№19 (1359) 11 мамыр 2017 жыл, сәрсенбі 1 маусымнан бастап «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ы «экспо-2017» халықаралық көрмесін қызықтауға баратын тараздықтар үшін «Тараз – Астана – Тараз» бағытына қосымша пойыздар шығарады. 30 күн қалды



жүктеу 0.92 Mb.

бет1/10
Дата10.09.2017
өлшемі0.92 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

www.z-taraz.kz

 №19 (1359) 11 мамыр

 

2017 жыл, сәрсенбі



1 маусымнан бастап «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ы «ЭКСПО-2017» 

халықаралық көрмесін қызықтауға баратын тараздықтар үшін «Тараз – 

Астана – Тараз» бағытына қосымша пойыздар шығарады. 

30 күн қалды

АғАйынғА КөмеКТеСКенің 

АбзАл

 

„



Жанына шипа іздеген 

қамкөңіл жандардың 

жүрегіне үміт отын 

сыйлап, жылылық нұрын 

құйған ақ халатты  

медбикелер күні 

халықаралық деңгейде 

аталып өтеді. Адам 

жанының жанашыры 

болып, өзгенің саулығы 

үшін күш-жігерін 

аямайтын мейірімді 

мейірбикелер деннің 

саулығы салтанат құрып, 

тән мен жанның салауаты 

үшін көздерінен ізгілік 

нұрын шашып, өзгелер 

үшін жанұшыра жүгіріп, 

жанашырлық танытады.                        

еңбектеген бала мен 

еңкейген қарияның 

жұдырықтай жүрегінің 

қалауын тыңдап, 

қамқорлық танытқан 

медбикелердің қызметі 

адам өмірінде ұшан-

теңіз. Аурухана төсегіне 

таңылғандардың біріне 

дәрумен беріп, дәрігерінің 

нұсқауымен дәрі ұсынып, 

екпе ексе, енді біріне 

жылы лебізін арнап, 

науқасты сөзбен-ақ емдеп 

жазуға күш салады.                                  

Ақ гүлдің ажарын ашқан 

әсем көбелектей ақ 

халаттылар деніне дауа 

іздеген жандардың 

жабырқау жанына  

арнаған жылы сөзінің 

өзі ем болып дарып, 

шөлдегеннің сусынын 

қандырары сөзсіз. 

Босағаң Берік Болсын!

ЖОлы САрА, еңбегі үлгі

САлАмАТТылыҚ ерліКТі 

нАСихАТТАды

 

„

15 мамыр – халықаралық отбасы күні. Ананың аялы алақаны, әкенің қамқорлығы отбасы керегесін 



кеңейтіп, шаңырағын биіктетіп, босағасын берік етеді. Ал жылылық сақталған жанұяда өнегелі ұрпақ өседі.

 

3-бет

 

5-бет

 

8-бет

 1

0-бет

 9

-бет



ҚАлА-ҚАрбАлАС

2

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №19 (1359), 11 мамыр 2017 Жыл  //



Ұмытылмас Ұлы Жеңіс

 

„

Ұлы Жеңістің 72 жылдық мерейтойы облыс орталығында жоғары деңгейде аталып өтті. 



мереке облыс орталығындағы «мәңгілік алау» мемориалды кешеніне гүл шоқтарын қою 

рәсімінен басталды.

Арсен БАйзАқ

Мұнда Отан үшін отқа түскен ардақты ардагер-

лер мен тыл еңбеккерлері, олардың ұл-қыздары, 

немерелері, жат жерде ерлікпен жан тапсырған 

жауынгерлердің ұрпақтары, облыс тұрғындары, 

жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, мекеме, 

ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, сту-

денттер мен оқушылар жиналды. Әскери оркестр 

соғыс жылдарындағы әндерді, әскери марштарды 

ойнап тұрды. Әскерилердің сүйемелдеуімен об-

лыс басшысы Кәрім Көкрекбаев бастаған өңірдің 

атқамінер азаматтары, ардагерлер, басқармалар 

мен бөлім басшылары, облыс халқы  рет-ретімен 

«Мәңгілік алау» мемориалды кешеніне салтанатты 

түрде гүл себеттерін қойып, есімдері ел тарихында 

қалған ерлік иелерінің рухына тағзым жасады. 

Салтанатты рәсімнен кейін үнсіздік жарияланып, 

әскери сарбаздар бірнеше рет аспанға оқ атты. 

Шара төрт мың адамның қатысуымен «Қаһарман 

ұлт»  атты  халықтық  шеруге  ұласып,  жиналған 

көпшілік аталмыш мемориалды кешеннен орталық 

«Достық»  алаңына  дейін  Төле  би  көшесінің                                                 

бойымен майдан әндерін шырқап, сұрапыл соғыста 

қаза тапқан жауынгерлердің суреттері мен олардың 

есімдері  жазылған  жалаушаларды  төбелеріне 

көтеріп жүріп өтті. «Жаңа-Ру» жастар коалициясы 

ұйымдастырған ауқымды шеруді майдангерлердің 

балалары, немере-шөберелері бастап жүрді. Ал 

«Достық»  алаңына  «Қаһарман  ұлт»  халықтық 

шеруі келіп жеткен бойда негізгі мерекелік іс-шара 

басталды.  Орталық  алаңда  «Оңтүстік»  әскери 

қолбасшылығының әскери бөлімдерінің сарбаз-

дары,  ОІІД  қызметкерлері,  әскери  кафедраның 

тәлімгерлері,  мамандандырылған  колледждің 

курсанттары,  жалпы  білім  беру  мекемелерінің 

оқушылары сап түзеп тұрды. Үнтаспадан жиналған 

көпшілікке Жамбыл облысынан шыққан Кеңес 

Одағы Батырлары және «Даңқ» ордені иегерлерінің 

есімдері мен ерліктері айтылды. Тараз гарнизонының 

әскерилерін  әскери  шеру  қолбасшысы  Марат 

Құсаинов құттықтаған бойда оркестрдің орында-

уында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік 

Әнұраны ойналды. Ұлы Жеңістің 72 жылдығымен 

жамбылдықтарды құттықтау үшін сөз тізгіні облыс 

әкімі Кәрім Нәсбекұлына берілді. 

–  Ардақты Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен 

тыл еңбеккерлері, құрметті сарбаздар, қадірменді 

жамбылдықтар! Биыл адамзат тарихындағы ең 

сұрапыл соғыстағы жеңістің 72-ші көктемін қарсы 

алып отырмыз. Уақыт өткен сайын кешегі соғыс 

дүрбелеңі  алыстап  барады.  Бірақ  ол  көңілден, 

жүректен өшпек емес. Баршаңызды Ұлы Жеңіс 

күнімен  шын  жүректен  құттықтаймын.  Жеңіс 

күні – азаттық үшін жанын қиған ерлердің өшпес 

белгісі, сөнбес алауы. Бұл – батырлық пен ерліктің, 

қайсарлық пен қаһармандықтың символы. Отанға 

деген  сүйіспеншіліктің,  адалдықтың  өлшемі. 

Жеңіске  халқымыз  ержүрек  батырлығы  мен 

жауынгерлік жігерінің, бірлігінің арқасында қол 

жеткізді. Бейбітшілік орнады. Бүгінгі тәуелсіздігіміз, 

еліміздің өркендеуі – осы жеңістің жалғасы. Отан 

соғысы қазақстандықтар үшін үлкен сынақ болды. 

Соғыс өрті шалмаған шаңырақ жоқ. 1 млн 200 мың 

қазақстандықтың жартысы шайқас алаңында қаза 

тапты. 500-ден астам жауынгер Кеңес Одағының 

Батыры атанса, Жамбыл облысынан 20 жауынгер 

Кеңес  Одағының  Батыры,  жеті  майдангеріміз 

«Даңқ» орденінің толық иегері атанды. Құрметті 

ардагерлер,  сіздер  қала  мен  ауылды  көтеріп, 

өндіріс орындарын салдыңыздар, тың игердіңіздер, 

елдің қуатын нығайттыңыздар, тәуелсіз еліміздің 

гүлденуіне үлкен үлес қосып, жастарға патриоттық 

тәрбие беріп келесіздер. Бұл қажырлы еңбектеріңіз 

біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Бүгінгі бақытты 

өмір үшін жанын қиған батыр ерлердің рухына 

мәңгілік тағзым етеміз. Өкінішке орай, Жеңіс күнін 

жақындатқан жауынгерлердің қатары жыл санап 

сиреп барады. Бірақ олардың рухы мәңгі өшпейді. 

Есімдері ел жадында қалады. Ұлы ерлік ешқашан 

ұмытылмайды.  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев: 

«Ұлы Отан соғысы – ұмытылмас тарих сабағы. 

Бір жағынан, ол бізге әлемнің нәзіктігін еске сала-

ды. Екінші жағынан, адам рухының беріктігі мен 

мереКе


майдангерлерге тағзым.   суреттерді түсірген н.тұрғынбек.

қуаттылығын көрсетеді. Отанымызды қорғай білген, 

бізге бейбіт өмір сыйлаған жерлестеріміз осындай 

болған.  Біздің  парызымыз  –  елдің  қауіпсіздігін 

сақтау, Қазақстанның тәуелсіздігін қорғау» – де-

ген еді. Баршамыздың алдымызда тұрған басты                              

міндет – тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай 

сақтап, тұғырлы мемлекетімізді ғұмырлы ету, – деді 

облыс әкімі. 

Кәрім Нәсбекұлының құттықтауынан кейін мектеп 

оқушылары ардагерлерге гүл шоқтарын тарту етті. 

Алаңда «Мамыр вальсі» биін орындаған екі жүз жұп, 

екінші вальсте ардагерлерді биге шақырды. Қуанышы 

еселеніп, көздеріне жас үйірілген қарт жауынгерлер 

мен тыл еңбеккерлерін құттықтау рәсімі орталық 

алаңда арнайы ұйымдастырылған әскери көрсетілімге 

ұласты. Әскери жекпе-жектен спорт шеберлері, 

халықаралық  әскери  ойындардың  жеңімпазы 

атанған сержанттар Тимур Нұрматов пен Ерсұлтан                                                                                                     

Орынбек бастаған №03811 мамандандырылған әскери 

бөлімінің сарбаздары ұрыс алаңына бағытталған  

техникалар мен қару түрлерінен тәжірибелі тәсілдер 

көрсетіп, халықтың қошеметіне бөленсе, №85395 

әскери бөлімінің кәсіби сержанттарынан құралған 

Құрмет қарауылы қару-жарақпен әртүрлі саптық іс-

қимылдар көрсетіп, шеберліктеріне таңдандырды. 

Сондай-ақ №28903, №01731, ЖОІІД Жергілікті по-

лиция қызметкерлері, облыстық мамандандырылған 

Күзет қызметі басқармасының полиция батальоны, 

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне 

қарасты Ұлттық ұлан №5513 әскери бөлімінің сар-

баздары, Ауған соғысының ардагерлері, М.Х.Дулати 

атындағы ТарМУ әскери кафедрасының курсанттары, 

Тараз мамандандырылған колледж және сапта жүріп 

ән айту байқауларында жеңімпаз атанған гимназиялар 

мен орта мектеп оқушыларынан құралған жастар 

салтанатты сап түзеп, мерекенің мерейін асырды. 

Мерекелік шеру барысында шара жүргізушілері 

еліміздің Қарулы күштерінің тарихын, әр әскери 

бөлімнің мақтаныштарын көпшілікке таныстырып 

отырды. 


ардагер батасын берді

 

„

Жеңіс күні қарсаңында Ұлы отан соғысының ардагері 



Бердалы қарымсақұлын облыс әкімі кәрім көкрекбаев 

арнайы үйіне барып, мерекесімен құттықтады.

Шынболат СЕйДУАЛИЕВ

Ардагерді құттықтаған аймақ басшысы бейбіт өмір үшін, ұрпақтың бақытты болашағы 

үшін отқа түсіп, қайғы-қасірет шеккен, соның бәрін қайыспай жеңе білген ардагерлердің 

жанкешті ерлігі мен еңбегі ешқашан ұмытылмайтынын айтты. Сондай-ақ оған гүл 

шоқтарын беріп, бағалы сыйлық табыс етті.

– Биыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 72 жыл толып отыр. Біздің өңірден майдан 

даласына аттанған 70 мың жауынгердің жартысы елге оралмай қалған екен. Қазір облыста 

бар-жоғы 127 ардагер болса, соның бірі сізсіз. Жеңіс бізге оңай келмегені анық. Отаны-

мызды жаудан қорғап, бізге осындай бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерді елі ешқашан 

ұмытпайды. Бұл – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың парасатты саясатының арқасы. Өйткені 

әрбір ардагерді мерекемен құттықтап, көңілін аулау үшін Президентіміз бізге тікелей тап-

сырма беріп отыр, – деген өңір басшысы ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың 

құттықтау хатын тапсырды.

Бердалы Қарымсақов 1942 жылы Жамбыл қалалық әскери комиссариаты арқылы 18 

жасында әскер қатарына алыныпты. Әуелі 9 ай Өзбекстанның Ферғана қаласында әскери 

оқу-жаттығудан өтіп, Ленинградты жаудан азат ету үшін бірден майдан даласына табан 

тіреген. Жуков басшылық ететін дивизияның 250-ші запас полкі құрамында автоматшы 

болған ол Ленинград, Киев, Сталинград қалаларын жаудан азат етіп, Австрия, Венгрия, 

Германиядағы ұрыстарға да қатысқан. Елге 1946 жылы оралған ол соғыс даласында үш 

рет жарақат алыпты. Бүгінде 93 жасқа келген қарт майдангер ІІ дәрежелі «Отан соғысы» 

ордені мен «Германияны жеңгені үшін», «Қарулы күштер», «Маршал Жуков», «Тың 

жерлерді игергені үшін» медальдарымен марапатталған екен. 

 Соғыстан кейінгі жылдары мал шаруашылығында қызмет еткен Бердалы ақсақал  

елу жылын осы салаға арнапты. Қазіргі таңда 3 ұл, 9 қыздан 34 немере, 12 шөбере сүйіп 

отырған көнекөз әлі де тың.

Майдан даласында жүріп қиындықтар басынан өткерген ақсақал соғыс біткеннен кейін 

де жағдайдың бірден қалыпқа келе қоймағанын сөз етіп, бүгінгі ұрпаққа бейбіт күнді 

бағалай білуге шақырды. Облыс басшысының өзі құттықтап келгеніне риза екендігін 

білдіріп, ақ батасын берді. 

қазақ әскерінің әлеуеті зор

 

„

облыс, қала басшылығы мен 



шаһар тұрғындары т.рысқұлов 

атындағы саябақта астана қаласында 

өткен отан қорғаушылар күні 

және қр қарулы күштерінің 25 

жылдығына орай ұйымдастырылған 

әскери парадты тікелей эфирден 

тамашалады. 

Сейділдә ТӨРЕН

Еліміздің  тарихында  айрықша  датаға,  яғни  Қарулы 

күштердің  25 жылдығына тұспа-тұс келген әскери парадтың 

тікелей көрсетілімін аймақ басшысы Кәрім Көкрекбаев пен 

қала әкімі Рүстем Дәулет тамашалады. Сондай-ақ осы күні 

ұйымдастырылған Тұңғыш Президент саябағынан Төле би 

және Абай даңғылымен,  «Мәңгілік алау» мемориалынан Төле 

би және Абай даңғылымен майдандық әндерді шырқап жүріп 

өткен Тараз қалалық гарнизон бөлімшелерінің әскерилері мен 

мектеп оқушылары да елорда төрінде өткен әскери парадқа 

куә болды.  

Әскери парадқа арнайы келіп қатысқан Мемлекет басшы-

сы Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі таңда елмен бірге Қарулы 

күштер де тарихи модернизациядан өтіп жатқанын, барлық 

блоктың негізгі бағыты терроризммен күрес екендігін жеткізді. 

Сондықтан Қазақстан қай жақтан келсе де, кез келген қауіпке 

тойтарыс бере алатындығын мәлім етті.

– Біз қазіргі таңда әлемдік талаптарға сай келетін әлеуетті 

әскерімізді жасақтадық. Ел қауіпсіздігінің басты бағыттары 

айқындалды, әскери доктринамыз қабылданды. Экономика-

мыз қарқынды дамыған сайын еліміздің Қарулы күштері 

де нығая түсіп, әскери қауіпсіздігіміз «Қазақстан-2050» 

Стратегиясының басты бағдарларының бірі болып сана-

лады. Жауынгерлеріміз әлемнің әр түкпірінде бітімгерлік 

миссияларынан өтіп, оны абыроймен атқарып шықты. 

Біздің әскеріміз ТМД мемлекеттерінің ішінде алдыңғы 

қатарлы әскер ретінде дамуда, – деген Нұрсұлтан Әбішұлы 

Қарулы күштердің даму жолына кеңінен тоқталып өтті.  

5 мыңнан астам сарбаз қатысқан саптық шеру ба-

рысында қазақ әскерінің тәуелсіздік жылдарында жет-

кен жетістіктерін көрсету үшін лек-легімен танкілер, 

зеңбіректер – бас-аяғы 300-ден аса әскери техника жүріп 

өтті. Биыл алғаш рет көпшіліктің назарына багги, ква-

дроциклдер, ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттары 

ұсынылды. Ал 70-ке жуық ұшақ пен тікұшақ таңдай 

қақтырар іс-қимылдың түр-түрін жасап, авиашоу көрсетті. 

Сондай-ақ әуеде қалықтаған тікұшақтар ҚР Қарулы 

күштерінің 25 жылдығына орай аспанда қалықтап, 25 санын 

бейнеледі.  Сонымен қатар парадты тамашалаушылар алғаш 

рет өз көздерімен 2016 және 2017 жылдары әскеріміздің ар-

сеналын толықтырған су жаңа әскери техниканы, заманауи 

қару-жарақ үлгілеріне куә болды. 

Парадты шаһар тұрғындарымен тамашалаған өңірдің 

сан саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлер әскеріміздің 

ширек ғасыр ішінде қуаты артып, әлем әскерімен иық тіресе 

аларлық дәрежеге жеткендігін алға тартты. 

– Әскери шеру – мерекелік немесе көз тартарлық іс-шара 

ғана емес, Қарулы күштеріміздің жауынгерлік қуатын, 

әскеріміздің техникалық тұрғыда жабдықталуын, еліміз 

бен халқымыздың егемендігі мен қауіпсіздігін күзетіп 

жүрген әскери қызметшілердің жауынгерлік әзірлігі мен 

қабілеттілігін көрсету болып табылады. Бүгінгі парадты 

көру арқылы айбынды әскеріміздің дамығанына куә 

болдық. Осы арқылы тәуелсіздігіміздің тұғыры берік қолда 

екендігіне тағы да бір рет көзіміз айқын жетті, – дейді                     

«Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының 

бірінші орынбасары Арын Асқарбеков.


//   «Жамбыл - Тараз»  // №19 (1359), 11 мамыр  2017 Жыл  //

3

ҚАлА-ҚАрбАлАС



қос елдің ынтымағы артпақ

 

„

екі ел арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Өзбекстан 



республикасы Жизақ облысының делегациясы облыс орталығына келді. 

Шынболат СЕйДУАЛИЕВ

Тарихи  шаһарға  табан  тіреген  делега-

цияны Жизақ облысының хәкімі Ұлықбек 

Узаков бастап келіпті. Топ құрамында көрші 

ел облысының жергілікті атқарушы орган 

өкілдерінен өзге, кәсіпкерлері де бар. Сондай-

ақ Қазақстан Республикасының Өзбекстан 

Республикасындағы Төтенше және Өкілетті 

елшісі  Ерік  Өтембаев  та  топ  құрамында  

өңірдің тыныс-тіршілігімен танысты. 

Шаһарға бет бұрған Жизақ облысының 

делегациясы әуелі «Қазақ хандығына 550 

жыл» монументінде болды. Ол жерде аймақ 

басшысы Кәрім Көкрекбаев монументпен 

достығымыз жарасқан.   суретті түсірген н.тұрғынбек.

таныстырды. Сондай-ақ екі облыс басшылары 

ескерткішке гүл шоқтарын қойып, делегация 

мүшелерімен естелік суретке түсті. 

Өңір  басшысы  ағымдағы  жылдың  22                     

наурызында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен 

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің 

Ақордада  кездесуінде  екі  ел  арасындағы 

ынтымақтастық пен экономиканың маңызы 

жоғары  екендігін  айрықша  атап  өткенін 

жеткізді.

–  Өзбекстан  Республикасы  Жизақ 

облысының  басшылығы  алғаш  рет 

өңірімізге ат басын бұрып отыр. Бұл – та-

рихи жағдай. Сондай-ақ екі ел арасындағы 

қарым-қатынасты нығайтудың бастамасы. 

Алдағы  уақытта  мемлекет  басшылары 

қалыптастырған  ынтымақтастықты  одан 

әрі нығайта түсетін боламыз, – деді Кәрім 

Нәсбекұлы. Өз кезегінде Жизақ облысының 

хәкімі Ұлықбек Узаков екі елдің мәдениеті, 

тілі, ділі, діні, тарихы ұқсас екендігін айтып, 

мұндай  кездесулердің  болашақ  қатынас 

үшін үлкен маңызға ие болып отырғанына 

тоқталды. 

Мұнан  кейін  делегация  «Тараз-Арена» 

спорт кешенінде болды. Ол жерде Өзбекстан 

елінен  келген  қонақтарды  «Қазақстан  ба-

рысы»  жарысының  3  дүркін  жеңімпазы 

Бейбіт  Ыстыбаев  пен    Бразилияның  Рио-

де-Жанейро  қаласында  өткен  Паралим-

пиада  ойындарының  жеңімпазы  Зульфия 

Габидуллина бастаған өңіріміздің бетке ұстар 

спортшылары қарсы алды. Содан соң спорт 

кешенінде орналасқан арнайы залдарда бо-

лып, жас спортшылардың жаттығуларына куә 

болды. Сонымен қатар делегация  Назарбаев 

Зияткерлік мектебіне де барды. Білім орда-

сында қос облыс басшысын мектеп директо-

ры Талғат Байназаров күтіп алып, мектептің 

базасымен таныстырды. Олар бүгінде 650-ге 

жуық оқушы білім алып жатқан мектептің 

физика зертханасы, спорт залдары, кітапхана,  

робототехника және театр үйірмелеріне бас 

сұғып, жұмыс барысымен танысты. Ал бүгін 

Өзбекстаннан  келген  делегация  өкілдері 

бірқатар іс-шараларға қатысады. 

ағайынға көмектескенің абзал

 

„

«Һибатулла 



тарази» орталық 

мешітінен қарағанды 

облысының 

қарқаралы елді 

мекенінде су 

апатынан зардап 

шеккен тұрғындарға 

арналған 

қайырымдылық 

керуені  жолға 

шықты. 

Сейділдә ТӨРЕН

Бір ірі жүк көлігіне тиелген азық-түлік апаттан ауыр сынаққа ұшыраған ағайындарға бет 

түзеді. Мемлекетіміздің  барлық өңірінде қолға алынған қайырымдылық шарасы еліміздің Бас 

мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының арнайы нұсқаулығымен қолға алыныпты. Облысымыздың 

барлық аудандарындағы және қаладағы мешіттерден қолдау тапқан қайырымдылық шарасының 

нәтижесінде 20 тоннадан астам азық-түлік қоры жиналған. Оның ішінде ең қажетті ұн, қант, 

сұйық майы, көкөніс пен жеміс-жидектер және кондитерлік өнімдер бар. Орталық мешіт өкілдері 

Қарағандыдағы әріптестеріне хабарласқандарында, киім-кешек пен басқа да заттардың қажеті жоқ 

екенін жеткізіпті. Сондықтан тек азық-түлік қана жиналған екен. Оны мешітке келуші жамағат 

пен қолы ашық қайырымды жандар жинап беріпті. Қайырымдылық шарасының басы-қасында 

жүргендер қиын жағдайда қалған бауырларына қол ұшын созуды азаматтық борыш санайды. 

– «Мұсылман баласы қайсыбір мұсылманның жәрдемінде болса, оған қолдау көрсетсе, Алла 

да сол құлдарына да жәрдем көрсетеді» дейді. Алланың баршамызға қолдауы, жәрдемі бол-

сын дейміз. Өйткені қай елде ауызбіршілік болса, сол елде берекет, жақсылық және Алланың 

мейірім-шапағаты болады. Бұл шараны ұйымдастырарда халықтың мешіттің тарапынан болса 

деген ұсынысы болды. Сол ұсыныс жерде қалмай, осы жерде болып жатқаннан кейін халықтың 

атсалысуы жоғары деңгейде өтуде. Қайырымдылық бір-бірімізді жақындастырады, арадағы 

ауызбіршілікті нығайтады, – дейді облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр 

Жұмабаев. 

Ал Мойынқұм ауданының бас имамы Ерлан Бөлегенов пен облыстық мешіт жанындағы ме-

дреседе оқитын Әлішер Ахметов бастап бара жатқан керуенді Алла үйінің жамағаты, ақсақал 

Әбдіқапар Алтай ақ батасын беріп, жолға шығарып салды.   

ҚАйырымдылыҚ

мұратымыз асыл.   суретті түсірген н.тұрғынбек.

ПАрыз

сап түзеп, сарбаз болды

 

„

Өңіріміздің жас сарбаздары 



отан алдындағы азаматтық 

парызын өтеу үшін қр қарулы 

күштері қатарына салтанатты 

түрде аттанды. 

Айару БИДІЛДӘ

Өз елінің патриоты болу, әскерге барып, еліне 

қызмет ету – әрбір жас қазақстандықтың міндеті. 

Бұл  міндетті  орындау  үшін  мемлекетіміз  бар 

жағдайды жасауда. Нәтижесінде, ширек ғасырды 

артқа тастаған еліміздің қорғаныс саласы осы жыл-

дар ішінде небір белестен өтіп, небір қамалдарды 

алды. Бұғанасы бекіп, қанаты қатайды. Осы жылдар 

ішінде Елбасы, Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан 

Назарбаевтың тікелей басшылығымен жоғары 

жауынгерлік әзірліктегі әскер құрылды. Сарбаздары-

мыз бен сардарларымыздың сапасы да артты. Науқан 

сайын облысымыздан еліміздің әр өңіріне мыңдаған 

сарбаздарымыз аттанып, Отан алдындағы борышта-

рын абыроймен атқарып келуде. Олардың келесі бір 

нөпірі өткен аптада салтанатты түрде әскер қатарына 

аттанды. Осыған орай, «Көне Тараз» тарихи-мәдени 

орталығында «Әскерге бару – азаматтық борышым» 

атты облыстық патриоттық акциясы өтті. Жастардың 

бойында әскери-патриоттық тәрбие қалыптастыру, 

әскери  қызметтің  беделін  көтеру  мақсатында 

өткен шараны облыс әкімдігінің жастар саясаты 

мәселелері басқармасы мен облыстық қорғаныс 

істері жөніндегі департаменті ұйымдастырды. Әрі 

бұл жиын Ұлы Отан соғысының 72 жылдығы мен 

ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдығына арналды. 

Жастарға үлкен серпін беріп, жауынгерлік рухты 

оятқан жиынға арнайы келіп қатысқан облыс әкімінің 

бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков болашақ 

сарбаздардың  ҚР  Конституциясын  қалтқысыз 

сақтаудағы, тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, 

тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай 

күзетудегі мәртебелі қызметтеріне сәттілік тіледі. 

– Ел үшін қан кешкен қаһарман ерлерге бай 

елдің ұрпағымыз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 

жақында ғана жарық көрген «Болашаққа бағдар: 

рухани жаңғыру» атты мақаласында бабаларымыз 

ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, шапқан 

тұлпардың тұяғы тозатын ұланғайыр аумақты қорғап 

қана қоймай, сан тараптан сұқтанған жат жұрттан 

болашағын, келер ұрпағын қорғап, кең-байтақ өлкені 

мирас етілгені және келер кезеңнің жастарына үлкен 

үміт  артылып  отырғаны  айтылды.  Осы  орайда 

халқымызға тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің 

атқарып жатқан ерен қызметін жалғастырушы – 

болашақ сарбаздар. Сондықтан сіздерге зор үміт 

артылуда. Әскери борышын өтеуге бара жатқан 

жастарымызға ортамызға аман-есен оралсын деген 

тілегімді шын жүрегімнен білдіремін. Сіздерді Отан 

қорғаушылар күнімен құттықтаймын. Айбынымыз 

асқақ, байрағымыз биік болсын! – деді Бекболат 

Серікбекұлы.  

Сондай-ақ «Жамбыл облыстық генералдар кеңесі» 

республикалық қоғамдық бірлестігінің директоры 

Әбдіқапар Қазиев сөз алып, ертеңгі сарбаздарға 

қырағылық пен сәттілік тіледі. Мұнан соң күні кеше 

ғана Отар қаласындағы №21450 әскери бөлімінде 

Отан  алдындағы  борышын  өтеп  келген  Емен 

Есіркепов әскер қатарына аттанғалы тұрған заман-

дастарына Қарулы күштер сапында қызмет ету зор 

жауапкершілік екендігін айтып, өзінің сарбаздық 

тілегін жеткізді. Ал әскерге шақырылушылардың 

ата-аналарының  атынан  сөз  алған  Гүлжәмилә 

Қосаева  балаларының  әскер  қатарында  жүріп, 

еліміздің өркендеп өсуіне, гүлденуіне, тыныш әрі 

бейбіт өмір сүруіне үлес қосатынына сенімді екенін 

тілге тиек етіп, аналық ақ батасын берді. 

Шара  барысында  «Оңтүстік»  өңірлік 

қолбасшылығының  қызметкерлері  патриоттық 

әндер шырқап, жауынгерлік қойылымдар қойды. Со-

нымен қатар сарбаздар ұрыс өнерінің әдіс-тәсілдерін 

көрсетіп, өздерінің дайындықтарын көрсетті. 

Жиында ұйымдастырушылар тарапынан әскер 

қатарына шақырылған жастарға қажетті заттар 

табысталып, Отан алдындағы борышын өтеуге 30 

сарбазды салтанатты түрде әскер қатарына шығарып 

салды. Алдағы уақытта олар Аягөз қаласындағы 

құрлық әскері қатарында шыңдалатын болады. 

Жалпы көктемгі науқан бойынша өңірімізден 1500-

ден астам сарбазды әскерге жіберу қажет болса, 

бүгінгі күні олардың 700-ге жуығы әскер қатарында 

азаматтық борышын өтеуде.  




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал