107 vітара у ортағасырлық диатоникалық халық ладтары



жүктеу 36.55 Kb.

бет13/13
Дата22.04.2017
өлшемі36.55 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

99
V т а р а у
Ладтағы интервалдар
Музыкалық шығармаларда интервалдар бір-бірімен жəне 
басқа да мəнерлік құралдарымен негізгі лад бойынша байланы-
сады жəне де ладтың кейбір заңдылықтарына бағынады. Табиғи 
жай минор мен мажордың негізгі басқыштарында тек диатоника-
лық интервалдар кездеседі (кейбіреулерінде, өздеріңізге жақсы 
мəлім, үш тондық интервалдардың екі түрі де жатады: ұлғ.4 жəне 
азайт.5). Интервалдардың біркелкі басқыштық шамасының жал-
пы саны ладтың (7) негізгі басқыштық санына əрқашан сəйкес 
келеді. Өйткені оның əр басқышына примадан октаваға шейін кез 
келген диатоникалық интервалды орналастыруға болады. 
Табиғи жай мажордағы интервалдардың кестесі: 
Қиыспайтын-параллельдік тоналдықтардың табиғи жай тү-
рін  де алынған интервалдық құрамы əрқашан да біркелкі, тек бас-
қыштарында құрылатын интервалдар ғана əртүрлі келеді. 

100
Табиғи жай минорда мажормен біркелкі интервалдар мажорға 
қарағанда терция жоғары орналасқан. Демек мажордағы интер-
валдарды меңгеріп алған бізге параллельдік минордан оларды 
табу көп қиындық тудырмайды. Мысалы: І басқыштағы ү.3 (до-
ми) до-мажорда, ал ля-минорда ІІІ басқыштан құрылатын бола-
ды; ІІ басқыштағы т.4 (ре-соль) до-мажорда, ал ля-минорда ІV 
басқыштан құрылатын болады жəне тағы сол сияқты.
Нота мысалдарына жүгінейік: 
Гармониялық мажор мен гармониялық
минор интервалдары айрықша интервалдар
Гармониялық мажорда VІ басқышты жарты тонға төмендетіп, 
ал гармониялық минорда керісінше, VІІ басқышты жарты тонға 
жоғарылатқан жағдайда ладтың құрылымдық интервалы өзгереді. 
Сонымен қатар ладтың кейбір интервалдар түрінің сан мөлшері 
де өзгеріп отырады. Ақыр соңында, мажор мен минордың табиғи 
жай түрлеріне мүлде тəн емес интервалдың кейбір жаңа үлгілері 
пайда болады. Мысалы, ұлғ.2 немесе азайт.4 жəне олардың ай-
налулары азайт.7 жəне ұлғ.5. Міне, осындай өзгерістерден пайда 
болған интервалдарды айрықша (характерлік) интервалдар деп 
атайды. Өйткені олар тек мажор мен минордың гармониялық 
түрлеріне тəн нəрсе:
Бұлар ладтық тартылыстар арқылы өз шешімдерін табады: 
Бұлардан басқа, диатоникалық интервалдардың кейбір түрлері 
де өзгеріп отырады. Мысалы, таза кварта мен таза квинтаның 
лайықты басқыштарының орнына ұлғ. 4 жəне азайт.5 түрінде 
тағы да екі үш тондық интервалдар құрылады:

101
 
Бұл интервалдарды айрықша (характерлік) интервалдарға 
жат қызуға болмайды, өйткені бұл үш тондық интервалдар. Бұлар 
мажор мен минор ладтарының табиғи жай түрінде бар. 
Диатоникалық интервалдардың 
акустикалық шешімдері
 Жоғарыда танысып өткеніміздей (“Интервалдар" тарауын 
қараңыз), барлық гармониялық интервалдар диссонансты жəне 
консонансты болып ерекшеленеді; біріншісі – өзінің фонын-
да əрқашан да тұрақсыздықты, екіншісі – тұрақтылықты неме-
се басқа ерекшеліктерін көрсетеді. Бұл жерде біз, ладтық емес, 
акустикалық (ладтан тыс) тұрақсыздықпен тұрақтылықтан кон-
сонансқа ауысатын диссонанстық ұмтылысы жайлы əңгімелей-
міз. Акустикалық тұрақты консонанстық интервалдар нақтылы 
лад тық үндестілік жағдайында тұрақтылыққа ұмтылады да, бұл 
жағдайда олладтық негіздерін шешуге бейім тұрады. Ал кез кел-
ген жеке алынған диссонанс өзінің акустикалық шешімін, яғни 
консонансқа көшірілуін талап етеді. Акустикалық деңгейдегі 
музыкалық өркендеудің өскелеңдігі шынында да, міне, осы прин-
ципке негізделген.
Акустикалық диссонанстарға тек септима (үлкен жəне кіші) 
мен үш тондық ұлғайтылған кварта мен азайтылған квинта, се-
кунда (кішісі мен үлкені) жататыны белгілі.
Екіншіден, интервал дыбысын құрайтын секундалық диссо-
нанста (яғни, шешімін талап ететін) төменгі дыбыс ең тұрақсыз 
дыбыс болып табылады, жоғарғы дыбыс ерікті саналады жəне 
де шешімін талап етпейді. Сол себепті десекунда акустикалық 
шешімінде жоғарғы дыбыс əдеттегідей өзгермеген күйі өз оры-
нында қалады, ал төменгі дыбыс 
(консонансты шешілімге көшудің 
жатықтығын қамтамасыз етеді) – жар-
ты немесе бүтін тонға біртіндеп төмен 
қозғалады.
Сонымен үлкен терцияға үлкен се кунда да, кіші секунда да 

102
шешілуі мүмкін, ал кіші терцияға тек кіші се 
кунда шешіледі 
(жатықтығы мен ауысуына орай): 
Септиманың акустикалық шешімі кезінде (секунданың ай-
налуы), диссонанс – жоғары дыбыс болып есептелінеді, ал ше-
шімінен еркін, төменгі дыбыс болып өз шешімін мына 
дай 
құбылыстармен жасайды: жоғарғы 
дыбыс бір тонға немесе жарты тонға, 
төменгі дыбыс сол орнында қозғалмай 
тұрады.
Сонымен, үлкен септиманы тек үлкен секстаға да, кіші 
сексатаға да шешуге (көшіруге) болады: 
Сонымен қатар, еркін шешім ді ліктің небір түрлері болуы да 
ықтимал, онда секунданың төменгі дыбысы (əрине, септиманың 
жоғарғы дыбысы жөнінде) бір секундаға төмен жүреді. Тон-
мен шешілген еркін дыбыс шешім дыбысының консонансын 
құрайтын кез келген дыбысқа ауысады: 
Сонымен қатар, еркін шешімділіктің небір түрлері болуы да 
ықтимал, онда секунданың төменгі дыбысы (əрине, септиманың 
жоғарғы дыбысы жөнінде) бір секундаға төмен жүреді. Тон-
мен шешілген еркін дыбыс шешім дыбысының консонансын 
құрайтын кез келген
 
дыбысқа ауысады:
Үш тондық  консонанстық интервалға көшу (үлкен немесе кіші 
терцияға, үлкен немесе кіші секстаға) бір мезгілде екі дыбыстың 
бір-біріне қарама -қарсы қозғалыс əсерінен жасалады. Үш тондық 
құрайтын дыбыстар əрқашан да қарама-қарсылыққа бет қойған 
тартылысқа ие жəне шешім табуда қабысуы немесе қабыспауы 
мүмкін. Не əрқайсысы жарты тонға (яғни, кіші секундаға), не 
біреуі жарты тонға ойысады, ал екіншісі бүтіндей бір тонға, яғни 
үлкен секундаға ауысады.
Бүкіл ұлғайтылған интервалдар шешімін табар кезде ұлғаюға 
(яғни, өзінен үлкен интервалға көшуге), ал бүкіл азайтылған ин-
тервалдар, керісінше, тарылуға (яғни, өзінен кіші интервалға 
көшуге) ұмтылады.
Үш тондық (жазылуында) не ұлғайтылған кварта, не азай-
тылған квинта болып келеді, сондықтан да шешілуі оның бас-
қыштық санының шамасына лайық жасалады:

103
 
Диатоникалық интервалдардың
ладтық шешілулері
Айқын лад пен нақтылы тоналдық жағдайында барлық интер-
валдар: 
тұрақты жəне тұрақсыз болып екі түрге бөлінеді. 
Тұрақты деп тек ладтың тұрақты басқыштарынан құрылатын 
(яғни, тоникалық үшдыбыстар) консонанстық интервалдарды 
айтамыз, ал өзіне ең аз дегенде ладтың тұрақсыз бір басқышын 
қосатын қалған барлық интервалдар (оның ішінде консонанстар 
да бар) бүтіндей тұрақсыз боп табылып, тұрақты интервалға 
шешілуге ұмтылады.
Ладтық шешілу дегеніміз - тұрақсыз интервалдардың тұрақ-
тыға көшуі. Ол ладта құрылатын секундалық жəне де кейбір 
жағынан кварта-квинталық тартылыс негізінде пайда бола-
ды. Алғашқылардың бірі – секундалық тартылыс олардың ең 
əмбебабы болып келеді. Өйткені барлық тұрақсыз басқыштар 
тұрақты басқыштармен бір секундалық байланыста болады. Өз 
бойына доминанта (көп жағдайда) мен субдоминанта (сирегірек) 
дыбыстарын енгізетін тұрақсыз интервалдар шешілімі тек кварта-
квинталық тартылыстың көмегімен жасалады. 
Интервалдың ладтық шешілу техникасы секундалық тарты-
лыс негізінде былай болып келеді:
1) Ең алдымен тап осы интервал кездесіп отырған тоналдықты 
анықтау керек; 
2) Егер тап осы интервал екі тұрақсыз дыбыстан құрылса, 
онда шешілімін табу кезінде олардың əрқайсысы тартылыс ба-
рысында өзіне көрші орнықты дыбысқа интервалдың шешілімі 
болып табылатын тұрақты интервал құрылады. 
Екі дауыстың бірқалыпты қозғалысы параллельді де, қарама-
қарсы да болуы ықтимал. Алайда бұл жағдайда жақсы дыбыс 
шығарудың үлгісі болып есептелмейтін жəне сол себепті де 
əдетте қабылдауға болмайтын параллельді квинта мен октава (не-
месе унисонды) қозғалыстарына соқтықпаған жөн. 
Мысалы: 

104
Басқадай тең жағдайда интервал шешілісінде ладтың белгісі 
айтарықтай анық байқалғаны қажет-ақ. Сонымен төмендегі мы-
салда шешілістің бірінші варианты заңды болғанымен, əйтсе де 
ладтың белгісі айқын көрініс бермейді, ал керісініше тоникалық 
терцияның арқасында екінші вариантттағы белгісі толық келісімді 
болып шығады: 
Мысалы: 
3) Егер тап осы тұрақсыз интервал өз бойына тек бір ғана тұ-
рақсыз дыбыс енгізіп, екіншісі тұрақты болып келсе, онда бірінші 
дыбыс өзінің тартылыс жағына қарай ең таяу тұрақты басқышқа 
бірқалыпты ауысады (яғни, шешілімін табады), екінші дыбыс сол 
орнында қалып, жанама дауыстар қозғалысын құрайды.
Мысалы:
 
4)  Əртүрлі варианттар шешілісін таңдаған кезде, бұл интервал-
дардың кесімді ладтық жəне нақты тоналдық жағдайымен кейбір 
қосымша жайларды ескеруге тиістіміз:
а) жарты тонды тартылыс əрқашан бүтін тондылықтан күшті 

105
де əрі айқынырақ сезіледі. Сондықтан да мұндай шешіліс (егер ол 
қазіргі жағдайда мүмкін болса ғана) əрқашанда келісімді болады;
ə) біркелкі интервалдық байланыста тұрақсыз дыбыс пеноны 
қоршаған ладтың тұрақты басқыштары арасында ең тұрақты ды-
быс тоникада шешілім жасағаны дұрыс. Əрине, егер ол басқа дау-
ыстан бос болса немесе мұндай шешілім жеткілікті болса, ладтық 
бейімділікті жақсы айқындайды;
б) кейбір интервалдар, мысалы, ладтың V жəне VІІ басқыш-
тарындағы секундалардың тек ладтың тартылыс негізінде 
шешілуі мүмкін емес. Себебі секунданы примаға көшіруге рұқсат 
етілмейді – тұрақсыз дыбысты жылжытпайтын көрші дауыс пен 
унисонға апаруға болмайды. Өйткені бұл жағдайда бір дыбыстың 
екінші дыбысқа көшуі де еш естілмейді. Осы секундалардың 
дұрыс үйлесім табуы үшін қос шешіліске сүйенуге тура келеді, 
яғни, алдымен акустикалық байланыстағы, ал сонан соң барып, 
интервалдардың ладтық шешілісіне көшу. 
Мысалы:
 
в) септиманың октаваға тікелей шешілісін тең, еркін жіберуге 
болмайды, өйткені бұл интервалдар секунда менприманың ай-
на 
лулары болып табылады. Кейбір септиманың тоникаға ше-
шілімі көп жағдайда жанама тонмен – доминантамен жəне 
субдоминантаның ладтық функциясына сəйкес аралық интервал-
дар арқылы жасалады: 
5) Егер секундалық тартылыс ашық көрсетілген мелодиялық 
текке ие болатын болса, онда кварталық -квинталық тартылыс, ең 
алдымен, ладогармониялық-функционалдық байланысқа негіз-
делген болып шығады: бұл тартылыс негізгі доминанта (бірнеше 
кіші дəрежеде) мен субдоминанта дыбыстарының тікелей тони-
каға ауысуына əкеліп соғады.
Өз табиғатында тұрақты дыбыс болып есептелініп, тоникалық 
үшдыбыстың құрамына кіретін, болашақта қандайда болма-

106
сын тұрақсыз басқышпен бірге алынған ладтың (домината) 
бесінші басқышы да тұрақсыз үн шығарады. Өйткені құрамында 
қандай да болмасын бір тұрақсыз дыбысы бар кез келген интер-
вал бүтіндей орнықсыз болып келеді. V басқыштың ең жақын 
қоршауы тұрақсыз дыбыстар құратын болғандықтан, онда ол тек 
ладтың ең тұрақты дыбыстары ішіндегі ең тұрақтысы – тоникаға 
(І басқыш) тікелей секіріс (кварта жоғары немесе квинта төмен) 
жасау арқылы шешілімін табады: 
Мысалы:
 
Субдоминанта (ладтың ІV басқышы) екі жағынан тұрақты бас-
қыштармен қоршалса да, бұл жағдайда өзінің тоникаға деген функ-
ционалдық бағыныштылығын сақтайды. Соның негізінде тоникаға 
(І басқыш) секіріс жасау арқылы шешілімін табуы мүмкін: 
Алайда, субдоминантаға қарағанда, доминантаның кварта -квин-
талық тартылыс негізінде шешілім табуы əлдеқайда табиғи нəрсе.
Əрине, сазгерлердің (əсіресе, қазіргі заманғы) шығармашылық 
тəжірибесінде интервалдар шешімінің еркін, бейнелі түрлері де 
кездеседі. Бірақ олар музыка теориясын оқып-үйрену курсының 
шеңберінен шығып кетеді, сол себепті де ол бұл жерде арнайы 
қарастырылмайды. 


1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал