№19 (89) 14 мамыр, 2015 жыл Жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемін



жүктеу 448.91 Kb.

бет1/5
Дата09.09.2017
өлшемі448.91 Kb.
  1   2   3   4   5

№ 19 (89)

14 мамыр, 2015 жыл

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемін.

Мағжан

Қорқыт ата атындағы Қызыл­

орда  мемлекеттік  универси­

тетінің  студенттер  сарайын­

да  «Корея  және  Орта  Азиядағы 

фольклор:  салыстырмалы  тал­

дау  мәселелері»  тақырыбында 

халықаралық  конференция  өтті. 

Конференцияға  Корея  Республи­

касы  Чолланам­до  провинциясы 

білім  басқармасының  бастығы, 

профессор  Манчай  Чанг,  са­

лыстырмалы 

фольклористика 

жөніндегі  азиялық  қауымдастық 

президенті  Чунг­Анг  Хван­Ок 

Со  және  Қырғызстан,  Өзбек­

стан,  Тәжікстан  елінің  линг­

вист  мамандары  мен  Қоқыт  ата 

атындағы  Қызылорда  мемлекет­

тік  университетінің  ғалымдары, 

магистранттары  мен  докторант­

тары қатысты.

Конференцияның  пленарлық 

мәжілісінде  Қырғыз  мемлекеттік 

университетінің  ректоры,  про­

фессор  Толобек  Абдрахманов 

пен  Ханеула  Малбита  атындағы 

ғылыми  зерттеу  институтының 

докторы  Гонгу  Ракка  тақырып 

аясында 

баяндама 

жасады. 

Одан  соң  №1  оқу  ғимаратында 

2  секциялық  бағыт  бойынша  30­

дан  астам  ғылыми  баяндамалар 

тыңдалды.

Қорқыт ата атындағы Қызыл­

орда  мемлекеттік  университеті 

қазіргі  таңда  60­тан  астам  ше­

телдік  жоғары  оқу  орындары 

және  ғылыми  орталықтармен 

әріптестік  байланыста.  Олардың 

ішінде  Корея  Республикасы мен 

білім,  ғылым  саласын да  тығыз 

қарым­қатынас  орнат қан.    Корея 

Республикасы  елшілігінің  ағарту 

орталығы  мен  халықаралық 

қатынастар жө ніндегі агенттігінің 

волонтер  оқытушылары  1992 

жылдан  бастап  университетте 

жұмыс істеп келеді. 

Жиын  барысында  Қорқыт 

ата  атындағы  ҚМУ  мен  Ко­

рея  Рес публикасы  Чолланам­до 

провинциясы  білім  басқармасы 

арасында  өзара  ықпалдастық 

жөніндегі  келісімге  қол  қо­

йыл ды.  Меморандумның  не­

гіз гі  мақсаты  –  студенттер 

мен  магистранттардың,  докто­

ранттардың  ғылыми  зерттеу  жұ­

мыстарын  жүргізу  жә не  білім 

бе ру  саласындағы  әріптестікті 

одан  әрі  дамыту.  Халық ара лық 

дәрежеде  өткен  конференцияда 

Корея елшілігі өңірі міздегі іргелі 

оқу  орнына  100  компьютерді 

сыйға  тартса,  біздің  тараптан 

Чол ланам­до  провинциясының 

білім  басқар ма сының  бастығы 

Ман  Чай  Чанг  пен  Чолланам­до 

провинциясы қонақжайының ди­

ректоры  Хан­мо  Рянге  «Филосо­

фия  ғылымдарының  докторы» 

атағы берілді.



Мәди ЖАСҰЛАНҰЛЫ

ЕЛДЕН ЕКШЕП



КОРЕЯМЕН ӘРІПТЕСТІК АЯСЫ КЕҢЕЙДІ

ШӘМШІ ӘН АРНАҒАН СҰЛУ

ҚАЗАҚ КИІМІНЕ СҰРАНЫС 

ЖОҚТЫҢ ҚАСЫ

АҢДАТПА

7-бетте

9-бетте

3-бетте

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев 

еркін  күрестен  Азия  чемпионы  Дәулет 

Ниязбековті қабылдады. Сыр елінің тумасы 

жақында  Катардың  Доха  қаласында  өткен 

Азия чемпионатында алтын медаль иеленіп, 

еліміздің туын көкке көтерді. 

Дәулет  Ниязбеков  1989  жылы  Жаңа­

қорған  ауданында  дүниеге  келген.  10  жа­

сынан  күреспен  айналысқан  ол  талай  жа­

рыста  көзге  түсіп  үлгерді.  Ал  бұл  жолғы 

жүлдесі  –  оның  алғашқы  алтыны.  Аймақ 

басшысы  Дәулетті  жеңісімен  құттықтады. 

Азия  чемпионы  алғысын  білдеріп,  алдағы 

бәсекелерде  жеңіске  жету  үшін  бар  күш­

жігерін аямайтындығын жеткізді.

Сыр  спортшыларының  мұндай  биік  бе­

лес терден көрінуі – спортқа деген қолдаудың 

артып отырғандығының дәлелі.

СПОРТ


Азия чемпионын 

қабылдады



ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУДЕ МИЛЛИАРДЕР 

МЕНТАЛИТЕТI КЕРЕК

- Көбіне байқайтыным, кәсіпкерлік ке баулу туралы айтқанда, 

әуелі  шет  ел  тәжірибесін  алға  тартамыз.  Солар дың  жеткен 

жетістіктерін  үлгі  етеміз.  Кәсіпкерлік  туралы  көпшілікке 

ұсы ны латын кітаптар да – аудармалар. Өзге елдің тәжірибесі 

қазақтың  орта сына,  нарығына,  менталитетіне  қаншалықты 

сай келеді?

­  Сұрағыңыз  өте  орынды.  Әрине,  Қазақ стан  өзінің  дамуын­

да үлкен жетіс тік терге жетіп, Елбасымыздың арқасын да бүгінде 

кәсіпкерлік  жаңа  белес терге  көтерілуде.  Дегенмен,  шет  ел  тә­

жірибесі  бізден  әлдеқайда  алға  жылжып,  дамып  кеткен.  Бизнес 

түрлері  сан  алуан  болғанымен  олардың  қызмет  ету  қағидалары 

бір.  ХХ  ғасырдың  ортасында  АҚШ­тың  ең  бай  азаматы  болған 

американдық өнеркәсіпші Пол Геттидің «Миллиардер болу үшін 

сәттілік, білім және жұмысқа қабілеттілік қажет. Бірақ ең алды­

мен миллиардер менталитетінің болуы аса маңызды. Миллиардер 

менталитеті дегеніміз – сіз барлық біліміңізді, күш­қуатыңызды, 

дағдыларыңызды алға қойған мақсаты ңызға ғана бағыттайсыз. Тек 

осы жайт қана сізді өзгертеді» деген сөзімен мен толық келісемін. 

Себебі  кәсіпкерлік  саласында  жетістікке  жету  үшін  ұлттық, 

нәсілдік,  діни  және  өзге  де  факторлар  соншалықты  маңызды 

емес. Тек нарықты жақсы меңгеріп, оған енудің жолдарын дұрыс 

қарастыру қажет. Ал бұл мәселеде шет ел тәжірибесінің берері өте 

мол.


-  Қызылордалық  бір  кәсіпкермен  сұқ бат тас қанымызда 

ол:  «Өңірде  кәсіптің  бір  ғана  түрімен  айналысып,  үлкен 

табысқа  жету  қиын.  Өйткені  халық  саны  аз  (рынок  төмен). 

Аймақта жетістікке жету үшін бірнеше бағытта жұмыс істеу 

керек», - деген еді. Сіздіңше, Сыр өңірі қандай кәсіп көздерін 

өркендетуге қолайлы?

­ Жалпы, кәсіпкерлікті дамытуда  ай мақ тың әлеуеті жоғары. Об­

лыс пайда лы қазбаларға бай. Күріш, тұз, балық секілді брендтері 

бар. Көліктер үшін тиімді жағдай жасалған, яғни елді мекендердің 

басым  бөлігі  «Батыс  Еуропа  ­  Батыс  Қытай»  автожолының, 

теміржолдың бо йында орналасқан. Сондай­ақ өңірдегі Қорқыт ата 

әуежайы халықаралық мәрте беге ие болды. 

Қызылорда  облысының  кәсіпкерлер  палатасы  дағдарыстық 

жағдайда  аймақ  кәсіпкерлеріне  қолдау  көрсету  үшін  об­

лыс  әкімдігімен  бірге  «2015  жылы  Қызылорда  облысының 

кәсіпкерлерін  қолдауға  арналған  дағдарысқа  қарсы  шаралардың 

Жол  картасын»  әзірледі.  Жол  картасына  сәйкес  жоғарыда 

айтқан  жайттардың  барлығы  кәсіпкерлік  саласының  дамуына 

айтарлықтай серпін береді деп күтілуде. Айта кету керек, аймақтың 

бизнес  климаты  мемлекеттік  сатып  алуға  және  жер  қойнауын 

пайдаланушылардың сатып алуына тікелей байланысты. Мәселен, 

соңғы  3  жылда  облыстағы  жер  қойнауын  пайдаланушылардың 

сатып  алу  көлемі  835,7  миллиард  теңгені,  ал  мемлекеттік  са­

тып  алу  көлемі  220,7  миллиард  теңгені  құрады.  Статистикалық 

мәліметтерге  сәйкес  жер  қойнауын  пайдаланушылардың  сатып 

алуындағы жергілікті қамтудың көлемі – 73,4%. Осы сандардан­

ақ өңірде кәсіпкерліктің дамуы аталмыш жағдайға тәуелді екені 

бай қалады. Осы ретте құжат автор ла ры Жол картасында қаржыны 

қолже тімді  ету,  мемлекеттік­жекеменшік  әріп тес тік  аясындағы 

жобалар, сервистік қолдау көрсету, жергілікті қамтудың көлемін 

арттыру, инвестиция тарту, мамандардың кәсіби біліктілігін арт­

тыру, ақпараттық қолдау көрсету арқылы көмектесу сынды негізгі 

бағыттар  бо йынша  кәсіпкерлерге  көмек  көрсетпек.  Сондай­ақ 

құжатта  экономикалық  дағ дарыс  жағдайында  кәсіпкерлерге 

қолдау  көрсетудің  механизмдері  кезең­кезеңімен  көрсетілген. 

Қазірдің өзінде аймақта екінші деңгейлі банктер арқылы жалпы 

құны 16 504,9 миллион теңгені құрайтын 28 жоба жүзеге асыры­

лып, жаңадан 1 583 жұмыс орны ашылуда. 

Жол  картасын  жүзеге  асыру  арқылы  өңір  экономикасын 

әртараптандыруға, жаңадан кәсіпорындар ашуға, жұмыс орында­

рын сақтауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға қол жеткізіледі 

деп күтілуде.

Руслан ДОСМАХАНОВ,

Қызылорда облыстық кәсіпкерлер 

палатасының директоры:

МАРКЕТИНГТІК ТАЛДАУ 

АСА МАҢЫЗДЫ


№ 19 (89) 14 МАМЫР, БЕЙСЕНБІ, 2015 ЖЫЛ

«Ет дегенде бет бар ма?» де-

ген  қазақпыз.  Ақиқаты  сол,  қай 

асымызға  болмасын,  шөкімдей 

болса  да  ет  қосылады.  Өйткені 

төрт  түліктің  етін  азық,  терісін 

тон, сүтін сусын еткен халықпыз. 

Әйтсе  де  етке  келгенде  ерекше 

тәбетті  ата-бабамыздың  бүгін гі 

ұрпағы,  біз  ненің  етін  жеп  жүр-

міз?

Бүгінде  сиыр  еті  халықтың 



оң  жамбасына  шығып  тұр. 

Өйткені  бағасы  қалтаға  ауыр 

тимейді.  Нарық  билеген  заман-

да  халық  та  алдымен  қалтаны, 

сонан  соң  қарынды  ойлайтын 

болған.  Жағдайы  келген  алыс-

тан  арбалатып  қымбатқа  қол 

жеткізсе,  орташа  деңгейлілер 

жақыннан  дорбалап  жүр  деген-

ге  саяды  бұл.  Таяуда  ашылған 

Қызылорда  қаласындағы  «То-

кио» мейрамханасының әкімшісі 

Айнұр  Омарова  төрт  түліктің 

етінен ас дайындайтынын айтады. 

Таяуда ашылса да, келушілердің 

талғамын түсініп үлгерген.

-  Бізде  барлығы  бар.  Көбіне 

кәріс 


тағамдарын 

даярлай-


мыз.  Келушілер  қазір  тағамның 

бағасына  қарайды.  Сондықтан 

олардың 

қалтасын 

қағатын 

емес,  жанына  жағатын  асты 

дайындағанды  жөн  санаймыз,  - 

дейді Айнұр Омарова.

Оның 

сөзін 


«Перовск» 

кафесінің бармені Гүлім Сүгірова 

да  қолдайды.  Дегенмен,  шағын 

кафеде өтімдісі кәуап болып тұр. 

-  Кәуаптың  тауық  етінен  жа-

салғанынан  гөрі  қой  етінен  жа-

сал ғанын  халық  жақсы  алады. 

Сондықтан біз әрбірін өту шама-

сына қарай дайындаймыз, - дейді 

ол.


Алайда  жылқы  етін  арнайы-

лап  алып,  халыққа  ұсынатындар 

жеткілікті. Ашылғанына 10 жыл-

ға  жуықтаған  орталықтағы  «Ор-

хидея»  кафесінің  әкімшісі  Жа-

нат Ахметованың айтуынша, қыс 

бойы  жылқы  етін  жілікке  алып 

тұтынады екен. Сондай-ақ тауық 

етінен жасалған кәуапқа сұраныс 

жоғары.  Жаз  мезгілінде  кафе-

лер мен дәмханалар қой етін көп 

пайдаланатын  көрінеді.  Себебі 

халық оған ынталы. 

Студент  асханаға  келіп,  ет 

қо сылған  самса  сұрайды.  Ол  бір 

тістейді,  екі  тістейді.  Сосын  ас-

пазға  қарап:  «Апай,  еті  қайда?», 

- де се, аспаз: «Тағы бір тістеші», 

-  десе  керек.  Студент  және  бір 

тістесе, әлгі апай: «Жаңа ғана ет-

тен өтіп кеттің», - деген екен. Иә, 

үйде  тайқазанға  асылған  еттен 

уыстап  тұрып,  табақтың  бетіне 

төге  салатын  аналарымыздың 

жомарт  қолы  емес,  бұлай  тиын-

нан теңге құрап отырған – кәсіп 

иелері.  Жоғарыдағы  әзіл дің 

нақ  өзіндей  болмаса  да  осыған 

жуықтайтын  сәттер  кезде се ді.  

Етті  жұқалап,  майдалап,  шөкім-

дей  етіп,  тағамның  бетіне  үйіп 

қойғанын да көзіміз шалып жүр. 

Тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай 

түйіні:  сиыр  еті  сұранысқа  сай 

болсын,  жылқыға  ел  құмар  бол-

сын, бәрібір етті майымен қосып, 

аузыңа 

асатқан 


ақсақалдың 

дархандығы  жоқ  мұнда.  Қалтаң-

ның қалыңдығына сай ет жейсің.

Тек  қорқатынымыз  біреу. 

Тараздағы  жеке  балабақшаға 

есек  еті  жеткізілді  деген  шу  да 

шыққан.  Кәуаптан  да  сан  мәрте 

түрлі  тәбет  қашырар  әрекеттер 

көрінуде.  Түсін  түстеп,  атын 

атап  көрсетпегенімізбен  ел-

жұрт  біліп  отыр.  Мейрамханаға 

қатысты 


қоқыс 

жәшігінен 

есектің  басы  да  табылып  еді 

кезінде.  Еңбегі  адал,  еті  арам 

жануардың  етін  жеп  жүргеніміз 

бе  сонда  біз?!  Мейліңіз,  бірақ 

кәуаптан  тышқан  шықты  де-

ген  де  жағдайды  естігенбіз. 

«Естігенім 

өтірік, 


көргенім 

шын»  дегенмен,  кейде  естіген 

құлақта  жазық  жоқ,  оның  өзі 

ақиқатқа  айналатын  сәттер  көп. 

Демек,  біздің  аңғалдығымыздан 

шығар,  бәлкім.  Әйтеуір,  ненің 

еті  екенін  сұрамастан  ауызға 

қылғыта  береміз.  Асқазан  деген 

алпауыттың  қабылдауында  да 

мін  жоқ.  Бірақ  қарын  тойдыра-

мыз деп жүріп, асқазанымыздың 

бағын тайдырып жүрмейік!

МЕЗГІЛ МӘСЕЛЕСІ

НЕНІҢ ЕТІН ЖЕП ЖҮРМІЗ?



НЕ ДЕЙСІЗ?

Сырым Әлдекешов:

-  Жұмыс  бабымен  облыс  орталығында,  аудан,  ауыл-аймақта 

көп  жүреміз.  «Ер  азығы  мен  бөрі  азығы  жолда»  деп,  қазақ  атамыз 

айтпақшы, жолда ауқаттанып жүре береміз. Кафеге барсам, аяғымды 

созып, жылқының асылған етін тойып жеп аламын. Қанымыз қазақ 

болған соң еттен тартына алмайтын шығармыз. Өзім тек асылған ет 

жеймін. Үйдегідей жағдай жасап қойған. Шынтақтап жатып, ұлттық 

астан дәм тата аласың. 



Қуаныш Каленов:

- Көбіне қой етінен жасалған кәуапты жеймін. Өйткені еттің аты ет 

қой. Оның үстіне болып жатқан түрлі жағдайларға байланысты тауық 

етінен тартынып қалдық. Достар бас қосқанда да қой етін алдырамыз. 

Сауық орындарында да солай. Тілге жұмсақ, жақсы қорытылады.

Дәулет ҚЫРДАН

Бүгінде  бар  қазақтың  баласының 

бұтында  –  бір-бір  памперс...  Жаялық 

жуу  өткеннің  еншісінде,  кеткеннің 

көлеңкесінде  қалды.  Дүкен  барсаң, 

мөлшер-мөлшерімен,  өлшем-өлшемімен 

тұр әлгі жалаң бұттың жабындысы. Өліп-

өшіп, жапатармағай алып жатыр бар қазақ. 

Атасынан  қалған  шапандай,  шешесінен 

қалған кимешектей... 

Түн 

ұйқысын 


қимайтындардың 

айын  да  оңынан  тудырған  -  осы  пам-

перс.  Баласының  бұтын  бұлтитып  24 

сағат нәжісі мен зәрін арқалатып жүрміз. 

Әдетте жолға шыққанда не серуендегенде 

кигізілетін дүние күнделікті қолданыстың 

бір  бұйымына  айналды.  Зиянын  ескеріп 

жатқан  ешкім  жоқ.  Ертеңшіл  қазақ 

баланың  борбайынан  болашақтың  ой-

байын  көрмей  отыр  ма?  Бүгіншіл  жастар 

баланың  бұтынан  елдің  құтын  қашырып 

отырғанын елемей ме?

Бірде  базардан  шүмек  іздеген  орыс 

әжейді  көрдім.  Жағамды  ұстамадым, 

кеудемді қуаныш кернеген-ді. Ол шүмегін 

бесікке салмағанда қайда қоймақ? Бесіктің 

құттыхана ұя екенін ескергені де. Ал біздің 

қазақ  үсті  таза,  асты  құрғақ,  баланың 

жаны  тыныштық  табар  бесіктен  жерінді. 

Жерінердей  не  көрінді?  Мың  бір  дерттің 

демеушісі  памперске  құнықты.  Манежге 

салып,  нәжісіне  былғап,  ұл  өсірмек,  қыз 

өсірмек.  Өлместің  күні  ғой  дейін  десең, 

ешкім  аш  емес,  барлыққа  мас,  тоқтыққа 

мас.  Содан  болар,  дүкенде  толы  бұт  жа-

бындысына  құмар.  Оның  зиян  емесін 

дәлелдеген кім бар? 

Күллі  Еуропа  бала  туу  мәселесін 

өзекті  етуде.  Ұрпақсыз  қалып  жатқасын 

титықтағаны  да.  Бұрын  кәріқұрлықты 

елес кезіп жүр деуші едік, қазір белсіздік 

деген  дерт  кезіп  жүр.  Сол  дерті  құрғыры 

Ресей  өтіп,  бізге  келді.  Бардың  да, 

жоқтың  да  зары  белсіздік.  Сексенбай, 

Тоқсанбайды  тоқыратқан  да  осы  кесел. 

Кемеңгер  елдің  ұрпағы  бала  бұтындағы 

кеселді  көрмейді,  дертті  білмейді. 

Ғылымның  жаңалығы  дейтін  бұт  жабын-

дысы  жарқын  болашағымызды  жарға 

жықпасына  кепілдік  бар  ма?  Отызында 

орда бұзбайтын, қырығында қамал алмай-

тын,  елуінде  ұрпақсыз  жүріп,  алпысында 

тұяқсыз қалатын қазақты даярлап жатыр-

мыз ба? 


Бұйымтайды  тыңдар  хан  жоқ,  қара 

жоқ  демедік.  Ойлағанымыз  –  қазақтың 

қамы,  ұлттың  жайы.  Ұлан-ғайыр  далада 

құмалақтай  шашылған  қазақ  бар.  Бәлкім, 

илеудегі  құмырсқаның  саны  бізден  көп 

болар. Көп болмаса да, шамаласпыз. Жан-

жақта анталаған жау. Тірлігі таза көрінер, 

пиғылы арам. Сөзі жайлы естілер, ойы жа-

ман. Ал жұтынып тұрған жаһандану деген 

жұмыр  заманда  бізге  қажеттісі  –  көбею. 

Балақтан  тартқан  батпаннан  құтылмай 

жүргенде  борбайдан  алған  бедеулікке 

жол  береміз  бе?  Сенің  балаң  –  қазақтың 

болашағы, елдің ертеңі. Ал сен болашақты 

бұлыңғыр еткің келе ме?

Мағмар МАҚСЫМҰЛЫ

АЙ, ҚАП!


Бедеулік 

һәм борбайқап

Қазір көбі бедеу. Қыз да – 

бедеу, ұл да – бедеу. Қаптаған 

белсіздік. Дендеген белсіздік. 

Белсіздік түбі – елсіздік. 

Ескерген кім бар? Он жыл 

отасқан екеу баласыз жүр. Отыз 

жыл отасқан екеу ұрпақсыз қап 

барады. Айтып отырғанымыз 

- парадокс емес, күйкі тірлікте 

көріп жүргеніміз. Кінәні қайдан 

таппақпыз? Ақауды қайдан 

іздемекпіз?

- Жергілікті кәсіпкерлер 

жұ мы  сын өркендету жолын-

да көбіне қандай кедергілерге 

тап болады? Қандай мәселе 

бойынша арызданады және 

олардың ұсы  ныс-тілектерін 

қаншалықты қана-

ғаттандырып жүрсіздер?

- Қызылорда облысының 

кәсіпкерлер палата-

сы қызметінің басым 

бағыттарының бірі – 

кәсіпкерліктің дамуындағы 

әкімшілік кедергілерді азай-

ту. Осы мақсатта кәсіпкерлер 

палатасы облыстық проку-

ратура, мемлекеттік қызмет 

істері және жемқорлыққа 

қарсы іс-қимыл департаменті, 

прокуратура және өзге де 

мүдделі органдармен бірлесіп

бизнестің дамуын тежейтін 

әкімшілік кедергілерді, заңсыз 

әрекеттерді, жүйелі пробле-

маларды анықтау және жою 

бағытында бірлескен ша-

раларды жүзеге асыру-

да. Кәсіпкерлерден түсетін 

өтініштердің негізгі бөлігі 

жер, мемлекеттік сатып алу, 

рұқсат ету рәсімдері мен 

салық мәселелеріне қатысты. 

Өткен жылдың өзінде палатаға 

кәсіпкерлерден 152 өтініш 

түсіп, оның 78 пайызы оң 

шешілді. Биылдың өзінде 40-қа 

жуық өтініш қаралып, тиісті 

шешімдер қабылдануда. 40-тан 

аса кәсіпкерлік субъектісінің 

құқықтары қорғалып, 

кәсіпкерлерге қатысты заңсыз 

әрекеттері үшін 16 мемлекеттік 

лауазымды тұлға тәртіптік 

жауапкершілікке тартылды. 

Сонымен бірге кәсіпкерліктің 

дамуына кедергі келтіретін 47 

әкімшілік кедергі анықталып, 

44 заңнамалық актіге 

өзгерістер мен толықтырулар 

енгізуге ұсыныстар жолданды. 

Нәтижесінде 16 нормативтік-

құқықтық актіге өзгерістер 

мен толықтырулар енгізілді. 

Сонымен қатар сот орган-

дарында кәсіпкерлердің 

құқықтары заңдық тұрғыдан 

да сүйемелденуде. Өткен 

жылы палата қызметкерлері 

23 сот процесіне қатысып, 

кәсіпкерлердің пайда-

сына 450 миллион теңге 

қайтарылса, жыл басы-

нан бері кәсіпкерлердің 2 

талап арызы оң шешіліп, 

кәсіпкерлер 200 милли-

он теңгеден астам қаржысын  

сақтап қала алды. Қазір пала-

та жанындағы кәсіпкерлердің 

құқығын қорғау кеңесі мен 

облыстық прокуратура 

қызметкерлерінен құралған 

мобильді топ та кәсіпкерлердің 

құқығын қорғауда маңызды 

құралдардың біріне айналды.

Ел экономикасында 

жастар кәсіпкерлігінің 

маңызы зор

- Несие алып, кәсіп ашу 

қаншалықты сенімді? Жас-

тар арасында «танысың бол-

маса, несие ала алмайсың» 

деген көзқарас бар. Сіз не 

дейсіз? Қандай тиімді жолда-

рын ұсынар едіңіз?

- Несие алып, кәсіп ашу 

сенімділігі кәсіпкердің өзіне 

байланысты. Кәсіпкер несие 

алғаннан кейін қаражатты биз-

нес жоспарға сәйкес тиімді 

жұмсаса, ешқандай жағымсыз 

оқиға болмауы тиіс. Ал «жа-

стар арасында «танысың бол-

маса, несие ала алмайсың» де-

ген көзқарас бар» дегеніңізбен 

келіспеймін. Статистикалық 

есептілікте кәсіпкерлік 

жасқа бөлінбейді. Дегенмен, 

өзіңіз де көріп отырғандай

қазір кәсіппен айналысатын 

азаматтардың басым бөлігі – 

жастар. Сондықтан біз кәсіп 

бастап, нәсіп тапқысы кел-

ген кез келген азаматқа кеңес 

беріп, оларды қолдауға дай-

ынбыз. Ол үшін біздің 

Call-орталыққа (59-79-60) 

хабарласуға немесе бізге келу-

ге болады. Мұнан өзге бүгінде 

облыстың барлық ауданында 

кәсіпкерлерге қызмет көрсету 

орталықтары жұмыс жасау-

да. Айта кеткен жөн, өткен 

жылы Қазақстанның ұлттық 

кәсіпкерлер палатасы мен 

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту 

қоры кәсіпкерлерге қаржылай 

емес қолдау көрсету туралы 

келісімге келіп, жыл басынан 

республика бойынша барлық 

өңірде осындай орталықтар 

ашылды. Кәсіпкерлерге қолдау 

көрсету орталығын ашудағы 

мақсат - ісін жаңа бастау-

шы, сондай-ақ жұмыс жа-

сап жүрген кәсіпкерлер үшін 

қызмет түрлері жинақталған 

инфрақұрылым құру. 



- Кәсіпкерлік 

саласындағы жастардың 

әлеуеті қандай? Оларға 

қатысты палата қандай 

жұмыстар атқарып жатыр? 

Жас кәсіпкерлердің хал-

ахуалын біліп, байланыс жа-

сап отыратын шығарсыздар?

- Қазіргі заманғы 

экономикадағы 

тенденциялардың бірі – жас тар 

кәсіпкерлігін дамыту. Өзіңіз 

де білесіз, жастар – ел эко-

номикасында ерекше орны 

бар, жаңалық пен тың иде-

яларды еркін қабылдайтын 

және тәуекелге баруға да йын 

қоғамның белсенді бөлігі. 

Кез келген елдің экономи-

касын қалыптастыруда жас-

тар кәсіпкерлігі маңызды 

рөл атқарады. Жастарды 

кәсіпкерлікке тарту, бұл тек 

шағын бизнестің көлемін арт-

тыру ғана емес, сонымен 

бірге жастарды жұмыспен 

қамтуға негіз болады. Бүгінде 

жастар кәсіпкерлігінің екі 

артықшылығы бар: біріншіден, 

қазіргі жастар өз ісін ашу ба-

рысында алдыңғы толқынның 

кеңесі мен тәжірибесіне сүйене 

алады, екіншіден, олардың ар-

найы білім алып, біліктілігін 

жетілдіруі үшін барлық жағдай 

жасалған. 

Аймақта жастар 

кәсіпкерлігін дамы-

ту мақсатында «Атамекен» 

бизнес-инкубатор» жоба-

сы басталуда. Оның мақсаты 

- жастардың кәсіпкерлікке 

қызығушылығын арттыру, 

шағын кәсіпкерлікті дамытуға 

қолайлы ахуал қалыптастыру, 

жастардың инновациялық және 

креативті идеяларын жүзеге 

асыруға қолдау көрсету. Жоба 

аясында кәсіпкерлік негіздерін 

мектеп қабырғасынан оқытуға, 

студент жастардың кәсіпкерлік 

әлеуетін дамытуға ықпал 

ету, белсенді ауыл жаста-

рын кәсіпкерлік негіздеріне 

оқыту мәселелері шешімін 

таппақ. Екінші бағыт аясын-

да өңірде студенттік бизнес-

инкубатор жұмысын баста-

ды. Оның жұмысын жүргізуге 

Мәншүк Мәметова атындағы 

Қызылорда гуманитарлық 

колледжі таңдалып алын-

ды. Колледждің бітіруші 

түлектеріне кәсіпкерлік 

негіздеріне, мемлекеттік 

бағдарламаларға қатысты 

бизнес-семинарлар өткізіліп, 

«Шағын бизнеске арналған 100 

жоба», сондай-ақ дүние жүзіне 

танымал авторлар Друкер, 

Хил, Шефердің қазақ тіліне 

аударылған кітаптары танысты-

рылды. Мұнан өзге, табысқа 

жеткен кәсіпкерлермен кезде-

сулер ұйымдастырылды.  Жыл 

соңына дейін өзге де оқу орын-

дарында жұмыс жалғасады.




  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал