12 наурыз, 2015 жыл Бейсенбі 2012 жылғы 4 қазаннан шыға бастады Қызылорда облысы аумағына тарайтын апталық газет



жүктеу 231.67 Kb.

бет1/3
Дата07.03.2017
өлшемі231.67 Kb.
  1   2   3

12 наурыз, 2015 жыл

Бейсенбі

2012 жылғы 4 қазаннан шыға бастады

Қызылорда облысы аумағына тарайтын апталық газет

№11 (128)

Құрылтай

Қосжар ауылында Бақытбай

Шораев деген азамат болды. Бал-

ық қорғау питомнигінде жұмыс

істеді. Әкесі Шора Сыр өңіріне

аты мәлім айтқыр да ауызды кісі

еді. Әке тәлімін алған Бақтыбай

еңбекке ерте араласты. Өмірдің

ащы-тұщысын көрді. Осы балық

қорғау саласында абыройлы жұм-

ыс істеп, зейнеткерлікке шықты.

Адам өмірінде кейде ойлама-

ған үлкен қуаныштар болып жа-

тады. Бақтыбай да осындай бір

қуанышқа 2005 жылы кенелген.

Сол жылы сәуір айында Аралға ел-

іміздің тұңғыш Президенті Н.На-

Биыл ҚР Конституциясының

қабылданғанына 20 жыл. Ата Заң-

да бекітілген биліктің бір тармағы

ретінде сот-мемлекеттегі әділдік-

тің айнасы, елдегі туралықтың та-

разысы. Мемлекетті демократия-

лық тұрғыда тиімді сот жүйесінсіз

дамыту мүмкін емес. Бұған соңғы

жылдардағы тәуелсіз сот билігін

қалыптастыруға бағытталған жа-

ңа реформалар айқын мысал. Бұл

барлық даулы мәселе заң арқылы

шешімін табатын құқықтық дем-

ократиялық қоғамның талабы.

2014 жылы  сот әділдігін жүзеге

асыруда Арал аудандық сотымен

барлығы 2774 іс қаралған.

Қаралған іс саны азаматтық іс-

тердің үлес салмағының қомақ-

тылана түсуі себепті артқан. Аза-

маттық істердің санының артуы-

бұл халықтың соттарға сенімінің

күшейіп, заңды мүдделерін сот ар-

қылы қорғауға талпыныс жасап

жатқандықтарының көрінісі. Мы-

салға 2014 жылы аудандық сотта

974 азаматтық іс қаралып, оның

632 ісі бойынша шешім қабыл-

данып, 561 талап қанағаттандыр-

ылған, 71 талап арыз қанағаттан-

дырусыз қалдырылған. 114 сот бұй-

рығы шығарылған. 7 іс бойынша

ұйғарым қабылданған, 100 іс қыс-

қартылып, 109 іс қараусыз қалды-

рылған. 12 іс соттылығы бойынша

басқа сотқа жолданған.

Сот шешіміне келіспеген тар-

аптардың апелляциялық шағымы-

мен облыстық соттың апелляция-

лық алқасында есепті кезеңде 99

азаматтық іс қаралып, 96 іс бой-

ынша сот актілері заңды әрі негізді

болғандықтан күшінде қалған, 2 іс

бойынша шешімнің күші жойылып,

1 іс бойынша шешім өзгертілген.

Есепті кезеңде 167 адамға қат-

ысты 131 қылмыстық іс қаралып,

77 адамға қатысты 52 іс бойынша

айыптау үкімі шығарылып, 1 іс бой-

ынша 2 адамға қатысты ақтау үкі-

мі шығарылған. 78 адамға қатыс-

ты 70 іс сотталушының жәбірлен-

ушімен татуласып, келтірілген

зиянның есесін толтыруына бай-

ланысты өндірістен қысқартыл-

ған. 6 адамға қатысты 6 іс бой-

ынша іздеу жарияланып, прокура-

тураға жолданған, 2 адамға қатыс-

ты 2 іс соттылығы бойынша жол-

данған. Апелляциялық тәртіппен

9 қылмыстық іс 19 адамға қатыс-

ты қаралып 2 іс бойынша сот үкімі

өзгертілген. 1669 адамға қатысты

1669 әкімшілік іс қаралып, 1373

адамға әкімшілік шара көрілген,

оның ішінде 402 адамға айыппұл

жазасы, 814 адамға әкімшілік қамау

жазасы, 135 адамға көлік жүргізу

құқынан айыру жазасы, 22 адамға

ескерту жазасы қолданылған. 288

адамға қатысты іс қысқартылған.

Жасы толмағандарға қатысты 8 іс

Ауданымызда көз мүгедек-

теріне қамқорлық көрсету мәсе-

лесі назардан тыс қалып отырған

бойынша 8 адамға

заңды түсіндіру тәрби-

елік ықпал ету шара-

лары қолданылған.

Әр істің артында

адам, оның құқығы

тұр. Істі заңда көздел-

ген мерзімінде қарап,

оны әділдігімен шешіп беру әр судь-

яның басты міндеті. Аудандық сотта

қаралған қылмыстық, азаматтық

және әкімшілік істердің заңда қа-

растырылған қарау мерзімінен ас-

ып кету фактілері орын алған жоқ.

"Медиация туралы" Заң өзінің

өміршеңдігін, тиімділігін дәлелдеп

келе жатқан сыңайлы. Оған медиа-

ция туралы келісімге сәйкес қыс-

қартылған істер санының жылдан-

жылға артуы дәлел. Айта кету кер-

ек, жыл қорытындысы бойынша

ҚР-ның "Медиация туралы" Заң-

ының жүзеге асырылуына белсен-

ділік танытып, тараптарды бітім-

гершілікке келтіруде өзіндік үлесін

қосқаны үшін кәсіпқой медиатор

Б.Бердалиев  Қызылорда облыстық

соты төрағасының Алғыс хатымен

марапатталды.

 Аудандық сотта құқықты нас-

ихаттау барысында бұқаралық ақ-

парат құралдарында судьялар, сот

қызметкерлері әртүрлі өзекті та-

қырыптарда 46 мақала жарияла-

ған. Сот әділдігін жүзеге асыру ба-

рысында атқарылған жұмыстардың

қорытындысы бойынша баспасөз

құралдары өкілдерінің қатысуы-

мен тоқсан сайын баспасөз кон-

ференциялары, брифингтер өтеді.

Бүгінгі таңда сот төрелігін жүз-

еге асыру процестерін жеделдету-

ге, сот ісін жүргізудің қолжетімді-

лігі мен айқындылығын қамтама-

сыз етуге мүмкіндік беретін тиімді

ақпараттық технологиялар кеңінен

қолданылуда.

Cудьялардың VI съезінде қой-

ылған сот ісін жүргізу процесіне ақ-

параттық технологияларды ауқым-

ды түрде енгізу тапсырмасын ор-

ындау мақсатында ҚР-ның Жо-

ғарғы Сотымен "Сот кабинеті" эл-

ектрондық сервисі іске асырылды.

"Сот кабинеті" ақпараттық жүйе-

сінің ерекшелігі - бұл жүйеде "Эл-

ектрондық өтініш беру", "Талап ар-

ыз беру", "Хаттама көшірмесін бер-

уге арыз", "Сот отырысының хат-

тамасына арыз-ескертпе", "Төлем

чегін тексеру", "Сот істерін іздес-

тіру", "Сот отырысының жазбала-

рын көру" және "Хабарламаларды,

хабарлама қағаздарды, сотқа ша-

қыру қағазын алу" жүзеге асыры-

лады. "Сот кабинеті" ақпараттық

жүйесін қолдану үшін арнайы ор-

ындар ашылды, енді электронды

түрдегі өтініш, талап-арыздарды

халыққа қызмет көрсету Орталығы

арқылы жолдауға болады. "Сот

кабинеті" ақпараттық жүйесі ар-

қылы аудандық сотқа 2014 жылы

51 электронды арыз түссе, 2015

жылдан бастап 129 электронды

арыз түсіп, тіркелген.

Сот жүйесінің жұмысына

"ТӨРЕЛІК" пилоттық жобасы

енгізілді. Мақсаты - іс жүргізуге

қатысты толық ақпарат пен шы-

ғарылған сот актілерімен танысу,

басқа да қажетті ақпараттарды

сот ісін жүргізуге қатысушылар-

дың шұғыл алуына жағдай туғызу.

Сот процестерінің ашық және

жариялы түрде өтуін қамтамасыз

етуде аудио-бейне қондырғыла-

рын қолдану қолға алынуы. Ау-

дандық соттың сот мәжілісі зал-

ында аудио-бейне қондырғысы

орнатылған. Сол себептен сотқа

келіп түскен барлық азаматтық,

қылмыстық, әкімшілік істерді

қарау осы жазба қондырғыларын

пайдалану арқылы өткізілуде.

Арал аудандық сотының 2014

жылы атқарған жұмыстары нәти-

жесіз емес. Қызылорда облысын-

ың аудандық және оған теңесті-

рілген соттар кеңселерінің ара-

сында өткен "Жылдың үздік ау-

дандық соты" байқауының қор-

ытындысында Арал аудандық со-

ты ІІІ орын иегері атанып, дип-

ломмен марапатталды. Қызылор-

да облысы соттарының арасында

"Мемлекеттік тілде қабылданған

үздік сот актісі" байқауының қор-

ытындысында "Мемлекеттік тіл-

де қабылданған үздік сот шешімі"

аталымында аудандық сот судь-

ясы Д.Кентбаев облыстық сот

төрағасының Алғыс хатымен ма-

рапатталды. Бас маман-сот мәжі-

лісінің хатшысы Б.Икина мен

Қ.Мамбеталиева Жоғарғы Сот

Төрағасының  ІІІ дәрежелі "Мін-

сіз қызметі үшін" медалімен ма-

рапатталды.

Елбасы еліміз тәуелсіздік ал-

ған алғашқы жылдан бастап, сот

саласына ерекше көңіл бөліп, он-

ың барынша заман талабына сай

жұмыс істеуіне мүмкіндік жасау-

да. Құқықтық және демократия-

лық Қазақ елінің сот жүйесін әл-

емдік стандарт биігіне жеткізу әр-

қашан Елбасының назарында тұр-

атынын VI съезд айғақтап берді.

Қазақстанның сот жүйесі хал-

ықаралық талаптарға сай жұмыс

істеуде және жақсы үрдіс осылай

жалғаса беретініне сенім мол.

Ермек ТҰРБАЕВ,

Арал аудандық сотының

төрағасы.

Қоғамның бүгінгі өзекті мәсе-

лесі - сыбайлас жемқорлық. Қай

жағынан алып қарағанда да қо-

ғамның, адамзаттың дамуына ке-

дергі дерт. Қоғамды іштей ірітіп,

жегі құрттай жеген жемқорлық аяқ-

астынан пайда болған жоқ. Ал-

дымен ол менталитетімізге сай көң-

іл жықпастық, тамыр-таныстық-

тан туындаған құбылыс. Бұл құб-

ылыс адамдар арасындағы иман-

дылықты, парасаттылықты жояды.

Қоғамда асқынып бара жат-

қан "жемқорлық деген жегі құрт

дертін" емдеу үшін оның алдын

алу, болдырмау жолдарын іздес-

тіру керек. "Сыбайлас жемқор-

лыққа қарсы күрес туралы" елі-

мізде Заң қабылданып уақыт өт-



СОТ -

МЕМЛЕКЕТТЕГІ

ӘДІЛДІКТІҢ

АЙНАСЫ

Мәңгілік ел - халық мұраты

КӨҢІЛІНДЕ СЕЗІМ ОТЫ

ЖАНҒАНДАР

жоқ. Қазір олардың саны 180 адам болса, 80-ге жуығы аудан орта-

лығында тұрады. "Көңілінде сезім оты жанғандар" тақырыбында қала-

дағы Пушкин атындағы кітапханада өткен кеш осы зағип жандарға

арналған болатын. Басқосуға оннан астам көз мүгедегі шақырылды.

Облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы

кітапхананың қызметкері Рыскүл Жақыпова көз мүгедектеріне қо-

ғамның қамқорлығы және зағип жандарға арналған кітапхана қыз-

метін пайдаланудың тиімді тәсілдері жайлы кеңінен әңгімеледі. Көз

мүгедектері Әбдішәріп Нығыматов, Фатима Тілеужанова өз пікірлерін

ортаға салды. Аудандық зағиптар қоғамы тексеру комиссиясының

төрағасы Сейітжан Мәмбетәлиев қоғам мүшелерінің талап-тілектеріне

тоқтап, І топ көз мүгедектерінің инватакси қызметінің көрсетілмей

келе жатқанын айтып, алдағы уақытта осы тілегіне ықпал етуді ес-

кертті. Мұнан соң аудандық өнер мектебінің бір топ өнерпаздары Ал-

тынкүл Омарова, Нұрбала Октябрьқызы, Самат Бауыржан әсем ән-

дерімен зағип жандардың көңілін қуанышқа бөледі. Кітапхана мең-

герушісі Айгүл Мергенбаева мен кітапханашы Сәнімкүл Оспанова-

ның ұқыпты ұйымдастырушылығына зағип жандар дән риза болды.

Шара соңында облыстық арнаулы кітапхананың қызметкері Р.Жақ-

ыпова бір топ көз мүгедектеріне және өнер мектебінің өнерпаздарына

сый-сияпат тапсырды.



Ж.ЖАҚСЫЛЫҚОВ.

зарбаев ат басын бұрды. Елбасы-

ның сапар барысында Қосжар ау-

ылына келгені жұртшылыққа

мәлім. Көлге бекіре балығының

шабағын өз қолымен жібергені те-

ледидардан да көрсетілді. Міне,

осыдан кейін Елбасы халықпен,

ауыл тұрғындарымен, балықшы-

лармен пікірлесті. Болашақ тура-

лы әңгімелер өрбітті. Халық пікі-

рін тыңдады. Осы үлкен дидарла-

суға келген көптің бірі Бақтыбай

болатын. Ол Елбасына қолын бер-

іп амандасқан. Сонда осы дидар-

ласуға тағдырдың нәсіп еткеніне

қуанғаны бар.

-Елбасымыздың дәл қасында

тұрып, онымен сөйлесу бақыты-

на ие болдым. Соның алдында ға-

на немерем дүниеге келген. Соны

айтып: "Немереме ат қойып бері-

ңіз" деп өтініш айттым" деген  Бә-

кең. Сонда Елбасы Бақтыбайдың

қолын алып тұрып: "Баланың аты

Ерсұлтан болсын, өмірі ұзақ, дені

сау болып, халқына адал қызмет

етсін" деп ақ батасын берген.

Бүгінде сол Елбасы атын қой-

ған Ерсұлтан Қосжарда оқып жүр.

Өз есімін Ел Президенті қойға-

нын ол да мақтаныш етеді. Оқу

озаты. Өзге балаларға өзінің тек

қана жақсы жақтарымен көрініп,

үлгі-өнег болып  жүр.

Ж.ЖАСАНОВ, Сапақ ауылы.

Сыбайлас жемқорлық -

жегі құрт

кенмен де бұл "дерт" түбегейлі жой-

ылмай, күн тәртібінен түспей тұр.

ҚР Президентінің 22.04.2009

жылғы "Қазақстан Республика-

сында қылмысқа және жемқор-

лыққа қарсы күресті күшейту жә-

не құқық қорғау қызметін одан әрі

жетілдіру жөніндегі қосымша ша-

ралар туралы" №793 Жарлығы бұл

жұмыстарды жүзеге асыруда басты

қазық болып отыр.

Бұл тұрғыда "Барсакелмес мем-

лекеттік табиғи қорығы" мекеме-

сінде де бірқатар шаралар жоспар-

ланып, аудандық "Нұр Отан" пар-

тиясы аудандық филиалының қат-

ысуымен семинар ұйымдастыр-

ылуда. Мекемеде азаматтардың

арыздары мен ұсыныстары үшін

арнайы жәшік, 2-14-66, 2-22-31

сенім телефондары орнатылған.

Қауіпті дертті болдырмау мақсат-

ында жұмыстар жалғастырылуда.



Ж.БАЛЫМБЕТОВ,

"Барсакелмес мемлекеттік табиғи

қорығы" РММ заңгері.

Аты-жөні

Қызметі Қабылдау күні,  уақыты

МЕРЕКБАЕВ

Скендир

Сагинаевич

бөлім

басшысы

Бейсенбі

сағат 15.00-

18.00-ге дейін

Арал аудандық сәулет және қала құрылысы

бөлімі басшысының жеке және заңды тұлғаларды

қабылдау күні

Байланыс  телефоны

2-31-72

12 наурыз, 2015 жыл

Құрылтай

2

"Қазақ халқының әрбір жеке



руының шығу тегін алдын ала

зерттемей, сондай-ақ оның кім-

мен және қандай уақыттарда бас

қосқанын анықтамай қазақ хал-

қының тарихи тағдырының жал-

пы көрінісін көзге елестету мүм-

кін емес" (М.Тынышбаев).

Туған өлкеміздің өткен тар-

ихына байланысты әлі де болса

зерттелмей,зерделенбей,қыр-

сырлары ашылмай келе жатқан

тұстары бар. Өйткені қазақ тар-

ихы-қаншама сан қатпарлы,

қалың болғанымен, тасқа түс-

пеген тарих. Әрі төл тарихымыз-

ға деген көзқарасымызды өткен

кеңестік кезеңнің қасаң идео-

логиясы арқасында "рушылдық"

деген түсінікке құрбан еткеніміз

де жасырын емес. Ондай өркен-

иетті қоғамға жат құбылыстан

құтылудың жолы - өзіңнің шық-

қан тегіңді, ата-баба шежіресін

ұмыту емес, қайта төл тарихы-

мызды терең де жан-жақты білу

арқылы ұлттық мүддені ту етіп

көтеріп, иманды қазақ азаматын

тәрбиелеу. Дана халқымыздың:

"Жеті атасын білген ұл жеті жұ-

рттың қамын жейді, өзін ғана біл-

ген ұл құлағы мен жағын жей-

ді" деген ұлағатты сөзі бекер

айтылды дейсің бе?

Соңғы жылдары тарихымыз-

дың даму кезеңдеріне байланыс-

ты ғылыми зерттеулер жүргізген

тарихшыларымыздың мұрағат-

тық деректер арқылы жүйелеп,

бір ізге сала бастағаны байқала-

ды. Осы мәліметтер негізінде ата-

бабаларымыздың өткен тарих-

ына қатысы бар кейбір пікір-

лерді ортаға салуды жөн көрдік.

Ата тарихымызды зерделеген

ғалымдар "тайпалық одаққа аты

берілген Әлім өмірде болған адам.

Ол - XV ғасырда өмір сүрген жә-

не Қазақ хандығы құрылып жа-

ңа саяси-әкімшілік құрылым

қалыптасқан кездегі этнобір-

лікті басқарған тұлға" деп тұж-

ырымдайды. ("Қазақ ру-тайпалар-

Құдірет иесі Әл-Мұхаммед

Қалдыбайұлы (Қарамолда). Осы

бір есімді естігенде елең етпейтін

пенде жоқ, өйткені ол тұла бойы

тұнған киелі қасиетімен бұл өң-

ірге танымал болған адам. Пы-

шақсыз сүндетке отырғызған Қа-

рамолда атаны халық әлі ұмыта

қойған жоқ. "Мені мұсылман қыл-

ған Қарамолда ата" дейтін ер аза-

маттар бұл аймақта қаншама

десеңші.


Қарамолда Қазалы уезінде 17

ауылда (қазіргі Мұратбаев ауылы)

1892 жылы дүниеге келген. Қаза-

лы ауданының қазіргі Жанқожа

батыр ауылына қарасты Қара-

құмның Жетімшағыл деген жер-

інде (Шәкен) 1992 жылы қайтыс

болған. Бейіті сол Жетімшағыл-

дағы Төребай төбесінің басында.

Руы Құрманайдың Өлгешегі.

Қарамолда 1910-1918 жылдар

аралығында Бұқарадағы әйгілі

"Көкілташ" медресесін жеті жыл-

дай оқып бітірген. Елге келгесін

1925 жылға дейін жасырын бала

оқытып, молдалықпен айналыс-

қан. Кейін Кеңес қаһарынан қор-

қып, 1925-1936 жылдары Арал ау-

данында балық тресінде балық-

шы, жұмысшы болады. 1937 жыл-

дан 1957 жылға дейін қазіргі Мұр-

атбаев ауылының жылқысын ба-

ғып, Қарақұмды қоныстанады.

Соғыс жылдары інісі Байжан

(Баймағанбет) осы колхоздың

басқармасы ретінде аудан басшы-

сына өтініш айтып, майданға кер-

екті жылқы өсіру үшін тәжірибелі

жылқышы керек бол-

ғандықтан, ағасы Қа-

рамолданы броньмен майданға жі-

бермей алып қалады. 1958 жылдан

Жетімшағылдан жер бастырма қаз-

ып қоныстанады. Осы арада өмір-

інің соңына дейін тіршілік етеді.

Атаның 34 жыл қыстаған қыстауы

бұзылмай, сол күйінде сақталған.

Зиярат етушілер түнейді.

Ол кісінің Қарамолда аталуы-

ның себебі бар. Ауылда Әбіл деген

жақын туысы да молда  болған. Ол

кісінің түсі сары екен де, әулие қа-

ра торы екен. Жеңгелері бірін Қа-

рамолда, бірін Сарымолда атаған.

Содан бері жеңгелерінің қойған

атымен жалпақ елге танылды.

Ол кісіге кезінде Қазақстанның

түкпір-түкпірінен әртүрлі сырқат

адамдар келіп, дертіне шипа тау-

ып, алғыстарын, ризалықпен игі

тілектерін айтып жататын. Кітап аш-

ып, ішірткі, дұға, бойтұмар, қант-

шайға дем салу негізгі емі болған.

Келген адамдарға "Шын ниеттер-

іңмен құдайға сыйынып жалбары-

ныңдар. Барша ғаламның иесі жа-

ратушы бір Алла. Құдай жарылқаса

ем дарып сауығарсыңдар. Молда-

ның қолында тұрған ештеңе жоқ.

Молдаға сыйынып, құдайды рен-

жітпеңдер" деп отыратын.

Қарамолда атамызға әруақ

Қуандық әулиеден дар-

ыған. Бірде кеш батқан кезде Тө-

ребай төбенің басында демалып

отырған атамыз ұйықтап кетеді

де, таң сыз бере түс көреді. Түсінде

Қуандық әулие дәрет алған орнын

көрсетіп: "Мына жерге иелік жа-

са"дейді де ғайып болады. Содан

ата Қуандық әулие көрсеткен

жерге бір таяқты қадап, белгі сал-

ып, ұрпақтарына: "Өлсем мені

осы жерге көмесіңдер" деп сек-

сеуіл жинап қояды. Кейін жүзге

келіп бақилық болған Қарамолда

ата сол жерге жерленген. Қара-

молда атаның есімі жыл өткен

сайын жаңғырып, аңызға айнал-

ып бара жатқандай. Ел аузында

ол туралы жер астында пері оқу-

ын оқыған деген де әңгіме бар.

Қызы Күнжәмила апамен әңгіме-

лескенде: "Әкем біртоға, көп сөй-

лемейтін, адамға да, жан-жан-

уарларға да мейірімді еді. Жұртта

қалған мысықты қойнына тығып

алып келетін. "Обалы бар ғой. Мы-

сықтың қарғысын алған ұрпақ

оңбайды. Бұл да Алланың жарат-

қан мақұлығы ғой"деп отыратын.

Алыстағы Қарақұм ауылы-

нан хат келді. Қазіргі заманауи эл-

ектрондық поштамен. Көз жүгір-

тіп шықтық та, елең ете қалдық.

Абай Әбішевтен екен. Атын ес-

туіміз бар. Суретші екенін біле-

тінбіз. Көзі ашық, көңілі сергек

азамат екені көрініп тұр. Хаты

былай басталыпты: "Құрметті



редакция! Жылдар жылжып кешегі

Ұлы Отан соғысына да 70 жыл тол-

ғалы отыр. Адамзат жаралғалы

бері соғыстан  көз ашпаған. Біздер

үшін кешегі 1941-1945 жылдардағы

Ұлы Отан соғысының алар орны ер-

екше. Бұл соғыста 50 000 000 адам

опат болып, тарихта ең зұлмат

соғыс  ретінде есте қалды. Бұған

дейін адам баласы тап мұндай

соғыстың куәсі болған емес. Қазір

"Соғыс Кеңестер Одағы бодан

болған кезде болған. Бүгінгі жағдай

мүлдем басқа. Егемендік алып, өз

алдымызға ел болдық. Сондықтан

бұл соғысты қозғаудың мәні жоқ"

деген пікір ара-тұра кездесіп от-

ыратыны жасырын емес. Бұл - бар-

ып тұрған қате пікір. Өйткені фа-

шистік Германияның басты мақса-

ты - дүниежүзін жаулап алып, көп-

теген елдерді жер бетінен жойып

жіберу еді. Осы мақсатпен олар

1939-1941 жылдар аралығында 14

мемлекетті басып алып, Кеңестер

Одағы кезекті 15-ші ел болатын.

Осындай миллиондар құрбан болған

Жасы абыз ақсақалдық жет-

іп, тоқсанның төріне шығып от-

ырған Жанасов Таужан атаға ау-

ылдастары құрметпен қарайды.

Ол екінші дүниежүзілік соғыстың

ардагері. Туған елі мен жері үшін

толарсақтан қан кешкен байырғы

жауынгер. Оның соғыстағы бат-

ырлығын барша ауылдастары

аңыз қылып айтады.

Ұлы Жеңіске - 70 жыл

соғыста жаумен бетпе-бет келіп,

оның сағын сындырғандар арасында

Арал ауданынан шақырылған жау-

ынгерлер аз болмапты. Біз сіздерге

өз зерттеулеріміздің нәтижесі, яғни

аралдықтардың Ұлы Отан соғысы

жылдарында, ұрыс даласында жау-

ынгерлік мемлекеттік орден,  мед-

альдармен марапатталғандардың

әрбір награда бойынша санын жар-

иялап отырмыз. Мәліметтер ин-

тернет арқылы Ресей Федерациясы

Қорғаныс Министрлігінің "Мемор-

иал" сайтындағы "Подвиг народа"

бөліміндегі Жалпы Мәліметтер Бан-

кісінен (ОБД-дан) алынған. Бір еске-

рер жайт, бұл мәліметтер толық

емес болуы мүмкін. Қанша дегенмен

70 жыл уақыт өтті. Дегенмен біздің

болашағымыз үшін шайқасқан жер-

лестеріміздің даңқы арта берсін".

Одан әрі Ұлы Отан соғыс кез-

інде марапатталған аралдық жау-

ынгерлердің мынандай мәліметтері

беріліпті: "Александр Невский"

орденімен 5 адам, "Суворов" ор-

денімен 1 адам, «І дәрежелі Ұлы

Отан соғысы" орденімен 38 адам,

"ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы"

орденімен 121 адам, "Қызыл жұл-

дыз" орденімен 410 адам, І дәрежелі

«Даңқ» орденімен" 1 адам, ІІ дә-

режелі "Даңқ" орденімен 9 адам, ІІІ

дәрежелі "Даңқ" орденімен 204

адам, "Ерлігі үшін" медалімен 944

адам, "Жауынгерлік қызметі үшін"

медалімен 526 адам, марапаттал-

ғанын білдік.

Ескерімді азамат халық таныс

болуы үшін, мүмкін ұрпақтары ата-

бабаларының ерлігін білсін деген

болуы керек "Ерлігі үшін" медалі-

мен марапатталған мыңға жуық

жауынгердің тізімін қоса жіберіпті.

Ол тізімдегі майдангерлеріміздің

қандай ерлігі үшін осынау мара-

патқа ие болғандығы  көрсетілген.

Жалпы Абайдың айтуы бойынша

басқа да марапатқа ие болғандар-

дың ерлігі әрбір орден, медальдің

тұсында жазылған көрінеді.

Абаймен хабарластық. Сөйтсек

оның айтары көп екен. Соның бірі

Аралдан әскерге аттанып, Ұлы От-

ан соғыс жылдарында асқан бат-

ырлығымен көзге түсіп, "Даңқ"

орденінің 3 дәрежесіне ие болған

жерлесіміз бар екен. "Даңқ» орде-

нінің 3 дәрежесіне ие болған адам-

ды кезінде Кеңес Одағының Бат-

ырымен теңестірілгені мәлім.

-Ол кім?-дедік біз.

 -Клишин Яков Васильевич де-

ген орыс азаматы,-деді де, Абай

батыр жерлесіміздің өмір тарихын

бізге жеткізді.

Я.В.Клишин 1908 жылы Ал-

маты облысы Жамбыл ауданы, Де-

герес селосында шаруа отбасында

туған. Әуелде еңбек жолын колхоз-

да жұмысшылықтан бастаған. Ал

1941 жылы дәм-тұз айдап, Арал қа-

ласына қоныс аударған. Осын-

дағы кеме жөндеу зауытына жұм-

ысшы болып орналасқан. 1942

жылы әскер қатарына шақырыл-

ған. Белорус майданы 48 армия-

сының 137 атқыштар дивизиясы-

ның 169-ерекше саперлер баталь-

онының сапері, ефрейтор Я.Кли-

шин 1944 жылы 22 қаңтарда ерлігі

үшін ІІІ дәрежелі "Даңқ" ордені-

мен марапатталса, 1944 жылдың

10 қазанында ІІ Белорусь майда-

нының құрамында Польшаның

Пултуск қаласының маңында

жау траншеясына алғаш болып

жеткен ерлігі үшін ІІ дәрежелі

"Даңқ" орденімен марапатталған.

1945 жылы 16 ақпанда ІІІ Белорус

майданы құрамында Польшаның

Грос-Раутенберг елді мекені маң-

ында артиллерия полкінің қозға-

луына мүмкіншілік ашып, жау-

дың 10 солдатын жойғаны үшін І

дәрежелі "Даңқ" орденімен мара-

патталған. 1945 жылы Жеңістен

соң туған жері Дегереске оралып,

ағаш ұстасы болған. 1956 жылы

өмірден өткен.

Міне, Абайдың азаматтығы

арқасында көптеген жерлестері-

міздің Ұлы Отан соғысындағы ер-

ліктерінің жарқын беттері ашыл-

ып отыр. Иә, қаһармандар даңқы

ешқашан ұмытылуға тиіс емес.

Ардагерлерімізге мәңгілік тағзым!



  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал