107 vітара у ортағасырлық диатоникалық халық ладтары



жүктеу 36.55 Kb.

бет12/13
Дата22.04.2017
өлшемі36.55 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

84
əсерін тигізеді. Сондықтан да ладтың гармониялық түрі деп 
атаған. 
Гармониялық мажор көптеген шығыс халықтарының музыка-
сында барынша кең таралған. Ол сондай-ақ кəсіпкерлік музыкада 
да өзгеше əсерлендіру, атап айтқанда, шығыстың колоритін (боя-
уын) жеткізу мақсатында қолданылады.
Əуендік мажор деп лад гаммасының төменге қарай қоз 
ға-
лысындағы VІ жəне VІІ басқыштарының жарты тонға төмен-
детілген түрін айтамыз. Сонда өзгеріс гамманың жоғарғы тетра-
хордында болады да, төменгі тетрахорд өзгеріссіз қалады:
 
Көрсетілгендей, өзгеріс гамманың жоғарғы І басқышынан 
төмен қарай V басқышына біртіндеп бет алған тұсында болып отыр. 
Мұнда жағдайлар көбінесе əуеннің (мелодияның) құрылысында 
кездеседі. (Əуендік мажор деп аталуының өзіде содан). Əуендік 
мажордың өзіндік ерекшелігі оның VІІ басқышының жарты тонға 
төмендеуімен байланысты. Бұл жағдайда VІІ басқыш əдеттегідей 
серпінді жоғарылаушы кіріспе тон болмай, өзінің тоникаға деген 
тартылыс күшін бəсеңдетеді.
Мажордың гармониялық жəне əуендік түрлеріндегі пайда болған 
альтерациялық белгілер – кездейсоқ белгілер болып есептелінеді де, 
ол өзі пайда болған лад басқыштарының алдына жазылады. 
Миноралық лад
Миноралық лад (немесе жай минор) деп тұрақты дыбыста-
ры минорлық кіші үшдыбыстық (трезвучие) құрайтын жеті 
басқыштан тұратын ладты атайды. 
Минор сөзінің өзі латынша – mіnor, итальянша – mіnore – кіші 
деген мағынада жəне де moll, латынша mollіs – жұмсақ деген 
мағынаны білдіреді. “Минор” термині буындық нота жазуын-

85
да қолданылады (
ля-минор, ре-минор, т.с.с.), ал “moll” термині 
əріптік нота жазуында қолданылады (а – moll,d – mollт.с.с.). І 
жəне ІІІ басқыштар аралығындағы кіші терция интервалы – ми-
нор ладының өзіндік ерекшелігін айқындайтын басты белгісі 
болып табылады. Негізінде, минорлық лад басқыштарының 
қасиеттері мен аттары мажордағыдай болып келеді, тек олардың 
аралығындағы интервалдық арақатынастары мен дыбыс үндесу 
сипаттары өзгешелеу.
Минорлық ладтың І басқышындағы тек тұрақты дыбыстар-
дан тұратын үшдыбыстық (трезвучие), мажордағыдай 
тоникалық 
үшдыбыстық деп, ал оның тон жүйелігін құрайтындар – тони-
каның примасытерциясы жəне квинтасы деп аталады. Мысалы, ля-
минорда
Мажордағыдай минорлық ладтың негізгі үш түрі бар: жай, 
гармониялық жəне мелодиялық. Табиғи жай минордың гамма-
сы бүтін тонмен (ү.2) бөлінген əртүрлі екі тетрахордтан (табиғи 
жай мажордан айырмашылығы) құрылады. Төменгі тетрахордта 
жарты тон ортада орналасқан, ал жоғарғы тетрахордта – төменгі 
жағында орналасқан. 
Сонымен, табиғи жай минор гаммасының жоғарылау қозға-
лысы жалпы алғанда (ладтық көршіаралық басқыштарында) 
төмендегідей интервалдық құрылысқа ие болады: 
Жоғарыдағы гаммада жазылғандай, төмендеу қозға лысындағы 
басқыштар арасындағы интервалдар жоғарылау қозғалысындағы 
басқыштар арасындағы интервалдарға керісінше алмасып орна-
ласқан. Тұрақсыз жəне тұрақты дыбыстардың бір уақытта дыбыс 
(үн) шығаруды төмендегі көріністі бейнелейді:

86
 Жоғарылаушы серпінді кіріспе тонның тоникаға деген өткір, 
күштітартылысының болмауы табиғи жай минорға тəн белгі бо-
лып табылады. 
Өйткені тониканы қоршаған тұрақсыз дыбыстар ладтың бұл 
түрінде одан бүтін тон (ү.2) қашықтықта тұр:
Минорлық ладтың бас 
қыштарының атаулары мен олардың 
қасиеттері (тұрақтылық немесе тұрақсызыдық) жалпы алғанда 
мажордағыдай. 
Табиғи жай минор өзінің əсемдік сазымен орыстың созып ай-
тылатын кең лирикалық əндеріне жəне қазақтың жан тебірентерлік 
мұңды əндеріне де тəн қасиет:
Минордың гармониялық жəне əуендік түрлері
Мажор сияқты, минорда да ладтың табиғи жай, гармониялық 
жəне əуендік үш түрі бар: (табиғи жай минор жəне оның қасиеттері 
туралы жоғарыда айтылды).
Гармониялық минордың табиғи жай минордан айырмашылығы 
– минорлық ладтың VІІ басқышы жарты тонға жоғарылайды. Бұл 

87
жай VІІ басқыштың тоникаға деген тартылысын күшейтіп, оны 
жоғарылаушы кіріспе тонға айналдырады. VІІ басқышты аль-
терациялау минорлық ладтың гармониялық түріне тəн қасиет. 
Минорлық гамманың жоғарғы тетрахордының арақашықтық 
құрылымы өзгереді. VІ басқышпен VІІ басқыштың аралығында 
ұлғайтылған секунда (ұл.2) пайда болады. Сонымен, минордың 
гармониялық түрінің гаммасы мынандай:
 
Мұнда əрбір тетрахордтың өзінің ішкі симметриясы бар, 
олардың ішкі бөліктері бір-біріне қарама-қарсы орналасқан: 
төменгі тетрахордтың ортасында кіші интервал орналасқан да, ал 
шеттеріне үлкендері келсе (ү.2 + к.2 + ү.2), жоғарғы тетрахордта 
– керісінше орналасқан (к.2 + ұл.2 + к.2).
Гармониялық минорда өткір бағытталған жоғарылаушы 
кіріспе тон тартылысының күшті болуы музыкадағы үндесу 
дəрежесін айтарлықтай көтереді жəне доминанталық функция 
гармониясының ұмтылысын арттырады. Жалпы гармониялық 
минордың барынша кең таралып, іс жүзінде кəсіпкерлік музы-
ка шығармашылығында минорлық ладтың негізгі түрі болып 
қалыптасуына да оның дəл осы қасиеті негіз болды.
Гармониялық минорда, гамманың жоғарғы тетрахордын-
да көрші жатқан VІ жəне VІІ басқыштарының арасында жал-
пы қозғалыстың саздылығын бұзатын, ырғағын келтіріп айтуға 
қиындық туғызатын бір жарым тондық (ұл.2) үйлеспейтін интер-
вал пайда болады. 
Мүмкін осы себептен де ХІХ ғасырдың музыка тəжірибесінде 
түпкілікті орныққан минорлық ладтың осы түрі көп дауыс-
ты музыка үшін жаралғандай, түрлі гармониялық топтар (ак-
кордтар) оның өз атауында көрініс тапты. Гармониялық минор 
гаммасының теориялық негізін тұңғыш рет 1766 жылы неміс му-
зыканты Г. Лингке жасады. Жоғарыда айтып кеткен, бір жарым 
тон дық (ұл. 2), үйлесімі қиын əуендік интервалды жұмсарту үшін 
VІІ басқыштыжарты тонға көтерумен қатар, VІ басқышты да жар-
ты тонға көтеру музыкада қолайлы болып, іс жүзінде қолданыла 

88
бас тады. Міне, осыдан келіп əуендік (мелодиялық) минор пайда 
болады. 
Мұндай дыбыс қатарын  алғаш  рет  француз  композито-
ры Ж. Рамо (1683-1764) 1722 жылы жазып, шығармашылық 
тəжірибеге енгізген. Бұл тəжірибе (VІ-VІІ басқыштарды жоғарыға 
қарай 1/2 тонға көтеру), жоғарғы тетрахордтағы басқыштардың 
үйлесімділігін арттырып, олардың біркелкі орналасуларына 
мүмкіндік туғызады. Ал гамманың төменге қарай қозғалысында 
VІ-VІІ басқыштарды 1/2 тонға көтеру сақталмайды: гамманың 
бұл қозғалысында табиғи жай минордың байырғы түрі сақталып
қолданылады. Бұл VІ басқыштың V басқышқа тартылысын 
(1/2 тонға) қалпына келтіреді: өйткені бұл жағдай минорға тəн 
қасиет. Дегенмен гамманың төменге қарай қозғалысында да VІ 
– VІІ басқыштарды 1/2 тонға көтеру жағдайлары кездесетінін 
айта кеткен жөн. Əуендік минордың жоғарыға қарай басқыштар 
арасындағы орналасқан секундаларының реттік тізбегімынадай: 
ү.2 + к.2 + ү.2 + ү.2 + ү.2 + ү.2 + к.2. 
Əуендік минордың гаммасы былайша құралады: 
Минордың табиғи жай, гармониялық жəне мелодиялық 
гаммаларының салыстырмалы кестесі (секундалық тізбегімен 
жəне олардың жарты тонмен көрсетілген сапалық қасиеттері) 
мынадай:
Табиғи жай минор: 
ү.2 + к.2 + ү.2 + ү.2 + к.2 + ү.2 + ү.2 
1 + 1/2 + 1 + 1 + 1/2 + 1 + 1
Гармониялық минор:
ү.2 + к.2 + ү.2 + ү.2 + к.2 + ұл.2 + к.2 
1 + 1/2 + 1 + 1 + 1/2 + 11/2 + 1/2
Əуендік минор:
ү.2 + к.2 + ү.2 + ү.2 + ү.2 + ү.2 + 
к.2 + 1 + 1/2 + 1 + 1 + 1 + 1 + 1/2
Минорлық ладтың барлық үш түрін біріктірсек толық минор 

89
құралады. Оның гаммасының құрамында негізгі жəне өзгерген 
VІ-VІІ басқыштары болғандықтан, толық минор тоғыз дыбыстан 
тұратын болады: 
Тоналдық
Тоника дыбысымен айқындалатын ладтың орналасуын 
дағы 
биіктік дəрежесі 
тоналдық деп аталады. Тоналдықты жазылған 
дыбыс қатарының тоникасына қарап анықтауға болады. Қай 
тоналдықтың атауы болмасын, тоника дыбысының атымен 
белгіленеді, (ладтың І басқышының атымен), оған қоса атауға 
лад түрінің атауы қосылады, яғни тоналдықтың толық атауы 
іштей екі компонентті сақтайды: 1) тониканың атауы; 2) ладтың 
атауы. Музыка туралы жазылған əдебиеттерде осы екі атаудан 
біріктірген “ладотоналдық” деген терминнің кездесуі сондықтан. 
Мысалы, буындық жүйе бойынша тоналдық жоғарыда айтылған 
екі компоненттік тұрғыдан белгіленеді; тоналдықты дəл айыру 
үшін, нота кілтінің қасына альтерация белгілері (диез, бемоль) 
қойылады. 
До мажор                                   ля минор 
Фа мажор                                   ре минор 
Соль мажор                               ми минор т.с.с. 
Диез жəне бемоль деген термин сөздер тиісті альтерациялық 
белгілерімен алмастырылып жазылады. Мысалы: 
си-бемоль мажор –си мажор. 
си-бемоль минор –си минор. 
ми-бемоль минор –миминор, т.с.с. 
Тоналдық-буындық жүйемен қатар, əріптік белгілермен де 
жазылады: 
С– dur (До мажор)                                 а– moll (ля минор) 
Ғ – dur (Фа мажор)                                d– moll (ре минор) 
Е– dur (Ми мажор)                                 е– moll (ми минор) т.с.с. 
Жоғарыда көрсетілгендей, əріптік жазылу жүйесінде ма жор-
лық тоналдық  атаулары бас əріппен, ал минорлық-то налдық атау-
лары кіші əріппен жазылады. 
Кейде ықшамды болу үшін əріптік С – dur деп жазудың орны-
на, “dur” деген атауды қысқартып, тоналдықты тек “С” əрпімен 
ғана белгілеу кездеседі:

90
С–                             =с 
А–                             =а 
Ғ –                             =d,т.с.с. 
Мажорлық немесе минорлық ладтың (қандай түрі болмасын) 
құрылысы əрқашанда өзгеріссіз, біркелкі болып келеді. Мысалы, 
табиғи жай мажор гаммасының арақашықтық құрылымын біле 
отырып, оны нақ сондай, гамманың тек до -дан ғана емес, басқа 
да кез келген дыбыстардан бастап құруға болады. Алайда, бұл 
жағдайда ладтың ішкі арақашықтық құрылымын бұзбас үшін, 
оның басқыштарының құрамына қандай да бір хроматиалық 
өзгеріске ұшыраған дыбыстардың енуі заңды да əрі дұрыс болып 
есептелінеді. 
 Мажорлық  тоналдықтар
Дыбыс қатарындағы 
“до” дыбысынан құрылған мажор-
лық ладтың тональділігін 
до мажор деп атаймыз. Бұл туралы 
жоғарыда айтылды. Ал дыбыс қатарындағы басқа дыбыс тардан 
құрылған мажорлық ладтың тоналдықтарында аль терацияланып 
өзгерген дыбыстардан тұратын көмекші бас 
қыштар пайда бо-
лады. Олардың саны əр тоналдықта əртүр лі. Кейбір мажорлық 
тоналдықтарда тек жоғарылатылған басқыштар қолданылады; 
оларды белгілеу үшін диездердің тиісті саны қажет болады. Енді 
бір тоналдықтарда тек төмендетілген басқыштар қолданылады, 
бұларды белгілеу үшін тиісті бемольдердің саны керек. Сондықтан 
мажорлық тоналдықтарда кездесетін альтерациялық таңбаларға 
байланысты ол диездік жəне бемольдік тоналдықтар болып екіге 
бөлінеді. Іс жүзінде, музыкалық шығармаларда жеті диездік жəне 
жеті бемольдік тоналдықтар қолданылады. Бұл тоналдықтардағы 
альтерациялық таңбалар – ноталық стандағы кілттің оң жақ жа-
нынан жазылып, кілттік негізгі таңбалар деп аталады. Бір кілттік 
таңбадан ғана айырмашылығы бар тоналдықтарды біртектес 
жақындықтан жүйелі тоналдықтар деп атаймыз. Өйткені олардың 
қалған алты басқыштары бірдей болып келеді. Жүйелік қатары 
жағынан до мажорға ең жақын тұратын диездік тональдық – соль 
мажор болып келеді. Соль мажордың тоникасы до мажордың то-
никасынан таза квинта жоғары орналасқан. 

91
Жоғарыда жазылған тоналдықтарға қарап, егер де тони калық 
дыбыстарды до-дан бастап жоғары қарай таза квинта бойымен 
орналастырып жəне олардың əрқайсысынан табиғи жай мажор 
гаммасын құрсақ, онда бір-біріне жақындық ретімен орналасқан 
диездік тональдіктердің нақты бір жүйеде пайда болатынын 
көреміз. Бұл жүйеде С – dur тоналдығының алғашқы болып 
қабылдау себебі, оның кілттік ешқандай альтерациялық таңбасы 
жоқ, сондықтан да кейде оны таза тоналдық дейді жəне де бұл 
мағынада ол мейлінше ең қарапайым тоналдық  болып келеді. Бұл 
жағдайда əр жаңа диез табиғи жай мажордың VІІ басқышында 
пайда болып, алдыңғы пайда болғандары кейінгі тоналдықтарда  
сол күйінде қалады. Ал, əр жаңа пайда болған диездер – фа-
диезден бастап квинталық ретпен жоғары қарай орналасады:
Жоғарыдағы сызбада соңғы тоналдық (до# мажор) жеті 
таңбалы болып шықты (оның құрамында 7 диез бар). Бұл жүйені 
əрі қарай да дамытуға болады, тек енді VІІ басқыштарда диез-
дер емес, дубль-диездер пайда болады. Бірақ та құрамында 
дубль-диездер бар тоналдықтар (мұнда таңбалар 7 диезден көп 
болады) іс жүзінде музыкалық шығармаларда қолданылмайды. 
Сондықтан 7 таңбалы тоналдыққа жеткеннен кейін бұл жүйені 
тоқтатуға болады. 
Нақ осындай көріністі, сондай-ақ, мажордың бемольдік то-
нал дықтарынан  де құрып дамытуға болады. Тек бұл жүйе енді 
керісінше, таза квинта бойымен төмен қарай құрылады, себебі 
негізгі нүкте ретінде алынған С – dur-дың тоникасынан  Ғ – dur-дың 
тоникасы таза квинта төмен орналасқан (одан ары сиb–миb–ляb... 

92
т.б. болып жалғаса береді). Бемольдік мажор тоналдықтарының 
диездік мажор тоналдықтарынан бір өзгешелігі, оларда əр жаңа 
бемоль ладтың ІV басқышында пайда болады (алдыңғы бемоль-
дер сол күйінде қалады). Жалпы бірінші бемоль – си-бемольден 
бастап төмен қарай квинталық бемольдік реттерді құрады.
 
Жоғарыдағы сызбада соңғы тоналдық (до b мажор) жеті-
таңбалы болып шықты (оның құрамында 7 бемоль бар). Бұл 
жүйені де əрі қарай (квинта бойынша төмен) жалғастырсақ, ІV 
басқышта енді бемоль емес, дубль-бемоль пайда болады. Осы 
айтқандарымызды қорытындылай отырып, мынадай заңдылыққа 
келуге болады: квинталық қатар бойымен жүретін əрбір диездік 
мажор тоналдығы осы берілген тоналдықтың доминантасынан 
құрылады, ал бемольдік – алдыңғы тоналдықтың субдоминан-
тасынан құрылады. Квинталық қатарды кварталық қатармен 
ауыстыруға болады. Тек бұл жағдайда барлығы керісінше болады: 
диездік мажор тоналдықтары – таза кварта бойымен төмен қарай, 
ал бемольдық тоналдықтар – таза кварта бойымен жоғарыға қарай 
құрылады. Негізінде бұл жағдай еш нəрсені өзгертпейді. Əрбір 
мажорлық тоналдық (до мажорды қоспағанда – мұнда бір де таңба 
жоқ), тек өзіне ғана тəн, үнемі сол бір ғана лад басқыштарында 
пайда болатын альтерациялық белгілерге ие болады. Нота жа-
нына əр кез жазбас үшін бұл белгілер кілт жанына қойылады, 

93
сондықтан да олар кілт белгілері деп аталады. Альтерацияның 
кілттік белгілері музыкалық шығарманың басынан аяғына дейінгі 
немесе тоналдықтың ауысуына дейінгі барлық октавадағы нота-
лармен бірге аталады жəне соларға қатысты болады. Яғни, кілттік 
таңбаларға айналады деген сөз. Оларды кілт жанына қоюдың реті 
əрқайсысының пайда болуына қатысты болып келеді: диездер: –
фа#-ден басталып, таза квинталар бойымен жоғарыға қарай пайда 
болу қатарымен жазылады, ал бемольдер – cub-ден басталып, таза 
квинта бойымен төмен қарай (пайда болу қатарымен) жазылады: 
Кілттік белгілері бар қай тоналдықтың болмасын, кілт жанын-
да тек бір-ақ түрлі белгілері болады, яғни не тек – диездер, не тек 
– бемольдер. 
Минорлық тоналдықтар
Минорлық тоналдықтар да мажорлық тоналдықтар сияқты 
таза квинталар бойында құрылады: диездік тоналдықтар – таза 
квинта бойымен жоғарыға қарай, ал бемольдік тоналдық – 
таза квинта бойымен төмен қарай, ол кілт жанында ешқандай 
альтернациялық таңбалары жоқ а – moll тоналдығынан баста-
лады. Минорлық тоналдықтарындағы əрбір жаңа диез ладтың ІІ 
басқышында, ал жаңа бемоль – VІ басқышында пайда болады:
Барлық диездік тоналдықтар мен бемольдік тоналдықтарды (7 
таңбадан асқаннан кейін) əрі қарай квинта бойымен (диездіктерді 
жоғарылатып; бемольдіктерді төмендегі) жалғастыра берсе, ол 
ретте дубль-диездер мен дубль-бемольдер пайда бола бастайды. 
Квинталық қатардағы қай диездік минор болмасын, алдыңғы 
тоналдықтың доминантасынан, ал бемольдік минор – алдыңғы 
тоналдықтың субдоминантасынан құрылады. Минорлық то-
налдықтардың кілттік альтерациялық белгілері, мажорлық тонал-
дықтардағы сияқты ретпен орналасып, жазылады: 

94

95
Мажор мен минордың аттас жəне қиыспайтын 
параллельдік тоналдықтары
Жалпы, тарихи тұрғыдан алғанда, негізгі жеті басқышты екі 
лад – яғни мажор мен минор өз алдарына дербес дамыған жəне бұл 
жағдайда олар өзінің басты жүйелі белгілерін жоғалтпаған. Деген-
мен, бұл екеуінің арасында белгілі бір жақындық та бар. Мысалы, 
басқыштар санының бірдейлігі, олардың функционалдық мəні 
нің 
ұқсастығы, сондай-ақ ладтық тартылыстардың бағыты, т.с.с. Екі 
ладтың да кейде бірдей дыбыстардан ғана құрылған ұқсас түр  лерінің 
гаммаларын, яғни негізінен əртүрлі дыбысталып, бір тоникадан 
құрылған мажор мен минорды аттас тоналдықтар деп атаймыз. 
 
Жоғарыда көрсетілгендей, аттас тоналдықтардықтардың бір-
бірінен айырмашылығы үш кілттік таңба бойынша анықталады.
Алайда, мажор мен минор тоналдықтары өзара жақын болып 
келеді. Егер олардың тоникалары кіші терция аралығында орна-
ласып, яғни мажордың тоникасы минордан кіші терция жоғары 
болып, минордың тоникасы минордан кіші терция жоғары болып, 
минордың тоникасы мажордікінен кіші терция төмен орналасса, бұл 
жағдайда тоналдықтардың дыбыстық құрамы мен кілттік таңбалары 
бірдей болады. Мұндағы айырмашылық тек басқыштарының ладтық 
мəндерінде ғана. Мысалы, до мажор мен 
ля минорды алайық: 

96
Жоғарыда до мажор мен ля минор басқыштарының ладтық мəн-
деріндегі айырмашылықтарды жақсы көріп отырсыздар. Мы салы: 
екі гамманың до дыбысы: до мажорда – І басқыш та, ля минорда ІІІ 
басқыш; ре дыбысы:до мажорда – ІІ басқышта, ля минорда ІV басқыш; 
си дыбысы: до мажорда – VІІ басқышта, ля минорда ІІ басқыш, 
т.с.с. Сөйтіп, дыбыстық құрамы мен кілттік таңбалары бірдей, ал 
басқыштарының ладтық мəндері əртүрлі болып келетін мажор-минор 
тоналдықтарын қиыспайтын-па 
рал 
лельдік тоналдықтар дейміз. 
Бұл тоналдықтардың қатар ор на ласқан гаммалары өзара ешқашан 
да қиылыспайды. Өздеріңіз Ғ-dur мен d-moll-дің; G-dur мен е-moll-
дің гаммаларын құрып (жоғарғы үлгімен), салыстырып көздеріңізді 
жеткізулеріңізге болады. Қиыспайтын-параллельдік тоналдықтардың 
гаммаларын үндестіріп, бір уақытта ойнайтын болсақ, параллельдік 
терциялар пайда болады.
Қиыспайтын-параллельдік тоналдықтардың тоникалық үш-
дыбыстары арасында екі ортақ тон бар, бірақ олардың қызметі 
екі басқа: 
Тоналдықтардың тепе-теңдік энгармонизмі
Тоналдықтар екі дыбысты интервалдар немесе аккордтар 
сияқты, өзара энгармонизмдік жағынан тең бола алады. Бір 
биіктікте орналасқан, дыбысталуы бірдей, бірақ жазылуы əртүрлі 
ладтарды энгармонизмдік тоналдықтар дейміз. Негізінде, қай 
тоналдық болмасын, өзара энгармонизмдік теңтоналдықпен ал-
маса алады. Мысалы: до #-мажор-реb-мажор,ля минор-сольх – 
минорсиbb минор. Бірақ іс жүзінде, көпкілттік альтерациялық 
таңбалары бар тоналдықтарды азтаңбалы тоналдықтарға (əрі 
орындауға ыңғайлы) ауыстырып жеңілдетудің маңызы бар.
 
Жоғарыдағыдай, тоналдықтардың энгармонизмдік алмасу-
ларында ең алдымен таңбалар керісінше өзгереді, яғни диездік 

97
таңбалар – бемольдік таңбаларға; бемольдік – диездіктерге 
(əрине, саны жағынаназ жағына қарай) ауысады. 
До# мажор (Сіs-dur) -7# = Peb мажор (Des-dur) -5b 
Доb мажор (Сes-dur) -7b =Cn мажор (Н-dur) -5# 
Мажор мен минор тоналдықтарының тек бір жұптық 
тоналдықтарында ғана энгармонизмдік алмасуда диез бен бемоль 
таңбаларының сандары тең түсіп, өзгеріссіз қалады. Олар: 
Фа# мажор -6# = Соль мажор - 6b 
Pe# минор -6# = мnb минор - 6b 
Нақ осы мажор мен минордың диездік жəне бемольдік 
тоналдықтары өздерінің кілттік таңбаларының саны жағынан 
тұйықталып, теңеседі. Ары қарай бұлардың қайсысы болмасын, 
барынша жай, бірақ альтерациялық қарама-қайшы таңбаларға 
(көбі аз санмен) алмаса бастайды. Бұл жағдайлар ноталық жазу 
тəсілдерін жеңілдету үшін қолайлы. Сол себепті іс жүзінде, көп 
таңбалы тоналдықтарды аз таңбалы тоналдықтарға энгармонизм-
мен теңестіріп, ауыстырып отырамыз. Мұндай тоналдықтардың 
кілттік көп таңбалары былайша жазылады:
 
Мұнда жазылған дубль-диездер мен дубль-бемольдерді екі 
таңба деп санауға болмайды, тек бұлардың əрқайсысы берілген 
дыбысты бірден бүтін тонға не жоғарылатады, не төмендетеді 
деп түсінген жөн. Жеті басқышты ладта альтерацияның кілт тік 
таңбалар саны ладтың негізгі басқыштарының санынан аспау 
керек. Сонымен, көп қолданылатын тоналдықтардың альте-
рациялық қарама-қарсы (қайшы) кілттік белгілерінің қосындысы 
энгармонизмнің 12 санына тең келеді. Осыны біле отырып, əрі 
тікелей пайдаланып, альтерациялық кілт таңбаларының санын 
жетіден əрі асыруға жол бермеуіміз керек. Асып бара жатса, 
қалай да жоғарыдағы тəсілді қолдана қойып, саны жағынан аз 
кілт таңбалары бар тоналдықты музыкаға ойысуымыз қажет.
Мысалы, ля# минор тоналдығында 7 диез бар, ал оның энгар-
мониялық тең тоналдығы сиb минорда 5 бемоль (12 7=5) болады. 
7–937

98
Кварта-квинталық шеңбер
Мажор мен минор тоналдықтарының жүйелі құрылуының 
жалпы жүйесін 
кварта-квинталық шеңбер деп атайды. 
Бұл жүйе графикалық тұрғыдан қарағанда, бір жағынан 
(əдет 
те оң жағынан) – жоғарылаушы квинталық қатар бойы-
мен орналасқан диездік тоналдықтар, ал екінші жағынан (сол 
жағынан) – төмендеуші квинталық қатар бойымен бемольдік 
тоналдықтар орналасқан тұйық шеңбер (шиыршық сымға ұқ-
сас) сияқты болып көрінуі мүмкін. Төменде келтірілген сыз-
бада мажор мен минордың қолданылатын барлық 30-ға тарта 
тоналдықтары (7 кілттік таңбаға дейін) көрсетілген. Тұ  тас сы-
зықпен сызылған шеңбердің сыртында мажорлық то 
нал 
дық-
тар белгіленген, ал шеңбердің іш жағында оларға параллель 
минорлық тоналдықтар, осыған орай бұлардың екеуіне бірдей, 
кілттік белгілері келтірілген: 
Жоғарыда негізгі айналмалы дөңгелек сызбаны екі жағынан 
бірдей тартылған пунктир сызықшалар қоршап тұр. Бұл негізгі 
дөңгелекті осы жүйемен шектелетін тоналдықтарды пайдалану 
арқылы жалғастыру мүмкіндігін көрсетеді. Көрнекі де ұғынықты 
болу үшін диездік тоналдықтардың кілттік таңбалары “Соль” 
(скрипкалық) кілтінде алынып, ал бемольдік тоналдықтардың 
кілттік таңбалары “Фа” (бас) кілтінде берілген. 


1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал