11-тақырып. Көркемдік әдіс. Әдеби бағыт-ағымдар. Әдеби мектеп айзада. М: Әдеби ағым



жүктеу 20.03 Kb.
бет2/4
Дата07.11.2022
өлшемі20.03 Kb.
#23459
түріСабақ
1   2   3   4
11 апта Әдеб теория
3. Әдеби әдіс
Әдеби әдіс – шындық болмысты сұрыптаудағы, қорытудағы, бағалаудағы және бейнелеудегі басты принциптер жүйесі. Оның негізінде дүниетанымдық, адам және өнер концепциясы мен қоғамдық-эстетикалық идеал жатады. Әдеби әдістен жазушының қисынды пайымдалған және орнықты қалыптасқан позициясы, шындықты ақиқатқа қатысты бейнелеу типі көрінеді. Әдеби әдіс – тарихи құбылыс, өнердегі бейнелеу типі, мейлінше тұрақты сипат. З.Қабдолов әдеби әдіс туралы: «Көркемдік әдіс – өнер туындысында адам образын жасауға, сол арқылы шындықтың сырын образды түрде ашуға қажет өмір деректерін белгілі бір эстетикалық талғам биігінен таңдаудың, қорытудың және жинақтаудың өзгеше принципі, сайып келгенде, өмір шындығын өнер шындығына айналдыра саралап, белгілі бір қоғамдық идеал тұрғысынан қайта туғызудың айрықша типі», – дейді.

АЙЗАДА.Ш
4. Классицизм
Классицизм (лат. – үлгілі, өнегелі бағыт) – ХҮІІ ғасырдың аяғында туып, ХҮІІІ ғасырдың ортасына дейін Европада өріс алған бағыт. Классицизм творчествоның жеке бір типі ретінде шындық болмысты барлық жағынан жарасымды деп түсіндірді. Сөйтіп, классицизм теоретиктері өмірді сол күйінде суреттеу керек деді. Классицизм өкілдері ежелгі дүние классиктерін өздеріне өнеге тұтып, шығармаларын сол үлгіде жазды. Классицистердің жанрлары да антика әдебиетіндегідей трагедия, комедия, батырлық поэма, ода болды. Негізгі тақырыбы – ел өмірінің елеулі оқиғалары, негізгі идеясы – ерлердің қанды жорықтары мен дүрбелең саясаты, негізгі қаһармандары – қолбасылар, патшалар, корольдер болды (Росин, Корнель, Мольер, т.б.). Классицизмнің үш бірлік атанған бұлжымас шарты болды: 1) бір-ақ тәулік ішіндегі шындық, 2) бір орында өтетін тартыс, 3) бір ғана сюжеттік желідегі оқиға – бұл үш талаптың бұлжымай орындалуы шарт болды.
5. Романтизм
Романтизм (фр. romantisme – романдық, романдағыдай) - әдебиеттегі, көркем өнердегі өмірдің жарқын, жағымды жақтарын көбірек алып, қиялмен ұштастырып көтере суреттейтін көркемдік әдіс. Әдетте романтизмге әсірелеушілік пен қиялшылдық, ерекше көңіл аударарлық оқиғалар, сирек кездесетін арманшыл кейіпкерлер, романтикалық көтеріңкі леп, фантастикалық сарын, т.б. тән болады.
Романтизм ХҮІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Европа елдері мен Солтүстік Америка әдебиеттеріндегі ең беделді әрі кең тарады. Романтизм өзінің жоғары эмоциональдығымен, экзотикалық және фантастикалық басымдық сипатымен, шындықтың динамикалығын, адамдық құштарлықтың қайшылықтарын бейнелеудің көркемдік құралдарына ұмтылыстарымен ерекшеленді.
Романтикалық дүниетанымның негізінде «романтикалық екідайлық» – идеал мен шындықтың арасындағы терең айырмашылықтар жатады. Романтиктер үшін идеал – мәңгілік, шексіз, әдемі, кемел әрі сонымен қатар қол жетпес, жұмбақ та тылсым; ал шындық өмір - өткінші, шектеулі, нақты әрі мәнсіз болып келеді. А.В.Шлегель: «Біз бұрын тек қана табиғатты дәріптеп келдік, енді идеалды дәріптейміз. Олардың өзара тығыз байланысты екенін, өнерде табиғат идеалды, ал идеал табиғи болу керектігін жиі естен шығарып аламыз», – деп жазды. Романтиктер үшін идеал ең басты нәрсе болды: «Өнер қашан да тек оның идеалға қатыстылығымен бағалануы керек» (А. Де Виньи); «Өнер нақты шындықты бейнелеу емес, идеальды шындықты іздеу» (Жорж Санд).
Романтикалық көркемдік әдіске тән адамды шағын әлем ретінде типтендіру, қайшылықты ойлардың, құштарлық пен тілектің қоймасы ретінде адам жанына үңілу романтикалық психологизмнің тууына жол ашты. Романтиктер адам жанында қарама-қайшы екі полюстің - «періште» мен «жартқыштың» бірігуін көрді, оларды характерлер арқылы ашып көрстеуге ұмтылды.


жүктеу 20.03 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет