14-қосымша Астана қаласы Білім басқармасының



жүктеу 253.98 Kb.

бет1/3
Дата04.05.2017
өлшемі253.98 Kb.
  1   2   3

Астана қаласы əкімдігінің 

2008 жылғы 15 қыркүйектегі 

№ 22-1072қ қаулысымен   

бекітілген  

 

14-қосымша 

 

Астана қаласы Білім басқармасының 

«№ 14  «Ақбөпе» балабақшасы»  

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кəсіпорнының 

ЖАРҒЫСЫ 

 

                                                1. Жалпы ережелер 

1.  Осы  Жарғы  Астана  қаласы  Білім  басқармасының  «№ 14 «Ақбөпе» 

балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кəсіпорынның (бұдан əрі – 

Кəсіпорын)  құқықтық  мəртебесін  анықтайды  жəне  құрылтайшылық  құжаты 

болып табылады. 

2.  Кəсіпорынның  құрылтайшысы  жəне  оған  қатысты  коммуналдық 

меншік  құқығы  субъектісінің  қызметін  жүзеге  асыратын  орган  Астана  қала-

сының əкімдігі болып табылады.   

Кəсіпорынның  мемлекеттік  басқару  органы  «Астана  қаласының  Білім 

басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылады. 

 

3. 


Кəсіпорын 

өз 


қызметінде 

Қазақстан 

Республикасының             

Конституциясын, 

Қазақстан 

Республикасының 

Азаматтық 

кодексін,             

«Білім туралы», «Мемлекеттік кəсіпорын туралы» Қазақстан Республикасының 

заңдарын,  Қазақстан  Республикасының  басқа  да  нормативтік  құқықтық 

актілерін жəне осы Жарғыны басшылыққа алады. 

4.  Оқу-педагогикалық  құжаттама  мемлекеттік  жəне  орыс  тілдерінде 

жүргізіледі. 

5. Кəсіпорын мыналарға бөлінеді: 

1) үлгісі бойынша: мектепке дейінгі ұйым, балабақша; 

2)  тəрбиеленушілердің  жас  құрамына  қарай:  бір  жастан  алты  жасқа 

дейінгі балаларға арналған балабақша.  

6.  Кәсіпорынның  толық  атауы:  Астана  қаласы  Білім  басқармасының             

«№ 14 «Ақбөпе»  балабақшасы»  мемлекеттік  коммуналдық  қазыналық  

кəсіпорны; 

 Кәсіпорынның қысқарған атауы: «№ 14 «Ақбөпе»  балабақшасы» МКҚК. 

7.  Кәсіпорынның  заңды  мекен-жайы:  Қазақстан  Республикасы, 010011, 

Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Мәскеу көшесі, 29/4. 

 


 

2

2. Кəсіпорынның заңды мəртебесі 

8. Кəсіпорын мемлекеттік тіркеуден  өткен  сəттен  заңды  тұлға  болып 

табылады. 

9.  Кəсіпорынның  дербес  балансы,  сондай-ақ  заңдарға  сəйкес  Қазақстан 

Республикасының  екінші  дəрежелі  банктеррінде  есеп  айыру  жəне  басқа  да 

шоттары бар, өз атауы мемлекеттік жəне орыс тілдерінде жазылған елтаңбалы 

мөрі, мөртабаны жəне белгіленген үлгідегі маңдайша жазуы болады. 

10.  Кəсіпорын  басқа  бір  заңды  тұлға  құра  алмайды  жəне  оның 

құрылтайшысы (қатысушысы)  бола алмайды. 

11.  Кəсіпорын  өз  міндеттемесі  бойынша  өз  иелігіндегі  ақшаға  жауап 

береді. 


12. Кəсіпорынды тиісті қаржылық жылға бекітілген қаржылық жоспардан 

артық шарттық міндеттемелерді қабылдауға рұқсат берілмейді. 

13. Кəсіпорын мүліктік жəне мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге ие, 

соттарда талапкер жəне жауапкер болады. 

 

3. Кəсіпорын қызметінің мақсаттары мен міндеттері 

14.  Кəсіпорынның  оқу-педагогикалық  қызметі  осы  Жарғыда  белгіленген 

мақсаттары  мен  міндеттерімен,  сондай-ақ  Кəсіпорынға  мемле-кеттік  басқару 

органы арқылы жеткізілген мемлекеттік тапсырыстармен айқындалады. 

15.  Кəсіпорын  қызметінің  мақсаты  мектепке  дейінгі  жастағы  балаларды 

тəрбиелеу,  балалардың  денсаулығын  сақтау  жəне  нығайту,  олардың  дене 

шынықтыру,  интеллектуалдық  жəне  адамгершілік  қасиеттерін  дамыту  болып 

табылады. 

16. Кəсіпорынның негізгі міндеттері: 

1) балалардың рухани жəне дене мүмкіндіктерін ашу; 

2)  адамгершілік  жəне  салауатты  өмір  салтының  берік  негізін 

қалыптастыру; 

3)  азаматтық  пен  патриотизмге  тəрбиелеу,  өз  Отаны – Қазақстан 

Республикасына  сүйіспеншілікке,  мемлекеттік  рəміздерді  құрметтеуге,  

тұлғаның  отбасының,  халықтың,  қоғамның  жəне  мемлекеттің  алдындағы  өз 

құқығы мен міндеттерін сездіру; 

4)  баланы  жан-жақты  дамыту,  олардың  даралық,  шығармашылық 

əлеуетін  қалыптастыру  үшін  өз  мəдениетінің  қайнар  көзін,  ұлттық  салт-

дəстүрлерін білуге баулу үшін жағдай жасау болып табылады; 

5) балалардың қабілетін ашу, қажеттілігін жүзеге асыру мақсатында дене, 

танымдық, шығармашылық белсенділігін арттыру; 

6)  жеке  адамның – тұспалдауының  жалпы  міндеттерінің  өмірлік             

іс-әректінің әдістерін міндетін тәрбиелеу; 

7) жаңа ортаға формалар мен әдістер құру. 

17. Кəсіпорын қызметі: 

1)  Қазақстан  Республикасы  Білім  жəне  ғылым  министрлігінің  мектепке  

дейінгі жастағы балаларға арналған оқу бағдарламаларын орындау; 


 

3

2)  қазіргі  əлеуметті-экономикалық  жағдайлары  мен  талаптарына  жəне 



оқу-тəрбие жұмысына  сəйкес затты ортанын дамуын қамтамасыз ету; 

3)  балабақшаның  оқу-əдістемелік  жəне  метариалды  базасың  жаңарту 

үшін оқу процесін модернизациясын қамтамасыз ету; 

4)  арнайы  сабақтарды,  жеке  жұмыстар  мен  ойындарды  ұйымдастыру 

арқылы балалардың психикасын дамыту; 

5)  балалардың  қызығушылығын  қанағаттандыру  жəне  қабілеттерін 

дамыту: оқу жаспарына, вариативтык жəне аторлық бағдарламарға сəйкес; 

6)  балаларды  тəрбиелеудегі  ата-аналардың  тілектерін  қанағаттандыру 

болып табылады. 

18.  Кəсіпорын  белгіленген  мақсаттарға  сəйкес,  кəсіпорын  қызметіне 

сəйкес  өз  міндеттерін  іске  асыру  үшін  мынандай  қызмет  түрлерін  жүзеге 

асыруға құқылы: 

1)  мектепке  дейінгі  мекемелерге  бармайтын  балалар  үшін  мерекелер, 

ертеңгіліктер  жəне  басқа  да  мəдени  ойын-сауық  сипатындағы  іс-шаралар 

өткізу; 

2)  театрлар,  мұражайларға  бару,  сондай-ақ  Астананың  көрікті 

орындарымен таныстыру шараларын өткізу; 

3)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  белгіленген  тəртіппен 

ақылы білім беру қызметін көрсету болып табылады; 

4) балалардың түнгі топқа келуінің, кезекші топтар, күндізгі толық емес 

топтардың сонымен қатар, балалардың жексенбі және сенбі топтарына келуінің 

жұмыстары; 

5) ата-аналар үшін ақыл-кеңес орны. 

19.  Кəсіпроын  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  мектепке  дейінгі  тəрбие 

жəне  оқыту  стандартына  сəйкес  мемлекеттік  тіл  ретінде  қазақ  тілін  білу  мен 

дамытуды, сондай-ақ орыс тілін жəне бір шет тілін оқып-үйренуді қамтамасыз 

етеді.  

20.  Кəсіпорын  қызметін  жүзеге  асыру,  сондай-ақ  осы  Жарғыда 

белгіленген міндеттері мен мақсаттарына жауап бермейтін мəміле жасауға жол 

берілмейді.  Кəсіпорынның  жасасқан  мəмілелері  оның  қызметінің  мақсат-

тарына  қайшы  келсе,  заңнамаларда  белгіленген  тəртіппен  оны  мемлекеттік 

басқару органының талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылады. 

21.  Кəсіпорын  үшін  мемлекет  тапсырысын  орындау  міндетті  болып 

табылады. 

Кəсіпорынның  тауарларды  (жұмыстар,  қызметтер)  сатып  алушы  немесе 

сатушы  ретінде  шарт  жасасушы  ретінде,  егер  бұл  шарттар  жасасу  мемлекет 

тапсырысында  қарастырылған  жағдайда,  бас  тартуға  құқысы  жоқ.  Мемлекет 

тапсырысы Кəсіпорынға мемлекеттік басқару органы арқылы жіткізіледі. 

Мемлекет  тапсырысына  қамтылмаған  өнімдерді  (жұмыстар,  қызметтер) 

өз  бетінше  Кəсіпорын  мемлекеттік  басқару  органының  келісімімен  жүзеге 

асырады. 

 


 

4

4. Кəсіпорынға бала қабылдау 

22.  Баланы  Кəсіпорынға  қабылдау  құрылтайшының  жолдамасының, 

баланының даму тарихының үзінді негізінде меңгеруші қабылдайды. 

23. Баланың Кəсіпорындағы орны мына жағдайларда сақталады: 

1) бала ауырып қалғанда; 

2)  бала  медициналық,  санаторийлік-курорттық  жəне  өзге  де  ұйымдарда 

емделгенде жəне сауықтырылғанда; 

3) ата-анасының біреуіне еңбек демалысы берілгенде; 

4) бала жаз маусымында екі айға дейінгі мерзімде сауықтырылғанда. 

24. Меңгеруші құрылтайшының келісімі бойынша баланы Кəсіпорыннан 

мына жағдайларда шығарады: 

1)  баланы  Кəсіпорындағы  ұстау  үшін  ай  сайынғы  төлемақы  уақтылы 

төленбегенде; 

2)  бала  дəлелді  себепсіз  жəне  əкімшілікке  ескертпей  балабақшаға  бір 

айдан астам келмегенде; 

3)  баланың  Кəсіпорынға  келуіне  кедергі  болатын  денсаулық  жағдайы 

туралы медициналық қорытынды болса.  

Ата-аналар  немесе  оларды  заңды  өкілдері  баласының  шыға-             

рылатындығы туралы 10 күн бұрын хабарландырылады. 



 

5. Ақылы білім беру қызметін ұсыну тəртібі 

25.  Кəсіпорын  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  белгіленген 

тəртібімен ақылы білім беру қызметін көрсетуге құқылы. 

26.  Мемлекеттік  білім  беру  тапсырысымен  қаржыланатын  негізгі  білім 

беру қызметінің орнына ақылы білім беру қызметі көрсетілмейді. 

27. Ақылы білім беру қызметінде: 

1)  репетиторлық  қызмет  көрсету  (мектепке  дейінгі  мекеменің  даярлық 

топтары үшін сағат санынан артық пəндер бойынша қосымша сабақтар өткізу); 

2)  балалардың  денсаулығын  қорғауға  жəне  нығайтуға  бағытталған 

қосымша  дене  шынықтыру-сауықтыру  бағдарламалары  бойынша  қызмет 

көрсету; 

3)  үйірме  жұмыстарын  ұйымдастыру  бойынша  қызмет  көрсету  (базистік 

оқу жоспарының аясынан тыс); 

4) Қазақстан Республикасының заңнамаларында тыйым салынбаған басқа 

да ақылы қызметтер көрсету (шет тілдерін үйрету, хореография, музыка, спорт 

секцияларын  ұйымдастыру,  медициналық  қызметтер  көрсету,  тілді  түзету 

қызметі, сенбі жəне жексенбі күндердегі топтар, кезекші топтар, күзет қызметі) 

жатады. 


28. Ақылы білім беру қызметтер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру 

стандарттары  негізінде  əзірленген  жəне  білім  беру  саласындағы  Қазақстан 

Республикасының  орталық  атқарушы  органдары  белгілеген  тəртіппен  Астана 

қаласының  Білім  басқармасымен

 

келісілген  жұмыста  қолданылатын  оқу 



жоспары (бағдарлама) бойынша ұсынылады. 

 

5

29.  Кəсіпорын  ақылы  негізде  ұсынатын  тауарларға  (жұмыстарға  жəне 



қызметтер  көрсетуге)  бағалар  Қазақстан  Республикасының  заңнамаларында       

белгіленген тəртіппен бекітілуге жатады.  

30.  Ақылы  білім  беру  қызметтері  білім  алушыларға  немесе 

тəрбиеленушілерге  ата-аналарының  немесе  өзге  де  заңды  өкілдерінің  тілегі 

бойынша  Кəсіпорын  мен  ата-аналар  немесе  өзге  де  заңды  өкілдері  арасында 

жасасқан шарт негізінде жеке кесте бойынша ұсынылады. 

          31.  Кəсіпорынға  келіп  жүретін  балалардың  ата-аналары  мен  Кəсіп-

орынның арасындағы қарым-қатынас шарттық негізінде жүзеге асырылады. 

Тəрбиелеу,  білім  беру  қызметтерін  көрсетуге  арналған  шарт  жасасатын 

тараптар  (бұдан  əрі – Шарт)  тəрбиелеу,  білім  беру  үдерісіне  қатысушылар: 

меңгеруші  тұлғасындағы  Кəсіпорын  əкімшілігі,  ата-аналар  немесе  олардың 

заңды өкілдері (қамқоршысы, тəрбиешісі) болып табылады. 

Шарт  жазбаша  түрде  жасалады  жəне  онда  Кəсіпорын  қызметінің 

ерекшеліктеріне  жəне  Қазақстан  Республикасының  азаматтық  заңнамаларына 

сəйкес барлық маңызды жағдайлары қамтылып жасалуы тиіс. 

 

6. Тəрбиелеу-білім беру үрдісін ұйымдастыру 

32. Кəсіпорында оқу мен тəрбие мемлекеттік жəне орыс тілде жүргізіледі. 

Кəсіпорын екі күн демалыспен аптасына 5 күн (10,5 немесе 12 сағаттын 

жұмыс режімі) жұмыс істейді. 

33. Кəсіпорында тəрбие, білім беру үрдісін мемлекеттік мектепке дейінгі 

тəрбие  жəне  оқу  стандартында  сəйкес  əзірленген  оқу  жоспарлары  мен 

бағдарламасы  негізінде ұйымдастырылады. 

Кəсіпорында жүзеге асыратын оқу жəне тəрбие жұмысын жоспарлау мен 

есепке  алу  тəрбиелеу-білім  беру  үрдісін  ұйымдастырудың  негізі  болып 

табылады. 

Тəрбиелеу-білім  беру  үрдісін  тəрбиеленушілердің,  педагог  қызмет-

керлердің  адамгершілік  қадір-қасиетін  өзара  құрметтеу  негізінде  жүзеге 

асырылады. 

Тəрбиеленушілерге  қатысты  күш  көрсету,  моральдық  жəне  психикалық 

қысым жасау əдістерін қолдануға жол берілмейді.    

34. Кəсіпорын тəрбиелеу-білім беру үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету 

үшін  (баланың  шығармашылық,  рухани  жəне  дене  күшінің  мүмкіндіктерін 

дамыту,  адамгершілік  негіздерін  жəне  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру) 

педагогтарға  Қазақстан  Республикасының  білім  саласындағы  орталық 

атқарушы  органы  бекіткен,  тəрбиенің,  оқытудың,  сауықтырудың  жаңа 

технологияларын енгізу, балама, авторлық бағдарламаларды таңдап пайдалану 

құқығын береді. 

35. Мектепке дейінгі оқыту балаларды мектепте оқуға бес жастан бастап 

мектепалды даярлық түрінде жүзеге асырылады. 

 


 

6

Кəсіпорынның тəрбиеленушілерінің оқу жүктемесі, сабақтың тəртібі мен 



ұзақтығы  мемлекеттік  жалпы  міндетті  мектепке  дейінгі  тəрбие  жəне  оқыту 

стандарттар  негізінде  əзірленген  мемлекеттік  мекеме  бекіткен  ережелермен 

белгіленеді.  Сабақ  кестесінде  үзілістің  ұзақтығы  балалардың  белсенді 

демалысын ұйымдастыру үшін жеткілікті болуы қарастырылады.  

36.  Педагогтар  бағдарламаны  таңдауға  жəне  оны  шығармашылықпен 

қолдау құқығына ие. 

37.  Сабақ  кестесі  Кəсіпорын  кеңесінде  қаралады  жəне  бекітіледі,  сабақ 

уақыты маусымға сəйкес өзгеруі мүмкін. 

38.  Тəрбиелеу,  білім  беру  үдерісіне  негізгі  қатысушылар  балалар,  ата-

аналар немесе олардың заңды өкілдері жəне тəрбиешілері болып табылады. 

39. Кəсіпорында əр балаға мынадай кепілдіктер беріледі: 

1) оның өмірі мен денсаулығын сақтау; 

2) оның қадір-қасиетін қорғау; 

3)  барлық  күш  көрсетудің,  моральдық  немесе  психикалық  зорлықтың 

барлық нысандарынан қорғау; 

4)  оның  мемлекеттік  жалпы  міндетті  мектепке  дейінгі  тəрбие  мен  білім 

беру  стандарттарына  сəйкес  шығармашылық  қабілеті  мен  қызығуларын 

дамыту; 


5) сапалы мектепалды даярлықтан өтуі; 

6) дамуындағы кемшіліктерді түзету үшін білікті көмек алу; 

7)  баланың  бейімділігіне,  қабілетіне,  тілегіне  жəне  денсаулығына  сəйкес 

қосымша білім беру, сауықтыру қызметтерінің көрсетілуі. 

40.  Ата-аналардың  немесе  олардың  орнындағы  адамдардың    мынадай 

құқықтары бар: 

1)  мектепке  дейінгі  ұйымдарды  баланың  денсаулығының  жайына,  жеке 

дара ерекшеліктері мен бейімділігіне сəйкес таңдау; 

2)  ата-аналар    комитетінің,  мектепке  дейінгі  ұйым  Кеңесінің,  педаго-

гикалық кеңесінің жұмысына қатысу; 

3)  тəрбиелеумен  жəне  оқытудың  мəселелері  бойынша  консультациялық 

көмек алу; 

4) өз балаларын үлгеріміне, мінез-құлқына қатысты ақпарат алу; 

5)  Кəсіпорынның  қазірғі  Жарғысына,  Кəсіпорын  мен  ата-ана  немесе 

олардың орнындағы адамдар арасындағы келісім-шартына сəйкес балаға дұрыс 

қарауды, күтүді, тəрбиелеуді жəне дамытуды талап ету; 

6)  Кəсіпорындағы  балалармен  жүргізілетін  жұмысты  жəне  қосымша 

қызмет түрлерін ұйымдастыруды жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу. 

41. Ата-аналардың  немесе олардың орнындағы адамдардың міндеттері: 

1)  Жарғы  мен  ішкі  еңбек  тəртібі  ережелеріндегі  өз  құқығы  мен  міндет-

теріне қатысты жағдайларды орындауға; 

2)  балалардың  өмірі  үшін  салауатты  жəне  қауіпсіз  жағдайлар  жасау, 

олардың интеллектуалдық жəне дене-тұлғалық мүмкіндіктерін дамытуды жəне 

адамгершілік тұрғысында қалаптасуын қамтамасыз ету; 



 

7

3)  тəрбие-білім  беру  үдерісінде  мемлекеттік  мекеменің  педагогтарымен 



ынтымақтасу  жəне  бес  (алты)  жастағы  баланың  мектепалды  даярлығын 

қамтамасыз ету; 

4) балалардың баруын қамтамасыз ету; 

5)  баланы  мектепке  дейінгі  ұйымда  тəрбиелеу  ақысын  уақытында  төлеп 

отыру.   

 

7. Кəсіпорынды басқару 

42.


 

Кəсіпорынды 

басқаруды 

жалпы 


Қазақстан 

Республикасы 

заңнамаларына  сəйкес  белгіленген  мемлекеттік  басқару  органы    арқылы  іске 

асырылады. 

Мемлекеттік    басқару  органы  заңнамада  белгіленген  тəртіппен  мына 

қызмет түрлерін орындайды: 

1) Кəсіпорын қызметінің басымдық бағыттарын белгілейді; 

2)

 



Кəсіпорынға  берілген    мүлкті  тиімді  орнымен  пайдалануын  жəне 

сақталуын бақылауды жүзеге асырады; 

3)  Кəсіпорынға  қажетті  əдістемелік  жəне  консультациялық  көмек 

көрсетеді; 

4)  Кəсіпорынды  басқару  органының  құрылымын,  қалыптасуын, 

өкілеттілік мерзімін,  шешімдерін қабылдау  тəртібін белгілейді;  

5)

 

Кəсіпорын  басшысының  (меңгерушісінің)



 

құқығын,  міндеттерін, 

жауапкершілігін, оның лауазымынан  босатуға негіздеме белгілейді; 

6)  Кəсіпорынға    мемлекеттің    тапсырысын    жеткізеді  жəне  оның  орын-

далуын бақылау; 

7)

 



Кəсіпорынның

 

құрылымын жəне шектік штаттық санын бекітеді; 



8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен  оның құзыретіне жататын 

басқа да мəселелер бойынша шешім қабылдайды. 

43.  Мектепке  дейінгі  тəрбие  мен  оқыту  мазмұнының,  деңгей  мен 

сапасының  мектепке  дейінгі  тəрбие  мен  оқытудың  жалпыға  міндетті 

мемлекеттік  стандарты  талаптарына  сəйкестігін  анықтау  үшін  мемлекеттік 

басқару  органы  Кəсіпорынды  мерзімділігі  бес  жылда  бір  рет  мемлекеттік 

аттестаттауды жүргізеді.

 

44.  Кəсіпорын  басшысын  (меңгерушісін)  мемлекеттік  басқару  органы 



заңнамада  белгіленген  тəртіптен  Қазақстан  Республикасының  Еңбек  туралы 

кодексімен сəйкес еңбек келісім шартымен қабылдайды. 

45.  Кəсіпорын  басшысы  (меңгерушісі)  мемлекеттік  басқару  органына 

тікелей  бағынады    жəне  мемлекеттік  мекеменің  жұмысын  басқарады,       

мемлекеттік  мекемеге  тапсырылған  міндетін  атқаруға  жеке  жауапкершілік 

алады. 


 

46.  Кəсіпорын  басшысы  (меңгерушісі)  дара  басшылық  қағидасын 

ұстанады жəне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жəне осы Жарғыда 

белгіленген  құзыретіне  сəйкес  Кəсіпорын  қызметін  мəселелерін  өз  бетінше 

шешеді. 


 

8

 47. 



Кəсіпорын  басшысының  (меңгерушісінің)  құзыретіне  мынадай 

қызметтерді жүзеге асыру кіреді: 

          1) Кəсіпорын атынан сенімхатсыз əрекет етеді, 

          2) барлық ұйымдарда Кəсіпорын мүддесін қорғайды;  

          3) Кəсіпорын мүлкін басқарады; 

          4) шарттар жасасады; 

          5) сенімхаттар береді; 

          6)  қызметкерлердің  іссапарын,  сынақтан  өтуін,  Қазақстандық  жəне 

шетелдік  оқу  орталықтарында  оқуын,  біліктіліктерін  арттырудың  басқа  да 

түрлері жөніндегі жоспарларын бекітеді; 

          7) банк шоттарын ашады жəне басқа да мəмілелер жасайды; 

          8)  барлық  қызметкерлерге  міндетті  бұйрықтар  шығарады  жəне  нұсқау 

береді; 

          9)  Қазақстан  Республикасының  Еңбек  туралы  кодексімен  сəйкес 

қызметкерлерді қабылдайды жəне жұмыстан босатады; 

          10)  Кəсіпорын  қызметкерлерін  көтермелейді  жəне  тəртіптік  шара 

қолданады;  

11)  Кəсіпорынның  мемлекеттік  басқару  органы  келісім  бойынша  өзінің 

орынбасарларын тағайындайды жəне қызметінен босатады; 

          12)    өз  орынбасарларының  жəне  Кəсіпорынның  басқа  да  басты 

қызметкерлерінің міндеттерін жəне өкілеттілігін анықтайды; 

          13)  мемлекеттік  мекемеде  мектепке  дейінгі  тəрбиелеу  мен  оқытудағы 

мемлекеттік  жалпы  міндетті  стандартқа  жəне  санитарлық-гигиеналық  нормаға 

сəйкес тəрбиелеу, оқыту үрдісіне жағдай жасайды; 

          14)  балалар  мен  жанұялардың  мүдделерін  қанағаттандыру  бағытында 

қосымша қызмет көрсету үйымдастырады; 

          15)  баланы  Кəсіпорынға  қабылдағанда  ата-аналарды  немесе  олардың 

орнындағыларды  осы  Жарғымен,  тəрбиелеу  оқыту  қызметіне  құқық  берілген 

лицензиямен жəне қабылдауды реттейтін басқа да құжаттармен таныстырады; 

          16)    заңнамада  белгіленген  тəртіпте  тəрбиеленушілердің,  Кəсіпорынның  

қызметкерлерінің  құқығы  мен  бостандығын  бұзғаны  үшін  құзыретіне 

жатқызылған  қызметтерді  орындамаған  үшін;  мектепке  дейінгі  тəрбие  мен 

оқытудың  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартының  талаптарын 

орындамағаны үшін жауап береді; 

          17)    заңнамада,  осы  Жарғымен  жəне  мемлекеттік  басқару  органымен 

жүктелген басқа да қызметтерді жүзеге асырады.  

48.  Кəсіпорынды  басқару  дара  басшылық  жəне  алқалық  басқару 

қағидаттары  негізінде  құрылады.  Мектепке  дейінгі  ұйымдарды  жалпы 

басқаруды  жүзеге  асыратын  жоғарғы  орган  еңбек  ұжымы  кеңесінің  қызметін 

жүзеге асыратын мектепке дейінгі ұйымдар Кеңесі болып табылады. 

 

 


 

9

 49. 



Кеңестің  құрамына:  Кəсіпорынның  басшысы  (төраға),  оның 

орынбасарлары,  педагогтар,  тəрбиешілер,  психолог  кіреді.  Кеңес  мектепке 

дейінгі  ұйымдар  қызметтерін    ұйымдастырудың  барлық  маңызды  мəселелері 

бойынша  шешімді  ашық  дауыс  беру  арқылы  қабылдайды.  Дауыс  тең  болған 

жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі. Мектепке 

дейінгі  ұйымның  кеңестің  жұмысын  ұйымдастыру  ережелерін,  оларды  сайлау 

тəртібін  қоса  алғанда  Қазақстан  Республикасының  білім  беру  саласындағы 

орталық атқарушы органы бекітеді. 

50.  Мектепке  дейінгі  ұйымның  кеңестің  басты  міндеттері:  білім  беруді 

дамытудың  мемлекеттік  бағдарламасын  іске  асыру  жөніндегі  педагогикалық 

ұжымның күшін біріктіру, білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымының 

қызметін  педагогикалық  жұмысты  жəне  оқу-тəрбие  жұмыстарын  жетілдіруге 

бағыттау,  білім  тəрбиеленушілердің  бітіріп  шығуына  қатысты  мəселелерді 

шешу болып табылады.   

 

8.  Еңбек ұжымының мүшелері, олардың құқығы мен міндеттері 

51. Еңбек ұжымының мүшелері Кəсіпорын олар үшін негізгі жұмыс орны 

болып  саналатын  тұлғалар  (басшысы  жəне  оның  қызметкерлері)  болып 

табылады. 

52.  Кəсіпорын  қызметкері  біліктілік  талаптарына  жауап  беретін  кез-

келген азамат бола алады. 

53.  Кəсіпорын  басшысы  мен  оның  қызметкерлері  арасындағы  қарым-

қатынас    Қазақстан  Республикасының  Еңбек  туралы  кодексімен  сəйкес  еңбек 

шарты негізінде жүзеге асырылады. 

54. Кəсіпорын қызметкерлері құқылы: 

1)  өзінің  лауазымы  мен  мамандығына  сəйкес  Кəсіпорынның  қызметіне 

қатысуға; 

2)  мектепке  дейінгі  тəрбие  мен  оқытудың  мемлекеттік  жалпы  міндетті 

стандарттарын  орындаған  жағдайда  қызметінің  жəне  ұйымдастырудың 

тəсілдері мен нысандарын таңдау еркіндігі; 

3) еңбек ұжымының талқылауына Кəсіпорынның қызметіне қатысты кез-

келген мəселелерді қоюға; 

4) қызмет лауазымының өсуі, санатын көтеру мақсатында аттестациядан 

мерзімінен бұрын өту; 

5) біліктілік санатына жəне штаттық кестеге сəйкес кепілді жалақы алуға; 

6)  педагогтік  қызметтегі  табыстары  үшін  мемлекеттік  наградалар, 

құрметті  атақтар,  сыйлықтар  түріндегі  моральдық  жəне  материалдық 

көтермеленуге; 

7)  Қазақстан  Республикасының  Еңбек  туралы  кодексімен,  сондай-ақ 

мектепке  дейінгі  салаға  қатысты  басқа  да  нормативтік  құқықтық  актілер 

реттейтін басқа құқығы болуға. 

55. Кəсіпорын қызметкерлері міндетті: 


 

10

1)  осы  Жарғыны  сақтауға,  Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы 



заңнамаларға қайшы келмейтін басшының нұсқауларын орындауға; 

2)  техникалық  қауіпсіздікті,  өзінің  лауазымдық  міндеттерін  жəне 

Кəсіпорынның ішкі тəртіп ережелерін сақтауға; 

3)  балалардың  денсаулығы  мен  өмірін  қорғауға,  оларға  салауатты  өмір 

салтын ұстауды тəрбиелеуге; 

4)  тəрбиеленушілердің  мектепке  дейінгі  тəрбие  мен  оқытудың 

мемлекеттік  жалпы  міндетті  стандарттарында  көрсетілген  деңгейде  дамуын 

қамтамасыз ету; 

5)  өзінің  кəсіптік  шеберлігін,  зияткерлік,  шығармашылық  жəне  жалпы 

ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға; 

6) бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтуге; 

7) педагогикалық əдеп нормаларын сақтауға; 

8)  тəрбиеленушілердің  жəне  олардың  ата-аналарының  абыройы  мен 

арнамысын құрметтеуге міндетті; 

9) өз біліктілігін көтеруге; 

10) уақыттылы дəрігерлік тексеруден өтуге; 

11)  балаларды  күту  жөнінде  қолданыстағы  медициналық-педагогикалық 

жазбаша өкімді басшылыққа алуға; 

12)  Қазақстан  Республикасының  заңнамаларында  белгіленген  тəртіп 

бойынша өз міндеттерінің орындалуына жеке жауапкершілік алуға;  

Балалардың  денесіне  немесе  моралдық-психологиялық  зиян  келтірген 

қызметкерлер  Қазақстан  Республикасының  заңнамаларымен  белгіленген 

тəртіппен жауапкершілік алады.    

 



  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал