133 гум ани т арн ы е н ауки б. А. Cүлейменова



жүктеу 64.02 Kb.

Дата23.04.2017
өлшемі64.02 Kb.

ISSN 1561-4212. ВЕСТНИК ВКГТУ, 2005, № 

2                                                                                ГУМАНИТАРНЫЕ 

НАУКИ 

 

133



ГУМ АНИ Т АРН Ы Е

Н АУКИ

 

 



УДК 159.9 

 

Б.А. Cүлейменова  

ШҚМТУ, Өскемен қаласы 

 

СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР 

 

Тылсым  табиғаттың  адам  баласына  тарту  еткен  тамаша  дархан  сыйлығының  бірі  – 



тіл. Тіл адам баласымен бірге туып, біте қайнасқан, бағзы замандардан бері оған қызмет 

етіп, бойындағы бар қасиетін тек адамға ғана бағыштап келе жатқан қоғамдық құбылыс. 

Кез  келген  халықтың  басынан  кешкен  дәуірлері  мен  қилы-қилы  кезеңдері  ана  тілінде 

өзінің  ізін  анық  қалдырады.  Қоғаммен  тығыз  қарым-қатынаста  дамитын  тілдің  сөздік 

қорына  әр ұрпақ өз үлесін қосатыны белгілі. Сол себепті қоғам мен тіл арақатынасының 

және  белгілі  бір  уақыт  аралығына  тән  жазба  тілдің  көрсеткіші  ретінде  баспасөз  тілінің 

орны  айрықша.  Ақпарат  таратушы,  үгіт-насихат  жүргізуші  теледидар,  радио  сынды 

қуатты  құралдармен  қатарласа  қызмет  ететін  баспасөз  тілі  сыртқы  факторлардың  әсерін 

тез  қабылдап,  қоғам  өміріндегі  өзгеріс  пен  жаңалық  атаулының  тілдегі  нақты  көрінісі 

бола  алады.  Мерзімді  баспасөз  тілі  үнемі  өзгеріп,  дамып,  ескіріп,  жаңарып  отырады. 

Қазақ  баспасөзі  өзінің  бір  ғасырдан  артық  тарихы  ішінде  сөздік  құрамын  үнемі өзгертіп 

отырды.  Одан  әр  заманның  бет-бейнесі  мен  бедерін,  заманның  рухын,  өзге  де  әр  түрлі 

күйін көруге болады. Газет-журналдардың қоғамдық-әлеуметтік қызметін қоғамдық-саяси 

лексика  элементтері  танытады.  Қоғамдық-саяси  өмір  саласына  байланысты  құбылыстар 

мен  ұғымдар  атауларын  білдіретін  мағыналық  бірлігімен  топтасқан,  өз  алдына  біріккен 

сөздерді  қоғамдық-саяси  лексика  деп  атайды.  Қоғамдық-саяси  лексика  аса  өзгергіш, 

құбылмалы, 

себебі 


қоғамдық-саяси 

лексика 


бірліктері 

саяси 


өмірдің 

өзекті 


құбылыстарын,  оқиғаларын  білдіреді.  Оқиғалар  мен  жағдайлар  өзгеріп,  жаңарып,  басқа 

сапаға  ие  болып  отырғандықтан,  баспасөз  тілінде  әр  кезеңнің  тынысы  мен  рухын 

танытатын сөздер тобы да ауысып отырады. Яғни тіл де қоғаммен бірге үнемі өзгеріс пен 

даму үстінде болатындықтан, ондай өзгерістер лексикада көрініс береді. Қоғамдық-саяси 

лексиканың кейбір бөлігі әр түрлі қоғамдық жүйелерге тән ұғымдардың, жаңа әлеуметтік 

өзгерістердің атауы болса, кейбірі білдіретін ұғымдарымен бірге қолданыстан түсіп қалып 

жатады. 

Қоғамдық-саяси  лексиканың  жаңарып-жасаруы  мен  көнеріп-ескіруінің  қатар  жүруі 

міндетті  түрде  қоғамдық  формациялардың  ауысуын  қажет  етеді.  Кейде  бір  қоғам  ішінде 

саяси  құрылымдардың  өзгеруі,  жаңа  сипат  алуы,  оған  орай  тілдік  таңбалардың  ауысу 

үрдісі  жүреді.  Мысалы,  1990  жылдардың  басындағы  қайта  құру  →  өтпелі  кезеңмен,  ал 

өзін өзі қаржыландыру → экономикалық реформа тіркесімдерімен ауысты. Осы келтіріл-

ген  сөздер  ішінен  өзін-өзі  қаржыландыру  өтпелі  кезең  терминдерін  немесе  термин  текті 

қоғамдық-саяси  лексика  қатарын  толықтарады.  Ал  кейбір  атаулар,  әсіресе  жаңадан  қол-

данысқа енген атаулар нормалану үстінде, бұл үрдістің жылдамдығы әрқалай, ол әр түрлі 

жағдайларға, жаңа сөздердің ұтымдылығына, ыңғайлығына, икемділігіне т.б факторларға 

байланысты. 


ГУМАНИТАРНЫЕ 

НАУКИ                                                                                               

ISSN 1561-4212. ВЕСТНИК ВКГТУ, 2005, № 2 

                                                                      

 

134

Педагогикалық  және  психологиялық әр-түрлі зерттеулерге сүйенетін болсақ, мектепке 

дейінгі кезеңнің өзінде-ақ бала бойында шығармашылыққа деген ізденіс қажеттілігі бола-

ды.  Шығармашылық  қабілетті  дамытуда  ең  маңызды кезең мектеп кезеңі болып табылса 

да, жоғары оқу орныдағы студенттердің қабілеттерін дамытудың да орны ерекше. 

Жалпы,  «шығармашылық  қабілетке»  берілген  нақты  анықтама  жоқ,  әр  зерттеуші  оны 

өз  түсінігінше  жеткізеді.  Шығармашылық  қабілет  деген  не?  Қабілеттің  шығармашылық 

деңгейге жеткізілуі неге байланысты деген сұрақтар әрбір ұстазды мазалайды. Шығарма-

шылық  әрекет өте күрделі үрдіс және ол адамға ғана тән. Шығармашылық - адам іс-әре-

кетінің түрі. 

«Қабілет» ұғымына берілген психологиялық анықтамалар саны өте көп. Қабілет - деп 

әрекеттің  талаптарын  қанағаттандыратын  және  үлкен  жетістіктерге  жеткізетін  адамның 

қасиеттерінің синтезін атайды (А.Н.Леонтьев). 

«Қабілет  -  білім  алуға  қажетті  адамның  психологиялық  ерекшеліктері»,  -  дейді 

А.В.Петровский. 

«Қабілет  -  іс-әрекеттің  белгілі  бір  түрін  ойдағыдай,  нәтижелі  орындаудан  көрінетін 

адамның  жеке  қасиеті»,  -  деп  жазады  академик  Т.Тәжібаев.  Қабілет  –адамның  іс-

әрекетінің белгілі бір түрін орындай алу мүмкіндіктері деген де анықтама бар [1]. 

Қабілет  проблемасы  -  жекелік  айырмашылықтар  проблемасы.  Егер  барлық  адамдар-

дың  түрлі  әрекетпен  айналасуға  арналған  мүмкіндіктері бірдей болса, онда қабілет тура-

лы сөз етпеуге де болар еді. Мүлдем еш нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Әр адамның 

бойында бір нәрсеге деген қабілет болатындығы кеңестік психология ғылымының негізгі 

ережелерінің  бірі,  бірақ  ол  қабілеттің  дәрежесі  әр  адамда  әр  түрлі  деңгейде  болады. 

Олардың  іс-әрекеттің  белгілі  бір  түріне  қабілеті  не  жоғарылау,  не  төмендеу  келеді. 

Қабілет  туа  біткен  қасиет  емес,  олар  өмір    сүру  барысында  іс-әрекет  арқылы  дамып 

отырады. 

 Ал шығармашылық – жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілет деңгейі. 

“Шығармашылық”  сөзінің  төркіні  (этимологиясы)  «шығару»,  «іздену»,  «ойлап  табу» 

дегенге  келіп  сояды.  Демек,  бұрын  тәжірибеде  болмаған  жаңа  нәрсе  ойлап  табу, 

жетістікке қол жеткізу деген сөз. 

Үлкен  энциклопедиялық  сөздікте  шығармашылық  деген  «қайталанбайтын  тарихи-

қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет» деп тұжырымдалады. 

Көрнекті  психолог  Л.С.Выготский  шығармашылық  деп  жаңалық  ойлап  табатын  іс-

әрекетті  атаған.  Ал  шығармашылық  мәселесін  терең  зерттеген  Я.А.Пономорев  оны  даму 

ұғымымен  қатар  қояды.  Өйткені  әрбір  жаңалық,  әсіресе  интеллектуалдық  тұрғыдағы, 

баланы  жаңа  психологиялық  сапаға  көтереді.  Бұдан  біз  «шығармашылық»  ұғымының 

негізгі  белгісі  «жаңалық»  болғанымен,  онда  тұлғаның,  адамзаттың,  қоғамның  дамуына 

әсер  ететін  ерекше  күштің  бар  екенін  байқаймыз.  Сонымен,  шығармашылық  -  адамның 

өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. 

Шығармашылық  мәні,  шығармашылық  іс-әрекет  туралы  әр  кезде,  әр  түрлі  пікірлер 

болған. Мысалы, ХХ ғасырдың басында белгілі бір философиялық сөздікте шығармашы-

лық  -  жаңа  нәрсе  ойлап  табу.  Ол  әр  адамға  тән  нәрсе  емес,  құдайдың  құдіретімен 

болады.Ал адам шығармашылығы тек салыстырмалы түрдегі әрекет» делінген [2]. 

Кейін зерттеле келе шығармашылыққа берілген анықтама да өзгере бастады. 

Соңғы  кезде  шығармашылық  сөзімен  «жаңалық»  сөзі  мәндес,  астарлас  болып  табыл-

ғандай.  Психологиялық  анықтамаларда  берілгендей,  «бұрын  болмаған  жаңалық»  деу 


ISSN 1561-4212. ВЕСТНИК ВКГТУ, 2005, № 

2                                                                                ГУМАНИТАРНЫЕ 

НАУКИ 

 

135

үзілді-кесілді  болғанымен,  ерекше  соны  жаңалық,  жаңа  жол,  жаңа  шешім  екенін 

мойындаған жөн. Ал баланың ашатыны субъективті жаңалық, ол тек өзіне ғана жаңалық 

болып табылады. 

 Шығармашылық  -  бүкіл  болмыстың,  қозғалыстың,  дамудың,  бір  сөзбен  айтқанда, 

тіршіліктің  көзі.  Табиғат,  қоғам  құбылыстарында  жеке  адамның  ақыл-санасында,  іс-

әрекетінде,  ішкі  жан  дүниесінде  - бәрінде шығармашылықтың табиғи процестері үздіксіз 

жүріп  жатады.  Және  ол  процесс  бейберекет,  жүйесіз  жүрмейді,  белгілі  бір  табиғи 

жүйемен  дамиды.  Табиғат  ішкі  шығармашылық  процестерді  өзі  басқарады.  Ал  сыртқы 

факторларды басқару, реттеу жеке адамның ой санасына, қызметіне байланысты.    

Шығармашылық мәселесінің табиғатына көз салсақ: 

«Табиғат  -  шығармашылық»  деп,  екеуін  бір  негізде  қарап,  нақтылы  шығармашылық 

міндеттерді  шешуде, табиғат - бірлескен автор болатынын және осы қабілеттерді дамыту 

үшін  педагогикадағы  басты  мәселе  -  оқыту  мен  тәрбиелеу үрдісін табиғатпен жақындас-

тыру қажет деп тұжырымдайды. Шынында, Архимедтің «Эврикасы», Кекуленің бір-бірі-

не  жармасқан  маймылдарды  көргеннен  тізбектік  құрылымды    ашуы,  басқа  да  бионика 

жаңалықтары  табиғат  «сыбыры»  нәтижесінде  туындаған. Б.А. Лезин, П.К. Энгельмейер-

лер  адам    шығармашылығынан  тіршілік  дамуының  бір  өрісін  байқайды,  бұл  -  табиғат 

шығармашылығының  жалғасы.  Бұл  ешқашан  үзілмейтін,  бір  тізбекті:  «шығармашылық 

дегеніміз  -  өмір,  ал  өмір  -  шығармашылық».  Осы  ғалымдардың  ізбасарлары  М.Л.  Блох 

шығармашылық өрісін өлі табиғатқа таратып, «дүние эволюциясының негізі - химиялық 

элементтерден  басталады»  деген  пікір  білдіреді.  Сондықтан  табиғат  шығармашылығы 

мен  адам  шығармашылығы    түбірі  бір,  тамыры  терең,  жалпы  шығармашылықтың  түрлі 

өрістері. Ендеше, шығармашылық - материяның дамуының қажетті шарты. Адам шығар-

машылығының  даму  механизмінің  нақты  бір  көрінісі  -  дамуға  жеткізетін  әрекеттілік. 

Осыдан, шығармашылық - бүкіл адамзатқа тән жаратылыс күші деп түйіндейміз.     

Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайта-

лайтын  ғана  емес,  шығармашылық  бағытта  жұмыс  істейтін,  тың  жаңалықтар  ашатын, 

біртума  ойлау  қабілетімен  ерекшеленетін  жеке  тұлға  қалыптастыру  міндеті  тұр.  Өйткені 

әркім  өмірде  бір  қиын  жағдай  кезінде  икемділік  пен  ойлаудың  талдағыштық  қабілетін 

қажет  етеді.  Осы  тұрғыдан  келгенде  қазіргі  педагогикалық  жүйеде  «білім  беру»  ұғымы 

жаңа  мазмұнмен  толығуы  тиіс.  Бұл  дегеніміз  -  шығармашылық  қабілеттерін  дамытып, 

шығармашыл  тұлға  қалыптастыруға  жағдай  жасау.  Оқыту  үрдісі  «ойлап  табу»  немесе 

«жаңалық ашуға» мүмкіндік туғызуға жағдай жасауы керек. 

Студенттердің шығармашылық ойлауын табысты дамыту - тек оқу-тәрбие үрдісі кезін-

де  студенттің  жүйелі  түрде  белсенді  интеллектуальды  ізденіске  тартылуы  арқылы  ғана 

мүмкіін.  Студент  осы  кезде  туындаған  оқу  проблемасын  салмақтап,  негізделген  және 

жан-жақты  тексерілген  шешім  қабылдайды,  оны  практикада  жүзеге  асырады.  Сөйтіп, 

студент «жаңа» ғылыми білімді игеруші орнына қойылады да, шығармашыл зерттеушілік 

тәсілдерін үйренеді.  

Студент  шығармашылығы  дегеніміз  –  ой  бостандығы  мен  еріктілік  болған  жағдайда 

ойлау үрдісін бір ізділіктен шығарып, логикалық ойлауды талдағыштық тұрғыға жетелеп, 

өзін-өзі  дамытатын  ой  еңбегі.  Осындай  еңбектің  негізінде  білімді  игеруге,  оқуға,  оқи 

білуге  тәрбиелеу  білім  беру  үрдісінің  негізіне  айналса,  баланың  жан-жақты  дамып, 

шығармашыл адам болып жетілуінің негізі болады [3]. 

Оқытудың белсенді әдістері, дәстүрлі емес сабақтар шығармашылықты қалыптастыра-


ГУМАНИТАРНЫЕ 

НАУКИ                                                                                               

ISSN 1561-4212. ВЕСТНИК ВКГТУ, 2005, № 2 

                                                                      

 

136

ды,  дамытады.  Себебі  студенттердің  шығармашыл  таным  әрекеті  –  дербес  ізденіс  және 

әрбір балаға жаңа, ол үшін белгісіз ғылыми білім немесе әдіс-тәсіл тудырады. 

Ендеше,  студенттің  таным  әрекетіндегі  шығармашылығының  негізгі  белгілері:  толық 

немесе  жартылай  дербестік;  мақсатқа  жету  жолдарын  іздеу  және  іріктеп  алу;  мақсатқа 

жету  үрдісі  кезінде  жаңа  нәтиже  тудыру,  қиялдау,  болжамдар  құру,  логикалық  ойлау, 

білім қорының молдығы. 

Қалай  десек  те,  шығармашылықтың  барлық  түрлеріне  ортақ  бір  желідей  тартылған 

ұйытқысы – еңбек, ой еңбегі. 

Төрткүл  дүниенің  төрт  бұрышында  болып  жатқан  саяси  өмірдің  айнасы  -  баспасөз 

тілінің төл лексикасы аталған қоғамдық-саяси лексиканы меңгерте отырып, студенттердің 

шығармашылық  қабілеттерін  арттыруда  дәстүрлі  емес  сабақтардың  орны  айрықша. 

Викториналық ойындар «пресс-конференция», «симпозиум», «дөңгелек үстел» сабақтары 

студенттердің  өзін-өзі  басқару,  ақыл-ой  қабілеті  мен  интеллекттің  орамдылығын 

дамытты,  ой  өрісін  кеңейтті.  Мәселен,  «пресс-конференция»  сабағында  студенттерге 

алдын  ала  реферат  тақырыптары  беріледі.  Реферат  жазу  -  студенттердің  ғылыми 

ізденісінің  алғашқы  бастамасы.  Реферат  жазу  барысында  студент  әдебиеттермен  жұмыс 

жасау  дағдысына,  ақпараттық  материалдарға  талдау  жасауға,  жүйелеуге,  зерттелетін 

құбылысты сын көзбен зерделеуге, теорияны практикамен ұштастыруға үйренеді. 

Студент  рефераты  дәрісханада  талқыланады.  Рефератты  талқылау  –  шығармашылық 

жұмыстың  бір  көрінісі,  яғни  білімділік,  қызығушылық  туғызатын  жеке  тәрбиелік  мән-

мазмұны  зор  әрекет,  іс,  жұмыс.  Жұмысты  талқылауда  студенттердің  белсенділігі  тек  ре-

фераттың  мазмұндылығына  ғана  емес,  аудиторияның  осы  жұмыстармен  алдын  ала 

қаншалықты  танысқанына  да  байланысты,  яғни  үйрену,  үйрету,  басқаларды  да  оқу 

үрдісіне тарту, қызығушылық туғызу, танымдылық үрдісін дамытып, өрістету.  

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1. Алдамұратов Б. М. Жалпы психология.  - Алматы: Рауан, 1996. –225 б.  

2. Лук А.Н. Психология творчества.  - М: Наука, 1978. –284 с.  

3. Мырзабаев А.Б. Шығармашылықты дамытуда белсенді оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері дис. автореф.  

    Қарағанды: Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, 2004 . –30 б.

 

 



Получено: 15.06.05. 

 

 



 

 

 



 

 

 



НОВЫЕ СПЛАВЫ ДЛЯ АВТОМОБИЛЕЙ 

 

Институт  изучения  железа  в  Дюссельдорфе  (Германия)  разработал  и  испытал  новые 



сплавы  для  кузовов  легковых  автомобилей.  Особенно  прочной  оказалась  сталь  с  15% 

марганца  и  добавками    алюминия  и  кремния  по  3%.  Стержень  из  такого  сплава  можно 

растянуть более чем на 50%, и он выдерживает растяжение в 1100 мегапаскалей, что со-

ответствует весу десяти слонов, подвешенных на  стержне с сечением с почтовую марку. 

Обычная  сталь,    применяемая  в  автомобильных  кузовах,  рвется  уже  при  700  мегапаска-

ϠΠ    ÑÒÐÀÍ È ÖÀÌ  

ÃÀÇÅÒ


 

ÆÓÐÍ ÀËΠÂ

è

 


ISSN 1561-4212. ВЕСТНИК ВКГТУ, 2005, № 

2                                                                                ГУМАНИТАРНЫЕ 

НАУКИ 

 

137

лях.  Другой  сплав,  отличающийся  повышенным  содержанием  марганца  -  25%,  менее 

прочен, но зато растяжим в длину на 90% и быстро поглощает ударные нагрузки. Он осо-

бенно хорош для применения в передней части кузова, которая при столкновении должна  

складываться гармошкой, поглощая энергию удара. 

По  мнению  авторов  разработки,  их  сплавы  найдут  применение  в  немецкой  автомо-

бильной промышленности года через четыре. 



  

«Наука и жизнь» № 6, 2005



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал