107 vітара у ортағасырлық диатоникалық халық ладтары



жүктеу 36.55 Kb.

бет11/13
Дата22.04.2017
өлшемі36.55 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

71
Нақты бір ладтық жүйеге кіретін дыбыстардың саны əр 
-
уақыт та лад құрылымымен шектеліп отырады. Жеті басқыштық 
диатоникалық ладтардың негізгі тіреуі – І басқыш. Сондай-ақ, 
кей жағдайларда салыстырмалы тұрақтылыққа ІІІ жəне одан 
сəл кем мөлшерде V басқыштарда ие болады. Жалғыз дауысты 
музыкада ІІІ жəне V басқыштар тікелей І басқышқа тартылады 
да, көпдауыстылыққа – тоникамен бір мезгілде үндесе отырып, 
тұрақты тоникалық үшдыбыс (трезвучие)

болып аккорд құрады. 
Салыстырмалы түрде, аяқталған қай музыкалық ой болмасын, 
жалғыз дауысты немесе көп дауысты болса да, əрқашан тұрақты 
дыбыспен (не аккордпен), не көбінетоникамен бітеді. Бұған халық 
музыкасы мен кəсіп қойкомпозиторлар шығармаларындағы сан 
түрлі мысалдарға сүйене отырып, оңай көз жеткізуге бола 
ды. 
Мəселен, халық музыкасынан, сондай-ақ кəсіпқой ком пози тор-
лар шығармашылығынан тоникамен аяқталатын бірнеше му зы-
калық үлгілерді қарап көрелік: 
Мəселен, халық музыкасынан, сондай-ақ композиторлар шы-
ғармашылығынан тоникамен аяқталатын бірнеше музыкалық 
үлгілерді қарап көрейік:
1
Трезвучие дегеніміз – үш дыбыстан тұратын аккорд.

72
Ладтың қалған төрт басқыштары (ІІ, ІV, VІ жəне VІІ) тұ-
рақ сыз дыбыстарға жатады. Олардың тұрақсыздық дəрежесі 
екі фактормен: жақын тұрған қатарлас тұрақты дыбыстармен 
арақатынасы арқылы, сондай-ақ осы тұрақты дыбыстардың тар-
тылыс күшінің басымдылығымен айқындалады. Сонымен, тұ-
рақтылардың тұрақсыздармен бүтін тондық арақатынасына қа-
рағанда, шешілімге деген бейімділігі олардың жарты тондық 
арақатынасында күштірек əрі басымырақ екені байқалады.
Сондай-ақ, тоника дыбысы (І басқыш) тұрақсыз дыбыстарды 
басқа тұрақтыларға қарағанда, өзіне күштірек тартады. 
Тұрақсыз дыбыстардың тұрақтыларға бейімделуі – тарты-
лыс деп аталады да, ал олардың тұрақты дыбысқа көшуін осы 
тартылыстың шешілімі деп атайды.
 
Тұрақтылық пен тұрақсыздықтың қасиеттері музыка 
жүйесінің қандай да бір дыбыстарына тəн емес, атап айтқанда, ол 
ладтың нақты басқыштарына ғана тəн. Алайда, қандай лад бол-
масын, октава ішіндегі хроматикалық қатардағы он екі дыбыстың 
қайсысынан болса да құрыла алады. Сондықтан да ладтың қай 
түрі болса да, ақыр соңында І басқыштың (тониканың) тұрған ор-
нына байланысты қай жоғарылықта болмасын, кездесе береді.
Музыкалық дыбыстар өзінше ладтың тек бір элементі ғана 
бола отырып, белгілі бір құрылымда қандай да бір ладтық 
жүйенің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Қандай да болмасын 
бір ладтық жүйе құрайтын дыбыстар аралығында тек дыбыстың 
биіктік аралық (интервалдық) қатынастары ғана пайда болып 
қоймайды, сонымен қатар ладофункционалдық арақатынастар 
да пайда болады. Əр дыбыс ладтың белгілі бір басқышы бола 
отырып, міндетті түрде тұрақты немесе тұрақсыздық қасиетке 
ие болады. Қай ладтың болсын басқыштарының саны əрқашан 
нақтылы айқындалып отырады: олар рим цифрларымен жазы-
лып, өзіне бекітілген реттік сан нөмірлерін алады. Олар керек 
уақытында тиісті ноталардың төменгі жағына жазылады:
 
Бір ғана дыбыс түрлі ладтық жүйеде əртүрлі функционалдық 
мағынаға ие бола алады. Алайда, функционалдық қызметі бірдей 

73
лад басқыштарының рөлі қандай да бір жүйеде, қай дыбыстармен 
берілмесін, əруақытта өзгеріссіз болады.
Мысалы, 
фа-мажор мен соль-минорды салыстырып көрелік:
Бұл мысалдан байқайтынымыз: 
фа-мажорда VІІ басқыш – 
ми; ал соль-минорда VІ басқыш – бемоль-ми
Айырмашылығы осы дыбыста ғана, ал қалған дыбыстары 
бірдей. Тек əр дыбыстардың əр тоналдықта атқаратын рөлдері əр 
басқа (ұқсас дыбыстары бірінің астынан бірі жазылады).
Бұл жағдайда бір түрлі дыбыстардың функционалдық мағы-
насының əртүрлі болатындығы айқындалады. Қандай лад жү-
йесі болмасын, бір дауысты музыкада да, көп дауысты музы-
када да – өзін-өзі барынша жарқын да, толық көрсете алады. 
Алайда көпдауыстылықта бірнеше дауыстардың бір мезгілде 
шығып дыбысталуынан белгілі бір гармониялық комплекстер 
(белгілі бір аккордтар құрамы, бірнеше дауыстардың үндесуі, 
я болмаса гармониялық айналымдар – тізбектер) пайда бола-
ды. Олар бір жағынан – лад функцияларының жарқын жəне 
өзіндік ерекшеліктерімен көрінуіне мүмкіншіліктер жасаса, 
екінші жағынан белгілі бір жағдайда осы құрамдардағы кейбір 
дыбыстардың нақтылы рөлін өзгертіп жібереді. Мысалы, V 
бас қыш дыбысы (əрине, ладтың) тоникалық үшдыбыстың құ-
ра мында тұрақты болады да, доминанталық гармонияның құ-
рамында функционалдық жағынан тұрақсыз болады.
Сондай-ақ, ладтың І басқышының дыбысы бір дауысты əуенде 
(əнде) немесе тоникалық үш дыбыстың құрамында тұрақты бо лып, 
белгілі бір гармоникалық құрамдарда тұрақсыз болуы мүмкін. 
Жоғарыда келтірілген гармониялық айналымда (оборотта) 
екінші доминанталық квартсекстаккордтың жоғарғы дауысындағы 
до дыбысы тұрақсыз басқыштың дыбысына ұқсайды. Алайда до 

74
дыбысының тұрақтылығы доминанталық квартсекстаккордтың 
жоғарғы дауыстағы серпінді кіріспе си тоны тоникалық аккордқа 
ауысқанда қайта тұрақтылық қалпына келеді. Бұл музыка тілі-
нің ерекше бір шиеленіс қасиеттері. Солай бола тұрса да, бұл 
қасиеттерді мұқият зерттеп, естен шығармаған жөн.
Сонымен, 
лад дегеніміз – музыкадағы дыбыстардың өзара 
белгілі бір жүйеде үндесіп, үйлесуі. Музыкада қолданылатын 
дыбыстарды бір-бірімен байланыстырып, белгілі бір ладпен 
үндестікте үйлестіру – музыка өнерінің өзіндік ерекше қасиеті.
Былайша зер салып қарасақ, музыканы жасайтын əуезді ды-
быстардың бір-бірімен тығыз байланысты екенін, белгілі бір 
жүйемен дамитынын аңғару қиын емес. Кейбір дыбыстар ақырын, 
нəзік шығып, кейбір дыбыстар басқаларынан бөлектеніп көріне 
келе, ерекшеленіп барып аяқталады. Бұл жағдайда біз музыкалық 
ойдың тиянақталып біткенін сеземіз.
Музыкаға қатысты дыбыстардың бəрі біркелкі болады десек, 
қателесеміз. Əр дыбыстың музыкадағы алатын орны əр басқа.
Мысалы, мына бір əуенді тыңдап көрейік.
  
 
Мұнда жоғарыда орындалған əуеннің до-ми-соль дыбыстары 
ерекшеленіп көзге түсіп, до дыбысымен аяқталып отыр. Ал бұл 
əуенді қайта орындап, он екінші тактідегі ре дыбысына, тіпті əуелі 
ми дыбысына тоқтап,көңіл аударып көріңіздерші, əуен аяқталып, 
бітер ме екен? Əрине, бітпейді, əрі қарай орындап, жалғастыруды 
қажет етеді. До дыбысына жетіп тоқтағанда ғана əуеннің 
тиянақталып аяқталғанын аңғарамыз. Мінеки, осы біткен до ды-
бысын тиянақтаушы дыбыс немесе тұрақты дыбыс – ең тұрақты 
дыбыс деуімізге болады. Өйткені, əуеннің тағы да көзге түсіп 
ерекшеленген ми немесе соль дыбыстарына тоқталғанда, біз əннің 
қалған дыбыстарына (ре, фа, ля, си) тұрақсыз дыбыстар деген ат 

75
беруге мəжбүр боламыз. Өйткені əуеннің олармен тиянақталып 
аяқталуы мүмкін емес екендігіне көзіміз жетіп отыр. Енді тағы бір 
əуенді қарап көрелік. Мысалы, халық əні “Жалпы əлем”: 
Бұл əуенде де, өздеріңіз көріп отырсыздар, үш тұрақты (І-ІІІ-V) 
басқыш ерекшеленіп, І басқышта (тоникада) аяқталады. Кейбір 
дыбыстардың əртүрлі биіктіктерде қайталанғандары болмаса, 
əннің өзі 7 дыбыстап тұрады. Негізгі дыбыс қатары мынадай:
 
Бұл дыбыс қатарындағы дыбыстар бір-бірінсіз мұндай əуенді 
құра алмаған болар еді, яғни тұрақты дыбыстар мен тұрақсыз 
дыбыстар (басқыштар) бір-бірімен тығыз байланысып, біріге, 
бірлесе осы əнді құрып отыр. Мінеки, музыкадағы осындай 
тұрақты дыбыстар мен тұрақсыз дыбыстардың арақатынастық 
жүйесін, ең тұрақты дыбыспен (тоникамен) аяқталып, өзара 
үйлесуін лад дейміз. Жалпы, дүниежүзіндегі елдердің көбінің 
музыкасында екі негізгі лад кездеседі. Олар – мажорлық лад пен 
минорлық лад; немесе мажор мен минор деп те аталады. 
Ал, қалған ладтық құрылыстардың бəрі (өздерінің өзгеше-
ліктері, өзіндік қасиеттері бола тұрса да) қандай да бір мажорлық 
немесе минорлық ладтардың өзгерген, туынды түрлері болып 
келеді. Кез келген кəсіпқой сазгерлердің шығармаларында, сон-
дай-ақ əлемдегі əртүрлі елдердің халықтық музыкаларының 
негізінде нақтылы бір, болмаса бірнеше ладтың құрылысы жа-
тады. Музыкалық дыбыстардың биіктік қатынастарының ба-
стау алар қайнар көзі – лад болып есептеледі. Лад музыканың 
басқа да мəнерлік амал -тəсілдермен бірлесе дами отырып, оның 
мағынасына байланысты белгілі бір бейнелік туғызады. 

76
Мажорлық  лад
Мажорлық лад деп (немесе жай ғана мажор деп) – тұрақты 
дыбыстары үлкен мажорлық үшдыбыстылық (трезвучие) құратын 
жеті басқышы бар ладты атаймыз. “Мажор” деген сөздің өзі ла-
тынша – mojor – үлкен; итальянша – maggіore – үлкен; жəне де – 
французша – maіcur – қатты деген ұғымды білдіреді. 
«Мажор» термині буындық жазылуда қолданылады (
до -
мажор, соль-мажор ж.т.б.): ал “dur” термині əріптік жазылуда 
қолданылады (С – dur ж.т.т.).
І жəне ІІІ басқыштар аралығындағы үлкен терция (ү.3) интер-
валы – мажорлық ладтың негізгі, өзіндік белгісі болып табылады. 
Ол тұрақты дыбыстар мен жалпы ладтың бірнеше үндесулерінің 
ерекшеліктерін анықтайды. 
Сонымен, тұрақты дыбыстар (І, ІІІ жəнеV басқыштар) лад то-
никасында негізделген үш дыбыстың үндестігін құратындықтан 
– тоникалық үшдыбыс деп аталады да, ал оған кіретін дыбыс-
тар тониканың – примасы (І), терциясы (3), квинтасы (5) деген 
атауларға ие болады.
Мысалы, 
до-мажорда
Тоникалық үш дыбыстың (трезвучие) құрамына кірмейтін 
басқыштар (ІІ, ІV, VІ жəне VІІ) тұрақсыз болып табылады деп 
айтқанбыз. Егер бір мезгілде алдымен барлық тұрақсыз дыбыс-
тарды алып, кейіннен барлық тұрақтыларды алса, онда  бұл лад 
пен оның ішкі құрылысының жаратылысын байқауға болады. 
Мысалы:
 
Лад дыбыстарының музыкада əртүрлі орналасуы хақ, бірақ 
олардың гамма түріндегі басқыштарының орналасуы (бірінен 
кейін бірінің тізбектелуі) барынша қарапайым, əрі табиғи, 
ыңғайлы болып келеді. Əсіресе, ладтық дыбыс қатарын айтуды 
немесе оны бір дауысты музыкалық аспапта орындағанда бұл 
анық байқалады: 

77
 Жоғарыда жазылғандай, ладтағы жоғарылық орнына қарай, 
ладтың барлық басқыштары ретімен рим цифрларымен белгіленіп, 
бұл цифрлық белгілер берілген тоналдықтағы ладтың əрбір 
басқышында қандай ретпен, қалай орналасқанына қарамастан 
сақталады. 
Гамма деп – октава ішіндегі басқыш бойымен биіктікке 
жоғарылаушы не төмендеуші əуендік (мелодиялық) қозғалысты 
атаймыз (төменгі тоникадан жоғарыға жəне керісінше).
Мажорлық ладтың негізгі үш түрі бар, оның əрқайсысы өз 
алдына жекеше қаралады: натуралдық (табиғи жай) мажор, 
гармониялық мажор жəне əуендік мажор.
Табиғи жай мажор гаммасы бірдей тізбектелген екі тетра-
хордтан тұрады, яғни арасы үлкен секундамен бөлінген кварта 
көлеміндегі əуендік төрт дыбыстан құралады деген сөз. “Тетра-
хорд” деген грек сөзінің дəлме-дəл мағынасы – төрт дыбыс (ішек) 
дегенді білдіреді, басқаша айтқанда, бұл – диатоникалық дыбыс 
қатарының бірінен соң бірі орналасқан төрт басқышы. Бұлардың 
екеуі де бірдей схема бойынша құрылады: ү.2+ү.2+к.2, бірақ 
төменгі тетраход пен жоғарғы тетрахордтың арасын үлкен секун-
да бөліп тұр.
 
Сонымен, жоғарылау қозғалысы барысында табиғи мажор-
гаммасы, жалпы лад басқыштарының аралығында мынадай 
интервалдық құрылымға ие болады: 
ү.2 ү.2 к.2                          ү.2                          ү.2 ү.2  ү.2
Төменгі                             бөлуші                   жоғары
тетрахорд                          интервал               тетрахорд
немесе екі үлкен секунда – кіші секунда – үш үлкен секунда 
– кіші секунда). 

78
Жоғарыда көрсетілгендей, ладтың қай гаммасы – қай түрі 
болмасын, тұрақты дыбыстары бүтін нотамен, ал тұрақсыз ды-
быстары – қара нотамен белгіленіп жазылады.
Табиғи жай мажор гаммасы басқыштарының аралығын 
жоғарыда көрсеткендей, белгілі бір секундалар ретімен бөліп 
тұрады: 
ү.2 + ү.2 + к.2 + ү.2 + ү.2 + ү.2 + к.2 
Осы секундалардың ретімен музыкада қолданылатын ды-
быс қатарының қай дыбысынан болса да, табиғи жай мажор-
гаммасын құруға болады. Ладтың І, ІV жəне V басқыштары 
– басты басқыштар болып есептелінеді де, қалғандары – ІІ, ІІІ, 
VІ жəне VІІ басқыштар көмекші басқыштар болып саналады. 
Лад басқыштарына гаммадағы жоғарылық орнына қарай атау-
лар беріліп, басты басқыштардың функциялары (І, ІV жəне VІ) 
əріптермен белгіленген:
І басқыш – тоника деп аталады, өйткені ол тоникалық 
үшдыбыста прима (негізгі тон) болып табылады жəне 
тоналдықтың өзінің атауын айқындайды. Мажорда – ол бас əріп – 
Т, ал минорда – кіші “t” əрпімен белгіленеді. 
ІІ басқыш – төмен түсетін кіріспе тон. Тоникаға ойысады 
(Төменгі мысалдан қара).  
ІІІ басқыш – екі шеткі тұрақты дыбыстар І жəне V басқыштар) 
аралығында тұрғандықтан, медианта деп аталады. (Төменгі мы-
салды қара).
ІV басқыш – субдоминанта деп аталады (дəлме-дəл – төменгі 
доминанта). Бұл да тоникадан квинта қашықтықта, тек төмен 
тұрады. Мажорда (жəне мелодиялық минорда) – “S” бас əрпімен, 
ал минорда (жəне гармониялық мажорда) – кіші “s” əрпімен 
белгіленеді. 
V басқыш – доминанта деп аталады, өйткені барлық тұрақты 
дыбыстардың ішіндегі ең жоғарғысы (орналасу орнына қарай) бо-
лып табылады (латынша жоғарылау, үстемдік ету деген мағынада). 
Мажор менгармониялық минорда – “Д” бас əрпімен, ал табиғи 
жай минор мен əуендік мажорда – кіші “d” əрпімен белгіленеді. 
VІ басқыш – субмедианта деп аталады (яғни төменгі медиан-
та), өйткені субдоминанта мен тоника аралығында орналасқан 
(төменгі мысалды қара). 
VІІ басқыш – жоғары көтерілуші кіріспе тон деп 

79
аталады.
Бір жағынан қарағанда, ладтың барлық тұрақты басқыштары 
екі жағынан да өзіне қарай қандай да бір дəрежеде тартылған 
тұрақсыз дыбыстармен қоршалады да; өз шешілімдерін тауып 
отырады. (Келтірілген мысалда шешілім іздеу тартылысы стрел-
камен көрсетілген):
 
Бұл жағдайда тұрақты жəне тұрақсыз дыбыстар аралығы 
жақын болған сайын тартылыс күшінің басым бола түсетіндігін 
ескеру қажет. Мұндай серпінді тартылыс қасиеті, əсіресе, табиғи 
жай мажордың (жəне гармониялық минордың) VІІ басқышының 
тоникаға кірер кезінде (оның жоғары көтерілуші кіріспе тон де-
ген атауы осыдан) айрықша байқалады. 
Табиғи жай мажорда екі жарты тонды тартылыс бар: біріншісі 
– жоғарылаушы (VІІ басқыштың І-ге); екіншісі – төмендеуші (ІV 
басқыштың ІІІ-ге).
Сонымен, ладтың І жəне ІІІ басқыштарымен құрылған 
тоникалық терция жан-жағынан өзара диссонирленген аз. 5 ин-
тервалын құрайтын VІІ-ІV басқыштардың қарсы келген жарты 
тондық тартылыстарымен қоршалған:
 
Табиғи жай мажор гаммасындағы тұрақсыз басқыштардың 
тұрақты басқыштарға тартылыстарының толық ладтық шеші-
лімдер жүйесін тағы да еске салсақ артық болмас:
 
Ладтың барлық жеті диатоникалық басқышы (бұл жағдайда 
– мажорлық лад) – негізгі басқыштар болып есептелінеді, ал І, 

80
ІV жəне V басқыштар, яғни тоника, субдоминанта мен доминан-
та ладтың басты басқыштары деп аталады. Олардың бұлай 
аталуының себебі, осы мажорлық басқыштарда құрылған үш-
дыбыстық мажорлық үшдыбыс бола отырып, осы ладтың өзіндік 
ерекшелік қасиетін көрсетеді:
 
Табиғи жай мажор басқыштарының қасиеттері
Табиғи жай мажорда басқа да жеті басқышты ладтар сияқты, 
үш тұрақты жəне төрт тұрақсыз басқыш болады. Тоникалық үш-
дыбыстың құрамына кіретін І, ІІІ, V басқыштардың дыбыстары 
тұрақты болып келеді. Алайда, олардың тұрақтылықтары əртүрлі: 
ең тұрақты болып келетіні – тоника (І басқыш – тоникалық үш-
дыбыстың примасы); ол ладтың негізгі тірегі болып табылады, ал 
ІІІ мен V басқыштардың (яғни, тоникалық үш дыбыстың терция-
сы менквинтасы) оған қарағанда тұрақтылығы аздау болады. Бірақ 
ІІІ басқыштың ладтық икемділікті анықтаудағы рөлі айрықша зор; 
тек ІІІ басқыш (дəлірек айтқанда, оның тоникамен интервалдық 
арақатынасы) ладтың түрін айқындауда (мажор ма немесе минор 
ма) шешуші рөл атқарады. Мажорда І жəне ІІІ басқыштардың 
аралығындағы интервал үнемі біреу-ақ. Ол – үлкен терция. 
Сонымен қатар, тұрақсыз басқыштар (əсіресе, VІ, VІІ) 
осы келтірілген ладтың түрін анықтауда, яғни табиғи жай, 
гармониялық не əуендік түрлері екендігін ажыратуда шешуші 
рөл атқарады. Лад дыбыстарының жоғарыда келтірілген схема 
бойынша орналасуы (тон, тон, жарты тон –үш тон – жарты тон) 
қашан да тек қана табиғи жай мажордың гаммасын көрсетеді. 
Жоғарыда айтылған тұрақсыз басқыштардың, ең болмағанда, 
біреуінің ғана биіктігін өзгертер болсақ (мысалы, VІ басқышты 
жарты тонға төмендетсек), онда ладтың  интервалдық құрылымы 
бірден толық өзгереді жəне мажорлық басқа түріне – табиғи жай 

81
емес, гармониялық түріне айналады. (Басқа түрлерін біз төменде 
толық қарастыратын боламыз).
Алайда, жалпы тұрақты жəне тұрақсыз деген ұғымдардың 
белгілі дəрежеде салыстырмалы екендігін (анықтау қиын 
екендігін) ескерген жөн. Нақтылы түрде ладтың қандай да 
бір басқыштарына тəн қасиеттерді көрсету үшін белгілі бір 
жағдайлар керек, əйтпесе олардың ладтағы атқаратын қызметтері 
мен мəнінің өзгеріске ұшырауы мүмкін.
Мысалы, бір дауысты əуендерде І-ІІІ-V басқыштардың 
тұрақ  тылығы өлшемдік шамасымен ерекшелініп, яғни тактінің 
екпінді күшті үлесіне (бөлшектектеріне) тиіп, олардың нотадағы 
ұзақтығы кейбір əуендік мотивтер, фразалар, əсіресе шығарманың 
аяққы кезеңдеріндегі əуендік қозғалыстар тұрақты басқыштармен 
қалыптасып бітеді. 
Ал, көп дауысты музыкалық шығармаларда осы бас 
қыш-
тардың тұрақтылығы жалпы аккордтармен, бүтіндей гар 
мо-
нияның бірлестігімен ерекшеленеді. Мысалы, І-ІІІ-V бас 
қыш-
тардың барлығы бір кезде орындалып үндескенде, олардың 
тұ 
рақтылығында күмəн болмайды. Алайда сол тұрақты бас-
қыштардың біреуін (қайсысы болсын) қайсыбір тұрақсыз ды-
быспен не болмаса аккордпен бірге алсақ, ол сол сəтте-ақ 
өзі нің алғашқы тұрақтылық қасиетін жоғалтады. Мысалы, до-
мажорда ІІІ басқыштан құрылған кіші секунда ми-фа – төменгі 
дыбысы тұрақты да, жоғарғы дыбысы тұрақсыз. Бұл интервал 
құлаққа жағымсыз – диссонанс болмғандықтан, интервалдың 
гармониялық түрінде орындалса, тұрақсыз үн шығарады. (Бұл 
сəтте ІІІ басқыш ми дыбысы өзінің тұрақтылығын жоғалтып тұр). 
Əрине, бұл интервалды əуендік түрінде орындаса (яғни, бірінен 
соң бірін), онда ми басқышы өзінің тұрақтылық қасиетін сақтап 
қалады. Бұл интервал тұрақсыз интервал ретінде екі тəсілмен 
шешімін табады; бірінде, негізгі ереже бойынша фа дыбысы – ми 
дыбысына шешілуі керек еді; ми бос емес болғандықтан, фа – 
соль дыбысына ауысады да, ми – орнында қалып, ми дыбысынан 
құрылған кіші терцияға ойысады. Екіншісінде, іс жүзінде табиғи, 
орынды болу үшін ол алдымен жай ғана диссонанс ретінде 
тұрақсыз терция ре – фа-ға ауысып, тек содан соң ғана тоникалық 
терция дыбыстарының ыңғайына
 
келіп, ауысады:
 
6–937

82
Жоғарғы мысалдың екінші түрінде ми басқышы өзінің тұ-
рақтылығын мүлдем жоғалтып тұр. Сондықтан да ол диссонанс-
тық дыбыс ретінде тұрақсыз ІІ басқышқа (
ре) ауысып барып 
тоникаға (
до) көшіп отыр. 
Тағы бір мысал: до-мажорда до дыбысының ең тұрақты – то-
ника екенін жақсы білеміз.
Бірақ ол ІV басқыштан құрылған үш дыбыстың (трезвучие) 
құрамында (фа-ля-до) тұрақсыз дыбыстарымен бірге алынып, 
аккордта квинталық тонның мағынасына ие болады, сөйтіп 
өзінің тұрақтылық қасиетін жоғалтып VІІ басқышқа ауысады. 
Ал VІІ басқыш ладта – серпінді жоғарылаушы кіріспе тон бо-
лып, тоникаға көшкенде ғана “до” дыбысы өзінің тұрақтылық 
ерекшелігіне қайта оралады. Мысалы: 
Ладтың тұрақсыз басқыштары (ІІ, ІV, VІ жəне VІІ) өздерінің 
тартылыс дəрежелері жағынан сапалары біркелкі емес. Ол өз-
дерінің орналасу орны мен жақын орналасқан тұрақты дыбы-
старымен интервалдық арақатынастарына, сондай-ақ, соңғы-
ларының тұрақтылығының дəрежелеріне байланысты. ІІ жəне 
ІV басқыштардың əрқайсысы екі тұрақты басқыш аралығында 
орналасқан. Егер мажорда ІІ басқышты қоршап тұрған І мен ІІІ 
басқыштардың дыбыстары бірдей қашықтықта орналасса (ү.2), 
онда ІV басқыштан V басқышқа 
дейін бүтін тон да (яғни, ү. 2), ал 
ІІІ-ге дейін жарты тон (яғни, к. 2), 
сол себепті оның ІІІ-ге деген тар-
тылысы V басқышқа қарағанда 
анағұрлым күштірек болады. Со-
нымен бірге, ІІ басқыш та І-ге 
ладтың ең тұрақты басқышы ре-
тінде (яғни, лад тоникасы ретінде) 
көбірек тартылып, шешілімін та-
бады. VІ жəне VІІ басқыштардың əрқайсысы тек бір ғана жақтағы 
тұрақты дыбысқа тартылып, шешілімдерін табады. Ладтағы 
тартылыстардың сызбасы мынадай:
Бұл сызбадан аңғараты нымыз: тұтас көрсеткішпен 163 (стрел-
камен) – күштірек, ал пунктир сызықшаларымен – əлсіздеу тарты-

83
лыстар көрсе тілген. Ал тұтас қос сызықпен серпінді жоғарылаушы 
кіріспе тонның қатты да өткір тартылыстары белгіленген. Тұтас 
жəне пунктир (сызықша) стрелкалар жағдайға байла нысты əртүрлі 
тартылыстың өткірлігінің өзгеру мүмкін дігін көрсетеді. 
Жоғарыда лад басқыштарының қасиеттері мен тұрақсыз ды-
быстар тартылысының жүйесі секунда интервалымен саналған 
арақатынас негізінде қаралған болатын. Алайда басқыштар байла-
нысы мен олардың ладтағы арақатынасы мұнымен шектелмейді. 
Музыка дыбыстарының терциялық жəне кварта-квинталық 
аралық жүйелігі, сондай-ақ осыған сай, зор маңызы барладтық тар-
тылыстары болады. (Бұл байланыстардың түрлері төменде “Ин-
тервалдар шешілімі” атты тарауда жан-жақты қарастырылады). 
Мажордың гармониялық жəне əуендік түрлері
Мажорлық ладтың үш негізгі түрлері (табиғи жай,гармониялық 
жəне əуендік) бар екенін айттық. Жоғарыда сөз болғандай
табиғи жай мажор гаммасы екі тетрахордтан тұрады: төменгі 
тетрахорд ладтың мажорлық немесе минорлық бейімділігі мен 
өзіндік қасиеттерін айқындай түссе, жоғарғы тетрахорд ладтың 
түрлерін бір-бірінен ажыратады. Мажорлық гармониялық ладтың 
табиғи жай лад түрлерінен айырмашылығы – оның VІ басқыштан 
V басқышқа деген тартылысын күшейте түседі. VІ басқыштың 
жарты тонға төмендетілуіне байланысты жоғарғы тетрахордтың 
интервалдық құрылысында өзгеріс туып, мажорлық ладтың 
гармониялық түріне тəн ұлғайтылған (ұл.2) интервал (VІ 
-VІІ 
басқыштардың аралығында) пайда болады. Жалпы, мажормен 
минордың гармониялық жəне əуендік түрлерін өзараұқсастығына 
байланысты шартты диатоникаға (өзара келіскен диатоникаға) 
жатқызады. Алайда ладтың гармониялық жəне əуендік түрлерінде 
ұл.2-нің жəне басқа да табиғи жай ладқа жат интервалдардың пай-
да болуына байланысты, ладтың бұл түрлерін таза диатоникаға 
жатқызуға болмайды.
Сонымен, VІ басқышы төмендетілген мажорлық ладты – 
гармониялық мажор деп атаймыз:
Мажорда VІ басқыштың төмендетілуі мажорға минорлық 
бояулар береді, бұл біріншіден үндестік дыбыстарға, аккордқа 


1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал