14-дегі қоғамдық тыңдауда Жамбыл аудандық ветеринария бөлімі басшысының жұмысы туралы есебін талқыланатынын хабарлайды. Байланыс телефондары



жүктеу 483.35 Kb.

бет1/5
Дата10.09.2017
өлшемі483.35 Kb.
  1   2   3   4   5

Қоғамдық  

кеңесте

Жамбыл ауданының қоғамдық 

кеңесі 2017 жылғы  шілденің 

14-дегі қоғамдық тыңдауда 

Жамбыл аудандық ветеринария 

бөлімі басшысының жұмысы 

туралы есебін талқыланатынын 

хабарлайды.

Байланыс телефондары:

2-13-84, 2-07-79;

Өтетін орны:

ЖАМБЫЛ АУДАНЫ 

ƏКІМДІГІНІҢ ҒИМАРАТЫ

Басталатын уақыты: 

сағат 10-00

 

Жамбыл аудандық қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық басылым

 

                         



  atameken1932@mail.ru

...Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.



Жамбыл

                                                               

АТАМЕКЕН

№ 25 (5860)

24 маусым,

сенбі, 2017 жыл

Газет


1932 жылдан 

бастап


шығады  

Құрметті мемлекеттік қызметшілер! 

Сіздерді  23  маусым  –  Мемлекеттік 

қызметшілер  күні  мерекесімен  шын 

жүректен құттықтаймын.    

Өркениеттің өріне қадам басқан әрбір 

мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы 

мен саясатын алға апарушы мемлекеттік 

қызметкер  екені  белгілі.  Сондықтан 

ұлт  мәртебесін  көтеретін,  ел  абыройын 

асқақтататын  мемлекеттік  қызметкер 



♦ 23 маусым – Қазақстан Республикасы мемлекеттік  қызметшілер күні  

Биліктің  биік  

бейнесі

болу  –  мәртебелі  міндет.  Өйткені, 

мемлекеттік  қызметші  –  биліктің  биік 

бейнесін,  іскерлік  қабілетін  көрсетеді. 

Ауданның  қарқынды  дамуы  да  сіздердің 

шеберліктеріңізге,  тәжірибелеріңіз  бен 

жігерлі ұмтылыстарыңызға байланысты. 

Бүгінгі  мереке  күні  ауданның 

мемлекеттік  қызмет  саласында  ұзақ 

жылдар  бойы  жемісті  еңбек  етіп, 

зейнеткерлік 

демалысқа 

шыққан 

ардагерлеріміз    –  Владимир  Петрович 



Новаковскийді,  Мұхтар  Шынтеміровті,  

Әділжан 


Байсариевті, 

Нұрғайша 

Таусарованы,  Түйметай  Өзенбаеваны, 

Амандық 


Шормақовты, 

Наталья 


Ильинична 

Спивакованы 

және 

басқаларын төл мерекелерімен құттықтап, 



отбасына амандық-саулық тілеймін.

Халқымызда  «Билігі  мықты  елдің 

–  тірлігі  құтты»  деген  даналық  бар. 

Сондықтан  қашан  да  жүгі  ауыр  билік 

міндетінің  мақсаты  биік  екені  барлық 

мемлекеттік  қызметшілердің  жадында 

жүруі  керек.  Мемлекеттік  қызметшінің 

басты  міндеті  Отаны  мен  халқына  адал 

қызмет етумен бағаланады.

Ақындар  мен  батырлар  елі  атанған 

қасиетті  ауданымыздың  ең  басты 

рухани  байлығы  мен  күш-қуаты  біздің 

қалыптасқан  берік  дәстүріміз  бен 

мызғымас  ынтымағымызда.  Ендеше, 

әрдайым елдігімізді, бірлігімізді көрсету, 

аудан абыройын асқақтату – мемлекеттік 

қызметші  ретіндегі  басты  борышымыз, 

қасиетті  міндетіміз.  Осынау  қиындығы 

мен  қуанышы  мол  абыройлы  қызметті 

атқаруда баршаңызға табыс тілеймін.



Жандарбек  ДАЛАБАЕв,

Жамбыл ауданының әкімі.

Ел  күзетіндегі  ерендер  марапатталды

Ауданның жергілікті атқарушы органдарында 

266  мемлекеттік  қызметші  бар,  олардың  

17-і  аудан  әкімі  аппаратында,  70-і  аудандық 

бөлімдерде,  179-ы  ауылдық  округ  әкімдерінің 

аппаратында қызмет атқарады. 

Қазақстан  Республикасының  Президенті 

Нұрсұлтан 

Әбішұлы 

Назарбаевтың 

бес 

институттық  реформаны  жүзеге  асыруға 



бағытталған    «Ұлт  жоспары 

– 

100  қадам: 



баршаға  арналған  қазіргі  заманғы  мемлекет» 

атты іс-қимыл жоспарының алғашқы 15 қадамы 

мемлекеттік басқару мәселелеріне арналған.

Қазақстан  Республикасының  «Қазақстан 

Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» 

Заңы  бойынша  мемлекеттік  қызмет  құрудың 

карьералық тәртібі енгізілді.  Әрбір мемлекеттік 

қызметке  орналасушы  мемлекеттік  қызметті  ең 

төменгі  лауазымнан  бастайды  және  карьералық 

өсу  үшін  төменгі  лауазымдарда  белгіленген 

мөлшерде жұмыс тәжірибесі болуы міндеттеледі. 

Биылғы  жылдың  басынан  бері    аудан 

бойынша  төменгі  лауазымдарға  орналасуға  24 

конкурс жарияланып, олардың нәтижесі бойынша  

18 адам мемлекеттік қызметке тағайындалды. 

Ашықтық  пен  объективтілікті  қамтамасыз 

ету 

мақсатында 



мемлекеттік 

қызметке 

қабылдау  конкурстарына  аудандық  мәслихат 

депутаттары, “Нұр Отан” партиясы филиалының 

қызметкерлері,  аудандық  газеттің,  мемлекеттік 

қызмет  департаментінің  өкілдері  бақылаушы 

ретінде қатысуда. 

Аудандық  мәдениет  үйінде  Қазақстан 

Республикасы полиция күнінің 25 жылдығы  атап 

өтілді. 


Мемлекеттік  қызмет 



 мəртебелі  міндет

Мемлекеттік  қызметшілерді  3  жылда  1 

рет  оқыту  жүйесін  жүзеге  асыру  мақсатында 

бекітілген  кестеге  сәйкес  жыл  басынан  бері    22 

мемлекеттік  қызметші  біліктілігін  арттырды 

немесе қайта даярлаудан өтті. 

Биылғы  жылы  Ұлт  жоспарында  белгіленген 

тапсырма  бойынша  аудандағы  266  мемлекеттік 

әкімшілік  қызметшінің    аттестаттауға  жататын 

181-і кешенді аттестаттаудан өтті.

Аудан  бойынша  73  көпбалалы  және 

жалғыз  басты  аналар,  мүгедек  балалары  бар 

аналар,  арнайы  тексеру  нәтижелері  келмеген 

мемлекеттік  қызметшілер  және  зейнеткерлік 

жасқа  жақындағандар  аттестаттау  сынағынан 

босатылды. 

Аттестаттау  үш  кезеңге  бөлініп  өткізілді. 

Ауданның  мемлекеттік  қызметшілері  аттестат-

таудың екінші және үшінші кезеңдеріне қатысты. 

Аттестаттаудың  екінші  кезеңінде  аудан  әкімінің 

орынбасарлары,  аудандық  мәслихат  пен  аудан 

әкімі  аппаратының  басшылары,  ауылдық  округ 

әкімдері,  аудандық  бөлім  басшылары,  барлығы 

37  мемлекеттік  қызметші  аттестаттаудан  өтіп, 

нәтижесінде  35  мемлекеттік  қызметші  атқаратын 

қызметіне  сай  келеді  деп  танылды,  ал  екеуіне 

қызмет  бабында  жоғарылату  туралы  ұсыныс 

берілді. 

Аттестаттаудың  екінші  кезеңіне  аудан  әкімі 

аппаратының  бөлім  басшылары,  ауылдық  округ 

әкімдерінің орынбасарлары, аудандық бөлімдердің 

сектор  меңгерушілері,  аудандық  бөлімдер 

мен  ауылдық  округ  әкімдері  аппаратының  бас 

мамандары және жетекші мамандары қатысты. 

Барлығы  144  мемлекеттік  қызметші 

аттестаттаудан  өтіп,  аттестаттау  қорытын-

дысында  132  мемлекеттік  қызметші  атқаратын 

қызметіне сай келеді деп танылды,  9 мемлекеттік 

қызметші  қызмет  бабында  жоғарылатуға,  3 

мемлекеттік  қызметші  төмендетуге  лайық  деп 

танылып, тиісті ұсыныстар берілді. 

2018  жылдың  1  қаңтарынан  бастап 

мемлекеттік  қызметшілерге  еңбекақы  төлеудің 

жаңа 


әдістемесі 

қолданысқа 

енгізіледі.  

Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауда 

Алматы  облысы  әкімдігінің  2016  жылғы 

24  ақпандағы  №  95  қаулысымен  бекітілген 

«Б»  корпусының  әкімшілік  мемлекеттік 

қызметшілерінің  қызметін  бағалау    әдістемесі 

басшылыққа алынуда. Бұл мақсатта мемлекеттік 

қызметшілердің  266  жеке  жұмыс  жоспарлары 

жасалып,  бағалау  жөніндегі  комиссиялар 

құрылды. 

Қорыта айтқанда, мемлекеттік қызметшінің 

халыққа қызметі абыройлы болуы үшін барлық 

мүмкіндіктер  қарастырылуда.  Бұл  тұрғыда 

әр  мемлекеттік  қызметші  өзіне  жүктелген 

жауапкершілік  жүгін  жете  түсініп,  азаматтарға 

сапалы қызмет көрсетуді басты мақсат тұтқаны 

абзал.

А.НҰРПЕЙІСОв,

аудан әкімі аппаратының басшысы.

істер  бөлімі  бастығының  орынбасары,  полиция 

полковнигі Сауытбек Қалысбаевқа,  аудандық ішкі 

істер  органы  ардагерлер    ұйымының  төрайымы, 

істер бөлімінің жедел кезекші көмекшісі, полиция 

старшинасы Ілияс Әмірханов «Алғыс хат» алды.

Аудандық  ішкі  істер  бөлімі  бастығының 

грамотасымен 

 

криминалдық 



полиция 

бөлімшесінің аға жедел уәкілі, полиция майоры 

Айдын Қыйсаев,  жергілікті полиция қызметінің 

учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры 

Сайлаухан  Төлеубек,  лицензиялық  рұқсат  беру 

жүйесінің    аға  инспекторы,  полиция  капитаны 

Қайрат  Ниязбеков,  жедел  криминалистика  

тобының  инспекторы,  полиция  аға  лейтенанты 

Рамазан  Темір,  ақпараттық  аналитика  тобының 

технигі, полиция аға сержанты Мерей Қойшыбаев, 

уақытша ұстау изоляторының айдауылы, полиция 

старшинасы Бекдос Мырзаханов марапатталды.

Алматы  облысы  ішкі  істер  департаменті 

ардагерлер  кеңесінің  марапаты  аудандық  ішкі 

істер  органы  ардагерлер  ұйымының  төрайымы, 

полиция  подполковнигі  Күлсара  Толымбековаға 

берілді.

Сондай  ақ,  облыстық  ішкі  істер  депар-

таментінің  ардагерлер  ұйымы  «Қазақстан 

полициясының 25 жылдығы» мерекесі құрметіне 

«Генерал-лейтенант  Шырақбек  Қабылбаев» 

және  «Генерал-лейтенант  Мақан  Есболатов» 

төсбелгісімен  және  «Совет  милициясына  – 

100  жыл»  төсбелгісімен  полиция  полковнигі 

Майданбек Есжан, Ерғали Таңатбаев, Әбдіғалым 

Жолтаев,  полиция  капитаны  Смед  Бәкіров, 

полиция  майорлары  –    Мәулет  Мұхамеджанов, 

Ұларбек  Рахманов,  Қайрат  Сәбитов,  Қайрат 

Нұрғалиев,  Жорабек  Жарасбаев,  полиция 

старшинасы Асқар Ешенханов марапатталды.

«Совет милициясына – 100 жыл» медалімен 

аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция 

полковнигі  Ерлан  Іңкәрбаев  марапатталды.  

Ал  аудандық  ішкі  істер  бөлімі  бастығының  

орынбасарлары, полиц   ия подполковнигі Алмат 

Рахымбаев  пен  Асхат  Тегенбаев  «Генерал-

лейтенант  Мақан  Есболатов»  төсбелгісіне  ие 

болды.


Салтанатты  жиында  жергілікті  полиция 

қызметі 


ювеналдық 

полиция 


тобының 

инспекторы,  полиция  майоры  Гүлнар  Райысова 

сөз сөйледі.

Ел  тыныштығы  күзетінде  жүрген  антына 

берік  адал  жандар  әрқашан  мадақтауға  лайық. 

Олардың  тынымсыз  еңбегіне  біз  де  әрдайым 

сәттілік тілейміз.

К.ТІЛЕУБАЙ.

үшін  ішкі  істер  органдарының    материалдық 

техникалық  базасын  жақсартуға  жыл  сайын 

қомақты қаржы бөліп отыр.  Ендеше, антына адал, 

білікті  мамандардың  қатары  көбейе  береді  деген 

сенімдеміз», – деді.

Салтанатты  шара  барысында  өз  міндетін 

ойдағыдай атқарған бір топ  полиция қызметкері 

Алматы  облысы  әкімінің  және  Жамбыл    ауданы 

әкімінің  Құрмет  грамоталары  және  Алғыс 

хаттарына ие болды.

Алматы облысы әкімінің «Құрмет грамотасын»  

аудадық  ішкі  істер  бөлімі  бастығының  бірінші 

орынбасары,  полиция  подполковнигі  Алмат 

Рахымбаев, «Алғыс хатын»  аға тергеуші, полиция 

майоры Шоқан Ахметов алды.

Облыстық 

ішкі 


істер 

департаменті 

бастығының қолдауымен «Қазақстан полициясына 

–  25  жыл»  мерекелік  медалі  аудандық  ішкі 

істер  бөлімінің  бастығы,  полиция  полковнигі 

Ерлан    Іңкәрбаевқа,  аудандық  ішкі  істер  бөлімі 

бастығының  бірінші  орынбасары,  полиция 

подполковнигі Алмат Рахымбаевқа, аудандық ішкі 

істер  бөлімі  бастығының  орынбасары,  полиция 

подполковнигі  Асхат  Тегенбаевқа,  аудандық  ішкі 

полиция  подполковнигі  Күлсара  Толымбековаға, 

аудандық ішкі істер бөлімі кадр жұмысы тобының 

инспекторы,  полиция  аға  лейтенанты  Алмас 

Құсайыновқа  берілді.

Аудан әкімінің шешімімен аудандық ішкі істер 

бөлімі жергілікті полиция қызметінің ювеналдық 

полиция  тобының  кәмелетке    толмағандар  ісі 

жөніндегі  аға  учаскелік  полиция  инспекторы, 

полиция  подполковнигі  Жәкен  Қадыровқа, 

криминалдық  полиция  бөлімшесінің  аға  жедел 

уәкілі,  полиция  майоры  Мұхит  Төртбаевқа, 

көші-қон  қызметі  тобының  аға  инспекторы, 

полиция  майоры  Алмас  Құрмашевқа,  тергеуші, 

полиция капитаны Данияр Құйқабаевқа, аудандық 

жергілікті 

полиция 


қызметінің 

учаскелік 

полиция  инспекторы,  полиция  капитаны  Айбек 

Нүсіпбаевқа  «Грамота»,  жергілікті  полиция 

қызметінің 

басшысы 


Данияр 

Ізбасаровқа 

«Құрмет грамотасы» берілді. Жергілікті  полиция 

қызметінің жол-патрулдік полиция қызметінің аға 

сержанты Нұржан  Қуандықов, жергілікті полиция 

қызметінің  учаскелік  полиция  инспекторы, 

полиция  аға  лейтенанты  Данияр  Кебеков,  ішкі 

Мерейлі мерекеде 

аудан әкімінің 

орынбасары Нұрлан 

Ертас: – Сіздер 

қазақстандық полиция 

құрылған күннен 

бастап Ел Президенті 

Нұрсұлтан Назарбаевтың 

қоғамдық тәртіп пен  

азаматтардың құқығын 

қорғау бағытында 

қажырлы еңбек етіп 

келесіздер. Тәртіп 

сақшыларының жұмысы 

уақытқа бағынбайды. Біз 

сіздердің кәсіптеріңіздің 

қаншалықты қиын, 

тіпті кейде аса қауіпті 

екенін жақсы түсінеміз. 

Сондықтан мемлекет 

сіздердің еңбектеріңізге 

қолайлы жағдай туғызу

♦ С а л т а н  а т


2

24 маусым, 2017 жыл



Ұлы  даладағы  ұлы  дүбір

Елбасы  2014  жылғы  (17  қаңтар) 

Жолдауында  Қазақстан  Республикасының 

тарихына  енетін  10  креативтік  идеяны 

анықтап,  соның  ішінде:  «Энергетикада  – 

ЭКСПО  –  2017-ге  дайындық  барысында 

Астана болашақтың энергиясы мен жасыл 

экономиканы  іздеу  мен  құру  жөніндегі 

озық  әлемдік  тәжірбиені  зерттейтін 

және  енгізетін  орталыққа  айналады. 

Жаңа  мұнай  өңдеу  зауыты  салынып, 

ядролық  энергетика,  оның  ішінде  атом 

станциясының құрылысы дамиды», – деген 

еді.  Міне,  сол  күнге    төрт  көзіміз  түгел 

аман-есен  жетіп  отырмыз.  Бұл  Қазақстан 

халқының  тату-тәтті  ынтымағы  мен 

бейбітшілігің арқасы.

Әлем 


назарын 

өзіне 


аударған 

Сарыарқа  төрінде  шетелдік  қонақтарға 

құшағын  айқара  ашқан  көрме  өзінің 

айрықша    ерекшеліктерімен  өзге  жұртты 

тәнті  етуде.  Бұл  айтулы  тарихи  шараны  

шетелдік БАҚ-өкілдері де жарыса жазуда. 

Қазір  телевизорды  қосып  қалсаң,  газет-

журналды  ашып  қалсаң,  смартфоныңды 

басып  қалсаң  болғаны  Астана  төріндегі  

көрме  туралы,  шетелдік  қонақтар  туралы 

жазылған дүниелерге көз сүрінеді. Бұл тек 

қана  жай  көрме  ғана  емес,  мәдениеттерді 

бір арнаға тоғыстырған алтын көпір болды. 

Адамзат    баласының  өсіп-өркендеуі  мен 

дамуы жолында болашаққа назар аударған 

ойлардың ашық алаңына айналды. 

Ресми деректер бойынша, халықаралық  

мамандандырылған  көрменің  салтанатты 

ашылу  рәсіміне  бірқатар  елдің  мемлекет 

және 


үкімет 

басшылары 

қатысты. 

Құрметті  қонақтар  қатарында  Чехия 

Республикасының  Президенті  Милош 

Земан,  Люксембург  Ұлы  Герцогтігінің 

Премьер-Министрі 

Ксавье 


Беттель, 

«Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару 

және  өзін-өзі  басқару  туралы»  2001  жылғы  23  қаңтардағы  Қазақстан 

Республикасы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және «Әлеуметтік көмек 

көрсетудің,  оның  мөлшерлерін  белгілеудің  және  мұқтаж  азаматтардың 

жекелеген  санаттарының  тізбесін  айқындаудың  үлгілік  қағидаларын 

бекіту туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің  қаулысына  сәйкес,  Жамбыл  аудандық  мәслихаты  ШЕШІМ 



ҚАБЫЛДАДЫ:

1.  Жамбыл  аудандық  мәслихатының  2016  жылғы  26  тамыздағы  № 

6-35 «Жамбыл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін 

белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін 

айқындаудың  Қағидаларын  бекіту  туралы»  (нормативтік  құқықтық 

актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылдың 23 қыркүйегінде № 

3966 тіркелген, аудандық «Атамекен» газетінде 2016 жылдың 1 қазанында 

№ 39 (5823) жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар 

енгізілсін.

1)  ереженің  7  тармағының  6-тармақшасы  төмендегі  редакцияда 

жазылсын:  Қазақстан  Республикасының  жоғары,  техникалық  және 

кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі  білім  беру  ұйымдарының  күндізгі 

бөлімдерінде оқитын жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз 

қалған балаларға табыстарын есепке алмай, құрамында оқитын балалары 

бар аз қамтылған отбасыларға, әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген, 

жан  басына  шаққандағы  орташа  табысы  өтініш  жасалған  тоқсанның 

алдындағы  облыс  бойынша  белгіленген  ең  төмен  күнкөріс  деңгейінің 

шамасынан  аспаған  жағдайда  500  айлық  есептік  көрсеткішке  дейін, 

бюджетте көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде.

2)  ереженің  7  тармағындағы  7-тармақшасының  2  абзацы  төмендегі 

редакцияда  жазылсын:  Бюджетте  көзделген  ағымдағы  қаржы  жылына 

арналған  қаражат  шегінде,  3-айлық  есептік  көрсеткіш  мөлшерінде    Ұлы 

Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, 

ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. 

2.  Осы  шешімнің  орындалуын  бақылау  Жамбыл  аудандық 

мәслихатының  «Әлеуметтік  инфрақұрылымдарды  дамыту,  халықты 

әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау, тіл, спорт, мәдениет, қоғамдық 

ұйымдармен  байланыс,  құқықтық  реформа  және  заңдылық  жөніндегі» 

тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3.  Осы  шешім  әділет  органдарында  мемлекеттік  тіркелген  күннен 

бастап  күшіне  енеді  және  алғашқы  ресми  жарияланған  күнінен  бастап 

қолданысқа енгізіледі.



Жамбыл аудандық мәслихатының сессия төрағасы.

Жамбыл аудандық  мәслихатының хатшысы.

В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан      

от  23  января  2001  года  «О  местном  государственном  управлении  и 

самоуправлении в Республике Казахстан» и Постановлением Правительства 

Республики  Казахстан  от  21  мая  2013  года  №  504  «Об  утверждении 

Типовых  правил  оказания  социальной  помощи,  установления  размеров 

и  определения  перечня  отдельных  категорий  нуждающихся  граждан», 

Жамбылский  районный маслихат РЕШИЛ: 

1. Внести в решение Жамбылского районного маслихата от 26 августа 

2016 года № 6-35 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, 

установления  размеров  и  определения  перечня  отдельных  категорий 

нуждающихся  граждан  Жамбылского  района»  (зарегистрированного  в 

Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 23 

сентября 2016 года № 3966, опубликованного в районной газете «Атамекен» 

от 1 октября 2016 года № 39 (5823)) следующие изменение и дополнения.

1) изложить в следующей редакции п.п. 6, пункт 7: Дети-сироты, дети 

оставшиеся без попечения родителей, без учета доходов, малообеспеченные 

семьи,  имеющие  в  составе  обучающихся  в  дневных  отделениях  в 

организациях высшего, технического и профессионального, послесреднего 

образования  Республики  Казахстан,  со  среднедушевым  доходом,  не 

превышающим  величину  прожиточного  минимума,  установленного 

по  области,  предшествовавшем  кварталу  обращения  за  назначением 

социальной  помощи,  в  размере  до  500-месячных  расчетных  показателей 

в пределах средств, предусмотренных бюджетом на текущий финансовый 

год.

2)  изложить  в  следующей  редакции  п.п  7,  пункта  7  абзаца  2: 



Ежемесячная  социальная  помощь  без  учета  доходов  оказывается 

участникам  и  инвалидам  Великой  Отечественной  войны,  до  3  месячных 

расчетных показателей в пределах средств, предусмотренных бюджетом на 

текущий финансовый год.

2.  Контроль  за  исполнением  настоящего  решения  возложить  на 

постоянную комиссию Жамбылского районного маслихата «По вопросам 

развития  социальной  инфраструктуры,  социальной  защиты  населения, 

языка,  спорта,  культуры,  образования,  здравоохранения,  общественных 

объединений и связи, правовой реформы и законности».

3.  Настоящее  решение  вступает  в  силу  со  дня  государственной 

регистрации в органах юстиции и вводится в действие со дня его первого 

официального опубликования.



Председатель Жамбылского районного маслихата. 

Секретарь Жамбылского районного маслихата.

ЖОБА

ПРОЕКТ

Қырғызстан 

Президенті 

Алмазбек 

Атамбаев,  Армения  Президенті  Серж 

Саргсян,  Өзбекстан  Президенті  Шавкат 

Мирзиеев,  Сербия  Президенті  Александр 

Вучич, 


Үндістан 

Премьер-Министрі 

Нарендра  Моди,  ҚХР  Төрағасы  Си 

Цзиньпин,  Беларусь  Президенті  Александр 

Лукашенко, 

Моңғолия 

Президенті 

Цахиагийн 

Элбэгдорж, 

Түрікменстан 

Президенті  Гурбангулы  Бердімұxамедов, 

Пәкістан Премьер-Министрі Наваз Шариф, 

Тәжікстан  Президенті  Эмомали  Рахмон, 

Испания  королі  Филипп  VI,  сондай-ақ 

көршілес  Ресейдің    Президенті  Владимир 

Путин де бар.

«Астана  ЭКСПО  –  2017»  ұлттық 

компаниясының  басқарушы  директоры 

Бейбіт  Қарымсақов:  «Осы  уақытқа  дейін 

павильондарға  адамдардың  кіріп  шығу 

көрсеткіші  1  млн.  57  мыңнан  асты.  «Бір 

қонағымыз бір күннің ішінде 5-6 павильонды 

көріп үлгереді. Біздің есебімізге сәйкес, осы 

уақытқа  дейін  көрмеге  26  мыңнан  астам 

шетел  азаматы  келіп  кетті.  Ол  барлық 

қонақтардың  13  пайызын  құрап  отыр»,  – 

деп  хабарлады,  Астанада  өткен  баспасөз 

мәслиxатында.

Оның  сөзіне  қарағанда,  көрмеге  келген 

10  мың  адам  –  6  жасқа  дейінгі  балалар 

болса,  мүгедектер  мен  ардагерлердің 

саны  2  мыңнан  асты.  «14  мың  адам  ол  – 

оқушылар,  студенттер  мен  зейнеткерлер. 

Қазіргі динамикаға қарасақ, көрмеге келетін 

адамдардың  саны  күн  сайын  артып  келеді. 

Мысалы, алғашқы күні 17 мың адам келсе, 

өткен  жұмада  34  мыңнан  астам  адам  келіп 

кетті»,  –  деп  атап  көрсетті  компанияның 

басқарушы директоры. 

Айта 


кетейік, 

жоспар 


бойынша 

Астанадағы  ЭКСПО-2017  көрмесіне  келіп 

кететін адамдардың саны 2-2,5 млн. болады. 

Ал  павильондарды  көріп  кету  көрсеткіші 

5  млн.-ға  жетуі  тиіс.  Себебі,  бір  адам  кем 

дегенде  екі  рет  келіп  кетеді  деген  болжам 

бар.

Әлем бойынша электр қуаты көздерінің 



балама  түрлеріне  деген    сұраныс  жылдан-

жылға артып келеді.  Адамзат баласы мекен 

еткен  жер  шарының,  қоршаған  ортаның 

экологиялық  тепе-теңдігін  сақтау  үшін 

аса  маңызды.  Дүние  жүзі  ғалымдарының 

болжамы  бойынша,  үстіміздегі  ғасырдың 

ортасына  таман  жаһандық  энергетикалық 

баланстағы балама қуат көздерінің үлесі 35 

пайызға  жететін  көрінеді.  Еуроодақ  өзінің 

мұндағы үлесін 2020 жылдары 20 пайызға, 

2040 жылдары 40 пайызға жеткізуді көздеп 

отыр.  Қазір  іс  жүзінде  барлық  дамыған 

елдерде  жаңа  технологияны  қалыптастыру 

және  дамыту  бағдарламалары  кеңінен 

жүзеге  асырылуда.  Мұндай  жаһандық 

бастамалардан тысқары қалмайтынын еліміз 

осы  жолы    дәлелдеп  отыр.  Замана  көшіне 

ілесу үшін жаңашылдыққа бет алу,  рухани 

санасы  жаңғырған  ұлттардың  ғана  еншісі 

екенін уақыттың өзі көрсетті. Біздің ел бұл 

үрдіске тас-түйін дайын екенін дәлелдеді.



  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал