№101, тамыз 2011 жыл



жүктеу 435.98 Kb.

бет4/5
Дата10.03.2017
өлшемі435.98 Kb.
1   2   3   4   5

Рақымжан  ТҰРЫСБЕК,

филология ғылымдарының 

докторы, профессор

Тәуелсіздік және білім беру кеңістігі

(Отандық білім-ғылымның бағыт-бағдары хақында)



ЕНУ вновь подтвердил свой статус в международной 

образовательной среде

ЕНУ им. Л.Н. Гумилева занял 4 082 

место в рейтинге университетских 

сайтов Webometrics. Таким образом, 

ЕНУ стал первым казахстанским ву-

зом, занявшим столь высокое место.

Из 33 высших учебных заведений Ка-

захстана, участвующих в рейтинге We-

bometrics, наибольшего успеха достиг 

Евразийский национальный универси-

тет им. Л.Н. Гумилева. Столичный вуз 

уверенно занимает 4 082 место из 12 000 

позиций, поднявшись на 1 134 мест по 

сравнению с прошлым рейтингом.

На 4 601 позиции расположился Ка-

захстанский Институт Менеджмента, 

Экономики и Прогнозирования, на 4 

897 месте – Карагандинский националь-

ный университет им. Е. Букетова.  

Рейтинг Webometrics Ranking of 

World Universities анализирует пред-

ставленность вузов во Всемирной па-

утине дважды в год – в январе и июле 

– по четырем показателям: «види-

мость», «размер», «специальные фай-

лы» и «научные публикации». Рейтинг 

университетских   сайтов проводится 

испанской   исследовательской  груп-

пой  «Laboratorio de Internet». Сай-

ты более 20 тысяч вузов  со всего мира 

оцениваются испанским  рейтингом на 

предмет представленных в сети Интер-

нет научных публикаций, исследований 

ученых каждого из вузов, их цитируе-

мость. Результаты научной и исследова-

тельской деятельности высших учебных 

заведений публикуются дважды в год – 

январе и июле. 

К слову, в  июльском рейтинге 2010 

года сайт ЕНУ был на 7 891 месте, а пол-

года назад – в январе 2011 года – зани-

мал уже 5 216 позицию в рейтинге. 

Евразийский национальный универ-

ситет им. Л.Н. Гумилева уже не первый 

раз доказывает право называться флаг-

маном казахстанского образования. В 

2010 году вуз вошел в число 500 лучших 

университетов мира по версии междуна-

родного рейтинга QS World University 

Rankings. Оценка университета прохо-

дила по четырем показателям: иссле-

довательская деятельность, мнение ра-

ботодателей, качество преподавания и 

интернационализация. 

Евразийский национальный уни-

верситет  им. Л.Н. Гумилева очередной   

раз доказывает, что по праву называется 

одним из флагманов казахстанского об-

разования. Наша альма-матер не только 

входит в топ-500 лучших университе-

тов мира по версии международного 

рейтинга QS World University Rankings, 

но и уверенно поднимается в рейтинге 

университетских сайтов Webometrics. 

Это – признание успеха ученых, иссле-

дователей, студентов Евразийского на-

ционального университета в мировом 

научном сообществе. 

(Жалғасы  10-бетте)

Кітапхана оқырмандарымен тыныстайды

Рейтинг

v

Пікір

v

Кітап - білім бұлағы

v

Кітапхана сырт көзге жайбарақат тірліктің мекені секілді. Артық сыбыр 



мен сыбдырдың өзі оғаш көрінетін оқу залдары көбіне тыныштық құшағында. 

Өкшесінің тықылын естіртпеуге тырысып, имене басып өтетін оқырманның өзі 

осы тыныштыққа қызмет етіп бара жататындай. Алдына келушіге керек басы-

лымын тауып беріп, болмаса соған ұқсас тағы бірін ұсынып, қалайда қажетінен 

шығаруды ойлайтын кітапханашылар да көңіл түкпіріндегісін аңғарта бермейді. 

Кейде тіпті әлемдегі ең ізгі жандар секілді көрінетіні жасырын емес. Болмағанда 

ше?! Өйткені мұнда түрлі салалар бойынша әлемнің түкпір-түкпірінен 

жинақталған әдебиеттер мен құнды деректерге толы еңбектер орын алған. Олар-

ды жазып отырған қарапайым пенде болғанмен, қара жаяу емес, қаламына қасиет 

сіңген дарын иелері. Талмай ізденіп жүріп тапқан ой маржанын қағазға түсіріп, 

адамзаттың игілігіне айналдырған. Осы асыл дүниелерді күнде қолымен ұстап, 

қасиетін сырттай болсын бағамдап отыратын кітапханашылардың бойына сол 

асыл құндылықтар шым-шымдап жұғатын секілді, алдына келген оқырманға 

жылылық көрсететіндері де сондықтан болса керек. Бұл – кітапхананың оқырман 

байқайтын сыртқы келбеті.

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

10

 

11

ТАМЫЗ  


2011 

ТАМЫЗ 


2011 

«Тұмар» болашақта қарқынды дамиды 

«Тұмар» оқу-сауықтыру орталығы 

ұлттық университетіміздің мақтанышы. 

Мұнда біздің география, биология, 

туризм мамандықтарында оқитын 

студенттер оқу-тәжірибесінен өту үшін 

осында келеді. Сондай-ақ, шетелден 

келген құрметті қонақтарды да осы 

демалыс орнына алып келу дәстүрге 

айналған. Ал өзіміздің студенттер мен 

оқытушы-профессорлар мұнда жылдың 

төрт мезгілінде де келіп демала алады. 

Жазда жасыл желекке оранатын, қарағай 

иісі мұрныңды жаратын мұндағы 

табиғат көріністері тіл байлайды. 

Орталыққа келген кез келген адам өзін 

мұнда еркін сезінеді. Ең бастысы алыс 

жолдап шаршап келген кісіге сусын 

дайын, жатын орын бар. Биылғы жаз 

мезгілі «Тұмар» қызметкерлері үшін 

қалай өткендігін білу мақсатымен 

орталық басшысы Бауыржан Спатаевқа 

жолыққан болатынбыз.  

- Соңғы жылдары «Тұмар» 

сауықтыру орталығына келіп 

демалушылар саны өсіп отыр. Мұны 

немен байланыстырасыз?

- Осы қызметке келгеніме биыл 

желтоқсан айында екі жыл болады. 

Қай істі болсын шын ынта-ықыласпен 

атқарсаң нәтижесі көп ұзамай көріне 

бастайтынына сенемін. Ең алдымен 

жұмыстың қарқынды жүріп жатуы 

университет басшылығына тікелей 

байланысты. Университеттің оқу-

сауықтыру орталығы болып табылатын 

«Тұмарды» жандандыруға нақты 

тапсырмалар берді. Соның негізінде 

орталықтан әсіресе жаз мезгілінде кісі 

қарасы үзілген емес.



- «Тұмардың» бұрынғы аты 

қандай болатын. Ат қойып айдар тағу 

кімнің ұсынысы, ол қаншалықты 

қажет болды?

-  Біздің ЕҰУ-нің ұжымы бұл 

оқу-сауықтыру орталығын Зеренді 

ауылында орналасқандықтан 

«Зеренді» деп, ал осы Зеренді төңірегі 

ЕҰУ-нің бір тармағы болғандықтан 

«Евразийский» деп атап кеткен. 

Ойлана келе мұндай абыройы асқақтап 

тұрған Еуразия ұлттық университетінің 

оқу-сауықтыру орталығының аты 

болмағаны өте ыңғайсыз екендігін 

ескеріп, өзіне бір лайықты атын беру 

мақсатымен бірнеше әдебиеттерді 

ақтарып, интернеттен қарап аты 

әлемге әйгілі «Томирис» анамыздың 

ерліктерін оқи келе атын «Тұмар» 

деп таңбасын бейнелеп ұсынысымды 

басшылықтан қолдауын тауып «Тұмар» 

аталып кетті. Тұмардың таңбасына сәл 

назар салсаңыз, алты бұрышты бір-

біріне жанасқан торкөздерді байқайсыз, 

ол – араның омартасы, яғни ұясы. Неге 

дейсіз ғой, өйткені омартада құжынаған 

аралардай біздің орталықта да дәл 

солай кісілер қарасы көп болсын деген 

ниеттен туған ұғым. 



- «Тұмар» оқу-сауықтыру 

орталығында демалуға қандай жағдай 

жасалған?

- Қазір бізде монша, үлкен және 

кіші бильярд залы, велоспортпен 

айналысып, тоғызқұмалақ ойнап, 

 

шаңғы, ролик тебуге, интернет пен 



компъютер класы, шағын кітапханамыз 

бар, сондай-ақ біздің «Тұмар» ОСО-

ға ЕҰУ-нің қызметкерлері отбасымен 

қатар туыстары да келіп демалауына 

жағдай жасалған.



Білуімізше, мұнда біздің 



университетке келген мәртебелі 

шетелдік меймандар  келіп демалады 

екен. «Тұмар» олардың көңілдерінен 

қаншалықты шығады?

- Кейбір дамыған елдерде көрсетіліп 

жататындай туризм бізде әлі дами 

қойған жоқ. Десек те, кез келген 

демалушының көңілінен шығатындай 

жағдай жасауға тырысамыз. Былтыр 

қыста біздің орталыққа университет 

ғалымдары Индиядан келген 

қонақтарды ерте келді. Үнділіктер 

үшін шаңғы тебу таңсық жағдай ғой. 

Қонақ десе ішкен асын жерге қоятын 

халықпыз. Шаңғы тебеді дегенге үнділік 

қонақтың әдеттегідей аяқкиім өлшемін 

сұрастырсақ ағайындардың аяқ 

өлшемдері тым үлкен 46-өлшем екен, 

Қызық болғанда ондай өлшем санаулы 

ғана еді, ал енді қайттік, содан кейін 

бір амалын тауып шаңғыны кезекпен 

тепкізгеніміз есімде, осыдан кейін үлкен 

өлшемдегі 2-3 аяқ киімге тапсырыс 

беруге тура келді.  

- Келген демалушыларға Көкшенің 

әсем жерлерін аралатуға бағыттар 

қарастырылған ба?

- Ондай қызметтер бізде міндетті 

түрде бар. Алыстан ат терлетіп келген 

ағайын сұлу табиғатты көру үшін келеді. 

Әйтпесе бөлмеден шықпай үйінде де 

демала алады. Ал Зерендіге ат басын 

тіреген кез келген адам бөлмеде тыныш 

жата алмайды. Өйткені құстардың 

жарыса салған әндері мен қарағайлы 

Бауыржан ҚОНЫСБЕКҰЛЫ, «Тұмар» Оқу-сауықтыру орталығының басшысы:

ну орманда тербелген ағаш сыбдыры 

жаныңа тыныштық бермейді. Ол 

үшін оны көзбен көріп, тауға шығып

көлге түсу керек. Осыны ескеріп, біз 

университеттен арнайы бөлінген газель 

көлігімен 3 бағытта келушілер үшін 

серуен ұйымдастырамыз. Бірінші бағыт 

– сарқырама шатқалы, екінші –емдік 

қара батпағы бар шипалы тұзды көл, 

үшінші –  келушілердің тілек-ниеттері 

бойынша Бурабайға да бір бағыт ашып 

қойдық. 

- Сонда Бурабай курорты мен де 

байланыста болып отырасыздар ма?

- Ия, ондағы серуендеу агенттіктері 

мен асханалармен де біз байланыс 

жасаймыз. Бұл алыс жолдан алып барған 

қонақтарға ас-суы келісімді бағада болу 

үшін маңызды. 



- Ну орманның ішінен шаңғы 

тебуге, велоспортпен айналысуға 

қолайлы жағдай жасалған екен, ең 

бастысы жол салынған. 

- Орманда үлкен айналым, кіші 

айналым жолдары бар. Демалушылар 

онда қыста шаңғы, жазда велик, 

ролик тебеді. Орман ұлттық табиғи 

парктің қарамағына қарасты. Табиғат 

бәрімізге ортақ болғандықтан, оның 

үстіне орманда біздің «Тұмар» ОСО-

ның демалушылар серуендейтін 

болғандықтан, аптасына бір рет 

қызметкерелімді жинап орманның 

тазалығына қарап, сенбілік жасаймыз.



- «Тұмардың» болашақтағы 

жұмысын одан әрі жандандыру үшін 

қандай жұмыстар қолға алынуда?

- Атқарылар іс, жоспарлап отырған 

жұмыс көп. Соның көбісі қаржыға 

келіп тіреледі. «Тұмар» оқу-сауықтыру 

орталығы болашақта қарқынды 

дамиды. Жаңа ғимараттар салынып, 

мықты жобалар жүзеге асырылады. 

Мәселен, осы оқу жылынан бастап, 

қызметкерлер мен студенттерді Елбасы 

айтқандай, бұқаралық спортқа тарту 

үшін шаңғыдан жарыстар ұйымдастыру 

ойымызда. Яғни, жүлделі орындарға 

қалталы азаматтарды тарту арқылы, 

жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар 

тағайындаймыз. 

Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Құндыз ЕРАЛЫ

Сырт көзге осылай жайбарақат 

көрінгенмен кітапхана іші қайнаған 

тірліктің ордасы. Құрамында 4 абоне-

мент, 5 оқу залы, 1 электрондық оқу залы 

және арнайы 4 бөлім: оқырмандарды 

тіркеу бөлімі, қорды толықтыру және 

әдебиеттерді өңдеу бөлімі, ақпараттық 

библиография бөлімі, ғылыми әдістемелік 

бөлім таңнан кешке дейін оқырмандарға 

қызмет көрсетеді. Оның сыртында түрлі 

баспалар мен жеке авторлардан келіп 

түсіп жататын кітаптарды қабылдау, 

электрондық кітапхананы жасақтау: 

сұраныстағы  кітаптардың сандық 

көшірмесін жасау, электрондық каталогқа 

енгізу; газет, журналдарды күнделікті есеп-

ке алып, онда жарық көрген мақалаларды 

саралап, университет сұранысына сай ма-

териалдарды электрондық базаға енгізу, 

сондай-ақ  түптеу; қордағы кітаптардың  

сапалы сақталуын қадағалау, өз орнын-

да тұруын қамтамасыз ету т.б. толып 

жатқан тоқтаусыз жұмыстар кітапхананың 

оқырман назарынан тыс тұратын екінші 

бір тынысы іспетті. 

Жыл сайын орта есеппен отыз мыңнан 

аса кітап қабылданып, өңдеуден өтеді. 

Өңдеу жұмыстары да өз алдына бір ке-

шен. Мысалы, кафедралардың тапсыры-

сы бойынша биылғы 2011 жылы 40-тан 

астам баспа үйлері мен мекемелерден және 

жеке авторлардан мемлекеттік тапсырыс 

бойынша     45 мыңға жуық кітап қабылдау 

жоспарланып отыр.  

«Әдебиеттерді жинақтау және сандық 

өңдеу» бөліміне келіп түскен осы  кітап-

тар, мемлекеттік стандартқа сәйкес 

ғылыми-техникалық өңделіп, қызмет 

көрсету бөлімдеріне жіберілгенге дейінгі 

аралықта төмендегідей сатылардан өтеді:

1.  Кафедрадан түскен тапсырыс 

бойынша  кітаптың бар-жоғын қормен са-

лыстырып тексеру, жоқ болған жағдайда 

сол пән бойынша қандай мамандықтар 

мен қанша студент оқитынын анықтай 

отырып, мемлекеттік сатып алу бөліміне 

кітапхана тарапынан тапсырыс беру.

2.  Келіп түскен жаңа 

басылымдардың «жөнелтпе 

құжаттарына»  қабылдау-тапсыру актісін 

жасау (кейін бухгалтерияға тапсырылады).

3.   Жаңа түскен кітаптарға 

«Кітапханалық жіктеу таблицасы» 

бойынша білім салаларының индексін 

(ББК,УДК) қою, инвентарь нөмір беру, 

электронды каталогқа енгізу. 

4.  Әрбір кітапты  ғылыми-

техникалық өңдеуден өткізу:

-штемпль қою; 

-қалташа желімдеу;

-штрихкод шығару және желімдеу;

-кітап формулярын жазу;

-алфавиттік, жүйелік және пәндік 

библиографиялық сипаттама карточкала-

рын жазу, каталогтарға орналастыру;

- шифрын, бағасын жазу. Осылайша 

өңдеуден өткеннен кейін ғана әр кітап 

өзінің тиісті орындарына қойылады.

Көзге көрінбейтін, бірақ таусылмай-

тын бұл жұмыстар кітапханашылар-

дан терең төзімді талап ететіні ақиқат. 

Мұндайда психологиялық қолдау табу 

үшін қызметкер жұмысының бағалануы 

өте маңызды. Сондықтан, әр қызметкердің 

еңбегін ескеріп, тиісті марапат көрсетіп  

отыру мақсатында минуттарды есепте-

уімізге тура келді. Тиісті қалып бойын-

ша 4 бағыттағы аталған сатылардан 1 

кітаптың өтіп, өңделуіне 33 минут уақыт 

кетеді екен. Сонда күніне бір кітапха-

нашы 12 кітапты өңдеуден өткізуі тиіс. 

Қазір бөлімде алты кітапханашы бар: 12 х 

6 = бір күнге 72 кітап. Қаңтар мен мамыр 

аралығындағы бес айда – 8640 кітап ен-

гізілу керек болатын. Ал нақты жұмыстың 

орындалу көрсеткіші – 17652 кітап болып, 

жұмыс өнімділігі екі есеге артқан екен.      

Университет кітапханасының 

алдындағы үлкен міндеттердің бірі 

– электрондық ресурстар бойынша 

атқарылып жатқан жұмыстарды жетіл-

діру. Электрондық кітапхана құру 

жүйесін жетілдіріп, оқырмандарға жаңа 

бағытта қызмет көрсету үшін арнайы 

бөлім ашылған. Бұл бөлімнің күшімен 

қазір жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. 

Мысалы, жалпы кітапхана қорындағы 

басылымдардың 2008-2010 аралығындағы 

үш жылда 25%-ы электрондық каталогқа 

енгізілсе, бұл көрсеткіш электрондық ре-

сурстар бөлімі іске қосылған 2011 жылдың 

алғашқы бес айында ғана 12%-ға жетіп 

отыр. Кітапханаға үстіміздегі жылдың на-

урыз айында планшетті екі сканер сатып 

алынды. Әрқайсысы күніне 1500 бетті 

сканерден өткізіп, толық мәтінді дерек-

тер базасы жасақталуда. Арнайы бөлім 

жұмысының сыртында, өзге кітапханашы-

лар да оқырмандарға қызмет көрсетуден 

қолдары қалт еткен сәтте жиі сұралатын 

кітаптардың сандық көшірмелерін жасауға 

атсалысып жатыр. Алдағы болашақта бұл 

бағыттағы жұмыс қарқыны арта түспек.  

Кітапхана КА 

БИС (қазақстандық 

автоматтандырылған кітапхана-

ақпараттық жүйесі) бағдарламасы бойын-

ша жұмыс істейді. Бағдарламаның де рек-

тер  ба за ла ры  күр де лі  та қы рып тық,  ме кен-

жай лық,  фак тог ра фия лық  де рек ке  не гіз-

дел ген  жә не  нақ ты лау  сұ ра ным да рын  тез 

жә не  са па лы  орын дау ға  мүм кін дік  бе ре ді. 

Электондық  каталог  кі тап ха на ның  Web-

бе тін де  (library@enu.kz) жарияланған. 

Мұнда оқулықтар, оқу-әдістемелік басы-

лымдар, сондай-ақ ғылыми, көркем басы-

лымдар, мерзімдік басылымдар аталымы, 

авторефераттар мен диссертациялар дере-

ктер базасы, «ЕҰУ баспасөз беттерінде», 

«ОПҚ еңбектері», «Л.Н.Гумилев өмірі 

мен еңбектері» секілді тақырыптық де-

ректер базасы берілген. Сонымен қатар, 

ОПҚ еңбектері мен мақалаларының 

толық мәтінді деректер базасы жасалуда.

Бұл  бағдарлама арқылы оқырман 

кітапхананың электрондық қорындағы 

барша мүмкіндіктерді пайдала-

на алады. Сондықтан, кітапханадағы 

басылымдардың барлығын осы 

бағдарламаға енгізу алдымызда тұрған 

аса маңызды мәселелердің бірі. Кітапха-

на қызметінің болашағы да электрондық 

ресурстардың заман талаптарына сай, 

сапалы болуымен тікелей байланысты. 

Бағдарламаға енгізілген ақпараттар екі 

бағыттан тұрады: электрондық ката-

лог және толық мәтінді деректер базасы. 

Оқырман өзіне керекті материалдардың 

барлығын осы каталогтан қарап тауып ала-

ды да, кітапханаға келіп тапсырыс береді. 

Қазір кітапхана қорының 40%-дан астам 

бөлігі электрондық каталогқа енгізілді. 

КАБИС бағдарламасын кітапхананың оқу 

залдарында, ЕҰУ оқу ғимараттарында 

пайдалануға болады.  Бүгінге дейін 

қордағы қазақ және шет тіліндегі басы-

лымдар түгел  және 1998 жылдан бас-

тап шыққан орыс тіліндегі басылымдар 

электрондық каталогқа енгізілген және 

қалған жылдардағы басылымдарды ен гі зу 

жұмысы жалғасуда. Сонымен қатар, КА-

БИС жүйесіне қазақ, орыс және шетел 

тілдеріндегі 11 570 мерзімді басылым ен-

гізіліп отыр.

Бүгінгі өмір талабына сай оқу үдерісіне 

Отандық газет-журналдар мен моногра-

фиялар және әр сала бойынша шетелдік 

басылымдар да қажет болып отыр. Осы 

мәселелерді ескере отырып, 2010-2011 

жаңа оқу жылында  «JSTOR»  дере-

ктер базасына сатып алынған. JSTOR 

– ашық ақпарат көздернің негізінде 

қалыптасатын шет тіліндегі мерзімді 

басылымдардың әлемдегі ең ірі  элек-

тронды мұрағаты.   JSTOR –қоғамдық, 

гуманитарлық және жаратылыстану 

ғылымдарын қамтитын, мыңнан астам 

ғылыми материал жарияланған жоғары 

сапалы академиялық журналдар коллек-

циясынан тұрады. Мысалы, І коллек-

цияда 15 сала бойынша 119 аталымнан 

тұратын: антропология, экология, эконо-

мика, педагогика, қаржы, тарих, тіл және 

әдебиет, математика, философия, саясат-

тану, социология, статистика және т.б. 

ғылыми журнал қамтылған. Оқырмандар 

«JSTOR»  деректер базасына кірген сай-

ын ағылшынша ғылыми мәтіндерді оқып, 

жаңа сөздермен танысқан сайын тілді білу 

мүмкіндігі артып, жаңғырып отырады. 

Осы база енгізілген өткен оқу жылының 

басындағымен салыстырғанда сәуір, ма-

мыр айларында  JSTOR-ды пайдалану 

көрсеткіштері екі есеге дейін жоғарылады.

Мәдени іс-шаралар өткізу және оларға 

қатысу бойынша да көптеген жұмыстар 

атқарылды. 2010-11 оқу жылындағы 

мұндай іс-шаралардың саны 34-ке жеткен 

екен. Бұлардың әрқайсысын өткізудегі 

түпкі мақсат – кітапхана мүмкіндіктерін 

көрсету, яғни салалар бойынша қорда 

бар әдебиеттерді және келіп түсіп 

жатқан жаңа кітаптарды насихаттай от-



Кітапхана оқырмандарымен тыныстайды

ырып, кітапханаға оқырмандар тарту 

болатын. Соның ішінде Тәуелсіздіктің 

20 жылдығына арналып әр ай сайын 

«Тәуелсіздік толғаулары» тақырыбы 

аясында, тәуелсіздіктің сырларын жан-

жақты саралап, зерделеу мақсатында қоғам 

қайраткерлері, ғылымдар дәрістер оқыды. 

Дәріс бағдарламасында кітапхананың 

мүмкіндіктері мен оны пайдаланудың 

тиімді жолдарын түсіндіру, жаңа кітап-

тармен таныстыру мәселелері де 

қамтылды. Оқу жылының екінші жарты-

сында кітапханаға



  келушілер  саны  6,6 

%-ға, берілген кітап саны 14 %-ға өскені 

байқалды.  

Осы орайда мына бір мәселеге де назар 

аудара кеткіміз келеді. Жыл соңындағы 

біздің зерттеулеріміз бойынша бірінші 

курстың кей студенттерінің кітапханаға 

жазылмағандығы анықталып отыр. Мыса-

лы, Заң факультетінен – 24, Халықаралық 

қатынастардан – 58, Жаратылыстану 

ғылымдарынан – 15, Механика-матема-

тикадан – 8, Инженер-құрылыстан – 64, 

Әлеуметтік ғылымдардан – 49, Сәулет, 

дизайн және бейнелеу өнерінен – 11, 

Ақпараттық технологиядан – 25, Эконо-

микадан – 32, Журналистика және саясат-

танудан – 18, Физика-техникалықтан – 44, 

Филологиядан – 32 барлығы – 



380 студент, 

демек олар бұл шаңырақа әлі бас сұқпаған. 

Байыптап қарар болсақ, студентті кіта-

пханасыз елестету мүмкін бе? Алдағы оқу 

жылында бұл мәселенің қайталанбауы топ 

кураторларына аманат. 

Осы орайда алдағы жұмыстарымыздың 

мұнан да қарқынды дамуы үшін 

қарапайым нәрселерден бастап, заманауи 

құралдарға дейінгі аралықты қамтитын 

толып жатқан мұқтаждықтарымыздың бар 

екенін айта кеткіміз келеді. Солардың кей-

бірі: компьютерлер аз, кітапхананың үш 

қабатты бас ғимаратында ішкі байланыс 

телефоны жоқ, лифтінің болмауы себебі-

нен жертөледегі кітаптарды қажет кезінде 

кітапханашыларымыз жоғарғы қабаттарға 

немесе жоғарыдан төменге қолмен тасиды. 

Бұл көрініс көп жағдайда қызметкерлерді 

еріксіз тығырықтарға тірейді ең бірінші 

қызмет көрсету сапасына әсерін тигі-

зеді. Кітапхана жұмысының сапасы үшін 

аса маңызды бұл қажеттіліктер алдағы 

уақытта өз шешімін табады деп ойлаймыз. 

Осы мақаланы пайдалана отырып, тағы 

бір айтар аманатымыз: пән оқытушылары 

кітапханамен кеңірек танысып, студент-

терге қорда бар әдебиеттерді ұсынса кіта-

пхана жұмысын жеңілдетуге елеулі үлес 

қосар еді, әсіресе соңғы жылдары жарық 

көргендерін көбірек насихаттаса дейміз. 

Кітапханада атқарылып жатқан 

жұмыстардың барлығы оқырмандарға 

қызмет көрсетудің сапасын артыруға 

бағытталады. Ол ешқашан тоқтамайды, 

үздіксіз әрі тынымсыз жалғаса береді. 

Ілгеріде аталған кітапхана жұмысындағы 

жетістіктер қызметкерлеріміздің табанды 

еңбегінің арқасында қол жеткізген табы-

стар екені белгілі. Біз тек оқырмандардың 

игілігі үшін қызмет етеміз.    



1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал