1916 жыл. ұлт-азаттық күресінің ақтаңдақтары және сабақтары Қ. Молдақасымов Былтырғы қоян жылында 1916 жылғы «Ұлы Үркіннің»



жүктеу 129.18 Kb.

Дата06.05.2017
өлшемі129.18 Kb.

1916 жыл. ұлт-азаттық күресінің ақтаңдақтары және сабақтары 

 

Қ. Молдақасымов 

Былтырғы  қоян  жылында  1916  жылғы  «Ұлы  Үркіннің»,  екінші  сөзбен  айтқанда,  сол 

кезеңдегі  ұлт-азаттық  күресінің  95  жылдығы  өте  елеусіз  белгіленді.  Халқымыздың 

тәуелсіздік  жолындағы  алапат  күресінің  түпкі  мәнін  терең  білмегендіктен  және 

сезінбегендіктен  және  ол  көкірегімізде  берік  ұяламағандықтан  қазіргі  егемендігімізді  де 

қадіріне жете алмай келеміз.  

1916-жыл  –  қырғыз  елінің  тарихында  өшпес  дақ  қалдырған  өзгеше  жыл.  Орыс 

патшалығының отаршылдық зорлық-зомбылығынан шыдамы таусылған ел түп көтеріліп 

бостандық  күресіне  шыққан.  Көтеріліс  Қырғызстанның  барлық  аймағында  басталып, 

қанды шайқастарға айналған және жыртқыштықпен басылған. Халықтың көкейінде «Ұлы 

Үркін»  деген  атаумен  сақталып  қалған  бұл  оқиғаның  шығу  себептерін  терең  білмей 

тұрып, халықтық көтерілістің маңызын аңдап түсіну қиын. 

ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысында  Ресей  патшалығы  Түркістан  аймағын  қарудың 

күшімен  өзіне  қаратып  алған  соң,  отаршылдық  саясатын  іске  асыруға  кіріскен. 

Қаратылған  жерлерді  басқару  үшін  1867  жылы  Түркістан  генерал-губернаторлығы 

негізделіп,  ол  облыстарға,  сосын  уездерге  бөлінген.  Жаңадан  негізделген  әкімшілік 

бірліктерді  әскер  шеніндегі  патша  шенеуніктері  басқарып,  жергілікті  халықтың  өкілдері 

басқару  құқығынан  ажыратылған.  1867  жылы  Түркістан  аймағын  басқару  үшін  арнайы 

Ереже  қабыл  алынып,  ол  бойынша  қаратылып  алынған  жерлер  Ресей  империясының 

меншігі  деп  танылады.  Дәлірек  айтқанда,  қырғыздар  өз  ата-бабалары  өмір  сүріп  келген 

жерлерге  иелік  құқығынан  біржолата  айрылған.  Биліктің  басында  тұрған  генералдар, 

әскер  адамдары  Польшадағы,  Кавказдағы  халықтық  көтерілістерді  рахымсыз  басып-

жаншуға  қатысқан,  оларға  тікеден-тіке  жетекшілік  еткен,  ысылған  адамдар  еді.  Алсақ, 

генералдар  фон  Кауфман,  Черняев,  Иванов,  Скобелев,  Куропаткин,  бұлардың  барлығы 

патшаның  арнайы  сынақтарынан  өткен  өкілдер  болатын.  Аталған  генералдар  және 

олардың  қарамағындағы  шенеуніктер  қаратылған  аймақтағы  диқаншылыққа  ыңғайлы 

жақсы  жерлерден  жергілікті  халықты  ығыстырып  шығарып,  босатылған  жерлерге 

көшіріліп келген славян халықтарын орналастыра бастаған. Олардың жерлерді тартып алу 

әрекеттері өзгеше қырғыздар мен қазақтар тұрған Жетісу облысында жедел жүрген. Осы 

облысқа 1868 жылдан 1892 жылға дейін 4200 отбасы келімсектер орналасып, олар 100-ге 

жуық  орыс  –  украин  қыстақтарын  құрған.  Олардың  келуі,  отаршылдық  саясаттың 

күшеюімен жергілікті халықтардың құқықтары шектеліп, кемсітіліп, байлықтары таланып 

тонала  берген.  Діни  әдет-ғұрыптарға  шек  қойылып,  Меккеге  қажыға  барушылар 

тізгінделген. Жаңадан негізделген ауыл-қыстақтарға патшаның, оның жанұя мүшелерінің, 

шіркеулердің,  министрлердің,  көшіп  келген  бай-құлақтардың  аттары  қойылып,  аймақты 

жаңа  Ресейге  айналдыру  әрекеті  күш  алған.  Жергілікті  елдің  ортасындағы  ынтымақты 

ыдыратып,  ел  басшыларының  абройын  кетіру,  сондай-ақ  басқару  салтын  бұзу  ниетінде 

болыстық  басқаруды  кіргізген.  Нәтижеде  рулық  бірлестік  ыдырап,  майда  рулардың 

арасында  болыс,  би  қызметтеріне  таласу,  бір-бірімен  араздасу,  шабысу  күшейген.  Елдің 

әдептілік  инабаты  бұзылған.  «Бөліп  жар  да,  басқара  бер»  деген  отаршылдық  басқару 

қағидасы  кіргізіліп,  елдің  ынтымағы  бұзылған.  Патшалықтың  зорлық-зомбылыққа 

негізделген саясатына қарсы наразылықтар күшейе берген. 


Қырғыздар  үстемдікке  жеткен  бостандық  үшін  көтерілістің  бірі  1898  жылы  Әндіжан 

қаласында  болып,  ол  рақымсыздықпен  басылған.  Көтерілістің  басшысы  45  жастағы 

Мәделі  ешен  көтеріліске  шығудың  басты  себебін:  «орыстардың  елге  арақ  ішуді  және 

жезөкшелікті  жайғаны,  соған  байланысты  шариғат  жолынан  шығу  күшейіп  бара 

жатқандықтан,  мешіт,  медреселерді  жаптыртып,  діни  басынуға  шыдау  мүмкін  болмай 

қалғандықтан»  деп  түсіндірген.  Бірақ  бұл  көтеріліс  басылып,  Мәделі  ешен  бас  болған 

бірнеше адам өлім жазасына кесілген, жүздегені, олардың ішінде тау бұлбұлы Тоқтағұл да 

бар,  Сібірге  итжеккенге  айдалған.  Сонымен  жергілікті  елге  өкімдік  күшейе  түседі. 

Ресейден славян халқын көшіріп келу тоқтамай, қырғыздарды жерлерінен ажыратып, тау 

тарапқа  тығыстыру  жоспарлары  іске  асырыла  бастаған.  Көшіріліп  келген  елге 

қырғыздардың  жерлерін  тартып  алып  беру  үшін  1905  жылы  арнайы  Қоныстанушылар 

басқармалығы  құрылған.  Бұл  басқармалықтың  іске  кірісуімен  қырғыздар  иелеп  келген 

жерінен ажырап, тау тарапқа ығыстырылуы күшейген. 

Қоныстанушылар  басқармалығының  арнайы  Ережесі  жасалып  шыққан  соң,  олар  Жер 

Ережесінің  120  бабына  таянып,  қырғыздар  пайдаланып  келген  жерлерді  артықбас  жер 

қатары тартып ала бастаған. Өйткені бұл баптың 1-ші түсіндірмесінде: «Көшпенділерден 

артылып  қалған  жерлер  Жер  және  диқаншылық  бойынша  бас  басқармалықтың 

қарамағына  өтеді»  деп  жазылған.  Мұнда  жазылған  «артық  жерлер»  шынына  келгенде 

қырғыздарға  тиісті  егін  далалары,  жайылымдар  және  олардың  қора-жайлары  болатын. 

Түркістан  өңірінде,  әсіресе  Жетісу  облысында  артықша  жерлерді  табу  үшін  бұл 

басқармалықтың шенеуніктерінің бәсекелестігі күшейген. Артық жерлерінен  «айрылған» 

қырғыздардың  жағдайы  ауырлай  берген.  Қарама-қарсылықтар  жер-жерлерде  күшейген. 

Оларды  шешіп  ахуалдан  шығу  үшін  1905-жылы  Шабдан  батыр  Министрлер  Советінің 

төрағасына,  патшаның  өзіне  арнайы  Петициямен  қайрылған.  Бірақ  бұл  Петициясы  үшін 

Шабданның өзін қыспаққа алып, оның әрекеттеріне шектеу салған. Сол кездегі жағдайды 

тереңірек  білу  үшін  Шабданның  тағы  бір  оқиғасын  мысалға  келтірсек  болады.  Өйткені 

қарапайым  халықтың  өкілдерін  былай  қояйық,  өзіне  жер  бөлдіртіп  алу  үшін  жасаған 

Шабданның  әрекеті  ширек  ғасыр  бойы  жауапсыз  қалып  келген.  Міне  осындай 

жағдайларға  байланысты  қарапайым  қырғыздардың  хал-ахуалын  елестету  қиындықты 

тудырмайтын  болуы  керек.  Қырғыздардың  жерін  тартып  алу  өте  күшейгенін  Жетісу 

облысында  шығатын  «Семиреченские  областные  ведомости»  газеті  1912  жылы  9 

желтоқсанда  марапаттанумен  мындай  деп  жазған:  «Пішпек  уездінің  басшысы 

П.Н.Затинщиковтың  Қоныстанушылар  басқармалығының  қызметкерлерімен  бірлесіп 

істегенінің  нәтижесінде,  Пішпек  уездінде  колониялау  істері  ең  жақсы  жиынтықтарды 

берді. Уезде келімсектерді орналастыру үшін жүздей бөлімдер құрылып, бос жерлер көп 

табылып,  оның  28-іне  (28  қыстағына  –  М.Қ.)  орыстар  орналастырылды».  Бұл  жылдары 

қырғыздардың жерлерін келімсектерге тартып алып беру Пржевальск уездінде де белсенді 

жүрген.  Оны  Түркістан  өңірінің  сол  кездегі  генерал-  губернаторы,  генерал-лейтенант 

Кондратевич  1906  жылы  Ыстықкөлді  аралағанда,  Талдыбұлақтан  бастап  қырғыздардың 

тұрмысы  өте  нашар  екендігін,  олардың  диқаншылыққа  ыңғайлы  50  мың  десятина  жерін 

келімсек  орыстар  тартып  алғанын  көреді.  Нәтижеде  1907  жылдан  1912  жылға  дейін 

Пржевальск  уезінде  22  орыс  қыстағы,  14  хутор  пайда  болған.  Міне  осындай  ахуалды, 

қарама-қарсылықтардың  күшейгенін  генерал-губернаторлар  да  көріп,  бірақ  ешқандай 

шара көре алған емес.1907 жылы генерал-губернатор Гродеков: «Келешекте жер мәселесі 

бойынша  Жетісу  облысында  сөзсіз  шатақ  шығады»,  –  деп  жазған.  Ал  енді  Түркістан 


өңірінің  соңғы  генерал-губернаторы  А.Н.Куропаткин  1917  жылдың  4  қаңтарында  Соғыс 

министрі  Д.С.Шуваевке  жазған  баяндамасында:  «Усиленное  с  1904  г.  отчуждение 

киргизских земель под русские селения и под скотоведческие участки, без соблюдения во 

многих случаях интересов населения. Как велико было в этом отношении опасное усердие 

чинов  Переселенческого  управления,  видно  из  того,  что  только  за  три  последних  года 

сдано  частным  лицам  отобранных  у  киргиз  1800000  десятин,  так  называемых  скотовод-

ческих участков. Весьма веские данные уже ныне указывают, что восстание киргиз имело 

вполне  аграрный  характер»,  –  деп  жер  мәселесін  негізгі  себеп  ретінде  мойнына  алған. 

Қырғыздардың  жері  16  жыл  аралығында  қандай  тартылып  алынғанын  сол  кездегі 

статистикалық  мәлімет  те  пысықтап  тұр.  1900  жылы  Пржевальск  уезінің  11  пайызын 

құраған орыс халқының қарауына егіс жердің 23,8 пайызы тура келсе,  1916-жылы уездің 

21,1 пайызын құраған орыс халқына барлық айдалмалы жер алаңының 67,3 пайызы тура 

келген.  Ал  енді  Пішпек  уезінің  38,1  пайызын  құраған  қоныстанушыларға  1916  жылы 

айдағанға  лайықты  жердің  57,3  пайызы,  1916  жылға  қарата  жалпы  Түркістан  өңірінде 

пайда  болған  914  орыс  қыстағы  мен  хуторларға  2  млн  900  мың  десятина  диқаншылық 

үшін  ең  ыңғайлы  жерлер  тартылып  алынып  берілген.  Бұл  жалпы  өңделетін  жердің  56,7 

пайызы  болған,  басқаша  айтқанда  өңірге  көшіп  келген  әрбір  келімсекке  3,17  десятина, 

жергілікті  тұрғындардың  әрбіріне  0,21  десятина  жер  тура  келген.  Отаршылдық  қысқа 

науқанның  ішінде  (1868–1916  жылдарда)  жергілікті  халықтың  жерлерінің  тартылып 

алынуы  наразылықтардың  басты  себептерінің  бірі  болған.  Түркістан  өңірінің  генерал-

губернаторы  Куропаткин  патшаға:  «Қырғыздардан  жердің  жақсыларын  тартып  алған 

сайын  наразылық  күшейіп  барады,  ақыры  олардың  ұлттық  ар-намысы  оянып,  көшіп 

келген  халықпен  қызықшылықтарының  екі  түрлі  екендігін  байқамай  тұра  алмайды. 

Сондықтан жақын арада қырғыздардың мәселесін шешу керек. Мұны мен өте қажет және 

еш кешеңдетпейтін мәселе деп есептеймін», – деп ескерткен. Бірақ мұндай ескертулерден 

дер  мезгілінде  ешқандай  жиынтық  шығарылған  емес.  Ол  түгілі  патшалық  билік 

төбелдерінің  арасында  қырғыздардың  көтеріліске  шығуына  қызықтар  күштер  бар 

болғандығы  талас  тудырмайды.  Қырғыздар  бас  көтеріп  қозғалса,  барлығын  қырып, 

жерлерін  біржолата  босатып,  келімсектерге  алып  беруге  жағдай  жасалмақ.  Патшалық 

үкімет  бұл  көтерілісті  бетке  ұстап,  қырғыздарды  бүкіл  Шу  және  Ыстықкөл  өңірінен 

тазалап,  таулы  Нарын  аймағына  ығыстырып  шығармақ.  Бұл  олардың  өңірдегі  отарлау 

саясатының  басты  мақсаты  еді.  Ал  енді  көтерілістің  лап  етіп  кең  құлаш  жайып  кетуіне 

патшаның 1916 жылдың 25 маусымындағы жарлығы сылтау болып берген. 

Біз жоғарыда 1916-жылдагы ұлттық бостандық қозғалыстың ең басты себебі патшаның 

отаршылдық  саясатының  күшейгенін  баяндадық.  Ал  енді  әрең  тұрған  халықтың  ашуын 

қайнатып,  ашық  күреске  шығуына  патшаның  1916  жылдың  25  маусымындағы  жарлығы 

сылтау  ғана  болды.  Аталған  жарлыққа  сәйкес  әскерге  шақырылған  адамдар  майдандағы 

орыс  әскерлеріне  қорғаныс  жайларын  құруға,  сондай-ақ  тылдағы  істерді  атқаруға 

тартылмақ.  Ол  үшін  Астрахан  губерниясындағы,  Сібір  және  Орта  Азиядағы  жергілікті 

халықтың  19  жастан  43  жасқа  дейінгі  өкілдері  жаппай  әскерге  шақырылатын  болады. 

Патшаның  жарлығы  туралы  хабар  Ташкенге  28  маусымда  келіп,  Түркістан  өңірінің 

генерал-губернаторлық міндетін уақытша атқарып жатқан генерал Ерофеев сол күні оны 

облыстарға  таратады.  Түркістан  аймағының  халқы  жарлықпен  29  маусымнан  кейін 

танысқанымен, оның түпкі мәнін түсінген емес. Сондықтан олар көрші тұрған орыстардан 

сұрастырғанда,  кейбіреулері  сіздерді  армияның  қатарына  шақырып  жатыпты  десе, 


біреулері  сіздер  германдармен  орыстар  соғысып  жатқан  даланың  ортасына  барып,  окоп 

қазасыңдар деп түсіндіреді. Тағы біреулері сіздерге ол жақтан шошқаның етін жегізеді деп 

айтысады.  Осы  сияқты  әртүрлі  жаңылыс  хабарлар  елді  оған  бетер  дүрбелеңге  салады. 

Екінші  жағынан,  өңірге  көшіп  келіп,  қырғыздардың  жерлеріне  көз  артқан  славян 

халқының өкілдері халықтың көтеріліп шығуын қалаған. Өйткені мұрағаттық материалдар 

дәлелдегендей,  көтеріліске  шыққан  қырғыздар  жазаланады  да,  олардың  жерлерін  бізге 

алып береді деген жасырын арандату істерін жүргізген. Шындығында да Түркістан өңірін 

басқару жөніндегі Ережеге лайық, ереуілге шыққан жергілікті елдің жері, мүлкі біржолата 

тартылып алынып, келген халықтың иелігіне біржолата берілмек. Дүрбелеңге салған өсек-

аяң,  арнайы  таратылған  жел  сөздер  елді  тыныш  қойған  емес.  Сол  уақытта  Жетісу 

облысында  қатты  қарсылықтар  боларын  сезген  патшалық  әкімшілік  аймақтағы  славян 

халқына  қару-жарақтарды  тарата  бастаған.  Ташкенде,  Верныйда  өңірде  қоныстанған 

көшіп  келушілерден  арнайы  әскер  топтары  құрылған.  Жетісу  облысының  әскер 

губернаторы Фольбаум тиісті жерлерге әскерлерін орналастырған. Ал енді 2 шілдеде ге-

нерал  Ерофеев  Ташкенге  Жетісу  облысының  әскер  губернаторынан  басқа  барлық 

облыстың  басшыларын  шақырып,  25  маусымдағы  патша  жарлығын  тез  арада  қалай 

орындау  керектігін  талқылайды.  Сол  уақытта  Петроградта  жүрген  Түркістан  өңірінің 

бұрынғы  уақытша  генерал-губернаторы,  генерал  Мартсоннан  да  жеделхат  келеді.  Онда 

патшаның жарлығына сәйкес Түркістан өңірі 250 мың адамды жинап беретіні көрсетілген. 

2 шілдедегі жиналыста 250 мың адам облыстарға төмендегідей бөлінген: 

1. Сырдария облысына 87 мың,  

2. Жетісу облысына 60 мың,  

3. Ферғана облысына 50 мың,  

4. Самарқанд облысына 38 мың,  

5. Закаспий облысына 15 мың.  

Бұдан  тыс  жиналыста  жұмысшылардың  тізімін  жасау  және  жөнелтудің  жол-жобасы 

талқыланып,  5  шілдеден  бастап  жарлықтың  бұлжытпай  орындалуы  туралы  нұсқама 

облыстарға  таратылады.  Жарлықты  орындауға  кіріскен  патша  төбелдерінің  әрекеттері 

алғашқы  күннен  бастап-ақ  халықтың  қатты  қарсылығына  тап  болған.  4  шілдеде  Қожент 

қаласының  халқы  полиция  приставының  кеңсесіне  келіп,  тыл  жұмыстарына  тартылушы 

адамдардың  тізімін  жоқ  етуді  талап  етеді.  Полиция  қызметкерлері  халықты  қорқытып  – 

үркітіп таратуды көздейді.Жиналған халыққа күш қолданыла бастағанда, халық қарсылық 

көрсетіп,  ортада  шайқас  болып  кетеді.  Полиция  қызметкерлеріне  Қожент  қалалық 

гарнизонының әскер күштері жәрдемге келіп, жиналған жұртты атқылай бастайды. Одан 

екі  адам  өліп,  біреуі  жарадар  болады.  Бұл  хабар  дереу  Түркістан  өңіріне  жайылып, 

бостандық күресінің оты алаулайды.  

Қоженттегі оқиғадан кейін 5 шілдеде Самарқанд уезінің басшысы 4 болыстың ардақты 

ақсақалдарымен  сөйлесіп,  жарлықты  орындау  керектігін  түсіндіруге  әрекеттенген.  Бірақ 

болыстықтағы  халық  оның  айтқанына  қарсы  шығып,  әзірленген  тізімді  жоқ  етуді  талап 

еткен. 8 шілдеден бастап, халықтың толқындаулары Ферғана облысына жайылып, Оштағы 

Сүлеймен  таудың  төңірегіне  10  мыңнан  астам  адам  наразы  болып  жиналған.  Шілде 

айының  ішінде  Ош  уезінің  барлық  болыстықтарында  наразылық  ереуілдері  өткен.  Өз 

ұлдарын  бөтен  ел,  бөтен  жерге  жібермеу  үшін  осы  айда  Сырдария  және  Жетісу 

облыстарының халқы көтеріледі. Тамыз айында халықтық толқындаулар күшейіп отырып, 

қарулы қақтығыстар шыға бастайды. 


Осы  жерде  халықтық  бостандық  қозғалысының  басталуына  сылтау  болған  патшаның 

жарлығына  біраз  түсініктеме  бере  кетудің  ыңғайы  келіп  тұр.  Өйткені  Түркістан 

аймағындағы  жергілікті  халықты  әскер  істеріне  тарту  мәселесі  1916-жылы  ғана  шыға 

қалған  жоқ.  1910-жылы  Түркістан  өңірінің  генерал-губернаторы  генерал  Самсонов 

тарапынан  бұл  мәселе  көтеріліп,  бірақ  ішкі  істер  министрлігі  оны  жақтырмай,  шетке 

қағады. 1911 жылы сол генерал Самсонов екінші жолы бұл мәселені талқыға қойып, бірақ 

ұсынысы  тағы  да  өтпей  қалады.  Жергілікті  елді  әскер  қызметіне  тартуды  одан  кейінгі 

генерал-губернатор  Покотило  да  көтеріп  шыққан.  Нәтижеде  1915  жылы  Мемлекеттік 

Думада  және  Мемлекеттік  Кеңесте  мәселе  қайта  талқыланып,  ол  Түркістан  генерал-

губернаторының  басқармалығының  қарауына  жіберілген.  1915  жылы  қарашада  Ресей 

империясының  Соғыс  министрлігі  тарапынан  империяның  қарамағындағы  халықтардың 

кейбір  бөлігі  әскер  міндетін  өтеу  керектігі  жөніндегі  заңның  жобасы  әзірленіп,  ол 

Министрлер  Кеңесінің  қарауына  қойылады.  Бірақ,  Министрлер  Кеңесі  жобаны  заң 

шығару мекемелерінің қарауына беру әлі ерте деп табады. Сөйтіп бұл мәселе 6 жыл бойы 

қызу  талқыға  алынып,  ақыры  1916  ж.  25  маусымда  патшаның  жарлығымен  жарым 

жартылай  түрде  бекітілген.  Бұл  жарлық  әрең  тұрған  халықтың  ашу-ызасын  тудырып, 

ұлттық бостандық күресінің басталуына сылтау болған.  

Ұлттық  бостандық  күресі  Пішпек  уезіндегі  қырғыздарда  7  тамызда  бас-  талып,  оның 

негізгі  орталығы  Шоң  Кемін  ойпатында  болған.  Ол  жақтағы  Сарбағыш  және  Атаке 

болыстықтарының  халқы  түгел  күреске  шыққан.  Мұнда  басталған  көтеріліс  2-63  күннің 

ішінде  Шу,  Қошқар  және  Ыстықкөл  өреніне  жайылған.  Қырғыздар  мен  қазақтар  бұл 

күресте бір-бірін қолдап шығу үшін бір бітімге келіп, алдын-ала анттасқаны кейбір тарихи 

мәліметтерде баяндалады. Ал енді қырғыздардың арасында жағдайды бір-біріне хабарлап 

тұрған  арнайы  шабармандар  болған.  Бостандық  көтерілісін  ел  арасында  зор  қадір  – 

парыққа  ие  болған  белгілі  тұлғалар,  халық  батырлары  басқарған.  Алсақ,  Шоң  Кемінде 

айтулы Шабдан батырдың ұлы Мөкіш Шабданұлы хан көтеріліп, Сұлтан Далбаев, Белек 

Солтанаев,  Алымқұл  Табылдыұлы,  Төлө  қажының  ұлы  Ыбрайым  ел  басында  тұрған. 

Қошқар  өренінің  күншығыс  тарабындағы  екі  болыстың  елі  Қанағат  Ыбыкеұлыны  хан 

көтерсе,  күн  шығыстағы  елі  Тезекбай  Түлкүұлын  басшы  етіп  сайлайды.  Жұмғал 

өреніндегі  Құрманқожа  руы  Көкімбай  Шыныұлын  хан  көтереді.  Ыстықкөлдіктер 

Батырхан  Ноғаевты  хан  етіп  көтереді.  Күреске  аттанған  халық  негізінен  рулық  тәртіпте 

бірігіп,  батыл  әрекеттерге  барған.  Олардың  басты  мақсаты  ата-бабалары  иелеп  келген 

жерден айрылып қалмау, келімсектерді ол жерлерден кейін шығарып жіберу болған. Белек 

Солтанаев  күрес  жаңа  басталған  күні-ақ  «орыстарды  Ташкенге  дейін  қуып  салу» 

ұранымен  елді  үндеген.  Бұл  шақырудың  өзі  патшаның  үстемдігінен  арылу,  еркіндікке 

жетуді  аңғартқан.  Шындығында  Шу,  Ыстықкөл  және  Нарын  аймақтарынан  орыстарды 

қуып салуды көздеген ел Покровка, Тоқмақ, Балықшы, Түп, Пржевальск елді мекендерін 

және  басқа  да  келімсектер  тұрған  қыстақтарды  қоршауға  алған.  Тоқмаққа  жиналған 

орыстар  12  тамыздан  24  тамызға  дейін  қоршауда  қалған.  28  тудың  астына  біріккен 

қырғыздар Тоқмақтағы орыстарға төменгі талабын қойған: «Сіздерді қаруларыңды тастап 

мұсылмандарға  бағынып  беруге  шақырамыз  және  мұны  дереу  бізге  білдіріп  қоюға 

бұйырамыз.  Егер  де  тіл  алмасаңдар  жоқ  етілесіңдер».  Сондай-  ақ  «Пржевальск  және 

Нарын  толық  бағынып  берді.  Бағынғандар  есен-сау  қалдырылды,  жиналған  қол  40  мың 

адам»  деген  сияқты  орыстардың  үрейін  ұшырған  хаттарды  оларға  жөнелтіп  тұрған. 

Хуторларды,  тау  арасындағы  бал  жинаушылардың  үйлерін  есепке  алмағанда  94  орыс 

қыстағына  ауыр  соққы  ұрылып,  ондағы  5373  тұрғын  үй  өртеліп,  талқандалған.  Бұл 

қыстақтардан,  егіс  далаларынан  1905  адам  өлтіріліп,  684  адам  жарақаттанған.  1105  адам 

тұтқындалған.  Бірақ  қырғыздар  орыс  әйелдеріне,  балаларына  көп  залал  келтірген  емес. 

Ортадағы айқасулар, аяусыз шайқастар тамыздан қазан айына дейін жалғасқан. Бірақ тең 

емес  соғыста  қырғыздар  көп  игіліктерге  жете  алмады.  Керісінше  ауыр  жоғалтуларға 

ұшыраған.  


Қырғыздардың  еркіндік  үшін  күресін  басу  үшін  орыс-герман  майдан  даласында 

соғысып  жатқан  А.Н.Куропаткинді  Түркістан  өңірінің  генерал-  губернаторы  және  бас 

қолбасшысы  етіп  тағайындап,  қырғыздарды  тез  араның  ішінде  қатты  жазалау  ниетінде 

оның  қарамағына  42  зеңбірегі,  69  пулеметі  бар  14  батальонды,  33  казак-орыс  жүздігін 

берген.  Бұларға  қосымша  майданнан  2  пулеметті  2  казак-орыс  полкын  және  тауға 

ыңғайланған жеңіл зеңбіректі 1 атты әскерлер батареясын жөнелткен. Орталық Ресейден 

Жетісуға  35  рота,  24  казак-орыс  жүздігі  және  240  салт  атты  барлаушы  тобын  аударған. 

А.Н.Куропаткин  өз  күнделігінде  аймақты  басып  алған  кезде  өңірге  бұдан  әлде  қанша  аз 

әскер  күштері  тартылғанын  жазған.  Тамыздан  бастап  патшаның  жазалаушы  әскерлері 

көтерілісті  өте  рақымсыз  жолмен  басып,  елді  есепсіз  үлкен  қырғынға  ұшыратқан. 

Қырғыздардың қатты қарсылығынан 171 әскер адамы қаза болып, 500-ге жақыны жарақат 

алған. Ал енді тамыз – қазан айларында еркіндік үшін күреске аттанған қырғыздардың 10 

мыңға  жақын  адам  опат  болған.  Жанын  сақтап  қалу  үшін  елдің  негізгі  бөлігі  қатерлі 

асулардан ары асып Қытайды көздей қашуға мәжбүр болса, бір бөлігі Нарын тауларының 

қойнауларына көшіп кеткен. 

1916 жылғы ұлттық бостандық күрестің тарихи шындығын ашыққа шығарған, жүректі 

тітіреткен бұл құжат көп жыл бұрын мұрағаттарды аралап, тарихи материалдарды жинап 

жүрген  кезде  қолыма  тиіп,  көкейімнен  еш  шықпай  келеді.  Бәлкім,  менен  бұрынғы  не 

кейінгі  зерттеушілер  де  бұл  құжатпен  танысып,  оны  еңбектеріне  пайдаланған  шығар. 

Мүмкін, ол зерттеулерде оншалықты мән берілмеген болар. Қандай болған күнде де бұл 

материалдар  Ұлы  Үркінді  баяндаған  көптеген  мұрағаттық  құжаттардың  арасынан 

қырғыздарға  қарата  қабыл  алынған  қатал  шешімімен  ерекшеленеді.  Бәлкім,  бұл  – 

қырғыздар жөнінде қабыл алынған соңғы ғасырлардағы ақырғы ең ауыр шешім. Бұл әрбір 

қырғызды  есіне  келтіріп,  ертеңгісін  ойландырар  құжаттар.  Қазақстан  Республикасының 

Алматы  қаласындағы  Орталық  мемлекеттік  мұрағаттың  1-ші  қорының  27-ші  тіркеуінің 

246-шы  нөмірлі  іс  қағазында  бұзылмай  сақтаулы  тұрған  бұл  құжаттың  маңызын  мен 

осылай қабылдаймын. Құжат  «1916 жылы көтеріліске қатысқан қырғыз және қазақтарды 

Нарын өреніне көшіру жөнінде және олардың жерлерін орыс қоныстанушыларына өткеріп 

беру жөнінде Түркістан өңірінің генерал-губернаторы А.Н.Куропаткиннің төрағалығымен, 

1916  жылдың  16-қазанында  өткен  кеңестің  хаттамасы»  деп  аталады.  Кеңесу  Жетісу 

облысының  орталығы  Алматы  қаласында  өткен.  Оның  ісіне  генерал-губернатор 

А.Н.Куропаткин,  Жетісу  облысының  әскер  губернаторы  М.А.Соколов-Соколинский  бас 

болған  13  атқамінер  қатысқан.  Бұл  адамдар  аталған  жиында  Пржевальск,  Пішпек, 

Жаркент  уездеріндегі  көтеріліске  шыққан  елдің  тағдырына  байланысқан  алмағайып 

мәселені  талқылап,  шешім  қабыл  алған.  Шешімді  Ресей  империясының  қырғыз  халқына 

жүргізген  отаршылдық  саясатының  жеткен  шегі,  геноцид  саясаты  деп  қарауға  болады. 

Енді осы кеңесуде талқыға алынған төрт мәселеге кеңірек тоқталайық. Олар: 

1.  Ереуіл  шығарған  қырғыздарды  Пржевальск  уезіндегі  Ыстықкөл  төңірегінен,  Кемін 

өренінен және Шу өңіріндегі пішпек уезінің бір бөлігінен, Текес аймағынан және Жаркент 

уезінен көшіру (тазалау – Қ. М.) жөнінде;  

2.  Ереуіл  шығарған  қырғыздарды  Нарын  өреніне  көшіру  арқылы  ол  аймаққа  дербес 

Нарын уезін негіздеу жөнінде;  

3.  Ереуіл  шығарған  қырғыздарды  көшіргеннен  кейін  босаған  жерлерге  халықты 

орналастыру және тек қана орыс халқынан тұрған Пржевальск уезін құру жөнінде;  



4. Верный уезіндегі казак-орыстарды жерге орналастыру жөнінде, – деген мәселелерден 

тұрған.  

Бірінші  мәселе  бойынша  сөзді  генерал-губернатор  Куропаткин  өзі  бастап,  көтеріліс 

шығарған  қырғыздардың  пайдаланудағы  жерлері  тегіс  алынып,  ол  жерлер  орыстарға 

берілуі  керек  деген  ұсынысын  ортаға  салған.  Сонымен  бірге  ол  Ыстықкөлдің  солтүстік 

және  оңтүстік  жағалаулары  жағынан  жаңа  шекара  ондағы  қырқа  таулар  арқылы 

анықталуын баса белгілеген. Басқаша айтқанда, Ыстықкөлдің айналасында тұрған барлық 

қырғыздарды  жаңа  белгіленген  шекарадан  ары  шығарып,  тазалау  қажеттігін  айтқан. 

Сондай-  ақ  Пішпек  уезінде,  оның  ішінде  өзгеше  Кемін  өренінде  көтеріліске  шыққан 

қырғыздардың  барлығын,  Шу  өреніндегі  жергілікті  елдің  көпшілік бөлігін көшіру  қажет 

деп  табылған.  Демек  аталған  уездерде  ғасырлар  бойы  тұрып  келе  жатқан  37330  түтін 

қырғыз 2510361 десятина жерінен біржолата тазаланып, тегіс көшірілмек болған. Генерал-

губернатордың бұл ұсынысы кеңесуде бір дауыстан қолдау тауып, шешім қабыл алынған. 

Бұл шешімнің нәтижесі қандай боларын жоғарыда айтып өттік.  

Жиналыстың  күн  тәртібіндегі  екінші  мәселеге  сәйкес,  Пржевальск  және  Пішпек 

уездеріндегі көтеріліске қатысқан қырғыз болыстықтарындағы халықтың барлығы Нарын 

ай  мағына  көшірілетін  болды.  Пішпек  уезінде  ерекше  күнәлі  деп  табылған  Сарыбағыш, 

Атаке  болыстықтарындағы  халық  қабыл  алынған  шешім  бойынша  басқа  ауылдарға 

тіркелумен  басқа  болыстықтарға  таратылып,  одан  ары  Балқаш  көліне  қарай 

ығыстырылмақ.  Оларды  тіпті  Нарын  аймағына  көшірудің  өзін  жөн  көрмеді.  Сол  кезде 

Нарын  өңіріне  Пржевальск  уезінен  9325  түтін,  Пішпек  уезінен  3846  түтін  халық 

қырғыннан  қашып,  бас  қалқалап  тұрып  қалған.  Оған  қосымша  тағы  37355  түтін  қырғыз 

көшіріліп,  таулы  Нарын  өренінде  50526  түтін  халық  тұрсын  деген  бітім  шығарылады. 

Демек бұл  қатал аймаққа 252 мыңның төңірегінде қырғыз халқы күшпен ығыстырылып, 

Атайке және Жұмғалда екі приставы болған дербес Нарын уезін құру мәселесі шешілген. 

Уездің  орталығы  қатары  Нарын  шаһары  бекітілген.  Екі  уездің  халқын  Нарын  өңіріне 

көшіру,  250  мыңнан  асық  қырғызды  табиғаты  қатал  аймаққа  ығыстырып  шығару  Ресей 

империясының  ең  қиянатшыл  саясаты  болған.  Бұл  АҚШ-та  үндістерге  жасалған 

қырғынды саясаттан да асып түскен. Өйткені патшалық Ресей Қырғызстанға отаршылдық 

саясатын  жаю,  қоныстануға  келгендерді  жерге  орналастыру  бойынша  алдын-ала  зерттеу 

жүргізіп,  Нарынның  қатал  шартын  қоныстанушы  орыстардың  тұруы  үшін  ыңғайсыз  деп 

тапқан.  Сол  ыңғайсыз  жерлерге  қырғыздарды  орналастырудың  арты  немен  аяқтарын 

оқырман өзі бағамдай жатар.  

Ал  енді  үшінші  мәселе  бойынша,  бүлік  Ыстықкөлдің  төңірегінен  тазаланғаннан  кейін 

ол жерлерге әрбірі 60 түтіннен кем емес 5 казак-орыс станцияларын құру жоспарланған. 

Босатылған  қалған  жерлерге  тек  қана  орыстарды  орналыстыру  пысықталған.  Нәтижеде 

Ыстықкөлдің  айналасы  қырғыздардан  толығымен  тазаланып,  өңшең  славян  халқының 

өкілдері  тұратын  уезге  айналуы  шешілген.  Бұдан  соң  төртінші  мәселе  өзінен  өзі 

шешілмек.  Осылайша  1916  жылдың  16  қазанында  өткен  жиналыста  қойылған  барлық 

мәселелер  бір  ауыздан  қабыл  алынып,  бостандық  үшін  күреске  шыққан  қырғыздардың 

тағдыры  өте  рақымсыздықпен  шешілген.  Олардың  ниеті  орындалмай,  1917  жылы  Ресей 

империясында  басталған  саяси  оқиғалар  –  екі  революция  16-қазандағы  жиналыстың 

шешімдерінің  орындалуына  жол  бермеді.  Ал  енді  мұрағаттық  бұл  құжат  өткен  күннің 

ауыр  тұстарын  еске  салған  тарихи  шындық  қатары  сақталып  қала  берді.  Еркіндік  деген 

қасиетті  сөзді  еске  алғанда,  ол  парықталмай  жатқан  қазіргі  кезде  бұл  құжат  өткенімізді 

еске салған ұлы сабақ, ұмытылмас оқиға!  

1916 жылғы қырғыз халқының басына түскен қайғылы оқиға ел аузында, кейбір жазба 

деректерде  «Үркін»  деп  аталып  жүр.  Халықтың  сана-сезіміне  сіңіп  қалған  бұл  атауға 

қарата әртүрлі пікірлер, көзқарастар айтылып келеді. Кейбіреулер «үркін» деген атаудың 

өзі адам баласына қолданатын сөз емес, адам үрікпейді, мал үркеді деген дауларын айтып, 

бұл  оқиғаны  «1916-жылғы  көтеріліс»  немесе  «Ұлттық-бостандық  қозғалыс»  деп  атау 

керек  деген  ұсыныстарды  көп  айтады.  Ал  енді  1916-жылғы  оқиғаның  куәсі,  профессор 



Құсеин  Қарасайұлы  «көтеріліс»  деген  сөзге  мен  толық  түсіне  алмаймын.  Егер  «жерімді 

бермеймін,  елімді  бермеймін,  ұлтымды  езіп  жіберді»  деген  ұранмен  шатақ  салса,  онда 

«көтеріліс»  деп  атауға  болады.  Ал  енді  «тыл  жұмысына  бармаймын»  деген  шатақ  бүлік 

ғой!  Бұл  ереуілді  қырғыздар  –  Үркін  дейді.  Иә,  қырғыздар  жазалаушы  әскерден  үркіп 

кетті.  Ең  алдымен  терминді,  оның  мағынасын  анықтап  алып,  сосын  ой  жүгіртсек  жақсы 

болар  еді  деген  көзқарасын  қалдырған.  Шындығында  «Үркін»  деген  термин  баспасөз 

беттерінде,  көркем  шығармаларда  көп  қолданылады.  Тарихшылардың  еңбектерінде  бұл 

оқиға  «ұлттық-бостандық  күрес»  деп  беріліп,  оның  ішінде  «Үркін»  термині 

«Қырғыздардың  жер  аууы»  не  «Қытайға  қашуы»  деген  мағынада  да  пайдаланылады. 

Профессор  Жеңіш  Жүнішалиев  «үркін»  деген  түсінік  Махмуд  Қашқаридің  сөздігінде  де 

жоғарыдағыдай  мағынада  беріледі,  сондықтан  оны  қолданудан  қашпауымыз  керек  деген 

көзқараста.  Шындығында  қырғыз  халқы  өз  еркіндігі  үшін  күреске  шығып,  онысы 

мақсатына  жетпей,  жазалаушы  орыс  әскерінің  қырғынынан  сақтану  үшін  тамыз  айының 

соңында, қыркүйек айында Қытайды көздей жаппай қаша бастаған. Жалпы тарихи түсінік 

бойынша  зұлымдықтан,  әділетсіздіктен,  ауыр  ахуалдан  құтылу  үшін  қашу,  жер  ауу 

күрестің  бір  түрі  қатары  саналады.  Сондықтан  қырғыздардың  Қытайға  жер  аууын  Ресей 

империясының  зомбылығына  қарсы  күрестің  бір  түрі,  не  оның  жалғасы  қатары  қарауға 

болады. Демек жоғарыдағыдай терминдердің барлығын қолдана беруге боларын мамандар 

дәйектеп отыр. 

Тамыз  айының  екінші  жартысында  Шу,  Кемін,  Нарын,  Ыстықкөл  өрендерінде 

қоныстанушылар  тарапынан  тартылып  алынған  жерлерді  қайтаруға  жасаған 

қырғыздардың  әрекеттері  Алматы,  Қарқыра,  Әндіжан  тараптардан  да  жәрдемге  келген 

патшаның  жазалаушы  әскерлерінің  күшімен  тоқтатылады.  Көтерілген  халықты  жазалау 

күшейіп,  елді  жаппай  қырғынға  ұшырата  бастайды.  Одан  сақтанудың  жалғыз  жолы 

Атажұртты тастап, Қытайға қашу болған. Ата-бабаларының жолын жолдап, қалмақтардың 

басқыншылықтарына  байланысты  Әндіжан,  Алай,  Гисар  тарапқа  қашқандай  Ресейдің 

қарамағындағы  аймаққа  ауу  мүмкін  емес  еді.  Ол  кезде  Қытайға  қарай  қашу  да  оңай 

болмаған – бір жағы асулардың қауіптілігі, екінші жағы барлық тұстан орыс әскерлерінің 

қуғыны  ,  үшіншіден  Қытай  билігінің  тосқауылдығы.  Өйткені  Қытай  мен  Ресей 

империясының  ортасында  жасалған  1851  жылғы  Құлжа  келісіміне  сәйкес,  1860  жылғы 

Пекин  келісімінің  10-бабында,  1881-жылғы  Петербург  келісімінің  17-бабында 

қарамағындағы халықтың қашып өтуіне жол бермеу, егер ондай болса, батыл шараларды 

көру жағы мақұлданған. 

Ресейдің  Қашқардағы  консулдығының  коллеж-хатшысы  Стефановтың  баяндамалық 

білдіруіне  қарағанда,  1916  жылдың  20  қыркүйегіне  дейін  Қытай  тарап  қырғыздарды  өз 

аймағына өткермей қатты бақылау ұйымдастырған. Бірақ оған қарамай қырғыздар шағын 

топтарға бөлініп, Қытайдың шекарасында қыркүйектің алғашқы күндерінде-ақ пайда бола 

бастағанын  Ресейдің  Қашқардағы  бас  консулы  білдірген.  Тарихшы  Белек  Солтоноевтың 

жазғаны  бойынша  Атаке,  Сарыбағыш  болыстығының  халқы  20  тамызда  Шоң-Кеміннен 

қашып,  9  қыркүйекте  Бедел  асуын  асып  Қытайға  ауған.  10-қыркүйекте  олар  Қытай 

шекарасынан  өткенде,  оған  дейін  сарбағыш  қырғызынан  ешкімнің  өтпегендігі  айтылған. 

Олар  Тұрпанға  барып,  Қытай  төбелдерінен  бас  паналауға  әрең  рұқсат  алған.  Ыстықкөл 

аймағынан қашқан бұғы, саяқ руларының бір бөлігі қыркүйектің ортасында Үзеңгі-Қуыс 

арқылы Кақшалға, бір бөлігі Текеске қашқан. Шу, Нарын қырғыздары Нарын бекінісінің 

жанынан  Ақсай  өрені  арқылы  Қақшал  өзенінің  төріндегі  Торығарт  және  Келтебек 

асуымен Қақшал және Тұрпан тарапқа жер ауыстырған. Пішпек, Пржевальск уездеріндегі 



қырғыздардың  Қытайға  қашуы  қыркүйектен  қазанның  аяғына  дейін  созылған.  Бұл  мез-

гілде екі  уездегі 65-ке жақын болыстықтарда қырғыздар тұрса, оның 32 болысындағы ел 

Қытайға қашқан. Кейбір мұрағаттық  мәліметтер бойынша 39 болыстың елі  Қытайға жер 

ауғаны айтылады. Қашқардағы консулдың коллеж хатшысы Стефановтың есебі бойынша 

Үш-Тұрпан, Ақсу аудандарына қашып барған қырғыздардың жалпы саны 100 мыңнан 120 

мыңға  жетері  көрсетілген.  Ал  енді  Жетісу  облысының  әскер  губернаторының  міндетін 

атқарушы,  полковник  А.И.Алексеевтің  1917  жылы  4  наурызда  Николай  II-  ге  жазған 

мәлімдемесіне  қарағанда  облыста  көшпенді  халықтың  саны  150  мыңға  азайған. 

Пржевальск  және  Пішпек  уездері  бойынша  1916  жылдың  аяғында  бар  болғаны  13171 

түтін  үй  қырғыздар  қалған.  Қашпай  қалған  халықтың  тұрмысы  да  босқындардан  жақсы 

болмаған. Оларға жазалаушы әскерлер, жергілікті орыс халқы қырғын салса, босқан елді 

қалмақтар,  қытай  төбелдері  талан-тараж  еткен.  Қытайға  кеткен  қауіпті  алмағайып 

асуларда  нешесі  қырылып,  тірі  қалғандары  малдарынан  дерлік  ажырап  қалған.  Бір  ғана 

Бедел  асуынан  101  мыңдаған  малынан,  жылқыларынан  айрылған.  Ептеп  шекарадан 

өткізген  малдары  жем-шөптің  жоқтығынан  жұтқа  ұшыраған.  Басты  байлығы  –  малынан 

құр  жалақ  қалған  қырғыздар  әп-сәтте  жарлы  болып  қалған.  Өз  жанын  аман  алып  қалу 

үшін және балаларын сақтап қалуды ойлап 12 жастан үлкен ер балаларын және қыздарын 

30-40 сомға сатуға айласыз болған. Кейбіреулері балаларын аман қалсын деп болмаған ұн 

не  талқанға  айырбастаған.  Отанынан  ажырау,  бөлек  жерде,  бөтен  елде  бас  қалқалаудың 

қиыншылығын олар бастарынан кешірді.  

Көтерілістің  басшыларын  тұтқындау  мақсатында  қараша  айында  Үш-  Тұрпанға 

старшина Бычковтың 60 адамнан тұрған әскерінің келуі босқындарға қатты батты. Қытай 

жеріндегі  қырғыздар  екі  тараптан  қысымға  алынып,  оған  ашаршылық,  әртүрлі  жұқпалы 

аурулар  апыл-тапыл  қосылып,  олар  үлкен  қырғынға  ұшырады.  1916  жылы  патшаның 

жазалау-  шы  әскерлерінен  бас  қалқалау  үшін  Қытайға  қашқан  елдің  ауыр  ахуалы  1922-

жылдарға дейін сақталып қала берген. Ол жердегі  ашаршылықтан елді аман сақтап қалу 

мақсатында  қырғыздарды  Түркияға  көшіру  үшін  Шабдан  батырдың  ұлы  Исамүдиннің 

жасаған  әрекеттері,  келіссөздері  нәтижесіз  аяқталған.  Бұл  келіссөзге  сәйкес  50  мыңға 

жақын  босқын  қырғыздар  Анадолы  тауларына  көшірілмек.  Ал  енді  1917  жылдың  жаз-

күзінде  атажұртына  қайтқан  қырғыздар  қайтадан  казак-орыстардың  талан-таражынан, 

ашаршылықтан қырғынға ұшырағаны тарихта мәлім. Қорытып айтқанда 1916 жылғы ұлт-

азаттық  күресте  қырғыз  халқы  өз  еркіндігіне  жете  алмай,  өлшеусіз  қырғынға  ұшыраған. 

Сол уақыттағы олардың әрекеті игілікке жеткізуі де мүмкін емес еді. Өйткені күш-қуатты 

өлкенің  әлсіз,  мемлекеттік  басқаруы  жоқ,  рулық  билікті  басынан  кешіріп  жатқан  елді 

қаратып алып, оны қалағанындай қақпақылдаған заманда еркіндікке ие болу ертегі екенін 

осы  оқиғалар  көрсетіп  қойды.  Еркіндік,  бостандық,  тәуелсіздік,  егемендік  деп  ғасырлар 

бойы  еңсеп,  сол  тілегіне  қан  төгусіз  жеткен  халық  үшін  бұл  еш  уақытта  естен  шықпас, 

әрқашанда  ескеріліп,  есіне  келіп  тұратын  ұлы  сабақ  қатары  жүрегінен  түнек  тапса 

демекшіміз.  Тарих  –  бұл  адам  баласын  ақыл  еске  шақырып,  өткеннен  өрнек  алдырып, 

болашаққа тура жол көрсетіп тұратын ескерткіш! 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал