1200 кг-дай азотты тотықтырушы (ак-27И) заттар сол аймақтағы 100 км



жүктеу 0.85 Mb.

бет1/10
Дата25.05.2017
өлшемі0.85 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

549

Тайынша

1200 кг-дай азотты тотықтырушы (АК-27И) заттар 

сол аймақтағы 100 км

2

-дей жерді ластаған; әскери 



техника мен құралдардың 1,5 мың т-дай сынықтары 

әлі жатыр. 2-телімде, 929 – жазғы сынақ алаңында 

(ГЛИЦ)  әскери-әуе  күштері  Сағыз  өз-нің  батысы 

мен  Үшоба  а-ның  солт-нде  сынақтар  жүргізген. 

3-телімде қанатты зымырандар 1991 жылдың қыр-

күйек  айына  дейін  сыналған.  Мұндағы  сынақ  жұ-

мыстары Сағыз өз-нің шығысында жүргізілді. Бұл 

жерлердегі  әскери  техниканың  сынықтары  2000 

т-дай  және  зымырандардан  қалған  аса  қауіпті  жа-

нармай қоршаған ортаға қауіп төндіруде. Полигон 

аймағында  жанармайдың  әсерінен  пайда  болған 

улы  заттар  топырақ  пен  өсімдіктер  жамылғысын, 

жануарлар  мен  су  құбырларын  ластады.  Су  құра-

мындағы қорғасын, кадмий, талий, мыс және темір-

дің мөлшері шектеулі деңгейден 10 – 15 есе жоғары 

болған. Сонымен қатар зымырандар түскен жерлер-

дегі топырақ құрамындағы көптеген элементтердің 

(қалайы,  магний,  кальций,  марганец,  хром,  сы-

нап, қорғасын, кобальт, т.б.) мөлшері айтарлықтай 

жоғарылаған. 



ТАЙШЕК – Қарасор алабындағы көл. Қарағанды 

обл.  Қарқаралы  ауд-нда.  Ұз.  50  км-ге  жуық.  Су 

жиналатын  алабы  –  ойлы-қырлы.  Қарақұлжа,  Бү- 

йіртас, Қойтас тауларының беткейлерінен бастала-

тын жылғалардың тоғысқан жерінен бастау алады. 

Көктемгі қар және жер асты суларымен толығады. 

Сәуірдің  аяғында  тасиды.  Суы  ащы,  мал  суаруға 

жарамды. 



ТАЙЫНША АУДАНЫ – Солт. Қазақстан обл-ның 

орт.  бөлігінде  орналасқан  әкімш.  бөлініс.  1934  ж. 

құрылған.  1997  жылға  дейін  Көкшетау  обл-ның 

құрамында болды. 1997 ж. Красноармейск, Чкалов 

және  Келлер  аудандарын  біріктіру  негізінде  құ-

рылған. Жер аум. 11,4 мың км

2

. Тұрғыны 56,5 мың 



адам,  орташа  тығызд.  1  км

2

-ге  4,9  адамнан  келеді 



(2010).  Әкімш.  орт.  –  Тайынша  қ.  Ірі  елді  мекен-

дері:  Тайынша  қ.,  Чкалов,  Келлеровка,  Зеленый 

Гай, т.б. Аудандағы 96 елді мекен 1 қалалық және 

20  ауылдық  округке  біріктірілген.  Аудан  жерінің 

басым бөлігі ойпауыттармен бөлінген. Шығысына 

қарағанда ауданның батыс бөлігі біршама көтеріңкі 

және жонды-белесті келген. Бұл өңірдің абс. биікт. 

228  м.  Ал  ауданның  ең  биік  жері  оңт-нде  жатқан 

Сексембайсор  көлі  маңында  (261  м).  Ауданның 

басқа жерлерінің теңіз деңгейінен биікт. 131 – 146 м  



ТАЙМЕНЬ  (Hucho  taіmen)  –  албырттар  тұқым-

дасы, өзімен аттас туысқа жататын түр. Қазақстанда 

Ертісте, Бұқтырма суқоймасында және оларға құя-

тын Қалжыр, Күршім, Үлбі, т.б. өзендерінде кезде-

седі. Ұз. 1 м-дей, салм. 3 – 15 кг. Топталмай, жеке 

тіршілік етеді. Тез өседі, бір жастағы балықтың ұз. 

17 см-дей болса, бес жаста 73,5 см-ге жетеді. 4 – 5 

жасында  жыныстық  жағынан  жетіледі.  Көктемде 

мұз ерісімен тау өзендерінің жоғ. бөлігіне уылды-

рық шашу үшін ірі тасты тұнық жер іздеп өрістейді. 

Аналықтары  34  мыңға  дейін  ірі  уылдырық  са-

лады.  Кері  қайтуы  тамыз  айынан  басталып,  ұзақ 

уақытқа  созылады  (уақытының  көбі  жол  бойы  иі-

рімдерде,  шұңқырларда,  өзен  қалтарыстарында 

қоректенумен  кетеді).  Ертіс  пен  оның  ірі  салала-

рында, суқоймаларында қыстап шығады. Т. – жырт-

қыш  балық,  негізінен,  омыртқасыздармен  және 

олардың  дернәсілдерімен  қоректенеді.  2  жасынан 

бастап  балықтарды, сүтқоректілерді (ондатр,  тиін, 

т.б.),  құстарды  (үйрек,  т.б.)  жейді.  Республика  су 

алаптарында Т-дердің саны жылдан-жылға азаюда, 

сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл 

кітабына» енгізілген. 

ТАЙСОЙҒАН  ЖЕР  АСТЫ  СУ  КЕНІ,  Атырау 

обл.  Қызылқоға  ауд-нда  Ойыл  өз-нің  сол  аңғарын 

бойлай  орналасқан  су  алабы.  Ұз.  80  км-ге,  ені  60 

км-ге жетеді. Жалпы ауд. 2400 км

2

. Оның 2200 км



2

 

жерінде 1 – 3 м тереңдікте, қалыңд. 3 – 8 м грунт 



суы  қалыптасқан.  Сулы  қабат  ұсақ  түйіршікті 

құмнан тұрады, сіңу коэфф. орташа 0,27 м

3

/тәулік. 



Алапта барлау жұмыстары нәтижесінде төрт тұщы 

сулы алаң бар екені анықталған. Суының тәуліктік 

табиғи  ресурсы  147  мың  м

3

,  тәуліктік  қолданыла-



тын қоры 33 мың м

3

. Т. ж. а. с. к. аудан орт-н, Мақат 



пен  Доссор  мұнай  кен  орындарын  және  басқа  да 

елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етеді.



ТАЙСОЙҒАН ҚҰМЫ – Ойыл және Сағыз өзенде- 

рі  аралығындағы  құмды  алқап.  Атырау  обл.  Қы- 

зылқоға ауд. жерінде, Жарыпшыққан өз-н бойлай 85 

км-ге жуық созылып жатыр. Енді жері 60 км. Жалпы 

аум. 2,4 мың км

2

. Құмды алқаптың батыс, солт.-ба-



тысын  жағалай  Ойыл  өз.  ағып  жатыр.  Жер  бедері 

адырлы-қырқалы, кейде шағылды келеді. Климаты 

тым континенттік. Қаңтар айының жылдық орташа 

темп-расы  –13,8°С,  шілдеде  24,4°С.  Жауын-ша-

шынның  жылдық  орташа  мөлш.  180  мм,  1  –  2  м 

тереңдікте  ыза  сулы  қабат  кездеседі.  Қуаң  құмды 

жерге бейімделген шөптесін өсімдіктер өседі. Т. қ-н 

жағалай  көптеген  елді  мекендер  (Ақкөл,  Нұрғали, 

Кенбай,  Дұзғалы,  Қуыс,  Айыртам,  Тоғызбай,  Тай- 

сойған, т.б.) мен қыстаулар орналасқан.



«ТАЙСОЙҒАН» ПОЛИГОНЫ – бұрынғы КСРО  

Қорғаныс мин. мен Атом өнеркәсібі мин-нің сынақ 

аймағы.  Полигон  1952  ж.  Атырау  обл.  Қызылқоға 

ауд-нда  құрылған.  Сынақ  ауд-ның  жалпы  аум.  7,5 

мың  км

2

,  зымырандардың  түсу  ауданының  аум. 



12,55  мың  км

2

.  Полигонды  стратег.  мақсаттағы 



зымырандық  әскери  бөлімдер  және  әскери-әуе 

күштерінің  бөлімдері  пайдаланған.  «Т».  п.  сынақ 

жұмыстарының түріне қарай 3 телімге бөлінген. 1-

телімде (Мақат алаңында) 40 жыл ішінде әрқайсысы 

5,3 т болатын 300-дей СС-20 баллистик. зымыран-

дар  сыналды.  Зымырандардан  қалған  аса  қауіпті 

деп саналатын 600 кг-дай жанармай (НДМГ) және 

Тайсойған полигон аймағы



550

сайды.  Діңі  жеңіл  әрі  жұмсақ,  тез  шіриді.  Ағаш 

қабығын,  жапырағын,  бұтағын  жабайы  аңдар 

(бұлан, кәмшат, қоян, т.б.) мен үй жануарлары, ал 

бүрін, сырғасын құстар (құр, шіл) жақсы жейді. Т. 

елді мекендерді көгалдандыру, құм бекіту, топы-

рақ эрозиясына қарсы егістікті қорғау үшін егеді. 

Сүрегі  құрылыста,  целлюлоза-қағаз  өнеркәсі-

бінде пайдаланылады. Сондай-ақ Т-дар – шірнелі 

өсімдіктер болып саналады. 



ТАЛАС  –  Қырғызстан  мен  Қазақстан  жеріндегі 

өзен. Ұз. 661 км, су жиналатын алабы 52700 км

2



Қазақстандық бөлігінің ұз. 453 км, Жамбыл обл-



ның  Байзақ,  Талас,  Сарысу  аудандары  жерімен 

ағады.  Қырғыз  және  Талас  Алатаулары  мұздық-

тарынан  шығатын  Қарақол  және  Үшқоша  өзен-

дері қосылған жерден басталып, Мойынқұмдағы 

Айдын көліне жетпей құмға сіңіп, тартылып қа-

лады. Жоғ. бөлігіндегі аңғары тар шатқалды, ені 

1 – 2 км, жазыққа шыққан төм. бөлігінде 25 – 30 

км-ге дейін жетеді. Көп жылдық мұз, жауын-ша-

шын  суларымен  толығады.  Маусым  –  тамыз  ай-

ларында тасиды. Тараз қ-ның тұсынан өткен соң 

бірнеше  тармақтарға  (Шалқы,  Көделі,  Тасарық, 

т.б.).  бөлінеді.  Суы  көктемде,  күзде  тұщы,  сәл 

кермек,  ауыз  суға  жарамды.  Жылдық  орташа  су 

ағымы Тараз қ. тұсында секундына 27,4 м

3

. Т-тың 


бойында,  Тараз  қ-нан  10  км  жерде  «Киров»  бө-

гені, сағасынан 197 км жерде «Юбилейный», 275 

км-де «Жінәлі», 280 км-де «Қазақбай» бөгендері 

және Талас – Аса каналы салынған. Суы егін су-

ғаруға пайдаланылады.

ТАЛАС  АЛАТАУЫ  –  Тянь-Шаньның  батыс  сіле- 

міндегі  жота.  Қазақстан  мен  Қырғызстан  шекара-

сында. Орташа биікт. 4000 м, ең биік жері – Манас 

шыңы (4484 м). Қазақстандық бөлігінде Т. А. Еш- 

кіөлмес, Алатау, т.б. бірнеше аласа тау сілемдеріне 

тарамданады, ең биік жері – Ақсуат тауы (4027 м).  

Т.  А-ның  баурайынан  Ақсу,  Жабағылы,  Жосалы, 

Бала  Балдырбек,  Балдырбек,  т.б.  өзендер  бастау 

алады. Көп жылдық қар жамылған мұздықтары бар. 

Метаморфтанған  тақтатас,  құмтас,  әктастан  түзіл-

ген. Оңт. беткейі қатты тілімденген. Етегінде дала 

өсімдіктері,  бұталар,  одан  жоғары  субальпі,  альпі 

шалғыны, шатқалдарында шырша, самырсын, арша, 

т.б. өседі. Жотаның батыс бөлігінде Қазақстандағы 

алғашқы қорықтардың бірі – Ақсу-Жабағылы бар.

аралығында.  Жер  қойнауынан  титан,  цирконий, 

уран,  т.б.  сирек  кездесетін  элементтердің  қоры 

және құрылысқа қажет әйнек пен бетонға қосатын 

құм,  т.б.  табиғи  құрылыс  материалдарының  қоры 

барланған.  Олардың  кейбіреулері  өндіріледі.  Т.  а-

ның климаты тым континенттік. Қысы ұзақ әрі аяз-

ды, жазы жылы. Ауаның орташа темп-расы каңтар 

айында –17 – 19°С, шілдеде 19 – 20°С. Қыста темп-

ра кейде –49°С-қа дейін төмендейді, ал жаз айлар-

ында ол 42°С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашын-

ның  жылдық  орташа  мөлш.  280  –  320  мм.  Аудан 

жерімен Шағалалы, Ащықарасу, Мұқыр, Шат, Ащы- 

су  өзендері  ағып  өтеді.  Көлдер  көп.  Ірілері:  Ша- 

ғалалытеңіз,  Қалыбек,  Жамантұз,  Құмдыкөл,  Сек- 

сембайсор, т.б. Топырағы кәдімгі карбонатты қара 

топырақ. Ойпауытты жерлерде гидроморфты және 

сортаң  топырақ  қалыптасқан.  Өсімдік  жамылғы-

сында шалғын аралас боз, бетеге басым. Өзен-көл 

жағалауларында қайың, көк терек ормандары өседі. 

Аңдардан  жиі  кездесетіндері:  қасқыр,  түлкі,  қоян, 

қарсақ, ондатр, т.б. А. ш. жерінің аум. 1143,4 мың 

га, оның ішінде жыртылған жері 652 мың га, жайы-

лым  351,1  мың  га,  шабындық  59,7  мың  га  (2011). 

Аудан  аумағымен  1920  –  22  ж.  салынған  Петро- 

павл – Көкшетау (Петрокок) т. ж. өтеді. 



ТАЛ  (Salіx)  –  тал  тұқымдасына  жататын  ағаш 

не бұта. Негізінен Солт. жарты шарда өсетін 350  

(кейбір деректерде 600-дей) түрі бар. Қазақстан- 

ның  барлық  өңірінде  кездесетін  46  түрі  белгілі. 

Соның 3 түрі: дәріжапырақты Т. (S. hyperіcіfolіa), 

Липский  Т-ы  (S.  lіpskyі)  және  тікенжапырақты 

Т. (S.spіnіdens) – тек Қазақстанда ғана өсетін эн-

демиктер.  Өзен,  көл,  бөген  жағалауларында  кө-

біне  қалың  тоғай  құрап  өседі.  Биікт.  15  –  30  м. 

Жапырағы қысқа сағақты, бүтін жиекті, қандауыр 

тәрізді. Гүлі – дара жынысты, қос үйлі, оның гүл 

серігі болмайды, шашақ гүл сырғасына (аналық, 

аталық) топталған. Көбінесе жапырағы шыққан- 

ша гүлдейді. Бұтақ шоғыры иілген жалпақ пира-

мида  тәрізді,  жайқалып  өседі.  Көпшілік  түріне 

протогиния  (гүл  аналығының  ертерек  пісіп-же- 

тілуі)  тән.  Тұқымынан  немесе  бұтағын  кесу  ар-

қылы,  ал  мәдени  түрлері  қалемшелеу  арқылы 

көбейеді,  жәндіктер  (негізінен  аралар)  арқылы 

тозаңданады.  Жемісі  –  көп  тұқымды  қорапша. 

Т-дар тез өседі, 30 (кейде 75 – 100) жылдай жа-

Тал

Аудандағы жазық дала

Талас өзені


551

Талас

ТАЛАС  АҢҒАРЫ  –  Қырғыз  және  Талас  Алатау- 

лары аралығындағы тектоник. аңғар. Аңғардың қа- 

зақстандық  бөлігі  Тараз  қ-нан  оңт.-шығысқа  қа-

рай 28 км жердегі Жасөркен а-ның тұсынан баста-

лады. Ұз. 250 км шамасында, ені 1 – 30 км, биікт. 

600 – 1500 м. Аңғарда жусан, бетеге басым өседі. 

Кей жерлері жыртылған, жүгері, темекі, т.б. егіледі. 

Аңғармен Талас өз. ағады. Төм. бөлігіндегі Ешкілі 

және Ақтас тауларының түйіскен тұсындағы тарла-

уыт жерінде Киров бөгені салынған.



ТАЛАС  АУДАНЫ  –  Жамбыл  обл-ның  оңт.-баты-

сында  орналасқан  әкімш.  бөлініс.  1928  ж.  құрыл-

ған. Жер аум. 12,2 мың км

2

. Тұрғыны 51,3 мың адам, 



орташа тығызд. 1 км

2

-ге 4,2 адамнан келеді (2010). 



Аудан аум-ндағы 25 елді мекен 1 қалалық, 1 кент-

тік  және  11  ауылдық  округке  біріктірілген.  Аудан 

орт. – Қаратау қ. Ірі елді мекендері: Қаратау қ. (27,7 

мың  адам),  Ақкөл  (2,3),  Ойық  (2,4)  Үшарал  (1,8), 

т.б.  Аудан жері негізінен жазық, қиыр оңт.-батысы 

таулы. Мұнда Қаратау жотасының оңт.-шығыс бө-

лігі орналасқан. Ауданның ең биік жері де осы тұста 

(1109  м).  Солт.  Мойынқұмға  ұласады.  Мұндағы 

тау-төбелердің ішіндегі ең биік жері – Кемпіртөбе 

тауы  (409  м).  Жер  қойнауында  ірі  кен  орындары 

барланған. Онда әктас, доломит, мәрмәр және гра-

нит,  уран,  табиғи  газ,  алтын,  гипс,  барит,  хальце-

дон,  т.б.  кен  орындары,  минералды  бұлақтар  бар. 

Климаты тым континенттік, қысы біршама жұмсақ, 

жазы  ыстық,  аңызақты.  Ауаның  қаңтар  айындағы 

орташа темп-расы – 6 – 10°С, шілдеде 24 – 27°С. 

Жауын-шашынның  жылдық  орташа  мөлш.  150  –  

250  мм,  Қаратауда  400  мм-ге  жетеді.  Аудан  жері-

мен Талас, Аса, Көктал, Тамды өзендері ағып өтеді. 

Билікөл,  Ақкөл,  Ақжар,  Ащыкөл,  Тұздыкөл  көл-

дері бар. Жері сұр, шалғынды сұр, бозғылт қоңыр 

топырақты, солт-нде құмды, құмайтты топырақ қа-

лыптасқан. Өсімдіктерден жусан, баялыш, шеңгел, 

жыңғыл, жүзгін, изен, теріскен, күйреуік, сексеуіл 

өседі.  Қасқыр,  түлкі,  қоян,  ақ  бөкен,  сарышұнақ, 

аламан, тасбақа, кесіртке, жыланның бірнеше түрі 

кездеседі. Аудандағы а. ш-на пайдаланылатын жер-

дің жалпы аум. 1,044 млн. га, оның ішінде жыртыл-

ған жер 25,6 мың га, шабындық 25,1 мың га, жайы-

лым 982,4 мың га.



ТАЛАС БӘРПІСІ (Aconіtum talassіcum) – сарғал- 

дақтар  тұқымдасы,  бәрпі  туысына  жататын  көп 

жылдық шөптесін өсімдік. Талас және Қырғыз Ала- 

тауларында  кездеседі.  Ылғалы  мол  шабындықта, 

шөбі  қалың  сайларда,  бұталар  арасында,  жартас-

ты көлеңкелі беткейлерде өседі. Биікт. 80 – 100 см. 

Тамыры бір-бірімен тізбектелген 3 – 4 түйнекті бо- 

лады.  Сабағы  тік,  жапырақ  тақтасының  жиегі  3  –  

5 салалы, терең ойықталған, астыңғы беті бозғылт  

жасыл,  үстіңгі  жағы  қанық  жасыл  түсті  бола-

ды,  өркенге  кезектесіп  орналасады,  өркен  ұшына 

жақындаған  сайын  тақтасы  кішірейіп,  сағақсыз 

бекінеді.  Жеке  гүлі  ірі,  көгілдір  түсті.  Тостағанша 

жапырақшасы бесеу. Күлте жапырақшасының еке- 

уі  жіңішкеріп,  шірнелікке  өзгерген,  тостағанша 

тепкісінің  ішінде  жатады.  Аталығы  көп,  аналы- 

ғының  саны  үшеу  не  төртеу.  Тұқымынан  көбейе- 

ді.  Маусым  –  тамыз  айларында  гүлдеп,  та- 

мыз – қыркүйекте жеміс салады. Т. б. – улы әрі дә-

рілік өсімдік. Түйнек тамырынан аконитин алкало-

иды алынады, медицинада қолданылады. Т. б. жыл-

дан-жылға  таралу  аймағы  тарылып  бара  жатқан 

эндемик өсімдік. Т. б. Ақсу-Жабағылы қорығында 

қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» 

енгізілген.

ТАЛАС БӨГЕНІ, Тараз қ-ның оңт.-шығыс шетінде, 

Талас өз-нің темір жолмен қиылысында орналасқан. 

1942 ж. салынған. Бөген Кеңес дәуірінің өнеркәсіп-

тік-архит. ескерткіші болып саналады. Темір бетон-

нан жасалған қалқанды су көтергіш төрт қуысты Т. 

б. Байзақ ауд-ның 25 мың га-дан астам жерін сулан-

дырады және Тараз қ-н тех. сумен қамтамасыз етуге 

Талас Алатауы

Талас аңғары

Қаратау жотасының солтүстік-шығыс бөлігі



552

көп сулы Орта Талғар құяды. Аңғары жоғ. бөлігінде 

тар, шатқалды, төм. бөлігінде бұйратты, жазық бо-

лып келеді. Мұздық және жауын-шашын суларымен 

толығады. Жылына 2 рет, көктемде тау бөктеріндегі 

қар  (жылдық  су  мөлшерінің  24%-ы),  жазда  тау 

басындағы  қар  мен  мұздықтардың  еруінен  (жыл-

дық су мөлшерінің 39%-ы) тасиды. Күшті сел қаупі 

бар өзендердің бірі. Суы тұщы. Жылдық орташа су 

ағымы 10,6 м

3

/с. Өзен бойынан тартылған 9 канал 



арқылы егістік, бау-бақша суғарылады.

ТАЛҒАР  АСУЫ,  Іле  Алатауының  орта  тұсында, 

Талғар  шыңының  оңт.-батысында,  4263  м  биік-

тіктегі  мұздықта  орналасқан.  Асу  маңынан  Іле 

Алатауының солт. беткейіндегі Орта Талғар өз-нің 

және  оңт.  беткейіндегі  Шілік  өз-нің  бастаулары 

өтеді. Асу арқылы мамыр – қараша айлары аралы-

ғында Райымбек ауд-на қарай өтуге болады. 

ТАЛҒАР  АУДАНЫ    Алматы  обл-ның  оңт.  бөлі-

гінде орналасқан әкімш.-аумақтық бөлініс. 1928 ж.  

құрылған.  Жер  аум.  3,8  мың  км

2

.  Тұрғыны  156,9 



мың  адам,  орташа  тығызд.  1  км

2

-ге  41,2  адам-



нан  келеді  (2010).  Аудан  аум-ндағы  58  елді  мекен 

1  қалалық,  11  ауылдық  округке  біріктірілген.  Ірі 

елді  мекендері:  Талғар  қ.,  Бесағаш,  Тұздыбастау, 

Панфилов,  Белбұлақ,  Гүлдала,  Қызылқайрат,  т.б. 

Орт. – Талғар қ. Т. а-ның оңт. бөлігі мұздықтар мен 

қар басқан Іле Алатауының биік тау сілемдері мен 

тауалды  белдеуінен  тұрады.  Солт.  бөлігінде  жер 

бедері  төбелі-жазықты,  сай-жыралармен  тілімден-

ген; Қапшағай бөгеніне қарай еңістеп, Іле ойысына 

ұласады.  Ауданның  ең  биік  жері  –  Талғар  шыңы. 

Жер қойнауынан фарфорлы тас, гранит, құм, қиыр-

шықтас,  саз  балшық,  т.б.  құрылыс  материалдары 

өндіріледі.  Климаты  континенттік,  қысы  біршама 

жұмсақ, жазы ыстық. Қаңтар айындағы жылдық ор-

таша темп-ра –6 – 8ºС, шілдеде 20 – 23ºС. Жылдық 

жауын-шашын мөлшері жазық бөлігінде 200 – 400 

мм,  таулы  өңірде  800  мм.  Аудан  аум-нан  Талғар, 

Есік  өзендері,  Үлкен  Алматы  каналы  ағып  өтеді; 

Қапшағай бөгенінің оңт.-батысы кіреді; тау бөкте-

рінде мореналық шағын көлдер бар. Іле Алатауының 

Талғар,  Ақтау,  Егіздер,  Көкбұлақ  тау  жоталары-

ның  бастарын  көлемді  мұздықтар  (Корженевский, 

Шокальский,  Богатырь,  т.б.)  алып  жатыр.  Жазық 

өңірінің  топырағы  сұр  қоңыр,  тау  бөктерінде  қо-

арналған. Секундына 267 м

2

 су өткізеді. Ұз. 65 м, 



ең биік жері 5 м. Бөгеннен Алматы обл-на каналдар 

тартылған. Үстімен автомоб. жолы өтеді. 



ТАЛАС КЕКІРЕСІ (Oxytropіs talassіca) – бұршақ 

тұқымдасы,  кекіре  туысына  жататын  көп  жыл-

дық  шөптесін  өсімдік.  Талас  Алатауында  (Ақ- 

су, Қайыңды өзендерінің арнасында) кездеседі. Қо- 

рымтасты  беткейлерде,  шөптер  мен  бұталардың 

арасында өседі. Күрделі жапырақтары түкті, тақ қа-

уырсынды (ұз. 10 см), өркенге кезектесе орналаса-

ды. Жеке гүлінің ұз. 8 мм-дей, бір-бірімен кіріккен 

5  тостағанша,  5  күлте  жапырақшасы  бар.  Күлгін 

түсті  күлте  жапырақшасының  ең  жоғарғысы  жал-

пақ  желкен  тәрізді,  оның  жанындағы  жеке  тұрған 

екеуі  ескекше,  төм.  жағындағы  бір-бірімен  кірік-

кен екеуі қайықша деп аталады. Аталығының саны 

10,  оның  тоғызы  бір-бірімен  тұтасып,  жіпшесінен 

біріккен,  бір  аталығы  жеке  орналасады.  Аналығы 

біреу.  Тұқымынан  көбейеді.  Маусым  –  шілде  ай-

ларында  гүлдеп,  шілде  –  тамызда  жеміс  салады. 

Жемісі  –  бұршаққап.  Ақсу-Жабағылы  қорығында 

қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» 

енгізілген.



ТАЛАС  ҚАЙЫҢЫ  (Betula  talassіca)  –  қайыңның 

бір  түрі.  Биікт.  12  м-ге  жуық.  Діңі  ақ,  жыл-

тыр,  қабығы  қызғылт  түсті.  Бұтақтары  жіңішке, 

майысқақ, төмен қарай иіліп тұрады. Жапырақтары 

ірі  (ұз.  8,  ені  6  см),  үшбұрышты  не  жұмыртқа  тә-

різді, иректелген, ұшы үшкір. Аталық гүлдері (ұз. 

5, ені 7 см) бұтақтарының ұшында жетіледі, сырға 

тәрізді төмен қарай салбырап тұрады. Аналық гүл-

дері  кішілеу,  жеке-жеке  орналасады.  Тұқымынан 

көбейеді,  мамыр  айында  гүлдейді.  Жемісі  –  жаң-

ғақша. Т. қ. – Талас Алатауында ғана өсетін энде-

мик ағаш. Таралу аймағы азайып бара жатқандық-

тан  Ақсу-Жабағылы  қорығында  қорғауға  алынып, 

Қазақстанның  «Қызыл  кітабына»  енгізілген.  Т.  қ-

ның сүрегі өте бағалы, сондықтан оны құрылыста 

және  жиһаз  жасауда  пайдаланады.  Көрікті  ағаш 

болғандықтан елді мекендерді көгалдандыру және 

әсемдік үшін саябақтарға қолдан егеді. 



ТАЛҒАР – Іле алабындағы өзен. Алматы обл. Тал- 

ғар  және  Еңбекшіқазақ  аудандары  жерімен  ағады. 

Ұз.  117  км,  су  жиналатын  алабы  444  км

2

.  Талғар 



мұздығынан  басталып,  Қапшағай  бөгеніне  құяды. 

Сол Талғар мен Оң Талғар қосылған жерден Т. деп 

аталады. Осы жерден 8 км жоғарыда Оң Талғарға 

Талас

Талғар асуы

Талғар өзені


553

Талдыманақа

ңыр,  тауаралық  аңғарларда  қара  топырақ  қалып-

тасқан. Өсімдіктерден жусан, сораң, ши, тау бөкте-

рінде шалғын, бұта, терек, өрік, алма ағашы, биік 

таулы  бөлігінде  шырша,  қарағай,  альпі  шалғыны 

өседі.  Биік  тау  шатқалдары  мен  құздарында  ар-

қар,  таутеке,  тау  бөктерінде  ұлар,  қоңыр  аю,  елік, 

қасқыр,  түлкі,  қоян  кездеседі.  Солт-ндегі  жазық 

өңірінде борсық, суыр; өзен-көлдерінде қаз, үйрек 

мекендейді.  Ауданның  а.  ш-на  жарамды  жер  аум. 

388  мың  га.  Оның  ішінде  42,1  мың  га  егістік,  3,6 

мың га шабындық, 195,6 мың га жайылым (2008). 

Т.  а.  жерінде  респ.  маңызы  бар  тарихи,  мәдени-

архит.  ескерткіштерге  –  Талғар  қ-ның  оңт-ндегі 

ежелгі  Талхиз  қ-ның  орны  (7  –  8  ғ-ларда  Қарлұқ 

қағандығының  құрамында  болған),  сонымен  бірге 

Жаңалық а-ндағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына 

арналған  мемориалдық  ескерткіш  жатады.  Аудан 

жерінің оңт-ндегі табиғаты көркем тау баурайында 

Алматы қорығы орналасқан. 



ТАЛҒАР ШЫҢЫ – Іле Алатауының ең биік шыңы. 

Абс. биікт. 4973 м. Негізінен гранитті жыныстардан 

түзілген.  Беткейлері  тік  құлама  құзды,  жартасты 

келеді. Шың айналасын Корженевский, Жаңғырық, 

Богатырь мұздықтары құрсап жатыр. Т. ш-ның ба-

сына тұңғыш рет 1935 ж. В.М.Зимин бастаған аль-

пинистер солт.-батыс жағынан көтерілді.

ТАЛДЫ – Жетісу Алатауының орт. бөлігіндегі асу. 

Абс.  биікт.  2504  м,  Қазақстан  мен  Қытай  шекара-

сында.  Батысында  Басқан  (3941  м),  шығысында 

Қызылауыз  (3543  м)  асулары  орналасқан.  Асудың 

солт.  баурайынан  Ағынықатты  өз.  бастау  алып, 

Лепсі  өз-не  құяды.  Оңт.  баурайынан  (Қытай  же-

рінде) Мағат өз. бастау алып, Боротала өз-не құяды. 

Асудан мамыр – қараша айларында салт атты адам 

өте алады.



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал