№101, тамыз 2011 жыл



жүктеу 435.98 Kb.

бет5/5
Дата10.03.2017
өлшемі435.98 Kb.
1   2   3   4   5

 Бекжан ӘБДУӘЛИҰЛЫ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ 

кітапханасының директоры

(Соңы. Басы 9-бетте)

Ұлжан МІРҚАДЫРҚЫЗЫ, 

Инженерлік-құрылыс факультетінің 

оқытушысы:

- «Тұмар» демалыс орнына былтыр 

қабылдау комиссиясынан 12 адам 

келсек, биыл қала күніне байланысты 

тағы арнайы осында жол тарттық. 

«Тұмарда» қалыпты демалуға барлық 

жағдай жасалған. Тамағы да, жатын 

орны көңілімізден шығады.  Тұщы 

көл мен орманы бәрі де жаныңа 

рахат сыйлайды. Болашақта жаңа 

ғимараттар қосылса екен деген тілегім 

бар. Нарық заманында барлығы да 

қаржыға кеп тіреледі ғой. Бар жиған-

тергенін алып, дема лу үшін шетелге, 

мұхит асып кететіндерге таңғалам. Бұл 

жанында мөп-мөлдір бұлақ тұрып, 

ойды-қырды шарлап су іздеген адамды 

елестеді. Зеренді өңірі өте керемет. 

Көкшетаудай жер жәннаты тұрғанда 

жат елдің туризімін дамытудың орнына 

барымызды бағалай білейік дер едім.

Жазғы демалыс

v


ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

12

 

ТАМЫЗ  


2011 

                                        



Еуразия 

университеті

ҚҰРЫЛТАЙШЫ:

Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университеті

БАС РЕДАКТОР 



Кенже ЖҰМАҒҰЛОВ

Бас маман



Қанат МАХАМБЕТ

Құндыз ЕРАЛЫ

Аға маман



Камила АМИРОВА

Насихат ОСПАНОВА

Беттеуші


Жанар ПЕРНЕБЕКОВА 

Фототілші



Данияр ЗАРИПОВ

Газет “Информ-Бюро-Экибастуз”ЖШС

баспаханасында басылды.

Таралымы-1000 дана. Газет айына екі рет шығады.

ГАЗЕТТІҢ ИНДЕКСІ: 64900

ГАЗЕТ КУӘЛІГІ - №49841-Г, Қазақстан Республикасының 

Ақпарат министрлігінде тіркелген.

Тапсырыс Г10-746

РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:

010000, Астана қаласы, Мұңайтпасов көшесі, 5-үй, 

336 бөлме. Тел: 35-38-10

Жарияланған мақалалардағы автор пікірі редакцияның

 көзқарасын білдірмейді.

Жазғы мектеп - 2011

Әкімшілік  отырыстың  №18 хаттамасына  

сәйкес  студенттердің, магистранттардың 

сондай-ақ докторанттар мен жас 

ғалымдардың ғылыми     біліктілігін    арттыру    

мақсатында   оқу ордамызда Жазғы  мектеп 

- 2011 іс-шарасы  ұйымдастырылды. Әр 

мектепке дүниежүзінің атақты ғалымдары 

шақырылды. Жазғы демалыс уақытына 

қарамастан барлық мектепте тыңдаушылар 

көп болды.  

Алғашқы жазғы мектеп Заң  факультетінде 

«Қазіргі экологиялық-құқықтық ғылым: 

мәселелері және әлеуеті» деген тақырыпта 

өтті. Бұл мектепке заң ғылымдарының 

кандидаттары, ресейлік А.Солнцев пен 

О.Сушик және қырғызстандық ғалым, 

Б.Рысмендиев шақырылды. Олар қазіргі 

қоғамда өзекті мәселеге айналып отырған 

экологиялық құқыққа қатысты тақырыптарға 

кеңінен тоқталып, арнайы семинар өткізді. 

Халықаралық  қатынастар факультетіндегі 

жазғы мектепте «Халықаралық 

қатынастардың көкейкесті мәселелері» 

тақырыбы талқыланды. Мұнда АҚШ, Ресей, 

Түркия және Қырғыз мемлекеттерінің 

ғалымдары дәріс оқыды.  Мектептің ашылу 

салтанатына университетіміздің проректоры 

Д.Қамзабекұлы қатысты. Мұндағы жазғы 

мектеп 2 секция бойынша  жүргізілді. 

Ағылшын, түрік тілдерінде оқылған дәрістер 

өте қызық болды. 

Бір аптаға созылған ауқымды дәрістер 

барысында пікірталас сайыстары жиі 

 

ұйымдастырылды. Қорытындысында 



қатысушылардың барлығына арнайы 

 

сертификаттар берілді. Сондай-ақ Л.Н.Гумилев 



атындағы ЕҰУ мен Түркияның Эгей 

университеті арасында ынтымақтастық туралы 

келісімге қол қою мәселесі қарастырылды.

Журналистика    және    саясаттану 

 

 

факультетінде «Саяси журналистиканың 



көкейкесті мәселелері» мектебі жұмыс 

істеді.  Оған Түркиядан Айдемир Окай, 

Германиядан Абдулкайым  Кесижи 

шақырылды. Айдемир Окай шеберлік-

сабақтарын жүргізіп, журналистиканың 

қазіргі замандағы үрдістері мен әлеуетін сөз 

қылды. Бұған қоса ол журналистер күніне 

орай Тіл комитеті ұйымдастырған БАҚ 

журналистері конкурсының жеңімпаздарының 

марапаттауына қатысты. Ал 25-ші маусым 

күні ЕҰУ-да «Қазақстан журналистикасының 

көкейкесті мәселелері» атты дөңгелек 

үстел ұйымдастырылды. Айдемир Окай 

«Казақстан» телеарнасына және «Егемен 

Қазақстан» газетіне сұхбат берді. 

Абдулкайым Кесижи де докторанттар 

мен магистранттарға және студенттерге 

журналистика мен саясат туралы дәріс оқыды. 

Дәрістердің бір парасы шетелде тұратын 

қандастарымыздың өмірі туралы фильм көруге 

арналды.

Филология факультетінде өткен 

«Лингвистика мен әдебиеттанудың көкейкесті 

мәселелері» деген тақырыптағы жазғы 

мектептің ашылу салтанатында филология 

факультетінің деканы Ш.Жарқынбекова сөз 

сөйлеп, шақырылған мамандарға факультет 

ұжымының және қатысушылардың атынан 

алғыс білдірді. Бұл мектепке Ресейден 2, 

Эстония мен Украинадан 1 ғалым келді. 

Шақырылған мамандардың барлығы орыс 

филологиясы саласындағы атақты ғалымдар. 

Мектеп аясындағы дәрістер 4 

секцияға бөлініп жүргізілді. Барлық 

секцияларда  семинарлар, дөңгелек үстелдер 

ұйымдастырылып, ғылыми жобалар тыңдалды. 

Басқосуға шетелдік ғалымдармен қатар 

қалалық білім басқармасы департаментінің 

қызметкерлері, мұғалімдердің білімін жетілдіру 

институтының өкілдері сонымен қатар қала 

мектептерінің жоғары дәрежелі мұғалімдері 

мен Қазақ гуманитарлық заң академиясының 

оқытушылары қатысты. Іс-шара кезінде 

А.Рудяков қазақстандық әріптестерін 

Қырым республикалық дипломнан кейінгі 

педагогикалық білім институтына тәжірибиеден 

өтуге шақырып, арнайы шақырутуды 

практикалық қазақ тілі кафедрасының доценті 

Қ.Құлмановқа табыс етті. Шара шеңберінде 

мемлекетаралық ғылыми жобалар дайындауға 

қол жеткізілді. Айтпақшы тараптар әріптестіктің 

тамырын тереңдету мақсатында  өлең шығару 

мен өлең оқудың өзекті мәселелері бойынша 

біріккен жинақ шығаруға уағдаласты. 

Заң факультетінде ұйымдастырылған 

«Жаһандану және интеграция жағдайындағы 

мемлекет пен құқық»

  атты жас заңгер-

ғалымдардың жазғы мектебіне Ресейдің 5, 

Қырғызстанның 1 ғалымы  шақырылды. 

Мектептің  салтанатты ашылуында проректор 

З. Қабылдинов

 құттықтау сөз сөйлеп, 

Еуразия ұлттық университетінің 

халықаралық рейтингтік компаниялардың 

бағалауы бойынша әлемдегі 500 жоғары оқу 

орнының қатарына енгеніне назар аудартты. 

Сонымен қатар профессор З. Қабылдинов 

отандық білім жүйесіндегі реформаларға 

тоқталып, Қазақстан әлемдік білім кеңістігіне 

кірігу үшін тың бастамаларға қадам жасап 

жатқанын жеткізді. Проректордың сөзін 

сабақтаған  факультет деканы Ш. Тілепина 

жазғы мектептің заңгер-ғалымдар мен білім 

алушы докторанттар мен магистранттар үшін 

аса маңызды екендігін тілге тиек етіп, бұл іс-

шара дәстүр жалғастығына айналатынын айтты. 

Инженерлік-құрылыс факультетіндегі жазғы 

мектепке ресейлік ғалымдар шақырылды. 

Мектеп жұмысының ашылуына проректор 

Д.Қамзабекұлы қатысты. Мектеп сызба 

геометриясының көпөлшемді кеңістігі 

және бағдарламалық редакторлардың 

инновациялық мүмкіндіктері деген бағытта 

өрбіді. Ал экономика факультетінде «Әлемдік 

экономикалық кеңістіктің интеграциялық 

жағдайында ҚР экономикалық дамуы» 

деген тақырып талданды. Мектеп жұмысы 6 

күнге созылды. Іс барысында дүниежүзіндегі 

экономикалық жағдай жан-жақты сараланды. 

Нәтижесінде шетелдік ғалым Вольфрам Шарф 

ЕҰУ-дың бір оқытушысы мен докторантын 

жеке өзінің есебінен Германияда тағлымдамадан 

өтуге шақырды. 

Механика-математика факультетіндегі 

жазғы мектепке алыс-жақын шетелдерден 7 

профессор қатысты. ЕҰУ-да келісім-шартпен 

еңбек етіп жүрген Ресейдің атақты ғалымы 

В.Буренковтың мерейтойы да мектеп аясында 

аталып өтті. 

Ақпаратттық технологиялар факультетінде 

өткен жазғы мектепте Ресейдің 2 профессоры 

дәріс оқыды. Қатысушылардың барлығы 

профессорлардың дәрістеріне зор ықылас 

танытты. Мектеп жұмысы аяқталғаннан 

кейін барлық қатысушыларға сертификаттар 

тапсырылды.

Физика-техникалық факультетіндегі жазғы 

мектеп «Ядролық физика мен астрофизиканың 

қазіргі уақыттағы мәселелері» деген 

тақырыппен өтті. Мұнда 11 профессор 

бас қосып, ядролық физика ғылымының 

қазіргі уақыттағы мәселелерін қарастырды. 

 

Жасалынған жұмыстардың нәтижесін 



саралаған әлемнің жетекші ғалымдары 

экспериментальдық және теориялық 

ядролық ғылымда Орталық Азия аймағында 

Қазақстанның қөшбасшы рөлін атап 

көрсетті. Мектеп аясында жас физиктердің 

докладтарына конкурс ұйымдастыру және 

жеңімпаздардың ғылыми жұмыстарына 

қолдау көрсету, жылына кем дегенде 3 PhD 

докторанттарын даярлау және Қазақстанда 

ядролық физика, нанотехнология, биология

кванттық химия саласындағы  күрделі 

тапсырмаларды игеру үшін  ұлттық грид-

инфраструктура бағдарламасын жасау туралы 

шешім қабылданды. 

Әлеуметтік ғылымдар факультетіндегі 

жазғы мектеп «Діни-саяси экстремизм 

және радикализм: аймақтық және глобальдік 

аспектілер» деген  тақырыпты ту тұтты. Бұл 

мектепке көрші елдерден және шетелдерден 

8 маман шақырылды. Қазіргі уақытта мектеп 

жоспарланған іс-шараларды жүзеге асырып 

жатыр. 


Университет басшылығының бастамасымен 

өткізілген жазғы мектеп нақты нәтижелерге 

қол жеткізуге мүмкіндік берді. Осы іс-шара 

аясында  профессор-оқытушылар шетелдік 

мамандармен пікір алмасу құқығына ие болды. 

Нақтырақ айтатын болсақ, білім және ғылым 

саласын құқықтық реттеу бойынша ТМД 

шеңберінде көш бастап тұрған профессор В. 

Сырых жазғы мектеп барысында дәріс оқып, 

өз ойларымен бөлісті. Осы күнге дейін заң 

факультетінде «Білім заңнамалар орталығы» 

атты ғылыми-зерттеу орталығын ашу жөнінде 

ереже жобасы бекітілген болатын. Профессор 

В. Сырых аталмыш ғылыми-зерттеу 

орталығына ғылыми кеңес беретінін айтты. 

Бұл жоба үлкен мүмкіндіктерге жол ашпақ. 

Профессор А. Селюков Қазақстанда 

кеңінен қолдау тапқан еуразияшылдық 

тұжырымдамасына қызығушылық білдіріп, осы 

тақырып аясында ғылыми-зерттеу жұмысын 

жүргізуге, ортақ ғылыми конференция 

ұйымдастыруға ниет білдірді. Қырғыз елінен 

келген профессор С. Муратбекова Ыстықкөл 

маңындағы демалыс үйінде жазғы мектеп 

ұйымдаст ырып, оған ЕҰУ ғалымдарын 

шақыратынын  айтты. 



А.ШИЛІБЕКОВА, 

ЖОО  орнынан  кейінгі  білім  беру                                                              

департаментінің директоры

v

Білім қайнары




1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал