№101, тамыз 2011 жыл



жүктеу 435.98 Kb.

бет1/5
Дата10.03.2017
өлшемі435.98 Kb.
  1   2   3   4   5

№ 101, тамыз 2011 жыл

Газет 2004 жылдың 30 сəуірінен бастап шығады



www.enu.kz

Жаңа оқу жылы құтты болсын!

Құрметті профессор- оқытушылар мен  

сала қызметкерлері, студент- жастар!

 

Жазғы еңбек демалысы аяқталып, кезекті 2011-

2012 оқу жылы да басталды. Бұл жылда біз үшін іргелі 

табыстар мен  жоғары жетістіктерге қол жеткізген  

ұйымшыл ұжымның,  сапалы еңбек күндеріне толы бол-

сын деген игі ниеттеміз.   Биыл да Еуразия ұлттық уни-

верситетіне  еліміздің талапты әрі дарынды жастары 

арасынан  «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығып, 

үкіленген талантты буын - студент болып қабылданып 

отыр. Республикалық комиссия өз жұмысын аяқтап, 

мемлекеттік грантқа ие болған 32946 талапкердің 

3075-і ЕҰУ-ды таңдаған. Осының ішінде 906 - «Алтын 

белгі» иегері, 132 - республикалық және халықаралық 

олимпиадалардың жеңімпаздары. Бұл өткен жыл-

мен салыстырғанда барлық мамандықтар бойынша 

еліміздегі  ең жоғары көрсеткіш болып саналады. Демек, 

қазақстандық білім қуған жастардың басым бөлігі мем-

лекетіміздегі жетекші жоғары оқу орны – Лев Гумилев 

атындағы Еуразия ұлттық университетін таңдап отыр. 

Әрине, бұның өзі  университетіміздегі профессор-

оқытушылар мен қызметкерлеріміздің жыл өткен 

сайын білім беру мен сапалы мамандар дайындаудағы 

атқарып жатқан тындырымды жұмыстарының 

нәтижелері деп білеміз.

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың білім 

мен ғылым саласына ерекше көңіл бөліп отырғаны 

баршамызға аян. Елбасының тікелей Жарлығымен 

қабырғасы қаланған Еуразия ұлттық университеті де 

өткен 15 жыл ішінде айтарлықтай табыстарға қол жет-

кізді. Президентіміздің таңдауы түсіп, осы жоғары 

оқу орнын басқарған Амангелді Құсайынов, Мырза-

тай Жолдасбеков, Сәрсенғали Әбдіманап, Бақытжан 

Әбдірайым секілді білім мен ғылым саласында еңбек 

етіп жүрген белгілі азаматтарымыз оқу орнының өсуі 

мен өркендеуіне айтарлықтай үлес қосып, универси-

тетімізді еліміздегі таңдаулы жоғары оқу орындарының 

біріне айналдырды. Данышпан халқымыз айтқан екен: 

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», - деп. 

Осы бір  қадірменді азаматтарымыз  университет та-

рихында есімдері жазылып, қашан да бізбен тілектес 

тұлғалар болып қала беретіндігіне бек сенімдіміз. 

Жақында Елбасының Өкімімен осынау бір жауапты 

да күрделі қызметті жалғастыру маған сеніп тапсырылды. 

Алдағы қойылған мақсатымыз - қол жеткен табыстарға 

тоқтап қалмай, ҚР Білім және ғылым министрі 

Бақытжан Жұмағұлов қолға алып отырған  жаңа 

реформаларға байланысты университетіміздегі білім 

беру мен ғылыми жұмыстарды әлемдік стандарттарға 

сай жетілдіру, оқу-әдістемелік бағдарламаларды 

жаңарту-жақсарту, қазіргі инновациялық талаптарға 

сай сапалы мамандар дайындау болып қала бермек.  Ол 

үшін факультеттер мен кафедралардың материалдық-

техникалық базасын нығайтып, бұған білікті де білімді 

профессор-оқытушыларды тарту жұмыстарына басты 

басымдық беріледі. Сол арқылы студенттеріміз бен 

магистранттарымыз, Phd  докторларымыз елімізге 

қажетті сапалы мамандар болып шығуы үшін, білім 

берудің тереңдетілген оқу-әдістемелік жүйелері мен 

ғылыми-зерттеу жұмыстарының жаңа бағдарламаларын 

қалыптастыру басты стратегиялық бағыт-бағдарымыз 

болып қала бермек.

Құрметті әріптестер, қол жеткен табыстар аз емес, 

болашақта алар асуларымыз одан да мол болмақ. 

Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып,  қызмет 

жасап жатқан университетіміздің еңбек ұжымының  

алмайтын асуы, бағындырмайтын белесі жоқ деген 

сенімдеміз. 

Басталғалы отырған жаңа 2011-212 оқу жылы 

баршамыз үшін үлкен мереке, жауапкершілігі 

мол ізденістерге толы жұмыс күндері болмақ. 

Университетіміздің профессорлары-оқытушы 

мен магистранттарына, студенттері мен сала 

қызметкерлеріне  шығармашылық ізденістер арқылы 

толағай табыстарға, еңбек биіктеріне жете беріңіздер 

деген ақ тілегімізді жеткізгіміз келеді! 

Құрметпен, ректор Ерлан СЫДЫҚОВ

Университетіміздің ректоры Ерлан 

Бәтташұлының атына жаңа қызметіне байла-

нысты республикамыздың түкпір-түкпірінен 

құттықтау хаттар келіп түсуде.

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық 

партиясының және өзімнің атымнан сізді еліміздің 

ірі ошақтарының бірі алдыңғы қатарлы жоғары оқу 

орны саналатын Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректо-

ры қызметіне тағайындалуыңызбен құттықтаймын.

Қазақстан Республикасы Президенті, «Нұр 

Отан» ХДП Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың алға 

қойған міндеттерін жүзеге асыру барысындағы 

бірлесе атқарар жұмыстарымыз табысты болуына 

тілектеспін.

Сізге үлкен күш-қуат, белсенділік, қажымас 

қайрат және егеменді еліміз - Қазақстанды 

өркендету жолындағы істеріңізге сәттілік тілеймін.



Ізгі ниетпен,

«Нұр  Отан»ХДП  Хатшысы             

 Ерлан КАРИН

Осы мазмұндас құттықтаулар Маңғыстау 

облысының әкімі Қ.Көшербаевтан, Қазақстан 

Республикасының Әзербайжандағы елшісі 

С.Пірімбетовтан, М.В.Ломоносов атындағы 

МГУ Қазақстандағы филиалының директоры 

А.Сидоровичтан, «Қазақ газеттері» ЖШС-

ның Бас директоры, Редакторлар кеңесінің 

төрағасы  Ж.Кенжалин, тағы да басқа мемле-

кетімізге белгілі тұлғалардан келіп түсті.

Қазақстан Респуликасы Президенті 

ӨКІМ

Ерлан Бәтташұлы Сыдықов 



Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университетінің ректоры болып 

тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының 

Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2011 жылғы 26 шілде №31



2011-2012 жылғы оқу жы-

лында Л.Н. Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университеті 

оқуға қабылданған мемлекет-

тік  грант иегерлері мен «Ал-

тын белгі» иегерлері саны 

бойынша еліміздегі жоғары 

оқу орындарының арасынан 

алғаш алға шықты. 

Былтыр ЕҰУ-ге мемлекет-

тік білім грантын иеленген 

2116 талапкер  қабылданды. 

Оның 610-ы «Алтын бел-

гі», 130-ы республикалық 

және халықаралық олимпиада 

жеңімпаздары болды. Биыл бұл 

көрсеткіш күрт өсті. Нәтижесінде 

жаңа оқу жылында университетімізді 3075 мемлекет-

тік грант иегері таңдады. Олардың 906-сы «Алтын бел-

гі» иегері, 132-сі республикалық және халықаралық 

олимпиадалардың жеңімпаздары. Сондай-ақ басқа 

мемлекеттерден келген қандастарымыз – 60, ауылдық 

мектеп түлектері – 30, мүгедек жандар – 17. 

Инженерлік-құрылыс факультетіне грантпен түскен 

талапкердің жалпы саны – 776. Оның ішінде екеуі мүгедек, 

ЕҰУ ЖОО арасында көш бастады

(Жалғасы  3-бетте)

v

Рек то р  поштасынан



ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

2

 

3

ТАМЫЗ  


2011 

ТАМЫЗ 


2011 

Решилась судьба грантов

В Евразийском национальном уни-

верситете им. Л.Н. Гумилева под пред-

седательством Министра образования 

и науки Республики Казахстан Бакы-

тжана Жумагулова прошла  Республи-

канская конкурсная комиссия по при-

суждению образовательных грантов.

В состав Конкурсной комиссии  вошли 

ректоры высших учебных заведений, ра-

ботники министерств образования и нау-

ки, здравоохранения, представители про-

фсоюза работников образования.  

Перед началом работы комиссии ми-

нистр напомнил, что в Послании народу 

Казахстана «Построим будущее вместе!» 

Нурсултан Абишевич Назарбаев поставил 

перед системой образования  конкретную 

задачу – внедрить новые инструменты для 

повышения качества и расширения до-

ступности образования. 

– Сегодня мы должны подвести итоги 

большой подготовительной работы по 

приему в вузы на государственные обра-

зовательные гранты. И наша задача – на 

нашей Комиссии поддержать самых дос-

тойных абитуриентов в соответствии с 

результатами оценки их знаний на ЕНТ, 

– обратился к членам комиссии министр. 

Государственный образовательный за-

каз на подготовку кадров с высшим обра-

зованием на 2011-2012 учебный год со-

ставил 


36 046 грантов, из них 35 046 по 

очной форме, 



1000 – по заочной форме 

обучения. 

Госзаказ сформирован на основе по-

требности в кадрах и с учетом приори-

тетных направлений развития экономики 

страны. 


По сравнению с прошлым годом госза-

каз увеличен на естественнонаучные (на 

350 грантов), технические и технологиче-

ские (на 362 гранта), сельскохозяйствен-

ные и   ветеринарные специальности (на 

280 грантов). 

В конкурсе на присуждение   образо-

вательных грантов приняли   участие 



91 

018  абитуриентов, в том числе на казах-

ском  языке – 



66 912 человек, на русском 

– 

24 106 человек. Среди участников кон-

курса  

3 070 обладателя нагрудного знака 

«Алтын белгі», 



1240  победителей меж-

дународных, республиканских олимпиад, 

научных соревнований, конкурсов испол-

нителей и спортивных соревнований. При 

проведении конкурса они имели преиму-

щественное право на грант. 

Кроме того, государством предусмо-

трена квота приема для сельской молоде-

жи, инвалидов I, II групп, инвалидов с дет-

ства, детей-инвалидов, приравненных по 

льготам и гарантиям к участникам и инва-

лидам войны, казахской диаспоры, детей-

сирот и детей, оставшихся без попечения 

родителей. 

Образовательные гранты присужда-

лись в соответствии с баллами ЕНТ и 

комплексного тестирования по специаль-

ностям, языковым отделениям, формам 

обучения. 

В этом году был внедрен механизм кон-

курсного размещения госзаказа среди ву-

зов, причем главным требованием стало 

качество образовательных услуг. В итоге 

из 


148 вузов право на размещение грантов 

получили только 



85 вузов, которые соот-

ветствуют этим строгим критериям. 

Конкурс на одно место составил 2,8 

человека. В числе самых востребованных 

абитуриентами специальностей: «финан-

сы» – 28,8 человека на место, «междуна-

родные отношения» – 19,3, «география» 

– 19,4, «юриспруденция» – 17,8 человека 

на место.

Таким образом, в конкурсе на прису-

ждение 36 046 образовательных грантов 

приняли участие 91 018 абитуриентов. Из 

32 946 выделенных в этом году грантов, 

3075 достались Евразийскому националь-

ному университету. Среди высших учеб-

ных заведений республики ЕНУ им. Л.Н. 

Гумилева лидирует по этому показателю.

Среди первокурсников нашей альма-

матер – 906 обладатель нагрудного знака 

«Алтын белгі» и 132 победителей меж-

дународных и республиканских предмет-

ных олимпиад. К слову, около половины 

из них выбрали экономический и юриди-

ческий факультеты Евразийского нацио-

нального университета им. Л.Н. Гумилева. 

Наибольшее количество грантников в 

этом году поступили на физико-техниче-

ский и филологический факультеты.

Отметим, что с каждым годом коли-

чество и качество знаний абитуриентов, 

выбравших ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, повы-

шается. Так, в 2010 – 2011 учебном году в 

ЕНУ поступило 2 116 обладателей госу-

дарственного гранта. Из них 610 - обла-

датели нагрудного знака «Алтын белгі» и 

130 победителей международных и респу-

бликанских предметных олимпиад.

Зарина АСАНОВА

Мемлекеттік білім гранттарына қол 

жеткізе алмай қалған талапкерлерге Білім 

және ғылым министрлігі жанындағы 

Қаржылық орталықтың кепілдігімен 

оқу ақысын төлеу үшін білім несиесі 

берілетін болды. 

Бұл үшін үміткерлер «БТА банкке»,   

«Халық банкіне» немесе  «Альянс банкке» 

жеке басын куәландыратын құжаттарын, 

 

әлеуметтік жеке код беру туралы уақытша 



куәліктерін және салық төлеу туралы куәлігі 

мен ҰБТ-ның сертификаттарын тапсырула-

ры тиіс. Несие алу туралы өтінішті онлайн-

режимде  www.ya-student.kz порталына да 

жолдауға болады.  

«Халық банкі» мен «БТА банкінен» 

несие алу үшін талапкердің ҰБТ-да жинаған 

ұпайы 50 ден кем болмауы шарт болса, 

«Альянс Банк» бұл көрсеткішті  65 ұпай деп 

белгілепті. Банктердің пайыздық үстемесі де 

әртүрлі. Ол «АльянсБанкте» - 9, «БТА Бан-

кте» - 8, «Халық банкінде» - 12 пайызды 

құрайды.   

Жоғарыдағы талап-тілекке сай болған 

жастарға банктер ЖОО-да білім алу не-

сиесін береді. Несие талапкердің  барлық 

оқу мерзімін қамтуы үшін ізденушілер әр 

тоқсан сайын Қаржылық орталыққа оқу 

үлгерімдерінің жақсы екендігі туралы есеп 

беріп отыруы керек. Несиені өтеу жоғарғы 

оқу орнын тәмамдағанан кейін 6 айдан соң 

басталады. Оған дейін несиенің үстемеақысы 

ғана төленеді. 

Елордадағы белді жоғары оқу орында-

ры бірінші басшыларының басы қосылған 

жиында Қаржылық орталықтың президенті 

Забира Оразалиева:  «Бұл бағдарламаның 

тиімді тұсы Қаржылық орталықтың кепіл-

дігімен берілетіндігінде болып отыр. Яғни, 

талапкерлер банктерге кепілдік қоймайды. 

Тағы бір атап өтерлік мәселе, студенттің оқу 

үлгерімі жақсы болған сайын орталықтың 

кепілдік пайызы арта береді. Мәселен 

«Альянсбанктен» алынатын несие біздің 

кепілдемемізбен 100 пайыз жабылады. Ал 

қалған қаржы ұйымдарының несиесіне 

орталық 90 пайызға дейін кепілдік береді. 

Қалған 10 пайызға оқуға түсіп отырған 

азаматтың ата-анасы не болмаса жақын 

туысы заемшы болады», -десе, Л.Гумилев 

атындағы Еуразия ұлттық университетінің 

ректоры Ерлан Сыдықов: «Білім де өнім, 

оның да құны бар. Ақылы оқу деген бар. 

Оған барлық талапкердің бірдей мүмкіндігі 

жете бермейді. Сондықтан мемлекет, Білім 

және ғылым министрлігі тарапынан студент-

терді әлеуметтік жағынан қорғау мәселесіне 

бағытталған іс-шаралар ұсынып отыр. Соның 

бірі Қаржы орталығы арқылы студенттерге 

несие беру. Бұл әлемдік тәжірибеде кең орын 

алған шара. Өкінішке орай бізде бұл бағыт 

әлі де болса әлсіз жүргізіліп келе жатыр», - 

деді. 

Ректордың айтуынша, ұлттық универси-



тет жаз айларында студенттерді қызметке 

орналастырып, сол арқылы олардың оқу 

ақыларын өтеу мүмкіндіктерін қарастыруда. 

Биыл аталмыш оқу орнына мемлекеттік 

білім грантына ие болған 3 мың талапкер 

қабылданыпты. Бұлардың 1 мыңға жуығы 

«Алтын белгі» иегерлері екен. 

Айта кетейік, мемлекеттік білім грант-

тарын беру жөніндегі республикалық 

комиссияның мәліметінше, биыл 36 мың 

46 адамға мемлекеттік грант бөлінді. Оның 

35 мың 46-сы күндізгі, 1 мыңы сырттай 

оқу бөліміне үлестірілді. Байқауға 91 мың 

18 үміткер қатысты. Нәтижесінде «Ал-

тын белгі» иелеріне - 3003,  халықаралық, 

республикалық олипиадалардың және 

ғылыми жарыстардың жеңімпаздарына - 628, 

спорттық жарыстардың жеңімпаздарына 

- 409, жетім және ата-аналарының 

қамқорлығынсыз   қалған   балаларға - 509, 

ауыл жастарына – 236 сондай-ақ 1-2 топтағы 

мүгедектер мен мүгедек-балаларға – 16594 

және қазақ дипаспорасының өкілдеріне 723 

грант тағайындалды. Бұған қоса дайындық 

бөлімдеріне  - 2275, Назарбаев универси-

тетіне - 500, М. Ломоносов атындағы Мәскеу 

мемлекеттік университетінің Қазақстандағы 

бөлімшесіне – 125, Қ. Яссауи атындағы 

халықаралық қазақ-түрік университетіне – 

200 грант бұйырды.  

Айтпақшы биыл грант бөлу кезінде тех-

ника және технология, ауылшаруашылығы 

және ветеринария салаларына басымдық 

берілді. Ал қаржы, халықаралық қатынастар 

және заңгер мамандықтарына бөлінген 

гранттардың саны аз болды.  



Қанат МАХАМБЕТ

Білім несиесі берілетін болды

Лев Гумилев атындағы Еура-

зия ұлттық университеті мен 

Республикалық ұлан   арасындағы 

іскерлік және әріптестік байланыстар 

жалғасуда. 

Өткен аптада университет ректо-

ры Ерлан Сыдықов бастаған делега-

ция Ұлан сарбаздарының 0112 әскери 

бөлімінің тұрмыс–тіршілігімен танысты. 

Еліміздегі үздік әскери құрылымның 

қолбасшысы-генерал Абай Тасбола-

тов бастаған ұландық офицерлер мен 

сарбаздар қонақтарға арнап арнайы 

алаңда құрметті қарауыл жасақтарының 

ерекше дефилесі /салтанатты саптық 

көрсетілімдер/ мен әскери техникалар 

және қару-жарақ түрлерімен таныстыр-

ды. 


Әріптестік байланыс жалғасуда

Кездесу барысында  әскери бөлім 

кітапханасына оқу орнымыздың арнайы 

қорынан бөлінген екі жүзден артық 

белгілі авторлардың тіл, тарих, руха-

ни байлығымызға арналып жазылған 

көркем және ғылыми туындыларын 

сыйға тартты. 

Сарбаздар алдында сөз сөйлеген 

Ерлан Бәтташұлы еліміздегі  талантты 

жастардың басын қосып, іскерлік пен 

әріптестік байланыс орнатып  отырған 

екі үздік ұжымның мемлекетіміздің 

болашағына жауапты жастарымы-

зды патриоттыққа, терең білім беру 

арқылы саналы азаматтар етіп тәрбиелеу 

бағытында қолға алынып отырған 

жұмыстарының қоғамдық қажеттілігіне 

тоқталды. Тәуелсіздігін алғанына 20 

Оқу ордамыздың жаңа  ректоры Ерлан Сыдықов университеттің 

құрылымдық салаларымен, оқу корпустарының жаңа оқу жылына 

дайындықтарымен танысуын жалғастыруда. Өткен аптада сондай кездесулер 

әскери кафедра, орталық кітапхана, жаңадан пайдалануға берілген тұрғын 

үй кешенінде және ақпараттық баспа үйінде жалғасты. Кездесу барысында 

Ерлан Бәтташұлы құрылым басшыларымен, қызметкерлермен іскерлік әңгіме 

өткізіп, жүргізіп отырған жұмыстарының жай-күйімен жақын танысты. 

Университетіміздің негізгі стратегиялық бағыты сапалы білім беру мен ғылыми 

жұмыстарды дамытуға байланысты мемлекетіміз  қажетті қаржылық   ресурстарды 

толық бөліп отырғандығы, енді соны тиімді пайдалана отырып, факультеттер 

мен кафедралардың, ғылыми-зерттеу орталықтары мен зертханалардың, 

аудиториялардың материалдық-техникалық базаларын заманауи талаптарға сай 

нығайтуға байланысты нақты шаралар белгіленді.                                                                            

жыл толып отырған еліміздің тарихын-

да Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 

мемлекетіміздің саяси-экономикалық, 

мәдени-әлеуметтік жүйесінің 

қалыптасуына қосқан салмақты еңбегі 

жайлы тұжырым жасап, тарихшы ретін-

де өзі жазып шыққан «Дипломатия сал-

танаты» атты кітабын сыйға тартты. 

– Бүгінгі кездесу кейінгі үш жыл-

да арамызда қалыптасқан нәтижелі 

әріптестіктің заңды жалғасы. Осы 

 

бастаманың арқасында игі мақсаттар 



мен көптеген маңызды істер шешімін 

тапты. Еуразия университетінің 

профессор-оқытушылар құрамы мен 

студенттері жауынгерлердің  тұрмыстық 

жағдайларымен танысып, осында 

өткізілген тәрбиелік және мерекелік 

шараларға қатысты. 

- 2011 жылы ЕҰУ-дың Республикалық 

ұландағы және Республикалық  ұланның 

университеттегі күндері өткізілді. Осы-

нау бір тәрбиелік шаралардың өту ба-

рысында жастарымыз елімізге танымал 

саясаттанушы, тарихшы және философ 

ғалымдарымыздың тәлімді дәрістерін 

тыңдады. Ерлан Бәтташұлының келуі-

не байланысты  қарым-қатынасымыз 

бұрынғыдан да нығая береді деген сенім-

деміз, - деді өз сөзінде Республикалық 

ұлан қолбасшысы Абай Тасболатов. 

6-уы ауылдық мектеп түлегі, 10-ы орал-

ман, 14-і республикалық және халықаралық 

олимпиада жеңімпазы, 57-сі «Алтын бел-

гі» иегері. Ерекше атап өтерлік жайт, 

республикалық статистика бойынша грант 

ұтып алған талапкерлер саны жағынан атал-

мыш факультетке қарасты «Жылу энерге-

тика» кафедрасының қазақ бөлімі – 61,1%, 

орыс бөлімі – 51,6% көрсеткішке қол жет-

кізді. 

Физика-техникалық факультетке 504 

грант иегері түссе, оның 5-уі мүгедек жан, 

6-уы ауылдық мектеп түлегі, 16-сы оралман. 

Сонымен қатар 27-сі республикалық және 

халықаралық олимпиада жеңімпазы, 191-і 

«Алтын белгі» иегері. Осы факультеттің    

«Ғарыштық техника және технология-

лар» кафедрасы республикалық статисти-

ка бойынша грант ұтып алған талапкерлер 

саны жағынан қазақ бөлімі бойынша – 53, 

«Ядролық физика» мамандығы бойынша 

қазақ бөлімі – 53,3 және «Жүйелік талдау 

және басқару» мамандығының қазақ бөлімі 

– 56,6 пайызды еншіледі. 



Ақпараттық тех-

нологиялар факультетін  338 грант иегері 

қалапты. Оның ішінде 1 адам мемлекеттік 

жеңілдік бойынша түскен ауылдық мектеп 

түлегі, 2-уі мүгедек жан, 7-уі оралман, 11-і 

республикалық және халықаралық олим-

пиада жеңімпаздары, 49-ы «Алтын белгі» 

иегері. 

Филология факультетіне грантпен 

түскен студенттердің саны – 320. Олардың 

2-уі мүгедек жан, 2-уі ауылдық мектеп 

түлегі, 8-і оралман, 11-і республикалық және 

халықаралық олимпиада жеңімпазы, 11-і 

«Алтын белгі» иегері. Аталмыш факультетке 

қарасты «Шетел филологиясының» (қытай 

тілі) қазақ бөлімі республика бойынша грант 

жеңіп алған талапкерлердің  – 60, орыс бөлімі 

80 пайызын құрады. 



Экономикалық фа-

культетке  жаңа оқу жылында қабылданған 

жалпы грант иегерлерінің саны – 293. Оның 

ішінде 2-уі ауылдық мектеп түлегі, 1-і мүгедек 

жан, 1-і оралман, 10-ы республикалық 

және халықаралық олимпиада жеңімпазы 

ал   189-ы «Алтын белгі» иегері. Ерекше 

атап өтерлік жайт, республикалық статисти-

ка бойынша грант ұтып алған талапкерлер 

саны жағынан аталмыш факультетке қарасты 

«Қаржы» кафедрасының қазақ бөлімі – 50,  

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» 

кафедрасының қазақ бөлімі – 63,3, орыс 

бөлімі – 65, «Туризм» саласының қазақ 

бөлімі – 51,3 пайызды бағындырды. 




  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал