№16 (173), қыркүйек, 2014 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады



жүктеу 401.59 Kb.

бет1/5
Дата29.04.2017
өлшемі401.59 Kb.
  1   2   3   4   5

Күз  келбеті

№ 16 (173),  

қыркүйек, 2014 жыл

Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады

Л.Н.  Гумилев      атындағы 

Еуразия  ұлттық  университетінің 

ректоры,  тарих  ғылымдарының 

док торы, 

 

профессор, 

Ха-

лықаралық 

педа гогика 

ғы-

лымдарының  академигі  Ерлан 

Бәтташұлы  Сыдықовтың  бас-

тамасымен  бір  топ  университет 

ғалымдары  еліміздегі  тарихи 

орындар  мен  мәдени  мұраларын 

терең зерттеу, зерделеу мақсатында 

Жезқазғандағы  Ұлытау  өңіріне 

ғылыми экспедиция жасап, барып  

қайтқан  еді.  Сол  экспедицияның 

құрамында  ф.ғ.д.,  профессор,  ҚР 

ҰҒА  академигі  Ғарифолла  Есім, 

ф.ғ.д.,  профессор  Серік  Негимов, 

«Еуразия-ақпарат»  орталығының 

директоры  Кенже  Жұмағұлов, 

ф.ғ.д.,  профессор  Аманжол  Әлтай 

т.б. ғалымдар болды.

Ұлытау  –  өзінің  тарихқа  толы  тарихи  ескерткіштерімен  ерекшеленген  қасиетті  мекен  екендігі  баршаға  мәлім. 

Ұлытауда  хандардың  ордалары,  қорықтық  аумақтары  және  тарихи  тұлғалардың  молалары  орналасқан.  Атап  айтсақ, 

Алашахан  мазары,  Жошыхан  мазары,  Домбауыл,  Хан  ордасы,  Алтыншоқы,  Едіге,  Басқамыр,  Аяққамыр,  Болған  ана, 

Теректі  әулие,  Ақмешіт  әулие  тау,  Ерден,  Сандыбай  бабаларымыздың  мазарын  және  көптеген  тарихи  жәдігерлерді 

кездестіруге болады.

Осы қасиетті өңірге іссапар жасап қайтқан ғалымдардың бірі – академик Ғарифолла Есім бұл сапардың игі нәтижесі 

ретінде университет ректоры Е.Б. Сыдықовтың тапсырмасымен «Ұлытау – ұлықтау ордасы» тақырыбында эссе жазды. 

Ғалымның Ұлытау өңірінің көне тарихын жаңа көзқараспен пайымдап, жаңаша зерделеген шығармасын оқытушылар 

мен студенттер қауымына ұсынып отырмыз.

ҰЛЫТАУ – ҰЛЫҚТАУ ОРДАСЫ

Аққайыңдар алтыннан шапан киіп,

Ауыр бұлттар төмен жүр жерге тиіп.

Селдір  тұман иіліп еңбектейді, 

Мұнарланған тауларға басын иіп.

Сон-оу көктен естілген құстар үні,

Сиқырлы үнмен  тербейді  жиі-жиі.

Егістікте қаңғыған қаңбақтар жүр,

Кетіп қапты-ау байғұстың болмай күйі.

БіЛім тАРиХыНың музЕйі

Сіркірейді ақ жауын ұзақ күнге,

Еңсең түсіп жағдайың болмай мүлде

Қара суық ұлиды ішін тартып, 

Жылы киін, ауырып қалып жүрме.

Сарыарқаға күз келді, қыс та  таяу,  

Сары белді аралап жүрмін жаяу.

Мұнар тартқан көңілдің кестесіне,

Күз суреті тоқылып жатыр баяу.  

Кенже ЖҰМАҒҰЛОВ 

(Жалғасы 9-бетте)

(Жалғасы 6-бетте)

Биылғы оқу жылына 

Л.Н.Гумилев атындағы 

Еуразия  ұлттық уни­

верситеті жақсы жаңа­

лығымен келіп отыр. 

Аталмыш білім ордасында 

 

Білім тарихы мұражайы 

ашылып, оның тұсауын 

Білім және ғылым министрі 

Аслан Сәрінжіпов кеседі деп 

күтілуде. Біздің тілшіміз ЕҰУ  

ректоры Ерлан Бәтташұлы 

Сыдықовқа  жолығып, жаңа 

мұражайдың жай­жапсары 

туралы сұрап білген еді.

Университетімізде болған 

Аслан Сәрінжіпов осы музейге 

қатысты жиналған  білім, 

ғылым және мәдениетімізге 

байланысты экспозициялық 

мұрағаттармен және көне 

жәдігерлермен танысты. 

Осы тарихымыздың құнды 

деректері  музей төрінен орын 

алады.


2

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 16 (173), 

қыркүйек, 2014 жыл

АҚПАРАТ АЙДЫНЫ

Ғылыми жобаларды қаржыландыру 

Италия профессорлары 

дәріс оқиды

Университетімізде Генуи университетінің (Италия) ректоры, 

профессор Джакомо Деферрари болып қайтты. Оның білім ордасының 

оқу жұмысы жөніндегі проректоры Абзал Талтеновпен өткен кездесуінде 

ЖОО-лар арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері  талқыланды. 

Еске сала кетейік, 2011 жылдан бастап Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 

қорытынды DoQuP (Білім беру бағдарламалары сапасының кепілдігі бойынша 

құжаттама) жобасына қатысып келеді. Жоба Еуропалық стандарттар мен 

ұстанымдарға сәйкес әріптес мемлекеттердегі (Әзірбайжан, Қазақстан, 

Қырғызстан, Тәжікстан) білім беру бағдарламаларының сапасын құжаттамалық 

қамтамасыз етуге арналған онлайн-жүйесін енгізуге бағытталған. Жобада 28 

қатысушы бар, оның үйлестірушісі Генуи университеті болып табылады. 

Кездесу Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ге саяхат жасаудан және екі ЖОО-

ның таныстырылымынан бастау алды. «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университеті секілді Генуи университеті де халықаралық ынтымақтастыққа 

бағытталған», – деп атап өтті Джакомо Деферрари. Екі ЖОО «жас 

шамасына» қарамастан (Генуи Университетінің тарихы 1471 жылдан бастау 

алса, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 1996 жылы құрылған ) екеуі де халықаралық 

ынтымақтастық, ғылыми жобалар мен академиялық ұтқырлық жобаларына 

қатысуда тәжірибелері мол. 

Қызықты деректер келтіре кетейік, Италиядағы шетел студенттерінің 

орташа саны 3-4 пайызды құрайды, ал Генуи университетіндегі көрсеткіш 10 

пайызға тең. Аталмыш ЖОО-да гуманитарлық ғылымдар бойынша білім беру 

тек итальян тілінде, техникалық мамандықтар бойынша итальян және ағылшын 

тілдерінде жүргізіледі. Сондай-ақ, гуманитарлық бағытта білім алу үшін тілдік 

курстардан өтуге болады. Ал Еуразия ұлттық университетінде білім беру қазақ, 

орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. 

Университет басшылары екіжақты ынтымақтастық мәселелерін сөз ете келе, 

білім алушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасы мен шақырылған 

профессорлар бағдарламасын дамыту қажеттігін атап өтті. Айта кету керек, 

екінші семестрде Генуи университетінің профессорлары жаңа 2014-2015 оқу 

жылында Еуразия ұлттық университетінің білім алушыларына дәрістерін оқитын 

болады. 

Ресми кездесуден соң Джакомо Деферрари және «еуразиялықтар» Еуразия 

ұлттық университеті жанындағы пәнаралық ғылыми-зерттеу кешенін аралады. 

Оқу ордамызда Мемлекеттік 

ғылыми-техникалық сараптау 

Ұлттық орталығының және ҚР 

Білім және ғылым министрлігі 

Ғылым комитетінің қолдауымен 

ғылыми жобаларды мемлекет 

есебінен қаржыландыру жөніндегі 

байқауға қатысу үшін өтініш 

дайындау жөнінде семинар өтті. 

Аталмыш шараға еліміздің әр 

аймағынан белгілі ғалымдар 

мен ғылым жөніндегі өкілдер, 

халықаралық және отандық 

сарапшылар қатысты. 

Ұйымдастырушылардың ай-

туынша,  дәл осындай шара 

Алматыда, Шымкентте және басқа 

қалаларда  ұйымдастырылмақ. 

Семинардың мақсаты – ғылыми 

жоба авторларының санын арттыру, 

сапалы өтініш дайындау, мемлекеттік 

қаржыландыру жөнінде ғалымдарды 

жан-жақты ақпаратпен қамтамасыз 

ету, сараптау шеңберінде заңды және 

құқықтық-нормативтік актілерден 

мағлұматтар беру, сондай-ақ

мемлекеттік ғылыми-техникалық 

сараптауды өткізудің негізі мен 

ережелерін кеңінен насихаттау.

Айта кету керек, Астананың 

төрінен бастау алған семинар «ашық 

микрофон» түрінде өтті. Шараға 

қатысушылар өздерін толғандырып 

жүрген мәселеге байланысты тікелей 

залдан сұрақ қойып, жауаптарын сол 

мезетте алып жатты. 

Мемлекет басшысы «Қазақстан 

2050: бір мақсат, бір мүдде, бір 

болашақ» атты Жолдауында саннан 

сапаға өту мәселесін ерекше атап 

өтті. Озық нанотехнологиялар мен 

инновацияны, ғылыми жетістіктерді 

барынша кеңінен пайдаланып, 

барлық салаға енгізу, экономиканың 

тиімділігін арттыру мәселесіне 

басымдық беріледі. Бұл – отандық 

ғылымға соны серпін беретін 

факторлардың бірі. 

«Басты мақсат – әлемнің дамыған 30 

елінің қатарына кіру»

Саяси ғылымдардың докторы, саясаттану кафедрасының 

профессоры, ҚР БҒМ «ЖОО-ның ең үздік оқытушысы - 2013» 

грантының иегері Нұртазина Роза Әутәліпқызы ҚазГЗУ-дің (Қазақ 

гуманитарлық-заң университеті) шақыртуымен халықаралық құқық, 

құқықтану, экономика және қаржы мамандығының студенттеріне 

«Қазақстан-2050» Стратегиясы - Қазақстанның әлеуметтік жетілдіру 

жобасы» тақырыбында дәріс оқыды.

Дәрістің негізгі мақсаты – студент-жастарға «Қазақстан-2050» 

Стратегиясын жүзеге асыруда өзекті мәселелерді талқыға салу. 

Дәріс оқушы профессор жаһандану жағдайындағы бағдарламалық 

құжаттың негізгі қағидалары мен оны жүзеге асыру міндеттері 

жөнінде айтып берді. 

Еске сала кетейік, 2012 жылдың 14 желтоқсанында Елбасы 

халыққа «Қазақстан-2030» Стратегиясын ұсынды. Осы орайда 

аталған бағдарламаның негізгі бағыттары айқындалды. Жолдауда 

атап көрсеткендей, Елбасы «Жеті жыл бұрын мен Үкіметке әлемнің 

бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру жөнінде міндет қойдым. 

Бұл міндетті орындадық, бірақ біз мұнымен тоқтамаймыз, алға қарай 

батыл жүре бермекпіз. Біз «Қазақстан-2030» Стратегиясымен 

жұмыс істеп, ондағы міндеттердің басым бөлігін жүзеге асырдық, 

енді өз дамуымызды 2050 жылға дейін жоспарлаудамыз. Біздің жас 

ұлтымыздың басты мақсаты – әлемнің дамыған 30 елінің қатарына 

кіру. Осы биіктікті бағындырған соң біз халқымыздың өсіп-өркендеуі 

мен сенімді болашағын қамтамасыз ететінімізге менің күмәнім жоқ» 

деген болатын. 



3

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 16 (173), 

қыркүйек, 2014 жыл

 «Start-Up» Инновациялық 

аймағы ашылды

«Ұлт саулығы – кемел 

келешектің кепілі»

«Шыңғыстау жәдігерлері»

ЕКІ ЕЛ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Университетімізде «Украи-

надағы жағдай және оның әлемдік 

даму үрдісіне әсері: дағдарыстан 

шығу жолдары» деген тақырыпта 

дөңгелек үстел болып өтті.

Украинаның Тәуелсіздік күніне 

арналған шара көрмеге қойылған 

Украина суретшілерінің картиналық 

шығармасымен танысудан басталды. 

Содан кейін меймандар украин ақын-

жазушыларының сөреге қойылған 

кітаптарын көріп, өз пікірлерін 

білдірді. 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті, ҚР Украина 

елшілігі жанындағы Украин 

ғылым және мәдениет орталығы, 

«Қазақстандағы украин Радасы» 

республикалық бірлестігі, Қазақстан-

Украина арасындағы достастық 

қауымдастығы ұйымдастырған 

шараға Украинаның Қазақстан 

Республикасындағы уақытша 

сенімді өкілі Юрий Лазебник, 

ЕҰУ проректоры, филология 

ғылымдарының докторы, профессор 

Дихан Қамзабекұлы, ҚР Білім және 

ғылым министрлігі Мемлекеттік 

тарих институты директорының 

орынбасары Амангелді Қашқынбаев, 

ҚР Парламенті Мәжілісінің 

депутаты, «Қазақстандағы украин 

Радасы» республикалық бірлестігінің 

төрағасы Юрий Тимощенко, 

Қазақстан тарихшылары ұлттық 

конгресінің жауапты хатшысы, тарих 

ғылымдарының докторы, профессор 

Зиябек Қабылдинов, Л.Н.Гумилев 

атындағы Еуразия ұлттық 

университеті жанындағы «Алаш» 

ғылыми-зерттеу институтының 

директоры Сұлтанхан Аққұлы, 

тағы басқа да белгілі ғалымдар, 

саясаткерлер, дипломаттар, 

сарапшылар мен БАҚ өкілдері 

қатысты. 

Басқосу барысында Украинадағы 

қазіргі күрделі жағдай, оның 

әлемдік даму үрдісіне әсері, әлемдік 

интеграциядағы өзекті мәселелер, 

дағдарыстан шығу жолдары, қазіргі 

қазақ-украин арасындағы достық 

қарым-қатынас кеңінен сөз болды. 

ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов «Start-Up» Инновациялық аймақтың 

тұсауын кесіп, қызыл лентасын қиды.

ЕҰУ инновациялық паркіндегі Start-up аймақ Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық 

университеті базасында құрылған теңдессіз құрылым. Оның мақсаты жас ғалымдарға бастапқы 

кезде дұрыс жөн сілтеу мен тез дамуға көмектесу болып табылады. Онда технология, энергетика, 

баламалы қуат көздері, экология, индустрия, жаңа материалдар құру мен әлеуметтік сектор 

саласындағы жобалар іске асырылады.

Жоба оған қатысушылар үшін ашық. Алайда оларды іріктеу кезінде оқу орнының түлектеріне, 

студенттеріне, магистранттарына, қызметкерлеріне басымдылық беріледі.

Инновациялық парк директоры Владимир Ким жиналған жұртшылық алдында «Стартап» 

аймағының атқаратын қызметі мен ғалымдардың жаңа жобалары жайлы айтып берді. Оның 

айтуынша, «Start-up жобалар аймағы» Л.Н.Гумилев атындағы инновациялық парктің құрылымдық 

бөлімшесі мен инновациялық кәсіпкерлікті қолдау бойынша университет бағдарламасы аясында 

ашылды. Онда үдемелі кәсіпкерлік қағидасы бойынша жұмыс жүргізіледі. Кәсіпкерлікті ерте 

кезден осылай қолдау моделі аз уақытта оны жедел дамытуға мүмкіндік береді».



Елімізде салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Жерұйық» саябағында 

«Денсаулық фестивалі –– 2014» өтті. Еске сала кетейік, аталмыш шара біздің елімізде 

15 жылдан бері өткізіліп келеді. Жыл сайын Денсаулық фестивалі қыркүйек айының 

басында өткізіліп жүр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, соңғы жылдары фестивалға 

қатысушылардың саны артып келеді. Бұл жолы «Жерұйық» саябағында Елорда 

мектептерінің оқушылары, ЖОО студенттері, әскери құрылымдардың өкілдерінің 

қатысуымен барлығы 5 мыңға жуық адам атсалысты. 

Фестиваль бағдарламасына сәйкес веложарыс, алаңда жүгіру мен мерекелік концерт пен 

бұқаралық сайыстар ұйымдастырылды. Және «Шылым шегу сән емес – еркін тыныс ал» 

атты ұранмен флеш-моб өтті. Сонымен қатар фестиваль аясында «Денсаулық қалашығы» 

ұйымдастырылды, онда дәрігерлер денсаулықты сақтау және оны нығайту бойынша кеңестерді 

тегін берді.

Сонымен қоса, жүгіруге қатысушыларға арнап қазақстандық жас эстрада жұлдыздары 

мерекелік концерт қойды. Музыкант Еркеш Хасен, «Самұрық» шоу-балеті, Төлеген Ғабдрахман, 

«Акапелло-априори» тобы, Астана черлидерлерінің командасы, сондай-ақ, Л.Н. Гумилев 

атындағы Еуразия ұлттық университетінің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.

– Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы-2050» атты Жолдауында 

«Салауатты өмір салтының орнығуы, медицинаның дамуы қазақстандықтардың өмір сүру 

ұзақтығын 80 жасқа дейін арттырады. Спортпен айналысу, дұрыс тамақтану, үнемі алдын ала 

тексерулерінен өту – бұл аурулардың алдын алудың бірден бір негізі. «Ұлт саулығы – кемел 

келешектің кепілі» деп атап көрсетілген. Олай болса, біз осы бағытта игі шаралар белгілеп, 

айтарлықтай жұмыстар атақарып жатырмыз, – дейді Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің әлеуметтік 

және азаматтық даму департаментінің директоры Әлібек Мәдібеков. 

«Денсаулық фестивалінің» мақсаты – денсаулықты сақтау және нығайту, қазақстандықтар 

арасында салауатты өмір салтын енгізу, дене шынықтыру мен спортты көпшілікке насихаттау, оны 

кеңінен дамыту болып есептеледі. Сондай-ақ жастарға темекі түтінінің зиян екенін айтып, шылым 

шекпеуге шақырды.

Биылғы фестивальді Астана қаласының әкімдігі, Жастар саясаты орталығы, ЭКСПО – 2017 

және Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы бірлесіп ұйымдастырды.

2014 жылдың жазғы далалық маусымы Тарих факультеті археология және 

этнология кафедрасының оқытушылары мен білім алушылары үшін қызықты 

мағлұматтар алу уақыты болды. Биылғы маусымда студенттер мен магистранттар 

оқытушылармен біріге отырып, университеттің «Шыңғыстау жәдігерлері» 

атты кешенді археология-этнографиялық ғылыми-зерттеу жобасы аясындағы 

экспедицияға қатысты. Экспедиция жетекшісі кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., 

доцент Ұ.Ү. Үмітқалиев болса, этнографиялық жұмыстардың басы-қасында т.ғ.к., 

доцент З.К. Сұрағанова мен т.ғ.к., доцент С.Р. Құрманова жүрді. 

Экспедиция құрамында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері мен 

магистранттарынан басқа Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік 

университетінің студенттері де болды. 

Далалық археологиялық және этнографиялық практика Шығыс Қазақстан 

облысы Абай ауданының аумағындағы Шыңғыстау баурайында болды. 

Лагерь Шаған өзені маңайында Қырық үңгір баурайында табиғаты керемет 

жерде орналасты. Лагерьге жақын жерде ақсақалдардың айтуы бойынша, 1920 

жж. М.Әуезов жергілікті балалардың сауатын ашқан Мұсатай қыстағының орны 

сақталған.

Археологиялық қазба жұмыстары Тоқтамыс (Бестамақ) ауылының маңында 

жүргізілді. Жұмыстар бір уақытта әр кезеңге жататын 5 ескерткіштерде 

жүргізілді. Некрополь жалпы алғанда қола дәуірі, сақ кезеңі, ғұн-сармат және 

түркі кезеңіне жатқызылады, олар азғантай аумақта екі қазақ қорымдарының 

арасында орналасқан. Ескерткіштердің мұндай ерекшілігі көшпелілерге тән 

болып келеді. 

Ғұн-сармат кезеңінің мұртты қорғаны мен қола дәуірінің ескерткіші қазылды. 

Қазба жұмыстарынан өзге археологтар Абай ауданы бойынша (барлығы 300-ге 

жуық қорымдар мен тұрақтар) археологиялық барлау жүргізді. Бұл ескерткіштер 

құжаттандырылды. Алғашқы рет ерте темір дәуіріне тән 300-ге жақын ескерткіш 

ғылыми айналымға енгізілді. 

Этнографиялық зерттеу жұмыстары Тоқтамыс және Сарыжал ауылдарында 

жүргізілді. Жергілікті тұрғындармен сұхбат жүргізу барысында қазақ 

халқының тарихына, мәдениетіне, топонимикасына және этнографиясына 

байланысты көптеген мәліметтер алынды. Болашақ этнологтар – студенттер 

мен магистранттар өздерінің диплом және диссертация жұмыстарына көптеген 

материалдар жинады. 

Экспедиция мүшелеріне арналған мәдени бағдарлама Абай ауданындағы 

жазушы М.Әуезовтың Бөрілідегі мұражайымен, Жидебай маңындағы Абай-

Шәкәрімнің мемориалдық кешенімен, Күшікбай батыр қайтыс болған бұлақ 

басы және Еңлік-Кебек мазарымен танысу мақсатында жүргізілді. Демалыс 

күндері зерттеушілер әйгілі үңгір Қоңыр Әулиеге барды. 

Зерттеушілер мен Бестамақ ауылы тұрғындарының арасында жылы 

қарым-қатынас орнады. Жергілікті тұрғындардың ашық-жарқын қабағы мен 

қонақжайлылығы зерттеуші-этнологтарға далалық материал жинау негізінде 

жақсы бастама болды. Ж. Молдағалиев атындағы орта мектептің оқушылары, 

тарих пәнінің мұғалімі Г.Қ. Жақманова және Бестамақ ауылының тұрғындары 

үшін экспедиция жетекшісі Ұ.Ү.Үмітқалиев қазба жұмыстарының орнында 

экспедиция ұйымдастырып, осы аймақтың ежелгі тұрғындарының ерекшеліктері 

жайлы айтып берді. 

Экспедиция жұмысы жемісті болды, бір далалық маусымда мәліметтерді 

үлкен көлемде жинау мүмкін емес, сондықтан аймақты одан әрі зерттеуді келесі 

жылы да жалғастыру жоспарланып отыр. 

Әсел БИМЫҚОВА, 

Тарих факультеті археология және 

этнология мамандығының 2 курс магистранты 


4

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 16 (173), 

қыркүйек, 2014 жыл

КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

Ф

илософия кафедрасының 



меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор, академик 

Ғарифолла Есім Отырар кітапханасының 

мәжіліс залында «философия» және 

«мәдениеттану» мамандығына түскен 1 

курс студенттерімен кездесіп, «Студент 

және қазіргі заман» тақырыбында дәріс 

оқыды. 

Академик Ғарифолла Есім бұл дәрісте 

университет және оның құрамы, сапалы 

білім алу және жұмысқа орналасу мәселелері 

төңірегінде сүбелі сөз, тұщымды ой қозғады. 

Сонымен қатар студенттердің шын мәнінде 

мақсат-міндеттерінің қалай болу керектігі 

туралы, жалпы білім мен ғылымның, олардың 

түскен мамандықтарының қыры мен сыры 

жайлы өзінің қызықты да жаңаша идеяларымен 

бөлісті. Университет табалдырығын аттаған 

жастардың болашақ бағдарын түзетіп, сенімін 

нығайтқан бұл маңызы ерекше дәрістің 

қысқаша болса да таныстыра кетуді жөн 

көрдік. 

 – Сіздерді біздің университетке оқуға 

түсулеріңізбен құттықтаймын, – деді 

академик сөзінің басында,  –  бүгінгі студент 

- білім алушы. Сіздер мектептен барлық 

білімнің негізін алып шықтыңыздар. Өмір 

сүру тәжірибесін де беретін – мектеп. Енді 

сіздер сол білімді әрі қарай жүйелеуге келіп 



Студент және қазіргі заман

отырсыздар. 

Ғалымдардың айтуынша, біз төрт қуаттың 

ішінде өмір сүреді екенбіз. Төрт қуат туралы 

мектептен-ақ біліп келдіңіздер. Бірінші қуат – 

гравитация, тартылыс заңы. Екінші қуат – адам 

электр магниттік өріс. Үшінші қуат –адамның 

жерден алатын қуаты. Адам жоғарыдан күннен 

де қуат алады. Сонда біз бұл жаратылыспен 

екі жақты байланысып тұрмыз. Төртінші қуат 

- адамзатқа ғылым, білім арқылы келген қуат. 

Мысалы, ядролық жарылыстар, бомбалар, 

атом электр станциясын пайдалану, т.б. 

Міне, осы төрт қуаттың ішінде өмір сүреміз, 

ал сіздер оның негіздерін мектепте оқып 

келдіңіздер. Енді бұған мен үш қуат қосам. 

Бесінші қуат – Жаратушы қуаты. Құдайды 

мойындамаған жағдайда – Жаратылыс қуаты. 

Жаратылыстың өзінің заңдылықтары бар. 

Жаратылыс басы – қозғалыс дейді, Шәкәрім. 

Жаратушы, Жаратылыс жер жүзінде ең 

керемет қылып нені жаратты? Әрине, Адамды 

керемет қылып жаратты. Жер бетінде адамға 

тең келетін керемет нәрсе жоқ. Ал сіздердің 

жұмыстарыңыз адамдармен байланысты. 

Адамды түсіну, адамды тану, адаммен жұмыс 

істеу деген – ең қиын мәселе. Міне, соған 

сіздер мәдениеттану, философия тарапынан 

танып келе жатырсыздар. 1961 жылы 

Ю.Гагарин Байқоңырдан космосқа ұшты. 

Қайсын Кулиев деген Балкар ақыны былай 

дейді: «Люди, люди, высокие звезды, долететь 

бы мне до вас!» - дейді. Сондағы айтқаны: 

Космосқа ұшу – техникалық, технологиялық 

міндет. Ал жаныңда отырған адамға ұшып 

жетіп бару мүмкін емес». Мейлі, жиырма 

жыл бірге өмір сүрсе де адамдар бір-бірін 

танымай өтуі мүмкін. Сондықтан ең қиыны 

– адамдардың адамдарға ұшып баруы. Ұшып 

барған адамы оны қабылдай ма деген мәселе 

туындайды. Адамдардың арасынан адам қуат 

та алады, жақсы ортада жүрсе өседі, жаман 

ортада жүрсе өшеді. Өмірдегі бар керемет те, 

бар қиындық та адамдардың арасында. 

Жетінші қуат – адамның санасы

сезімі. Мінеки, осы жеті қуаттың төртеуін 

сіздер мектепте оқып біліп келгенсіздер, 

енді осы соңғы үш қуат жайлы оқып, біліп, 

шұғылдануға келіп отырсыздар. Жаратушы 

кім?, Жаратылыс кім? Адамдар кімдер? Ол 

қалай? Адамдар өмірде ата, әже, әке, ана, іні, 

бауыр, профессор, ғалым, оқытушы, қыз т.с.с. 

қоғамда әлеуметтік орны мен мәртебелеріне 

сай өмір сүреді. Олардың рухани бағыт-

бағдарын бақылап, адамзатқа ізгілік жолын 

аша түсу үшін ізденесіздер. Сонымен студент 

ретінде  білім аласыздар. 

Жалпы университет дегеніміз не? 

Әлемде ең алғаш ХІ ғасырда Италияда Болон 

қаласында құрылды. Не үшін қажет болды? 

Қоғамда түрлі дін, саясат т.б. мәселелер 

жүйелі шешімін таппай қиын бола бастаған 

кезде білімді адамдардың зайырлы алаңы 

керек екендігі айқындалды. Білімді адамдар 

сол жерде пікірлесу керек, сонымен қатар 

өз білімдерімен бір-бірімен алмасу керек 

болды. Бұл орын «университет» деп аталды. 

Сондықтан университет дегеніміз - қоғамның 

ең алдыңғы қатарлы алаңы. Ең бірінші 

ойлар, жүйелер университетте айтылады, 

университетте сынаққа түседі, содан барып 

қоғамға шығады. Университетсіз ешбір 

мемлекет ел бола алмайды. Неге? Өйткені, 

университеттің құрамында екі күш бар: 

оқытушы профессорлық құрамы мен білімге 

құштар алдыңғы қатарлы таңдаулы білім 

алушылар. Қай заманда да білімді адамдар, 

ғалымдар құрметтеледі. Кезінде Абай: «Білім 

де өзі, мал да өзі ғылымға көңіл бөлсеңіз» - деп 

айтқан. 


Білім алудың сапалық жағын айтатын 

болсам, білімдеріңіз сапалы болу үшін 

өздігімен жұмыс жасау тәсілдерін 

үйренулеріңіз керек. Дәріс, семинардағы алған 

білімдеріңіз жеткіліксіз, аз болады. Қазіргі 

кездегі білім алудың түрлі мүмкіндіктерін 

тиімді пайдалана отырып, студент өз бетінше 

оқып, ой елегінен өткізіп сұрыптау қажет.

Сіздер төрт жыл бойы оқу оқып бітірген 

соң, кім боламын деп ойламай қойсаңыздар 

– демек, сіздердің оқуларыңыздың мақсаты 

толық емес болғандығы. Мен болашақта кім 

боламын дегенді ойлау керек. Жұмысқа шығу 

туралы сіздерге бір жаңа қағида айтсам артық 

болмас. «Оқу бітірген соң бір жерге барып 

жұмысқа орналасамын» деп ойлағаннан гөрі 

«мен оқу бітіргеннен кейін жұмыс беруші 

боламын» деп ойлау керек. Жұмыс беруші 

адам боламын деп дайындалу керек. Қазіргі 

біздің қоғамда қызметкер емес, жұмыс орнын 

беретін жастар керек. Заң бар, жағдай бар

жастарға жол ашық, мемлекеттен қолдау бар. 

Сіздерде азаматтық позиция болу керек ғой. 

Грантқа өте алмай қалған замандастарыңа, 

т.б. жұмыссыздарға жұмыс тауып беріп, 

көмектесесіңдер. 

Біз Елбасының «Бір мақсат, бір мүдде, 

бір болашақ» атты халыққа Жолдауындағы 

айтылған Мәңгілік Ел идеясы бойынша Қазақ 

елінің Мәңгілік болу үшін үлкен үлес қосатын 

жеті айқындама жасадық. 

Біріншіден, қазақ елі еш елден кем 

болмайтындай бай, ауқатты болу керек, ол 

үшін сананы байытуымыз керек. Сананың бай 

болуы байлықтың өзегі. Қазақ елінің мәңгі 

болуы үшін барлық ата-бабаларымыздың 

дүниетанымдық ұғымдарын қайта қалпына 

келтіруіміз керек. Сөйтіп, оған қуат беруіміз 

керек. Екіншіден, қазақ бай болу үшін 

қазақтар іскер болу керек. Мәдениеті озық 

халықтардан үлгі алу керек. Сондай-ақ, 

іскерлікті дамытатын пәндерді оқытуымыз 

керек. Үшіншіден, дәстүрсіз ешбір халық 

ел болмайды. Біз дәстүрді жоғалтып алсақ, 

мәңгілік ел болмаймыз. Сондықтан оқу 

бағдарламасына Дәстүр философиясы деген 

пәнді өңдеп енгізуіміз қажет. Төртіншіден, 

қыз бала, тұрмыс және бейне. Қоғамда қыз 

баланың тәлім-тәрбиесіне, жағдайына көп 

көңіл бөліну керек. Еліміздің демографиясы 

ең әуелі әйел қауымына тікелей байланысты. 

Отбасында бес бала болса халықтың 

өсімі болар еді. Бесіншіден сабақтастық 

мәселесі. Сабақтастықтың негізгі факторы 

ата, ұл, немере болып табылады. Ел бірлігі 

үш ұрпақтың арасындағы сабақтастықта. 

Сондықтан бізге Сабақтастық философиясын 

пән ретінде жасап жатырмыз. Алтыншыдан, 

адамның ар-ожданы мәселесі. Алдағы күндері 

еліміздің саясатында ар болуы үшін, болашақ 

мамандар елін, жерін, ұлтын сүйген азамат 

болып қалыптасуы үшін бұл мәселені де пән 

ретінде оқытамыз. Жетіншіден, жақсы қазақ 

идеясын қалыптастырамыз. Ел имиджін 

көтеру үшін жақсы ниетпен еңбектену керек, 

әрдайым тың дүниелерді табуға тырысу керек. 

Жақсы қазақ атансақ, еліміз мәңгі болады. 

Сіздердің білім ордасына басқан 

қадамдарыңыз құтты болсын, зайырлы 

қоғамының білімді, парасатты азаматтары 

болыңыздар!



  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал