан ардагерлерінің «Дәурен-

ай» ансамблі ән-шашуымен шығарып 

салды.  Бұқар  баба  ескерткішіне  гүл 

шоқтарын қойып, аудан халқының ыс-

тық  ықыласына  марқайып,  қайтадан 

атқа қондық.

Қас  қарая  Жаңаарқа  ауданы-

ның  орталығы  Атасу  кентіне  аялда-

дық.  Жасыратыны  жоқ,  күн  кешкіріп 

кеткеніне  алаңдап  келе  жатқанбыз. 

Аралбай  батыр  ескерткіші  алаңына 

жиналған  халық  нөпірін  көріп,  күдік-

күмән  сейілсін.  Сал-серілердің  ме-

кені, ән мен күйдің ордасы ғой – жа-

зиралы  Жаңаарқа!  Сол  дәстүрінен 

жаңылмапты.  Ақ  жаулықты  аналар 

шашу шашып, риясыз пейіл танытты. 

Күй күмбірі, ән ырғағы... Кербез дала 

түн құшағына енгісі келмей, кемел рух 

кемерінде тербеліп тұр. Ел ардақты-

сы,  облыстық  мәслихаттың  депута-

ты,  «Құрмет»  орденінің  иегері,  саң-

лақ  спортшы,  ұлағатты  ұстаз  Ғазым 

Жарылғапов  ағамыз  бастап,  аудан 

әкімінің  орынбасары  Бақытжан  Мұ-

қанов қоштап Қазыбек баба жолымен 

сапарлаған  керуенді  келісті  құрмет-

пен  қарсы  алды.  Қазақстанның  ең-

бек сіңірген әртісі, белгілі әнші Серік 

Оспанов ағамыз осы жерден табыла 

кетіп, асқақ үнімен керуен дүбірін есе-

леп жіберді. 

20  тамыз  күні  жез  бұлағын  ағыз-

ған Жезқазғанға да жеттік. Қала орта-

лығындағы  Алғашқы  құрылысшылар 

алаңына жиналған қауымның қарасы 

–  қалың.  Қошеметі  –  одан  да  ерен. 

Мұнда да бізді қала әкімінің орынба-

сары  Зина  Ақылбаева  бастаған  топ 

қарсы  алды.  Әкімдердің  барлығы 

–  Егіндібұлақтағы  баба  тойында.  Қа-

зақстанның еңбек сіңірген әртісі Бере-

ке Көшеновтің орындауындағы «Ұлы-

тау» әні мен ақын Ғазиз Ештанаевтың 

рухты  жыры  салтанатты  сәттің  сәнін 

арттырып,  шара  мазмұнын  еселей 

түскен.  Керуенбасы  Мирас  Жанат-

бекұлы  жезқазғандықтардың  ыстық 

ықыласына  ризашылығын  білдіріп, 

ақжарма пейілмен алғыс арнады. Ас-

қақ рух құшағында кеншілер шаһары 

Сәтбаевқа аттандық.

Шынболат  Ділдебаев  атындағы 

Кеншілер  мәдениет  сарайының  ал-

дындағы ғасыр ғұламасы Қаныш Сәт-

баев  ескерткіші  орналасқан  алаңды 

рухтың  ордасына  айналған  дерсің... 

Ұлттық  киіммен  сап  түзеген  жастар 

мен қала тұрғындары тарихи сапарға 

шыққан керуенді ерекше қошеметпен 

қарсы алды. Соғыс және еңбек арда-

гері  Шермұханбет  Байбосынов  бата-

сын беріп, қала әкімінің орынбасары 

Сұлтан Нарботаев керуен мүшелері-

не ақ жол тіледі. 

Түс ауа ұлт ұясы – Ұлытауды бет-

ке алғанбыз. Қазақ елінің тарихында 

Ұлытаудың  алатын  орны  –  ерекше. 

Сондықтан  болар,  керуен  мүше-

лерінің  көңіліндегі  толқуды  аңғару 

қиын  емес.  Қаздауысты  Қазыбек  ба-

бамыз  Сыр  бойынан  Арқаға  қоныс 

аударғанда Ұлытауға орда тігіп, бірер 

жыл  киелі  топырақты  мекен  еткені 

белгілі.  Ұлт  бірлігінің  ұраны  болған 

Ұлытау  топырағын  тебіренбей  басу 

мүмкін  емес.  Аудан  әкімі,  ұлтжанды 

азамат  Әнуар  Омардың  да  ауылда 

жоқ екенін білеміз. Көңілді қоңылтақ-

сытқан олқылық – сол ғана. Бірақ, Ұлы 

Даланың  Ұлытауы  әкімсіз  керуен  қа-

былдай алмайды дегенге кім сенеді?! 

Орынбасары  Мақсұт  Оспанов  баста-

ған  ел  азаматтары  ерекше  пейілмен 

қарсы  алып,  амандық-саулық  сұрас-

қаннан кейін-ақ, Ұлытау тарихын тол-

ғай жөнелді. Ұлт бірлігі мен тұтасты-

ғының нышаны – Бірлік монументінде 

қарсы алған сәттен «Хан ордасына» 

барып, аудан орталығына оралғанша 

аузы жабылған жоқ. «Аспан астында-

ғы  ашық  мұражай»  атанған    Ұлытау 

бөктеріндегі тарихи ескерткіштер мен 

жәдігерлер  жайлы  тереңнен  толғап 

жатыр.  Риза  болдық.  Аудан  әкімінің 

экономика және ауыл шаруашылығы 

мәселелері  бойынша  орынбасары 

болып  жүрген  азаматтың  зерделілігі 

сүйсіндірді.  «Хан  ордасына»  саяхат-

тап,  аудан  орталығына  ат  басын  ті-

редік. Орталық алаңға жиылған елдің 

керуенді дегбірсіздене күтіп тұрғанын 

аңғардық.  Аңғардық  та,  ағытыла  жө-

нелдік.  Жетекшісі  Мирас  Жанатбекұ-

лы мен керуен мүшесі Бекзат Алтын-

беков ұлытаулықтарға Егіндібұлақтан 

бастап, жол бойы ағытылған ел ықы-

ласын  жеткізіп,  аудан  басшылары-

на  алғысымызды  айтты.  Күләштің 

сіңілісі  Гүлдана  Мақшонова  мен  Ма-

нарбек  Ержановтың  жалғасы  Медет 

Осатаев ән салды. Қарт Ұлытау там-

санды. Талантты ақын, Халықаралық 

«Шабыт»  фестивалінің  лауреаты, 

республикалық  «Егемен  Қазақстан» 

газетінің Қарағанды облысы бойынша 

меншікті  тілшісі  Мирас  Асан  жырын 

төкті.  Шежірелі  Ұлытау  нұрын  төкті. 

Тәттімбет  атындағы  Қарағанды  өнер 

колледжінің  оқытушысы,  керуен  мү-

шесі Мадияр Сүлейменов күй күмбір-

летіп,  жас  айтыскер,  Қазыбек  баба 

ұрпағы  Нұрлыбек  Төкенов  арнауын 

әуелетті.  «Жас  қанат»  байқауының 

лауреаты, жас әнші Мейірлан Қалиев 

Нұрсұлтан  Назарбаевтың  сөзіне  жа-

зылған  «Елім  менің»  әнін  шырқаған-

да,  Ұлытау  ән  құдіретімен  тербеліп 

тұрды.  Ұлы  іске  ұйытқы  болып,  ұлы 

жолды  жаңғыртқан  ұрпақтарының 

дүбірі  тебірентіп-тербелтпей  қойсын 

ба ұлы бесік Ұлытауды?!

...Керуеннің  үшінші  күні  Алаш-

тың анасы – Сыр өңірінде жалғасты. 

«Жезқазған-Қызылорда»  бағытында-

ғы  жолдың  шоқалағы  шаршатып-ақ 

тастапты.  Баба  рухы  дем  беріп,  қа-

дамымызды  сәтті  етіп,  қаламымыз-

ды  қанаттандырып  тұр.  Сонда  да, 

жолсоқты  болған  көңілден  жорғалап 

түсер  жолжазба  шыға  қоймас...  Со-

лығымызды  бір  басып,  Қызылорда, 

Түркістаннан хабарласармыз. Әрі қа-

рай Тәшкент пен Науаи бар. Шырай-

лы Шымкент, көне Тараздан да әсерлі 

әңгіме жолдармыз. 

Суреттерді түсірген 

Максим РОЖИН.

Жекешелендіруге кет-

кен Теміртау қаласында-

ғы «Спорт клубының» жа-

былуы ондағы  әкімшілік 

команда мен жаттық-

тырушыларға, құрылым 

бөлімдерінің қызметіне 

қиындық тудырмайды. 

Қайта облыстың қарама-

ғына өткен нысан қана-

тын кеңге жаймақшы. 

Жүзу бассейні, Мұз айды-

ны сарайы, сондай-ақ, бас-

қа да спорттық нысандар 

бұрынғыша жұмысын 

жалғастырады.  Бұл 

туралы облыстық дене 

шынықтыру және спорт 

басқармасының басшысы 

Наталья СУХОРУКОВА 

баспасөз мәслихатында 

мәлімдеді.

Теміртау қаласы әкімінің орынба-

сарының  міндетін  атқарушы  Дәурен 

Есімхановтың  айтуынша,  2016-2020 

жылдарға  арналған  жекешелендіру 

аясында Теміртау қаласының «Спорт 

клубы»  бәсекелік  ортаға  берілу-

ге  тиісті  нысандар  тізіміне  енгізіл-

ген.  2016  жылдың  29  желтоқсанына 

белгіленіп,нысанның  бастапқы  құны 

1,1  млрд.  теңгеге  бағаланған.  Содан 

Баспасөз мәслихаты



 

Нұрдос КӘРІМ,

«Орталық Қазақстан»

кейін, бағасы 50%-ға төмендетіл-

ген  екінші  сауда  2017  жылдың 

9  ақпанында  өткен  көрінеді.  23 

наурызда  өткен  үшінші  саудада 

баға  228  млн.  теңгеге  дейін  тө-

мендетілген.  Бірақ,  «Спорт  клу-

бын» сатып алушылар табылма-

ған. Сондықтан, ҚР «Мемлекеттік 

мүлік  туралы»  Заңы  бойынша, 

егер сатуға, қойылған мекеме үш 

мәрте саудаға шығарылғанда өт-

пейтін  болса,  таратылуға  тиісті. 

Атаулы  Азаматтық  Кодекстің  та-

лабы  бойынша,  таратумен  ай-

налысатын  ұйымның  қарамаған-

да  тұрған  мекеме  мемлекеттің 

меншігіне  қайтарылады.  Бұдан 

соң  нысанның  болашағы  Үкі-

меттің шешімімен шешіледі.

–  Жекешелендірудің  берері 

мол.  Біз  Сәтбаев  қаласында-

ғы  спорттық-сауықтыру  кешенін 

өзімізге қабылдап алғанда оңтай-

лы  жолмен  шешкенбіз.  Теміртау 

қаласының  «Спорт  клубының» 

барлық  спорттық  нысандар  мен 

жұмыс орындары басы бүтін сақ-

талады. Бапкерлер, жұмысшылар 

мен  техникалық  қызметкерлер 

құрамы  –  баршасы  бұрынғыша 

жұмыстарын  атқарады.  Нысан-

дар  болса,  облыстың  меншігіне 

өтеді.  Алдағы  уақытта,  Теміртау 

қаласындағы 

Олимпиадалық 

резерв  бағытындағы  балалар 

мен  жасөспірімдердің  спорт  мек-

тебінің құрамына енгізіледі, – деді 

облыстық дене шынықтыру және 

спорт  басқармасының  басшысы 

Наталья Сухорукова.

Айта  кетейік,Теміртау  қа-

ласындағы  «Спорт  клубының» 

құрамында  50  метрлік  жүзу  бас-

сейні, Мұз айдыны сарайы, «Ме-

таллург»  стадионы    және  Ақтау 

кентінің спорт кешені бар. Темір-

таудың  спорт  клубының  қызмет-

керлер саны – 270 адам, ал, клуб 

секцияларына  қатысатын  –  1727 

бала 29 спорт түрі бойынша шы-

нығуда.  1  желтоқсаннан  бастап 

барлық  жұмысшылардың  құжат-

тарын  қайта  қабылдап,  жаңа 

орындарға 

орналастырылады. 

Балалар  мен  жасөспірімдердің 

Олимпиадалық резерв спорт мек-

тебін кеңейту мақсатында қосым-

ша қаражат қарастырылуда.

Кеше жыл сайынғы педагогтардың дәстүрлі тамыз 

кеңесі өтті. Әр оқу жылында жылдағыдай жаңалық енгі-

зумен емес, кейінгі екі жылда жүргізілген өзгерістерді одан 

әрі дамытып, сапаға жұмыс жасауға шақырды облыстың 

педагогтар қауымын биылғы кеңес. Ұстаздар қауымы бас 

қосқан алқалы кеңеске аймақ басшысы Ерлан ҚОШАНОВ 

арнайы қатысты. Педагогтардың рөліне ерекше тоқта-

лып, келер оқу жылында атқарылар шараларды нақтылап, 

арнайы тапсырмалар берді.

 



  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал