120 теңгенің асы азық бола ма? Мұның барлығын неге айтып отырмыз?



жүктеу 0.66 Mb.

бет1/6
Дата12.04.2017
өлшемі0.66 Mb.
  1   2   3   4   5   6

120 теңгенің асы азық бола ма?

Мұның барлығын неге айтып отырмыз? 

Елбасы айтып жүрген дені сау ұлтты қалып-

тастыру балабақшадан бастау  алып, мек-

тепте дамығаны тиімді екенін ешкім жоққа 

шығармас. Батыс елдерінің көп 

шілігінде 

мектепке дейінгі балалар мен мектеп оқу-

шыларын сапалы тамақтандыру мемлекеттің 

ұлттық қауіпсіздігі мәселесімен қатар қойы-

лады. Өте дұрыс. Өйткені баланы бола-

шағымыз деп қарайтын ел олардың тамақ-

тану мәдениетіне көп көңіл бөледі. Ал бізде 

ше? Шымкент қаласының мектеп 

терінде 

оқитын аз қамтамасыз етілген отба 

сы-

лардан шыққан балалар үшін бе рілетін тегін 



ыстық тамақтың құны биыл 120 теңге болып 

бекітілген. Облыстық білім басқар масының 

маманы Айнұр Шерімбеттің айтуынша, 

аудандарда бұдан да төмен, яғни 100-110 

теңге деп белгіленіпті. Бүгінгідей азық-түлік 

пен жеміс-жидектің, ет, сүт, балық өнім-

дерінің базардағы бағасы аспандап тұрған 

кезде бұл қаржыға келетін тамаққа оқушы 

асқазанын алдандыра ала ма? Бізді маза-

лаған осы мәселе болып тұр. 

Рас, бүгінде тұрмысы төмен, көпбалалы 

отбасылардың мектеп жасындағы бала-

ларын сабақ ортасында бір мезгіл ыстық та-

мақпен қамту мәселесі қолға алынып келеді. 

Шымкент қаласының өзінде бір мезгіл 

ыстық тамақпен тегін қамтамасыз етілуі тиіс 

оқушылардың тізіміне 4340 бала енгізілген. 

Ал бір балаға берілетін ыстық ас үшін 120 

теңге деген қаржы қайдан шық қан?

– Бұл – жалпы білім беру қорынан бөлі-

нетін қаржы. Ал 120 теңге деген қаржыны 

біз ойлап тауып немесе есептеп шығарған 

жоқпыз. Бұған байланысты Үкіметтің 2008 

жылы шыққан №64 арнайы қаулысы 

бар. Сол қаулыда білім саласына бөлінген 

қаражаттың кемінде 1 пайызы жалпы білім 

беру қорына аударылуы тиіс екендігі көр-

сетілген. Ол қаржы өз кезегінде балалардың 

тегін тамағына, киіміне және жазғы демалыс 

лагерьлеріне тегін жолдама беруге жұм-

салады. Ыстық тамаққа бөлінетін қаржы 

күніне үш рет тамақтандыруға емес, тек бір 

мез 

гіл, яғни таңғы тамақпен қамтамасыз 



етуге бөлінеді. 

ТҮЙТКІЛ


Ас – адамның арқауы. «Аштан ақыл сұрама» деген сөз бекер 

айтылмаған. Мұны үнемі тоқ, кекірік атып жүргендер ғана 

білмеуі мүмкін. Атам қазақ он аурудың тоғызы астан демеп 

пе еді? Мамандардың пікірінше, соңғы он жыл ішінде сапасыз 

тамақтанудың салдарынан асқазан, ішек ауруы, қаныаздық 

секілді сырқатқа шалдыққан балалар саны көбейген. Статистикаға 

сенсек, мектепке дейінгі бүлдіршіндер арасында тірек-қимыл 

жүйесі патологиялары мен ас қорыту мүшелерінен зардап шегу 

фактілері алғашқы орындарға шығады. Одан кейінгі орындарда 

жүйке жүйесі сыр беретіндер жиі кездеседі екен. Мұның ішкен 

асына тікелей байланысты екенін мамандар жоққа шығармайды. 

Мектеп жасындағы балаларға зерттеу жасалғанда, олардың 

60-67 пайызында С витаминінің жетіспеушілігі анықталса, 

50-57 пайызында В2 дәруменінің құрамы төмен деңгейде. 

Әскер қатарына шақырылған жасөспірімдерге тоқталсақ, Отан 

алдындағы борышын өтеуге жарамды жігіттердің қатары сиреп 

бара жатқаны мемлекет болып қолға алатын мәселеге айналды.

Жалғасы 2-бетте   

Шадияр МОЛДАБЕК

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

ДАТ!

6-б

етте

Оралбай ӘБДІКӘРІМОВ:

Халқымызды жергілікті 

тұрғындар немесе 

оралмандар деп, не 

болмаса нағыз қазақ, 

не шала қазақтар деп 

бөлуге болмайды

www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

147,97

204,89

4,79

23,21

1,38

11808,79

1457,73

1168,28

110,63

1651,70

ОЙ-КӨКПАР 



Қазақстанда иммиграцияның өсуі этникалық-қылмыстық топтардың құрылуына әкелуі мүмкін бе?

ИӘ

– Жуырда Қазақстаннан қырғыздың 

бір авторитеті ұсталғанын білеміз. Бұл 

– бір ғана мысал. Болашақта бізде де 

мұн дай құбылыстар кеңінен көрініс бе-

руі әбден мүмкін. Осы уақытқа дейін Қа -

зақстандағы өзбектер Оңтүстік аймақтар-

да ғана тұйықталып отырған еді. Енді 

олар еліміздің өзге аймақтарына қарай 

қо ныс аударуда. Мұндай жағдайда олар 

міндетті түрде ұлттық ерекшеліктері бо-

йынша бөліне бастайды. Жалпы, келіп 

жат 

қан иммигранттардың басым бөлігі 



– бі 

лім деңгейі төмен, қара жұмысқа 

икем 

ді адамдар. Сәйкесінше, олардың 



қыл мысқа бейімділігі де жоғары болады. 

Өткен жылдары Алматы әкімі қаладағы 

қылмыстардың айтарлықтай бөлігі сырт-

тан келген гастарбайтерлердің қолымен 

жаса латынын айтқан еді. 

3-бетте

Замир КАРАЖАНОВ, 

саясаттанушы:

Марат ШИБҰТОВ, Шекаралық 

әріптестік қауымдастығының 

сарапшысы:

Әдетте қылмыстық топ құраушылар өздеріне 

сенімді адамдар іздейді. Әлемдегі көптеген 

қылмыстық топтардың этникалық немесе жер-

шілдік ерекшеліктер бойынша құрылуының 

себебі сол. Қазақстанға жыл сайын сан 

мың жұмыс күшінің еніп жатқанын, яғни 

иммиграциялық процестің қызып жатқанын 

ескерсек,  «бізде де этникалық қылмыстық 

топтар көбейіп кетпей ме» деген сұрақ туын-

дайды. АҚШ, Мексика, Италия, Ресей сынды 

азулы елдердің әлі күнге дейін жеңе алмай келе 

жатқан осы бір мәселесі біздің Қазақстанда 

пайда болуы мүмкін бе? Сарапшылар қауымы 

бұл жөнінде әртүрлі пікір айтады. 

ЖОҚ

– Этникалық ерекшеліктер бойынша қыл-

мыстық топтар пайда болуы мүмкін деп алаң-

дау дың реті жоқ шығар. Ондай топтардың көп-

теп пайда болуына өзіндік бір дәстүрлер дей  міз 

бе, бұрыннан қалыптасқан стереотиптер түрткі 

болады. Сондай-ақ этникалық ерек  шеліктер 

бойынша бөлінуге ыңғайлы ме кен  дер болады. 

Бір қуантарлығы, бізде ондай жа ман үрдіс қа-

шан да болса аз көрініс берген. Мә селен, АҚШ-

та, Ресейде осындай этника лық қыл мыс тық 

топтардың пайда болу мүм кін дігі өте жо ғары. 

Бұл бір жағынан сол жер лер дегі саяси жағ-

дайларға байланысты болуы мүмкін. Ал бізде 

ондай қылмыстық топ тар ды былай қой ғанда, 

тіпті этникалық ерек ше лік бойынша топ талған 

бизнестер де көп емес. Бізге жақын ор на ласқан 

елдердің қата ры нан этникалық қыл мыстық топ 

құруға грузиндер, армяндар, ше шен дер, негізі-

нен кав каз дық халықтар бейім. 



Шенеуніктер жұмысының бір күнін 

мүгедек-арбада өткізіп көрсе ғой...

Кеше Мәжілістегі Үкімет сағатында 

мүмкіндігі шектеулі азаматтардың 

құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері 

талқыланды. Онда еңбек және халық-

ты әлеуметтік қорғау министрі  Гүлшара 

Әбдіқалықова баяндама жасап, депутат-

тарға Қазақстандағы мүгедектердің өмір 

сүру сапасын жақсарту мен құқықтарын 

қамтамасыз ету жөніндегі Ұлттық іс-қимыл 

жоспарымен таныстырып шыққан бола-

тын. Министр ханым депутаттардан тың 

ұсыныстар күтетінін айтып, сосын жыл 

соңына дейін пысықтап алып, жоспарды 

қабылдауға құлшынып отыр. 

Ресми мәліметтер айтады: елімізде 563,1 

мың адам мүмкіндігі шектеулілер санатында. 

Бұл – жалпы халық санының 3,4 пайызына 

тең көрсеткіш. Ал мұның ішінде 58 мыңы – 

мүгедек балалар. Маңдайға жазылған тағдыр-

дың тауқыметімен мүмкіндігі шектелген осы 

топтағылардың қоғамға кірігуі нешік? Олар 

өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде 

сезіне ала ма? Жоқ. Өкінішке қарай, Қазақ-

станда мүгедек өзін тек қана мүгедек ретінде 

сезінуден аса алмайды. Басқа амалы да жоқ. 

Өйткені көпшілік жерде үйдің айналасынан 

бас тап, қоғамдық көлік пен кеңселерге дейін 

әл  гіндей  жандарға  жағдай  еш  қарастырыл ма-

ған. Ал өзімізді өркениетті елдермен салыс-

тыр сақ, ондағы мүгедектің біздің мүмкіндігі 

шек  теулілерге қарағанда, қоғамдағы орны 

ай  қын. Ендеше, мүгедекке мүсіркей қараған-

нан гөрі, оны қоғаммен ықпалдастыра түсуге 

ба са назар аударылса игі. Еңбек және халықты 

әлеу  меттік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқа-

лық  о  ва да соңғы жылдары мүгедектерге қа-

тыс  ты үкіметтік саясаттың осы бағытқа ойыс-

қа  нын алға тартады. Мәселен, кейінгі он жыл-

да мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын 

қорғауға қатысты жетіден астам заң қабылдан-

ған. 


Қанат ҚАЗЫ

Жалғасы 3-бетте 

Владимир ЖИРИНОВСКИЙ, 

РФ Мемлекеттік Думасының 

депутаты:

– Мен кек сақтамайтын, мейі-

рімді адаммын. Мен тіпті ренжіс-

кен нен кейін, жарты сағаттан кейін 

бә рімен құшақтасып, із қалғанша 

сүйі семін. Брежнев сияқты...



(www.topnews.ru сайтынан)

...де

дiм-ай, а

у!

2-бет

5-бет

7-бет

Латышы көп 

командамыз Латвия 

клубынан ұтылды

Тәуелсіздік айнасы

Ағза донорлығын 

қалай жолға қоямыз?

А

ЛАШ-АҚПАР



А

Т

Департаменттің төтенше жағдайларды ескерту 



бөлімінің бастығы Павел Крыловтың айтуынша, 

Алматы сияқты сейсмобелсенді аймақ тұрғындары 

жер сілкінісі кезінде байбаламға берілмей, дұрыс 

әрекет етудің тәртібін білуі тиіс. «Күшті жер сілкінісі 

жағдайында біздің азаматтық қорғаныс қызметі, 

Төтенше жағдайлар департаменті және басқа да 

органдар өз міндеттерін орындауға сақадай-сай. Біз 

жалғыз емеспіз: бізге республиканың өзге 

облыстарынан бөлімшелер көмекке келеді. Өзара 

әрекеттесудің жоспары жасалған», – дейді ол. Баспасөз 

мәслихаты жексенбі күні болған жер сілкінісінен кейін 

арнайы ұйымдастырылған еді. Қазанның 23-і күні 

сағат 05.17-те Алматы облысы Талғар ауданы 

аумағында, оңтүстік астанадан бес шақырым жерде 

сейсмикалық дүмпулер тіркелді. Алматы қаласында 

MSK-64 шкаласы бойынша 3 балл сілкініс болды. 

«Сейсмология институты» ЖШС мамандары әлсіз 

санатқа жататындықтан, бұл сейсмикалық құбылысқа 

бола алаңдауға еш негіз жоқ екенін мәлімдейді. Айта 

кетейік, дәл осы қазанның 23-і күні Түркияда 

магнитудасы 7,2 болатын жер сілкінісі болып, соңғы 

ресми мәлімет бойынша 220-ға жуық адам қаза 

тауып, 1100-ге жуық адам жарақат алды, 100-ге жуық 

нысан қирап қалды.



Болатбек МҰХТАРОВ

Мамандар сабыр 

сақтауға шақырады

Жойқын жер сілкінісі кезінде әрекет 

етуге Алматының төтенше жағдайлар 

құрылымдары мен басқа да органдары 

дайын. Бұл туралы жексенбіде болған жер 

сілкінісінен соң шұғыл баспасөз мәслихатын 

өткізген Алматы қалалық төтенше жағдайлар 

департаментінің мамандары мәлімдеді.

№189 (641) 25 қазан

сейсенбі 2011 жыл

Мансұр Х


АМИТ (фо

то)


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№189 (641) 25.10.2011 жыл, сейсенбі        



www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz

ҚОҒАМ

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Америкадан көлік әкелуге тыйым салына ма?



«Қазақстанға америкалық көліктерді әкелуге тыйым салынатын болыпты» деп 

естідім. Осы рас па? Рас болса, неліктен және бұл шара қай уақыттан бастап амалға 

аспақшы? 

Рүстем, Қостанай облысы 

Қазақстанға америкалық көлік терді әке-

луге тыйым салу 2012 жылдың маусым айы-

нан бас 


 

тап жүзеге асырылмақ. Бұл шара 

Кедендік одақ елдері – Қазақстан, Ресей, 

Белорус ел 

дерінің ав 

токөліктердің кейбір 

түрлерін сырт тан әкелуге тыйым салу жөніндегі 

техника лық реттеу ая сында жүргізілмек. Бұл 

туралы  Auto news  пор талы  хабар  таратқан.

Хабарда Кеден одағы елдері терри-

ториясына оң жақ рөлді, жарық беру фара-

лары талапқа сай болмаған, көліктің алдыңғы, 

артқы ескерту фа нар лары талапқа сай бол-

маған автокөліктерді әкелуге толықтай тыйым 

салынатыны айтыл ған. 

Техникалық реттеу күшіне енген соң, 

Амери кадан кез келген автокөлікті, мысалы, 

Mercedes ML, BMW X5 немесе нағыз амери-

калық Cadillac, Lincoln автокөлігін әкеле 

алмай сыз.

Сонымен қатар Кеден одағы елдері тер-

риториясына тек Жапон нарығына арналған 

автокөліктерді әкелуге рұқсат жоқ.

Техникалық реттеу құжатында Кеден одағы 

елдері территориясына сырттан әкелінетін 

және пайдаланылатын техника құралдарының 

сәйкестік параметрлері айқын көрсетілген.

Сауықтыру жәрдемақысын қалаған кезде алуға бола ма?

Сарапшы мамандардың мәліметінше, ҚР Еңбек кодексінің 

239-бабына сәйкес, мем ле кеттiк бюджет есебiнен ұсталатын 

азаматтық қызметшiлерге лауазымдық жалақысы мөлше рiнде 

сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы 

күнтiзбелiк отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақылы 

еңбек демалысы берiледi. Азаматтық қыз 

метшiлерге 

сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтiзбелiк жылда бiр рет 

төленедi.

 Бұл ретте Кодекстің 1-бабында азаматтық қызметшi – 

Қазақстан Республикасының заң 

намасында белгiленген 

тәртiппен қазыналық кәсiпорындарда, мемлекеттiк 

мекемелерде ақы лы штаттық лауазымда iстейтiн және олар-

дың мiндеттерi мен функцияларын iске асыру және мемлекеттiк 

органдарға техникалық қыз мет көрсетудi жүзеге асыру мен 

олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында 

лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыратын адам деп 

белгіленген.

Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесі Қазақстан 

Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі №850 

қаулы сымен  бекітілген. 

Осыған орай, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы 

берiлген кезде лауазымдық жалақысы мөлшерiнде сауықтыруға 

арналған жәрдемақы лауазымдары Тізбеге енгізілген және 

ұйымның штатында тұрған қызмет керлерге беріледі. 



ҚР Еңбек кодексінің 239-бабының 1-тармағында мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық 

қызметшілерге лауазымдық жалақысы мөлшерінде жылына бір рет сауықтыруға арналған жәрдемақы 

төленетіні айтылған. Менің білгім келгені, қызметкер сауықтыру жәрдемақысын қалаған кезде алуына бола ма?

Феруза МҰРАТБЕКОВА, Оңтүстік Қазақстан облысы

Басы 1-бетте

ТҮЙТКІЛ


120 теңгенің асы азық бола ма?

Бұл қаулыда атап көр сетілген. Ал ыстық 

тамақ деген бұл ботқа, жұмсақ тәтті нан, 

шай немесе кофе болуы мүмкін, – дейді 

Шымкент қалалық білім бөлімінің бас 

маманы Наталья Котлерова.



– Қаулыда кемінде 1 пайыз деп 

көрсетілсе, онда ыстық тамаққа деген 

қаржының көлемін көбейтуге болатын 

шығар?

– Жалпы білім беру қорынан бөлінетін 

қаржы көлемін 3 пайызға дейін арттыратын 

болса, әлбетте көбейтуге болады. Ал әзірге 

бары осы. 

Наталья ханым осындай түсінік береді. 

Шын мәнінде осы қаражат балалардың 

сабақ ортасындағы тойынып тамақтануына 

жете ме? Бұған қалалық бюджеттің әр 

тиынының қайда, не үшін жұмсалып 

жатқанын бақылап, неге жұмсау керектігін 

ұсынып, бекітетін халық қалаулылары не 

дер екен? 

«Күнделікті бала тойып тамақтану үшін 

шамамен 500 теңгедей керек шығар. 

Сонда ғана мектеп оқушысының қарны 

ашпайды. Тамақтың ішінде еті, картобы 

болуы керек. Ал қазір білесіздер ғой, азық-

түліктің бағасы қымбат. Арзан тамақтың 

құнары болмайды. Менің балам үйден 

жақсылап тамақтанып шығады, ал мектепте 

тәтті тоқаш және басқа да жүрек жалғай-

тын нәрселер алуға деп қолына күнде 200 

теңге беремін», – дейді Шымкент қалалық 

мәслихатының депутаты Ғани Ташқараев.

Шымкент қалалық мәслихатының 

хатшысы Нұрлан Бекназаровтың да пікірі 

жоғарыдағы әріптесімен сабақтас екен: 

«Бала қай жерде болмасын, тоқ жүруі тиіс. 

Негізінде, тамақтың құны теңгесінде емес, 

құндылығында ғой. Ал астың құнары 

артқан сайын оның бағасы да көтеріле 

беретінін түсіну қиын емес. 120, тіпті 200 

теңгеге бала тоятын тамақ дайындалады 

деп айта алмаймын. Шындығын айтқанда, 

оқушыларды тамақпен қамту мәселесі 

үлкен проблемалардың бірі», – дейді. 

Иә, депутаттардың айтып отырғаны 

дұрыс, бірақ неліктен осы мәселені 

сессияда көтермейді екен? Бәлкім, бұл 

мәселеден хабарсыз да болар. 

 Ал біз сайлаған халық қалаулылары-

ның өзге қаладағы әріптестері оқушылар 

тағамына қатысты қандай амал-шаралар 

қолданып жүр? Мәселен, Алматы қала-

сында 1-4-сынып оқушыларын ыстық та-

мақпен қамтамасыз ету мақсатында қала 

қазынасынан 2010 жылы 2 миллиард 363 

миллион теңге қаралыпты. Бұл бір жыл 

бұрынғы көрсеткіштен 15 пайызға жоғары. 

Алматылық оқушылар үшін былтырғы 

жылдың өзінде біркүндік ыстық тамағының 

құны 220 теңге болып белгіленген-ді. Ал 

Шымкентте былтыр бір баланың ыстық 

асы үшін, жаңылыспасақ, 100 теңге бөлін-

ген еді. Айырмашылық екі еседен астам. 

Балаларды ыстық тағаммен қамтамасыз 

ету бастамасын ең алғаш ұлыбритания-

лықтар қолданған екен. Дәлірек айтқанда, 

1899 жылғы ағылшын-бур соғысынан 

кейін балаларды сапалы тамақтандыру 

нақты қолға алынған. Өйткені осы соғыс 

барысында әскер қатарына алынған жас 

жігіттердің әрбір үшіншісінің денсаулығы 

дімкәс, соғысуға жарамсыз болып шыққан. 

Осы бастаманың арқасында 1906 жылы 

әлемде алғаш болып ағылшындар мектеп 

оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз 

ету жөнінде мемлекеттік қаулы қабылдаған. 

Соның арқасында 1950 жылдары мектеп 

оқушыларының 49 пайызы тегін тамақпен 

қамтылса, 84 пайызына бір шыны сүт тегін 

беріліпті. Мұның нәтижесі айқын аң-

ғарылған. Алайда 1980 жылдары Мар-

гарет Тэтчердің бастамасымен бұл шаруа 

жеке кәсіпкерлердің құзырына өткізіледі. 

Осыдан кейін мектеп буфеттерінде шоко-

лад, гамбургер, газдалған сусын секілді 

заттарды көптеп сатыла бастаған. Өзгенің 

қателігінен сабақ алу орнына қайталап 

отырған біздің мектептердегі асхана, 

буфеттердегі көрініс қазір дәл осындай. 

Араға 20 жылдай уақыт салып елде жүрек 

қан тамырлары ауру лары, семіздік секілді 

дерттер күрт ұл ғайып, ұлттың денсаулығы-

на қауіп төнеді. Амал жоқ, араға бес жыл 

уақыт салып мектеп оқушыларын сапалы 

да ыстық тағаммен қамтамасыз етуді 

мемлекет қайта өз қолына алады. Бұл үрдіс 

әліге дейін үзілген емес. Әлемге билік 

жүргізгісі келетін Американың өзінде 

«Мектептегі таңғы ас», «Мектептегі түскі 

ас» деген бағдарламалар тұрақты жұмыс 

істейді. Осы мақсатта АҚШ мемлекеті 

қазы насынан 12 миллиард доллар қаражат 

шығындайды екен. Есесіне, мұның қай-

тарымында шек жоқ. Ұрпақтың денсау-

лығынан артық қандай байлық болуы 

мүмкін?! 

Салауатты өмір салтын насихаттап, 

денсаулыққа ерекше назар аударудағы 

Елбасы саясаты түптеп келгенде дені сау 

ұрпақ қалыптастыруға бағытталғанын 

түсіну қиын емес. Алайда дені сау ұлт 

қалыптастыру балабақшалардан, мектеп 

оқушыларынан бастау аларына жергілікті 

билік тарапынан жеткілікті көңіл бөлінбей 

келеді.


Айтқандай, бірнеше жылдан бері 

картоп, пияз, сәбіз секілді азық-түлік 

сатумен айналысатын бір танысым соңғы 

жылдары кәсібінің қалдықсыз бизнеске 

айналғанын айтып, қуанып жүр. Өйткені 

базарда нақты ақшаға өте қоймайтын 

сапасыз, ұсақ картоптарды балабақша, 

мектеп, аурухана секілді әлеуметтік меке-

мелерді ыстық тамақпен қамтамасыз ететін 

мердігерлер сыпырып-сиырып алып кетеді 

екен. Міне, біздің балаларымыз сапасы 

қандай өнімдерді пайдаланып жүр. Мұның 

бала денсаулығына кері әсері зор екені 

сөзсіз. Бұл бір жағы, ал екінші жағы – 

ашқұрсақ балаға қаншалықты ақыл 

қонады? Сонда біз ауру да ақылсыз баланы 

қолдан жасап алып жатқан жоқпыз ба? Бұл 

– тұтас ұлтқа төнген қауіп. 



 Оңтүстік Қазақстан облысы

ДЕНСАУЛЫҚ

АЛАШ-АҚПАРАТ

КӨШ-КЕРУЕН



Ағза донорлығын қалай жолға қоямыз?

Негізі, адам ағзасын ауыстыру әлемде 

екі заңдық үлгіде жасалып келеді. Дүние-

жүзілік денсаулық сақтау ұйымының қағи-

дасына сай, әр адамның өзінің келісімі 

ар қылы немесе адам дүниеден өткен соң, 

туыс 

тарының рұқсаты бойынша донор 



болуға рұқсат берілген. Ал бізде донор-

лыққа қатысты екі келісімнің де жолға 

қойылмауы салдарынан, ағзаға зәру жан-

дар көрер күні таусылғанға дейін донорлық 

ағза күтуге мәжбүр. Кейбір кезде мұндай 

ағза алмастыру жұмыстары белгілі бір 

жасқа дейін жасалуы тиіс. Алайда елімізде 

донор табылмағандықтан, олардың ара-

сында кезегі келмей, доноры табылмай 

өмірден өтіп кететіндері де жетерлік. Тіпті 

донорлыққа қатысты жайлар дың заң жү-

зін де айқындалмауы салдарынан мәйіт ха-

наға түскен мәйіттің ағзалары сатылады 

екен деген әңгімелер де тарап жүр.



Нұрлыхан ЕРЕЖЕПОВ, 

Алматы қалалық сот-медициналық 

сараптама орталығының директоры: 

– Қоғамда ондай қауесеттің бары 

рас. Мәйітханаға түскен мәйіт ағзала-

рының саудаланатыны жайлы жиі ай-

тылып жатады. Алайда мұндай әңгіме 

шындыққа жанаспайды. Мұндай қаңқу 

сөзге ерік бермес үшін бәрін заң жүзін-

де бекітіп алған дұрыс еді. 

Елімізде ағзаны сатуға заң жүзінде 

тыйым салынған. Әйтсе де қоғамда донор 

болуға ниетті жандар жетерлік. Тіпті 

сатпай-ақ ағзасын тегін беруге әзір жандар 

донорлықтың дұрыс жолға қойылмауы 

салдарынан ағзасын «аманаттауға» әзір 

екенін кімге айтарларын білмей дал.




  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал