№113 (29094) 15 маусым, бейсенбі 2017 жыл



жүктеу 3.96 Mb.

бет1/36
Дата10.09.2017
өлшемі3.96 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36

№113 (29094) 15 МАУСЫМ, БЕЙСЕНБІ 2017 ЖЫЛ

E-mail: info@egemen.kz

www.egemen.kz

TWITTER.COM/EGEMENKZ

FACEBOOK.COM/.EGEMEN.KZ

1919 жылғы 

17 желтоқсаннан 

шыға бастады

Ж А Л П Ы Ұ Л Т Т Ы Қ     Р Е С П У Б Л И К А Л Ы Қ     Г А З Е Т

СПОРТ

11-

бет


ДЕНСАУЛЫҚ

ЭКОНОМИКА



6-

бет


АЙМАҚ

«РОЛАН

 ГАРРОС-2017»: 

РЕКОРДТАР ӘЛЕМІ



7-

бет


ОҢТҮСТІКТЕ 

КҮРДЕЛІ ОТАЛАР 

ЖАСАЛА БАСТАДЫ

10-

бет


АЙШУАҚ ХАННЫҢ 

ҚҰЛПЫТАСЫ 

ТАБЫЛДЫ!

ЖАЙЫЛЫМДЫҚ 

ЖЕРДІ ИГЕРУДЕ 

ИННОВАЦИЯ ҚАЖЕТ

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––



Т рткүл дүние к з тіккен елордамызда 

бүгін тағы бір ауқымды шара – Астана 

экономикалық форумы басталды. Дәстүрлі 

форум биыл оныншы мәрте  туде. Ал онын-

шы форумның ор ны ерекше. Себебі, биыл 

ол  ЭКСПО-2017  ха  лық  аралық  маман дан -

ды рылған к рмесі нің шеңберінде ұйымдас-

тырылды. 

–––––––––––––––––––––––––––––––––



EUR/KZT 354.38          USD/KZT 316.27         RUB/KZT 5.54        CNY/KZT 46.56

ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ:



ҚАСИЕТІҢЕ БАС ИДІК, 

ҚАЗАҚ ЖЕРІ!

ЕМНІҢ АЛДЫ – ЕҢБЕК

7-

бет


9-

бет


Серік 

НЕГИМОВ


Думан 

АНАШ


Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан»

Əрине,  форумның  негізгі 

та қы рыбы  «Жаңа  энергия  – 

жаңа  экономика»  деп  аталуы-

ның  өзінде  ерекше  мəн  бар. 

Бұл елі мізде өтіп жатқан əйгілі 

ЭКСПО-2017  халықаралық 

маман дандырылған  көрмесінің 

тақы рыбымен  үндеседі.  Яғни, 

форум  талқысы  «болашақтың 

энер гиясын» əлем экономикасы-

мен байланыстырмақ. Осылайша 

эко номикалық  міндеттерді 

сарап тап,  шешім  қабылдайтын 

Еура зиядағы  тұңғыш  үн қа тысу 

алаңында  «Болашақтың  энер-

гиясы»  тақырыбы  бойын ша 

жинақталған  жаңа  тех-ноло-

гиялар мен инновациялар əлемдік 

экономиканың  «ма йын  ішкен» 

ғалымдар  мен  эко но мистердің 

талқысына түседі. 

Жыл сайын дүниенің түкпір-

түкпірінен атақты экономистерді 

жинап,  ғаламдық  ғалымдар дың 

басын  қосатын,  Нобель  сый-

лығы  лауреаттарын  шақырып, 

жа һандық  мəселелерді  бірге 

оты рып  талқылайтын  үлкен 

шараға  биыл  да  əлемнің  он-

даған мемлекеттері мен беделді 

халық аралық  ұйымдарынан  3 

мыңнан астам делегат қатыспақ. 

Жалпы,  Астана  экономика лық 

фо румының негізгі қызметі əлем-

дік  қоғамдастықтардың  жəне 

Қазақстанның  əлеумет тік-эко-

номикалық,  құқықтық,  мəдени 

мəселелеріне тиімді жауап іздеп, 

Қазақстан  Үкіметі,  АЭФ-ке 

қатысушы мемлекеттер үкімет-

тері  үшін  жəне  «Үлкен  жиыр-

малық» мемлекеттерінің көш бас-

шылары үшін ұсыныстар əзірлеу 

екені белгілі. Бұл міндетті форум 

жыл сайын өз деңгейінде орын-

дап отыр дей аламыз. Тіпті, фо-

рум биыл оныншы мəрте өтке лі 

отырғанын  ескерсек,  бұл  ретте 

еліміздің  тəжірибесі  мол.  Ал 

шараның  жыл  сайын  өткізі ліп 

отырғанына  қараған да,  фо рум-

ның ел үшін де, əлем үшін де қа-

жет тілігін аңғару қиын емес. Со-

нымен, өткенді тізбектеп көрелік. 

Астана экономикалық фору-

мы алғаш рет 2008 жылы ұйым-

дастырылды.  Қазақ стан  Пре-

зидентінің  баста ма сын  жүзеге 

асыру  үшін  сол  кездегі  Эко-

но мика  жəне  бюд жеттік  жос-

пар лау  министрлігі  мен  Эко-

номи калық зерттеулер инс титу-

ты  «Ғалымдардың  Еура зия лық 

экономикалық  клубы»  қауым-

дастығын құрып, соның аясында 

«Жаһандану жағдайындағы эко-

но микалық  дамудың  заманауи 

аспектілері» тақырыбында I Ас-

т ана эконо микалық форумын өт-

кізген болатын. Оған саясаткер-

лер,  экономистер,  кəсіпкерлер 

жə   не ғалымдар, əлемнің 40 елі нен 

400-дей адам, сонымен қатар, 100-

ге тарта БАҚ өкілдері қатыс қан. 

Ал 2009 жылы «Еуразияның 

жаһандық қатерлер жүйесіндегі 

экономикалық қауіпсіздігі» атты 

II Астана экономикалық форумы 

аясында  елордамызда  59  елдің 

өкілдері бас қосты. 2010 жылы 

III Астана экономикалық форумы 

«Дағдарыстан кейінгі кезеңдегі 

тұрақты  экономика  құруды 

қамтамасыз  ету»  тақырыбында 

өткен еді. Ол форумға əлемнің 50-

ден астам елінен 2000-нан астам 

саяси  жəне  іскер  топ  өкілдері 

жиналды. 2011 жылы IV форум 

«Жаңа онжылдық: сын-қатерлер 

мен перспективалар» тақырыбын 

қамтыды. Форумға əлемнің 80-

нен  астам  елінен  5000-нан  аса 

қатысушы келді. Онда барлығы 

18  отырыс  пен  панелдік  сесси-

ялар  өткізілді.  Ал  2012  жылы 

«Жаһандық  эконо-микалық 

өзгерулер:  сын-қатерлер  жəне 

даму перспективалары» атты V 

Астана  экономикалық  форумы 

өткізілді. Оған əлемнің 93 елінен 

8000-нан астам делегат қатыс ты. 

Форум  барысында  əртүрлі  пі-

шін де  пленарлық  жəне  панел-

дік  сессиялар,  конферен циялар 

мен конгрестер, жалпы саны 55 

іс-ша ра  өткізілді.  Нəтижесінде, 

50-ден  астам  ынтымақтастық 

келі сімі мен меморандумға қол 

қойыл ған. Сонымен қатар, G20 

көш басшыларына  ұсыныстар 

əзірленген. 

Оныншы форумның орны бөлек

Астанада «АЭФ-2017» халықаралық форумы өз жұмысын бастады



Асхат РАЙҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»

Осылайша  ең  көп  энергетика 

өндіруші  жəне  тұтынушы  мемле-

кет ретінде баламалы қуат көздерін 

дамытуға  əлем  назарын  аудармақ. 

Соңғы жылдары қант құрағынан био-

отын  өндіру  саласында  көш  бастап 

келе  жатқан  таиландтықтар  көрме 

кезінде  қонақтарға  қуат  қорларын 

пайдаланудың небір түрлері мен ауа-

ны ластамаудың жолдарын көрсетпек. 

Оны ауыл шаруашылығы саласында 

жеткен  жоғары  нəтижелері  арқылы 

таныстырады.

Көрме  залында  тайлықтардың 

өмір салты, түп тарихы мен табиғи 

байлықтарының  энергетикалық 

əлеуеті  ұсынылған.  Бірінші  бөлім-

де Таиландтың кішірейтілген үлгі сін 

жеңіл  инфографикалар  мен  дина-

микалық демонстрациялар техноло-

гиясы  арқылы  түсіндіреді.  Екінші 

бөлім – мəдени көрсетілім. Сахнада 

барлық жастағы адамдардың назарын 

еріксіз  аударатын  –  жарық  диодты 

LED экран. Мұнда тай мəдениетінің 

түрлі  тұстарын  тамашалайсыз.  «Біз 

«Таиланд  кереметі»  деп  аталатын 

тұжырымдама  жасадық.  Соның  ая-

сында, қазақ халқы сауық-сайранды 

жақсы көретіндіктен, тамаша мəдени 

іс-шаралар  мен  ойын-сауықтар 

ұсынамыз», дейді жоба авторлары.

Павильонда  болашақта  пайдаға 

жарайтын  қуаттың  жаңартылатын 

көздері  жəне  энергия  қуаты  тура-

лы ақпараттар легі топтастырылған. 

Тай  халқының  бір  символы  жəне 

бойтұмары  –  паланг.  Бұл  –  кəдімгі 

жүгері.  Ол,  Король  институтының 

деректері бойынша, болашақ қуатын 

алға  жылжытуға  арналған  күшті 

көрсететін  «билік»,  «күш»  жəне 

«билік үшін əлеует» дегенді білдіреді. 

«Жүгері – Қазақстан халқы үшін 

де  азық-түлік  өнімі.  Сондықтан 

жүгеріні пайдалана отырып, жергілікті 

тұрғындармен  байланысты  тиімді 

орнатуға болатыны сөзсіз. ЭКСПО- 

2017 көрмесі үшін бойтұмар ретінде 

жүгеріні  таңдаған  себебіміз  осы», 

дейді олар.

Көрме барысында паланг болашақ 

зертханаларды өз «аузымен» таныс-

тырады. Ол болашақтың қуатын қалай 

пайдалану керектігін ерекше хикая-

мен баяндайды. Мұнда қант құрағы, 

эвкалипт, резеңке, күріш, жүгері жəне 

ауыл  шаруашылығы  өнімдерінің 

қалдықтары,  маниока  мен  пальма 

сияқты биомасса жəне биоотын тура-

лы ақпараттар беріледі. Биоотын жа-

сау агрономдардың табысын ұлғайтса, 

екінші жағынан қоқыс көлемін азайтады 

екен. Тайлықтар тұрақты энергияның 

дамуын гүлдеп тұрған ағаш арқылы 

білдірмек. Ал олардың логотипі Таиланд 

картасына ұқсайды.

Əрине, көрме кезінде бұл ұлттың 

ерекшеліктерін  де  көресіз.  Дəл  сол 

жерде  тай  тағамын  ұсынатын  мей-

рамхана  мен  тай  массажы  салоны 

жұмыс  істеп  тұр.  Алдағы  уақытта 

танымал «Муай тай» шеберлері тай 

боксынан шоу көрсетеді деседі. Ал 

ұлттық күндерін тойлау Қазақстан мен 

Таиланд арасындағы дипломатиялық 

қатынастардың 25 жылдығына сəйкес 

келіп отыр. Сондықтан атаулы оқиға 

аясында бірқатар мерекелік шаралар 

өткізу жоспарланған.

ЭКСПО материалдарының 

жалғасын 5-беттен оқисыздар



Тай елінің тартуы

–––––––––––––––––––––––––––––––––



ЭКСПО қалашығын шарлай жүріп, па-

вильондарын алғашқы үштіктің бірі бо-

лып тапсырған Таиланд аймағына табан 

тірегенбіз. «Қолжетімді энергияны» ту 

еткен тай халқы биоэнергияны адамзат 

игілігіне айналдыруды к здейді. 

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ, «Егемен Қазақстан»

(Соңы 6-бетте)


2

15 маусым 2017 жыл

СаяСат

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––



Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Азия даму банкінің вице-

президенті Венчай Жангпен кездесті, деп хабарлады Премьер-

Министрдің баспасөз қызметі.

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Кеше Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар 

мақұлдаған құжаттардың барлығы да Қырғызстанмен арадағы 

қарым-қатынасты реттеуге бағытталған заң жобалары бол-

ды. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин жетекшілік ет-

кен жиында 5 құжаттың төртеуін Қаржы министрі, ал біреуін 

Инвестициялар және даму министрі таныстырды.

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ Парламенттік 

Ассамблеясының Төрағасы, Австрияның Федералдық 

Жиналысы Ұлттық кеңесінің депутаты Кристин Муттоненмен 

кездесті, деп хабарлады осы Палатаның баспасөз қызметі.

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––



Қымбат ТОҚТАМҰРАТ, 

«Егемен Қазақстан»

Мемлекеттік  хатшы  алды-

мен  ЭКСПО  көрмесі  қала шы­

ғында  Біріккен  Ұлттар  Ұйымы 

павильонының  табысты  ашы-

луымен  құттықтады.  Гүлшара 

Әбдіқалықованың  айтуынша, 

қоршаған  ортаны  қорғау,  ген­

дерлік  теңдік,  балалар  құқық­

тары, жасыл технология, энерге­

тика  және  мемлекеттік  қызмет 

сала ларындағы бірлескен жо ба ­

лардың қарқынды жүзеге асы ры­

лып жатқандығы Қазақ стан мен 

БҰҰ арасында жарасым ды байла-

ныс орныққанын ай ғақтайды.

– ЭКСПО көрмесінің «Бола­

шақ тың  энергиясы»  тақырыбы 

Біріккен Ұлттар Ұйымының тұ­

рақты даму мақсаттарымен үндес. 

БҰҰ  өкілдеріне  еліміздің  жа-

сыл  технологияларға  қатысты 

баста ма ларына қолдау білдірге­

ніне  ризашылығымызды  біл­

ді реміз.  ЭКСПО­2017  көрме­

сіне белсенді қатысып, серпін ді 

жобаларыңызды  алып  кел ген­

деріңіз – соның жарқын көрінісі. 

Қазіргі  таңда  Қазақстанда 

орнықты даму бойынша ауқымды 

жұмыстар  жүргізіліп  жатыр. 

Мысалы, Азия банк ұсынысымен 

тұрақты  даму  шеңберіндегі 

мақсат­міндеттерді жүзеге асыру 

үшін Үкімет жанындағы жұмыс 

тобын құруды қолға алдық. Оның 

құрамына отандық сарапшылар-

мен  қатар,  халықаралық  сарап-

шыларды  да  тартып  отырмыз, 

– деді ол.

Өзара ынтымақтастық дең гейін 

жоғары  бағалаған  Мем ле кеттік 

хатшы  Қазақстан  мен  БҰҰ 

арасындағы байланыс жаңа кезеңге 

қадам басқанын атап өтті. Ендігі ке-

зекте өзара қарым­қатынасты басқа 

салаларда да дамыту көзделуде. 

Атап айтқанда, Алматыда БҰҰ­

ның көп салалы дипломатиялық 

хабын құру мәселесі қарастырылып 

жатыр. Сондай­ақ, гуманитарлық 

көмек көрсету, табиғи апаттардың 

алдын  алу  жөнінде  бастамалар 

бар.  «Осындай  маңызды  жоба-

ларды жүзеге асыру үшін бірлесе 

жұмыс  істеуге  әрқашан  дайын-

быз. Қазақстанда отбасылық және 

гендерлік  саясат  жөніндегі  ар-

найы тұжырымдама бекітіліп, екі 

жылға жоспар әзірленді. Құжаттағы 

міндеттерді  жүзеге  асыруға 

бағытталған БҰҰ­мен бірлескен 

бағдарлама үш жылға жобаланған. 

Бұл  жоспарлар  да  сәтімен  іске 

асырылатынына күмән жоқ», деді 

Гүлшара Әб ді қалықова.

Ал  БҰҰ­ның  Еуропа  мен 

ТМД  елдері  бойынша  Да му 

бағдарламасы өңірлік бюро сы ның 

директоры Жихан Сұлтан оғлы өз 

кезегінде  Қазақстанның  жасыл 

технологияны дамыту, қоршаған 

ортаны  қорғау  және  басқа  да 

көптеген  игі  баста маларын 

қолдауға дайын екенін жеткізді. 

Оның айтуынша, Астанада өтіп 

жатқан  ЭКСПО  халықаралық 

мамандандырылған  көрмесі  − 

Қазақстанға  қайталама  энер-

гетика  саласында  соны  жетіс­

тіктерге жетудің және тәжі рибе 

алмасудың  үлкен  мүм кіндігі. 

«Жасыл технология – маңызды 

сала. Біз әрі ар зан, әрі қоршаған 

ортаға зия нын тигізбейтін балама-

лы энер гия көздерінсіз орнықты 

экономикалық дамуды елестете 

алмаймыз.  Бұл  жерде  энергия 

ешқандай  қоспасыз  таза  болу 

керек.  Онсыз  айналамыздағы 

табиғатты  қорғай  алмаймыз. 

Сондықтан,  ЭКСПО  алаңында 

талқыланып  жатқан  тақырып  – 

әлемдік деңгейдегі өзекті мәсе­

ле. Қазақстанның таңдаған жолы 

БҰҰ­ның  орнықты  даму  мақ­

саттарымен сәйкес келеді», деді 

ол.

Қазақстанның  Мемлекеттік 



хатшысы кездесу соңында  Жи хан 

Сұлтаноғлыны биыл ғы жылдың 

31  тамызы  мен  1  қыркүйегі 

аралығында  ЭКСПО­2017 

халықаралық  көрме сі  аясында 

өтетін  «Әйелдер  бола шақ тың 

энергиясы  үшін»  халық аралық 

форумына ша қырды.

Қ. Тоқаев әңгіме барысында 

балама энергетика саласындағы 

жаңа  жобалар  көрсетілетін 

жаһандық  алаңға  айналған 

ЭКСПО­2017  халықаралық 

көрмесіне  ЕҚЫҰ­ның  белсенді 

қатысуын  ризашылықпен  атап 

өтті.  «Экономика­экологиялық 

өлшем тұрғысындағы ЕҚЫҰ­ның 

ауқымды тәжірибесін, білімі мен 

атқарған істерін ескере отырып, 

Ұйым  әлем  қауымдастығымен 

пайдалы  ақпаратпен  бөліседі 

деп  сенемін»,  деді  жоғарғы 

Палатаның басшысы. 

Қ. Тоқаев ЕҚЫҰ­ға Австрия­

ның төрағалық етуіне қолдау біл­

діре отырып, ЭКСПО­ның «Бо­

лашақтың энергиясы» тақырыбы 

экономика­экологиялық  өлшем 

саласындағы  ЕҚЫҰ­ның  Вена 

жария еткен басымдықтарымен 

үйлесетінін  атап  өтті.  Төраға 

Австрия  төрағалық  еткен  кез­

дегі  ЕҚЫҰ­ның  Экономика­

экология  комитетінің  бас шы­

лығына  Қазақстанды  тағайын­

дау  туралы  шешімін  жоғары 

ба ғалады.  Осыған  байланыс ты 

ЭКСПО­2017 аясында 15­16 ма-

усымда өтетін 25­ші Эко номика­

экология  форумына  әзірліктің 

екінші кездесуінің маңыздылығы 

атап өтілді. 

Тараптар  аймақтық  қауіп­

сіздікті  нығайту,  терроризм 

мен  экстремизмге  қарсы  іс­қи­

мыл  мәселелері  бойынша  пікір 

алмасты.  ЕҚЫҰ­ның  қазір гі 

күн  тәртібі  туралы  айта  келіп, 

Қ.Тоқаев  парламенттік  қоғам­

дастық  тарапының  дипло ма­

тия лық  күш­жігерінің  маңыз­

дылығына  тоқталды.  «Парла­

менттік  дипломатия  мемле ке т­ 

аралық  қатынастарда  тиімді 

құрал болып табылады және ол 

ЕҚЫҰ  аймағында  нық  сенімді 

қалпына  келтіруде  табыстарға 

қол  жеткізу  үшін  пайдалануы 

тиіс», деді Сенат Төрағасы.

Жүздесушілер  Қазақстан 

мен Австрияның парламентара­ 

лық  диалогін  дамыту  мәселе­ 

леріне баса назар аударды. 

К.  Муттонен  Австрияның 

ЕҚЫҰ­ға  төрағалық  етуіне 

қолдау білдіргені үшін, Ұйым 

қызметінің негізгі мәселелері 

бойынша және Парламенттік 

Ассамблеядағы Қазақстанның 

б е л  с е н д і   қ ы з м е т і н е   о р а й 

Қ.То қаевқа  ризашылығын 

білдірді.



Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Алдымен «Қазақстан Рес пуб­

ликасы мен Қырғыз Рес пуб ликасы 

арасындағы  Тарифтік  саясат 

негіздерін қоса алғанда, темір жол 

көлігі көрсететін қызметтерге қол 

жеткізуді реттеу тәртібін қолдану 

туралы келісімді ратификациялау 

туралы» заң жобасы мақұлданды. 

Аталған тақырып аясында арнайы 

баяндама жасаған Инвестициялар 

және даму министрі Жеңіс Қа сым­

бек  осы  кезге  дейін  қол  қойыл­

ған келісім 2017 жылдың 10 қаң­

тарынан  бастап  уақытша  қол­

данылатындығын және екі мем-

лекет  арасындағы  Еуразиялық 

эко номикалық одақ туралы шарт 

мынадай  қағидаларды  қарас­

тыратынын атап өтті. 

«Біріншіден,  тараптардың 

қазақстандық  және  қырғыз стан­

дық тұтынушылар үшін теміржол 

көлігі  мен  инфрақұрылым  қыз­

меттері және басқа да инфра құ­

рылым нысандарына, темір жол 

тасымалдаушыларына тең құқылы 

қолжетімділігі қам тылады. Біздің 

елімізде  мұндай  талаптар  2014 

жылы Еуразиялық экономикалық 

одақ туралы шарт күшіне енген 

күннен  бастап  қойыла  бастаған 

болатын. Ал қырғыз тарапы 2016 

жылы тиісті өзгерістерді енгізді. 

Екіншіден, Қазақстан мен Қырғыз 

ара сын дағы  және  тараптармен 

ЕАЭО  туралы  Шарттың  аясын-

да  тран зиттік  тасымалданатын 

жүктерді бірыңғай тарифтермен 

қолдану тәртібі ескерілген», деді 

Ж. Қа сымбек. 

Оның  түсіндіруінше,  бірың­

ғай тарифтерді қолдану тасымал­

дау  көлемінің  ұлғаюын  қамта­

масыз етеді және бүгінде екі ел 

арасындағы  тасымалдау  көлемі 

өткен  жылғы  сәйкес  кезеңмен 

салыстырғанда 14 пайызға өскен.

Инвестициялар  және  даму 

министрінен  кейін  сөз  алған 

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов 

Қазақстан  мен  Қырғызстанның 

қарым­қатынасына қатысты төрт 

бірдей  заң  жобасын  таныстыр-

ды. Оның алғашқысы «Қазақстан 

Республикасының  Үкіметі  мен 

Қырғыз Республикасының Үкі меті 

арасындағы Көмек көрсету және 

оны пайдалануды бақылау тәртібі 

туралы хаттаманы ратификация-

лау туралы» құжат болды.

Бұл  заң  жобасы  Еуразиялық 

экономикалық  одаққа  Қырғыз 

Республикасының  қосылуына 

орай, Одақтың кедендік шекара-

сы  сыртқы  контурға,  яғни  қыр­

ғыз­қытай,  қырғыз­тәжік,  қыр­

ғыз­өзбек  шекарасына  ауысуы­

на  байланысты  туындап  отыр. 

Себебі, осы ретте қырғыз шека­

расының инфрақұрылымы сапалы 

жарақтандыру  мен  жаң ғыртуды 

қажет етеді.

Сондықтан  да  Одақтың 

сыртқы  шекарасын  бақылау 

мақсатында мемлекеттер басшы-

лары  деңгейінде  Қырғызстанға 

көмек  көрсету  туралы  шешім 

қабылданып,  бұл  көмек  бұл 

елдің Одаққа қосылуы жөніндегі 

«жол  карталарында»  көзделген 

іс­шараларды  іске  асыруға 

бағытталмақ.

«Сіздердің  қарауларыңызға 

«Қазақстан  Республикасының 

Үкіметі  мен  Қырғыз  Респуб ли­

касының  Үкіметі  арасындағы 

Көмек  көрсету  және  оны  пай-

далануды  бақылау  тәртібі  тура-

лы  хаттаманы  ратификациялау 

туралы»  заң  жобасы  ұсынылып 

отыр.  Хаттамаға  2016  жылы  26 

желтоқсанда Санкт­Петербургте 

қол қойылды. Тәртіпке сәйкес ең 

алдымен, Көмек бірнеше транш­

тармен  беріледі.  Әр  кезде  жеке 

Техникалық жәрдем көрсету ту-

ралы хаттамаларға қол қойылады 

және  ратификацияланады; 

екіншіден,  іс­шаралар  тізбесіне 

Қырғызстанның  Еуразиялық 

экономикалық  одаққа  қосылуы 

бойынша  «жол  картасының» 

іс­шаралары  ғана  кіреді;  үшін­

шіден,  көмек  ақшалай  қаражат, 

жаб дықтар,  тауарлар  мен  қыз­

меттер, оқыту формалары арқылы 

көрсетілуі  мүмкін;  төр тін шіден, 

Қырғызстан  тарапы  көмек ті 

пайдаланғаны  жөніндегі  ұсы­

нылған  құжаттардың  дұрыс ты­

ғына жауапты; және соңғы талап, 

транштардың  жүзеге  асырылу 

қорытындысы бойынша оны пай-

далануды  бақылау  қам та масыз 

етіледі», – деді Б.Сұл танов.

Министрдің  баяндауын ша 

аталған құжатта көрсе тіл ген Кө­

мек Қазақстан Республи ка сы ның 

ұлт тық заңнамасымен регла мент ­

телмегендіктен, енгі зілген Хат тама 

ратификациялауға жатады. 

Күн  тәртібіне  шығарылған 

келесі  құжат  «2016  жылғы  26 

жел тоқсандағы  Қазақстан  Рес­

пуб ликасының Үкіметі мен Қыр­

ғыз  Республикасының  Үкіметі 

арасындағы Көмек көрсету жә не 

оны  пайдалануды  бақылау  тәр­

тібі туралы хаттамаға өзгерістер 

мен  толықтыру  енгізу  туралы 

Қазақстан  Республикасының 

Үкіметі  мен  Қырғыз  Респуб ли­

касының Үкіметі арасындағы хат-

таманы ратификациялау туралы» 

заң жобасы болды.

Бұл хаттамамен Қырғыз Рес­

пуб ликасына  техникалық  жәр­

дем  көрсету  іс­шараларының 

тіз бесін  (шығыстар  сметасы) 

келі суін  жеңілдету  мақсатында 

көмек көрсету тәртібіне өзгеріс тер 

енгізіледі.  Ал  өзгерістер  нақты­

лау сипатына ие және ол Қа зақ­

стан  тарапынан  Қырғызстанға 

техникалық  жәрдем  көрсету 

шеңберіндегі  жүргізілетін 

жұмыстарын уақтылы және сапа-

лы іске асыру үшін әзірленді.

Осы күні депутаттар «Қазақ­

стан  Республикасының  Үкіметі 

мен  Қырғыз  Республикасының 

Үкіметі арасындағы Техникалық 

жәрдем көрсету туралы хаттаманы 

ратификациялау туралы» заң жо-

басын да бірауыздан мақұлдады. 

2016  жылғы  26  желтоқсанда 

Қазақстан Республикасының Үкі­

меті мен Қырғыз Респуб ли ка с ының 

Үкіметі арасын дағы Еуразиялық 

экономи калық  интеграция 

жағдайында  экономикалық 

ынтымақтастықты дамыту тура-

лы келісімнің 2­бабын іске асыру 

үшін техникалық жәрдем көрсету 

іс­шаралар тізбесі аясында транш 

сомасы – 7 526 789 АҚШ долла-

рын  құрайтын  Көмектің  7  млн 

АҚШ долларға ақшалай формада 

және 0,5 млн АҚШ долларға оқыту 

бойынша көрсетілетін қызметтер 

түрін ұсыну көзделеді.

«Ал  берілетін  жәрдем  арқы­

лы  мынадай  іс­шаралар  қар­

жыландырылатын болады: 1 286 

800  АҚШ  долларына  кедендік 

өткізу  пункттерін  (Достук,  Ка­

рамык,  Маданият)  жайластыру; 

5  662  149  АҚШ  долларына  сы­

нақ  зертханаларын  жаңғырту, 

сондай­ақ  техникалық  реттеу 

сала сында оқыту; 577 840 АҚШ 

дол ларына көлік саласында зерт­

ханаларды жарақтандыру қаржы­

ландырылады.  Қаржыландыру 

көзі  –  республикалық  бюджет 

негізінде іске асырылады»,  деді 

Б.Сұлтанов.

Заң жобасы ратификациялауға 

жатады  және  Қырғыз  Респуб­

ликасына  жәрдем  көрсету  мәсе­

лесі бойынша құжаттар пакетінде 

қаралып отыр.

Қаржы  министрінің  таны-

стыруымен  мақұлданған  келе­

сі  құжат  «2016  жылғы  26  жел­

тоқсандағы  Қазақстан  Респуб­

ликасының Үкіметі мен Қырғыз 

Рес публикасының Үкіметі арасын­

дағы Техникалық жәрдем көрсе ту 

туралы хаттамаға өзгеріс тер енгізу 

туралы Қазақстан Республикасы 

Үкіметі мен Қыр ғыз Республикасы 

Үкіметі  арасындағы  хаттаманы 

ратификациялау туралы» заң жо-

басы болды. Биылғы жылдың 17 

наурызында Мәскеуде жасалған 

Хаттамада бірінші транштың со-

масы 41 038 096 АҚШ долларын 

құрайтыны және салалар бойын-

ша  техникалық  жәрдем  көрсету 

іс­шаралар  тізбесі  бекітілетіні 

көрсетілген. Сонымен қатар, ішкі 

иіріміндегі тиісті міндеттемелер 

тараптардың  ведомствоаралық 

дең гейінде бекітілетіні көз делген.

Айта  кетейік,  аталған  іс­

шаралар кедендік әкімшілендіру 

рәсімдерін жеделдетуге, бақылау 

сапасын  арттыруға,  Еуразиялық 

экономикалық одақтың кедендік 

аумағына әкелінетін тауарлардың 

қажетті  қауіпсіздік  деңгейін 

қамтамасыз етуге бағытталған.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 

ЗАҢЫ



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал