¹11 (881) Бейсенбі, 19 наурыз 2015 жыл



жүктеу 427.04 Kb.

бет1/5
Дата14.05.2017
өлшемі427.04 Kb.
  1   2   3   4   5

  Аудандық  қоғамдық-саяси  газет

¹11

(881)


Бейсенбі, 19 наурыз 2015 жыл 

Газет 1993 жылдың  қаңтарынан  шығады

ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ -НАУРЫЗ!

13  наурызда  «Нұр  Отан»  партиясының 

а у д а н ды қ   ф и л и а л ы н д а   Қ а з а қ с т а н 

Республикасының  Президенттігіне  үміткер 

Н.Ә. Назарбаевты қолдау үшін аудандық штаб 

құрылып, ашық есік күндері өткізілді. 

11 наурызда Астанада «Нұр Отан» партиясының 

ХVІ Съезі өткені белгілі. Съезде Ұлт көшбасшысы, 

Мемлекет басшысы, Партия төрағасы Нұрсұлтан 

Әбішұлы Назарбаев 26 сәуірде өтетін Президент 

сайлауына үміткер болып бірауыздан сайланды. 

13 наурызда «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында аудандық фили-

ал төрағасының бірінші орынбасары Болат Ахметжановтың басшылық етуімен 

Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткерді қолдау үшін аудандық 

штабтың тұсаукесері болып өтті. Штаб құрамына аудан тұрғындарына кеңінен 

танымал, қоғамда жоғары беделі бар 19 адам кірді. Атап айтар болсақ, аудандық 

ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Әбілқайыров, аудандық мәслихаттың хатшысы 

Р. Тілеубаева, облыстық мәслихаттың депутаты В. Мантариди, Айыртау мектеп-

интернатының директоры Е. Қалиев, №1 СОМ директоры М. Тұралинов және 

т.б. 

Жаңадан құрылған қоғамдық штабтың негізгі міндеті – Президентікке үміткер 



Н.Ә. Назарбаевқа сайлау науқанында қолдау көрсету, сайлауалды платформа-

сын түсіндіру бойынша насихат жұмыстарын жүргізу. 

Электоралды жоспарға сәйкес аудандық штабтың жанында ҚР Президенттігіне 

үміткердің қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейтін болады, тілек білдірушілер 

онда өздерін толғандырып жүрген мәселелерін айта алады. 

Осы күні «Нұр Отан» АФ кеңсесінде ашық есік күндері өткізіліп, аудандық 

мәслихаттың депутаттары, қоғам өкілдері, БАҚ шақырылды. Шараға қатысушылар 

өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді.



Ирина БУРКОВСКАЯ.    

Аудандық штаб құрылды

Аудандық штаб құрылды

Өткен сенбіде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратының 

мәжіліс залында аудан кәсіпкерлері мен прокуратура өкілінің бірлескен 

отырысы болып өтті. Алқалы жиынға «Нұр Отан» партиясы аудандық фи-

лиалы төрағасының бірінші орынбасары Болат Ахметжанов қатысты.

Жиында  бірінші  болып  сөз  сөйлеген  Қазақстан  Республикасы  Бас 

прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі 

комитет басқармасының Айыртау ауданы бойынша аға прокуроры А. Тұранова 

мемлекетік бақылау мен қадағалаудың негізгі түрлерінің бірі тексерістер өткізу 

болып табылатындығын, алайда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында 

бақылау және қадағалау органдарымен тексерісті тағайындаудың заңдылығы 

мен негізділігі тексерілетіндігін, бұзушылықтар анықталған жағдайда тексерістер 

тағайындалмайтындығы  жайлы  түсіндіріп  өтті.  Баяндамашы  Басқармамен 

жүзеге асырылып отырған «Бизнес тірегі» жобасына да кеңінен тоқталып өтті. 

Кәсіпкерлер де өз тарапынан толғандырып жүрген көкейкесті ойларын ортаға 

салып, толыққанды жауап алды.



Жанат ҚАЖЫБАЙҰЛЫ. 

Жоба аясында

Кəсіпкердің құқығы қорғалуы тиіс

Кəсіпкердің құқығы қорғалуы тиіс

Құрметті Саумалкөл селосының 

Құрметті Саумалкөл селосының 

тұрғындары мен қонақтары!

тұрғындары мен қонақтары!

2015 жылдың 22 наурызында сағат 10.00 – де Саумалкөл селосының орталық 

алаңында Наурыз мейрамы мерекесіне арналған мерекелік шаралар өтеді.

Бағдарламада:  аудан  әкімінің  құттықтауы,  халықтық  қыдырулар, 

көркемөнерпаздар  концерті,  ұлттық  спорт  ойындары,  мерекелік  және 

ауылшаруашылық жәрмеңке.

Баршаңызды мерекеге қатысуға шақырамыз!

Ұйымдастыру комитеті.

Ұлыстың ұлы күні - Наурызды 

ежелгі  түркілер  ең  ұлық  мереке 

деп  тыңғылықты  дайындалып, 

өте  жақсы  қарсы  алған.  Қазақ 

даласында  Кеңес  Үкіметі  орна-

май  тұрған  кезде  Наурыз  басты 

мейрам болып саналып, оған күні 

бұрын  жан-жақты  дайындалып, 

ұлан-асыр той ретінде өткізген.

Өйткені, Наурыз тойы бүкіл шығыс 

елдерінің,  соның  ішінде  Кіндік  Азия 

мемлекеттерінің аса қастерлеп, асыға 

күткен  күндерінің  бірі  болған.  Оның 

өзіндік себептері де бар еді. Себебі, 

Наурыз мерекесі - 22 наурыз күнінде 

аталып  өткен.  Бұл - күн  мен  түннің 

теңеліп, малдың аузы шөпке, адамның 

аузы аққа тиген, құт әкелер күн деп 

есептелінген.  Наурыздың  айрықша 

тәлім-тәрбиелік,  үлгі-өнегелік,сән-

салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір 

-  қасиеттік  нышан  белгілері  мен 

таным-ұғымдарының үлгі-түрлері өте 

көп.  Олардың  барлығы  әр  адамды 

жоғары  саналылыққа,  әдептілікке, 

өнегелілікке,  бауырмалдылыққа, 

көргенділікке,  қайырымдылыққа, 

ізеттілік  пен  білімділікке  баурай-



ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ

ды.  Наурызды  әр  халықтың  асыға 

күтетіндігі  де  сондықтан  болса  ке-

рек.


Осы  ұлы  күнге  байланысты 

халықтың әдет-ғұрыптары мен жол-

жоралары  да  баршылық.  Наурыз 

ежелден  мәдениеті  өте  дамыған 

Парсы елінің «нау» жаңа, «руз» күн, 

яғни  «жаңа  күн»  деген  сөздерінен 

шыққаны көптен бері мәлім. Ұлыстың 

ұлы  күні  жұрт  жұмыс  жасамайды, 

іссапарға  шықпайды,  іс  тікпейді, 

құрылыс жүргізбейді. Сонымен қатар 

бұл  күні  ешкімді  ренжітпейді,  өзі  де 

ренжімейді, дауыс көтермейді, әбес 

сөйлемейді, кір жумайды, тырнақ ал-

майды, арақ-шарап ішпейді, құрбан 

шалмайды. Бұл күні барлық даланы 

Қызыр (Қыдыр) ата аралайды.

Ол  күні  қожаларға  арнайы 

оқытатын  кітап  болады.  Наурыз 

жайын  ұқтыратын  кітапты  «Салда-

ма»  деп  атайды.  Наурыз  мейрамы, 

яғни  Наурызнамада  қыз-жігіттер 

қосылып «ұйқыашар» әзірлейді. Ол 

ет,  уыз  сияқты  дәмді  тағамдардан 

жасалады. Жігіттер қыздарға сақина, 

сырға, айна, тарақ, шолпы, моншақ 

сияқты  сыйлықтар  ұсынады.  Оны  

«селт еткізер» деп атайды. Бұл күні 

қарттар да назардан тыс қалмайды. 

О л а р ғ а   а р н а п   ж ы л ы - ж ұ м с а қ 

әзірленіп,  ұсынылады.  Оны  «бел 

көтерер» дейді. Бұлар наурыздан бір 

күн бұрын әзірленеді. Бұлардың соңы 

наурыз көжеге жалғасады.

Наурыз күні әдейі Наурыз жыры ай-

тылады. Онда осы күнге лайықталған 

мадақ, тілек, бата, әзіл түрлері орын 

алады.

Сол күні ақсақалдар жастарға нау-



рыз батаны да айтады. Бата Наурыз-

ды  ұйымдастырушыларға,  наурыз 

көжеге  шақырғандарға,  тойда  өнер 

көрсеткен ақын, жырау, палуандарға 

және басқаларына беріледі.

Мейрам күні наурыз жұмбақ жасы-

рылып,  наурыз  тілектер  айтылады. 

Наурызда туған төлді «наурыз төл» 

деп атайды. Наурызда жауған қарды 

«Наурызша» деп атайды.

Наурыз күні адамдар өзгелерден 

біліп,  білмей  істеген  қателігі, 

кемшілік, ағаттықтары үшін кешірім 

сұрайды. Сол адамға кешірім берілуі 

тиіс.

  Қазақтар  наурызға  қыс  бойы 



сақтаған  жылы-жұмсағын  осы  күні 

шығарып,  үйге  келген  қонаққа, 

үйі-ішіне,  туыс-бауырға,  көрші - 

көлемге  ұсынған.  Ең  алдымен  нау-

рыз  көже  дайындаған.  Содан  кейін 

бауырсақ,  май-қаймақ,  тары,  құрт, 

ірімшік,  тағы  сондай  ұлттық  тағам 

түрлерін  дастарханға  қойған.  Сол 

сияқты,  ауыл  жастары  алдын-ала 

дайындалып,  жарапазан  жаттап, 

ауыл-ауылды,  үй-үйді  аралаған. 

Әсіресе,  олар  ауылдағы  аузы 

дуалы  қарияларға,  ата-әжелерге, 

көпбалалы отбасыларға барып жақсы 

тілек  айтқан.  Ол  өлеңдерде  елге 

тыныштық,  халыққа  бірлік,  береке, 

ынтымақ тілек етіліп, жаңа жыл жаңа 

бақыт,  табыс  әкелгей  деген  ізгілік 

ниеттер үйлесімді жеткізілген. Жара-

пазан айтушыларға әрбір үй құрмет 

көрсетіп,  дәм  татқызған.  Қолдан 

келсе, яғни  жағдайы тартса үй иелері 

жарапазаншыларға  бауырсақ,  құрт, 

т.б.  берген.  Жолдарың  оң  болсын, 

деп ақ батасын берген.

Өткен аптада №2  Саумалкөл мектеп-гимназиясының 

базасында  Ұлы  Отан  соғысындағы  Жеңістің 70 

жылдығына,  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының 

20  жылдығына,  Қазақстан  Республикасы 

Конституциясының 20 жылдығына, Қазақ хандығының 

550 жылдығына орайластырылып және саламатты 

өмір  салтын  насихаттау  мақсатында  мемлекеттік 

мекемелердің  қызметкерлері  арасында  аудандық 

спартакиада  болып  өтті.  Аталмыш  шараға  аудан 

орталығындағы мемлекеттік мекемелер мен ауылдық 

округтерден барлығы 14 команда қатысты. 

Спартакиаданың салтанатты ашылуы рәсімінде сөз 

сөйлеген  аудан  әкімі, «Нұр  Отан»  партиясы  Айыртау 

аумақтық  филиалының  төрағасы  Ағзам  Тастеміров 

елімізде  спортты  насихаттау  мақсатында  Елбасының 

алға  қойған  міндеттерін  орындауда  ең  алдымен 

мемлекеттік  қызметкерлердің  алдыңғы  қатарларда 

болу  керектігін,  спорт  әр  адамның  күнделікті  серігіне 

айналуы қажеттігін айта келіп, жарысқа қатысушыларға 

сәттілік тіледі.

Спорттың  жеті  түрінен  күш  сынасқан  мемлекеттік 

қызметшілер  намысты  қолдан  бермеуге  тырысты. 

Әсіресе,  волейбол  жарысы  өте  тартысты  өтті.  Алай-

да  «Жүзден  жүйрік,  мыңнан  тұлпар  озады»  демекші, 

қарсыластарының ешқайсына дес бермеген аудандық 

білімі бөлімі мен аудандық мәслихаттың құрама коман-

дасы жеңіс тұғырынан көріне білді. Жекелей біріншілікте 

алғырлық  пен  шеберлік  танытып,  өз  командаларына 

қомақты  үлес  қосқан  жеңімпаздарға  келер  болсақ, 

олар:  дартс  атудан  ерлер  арасында  А.  Сыздықов 

(Елецкий а/о), әйелдер арасында Л. Сметанина (тұрғын 

үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі 

бөлімі); шаңғы жарысынан А. Базарбаев (білім бөлімі), 

Е. Семенова (Имантау а/о); дойбыдан Ж. Жүсіпов (ішкі 



Салауатты өмір салты

АЛҒЫРЛАР  

АЛҒЫРЛАР  

МЕН

 

МЕН

 ЕПТІЛЕР САЙЫСЫ

ЕПТІЛЕР САЙЫСЫ

саясат бөлімі), Б. Жантілеуова (аудан әкімінің аппараты); 

шахматтан С. Жақыпов (білім бөлімі), А. Есентай (Во-

лодар а/о); үстел теннисінен С. Жақыпов (білім бөлімі), 

Д. Таңсықбаева (білім бөлімі); пневматикалық қарудан 

ату Е. Сәдуақасов (Володар а/о), З. Қалдырбаева (білім 

бөлімі). 

Жалпыкомандалық есепте ауданның білім бөлімі 139 

ұпаймен жеңімпаз атанса, аудан әкімінің аппараты 102 

ұпаймен  екінші  орынды  қанжығаларына  байлады. 93 

ұпайды бірдей жинаған ауданның қаржы және экономика 

бөлімі мен аудандық мәслихаттың командалары үшінші 

орынды бөлісті. 

Спартакиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы 

кубокпен,  дипломдармен  және  бағалы  сыйлықтармен 

марапатталды.



Жанат СӘБИТОВ.

Сіздерді  Ұлыстың  ұлы  күні  Наурыз  мейрамымен  шын  жүректен 

құттықтаймын!

Наурыз  мейрамы  –  көктем  мен  жаңарудың,  қоғамдағы  бейбітшілік 

пен  келісімді  нығайтудың,  барша  қазақстандықтардың  достастығының 

мерекесі. 

Ғасырлар бойы Наурыз бейбітшілікке, жасампаздыққа жол ашады. Осы 

күндері адамдар бір-біріне кешірімді болып, мейірім мен имандылыққа бет 

алады.  Наурыз  мейрамның  осы  терең  мағынасы  бүгіндері  де  өзектілігін 

жоғалтар емес. Әсіресе биылғы Наурыз мейрамы осы жылдың мерейтойлық 

оқиғалары:  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының 20 жылдығы,  Қазақстан 

Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы 

және Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында атап өтілмек. 

Ұлыстың ұлы күні бізге көктемдей шуақты көңіл-күй сыйлап, оны барша-

мыз бірге игі дәстүрге сай атап өтеміз. Біз үшін көп ұлтты мемлекетіміздің 

халықтарының өзара достығы мен бірлігі алға дамуымыздың кепілі.

Біз  барлық  қиыншылықтарды  еңсеріп,  достығымыз  бен  келісімнің 

арқасында ортақ үйіміз – Қазақстанды құрдық. Халқымыздың жайлы өмір 

сүруі үшін біз қолдан келгеннің бәрін жасаудамыз. 

Елбасы өзінің «Нұрлы Жол –болашаққа бастар жол» атты Жолдауында 

ел  бірлігін  біздің  барша  табыстарымыздың  кілті  деп  атап,  бұл  қоғамдық 

құндылықты  ең  басты  назарға  алып,  баршамызға  қорғауды  тапсырды. 

Сондықтан еліміздегі бар ынтымақ-бірлігімізді жоймай, алаңсыз еңбек етіп, 

тұрақтылық пен достастыққа берік болайық.



Қымбатты жерлестер!

Наурыз мейрамы әр отбасына береке мен қуаныш сыйласын!

Сіздерге бақыт, шаңырақтарыңызға амандық-саулық, барлық істеріңізге 

сәттілік, мақсатқа қол жеткізуде табандылық тілеймін!



Ағзам ТАСТЕМІРОВ,

Айыртау ауданының әкімі.                         

Құрметті айыртаулықтар!

Құрметті айыртаулықтар!


Айыртау  таѕы

2

19 наурыз 2015 жыл



 эл. пошта: airtau_tany@mail.ru

Айыртау  ауданының  сайлау  комиссиясы  «Солтүстік  Қазақстан  об-

лысы Айыртау ауданы әкімінің 2014 жылғы 23 қаңтардағы № 1  «Солтүстік 

Қазақстан  облысы  Айыртау  ауданы  бойынша  сайлау  учаскелерін  құру 

туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім қабылданғаны жайлы 

хабарлайды:

«Нормативтік  құқықтық  актілер  туралы» 1998 жылғы  24 наурыздағы 

Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан 

облысы Айыртау ауданының әкімі ШЕШТІ:

Солтүстік  Қазақстан  облысы  Айыртау  ауданы  әкімінің 2014 жылғы    23 

қаңтардағы № 1 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы бойынша 

сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне (нормативтiк құқықтық кесiмдерді 

мемлекеттiк тiркеудің Тiзiлiмiне № 2563 болып тіркелген, «Айыртау таңы», 

«Айыртауские  зори»  газеттерінде 2014 жылғы 27 ақпанда  жарияланды)  

келесі өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген  шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес 

жаңа редакцияда баяндалсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Айыртау ауданы әкімі аппаратының 

басшысы Қ.С.Қайнетовке жүктелсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен  кейін он күнтізбелік 

күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



А.ТАСТЕМІРОВ, аудан әкімі 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

Солтүстік Қазақстан облысы



Айыртау аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы



Е.МЕРҒАСЫМОВ

2015 жылғы «___» _________    

Нормативтiк  құқықтық  кесiмдерді  мемлекеттiк  тiркеудің  Тiзiлiмiне 2015 

жылдың 03 наурызында № 3130 болып тіркелген,

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімінің 

2015 жылғы 25 ақпандағы № 9 шешімі



Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы әкімінің 2014 жылғы 

23 қаңтардағы № 1  «Солтүстік Қазақстан 

облысы Айыртау ауданы бойынша

сайлау учаскелерін құру туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 № 23 сайлау учаскесі

 Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Всеволодовка ауылы, «Солтүстік 

Қазақстан облысы Айыртау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, 

«Всеволодовка  негізгі  мектебі»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің 

ғимараты,  телефон 8715(33)51571; Сайлау  учаскесінің  шекарасы:  Всево-

лодовка ауылы, Прекрасное ауылы.

 

№ 44 сайлау учаскесі

  Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Арықбалық ауылы, «Арықбалық» 

жауапкершілігі  шектеулі  серіктестігінің  ғимараты,  телефон 8715(33)41752 

(келісім  бойынша);  Сайлау  учаскесінің  шекарасы:  Арықбалық  ауылы  На-

бережная көшесі үйлердің нөмірі № 2, 3, 4, 7, 10, 15, 18, 20, 23, 25, 27, 30, 

36,  Кузнечная көшесі үйлердің нөмірі № 7, 8, 10, 12, 13, 16, 20, 23, 24, 30, 

Нагорная көшесі үйлердің нөмірі №1, 2, 3, 4, 5, 7, 9, 10, 14, 17,  Сейфуллин

Пролетарская, Песчанная, Степан Разин, 30 лет Победы, Ключевая, Кали-

нин, Мира, Целинная, Дачная, Лесная, Интернациональная, Энтузиастов, 

Механизаторов көшелері.

 № 45 сайлау учаскесі

  Сайлау  учаскесінің  орналасқан  жері:  Арықбалық  ауылы, «Солтүстік 

Қазақстан облысы Айыртау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, 

«Арықбалық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, 

телефон 8715(33)41180; Сайлау учаскесінің шекарасы: Арықбалық ауылы 

Новая, 40 лет Победы, Юбилейная, Рабочая, Новоселова, Северная, По-

левая, Степная, М. Горький, Орджоникидзе, Куйбышев, Киров, Школьная, 

Центральная,  Конституций,  Ворошилов,  Озерная  көшелері,  Набережная 

көшесі үйлердің нөмірі № 38, 40, 42, 45, 46, 48, 49, 50, 51, 53, 54, 56, 60, 61, 

62, 64, 65, 66, 71, 72, 74, Кузнечная көшесі үйлердің нөмірі № 25, 27, 29, 37, 

38, 41, 49, Нагорная көшесі үйлердің нөмірі № 19, 20, 21, 24, 26, 27, 29, 34, 

36, РАД, АТП, Абай көшелері.



 № 55 сайлау учаскесі

 Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Новосветловка ауылы, «Солтүстік 

Қазақстан облысы Айыртау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, 

«Новосветловка  орта  мектебі»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің 

ғимараты,  телефон 8715(33)53241; Сайлау  учаскесінің  шекарасы:  Ново-

светловка ауылы, Красный Кордон ауылы.

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің

2015 жылғы 25  ақпандағы № 9 шешіміне қосымша



Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау 

ауданы бойынша сайлау учаскелері 

Байман Айгүл

Саумалкөл  қазақ  орта  мектебінің 

11-сынып оқушысы 

Жайнасын даламыздың гүлі, нұры.

Шырқалсын құстардың да бүгін үні

Ағайын көптен күткен мерекеміз,

Құтты болсын Ұлыстың ұлы күні!

Жүр біреулер наурыздың  

 

 

 



әнін жаттап,

Жарысуда біреулер әлін мақтап.

Әз-Наурызға – ақ тілек!

Айтмағанбет Дауылбайұлы,

Қаратал  ауылдық  округінің  ардагерлер 

ұйымының төрағасы, еңбек және тыл ардагері

Міне,  бірер  күнде 

ш ы ғ ы с т ы ң   ж а ң а 

ж ы л ы   т ой л а н а т ы н 

Наурыз  мейрамы  да 

келіп  жетпек.  Бұл  сан 

ғ а с ы р л а р д а н   б е р і 

ұрпақтардың  үзілмес 

жалғастығын  сіңірген 

ежелгі мереке. Наурыз 

мейрамы  Тәуелсіздік 

жылдарында  ұлттық 

е р е к ш е л і к т е р і   м ен 

д і н и   н а н ы м д а р ы н а 

қарамастан  барлық  қазақстандықтарға  бірдей 

шынайы  жалпыхалықтық  мерекеге  айналды.  Осы 

уақыт  ішінде  ұлттық  құндылықтарымыз  орнығып, 

достық  пен  өзара  түсіністік  нығайтылды,  ежелгі 

дәстүрлеріміз жаңғыртылды. 

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің, 

іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Қазақстан халқы үшін 

Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Ол - өткенді 

саралап,  болашағымызды  болжайтын  ерекше  кезең.  Ұлыстың  ұлы  күні  қарсаңында  бір  топ 

оқырмандарымызға жолығып, мерекелік лебіздерін тыңдаған едік.

Кеңес  өкіметінің  солақай  саясатының  салдарынан 

көп жылдар бойы ұмыт болған Наурыз мейрамы 1990 

жылы  алғаш  рет  сол  кездегі  кеңшар  директоры  С.Ш. 

Тұралиновтың бастамасымен Қаратал ауылында той-

ланды. Кеңшарға қарасты алты ауылдың тұрғындары 

киіз үй тігіп, алтыбақан құрды. Ат жарыс, балуан күрес, 

айтыс, ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылып, халық 

мәз-мәйрам болды. 

Бұрын мектептегі шағын мерекелік концертпен ырымы 

ғана жасалатын Наурыз мейрамы соңғы жылдарда кең 

көлемде тойланып келеді. Оны ұйымдастыруға Қаратал 

орта мектебінің ұжымы атсалысса, қаржылық жағынан 

«Жер-Ана»  агрофирмасының  басшысы  Қ.  Ерболов 

демеуші болып жүр.    

Ұлтымыздың  мерейін  өсіріп,  бар  болмысымызды 

айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір 

отбасына  бірлік  пен  қуаныш,  құт-береке,  бақыт  пен 

молшылық әкелсін!

Кең болсын қазағымның керегесі, кетпесін Алла берген 

берекесі, Алаштың баласына нәсіп болған, Құтты болсын 

Наурыз мерекесі!



Ақлима Сейітқалиева,

«Күміс алқа» иегері, тыл еңбеккері

Тек  адамзат  қана  емес, 

табиғаттың да жасарып, бой 

түзейтін  шағы  –Ұлыстың 

ұлы күнінің баршамыз үшін 

жолы  да,  жөні  де  бөлек. 

«Туған  ай – тураған  ет-

пен тең», әне-міне дегенше 

көктемнің саумал самалы-

на ілесіп Наурыз да жетті. 

Амандық-саулық,  ақ 

тілек,  меймандостық, 

адалдық, молшылық, жал-

пы ұлтымызға тән тамаша 

салт-дәстүрімен паш етілетін Наурыз мейрамын өзіндік 

сән-салтанатымен,  думанды  тойымен,  ән-жырымен 

қарсы алайық. Жастарың ұзақ, көңілдерің көтеріңкі, 

аспандарың ашық болсын. 

Қыстан аман-есен шығып, Наурыз мерекесін үлкен 

қуанышпен  тойлап  жатқан  жалпақ  жұрт,  Наурыз 

мерекесі  баршаңа  жаңа  бақытты  өмір  әкелсін!  Ақ 

таңдарың  күлімдеп  ата  берсін,  Қариялар  кемсеңдеп 

бата берсін. Наурыз мерекесі күлімдеп кеп, Ұлыстың 

ұлы күні бақ әкелсін! Жылыстап жеткен Жаңа Жылы-

мыз - төл мерекеміз 22 наурыз арда халықтың басына 

бақ құсын қондырсын! Баршаңызды халқымыздың ең 

ұлы  мейрамы,  адам  баласы  мен  табиғат  ана  қайта 

жаңғырып,  түлейтін - әз-Наурызбен  шын  жүрегімнен 

құттықтаймын!

Ирина Авксентьева,

аудандық Әділет басқармасының басшысы

Арайлап жеткен әз Наурыз мейрамымыз құтты болсын! Бұл күн 

тіршіліктің дәстүрлі құндылықтар аясында бірігіп, игілікті жаңа 

бастауларға ниет білдірудің нышаны. Күннің алғашқы нұры әрбір 

шаңыраққа  бақ  береке,  өзара  түсіністік  пен  болашаққа  деген 

сенімділік әкелсін.

Ақ  мол  болсын,  ақтарылған  ақ  тілектер  оңғарылсын.  Қой 

жылы қазыналы, мерекелі, берекелі жыл болсын. Орта толсын, 

халқымыз  қуанышқа  кенелсін,  ынтымақ,  бірлік  ажырамасын. 

Дендеріңізге  саулық,  өмірде  асқаралы  табыстар,  игілік,  бақыт 

тілеймін!



  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал