107 vітара у ортағасырлық диатоникалық халық ладтары



жүктеу 36.55 Kb.

бет8/13
Дата22.04.2017
өлшемі36.55 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

кездейсоқ белгілер деп атайды да, кілттің жанында жазылған 
альтерациялық белгілерді 
кілттік негізгі  белгілер деп атайды.
 
Кілттік негізгі альтерация белгілері өзі жазылған октаваға ғана 
емес, осы шығармада кездесетін барлық октаваның дыбыстарына 
тəн болады. Ал кездейсоқ альтерациялық белгілер сол өзі қойылған 
дыбысқа ғана тəн болып, бір тактінің ішінде ғана орындалады.
 
Егер осы əнді октава көлемінде жоғарыдан немесе төменнен 
қайталасақ, онда да кездейсоқ белгілер қойылады:

23
Дыбыстарды əріппен белгілеу жүйесінде альтерацияны 
жазу үшін қосымша буындар қолданылады. Мəселен; 
диез 
-“іs” буынымен; бемоль - “es”; дубль диез - “іsіs” жəне дубль 
бемоль - 
“eses” буындарымен алмастырылады. Бұлардан басқа 
үш дыбысқа ерекше альтерациялық буындар пайдаланылады
ля бемоль - 
“aes” деп жазудың орнына “e” əрпі қысқартылып 
“as”, ми-бемоль -  “ees” деудің орнына бір “e” əрпі түсіріліп 
“es”, си-дубль-бемоль - “bes”-тің орнына “heses” боп жазылады 
(33-кестені қара): 
Дыбыстар теңдігі - энгармонизм
Октаваның ішіндегі жарты тондар бір-бірімен тепе-тең 
аралықта орналасқандықтан да, кез келген негізгі деп санала-
тын дыбыстарды жарты тонға көтеру немесе төмендету арқылы 
көмекші дыбысқа айналдырып жіберуге болады. Мысалы, фа-
диез жəне оған биіктік жағынан тең соль-бемоль (мұнда бір қара 
клавишті əр түрде екі рет жазып, айтып отырмыз).
Сонымен, биіктік жағынан бірдей, ал атаулары мен белгілері 
жағынан əртүрлі болып келетін дыбыстар 
өзара тең дыбыс-
тар деп аталады. Мұны музыка тілінде дыбыстар теңдігі эн-
гармонизм дейміз. Кейде негізгі дыбыс көмекші дыбыспен бір 
биіктікте болып қалуы да мүмкін. Мысалы, 
си-диез=дo неме-
се 
фа-бемоль=ми. Дыбыстарды екі есе жоғарылату мен екі есе 
төмендетуде де осы теңдік белгісі сақталады. Мысалы: 
соль-
дубль диез-ля, ми-дубль-бемоль-ре, т.с.с. 
Диатоникалық_жəне_хроматикалық_жарты_тондар_мен_бүтін_тондар_Жоғарыда_жарты_тон_мен_бүтін_тон_туралы_түсініктер_берілген_болатын._Енді_диатоникалық'>Диатоникалық жəне хроматикалық 
жарты тондар мен бүтін тондар
Жоғарыда жарты тон мен бүтін тон туралы түсініктер 
берілген болатын. Енді 
диатоникалық (грек сөзі - “тоннан- 
тонға” деген мағынада) жəне хроматикалық (бұл да грек сөзі - 
“бояу түсі” деген мағынада) жарты тондар мен бүтін тондардың 
ара  сындағы  айырмашылықтарды  анық тайық. 
Диатоникалық 

24
33- кесте
. Негізгі  д
ы
быстард
ы
ң 1/2 тонға н
емесе 1 тонға жоғарылатылғандағы н
емесе 
төме
ндетілге
ндегі  б – буынд
ық   жән
е әріптік белгіл
ерінің кестесі
Негізгі
дыбыст
ар
Негізгі дыбыст
ар
1/2 т
о
нға 
ж
о
ғарыла
тылғанда
Негізгі дыбыст
ар 1 т
о
нға 
ж
о
ғарыла
тылғанда
Негізгі дыбыст
ар 1/2 
то
нға төмендетілг
енде
Негізгі дыбыст
ар 1 т
о
нға 
төмендетілг
енде
бу
ы
н
д
ы
қ
ат
та
р
ы
əріптік
ат
та
р
ы
бу
ы
н
д
ы
қ
ат
та
р
ы
əріптік
ат
та
р
ы
бу
ы
н
д
ы
қ
ат
та
р
ы
əріптік
ат
та
р
ы
бу
ы
н
д
ы
қ
ат
та
р
ы
əріптік
ат
та
р
ы
бу
ы
н
д
ы
қ
ат
та
р
ы
əріптік
ат
та
р
ы
До, до
C, c
Д
о#, до#
C
is, cis
До
х,  до
х
C
isis, cisis
Доb, доb
C
es, ces
Доbb, доbb
Ceses, ceses
Р
е, ре
D, d
Р
е#, ре#
D
is, dis
Р
ех, ре
х
D
isis, disis
Р
еb, реb
D
es, des
Р
еbb, реbb
Deses, deses
Ми, ми
E, e
Ми#, ми#
Eis, eis
Мих, мих
Eisis, eisis
Миb, миb
E
s, es
Миbb, миbb
Eses, eses
Фа, фа
F
, f
Ф
а#, фа#
F
is, fi
 s
Ф
ах, фах
F
isis, fi
 sis
Ф
аb, фаb
F
es, fes
Ф
аbb, фаbb
Feses, feses
Со
ль, со
ль
G, g
С
о
л
ь#, со
ль#
G
is, gis
С
о
л
ьх, со
льх
G
isis, gisis
С
о
л
ьb, со
льb
G
es, ges
С
о
л
ьbb, со
льbb
Geses, geses
Ля, ля
A, a
Л
я#, ля#
Ais, ais
Лях, лях
Aisis, aisis
Ляb, ляb
As, as
Ляbb, ляbb
Ases, ases
Си, си
H, h
С
и#, си#
H
is, his
С
их, сих
H
isis, hisis
Сub, сub
B, b
Сubb, сubb
Heses, heses

25
тон деп көршілес орналасқан екі дыбыс аралығындағы жоғарыға 
жəне төменге қарай құрылған жарты тонды немесе бүтін тон-
ды атаймыз. Фортепианоның ақ тілдеріндегі дыбыс қатарында 
2 диатоникалық жарты тон (
ми-фа мен си-дo); 5 диатоникалық 
бүтін тон (
дo-ре - ре ми, фа-соль - соль-ля, ля-си) бар. Бұдан басқа, 
диатоникалық жарты тон мен бүтін тонды дыбыс қатарында 
орналасқан кез келген дыбыстардан құруға болады.
Мысалы:
 
Хроматикалық тон деп дыбыс қатарындағы бір дыбыстан ғана, 
яғни бір аттас дыбыстан жоғарыға немесе төменге қарай жылжудан 
туындаған жарты тонды немесе бүтін тонды айтамыз. Мысалы: 
до-до#; си-сиb. Сондай-ақ, хроматикалық бүтін тонды үш дыбыс 
аралығында да құруға болады. Мысалы:фа # - ля b;си b - соль #. 
Тапсырма: Оқытушының көрсетуімен берілген дыбыстардан 
диатоникалық жəне хроматикалық жарты тон, бүтін тонды (жоғары-
төмен) құрып жазып, оларды фортепианода тауып, ойнау керек. 
Нотаның ұзақтығын ұлғайтатын қосымша белгілер 
Ноталық жазылуда таңбаның негізгі ұзақтығынан басқа, 
оның ұзақтығын ұлғайтатын қосымша белгілер де қолданылады. 
Оларға жататындар: 
1) 
Нүкте - берілген ұзақтықты жарты-
сына дейін ұлғайтады. Нүкте нота басы-
ның оң жағына қойылады. 

26
2) 
Екі нүкте – берілген нота ұзақ-
тығының жартысына жəне тағы да төрттен 
бір бөлігіне шейін созылады. 
3) 
Лига (ойыс 38 сызық) – бір 
биік 
тікте қатар тұрған ноталарды 
ойыс сызықпен бір-біріне байлас-
ты 
 
ру арқылы созылым ұзақтығын 
ұлғайтады. 
4) 
Фермата – нотаны белгілі бір шексіз уақытқа ұзартатын 
белгі. Фермата ортасында нүктесі бар кішкене доғашамен 
белгіленеді:  
Фермата таңбасы нотаның астынан да, үстінен де қойылады: 
      
 
Дегенмен ферматада да шексіз бар: ол берілген нотаныекі есе 
ұзартады. 
Музыкалық үзілістер (паузалар)
Музыка тілінде белгілі бір ойды не-
месе музыкалық бейнелерді бір-бірінен 
бөліп-жарып айрықша түйсіну үшін не-
месе көңіл күйін жете аңғарту үшін кейде 
шығарма арасында кей 
бір үнді тоқтату 
қажеттігі туады. Музыкадағы үннің осын-
дай, уақытша кілт үзілуін (көп дауыс ты 
музыкалық шығармалардың кейде жеке 
дауыс тарында, кейде бір уақытта барлық 
дауыстарындағы үзіліс) 
пауза деп атай-
ды. Ноталық жазу жүйесінде үзіліс 
те арнайы таңбаларымен бел 
гі 
ленеді. 
Нотаның ұзақтығына сəйкес оның да 
ұзақтығы болады. Мысалы, бүтін үзі ліс, жарты үзіліс, төрттік үзіліс, 
сегіздік үзіліс, оналтылық үзіліс, т.с.с. Оларды белгілеу мен ноталық 
жазу тəсілдері мынандай: 
Бревис үзіліс ноталық бес сызықтың 3-4 сызықтарының арасы-
на жазылады; бүтін үзіліс - 4 сызықтың астынан, ал жарты үзі ліс - 3 

27
сызықтың үстінен түседі. Қалған үзілістердің ұзақтық бел гілерінің 
жазылу тəсілдерін оның ноталық бес сызыққа орналасу жағдайларына 
қарай түрлі мысалдардан көріп үйренулеріңізге болады.
Үзілістердің ұзақтығын ұлғайту үшін де нота таңбаларындағы 
сияқты нүктелер қолданылады. Бұл жағдайдада нүктелердің 
ұзақтық мағынасы сондағыдай. 
Қос дауысты музыканы таңбалау 
(Нотаға түсіру
)
Фортепианоға, хорға, ансамбльдерге жазылған
музыкаларды жазу тəсілдері
Қос дауысты музыканы нота сызығына түсірудегі ерекшелік: 
мұнда олардың нота таяқшалары қарама-қарсы жаққа қарай жазы-
лады, яғни үстіңгі дауыстағы ноталардың таяқшалары жоғарыға 
қарай жазылады да, астыңғы дауыстағы ноталардың таяқшалары 
төменге қарай жазылады:
 
Фортепиано үшін жазылған музыкалар біріккен екі ноталық 
станға жазылады; екі станның басын тік сызықпен қосып, оның 
сыртынан өрнекті жақшамен тартылады. Бұл өрнекті жақшаны – 
акколода деп атайды.
Ноталық бес сызықтың екеуіне қатар жазылған музыка бірге 
ойналғанымен, əр сызықтағы ноталар бөлек-бөлек белгіленеді. 
Фортепианоға арналған музыкалар кейде 3-4 ноталық стандарда 
жазылуы мүмкін, бірақ мұндай жағдайлар сирек кездеседі;

28
Фортепианоның сүйемелдеуімен жеке дауысқа немесе жеке 
бір аспапқа арналған музыкалық шығармалар үш ноталық станда 
жазылады:
 
Ал хорға оның ішінде аралас хорға жазылған 
музыкалық шығармалар 4 ноталық станда жазы-
лады: 

29
Хорға, түрлі аспаптар мен дауыстардан құралған ансамбльдер ге 
арналған ноталық стандар екі басы түзу жақшамен қоршалады. Ан-
самбльдерге қолданылатын стандардың саны ансамбль құра мын дағы 
аспаптар мен жеке дауыстардың сандарына байланысты. 
Музыканың хорға, оның жеке дауыстарына лайықталып жа-
зылуына, сол сияқты ішекті аспаптар квартеті, квинтет, неше 
түрлі ансамбльдердің жəне оркестрдің жеке-жеке аспаптары-
на арналған шығарманың бөлшектеп жазылуына 
музыкалық 
үлестеуді  партитура деп атайды. (партитура – лат. рartіo – 
бөлемін деген мағынада). 
Ноталық таңбалардың жазылуын қысқарту белгілері
Ноталық жазуды жеңілдету жəне қысқарту үшін бірнеше 
белгілер қолданылады: 
1) Ноталық станда қолданылатын қосымша сызықтар олар-
дағы нотаның оқылуын қиындата түсетіні белгілі. Мұндай жай-
сыз жағдайларды жеңілдету үшін берілген музыканы бір октаваға 
жоғары көтеру немесе бір октаваға төмен түсіру тəсілдері қол-
данылады:
Мұндай октавалық жоғарылату не төмендету тасымалы сы-
зықтың шектелген жерінде бітеді.
2) Қайталау белгісі – реприза – кейбір шығармалардың қайсы-
бір бөлігін немесе түгелдей қайталау үшін қолданылады:
 

30
Егер қайталанған бөліктің аяқ жағы болса, онда өзгеретін 
тактілердің үстінен шаршы (квадрат) жақша қойылады. Оның 
артынан қайталанған тактілерді жазып, оның үстінен де шаршы 
жақша қойылады. Жақшалардың астынан – 1-вольта (қайталау) 
жəне 2-вольта (қайталау) белгілері қойылады. 
Егер үш бөлімді формада жазылған шығармалардың үшінші 
бөлімінде бірінші бөлімін дəлме-дəл қайталау қажет болса, оны 
түгелдей қайталап жазбайды; оның орнына екінші бөлімнің 
бітер жерінің астынан 
«Da capo al Fine» деп жазу керек. Бұл – 
шығарманы басынан бастап “соңы” деген жерге дейін қайтала де-
ген сөз. Ал бірінші бөлімнің бітер жерінің астынан – Fіne (соңы) 
деген сөзді жазу шарт.
Музыкалық шығармаларда бір такт қатарынан бірнеше рет 
қайталануы мүмкін. Бұл жағдайда да ноталық белгі қолданылады:
 
5) Кейбір əуендік саз такті ішінде қайталанған жағдайда, олар-
ды арнайы белгілермен ауыстырып отырса, ол да ноталық жазуды 
жеңілдетеді: 
6) Қайталанған дыбыстар мен аккордтар да арнайы белгілермен 
алмастырылады:
 
7) Тремоло (tremolo) – екі дыбыстың немесе бірнеше дыбыс-
тар үндестігінің бірқалыпты биіктікте бірнеше рет жылдам 
қайталануы. Бұлар да арнайы белгілермен алмастырылады.

31
ды:
Термолода қайталанатын дыбыстардың жалпы ұзақтығы тиісті 
нотамен белгіленеді де, ал нота таңбаларының аралығындағы 
көлденең сызықшалар əуеннің қандай ұзақтықта орындалуы 
қажеттігін көрсетеді.
8) Берілген дыбысты екі еселеп, октавамен ойнау үшін, оның 
астынан немесе үстінен 8-дік санын жазады. Бұл – берілген ды-
бысты октаваға айналдырып орындау керек деген сөз.
Октаваға жаппай екі еселегенде: all’8 va – жоғарыдан екі есе-
леу жəне all’8va basso – төменнен екі еселеу деп жазылады. 

32
ІІ  т а р а у
ӨЛШЕМ ЖƏНЕ ЫРҒАҚ (МЕТР ЖƏНЕ РИТМ)
Музыка – белгілі бір уақытта дамып, белгілі бір уақыттың 
ішінде жазылып, орындалып, тыңдалып, қабылданатын өнер са-
ласына жатады. 
Музыкалық шығарманы дұрыс ойнап, орындау үшін санай 
білу немесе музыканың жалпы ырғағы мен екпінін бір бағытта 
ұстап, меңгере білу өте қажет. Бұл – өлшем шамасына байланыс-
ты. Музыка өзінің бөлшектік екпініне (акцентіне) қарай белгілі 
бір тəртіппен кезектесіп, алмасады:
Мысалы: 
Бірінші шығармада акцентті (>) акцентсіз (U) буын үлестері 
қатарласып келсе, екіншісінде акцентті жəне қос акцентсіз 
үлестер қатарласып келеді.
Сондай-ақ бүкіл шығарманың өн бойында бірқалыпты алма-
сып отыратын, ерекше байқалатын жəне онша байқалмайтын сəт -
тер болады. Көбірек байқалатын сəттер – өлшемдік күшті үлес, 
азырақ байқалатыны – өлшемдік 
əлсіз үлес деп аталады. Му-
зыкалық шығармада күшті жəне əлсіз үлестердің бірқалыпты ал-
масып келуін 
өлшем (метр) деп атайды. Күшті үлес (34 бетті қара) 
“1” деген санмен белгіленеді де, əлсіз үлес өзге кез келген бас  қа 
санмен беріледі. Уақыттың күшті жəне əлсіз үлестерінің нəти-
жесінде музыкалық шығарма бір күшті үлес бір немесе бірнеше 
əлсіз үлестің басын құрайтын жекелеген ұяларға бөлінеді:

33
Осы уақытша ұялардың жанасу аралық бөліктерін такт деп 
атайтын боламыз (такт – лат. taktus – жанасу, қол тигізу, қолмен 
көрсету).
Такт – бір күшті үлестен келесі күшті үлеске дейінгі 
аралықтағы музыкалық шығарманы бір ұялық бөлігі. 
Екі үлесті өлшемнің біріншісі – күшті; 
екіншісі – əлсіз болып келеді: а) 
1
/.Үш үлесті 
өлшемнің 2 біріншісі – күшті; қалған екеуі – əлсіз болып келеді 
(жоғарғы мысалдардан қараңыз); ə) 1 2 3. Көп үлесті ұя бөлігінде 
– бір күшті жəне бірнеше əлсіз үлестер болады. Бір ұя бөлігі (так) 
екіншісінен (бір-бірінен) ұя бөлігі делінетін сызықпен ажыраты-
лады. (Ұя бөлігінің сызығы – тіп-тік, түзу болып жазылуы керек). 
Оны “бір” саны келетін нотаның алдына, яғни күшті үлестің ал-
дынан қояды.
Егер шығарма бір ғана ноталық бес сызықта жазылса, онда 
ұя бөлігінің сызығы сол ноталық бес сызықтың көлемін қамтып 
сызылуы керек:
Шығарманың ба 
сында 
музыкалық кілттің алдынан 
ұя бөлігінің сызығындай 
сы зық жүргізі 
леді. Оны 
бас  
тапқы сызық деп атай-
ды (жоғарыдағы мысал-
дарда көрсетілген). Ол үне-
мі күшті үлес ке тура келе 
бермей ді, бірақ ол ноталық 
станның санын білу үшін 
қажет. 
Кейде барынша айқын 
болу үшін бастапқы сы-
зықтың сыртынан өрнекті 
жақша немесе түзу сызық 
түрінде жазылатын аккола-
да қосылады. (Бұлар тура-
лы ілгеріде айтылған-ды). 
Сол сияқты музыкалық шығарманың соңында қорытынды сызық 
қойылады.
 
3–937

34
Егер музыкалық шығарма өлшемдік күшті үлестен бастал-
май, əлсіз үлестен басталса (мұндай жағдайлар музыкада көптеп 
кездеседі), онда толық емес такт – ұя бөлігі пайда болып, мұны ұя 
алдындағы бөлік (затакт) деп атайды. Ұя алдындағы ноталардың 
көлемі бүтін тактінің жартысынан аспауы керек. Ұя алдындағы 
бөлік музыкалық шығарманың ортасында да, кейбір бөлімдерінің 
алдында да келе беруі мүмкін. Ұя бөлігі алдында келетін 
музыкалық шығармалар немесе олардың жекелеген бөлімдері 
– толық емес ұя бөлігімен аяқталады да, екеуінің қосындысы 
толық ұя бөлігі болып, шығарманың жалпы музыкалық форма-
сын қалыптастырады. 
Тактінің көлемі
Музыкалық шығармаларда өлшемдік үлестің ұзақтығына 
жарты, төрттік, сегіздік (т.с.с.) ноталар алынуы мүмкін. Тактінің 
мұндағы көлемі өлшемнің көлеміне байланысты. Бұл көрсеткіш 
ноталық жазуда кілттен кейін бөлшек (цифр) түрінде жазылады, 
т.с.с. Жоғарғы цифр – өлшемнің санын көрсетсе, төменгі сан – 
өлшемдегі əр үлестің ұзақтығын көрсетеді. 
Кілттің жанында жазылған көлемдік көрсеткіш музыкалық 
шығарманың басынан аяғына дейін өз мəнін сақтайды. Егер 
бастапқы көлем шығарма ішінде өзгерсе, сол өзгерген жерден 
жаңа көлемдік көрсеткіш жазылады. 
Жай өлшемдер мен көлем көрсеткіштері
Такті көлемдерінің ішінде бір-ақ күшті үлесі бар екі үлесті 
жəне үш үлесті өлшем жай өлшемдер құрайды. Ондағы үлес 
саны мен олардың ұзақтығы жай көлем көрсеткіштері арқылы 
белгіленеді. 
Екі үлесті жай көлем көрсеткіштері:  
1
2;  2 ;  2;  2
1   2    4    8
Бұл көрсеткіштегі 
үлес ұзақтықтарының əртүрлілігіне қара мастан, олардың екпін 
акценттері əр уақытта бірдей орналасады:
1
Көлем көрсеткіші кейде қысқартылған  түрде жазылады:

35
Үш үлесті жай көлем көрсеткіштері. 
3 3 3 3
1 2 4 8
 Мұнда да əр-
қайсысының үлес ұзақтықтарының өзгешелігіне қарамастан, 
ондағы екпін акценттері əр уақытта бірдей орналасады: 
Екі үлесті жай көлем көрсеткішінің ішіндегі ең көп таралған 
түрі – 2/4; 
Үш үлесті жай көлем көрсеткіштерінің ішіндегі ең көп тараған 
түрлері 
3
4
 жəне   : 
3
8

36
Едəуір жиі кездесетін көлем көрсеткіш – 3/2:
 
Едəуір жиі кездесетін көрсеткіш – 3/1:
 
Ырғақ жəне жай көлем ұяларындағы
ұзақтықтарды топтастыру
Музыкада күшті жəне əлсіз үлестердің алмасуларынан келіп 
басқа дыбыстардың түрлі ұзақтықтары туындап жатады. Бұл – 
бір ретсіз, бытырап жатқан алмасулар емес, өзіміз жоғарыда ай-
тып кеткен белгілі өлшем заңдылықтарына бағынатын құбылыс. 
Өлшем арқылы берілетін түрлі дыбыс ұзақтықтарының осы-
лайша алмасуын ырғақ (ритм) дейміз.

37
Бір тұрақты өлшемде əр жаңа ұя сайын көлем көрсеткіші 
өзгеріп отыруы мүмкін. Жоғарыда айтқанымыздай, көлем 
көрсеткіштері ұя үлесінің санымен жəне олардың ұзақтығымен 
анықталады. Ұя бөлігінің əр үлесі бір немесе бірнеше дыбыстан 
тұруы мүмкін, ал кейде бірнеше үлес бірігіп, бір дыбысқа да 
тоғысады. Сол сияқты, ұя бөлігінің үлесіне дыбыстардың əртүрлі 
саны кіруі мүмкін, бірақ та олардың ұзақтықтарының қосындысы 
əр уақытта ұя бөлігіндегі үлестің ұзақтығына тең. Сондықтан ұя 
бөлігіндегі дыбыстардың саны əр алуан болғанымен, олардың 
ұзақтықтарының қосындысы бүтін тактінің ұзақтығына тең бола-
ды, яғни оның көлеміне тең деген сөз. 
Мысалы:  
Мына мысалда өлшемнің үш үлесі үш түрлі ырғақпен 
берілген, бірақ көлем заңдылықтарына бағынып тұр. Музыкадағы 
ырғақты естіп қабылдау үшін оларды əр ұя бөлігінде үлеске бөліп 
топтастырған жөн. Дұрыс топтастырылған ырғақтық құрылым 
оны оқуға жəне анықтап білуге жеңілдік туғызады. Сонымен, ұя 
бөлігінің ішінде ырғақтық топтар құруды ырғақтық топтастыру 
дейміз.
Жай көлемдердің ұя бөлігіндегі ұзақтықтарды топтастырудың 
ең бірінші заңдылығы – 
əр ұяның ішіндегі негізгі өлшемді 
үлестерді бір-бірінен бөліп жазу
Мысалы: 
Жай көлемдердегі ұзақтықтарды топтастыруда кейбір ерекше-
ліктерге жол беріледі: 
1) Егер ұя бөлігіндегі ұзақтықтар біркелкі болса, онда оларды 
төбесінен көлденең бір сызықпен қосып жазуға болады: Мысалы: 
3
8
 көлеміндегі ұя бөлігінің ұсақ үлестерден тұратынына бай-
ланысты мынадай топтастыруға да жол беріледі:
 
2) Егер бір дыбыстың ұзақтығы ұя бөлігі ішінен толық орын 
алса, онда оны бір-ақ нота таңбасымен жазу керек: 

38
3) Бастапқы өлшемдік үлестің жанында нүкте тұрса, оны 
қалдыруға болады:
 
Үзілістер (паузалар) ноталарды топтастыру негізінде жүр-
гізіледі.
Жай көлемдердегі топтастыруларға мысалдар:
 
Күрделі өлшемдер мен көлемдер. 
Біршама күшті үлестер
Біртектес жай өлшемдердің қосындысы күрделі өлшем (метр) 
құрайды. Күрделі өлшем екі немесе бірнеше жай өлшемнен 
тұруы мүмкін. Соның нəтижесінде күрделі өлшемде бірнеше 
күшті үлес кездеседі. Күрделі өлшемде қанша жай өлшем болса, 
сонша күшті үлес болады.

39
Күрделі өлшемнің бірінші үлесі басқасынан гөрі күштірек, 
сондықтан бұл үлесті күшті үлес дейді де, ал үлестің сəл əлсіз 
акценттерін біршама күшті үлес деп атайды. Күрделі өлшемдерді 
анықтайтын барлық көлемдерді күрделі көлемдер дейміз.
Іс жүзінде жиі қолданылатын күрделі көлем көрсеткіштеріне 
мыналар жатады: 
а) төрттік үлестің көлем көрсеткіштері;
4 2 2
4 2 2
4 4 4
8 8 8




+
+








 сирек кездеседі; 
4 2 2
2 2 2


+




    
б) алты үлестік көлем көрсеткіштері;
6 3 3
6 3 3
4 4 4
8 8 8




+
+








 сирек кездеседі; 
6 3
3
16 16 16


+




 
в) тоғыз үлестік көлем көрсеткіштері:
9 3 3 3
8 8 8 8


+ +




   сирек кездеседі:  
9 3 3 3
9 3
3
3
4 4 4 4
16 16 16 16




+ +
+
+








 
г) он екі үлестік көлем көрсеткіштері;
12 3 3 3 3
8 8 8 8 8


+ + +




 сирек кездеседі:  
12 3
3
3
3
16 16 16 16 16


+
+
+




 

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал