107 vітара у ортағасырлық диатоникалық халық ладтары



жүктеу 36.55 Kb.

бет2/13
Дата22.04.2017
өлшемі36.55 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

123
Аккордтың əр түрі оның интервалдарын құрайтын дыбыстық 
тондық шама белгісімен анықталады, ол үшдыбыстың, септак-
кордтар мен нонаккордтардың түрлерін сипаттайды. 
Үшдыбыстық аккорд (трезвучие) олардың түрлері мен 
белгілері
Терция бойымен орналасқан үш дыбыстан тұратын аккор-
ды 
үшдыбыстық аккорд деп атаймыз. Өзінің акустикалық-
жүйелік үндесуіне байланысты үшдыбыстықтың төрт түрі бар: 
үлкен мажорлық, кіші минорлық, азайтылған жəне ұлғайтылған 
үшдыбыстық. Интервалдық құрылымы үшдыбыстықтың атын да, 
белгілерін де анықтайды.
Мысалы: 
Астында үлкен жəне үстінде кіші терциясы бар, шеткі ды-
быстары таза квинта құрайтын үшдыбыстықты мажорлық үш-
дыбыстық деп атайды. Астында кіші жəне үстінде үлкен терция-
сы бар үшдыбыстықты минорлық үшдыбыстық деп атайды:
Мысалы: 
Жоғарыда жазылғандай, мажорлық үшдыбыстық – 5/3, яғни 
ү.5/3; минорлық үшдыбыстық – 5/3, яғни к. 5/3 болып белгіленеді. 
Екі кіші терциядан тұратын жəне де шеткі дыбыстары азай-
тылған квинта құрайтын үшдыбыстық азайтылған үшдыбыс-
тық деп аталады. Екі үлкен терциядан тұратын жəне де шеткі 
дыбыстары ұлғайтылған квинта құрайтын үшдыбыстық ұлғай-
тылған үшдыбыстық деп аталады:
Мысалы: 
Жоғарыда жазылғандай, азайтылған үшдыбыстық – аз.5/3; 
ұлғайтылған үшдыбыстық – үл. 5/3 болып белгіленеді. 
Үшдыбыстық аккордтың негізгі түрлерінің басқа дыбыс-

124
тарының орналасу жүйесіне тəуелсіз (бұл барлық аккордқа қа-
тыс ты) аккордтың негізгі тоны (прима) əрқашан төменгі, яғни 
астыңғы дауыста орын алады. Демек барлық қалған тондар өз-
дері бастау алатын сол дыбыстан жоғарыға қарай терция бойы  мен 
орналасуы əбден табиғи заңдылық.
Мажорлық жəне минорлық үшдыбыстықтар құрайтын бар-
 
лық интервалдар консонанстық интервалдар болып табыла-
ды. Азайтылған жəне ұлғайтылған үшдыбыстықты құ 
ра й    -
т 
ын интервалдар қатарына диссонанстық интервалдар кі 
ре-
ді (аз.5 жəне ұлғ.5). Бұдан мажорлық жəне минорлық кон-
со нанстық үшдыбыстықтар, ал азайтылған жəне ұлғайтыл-
ған үшдыбыстықтардан диссонанстық үшдыбыстықтар келіп 
шы ғады. 
Үшдыбыстық аккордтың айналу жүйесі
Кез келген үшдыбыстықтың екі айналу жүйесі бар: секстак-
корд жəне квартсекстаккорд. Секстаккордты үшдыбыстықтың 
негізгі тонын бір октаваға жоғарылату жолымен аламыз, бұл 
жағдайда терциялық тон – астыңғы тонға айналады. Квартсек-
стаккордты үшдыбыстықтың негізгі жəне терциялық тонын бір 
октаваға жоғарылату жолымен аламыз, бұл жағдайда квинта-
лық тон астыңғы тон болып табылады: 
Мысалы: 
Мысалдан көріп отырғанымыздай, секстаккордтардың ты-
ғыз

орналасу жағдайында оның дыбысы мына ретте орын теп-
кен (төменнен жоғары): секстаккордта: терциялық тон – квин-
талық тон – негізгі тон; квартсекстаккордта; квинта – прима 
– терция. Интервалдық құрылым бұл жағдайда мына тəртіпке 
келеді: секстаккордта терция астында орналасқан, кварта – жоға-
рыда, ал квартсекстаккордта кварта астында орналасқан, тер-
ция – жоғарыда жəне де екеуінің де шеткі дыбыстарының ара-
сын құрайтын секста диапазонынажатқызылады. Аккордтардың 
атаулары мен белгілері де осыдан келіп шыққан. 
Сөйтіп, бұл атауларды секстаккордта астыңғы (бас) дыбыс 
пен аккорд примасының (бұл бір жағынан жоғарғы дауыс бо-
1
Аккордтың жоғарғы үш дыбыстары арасында квартадан кең емес интервал құрауы тығыз 
орналасу деп аталады.

125
лып табылады) арасындағы секста интервалы, ал квартсекс 
так 
 
 
-
кор 
дта квар 
та мен (бас пен аккордтың примасы аралығы) секста 
(бас пен аккор дтың жоғарғы даусы аралығы) интервалы анық тай ды: 
Мысалы: 
Кең
1
 
орналасу жағдайында аккорд дыбыстарының реттік тəр-
тібі басқаша болып келуі мүмкін. Алайда секстаккордтағы ас-
тыңғы дауыста əрқашан терциялық тон ал квартсекстаккордта – 
квинталық тон орын алады. 
Ішкі интервалдық құрылым, сестаккордтың немесе кварт-
секстаккордтың қай үшдыбыстықтан құрылуына сəйкес өз ішінде 
өзгеріп отырады: 
Өзгермелі интервалдық құрылым үшдыбыстықтың негізгі 
түріне қарағанда айналудың фондылық қасиетін (дыбыс шы-
ғарудың айқын көрінісі) өзгертіп отырады. Ұлғайтылған үш-
дыбыстық қана өз ерекшелігімен айқындалады. Үшдыбысты 
аккордтың айналу жүйесі жəне оның негізгі түрі оның интерва-
лына (ү.3 жəне аз.4) энгармонизмдік теңдікпен енгеннен кейін, 
бір-бірінен бірдей үн шығарғандай, аккордтың негізгі түрімен 
де сондай үндестікте болады. Ұлғайтылған үшдыбыстық жəне 
оның айналуларындағы энгармонизмдік теңдігі келесі мысал-
дан көрінеді:
Септаккордтар жəне оның айналу жүйесі
Төрт дыбыстан тұратын, терция бойымен орналасқан аккорд 
септаккорд деп аталады. Септаккорд үшдыбысқа жоғарыдан 
тағы бір – үлкен немесе кіші терцияның қосылуы нəтижесінде 
пайда болады. Сонымен аккордтың негізгі тоны мен үстіңгі ды-

Аккордтың жоғары үш дыбыстар арасында квартадан кең (квинта, секста жəне т.б.) интер-
вал құрауын кең орналасу деп атайды.

126
быс арасында тиісті үлкен немесе кіші септима интервалы пай-
да болады. Міне, осы жағдай бүтіндей аккордқа атау береді жəне 
арабша 7 санымен, аккордтың басқышы немесе функция белгіле-
рі төменгі оң жағына қойылып, таңбаланады (мысалы,Ү–Дт.с.с.).
Ішкі құрылымға байланысты септаккордтар жеті түрге 
бөлінеді. Олар септаккордтар (төменде жақша ішінде олардың 
интервалдық құрылымдары келтіріледі) негізіне жататын, шет-
кі дыбыстардың аралығын құрастыратын септима интервалын 
анықтайды (жəне де септаккордтың ішінде нақтылы бір үш-
дыбыстық бар):
1) кіші мажорлық септаккорд (ү.3 + к.3 + к.3);
2) кіші минорлық септаккорд (к.3 + ү.3 + к.3);
3) азайтылған квинталық кіші септаккорд (к.3 + к.3 + ү.3);
4) азайтылған септаккорд (к.3 + к.3 + к.3);
5) үлкен мажорлық септаккорд (ү.3 + к.3 + ү.3);
6) үлкен минорлық септаккорд (к.3 + ү.3 + ү.3);
7) ұлғайтылған квинталық үлкен септаккорд (ү.3 + ү.3 + к.3). 
Мысалдар: 
Кез келген септаккорд үш айналулардан тұрады: квинтсек-
стаккорд 6/5 болып белгіленеді, тігінен орын алған терцквардак-
корд 3/4 жəне секундаккорд (2).
Аккордтардың тиісті түрлеріне тəн сандық белгілер төменгі 
оң жағындағы аккордтың функциясына қосылып жазылады (ДД; 
Т жəне т.б.) Септаккордтардың айналулары (үшдыбыстық сияқ-
ты) əркез аккордтың негізгі түрінен бастап астыңғы дыбыстың 
бір октаваға жоғары ауысуы нəтижесінде пайда болады. (Қалған 
дыбыстар бұл жағдайда өз орнында қалады). 
Мысалы:
Септаккорд айналулары атауларының шығу тегі кəдімгі үн-

127
дестік үшін айқын да ерекше дыбыстар аралығының байланы-
сына себепші болады. Оларға бас (яғни, астыңғы дауысқа жа-
татын тон), прима жəне септима жатады. Өздерінің қарапайым 
орналасу жағдайында тек солар ғана əрбір айналудың түрі мен 
атын анықтайды. 
Сонымен, бас пен септима арасындағы бірінші айналу квин-
та интервалын, ал бас пен прима аралығында секста интерва-
лын құрайды. Міне, осыдан келіп квинтсекстаккорд атауы пайда 
болды. 
Бас пен септима арасындағы екінші айналу терция интер-
валын, ал бас пен прима аралығында – квартаны құрайды, міне 
осы жағдай терцквартаккорд атауын тудырады. 
Үшінші айналудағы астыңғы (баста) дауыста септима бар, 
септима мен прима аралығын секунда интервалы құрайды, сол 
себепті де осы түрі секундаккорд деп аталады. 
Септаккорд айналуларының интервалдық құрылымының тар 
орналасуы əрқашан мына қалыпта болады (төменнен жоғары):
1) квинтсекстаккорд – терция, терция, секунда (секунда жоға-
рыдан орналасқан);
2) терцквартаккорд – терция, секунда, терция (секунда ортада 
орналасқан);
3) секундаккорд – секунда, терция, терция (секунда төменнен 
орын алған. Жоғарыда келтірілген мысалдарға қараңыз).
Өте кең немесе аралас орналасуда үш жоғарғы дауыс басқаша 
болып келуі мүмкін. Алайда қай жағдайда даквинтсекстаккорд-
тағы бас дауысында əрқашан терциялық тон сақталады, тер-
цквартаккордта – квинталық тон, алсекундаккордта-септималық 
тон (септима) сақталады.
Мысалы: 
Басқа септаккордтардың арасында ерекше орын алатын сеп-
таккорд – азайтылған септаккорд (ол ладтың жетінші басқышы-
нан құрылып – ДYІІ7; мажор мен минордың гармониялық түр-
лері кездеседі). Азайтылған септаккордтың негізгі түрі мен оның 
айналулары өзара энгармонизмді теңдікте болады. 

128
Мысалы: 
Энгармонизмдік құбылыстар ұлғайтылған үшдыбыс 
тықтың 
айналулары кезінде де байқалған. 
Нонаккорд
Терция бойымен орналасқан (немесе орналасуға тиісті) бес 
дыбыстан тұратын аккорд – нонаккорд деп аталады. 
Нонаккорд септаккордқа үстінен тағы бір терцияның (үл-
кен немесе кіші) қосылуы нəтижесінде құрылады: сонымен, 
негізгі тон мен үстіңгі дыбыс арасында тиісті үлкен немесе кіші 
нона интервалы пайда болады. Міне, осы жағдай бүтіндей бү-
кіл аккордқа атау береді. Нонаккорты құратын лад басқышы-
ның немесе функция белгілерінің төменгі оң жағына қойылатын 
9 санымен таңбаланады: 
Нонаккорд – үшдыбыстық, септаккорд сияқты айналула-
рын теория жүзінде алуға (құруға) болады. Бірақ олар музыкада 
кездеспейді десе де болғандай. Сондықтан қарастырмағанды жөн 
көрдік. 
Кварталық құрылымдық аккордтар
Терция бойымен құрылатын дағдылы аккордтардан басқа, 
кварталық құрылымы бар əдеттегідей емес аккордтар да 
кездеседі. Олардың қатарына үш дыбыстық септаккорд жəне 
төрт дыбыстық децимаккорд жатады. 
Кварталық септаккорд кварта бойымен орналасқан үш ды-
быстан тұрады. Бұл жағдайда аккордқа бүтіндей атау беретін 
шеткі дыбыстар арасы септима интервалынан құрылады. 
Кварталық септаккордтар кіші жəне үлкен болулары мүмкін: 
кішісі таза кварталдардан құрылады (онда төменгіжəне жоғар-
ғы дыбыстар арасында кіші септиманың интервалы тұрады), 
ол үлкен таза кварта мен ұлғайтылған квартадан тұрады (шеткі 
дыбыстар арасында үлкен септима интервалы пайда болады). 

129
Олар аккорд басқышы мен функциясы белгісінің төменгі оң 
жағына қойылатын 7 санымен белгіленеді. Сонымен, кварталық 
септаккордтың мынадай түрлері болуы мүмкін: 
Кіші кварталық септаккорд негізгі түрінде халық музыка-
сында ерекше диссонанстық диатоникалық гармония ретінде 
кездеседі (басқа да септаккордтар сияқты оның шешілуі жай-
лы төменде əңгімеленеді). Кварталық септаккордтың айналуы 
кезінде (олар, үшдыбыстағы сияқты, тек екеуі ғана болады) 
кварталық-квинталық үндестік пайда болады, олар бірқатар 
ұлттық музыка мəдениетінде (мысалы, грузин) дербестік мəн 
-
ге ие. Сондықтан да ұлттық музыкадағы сияқты кəсіпқойлық 
музыкада да кең қолданыс табады. Өзінің негізгі түрінде бұл 
үндестік (гармония) қысқаша квартсептаккорд деп аталады. 
Кварталық септаккордтың айналуы (олардың санды белгіле-
рі төменде жақша ішінде берілген) былайша аталады:
бірінші айналуы квартквинтаккорд, 
5
4
 квартадан құрылады;
екінші айналуы секундквинтаккорд 
5
2
 септимада құрылады; 
Егер кварталық септаккордқа жоғарыдан тағы бір кварта-
ны қоссақ, онда квартдецимаккорд деп аталатын төрт дыбыс-
тыкварталық құрылымдық аккорд болып шығады. Шеткі аралы-
ғын децима (10) интервалы құрайды (104 санымен белгіленеді).
Квартдецимаккордтар да кіші жəне үлкен болып бөлінеді 
– негізінен дециманың тондық шамасына байланысты. Үлкен 
квартдецимаккордтар өзінің құрамында бір ұлғайтылған квар-
та (үш тон) мен екі таза квартаға (кез келген алмасуда) ие, ал 
кіші квартдецимаккордтар тек таза кварталардан тұрады: 
Қазіргі заман музыкасында кварталық құрылымдық аккорд-
тар негізгі түрінде де, айналуы түрінде де едəуір жиі кездеседі. 

130
Ладтағы үндестік дыбыстар – аккордтар
Ладтан, яғни дыбыстардың өзара бірлестік қатынастарынан 
тыс музыка болмақ емес. Сондықтан да музыкада қолданылатын 
амал-тəсілдердің бəрі де ладтың жəне оның жүйелілігі тұрғысы-
нан қаралу керек. Солардың бірі – аккордтар – үндестік дыбыстар. 
Үлкен жəне кіші үшдыбыстық жəне де олардың айна-
лу жүйелері деп аталатын, келешекте бөлектене алатын кон-
сонанстық үндестік дыбыстар (яғни, қандай болса да нақтылы 
тоналдықтан тысқары) айқын функционалдық мəн мағынаға ие 
емес, сондықтан да ешқандай шешілімді талап етпейді: акус-
тикалық қарым-қатынаста (өзара байланыста) олар өздерінің 
консонанстық қалпында орнықты үн шығарады. 
Барлық қалған үшдыбыстық, яғни тұтастай əртүрлі дис-
сонанстық комплексті көрсететін азайтылған жəне ұлғайтыл-
ған үшдыбыстық жəне олардың айналулары септакордтар жəне 
олардың айналулары т.б. тұрақтылық танытпайды. Сол себепті 
де, əрқашан өз шешілімін тұрақты үндестілікке (тоникалық 
аккордқа) көшіруді талап етеді. Жетібасқышты мажорлық неме-
се минорлық ладтың жағдайында жəне нақтылы үндестілік мұн-
дай негіздер, өздеріңізге белгілі, тек тұрақты тоникалық үш ды-
быстық болып табылады. 
Мажор немесе минордың əрбір басқышына аккордтың 
кез келген түрлері – үшдыбыстық, септаккордтар, нонаккорд-
тар жəне т.б. орнығуы мүмкін, бірақ олардың функционалдық 
мəн-мағынасы жəне ішкі құрылысы ладтың өзіне жəне оның 
құрылымына тəуелді болады. Демек мажордың немесе минор-
дың жетібасқышты диатоникалық жағдайында, қандай да бол-
сын белгілі бір түрінде жеті үшдыбыстық, жеті септаккорд-
тар, жеті нонаккордтар жəне т.б. орын алуы мүмкін жəне олар 
өзінің тұрған орны, ладтық жүйелік функциясымен интервал-
дық құрылымы жағынан əртүрлі болып келеді. 
Негізгі жəне қосымша үшдыбыстықтар
Мажор жəне минордың негізгі басқыштарына орналасқан 
жеті үшдыбыстықтың үшеуі – тоника, субдоминанта, доминан-
та – бастысы болып саналады да, қалған төртеуі – қосымшаға 

131
жатады. Тоника (І-Т), субдоминанта (ІV-S), доминанта (V-D) 
үшдыбыстықтарының басты деп аталу себебі, мажор жəне 
минордың табиғи жай түріндегі ладтың жүйелік қасиетіне сай-
ма-сай келеді, яғни мажорда олардың барлығы мажорлық, ал 
минорда – минорлық болады. Міне, сол себепті əр ладтың өз 
жүйелік ерекшелігін айқындайды.
Ал ІІ, ІІІ, VІ жəне VІІ басқыштардан құрылған қосымша 
үш дыбыстықтардың өз алдына функциясы жоқ. Олар терция-
лық тектестіктің негізінде басты функционалдық топтардың 
біреуіне кіреді (тоникалық, субдоминанталық немесе доми-
нанталық топтар). Демек ол жақтың да, бұл жақтың да дəре же 
айқындығы тап осы үш негізгі функциялардан шығатын болады: 
Доминанта тобының бүкіл аккордтарының айырма белгілері 
оның бойындағы жоғары өрлеп келе жатқан ладтың ынталы 
кіріспе үш-дыбысы – VІІ басқышы болып табылады. 
Субдоминанта тобының барлық аккордтарының айырма 
белгілері бойында төменгі тоника квинтасына қарай ұмтылысы 
бар ладтың VІ басқышы болып табылады. 
ІІІ жəне VІ басқыштардың үшдыбыстықтарының терциялық 
байланысы негізінде тоникалық үндестік аккордтар тобын шарт-
ты түрде құруға толық мүмкіндік бар: 
Алайда олардың бойында бір-бірден тұрақсыз дыбыстары 
бар. Сондықтан тұтастай тониканың тұрақты функция 
сының 
нағыз айқындығы бола алады. Сол себепті ладта тониканы 
біртұтас жəне іс жүзінде еш нəрсемен алмастыру мүмкін емес, 
яғни тоникалық үшдыбыстық өзінің тұрақтылығымен музыкада 
басты рөл атқарып, басқа аккордтар тониканың төңірегіне топта-
сып, қолданылады. 

132
Тұрақсыз үшдыбыстықтардың шешілуі
Ладтың тұрақсыз үшдыбыстықтары, олардың айналулары-
ның шешілімі, сол сияқты, олардың кварталық- квинталық жəне 
де терциялық байланыстағы қарым- қатынастары мынадай құры-
лым түзеді: тұрақсыз дыбыстар біртіндеп өзінің тартылыс жағы-
на ойысып шешіледі, ал тұрақты дыбыстар сол дауыста өз орын-
дарында қалады: 
Үшдыбыстықтың секундалық байланысында (ІІ–І) жəне 
VІІ–І) барлық үш дауыс кейде бір жаққа қарай тартылуы мүмкін 
(мысалы, ІІ–І). Алайда барлық дауыстардың бір бағытта қозға-
луы ұнамсыз құбылыс, өйткені ол көп жағдайда оқу тəжірибесін-
де тыйым салынған квинта қатарластығына (параллелизмі 
 
не) 
əке ліп соғуы мүмкін. Сондықтан да не қатарлас квинтаның ор-
нына қатарлас кварта құрайтын тұрақсыз үшдыбыстықтың ай на -
луын алу керек (секстаккорд немесе квартекстаккорд түрін 
де) 
немесе бір дыбысты (бұл жағдайда əдетте) ІІ басқыш 
тың 
квин 
тасын секундалық тартылыс бағытында төмен емес, яғни 
тіке лей тоника примасына емес, терцияға қарай жоғары көте ру 
керек: 
Бұл жағдайда пайда болатын терцияға қарай өрлеген жүріс 
(ладтың VІ басқышынан І басқышқа қарай) көп жағдайда өтіп 
жатқан сатылы басқыштық жүрісті (қозғалысты) толтырады 
(VІІ саты арқылы). Соның нəтижесінде ІІ басқыштың үшдыбысы-
нан кейін реалды түрде тоникаға шешілетін VІІ басқыштың 
секстак корды (көмекші гармония рөлінде) пайда болады: 

133
Аккордтардың, яғни үндестік дыбыстардың шешілуі бүтін-
дей оның құрамына кіретін интервалдардың тұрақтанып ше-
шілуіне негізделеді. 
Ладтағы септаккордтар
Үшдыбыстықтар сияқты, септаккордтар да ладтың кез кел-
ген басқышында құрыла алады. Алайда олардың құрылымы 
мен функционалдық мəн-мағынасы бұл жағдайда əртүрлі бо-
луы мүмкін. Табиғи жай, гармониялық жəне əуендік мажор мен 
минордың басқыштарында септаккордтың барлық түрі кездесе-
ді (жоғарыда келтірілгендердің бəрі). Олардың арасында ең көбі-
рек қолданылатындары: 
1) Доминантсептаккорд – доминанталық аккордтар тобына 
жататын септаккорд ладтың V басқышында құрылған. Тап осы 
септаккорд құрамында басты доминанталық үшдыбыстық жəне 
ладтың VІІ басқышы да бар.
Бұл септаккорд – Д
7
 болып белгіленеді (Д əрпі – бұл V 
басқыштың атауы, ал математикалық 7 саны – бұл кез келген 
септаккордтың белгісі): 
2) Кіріспе септаккордтар (кіші кіріспе жəне азайтылған кіріс-
пе) – ладтың VІІ басқышында құрылған жəне ол да доминанта-
лық аккордтар тобына жатады (кіші ДVІІ
 
немесе азайтылған ДVІІ 
болып белгіленеді): 
3) Субдоминантсептаккорд – ладтың ІІ басқышында құрылған 
жəне оның құрамында басты субдоминанталық үшдыбыстық бар, 
міне, атауын да осыдан алған (S ІІ

болып белгіленеді): 
Ладтың басқа басқыштарынан құрылатын септаккордтар (І, 
ІІІ, ІV, VІ) анағұрлым сирек қолданылады жəне де ол жанама 

134
септаккордтар деп аталады. Ладтың функционалдық құбылмалы 
қасиеттеріне қарай жанама септаккордтар өз басқыштарының 
функциясын соншалықты айқын болмаса да, біршама жақсы 
білдіреді. Алайда, олар секвенция ішіндегі диатоникалық ак корд-
тың құралы ретінде де, олардың тысқары диатоникалық əртүрлі 
гармониялық айналымы ретінде дежеткілікті қолдау табуда. 
Жанама септаккордтар аккорд түріне келетін араб цифрлары-
мен жəне де басқыштың реттік санын көрсететін рим санымен 
белгіленеді: 
Септаккордтардың үндестік шешілімі
Барлық септаккордтар акустикалық шешілім табуды талап 
ететін диссонанттық үндестік болып табылады. Одан басқа: кез 
келген септаккорд ладтық қарым-қатынас турасында тұрақсыз, 
өйткені өз бойына жалғыз болса да, тұрақсыз дыбыс тұтынады. 
Сондықтан да, əрбір септаккорд бифункционалдық үндестікте 
болып келеді (яғни, бойына біркелкі емес, түрліше функциялар-
дың үнін тұтынады) жəне де сол біркелкі емес функциялардан 
құрал 
ғандардан басқа кез келген консонанстық үшдыбыстық-
тан ше шілім табады. 
Сонымен, доминантсептаккорд бойына доминантаның үш-
дыбысын жəне субдоминантаның бір дыбысын енгізеді, сон-
да ғана тоникалық үшдыбыстықтан шешімін табады. ІІ бас-
қыштағы септаккорд бір тоникалық жəне субдоминанттық-гар-
мониялық үшдыбыстық үндестігінен тұрады, тек сонда ғана ол 
доминанталық үшдыбыстықтан шешілім табады. Тоникалық 
септаккорд тониканың үш жəне доминантаның бір дыбысынан 
құрылады, тек сонда ғана ол субдоминанта (ІV басқышта) үш-
дыбыстығынан шешімін табады. Енді осы жағдай до-мажор-да 
қалай көрінетініне назар аударыңыздар: 
а) Д
7
-тың жəне оның айналу жүйесінің шешілімдері:
Доминантсептаккорд та толық емес түрінде алынуы мүмкін. 
Үш есе көбейген прима мен толық емес тоникалық үш-
дыбыстыққа қағыс қалған квинтаның қызметі қосылуы жағ-

135
дайында негізгі Д
7
 шешілімін табады. Д
7
 квинтасы жəне септи-
масы тониканың примасы мен терциясының басқышына қарай 
төмен шешіледі. Д
7
 терциясы – тоника примасына жоғары 
шешіледі, ал негізгі тон кварта биіктігіне жоғарылап (немесе 
квинтаға төмен) тоника примасына шешіледі: 
Доминантсептаккорд та толық алынбауы мүмкін – əдетте 
квинтасыз келеді. Бұл жағдайда доминантсептаккордтың негізгі 
тоны екі еселенеді де, толық емес доминантсептаккорд толық 
тоникалық үшдыбыстықта шешімін табады: 
Доминантсептаккордың айналулары Д
7
-тың негізгі түрі ре-
тінде тониканың түріне сəйкес шешілім табады. Тек бар айыр-
машылығы, доминантсептаккордтың примасы жоғарғы үш да-
уыстың бірінде болуы шарт. Шешімін тапқан кезде тониканың 
кви н тасымен бірдей болғандықтан, өз орнында қалады. Соны-
мен: 
1) Д
65
 толық Т
53
 екі еселенген примамен шешілімін табады: 
2) Д 4/3 толық Т 5/3 екі еселенген приманың октава көлемінде 
шешімін табады: 
3) ал Д
2
 – Т
6
 (тоникалық секстаккорд) екі еселенген приманың 
унисон көлемінде шешілімін табады: Мысалы: 
ə) Кіріспе септаккорд жəне оның айналу жүйесінің ше-
шілімдері 
Кіріспе септаккорд жоғарыда көрсетілгендей, екі түрде бо-
лып келеді – кіші кіріспе жəне азайтылған кіріспе септаккорд 
(азайтылған кіріспе септаккорд) тек гармониялық мажор мен ми-
норда ғана кездеседі). Кіріспе септаккордтың екі түрі де толық 
тоникалық үшдыбыстықтың екі еселенген терция үндестігінде 
шешілімін табады: ДVІІ7-тың прима ментерциясы тониканың 

136
примасы мен терциясына қарай жоғары шешіледі. ДVІІ-тың 
квинта мен септимасы тониканың терциямен квинтасына қарай 
төмен қозғалып шешіледі. Мысалға жүгінейік: 
Тоникалық үшдыбыстықтың терция үндестігінде бірігіп, 
кіріспе септаккордың шешілімін табуы қатарласпалы квинта-
ларды туғызбау мақсатында істеледі. Алайда басқа – өте кең 
бейімділігінде олай емес, керісінше, приманың екі еселенуімен 
тоникаға шешілуі мүмкін. Бірақ ол үшін кіріспе септаккордтың 
терциясы септимадан жоғары орын алуы қажет. Мұндай жағдай-
да дауыстар былай қозғалуға тиіс: кіріспе септаккордтың при-
масы бір саты жоғары көтеріледі, ал қалған үш дыбыс бір саты 
төмендейді (қатарласпалы секстаккордтар мен квартсекстак-
кордтар тығыз орналасқан). Мысалы: 
Кіріспе септаккордтың айналулары (кішісі де, азайтылғанда) 
негізгі түрі сияқты сол дауыста тониканың тиісті түрлерінде 
шешілімін табады. Сонымен, аз.ДVІІ
6/5
–Т
6
-қа (бұл жағдайда – 
терцияның міндетті түрде екіге еселенуінде), аз.ДVІІ
2
–Т
6/4
-қа, 
аз.ДVІІ
2
–Т
6/4
-қа (терцияның екі еселенуімен немесе анда-санда 
– приманың) шешіледі. Кейбір жағдайларда (ерекшелік ретінде) 
аз. ДVІІ
6/5
-тың Т
6
-қа шешілуі терциямен емес, керісінше квин-
таның екі еселенуімен шешілім табуы мүмкін: 
Мысалы: 
Бұл жағдайда азайтылған септаккордтың энгармонизмдік қа-
сиетін назарға алған жөн. Ұлғайтылған үшдыбыстық жəне оның 
айналулары сияқты (ұлғайтылған үшдыбыстықты қараңыз), 
азайтылған септаккордтың айналулары да бір- бірімен (сонымен 
қатар, аккордтың негізгі түріне де) энгармонизмдік тең жағдай


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал