186 СӘрсен аманжолов еңбектеріндегі қазақ тілі синтаксисінің МӘселелері



жүктеу 91.73 Kb.

Дата30.04.2017
өлшемі91.73 Kb.

186 

УДК 373 


 

СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ 

СИНТАКСИСІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

Ауезова Ш.С.  

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық 

институты, Арқалық қ. 

 

 



Тіл  біліміндегі  сөйлемдер  жүйесінің  бүгінгі  дамуы  мен  оның  өзекті 

мәселелерін 

танып 

білуде 


профессор 

С.Аманжоловтың 

ғылыми 

тұжырымдарын, атап айтқанда сөйлем теориясының негізгі грамматикалық 



сипаттары,  жай  сөйлем  мен  құрмалас  сөйлемнің  ара  жігін  айқындау, 

сөйлем  мүшелері  түрлерін  ажырату  критерийлері,  үйірлі  мүшелі 

конструкциялардың  жаратылысын  тану,  сөйлемдерді  топтастыру  мен 

олардың  жіктелу  принциптері,  сөйлем  теориясының  даму  жолдарына 

қатысты тұжырымдарын зерттеудің маңызы зор. 

Ал 


Б.К.Момынова: 

«Қазақ 


терминологиясы 

және 


профессор 

С.Аманжолов  қолданған  лингвистикалық  терминдер»  мақаласында:  

«Тіл  тарихынан  бастап  грамматиканың  күрделі  мәселелері  туралы  аса  зор 

ізденістерді  дүниеге  әкелген  профессор  С.Аманжоловтың  терминология 

саласына 

қатысты 


ой-пікірлерінің 

бүгінгі 


таңдағы 

қазақ 


терминологиясының  бағытына,  дамуына  тигізген  әсері  көп»,  -  деп  түйінді 

ой жасайды [1]. 

О.Сапашевтың 

«Ғұлама 


жерлесіміз» 

атты 


мақаласында 

С.Аманжоловтың  түркологияға  қосқан  үлесі,  ғалым  оқыған  Шәңгіштай 

мектебі туралы толық мағлұмат берілген. 

С.Аманжоловтың  жалпы  тіл  мәселесіне  сіңірген  еңбегі  туралы 

Э.Н.Оразалиева  «С.Аманжолов  және  жалпы  тіл  білімі  мәселелері»  деген 

еңбегінде  толық  жазып,  сипаттама  берген.  С.Аманжолов  зерттеулерінің 

желісі  тілдің  қоғамдық  ерекшелігіне  шоғырланған.  Ғалым  тілдің  барлық 

белгілерін 

оның 

қоғамдағы 



орнымен, 

әлеуметтік 

өзгешелігімен 

байланыстырады.  Мәселен,  С.Аманжолов  еңбектерінде  ұшырасатын  тану, 

дүниені  тану  ұғымдары  тек  кейінгі  жылдары  өріс  ала  бастаған  когнитивті 

лингвистика  мәселелерімен  үндесіп  жатыр.  Сол  сияқты  «гуманитарлық 

ғылым»  деген  тіркестің  орнына  ғалым  қолданысындағы  «қоғамдық  ғылым» 

ұғымы да тілшілер арасында бүгінгі күні жиі ұшырасатын болып жүр. 

К.К.Еңсебаева 

«С.Аманжолов 

синтаксис 

мәселелері 

жөнінде» 

мақаласында  ғалымның  «Қазақ  әдеби  тілі  синтаксисінің  қысқаша  курсы» 

атты  ғылыми  еңбегіне  талдау  жасап,  ғалымның  сиыстыру  проблемасын 

тұжырымдаған  ой  пікірлеріне  тоқталған.  С.Аманжоловтың  бұл  еңбегі 

жоғары  мектепте  теориялық-практикалық  жағынан  қолданылып  жүрген 

оқулықтың бірі екенін ескереміз [2]. 



187 

С.Торайғыров  атындағы  Павлодар  мемлекеттік  университетінің 

оқытушысы Г.Ә.Сәрсеке С.Аманжоловтың еңбектеріндегі даму тұжырымы 

туралы  ұтымды  талдау  жазған.  Мақалада:  «Диалектикалық  даму 

тұжырымы ғалым С.Аманжолов еңбектерінен айқын көрініс тапқан. Ғалым 

тілге  және  оның  құбылыстарына  қатысты  білдірген  ой-көзқарастары 

диалектикалық 

даму 


көзқарасымен 

тығыз 


байланысты. 

Ғалым 


еңбектерінен  тілдің,  атап  айтқанда,  синтаксис  саласының  көптеген 

мәселелеріне  диалектика  заңдарымен  қарап,  талдайтынын  байқауға 

болады» [3]. 

Қарап 


отырсақ, 

ғалым 


С.Аманжоловтың 

әр 


тілдік 

зерттеуі 

диалектикалық  даму  көзқарастарымен  ұштасып  отырады.  Бұдан  тілдің 

қалпын  дамуымен  тығыз  байланыста  зерттеудің,  тіл  жүйесінің  әр 

элементін қолданыста қарастырудың ұтымды болатынын байқауға болады. 

Сондай-ақ 

А.Д.Ботабаеваның 

«С.Аманжолов 

еңбектеріндегі 

фразеотіркестер  мәселесі»,  Ф.Ш.Оразбаеваның  «Профессор  С.Аманжолов 

ғалым  -  ұстаз»  [4].  Н.А.Абдуллинаның  «Сәрсен  Аманжоловтың  ғылыми 

мұрасы 


және 

қазақ 


филологиясының 

өзекті 


мәселелері», 

Ғ.Е.Имамбаеваның  «С.Аманжоловтың  ғылыми  мұрасы  мен  қазақ  тілінің 

дамуы»  атты  мақалалары  жарық  көрді.  Кеңес  одағы  кезінде  тарихты  бір 

таптың  мүддесінде,  сол  таптың  идеологиясы  тұрғысынан  қарастырып, 

пролетариаттық  ой-тұжырымынан  -  өткізуі  оның  тарих  танымын  теріс 

айналдыруына  әкеп  соқты.  Кеңес  өкіметі  кезінде  қазақ  тарихы  мен 

қазақтардың  шығу  тегі  туралы  мәселенің  аса  маңызды  мәселелердің  бірі 

екендігін  ұғынған  зиялылардың  бірі  С.Аманжолов  болды.  Ол  тіл  тарихын 

қазақтың  шығу  тарихымен  байланыстыра  отырып  зерттеп,  түркі  тілдес 

тайпаларға  жекеше  талдаулар  жасаған.  Орыс  тарихшыларының  бір  жақты 

жалаң  зерттеулеріне  қынжыла  талдау  жасап,  өз  ойларын  дәлелді 

факторлармен көрсете білді. 

Ғалымның 100 жылдық мерейтойына ұлы А.С.Аманжолов «Несколько 

слов  о  научном  наследии  отца»  мақаласын  ұсынды.  Онда  әкесінің  өмірі, 

шығармашылық  мұралары,  қоғамдық-саяси  қызметіне  толық  талдау 

жасаған [5]. 

Сөйлем  –  синтаксистің  басты  зерттеу  объектісі,  сан  қырлы,  көп 

аспектілі, өте күрделі құрылымдық тілдік бірлік. 

Тіл  білімінде  сөйлемге,  зерттеушілердің  айтуына  қарағанда,  300-ден 

аса  анықтамалар  берілген.  Бұның  өзі  сөйлем  табиғатының  қарама-

қайшылыққа  толы  күрделі  құбылыс  екендігін  көрсетеді.  Синтаксистік 

теорияны  қалыптастыру  барысында,  басқа  да  тілдік  тұтастықтарға 

қарағанда, сөйлемнің алар орны ерекше. 

Сөйлем  түрлерінің  қайсысы  бұрын,  қайсысы  кейін  пайда  болғаны, 

қайсысы  қай  дәуірде  көбірек  қолданысқа  ие  болғаны  туралы  пікір 

заңдылықтарға сүйенеміз. Күлтегін ескерткішінде де жалаң және жайылма 

сөйлем  молынан  кездеседі.  Ескерткіште  өткен  шақта  және  1-жақта 

бастауышы мен жіктеу есімдігі арқылы құрылған бір ғана сөйлем кездесті: 



Мен  бәңгү  таш  тоқытдым)  (КТм  11).  Мен  мәңгі  тас  (құлпытас) 

188 

орнаттырдым. Бұл сөйлемді жалаң сөйлемнің қатарына қосуға болар еді. 

Себебі  сөйлемдегі  бәңгү  таш  сөзі  жеке  де  немесе  беңгү,  бітіг  (жазба) 

сөздерімен  тіркесіп  те  қолданыла  береді.  Сондықтан  бұл  мысалды 

жайылма  сөйлемнің  құрамына  жатқызғанды  жөн  көрдік.  Бұл  сөйлемде 

бастауыш  –  мен  есімдігі  де,  баяндауыш  –  бәңгү  таш  тоқытдым  тәрізді 

құранды етістік арқылы жасалған. 

Ал, «Жамиғат-Тауарих» шежіресінің тілінде құрмалас сөйлем түрлері 

кездеседі: «Ол бү ішні ұлығ көрді уа ол насихатны қабул қылмады». Міне, 

бұл  сөйлем  бір  бірімен  «уа»жалғаулығы  арқылы  салаласып  тұр.  Мұнан 

тілдің 


грамматикалық 

құрылысының 

негіздері 

өте 


ұзақ 

уақыт 


сақталғандығын,  қоғамда  талай  замандар  бойы  қызмет  еткенін  көруге 

болады.  ХIХ  ғасырда  қазақ  тілі  ғылымын  зерттеуге  және  қазақ  тілі 

грамматикасының  алғашқы  үлгілерін  жасауда  еңбек  еткен  ғалымдардың 

бірі  А.К.Казим-Бектің  «Грамматика  турецко-татарского  языка»  (1839  ж) 

еңбегін  атауға  болады.  Бұл  еңбек  түркі  тектес  халықтардың  алғашқы 

салыстырмалы  грамматикасы  іспеттес  еді.  Еңбектің  синтаксиске  арналған 

бөлімі  –  «Сөз  тіркестері»,  онда  сөздердің  байланысу,  тіркесу  тәсілдері 

және сөйлемдердің байланысуы мен фразалық құрылысы сөз болады  

«Материалы 

к 

изучению 



киргизского 

наречие» 

деген 

Н.И.Ильминскийдің  1861  жылғы  еңбегі,  Н.И.Березиннің  1876  жылғы 



«Турецкая  хрестоматия»  еңбегінің  II  томы  қазақ  тіліндегі  зерттеулерге 

арналған.  Бұл  миссионер  ғалымдар  жөнінде  Профессор  С.Аманжоловтың 

мына  бір  пікірін  мысалға  келтіруді  жөн  көрдік:  «Қазан  революциясына 

дейін  ғасырлар  бойы  артта  қалып  келген  қазақ  халқының  қоғамдық 

тұрмысы  патриархалдық-феодалдық  сатыда  болуына  лайық,  шаруасы 

тұрақсыз,  көшпелі  мал  бағушылық  еді.  Соған  орай,  қазақ  мәдениеті  де 

өркендеп  кете  алмады.  Патшаның  отарлау  саясаты  бойынша,  қазақ 

халқының  мәдениеті,  оның  ішінде  тілі,  әдебиеті  мүлде  құртылуға, 

жойылуға  тиіс  еді...  Қазақ  тілін  зерттеп,  тексеруші  миссионерлер  де  қазақ 

тілін өркендетіп, оны сол тілдің мықты құралы болдырамын деген пікірден 

аулақ  еді.  Олар  да  отарлау  саясатын  жақсылап  жүргізудің  амалын  іздеу 

үшін,  қазақ  тілін  тексерді.  Миссионерлер  еңбектерінің  ішінде  тарихи 

құндылары  да  болды.  Сондықтан  біз  оларды  керексіз  деп  алмаймыз. 

Оларды  сын  көзбен  қарап  пайдалану  керек»  -  деді.  В.В.Катаринскийдің 

«Қырғыз тілінің грамматикасы» (1989) деген еңбегін синтаксиске қатысты 

құнды  еңбек  деп  қараймыз.  Бірақ  тіл  ғылымына  негізделіп  жазылған 

ғылыми  практиканың  болмауынан  –  біздің  ісімізді  өте  қиындатты  деп 

жазады В.В.Катаринский.  

Ең  алғаш  сөйлемнің  екі  түрін  көрсеткен  еңбек  «Қазақ  қырғыз  тілінің 

қысқаша  грамматикасы»  деп  аталады.  Бұл  еңбектің  авторы  көрнекті 

тюрколог,  Шығыс  зерттеушісі,  Петербург  университетінің  профессоры 

П.М.Мелиоранский еді. Оның еңбегі екі кітаптан тұрады: бірінші кітабы – 

фонетика  мен  морфологияға  араналды  (1894  ж.),  екінші  кітабы 

синтаксиске арналған (1897 ж.).  Екінші  кітабын ғалым екі тарауға бөлген: 

бірі  –  жай  сөйлем,  екіншісі  құрмалас  сөйлем.  Ең  алғашқы  екі  сөйлем 


189 

түрлері  осы  еңбектен  көрініс  тапты.  Аталған  еңбекте  сөйлемге  мынадай 

анықтама  берілген:  «Сөйлем  -  белгілі  бір  мағыналық  және  интонациялық 

тұтастыққа 

ие 

сөздер 


тізбегі 

ретінде 


грамматикалық 

тәртіппен 

байланысқан  адамдар  тілінің  тұтастығы.  Сөйлем  тіл  мен  ойдың  бірлігін 

көрсетеді».  

Қазақ  тіл  білімінде  синтаксисті  зерттеуде,  атап  айтқанда  сөйлем 

қырларын  зерттеуде  С.Аманжоловтың  үлесіз  зор.  Автор  еңбектерінде 

сөйлемді – синтаксистің басты тұлғасы ретінде қарастырады. 

30-жылдарда  бастауыш  сыныптарға  арналған  3  жылдық  (авторы 

Т.Шонанов),  4  жылдық  (С.Аманжолов  басқарған)  грамматикалық 

оқулықтар,  синтаксис  мәселелеріне  арналған  20-дай  мақала,  бір  жинақ, 

отызыншы  жылдың  екінші  жартысында  орта  мектептерге  арналған  екі 

оқулық шығарылды.  

«Ауыл  мұғалімі», 

«Халық  мұғалімі»  журналдары  беттерінде 

жарияланған  мақалалардың  тең  жартысына  жуығын  жазған  авторлар  – 

Х.Басымов  пен  С.Жиенбаев,  С.Аманжолов.  Бұл  еңбектердің  қай-қайсысы 

болса  да  бұрыннан  барды  кеңірек  талдап,  тереңірек  түсіндіруден, 

практикалық  грамматика  шеңберінен  шыға  алмады.  Ол  дәуір  үшін,  қазақ 

тілі  білімінің  әлі  буыны  беки  қоймаған  болашағы  үшін,  осылардың  өзі  де 

үлкен іс болатын.  

Орта  мектепке  арналған  оқулық  1936  жылы  шығарылды,  оқулық 

авторы  Қ.Жұбанов  жай  сөйлемдерді  мағынасына  қарай  және  құрылысына 

қарай жіктейді.  Бұл жіктеудің 20-жылдардағыдан, яғни А.Байтұрсыновтан 

өзгешелігі онда  «тілекті»,  «бұйрықты»  деп аталған сөйлемдерді біріктіріп, 

«хабар  сазды  сөйлем»  деп  атаған,  алдыңғыдағы  «болымды»,  «болымсыз 

сөйлем» дегендер соңғыда жоқ. 20-жылдардағы оқулықтарда сөз болмаған 

жақсыз  сөйлем  соңғы  автор  жасаған  оқу  бағдарламасында  «иесіз  сөйлем» 

деген атпен жай сөйлем құрамына енгізілген. 

1939 

жылы 


С.Аманжолов 

пен 


Н.Сауранбаев 

авторлығымен 

шығарылған  «Қазақ  тілінің грамматикасы» атты оқулықтан бастап атаулы 

сөйлем  қосылды.  Сөйтіп,  30-жылдардың  аяғына  дейін  жай  сөйлемдердің 

қазірде  аталып  жүрген  түрлерінің  барлығы  да  тегіс  қамтылды.  Сондай-ақ, 

сөйлем  мүшелерінің  құрылымдық  сипаттары  –  күрделі,  үйірлі,  бірыңғай 

мүше  дегендер  де,  кейінгі  кезде  синтаксистің  күрделі  бір  саласы  ретінде 

қаралып  жүрген  сөз  тіркесі  жөніндегі  бастама  пікірлер  де  осы  кездерде 

дүниеге  келіп  қалыптаса  бастады».  Осылардың  арқасында  40-жылдардан 

бері қарайғы жұмыстар бұрын ашылмаған тың дүниелерді ашу бағытында 

емес,  жай  сөйлемнің  болсын,  сөйлем  мүшелерінің  болсын  айқындалып, 

ашылған түрлерін кеңейте, тереңдете зерттеу бағытында жүргізілді», - деп 

көрсетеді Т.Қордабаев. 

Дегенмен де, 30-жылдардың аяғына дейінгі синтаксис саласын зерттеу 

практикалық  грамматикалар  шеңберінен  ұзап  кете  алмады.  Істелген 

жұмыстардың  барлығы  дерлік  мектеп  оқулықтарында  қамтылған 

бағдарламалық  материалдарды  кеңірек,  дәлірек  айқындауды  көздеді.  Бұл 

көлемнен  шығып,  тілдік  материалдарды  жоғары  оқу  орындарында 



190 

оқылатын теориялық курстарға сәйкес жалпы лингвистикалық принциптер 

тұрғысына 

қарап 


шешу 

талабы 


40-жылдардың 

бас 


кезінен 

басталатындығын  байқаймыз.  Бұл  онжылдық  ішінде  синтаксистің 

синтаксистің алуан түрлі мәселелеріне арналған 15 шақты ғылыми мақала, 

С.Аманжоловтың,  С.Жиенбаевтың,  Н.Сауранбаевтың,  М.Балақаевтың 

еңбектері  шыққандығы  мәлім.  1940  жылы  С.Аманжоловтың  «Қазақ  тілі 

ғылыми 


синтаксисінің 

қысқаша 


курсы» 

деп 


аталатын 

оқулығы 


шығарылды.  Автордың  мектепке  арналған  оқулық  жазу  тәжірибесінен 

ұлғайған  ой  пікірін  бұл  кітабы  Н.Я.Маррдың  «Тіл  туралы  жаңа  ілім» 

қағидаларын  қазақ  тілі  синтаксисімен  ұштастыруға  тырысқандықтан, 

бірсыпыра  теориялық  та,  практикалық  та  қателер  жіберді.  Ондай 

оқулықтардың біразы өз кезінде әділ сыналды. Осы оқу құралы өзгертіліп, 

1950 жылы қайта басылды. Бірақ синтаксис деп аталғанымен, бұл басылым 

түгелдей  дерлік  морфология  мен  синтаксис  арасындағы  аралық  ұқсас 

категорияларды  сөз  еткен.  1940  жылғы  басылымында  кеткен  теориялық 

қате тұжырымдар мұнда да өзгертілмеген. 

С.Аманжоловтың «Советтік тіл ғылымының теориялық негіздері» деп 

аталатын  мақаласында  қоғамдағы  тілдің  даму  бағытын  баяндайды.  

Мұнда  тілдің  шығуы  туралы  буржуазиялық  деп  танылатын  тілдердің 

шығуының  бір  түбірден  таралу  мүмкіндігі  туралы  ғылыми  көзқарасы 

сынға алынып, Н.Я.Марр енгізген: «Тілдердің бәрі бір атадан тараған жоқ, 

әуелде тілдер көп болған, бірақ әуелгі тілдер ұсақ келетін еді, заман өткен 

сайын  олардың  қарым-қатынасының  күшеюі  негізінде  олар  бір-біріне 

ұқсай  түсті,  ақыры  олар  бірікті,  бір  тілге  айналды»  деген  ілімі  негізгі 

теориялық  базаға  айналған  тұста  ғалым  Н.Я.Марр  теориясы  арқылы  қазақ 

тіліне  қатысты  теориялық  ойларын  шыңдады.  Осының  негізінде 

С.Аманжолов:  «Қай  ұлттың  болса  да  тіл  байлығы  сол  ұлттың  тарихының 

айнасы.  Өйткені  сөздің  бәрі  -  сананың  көрінісі.  Сондықтан  әрбір  сөз 

тарихтың дерегі болады» деп тұжырымдайды.  

Бірақ  1950  жылғы  И.В.Сталиннің  тіл  ғылымы  жөніндегі  ойларынан 

соң,  С.Аманжоловтың  Н.Я.Маррға  және  оның  іліміне  деген  көзқарасы 

қарсы бағытқа айнала бастайды. Осы жылы Кеңес өкіметі тіл ғылымының 

бұдан  кейінгі  дамуында  маңызды  рөл  атқарған  И.В.Сталиннің  «Марксизм 

және тіл білімі мәселелері» атты еңбегі жарыққа шығады. 

Н.Я.Марр  ілімінің  басты  теорияларын  сынауға  арналған  бұл  еңбектің 

маңызы  кеңестік  тіл  білімінің  құрылымдық  аспектісінде  терең  зерттеуін 

қамтамасыз  етумен  байланысты  болды.  Бірақ  сөздің  ішкі  мағынасын, 

семантикасын  зерттеуші  ғалымдар  үшін  бұл  үлкен  соққы  болды.  Кеңестік 

тіл  білімінде  Н.Я.Марр  теориясы  дәуірлеген  тұста  оның  «төрттаған» 

теориясы уағыздалды.  

С.  Аманжоловтың  «Жаңа  дәуірге  көшкен  советтік  тіл  ғылымы  және 

қазақ  тілінің  кейбір  мәселелері»  атты  мақаласы  1951  жылы  жазылды.  

Бұл  мақала  И.В.Сталиннің  еңбегін  талдап,  қазақ  тіл  білімінің  келешекте 

зерттелу  бағытын  айқындауға  тиіс,  заман  талабынан  туындаған  шығарма 

болды.  Бұнда  ғалым  еңбекті  саралап,  талдай  келе  Н.Я.Маррдың  басты 



191 

теориялық қателерін он бап негізінде жүйелеп көрсетеді. С.Аманжоловтың 

пайымдауынша,  «тілді  белгілі  бір  тап  тудырмайды.  Сондықтан  да  ол  - 

қоғамға,  қоғамның  барлық  мүшелеріне  арналған  бір  ғана  халықтық  тіл.  

Тіл  базистен  де,  қондырмадан  да  әлде  қайда  ұзақ  жасайды.  Ол  мыңдаған 

жылдар  бойы  адамдар  баласына  зор  қызмет  ететін  тіл  тек  қарым-қатынас 

құралы  ғана  емес,  даму  мен  күрестің  құралы  бола  алады».  Негізінде 

Сталиннің  тіл  туралы  еңбегі  жарық  көргенге  дейін  ғалымның  тіл  туралы 

ойы өзгеше, яғни Н.Я.Мардың еңбегін жақтағанын білеміз. Ал бұл күрделі 

бетбұрыстан кейін ғалым өз ойын мүлде қарама-қарсы өзгертіп, Сталиннің 

ілімін  жақтайды.  Керісінше  Н.Я.Маррға  ашық  қарсы  шығады.  Бұл  сол 

кездегі қатаң саясат салдарынан болғаны белгілі. Кеңестік тіл ғылымы тіл 

тарихына  дұрыс  дәлелденбеген  көптеген  өзгерістер  енгізіп  кетті.  

Қазіргі  кезде  ұлт  тілінің  тарихын  қайта  зерделеп,  нақтысын  жазу  тіл 

мамандарының еншісінде. 

С.Аманжолов  қазақ  тіл  білімінің  негізін  салушылардың  бірі,  белгілі 

түркітанушы.  Ол  -  сауатсыздықты  жоюға  бағытталған  оқу  құралдарынан 

бастап,  мектептер  мен  жоғары  оқу  орындарына  арналған  оқулықтар, 

бағдарламалар жасауға тікелей қатысқан, ана тілін оқытуды ғылыми жолға 

қоюға  елеулі  үлес  қосқан  ғалым.  Қазақ  тіл  білімінде  ол  зерттемеген  сала 

кемде-кем. Соның бірі - осыдан 42 жыл бұрын жарық көрген «Қазақ әдеби 

тілі  синтаксисінің  қысқаша  курсы»  деп  аталатын  еңбегі.  Мұнда  қазақ  тілі 

синтаксисінің  өзекті  мәселелері  жан-жақты,  терең  талданып,  алғаш  рет 

жүйелі түрде теориялық тұжырымдар жасалып, шешімін тапқан. 

Кітаптың  негізі  қолжазба  түрінде  1940  жылы  жоғары  оқу  орындары 

оқушылары  үшін  жарық  көрген  еді,  ал  кітаптың  I  бөлімі  1950  жылы 

өңделіп,  қайта  қаралып,  ресми  түрде  бірінші  рет  басылып  шықты.  

Бұл 1954 жылға дейінгі қазақ тілі синтаксисінің ғылыми курсынан бірден-

бір тұңғыш оқулық болды. 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 

1.  Момынова  Б.К.  Қазақ  терминологиясы  жалпы  тіл  білімі  мәселелері  // 

С.Аманжоловтың  ғылыми  мұрасы  және  ХХI  ғасырдағы  гуманитарлық 

ғылымдар  мәселелері  –  Научное  наследие  С.А.Аманжолова  и  проблемы 

гуманитарных 

наук 

ХХI 


века: 

Халықаралық 

ғылыми-практикалық 

конф.материалдары. ШҚМУ. – Өскемен: ШҚМУ Баспасы, 2003. -22-30 б. 

2.  Еңсебаева  К.К.  Сәрсен  Аманжолов  синтаксис  мәселелері  жөнінде.  // 

С.Аманжоловтың  ғылыми  мұрасы  және  ХХI  ғасырдағы  гуманитарлық 

ғылымдар  мәселелері  //  Научное  наследие  С.А.Аманжолова  и  проблемы 

гуманитарных 

наук 

ХХI 


века: 

Халықаралық 

ғылыми-практикалық 

конф.материалдары. ШҚМУ. – Өскемен: ШҚМУ Баспасы, 2003. -35 б. 

3.  Сәрсеке 

Г.Ә. 


С.Аманжоловтың 

еңбектеріндегі 

даму 

тұжырымдары 



С.Аманжоловтың  ғылыми  мұрасы  және  ХХI  ғасырдағы  гуманитарлық 

ғылымдар  мәселелері  //  Научное  наследие  С.А.Аманжолова  и  проблемы 

гуманитарных 

наук 


ХХI 

века: 


Халықаралық 

ғылыми-практикалық 

конф.материалдары. ШҚМУ. – Өскемен: ШҚМУ Баспасы, 2003. -40 б. 


192 

4.  Оразбаева  Ф.Ш.  Профессор  С.Аманжолов  –  ғалым,  ұстаз  //  Сәрсен 

Аманжолов  тағылымы  атты  дәстүрлі  ғылыми-теориялық  конференция.  – 

Алматы: 2000.- 6 б. 

5.  Аманжолов  А.С.  «Несколько  слов  о  научном  наследи  отца»  Ғұлама  ғалым 

С.Аманжоловтың туғанына 100 жыл. // Научное наледие С.А. Аманжолова и 

проблемы гуманитарных  наук  ХХI  века:  Халықаралық  ғылыми-практикалық 

конф.материалдары. – Өскемен: ШҚМУ Баспасы, 2003. -3-8 б. 

 

 

УДК 373 



 

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ САБАҚ САПАСЫН 

АРТТЫРУДЫҢ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ 

 

Байсеңгіров М.Қ.  

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық 

институты,   Арқалық.қ 

 

 

Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, күннен - 

күнге  үдеп  келе  жатқан  ақпараттар  ағымдары,  еңбек  нарығындағы 

бәсекелестіктің  артуы  жоғары  оқу  орнын  бітірушілерге  қойылатын 

талаптарды күшейтуде. Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат – жан-жақты, 

білімді, болашаққа жаңа көзқараспен қарай білетін және өзгерістерге, өмір 

сүруге  бейім,  өзіндік  ой-толғамы  бар,  қабілетті  жеке  тұлғаны 

қалыптастыру  болып  табылады.  Оқытушының  билік  жүргізу  әдісінен 

арылуы;  оқыту  кезінде  білім  беретін  оқытушы  емес,  осы  білімді  қызыға 

қабылдауға  дайын  студент  екендігі,  студенттердің  оқуға  деген  ынтасын 

күшейту,  өз  дербестігін  дамыту.  Осыған  байланысты  студенттердің 

шығармашылық әрекетін, білімді өздігінен ізденіс арқылы табудың жолын, 

жалпы  педагогикалық  принциптерді  басшылыққа  алу  біліктіліктерін 

көтеру  мәселесі  қойылып  отырғандықтан,  білім  беруді  ұйымдастырушы-

оқытушы  мен  білім  алушы-студенттер  арасындағы  қарым-қатынас 

дәрежесі  мүлдем  басқаша  жаңа  деңгейге  көтерілуі  тиіс.  Осының  негізінде 

оқыту  әдістері  мен  оқу  әрекеттері  түрленіп,  жұмыстың  құрылымы  да, 

мазмұны да, оны ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық мақсаты 

да  кешенді  түрде  өзгеріске  ұшырады.  Осындай  өзгерістерден  кейін  көп 

жылдардан  бері  қалыптасқан  сабақ  беру  әдістері,  оның  ішінде, 

студенттерге  дайын  білімді  бере  салу,  ұсынылған  тапсырманы  орындату, 

бір  сарынды  тапсырмалар  жүйесі  сияқты  жұмыс  түрлері  өз  актуалдығын 

жоғалта  бастады.  Оқу-тәрбие  негізі  –  сабақ.  Сондықтан  сабақ  тартымды, 

әсерлі,  мақсаты  айқын,  қызықты  және  толық  мәнді  болуы  тиіс.  

Ол  –  сонымен  бірге  басқа  ұлт  студенттеріне  қазақтың  әдебиеті  мен 

мәдениетін,  ғылымын,  өнерін  насихаттайтын  пән.  Оқытушы  сабақты 

дұрыс  жоспарлап,  мақсатын  нақты  белгілеп  алмайынша  көздегеніне  жете 

алмайды.  Сабақтың  мазмұнын,  құрылысын,  дәлдігін,  жұмыс  жүргізу 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал