10 наурыз 2015 жыл



жүктеу 411.89 Kb.

бет4/4
Дата16.05.2017
өлшемі411.89 Kb.
1   2   3   4

ж

10 наурыз 2015 жыл

6

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


Ұлттық  бірыңғай  тестілеу  (ҰБТ) 

– орта білімнен кейінгі немесе жоғары 

білім беретін білім беру ұйымдарына 

түсу  емтихандарымен  біріктірілетін, 

жалпы орта білім беру ұйымдарында 

білім  алушыларды  қорытынды  ат-

тестаттау  нысандарының  бірі.  Тес-

тілеу  мақсаты-жоғары  сапалы  білім 

мен  жоғары  білімге  қол  жеткізуде 

әлеуметтік  әділеттілікті  қамтамасыз 

ететін 

оқытудағы 



жетістіктердің 

сыртқы тәуелсіз бағалау жүйесін құру. 

Тестілеудің міндеттері: 

- бірыңғай өлшеу материалдарының 

көмегімен  білім  беру  сапасын 

басқару және мемлекеттік бақылауды 

қамтамасыз ету;

-    білім  беру  сапасын  бағалауда 

әділдік пен нақтылықты көтеру;

-  білім  грантына  қол  жеткзу  үшін 

әлеуметтік  әділеттілікті  қамтамасыз 

ету.


 Биылғы жылы Жәнібек пен Бөкей 

орда  ауданындағы  20  орта    мектеп-

ті  403  түлек  бітірмек.  Мемлекеттік 

сынақты  (ҰБТ)  тапсыру  жылдағыша 

Жәнібектегі  811  ҰБТӨП-те  оздыры-

лады.  Емтихан  пәндер  бойынша 

өзгерістер  жоқ.  Бұрынғыдай  матема-

тика,  оқыту  тілі  (қазақ  мектептерін 

бітірушілер  қазақ  тілі,  орыс  мектеп-

терін бітірушілер орыс тілі), Қазақстан 

тарихы, орыс (қазақ) тілінде оқытатын 

мектептердегі  қазақ  (орыс)  және 

таңдау  бойынша  1(бір)  бейімдік  пән. 

Әрбір  пән  бойынша  тапсырмалар 

саны-25.  ҰБТ-ның  нәтижелері  125 

балдық  жүйе  бойынша  және  жал-

пы  орта  білім  туралы  аттестат  алу 

үшін  бес  балдық  жүйе  бойынша 

бағаланады. 

ҰБТ-ны  өткізу  кезінде  пайдала-

нылатын  тест  мазмұнының  және 

дұрыс  жауаптар  кодын  айқындайтын 

мәліметтер мемлекеттік құпия болып 

табылады.  Балдарды  аттестаттың 

бағаларына ауыстыру мына шкалаға 

сәйкес жүргізіледі:

 Білім беру гранттарын тағайындау 

конкурсына 

қатынасу 

үшін 


балалардың  ең  төменгі  деңгейі  –  50 

балл,  ұлттық  жоғары  оқу  орында-

рына  түсушілер  70  балл,  «Білім», 

«Ауылшаруашылық 

ғылымдары», 

«Ветеринария» 

бағыттарының 

мамандықтар тобына 60 балл, «Жал-

пы  медицина»  мамандығы  бойынша 

65 балл, соның ішінде бейіндік пәннен 

7  балдан  (әрбір  шығармашылық  ем-

тиханнан  10  балдан),  ал  қалған  ҰБТ 

пәндерінен  (оның  ішінде  қазақ  мек-

тептерінде  оқытылатын  орыс  тілі 

мен орыс мектептерінде оқытылатын 

қазақ  тілінен)  4  балдан  кем  болма-

уы  керек.  Бір  пәннен  4  балдан  кем 

алған  жағдайда  талапкер  білім  беру 

гарнттарын  тағайындау  конкурсына 

қатыса  алмайды.  Тестілеу  уақыты-

3,5  астрономиялық  сағат,  яғни  210 

минут.  Биыл  да  еліміздің  ұлттық 

университеттерге  түсу  үшін  шектік 

балл-70.  Олардың  қатарына  Әл-Фа-

раби атындағы Қазақтың ұлттық уни-

верситеті,  Гумилев  атындағы  Еура-

зия  университеті,  Абай  атындағы 

Қазақтың 

мемлекеттік 

ұлттық 


педагогикалық универсиеті, Қазақтың 

ұлттық 


аграрлық 

универсиеті, 

Қ.Сәтпаев атындағы Қазақтың ұлттық 

техникалық университеті, Құрманғазы 

атындағы  Қазақ  ұлттық  консерва-

ториясы,  ұлттық  өнер  университеті, 

Т.Жүргенов  атындағы  Қазақ  ұлттық 

өнер 


академиясы,С.Асфендияров 

атындағы  Қазақ  ұлттық  медицина 

университеті кіреді.                            

ҰБТ-ға  қатысуға  өтініш  қабылдау 

жылдағыдай 10 наурыз – 25 сәууір. Оқу 

орны өтініш қабылдаудан бас тартқан 

жағдайда сізге ҰБТ өткізу пунктіне ба-

рып  беруге  болады.  тестілеу  өткізу 

уақыты  1-15  маусым  аралығында 

жүргізіледі.  ТКТ-ға  (талапкерді  ке-

шенді  тестілеуге)  өтініш  қабылдау  20 

маусым  –  9  шылде.  Шығармашылық 

мамандықтарға  өтініштерді  ЖОО-ның 

қабылдау  комиссиялары  20  маусым-

нан  1  шілдеге  дейін  қабылдайды. 

Шығармашылық 

емтиханды 

2-7 


шілде  аралығында  өздері  таңдаған 

ЖОО-ның  қабылдау  комиссияларын-

да  тапсырады.  Талапкерді  кешен-

ді  тестілеу  17-23  шілде.білім  беру 

гаранттарын 

тағайындау 

конкур-

сына  өтініш  қабылдау  23-31  шілде 



аралығында жүргізіледі. Білім грантын 

тағайындау  1-10  тамыз  аралығында 

өткізіледі. Грант игегерлерінің тізімдері 

жылдағыдай  газет  беттерінде  жария-

ланатын болады.

Тест  тапсыруға  кірер  алдын-

да  талапкерлерді    металл  іздегіш 

арқылы  тексеріп  өткізеді.    ҰБТ  өтіп 

жатқан  кезде  ұялы  байланысты  

сөндіретін  қондырғылары  және  ау-

диторияларда 

бейнебайқағыштар 

пайдаланылатындығы мәлім. ҰБТ-ны 

өткізуге  қатысты талап  қатаң.  Әр  ау-

диторияда  ҚР  БҒМ  бір-екі  өкілі  мін-

детті  түрде  болады.  Оларға  тәртіп 

бұзушыны  өз  шешімімен  аудитори-

ядан  шығарып  жіберуге  өкілеттілік 

берілген. Осының барлығы бақылауды 

күшейту  үшін  және  әрбір  оқушының 

өзінің  әділ  бағасын  алуына  жағдай 

жасау үшін қажет.

Апелляцияға  өтініштерді  беру 

уақыты 


тестілеу 

нәтижелері 

хабарланғаннан  кейін  келесі  күнгі 

сағат  14.00-ге  дейін  бере  алады, 

апелляциялық  комиссия  өтінішті  бір 

тәулік мерзімінде қарайды.

Ереже  бойынша  ҰБТ  кезінде    та-

лапкер  (сөйлессе, бір орыннан екін-

ші  орынға  ауысып  отырса,  емтихан 

материалдарын  басқа  бітірушімен 

ауыстырса,  көшіріп  жазса,  шпаргал-

каларды,    оқулықтарды  және  басқа 

да  әдістемелік  әдебиеттерді,  кальку-

ляторды,  фотоаппаратты,  мобильді  

байланыс    құралдарын    (пейджер, 

ұялы  телефондар,  планшетниктер, 

iPad, iPod, iPone, SmartPhone), ноут-

буктарды,  плейерлерді  аудиторияға 

кіргізіп    және  пайдаланса    және  т.б) 

аудиториядан  шығарылып,  минис-

трлік  өкілі  акт  жасап,  талапкердің 

тест  нәтижесі  жойылады.  Сонымен  

қатар,  тестілеуге  берілген  уақыт 

аяқталған кезде бітіруші емтихан  ма-

териалдарын тапсырудан бас тартқан 

жағдайда,  осы  фактіні  тіркеу  туралы 

акті жасайды.

ҰБТ-2015  тапсырмалар  қорын 

жаңарту (11-жылдық білім беру):

- Логикалық түрдегі тест тапсырма-

лар санының көбеюі;

-  Тест  тапсырмаларына  диаграм-

малар,  суреттер,  кестелер,  сызба-

лар 


(химия, 

математика,физика 

пәндеріне) қосылады.

12-жылдық білім берудегі 12 экспе-

рименталды кластар:

12-жылдық 



білім 

беру 


бағдарламасы негізінде тест тапсыр-

малар қоры құрылады;

Түлектер 



өздерінің 

білім 


деңгейлерін  тексеруге  және  үлгілік 

тест  тапсырмаларымен  танысуға 

мүмкіндік беретін байқау кітапшалары 

тағайындалады.

Биыл  да  біз  мектеп  басшылары 

мен  педагогтары,  ата-аналар  мен 

оқушылары  жалпы  жұртшылық  ҰБТ-

ға дайындықты саналы түрде жүзеге 

асырып,  қалған  аз  уақытты  ұтымды 

пайдаланып, психологиялық тұрғыдан 

дайын болуға ұмтылуы тиіс деп есеп-

тейміз.


Іске  сәт,  ұстаздар,  ата-аналар, 

түлектер!



Айсұлу КАДЫРОВА,

№112 филиал басшысы.

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің  2015 жылғы 

6 наурыздағы  № 32 қаулысына қосымша

2015 жылдың 26 сәуірінде Қазақстан  

Республикасы Президентінің кезектен тыс 

сайлауына Бөкей ордасы ауданы бойынша 

кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін 

шарттық негізінде берілетін үй-жайлардың тізбесі  



Округ атауы

Елді мекен 

атауы

Кездесулер үшін белгіленген орындардың 

мекен жайлары 

1

Сайқын



Сайқын

Т.Жароков көшесі,  2. Аудандық мәдени-демалыс 

орталығының ғимараты

2

Орда



Хан Ордасы

Жәңгір хан көшесі, 37.

Ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

3

Бисен



Бисен

Б.Жәнекешев көшесі, 18.  

Ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

4

Мұратсай



Мұратсай

Абай көшесі, 14. 

Ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

5

Темір Масин



Бөрлі

Б.Ғұбашев көшесі, 7.

Ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

6

Ұялы



Ұялы

Т.Әубәкіров көшесі, 7. 

Ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

7

Саралжын



Саралжын

М.Мәметова көшесі, 19. 

Ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің  2014 жылғы 

10 қыркүйектегі  № 150 қаулысына қосымша

Бөкей ордасы ауданы елді мекендері бойынша 

үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін 

белгіленген орындар туралы

1

Сайқын



Сайқын

Т.Масин, 5

М.Бегалиева, 8

Т.Жароков, 2

Жәрмеңке

№5 үй, (ауылдық клуб ғимаратының алды)

Мәмбет

№10 үй (Мәмбет бастауыш мектебі ғимаратының алды)



Шоңай

№ 15 үй (ауылдық клуб ғимаратының алды)

2

Орда


Хан Ордасы

Жәңгір хан, 37

Қарасу

№4 үй (Қарасу бастауыш мектебі ғимаратының алды)



Үштерек

№14 үй (Үштерек бастауыш мектебі ғимаратының 

алды)

Сейітқали



№4 үй (Алғашық бастауыш мектебі ғимаратының алды)

Макар


№15 үй (ауылдық кітапхана ғимаратының алды)

3

Бисен



Бисен

Б.Жәнекешев, 18

Жиекқұм

№16 үй (ауылдық клуб ғимаратының алды)



Жамбыл

№21 үй (Жамбыл бастауыш мектебі ғимаратының 

алды)

Көктерек


№6а үй (ауылдық клуб ғимаратының алды)

4

Мұратсай



Мұратсай

Абай,14


Әжен

№12 үй (ауылдық клуб ғимаратының алды)

Тайғара

№19 үй (Тайғара бастауыш мектебі ғимаратының алды)



5

Темір 


Масин

Бөрлі


Б.Ғұбашев,7

Тереңқұдық

№8 үй (Тереңқұдық бастауыш мектебі ғимаратының 

алды)


6

Ұялы


Ұялы

Т.Әубәкіров, 7

Кеңой

№17 үй (Кеңой бастауыш мектебі ғимаратының алды)



7

Са-


ралжын

Саралжын


М.Мәметова, 19

Бескөл


№12 үй (ауылдық кітапхана ғимаратының алды)

Аудан 


бойынша 

барлығы


22

24



Округ 

атауы

Елді мекен 

атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру мекен-

жайы (көше атауы, үй №)

«ҰБТ – 2015» 

Дайындығыңды пысықта, талапкер!

Пән



2 (қана 

ғатсыз)


3(қана 

ғат)


4(жақ сы)

5(үздік)


1

Қазақ тілі

0-3

4-13


-13

14-200


21-25

1-25


-25

2

Орыс тілі



0-3

4-13


-13

14-200


21-25

1-25


-25

3

Қазақстан тарихы



0-3

4-13


-13

14-200


21-25

1-25


-25

4

Математика



0-3

4-11


-111

12-19


2-19

-1�


1�

20-25


-25

5

Физика



0-3

4-11


-111

12-19


2-19

-1�


1�

20-25


-25

6

Химия



0-3

4-11


-111

12-19


2-19

-1�


1�

20-25


-25

7

Биология



0-3

4-13


-13

14-200


21-25

-25


8

География

0-3

4-13


-13

14-200


21-25

-25


Дүниежүзі тарихы

0-3

4-13


-13

14-200


21-25

-25


10

Қазақ әдебиеті

0-3

4-13


14-20

21-25


11

Орыс әдебиеті

0-3

4-13


-13

14-200


21-25

-25


12

Ағылшын тілі

0-3

4-13


-13

14-200


21-25

-25


13

Неміс тілі

0-3

4-13


-13

14-200


21-25

-25


14

Француз тілі

0-3

4-13


-13

14-200


21-25

-25


15

Орыс мектеп теріне 

арнал- ған қазақ тілі

0-3


4-11

-111


12-17

18-25


16

Қазақ  мектеп теріне 

арнал-ған орыс тілі

0-3


4-11

-111


12-17

18-25


10 наурыз 2015 жыл

7

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


ЕСКЕ Алу

Сайқын ауылының тұрғыны болған ардақты әке, аяу-

лы ата 

Зайнеден Хожантаевтың өмірден өткеніне жыл 

толуына орай сағына еске аламыз.

Ұрпағың, немерелер алтындарың,

Аймалап отырар ең жинап бәрін.

Тағдырың жеткізбеді бұл күндерге,

Жәннатта болсын әркез ғазиз жаның.



Сағына еске алушылар: ұл-келіні Қалдыбек-

Арайлым, Қуанышбек, немерелері Айқын, 

Жасмина.

* * *


Мұратсай ауылының тұрғыны болған бірімізге сүйікті ұл, бірімізге адал 

жар, арқа сүйер әке 



Ковнев Асхат Орынғалиұлының бақиға аттанғанына 

бір жылдың жүзінен асты. Ардақты жанды сағына еске ала отырып, жатқан 

жерің жарық, топырағың мамық, иманың жолдас болсын дейміз.

Қайыстырып кетті-ау қабырғаны,

Аласұрған көңіл де дамылдады.

Бір жыл өтті өмірден күдер үзіп,

Қайғыдан қара түнек жамылғалы.

Алып кетті бос қылып ортамызды,

Құдайым, қабыл еткей батамызды.

Жанашыр, ағайын-дос, боталарың,

Отырмыз тағы еске ап жоқтағалы.

Еске алушылар: анасы Тұрсын, зайыбы 

Лаура, ұлдары Ералы, Ерхат.

* * *


Сайқын  ауылының  тұрғыны  болған  анамыз 

Оңаталиева  Әсемгүл 

Өтегенқызының  дүние  салғанына  бүгінде  20  жыл. 

Аяулы  жанды  өшпес  сағынышпен  еске  ала  отырып, 

иманың жолдас, жаның пейіште болғай дегіміз келеді.

Көре алмай бұл өмірден еш қызықты,

Ғұмыры анамыздың ерте үзілді.

Қабыл ап, бағыштаған дұғамызды,

О, ана, рухыңмен қолдай жүрші.

Еске алушылар: Аманғалиевтер әулеті, 

қызы Ақмарал, ұл-келіні Арбек-Меңдіғаным

немересі Әсемай.

«2ПТС-4»  тракторының  тіркемесі  сатылады.  Сонымен  қатар  тіркеменің 

және  «МТЗ»  тракторының  (артқы)  жаңа  дөңгелектері,  жаңа  кун  (0,8),  шөп 

бууға  арналған  пресс  (пресс  рулонный),  орақ  (косилка)  та  бар.  Малға  да 

ауыстыруға болады. Анықтама телефондары: 87029344095, 89375360204.

«Бақытты отбасы» 

республикалық жобасы 

аясында аудандық білім 

беру бөлімі әдістемелік 

кабинетінің ұйымдастыруымен 

педагогтың отбасымен 

жұмысы барысында заманауи 

тәсілдерді қалыптастыратын 

«Педагогикалық коучинг немесе 

білім беру саласындағы пози-

тивті психология мәселелері» 

тақырыбында М-С.Бабажанов 

атындағы орта мектеп базасында 

көшпелі семинар-сабақ оздырыл-

ды. 

Оған  мектеп  директорларының 

тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасарла-

ры, сынып жетекшілері және мектеп, 

балабақша  психологтері  қатысып, 

шараны 


отбасылық 

тәрбиелеу 

республикалық орталығының басшы-

сы,  психолог-кеңесші  Матаева  Ал-

тыншаш Түменбайқызы жүргізді.

Бағдарлама маңызды бес тақырып 

бойынша  10  академиялық  сағатқа 

құрылған.  Түске  дейін  «Білім  беру 

жүйесіндегі  коучинг  негіздері  мен 

перспективалары»,  «Қазіргі  заманғы 

отбасы  және  отбасылық  тәрбиелеу 

стильдері. 

Жастар 

арасындағы 



инфантилизмнің 

алдын 


алу 

мәселелері»  тақырыптары  қаралса, 

түсқайта  «Жанжалдар:  алдын  алу 

және  позитивті  реттеу»,  «Зорлық-

зомбылық және буллинг пен моббинг 

зорлықтың  түрлері.  Отбасындағы 

зорлықтың  алдын  алу  мәселелері», 

«Деструктивті  мінез-құлыққа  бейім 

жасөспірімдермен түзету және алдын 

алу  жұмыстарын  жүргізу  кезінде  от-

басымен жұмыс (суицид, діни экстре-

мизм мен аддикцияның алдын алу)» 

тақырыптары теориялық-практикалық 

түрде 


қамтылды. 

Қатысушылар 

психологиялық  тренингтерде  өз  ой-

ларын  белсенділікпен  ортаға  салды. 

Семинар  соңында  қатысушыларға 

отбасылық  тәрбиелеу  институтының 

сертификаттары 

мен 


белсене 

қатысушыларға  «Алғыс  хаттар»  та-

быс етілді.

Н.НАРБОЛОВА,

аудандық әдістемелік 

кабинеттің меңгерушісі.

Жақында  Хан  Ордасы  ауылын-

да  даму  мүмкіндіктері  шектеулі 

балаларға  арналған  «Жұлдызай 

– 2015» Х республикалық балалар 

шығармашылығы 

фестивалінің 

аймақтық кезеңі оздырылды. 

Алдағы  күндерге  үлкен  үмітпен 

қарайтын  мүмкіндіктері  шектеулі 

балаларымыздың  шығармашылығын 

қолдауды  мақсат  еткен  аталмыш 

фестиваль биыл 10-шы рет өткізілгелі 

тұрғанымен  бұрын  ол  тек  сырттай 

жүргізілген-ді.  Тек  2013  жылдан  бас-

тап  өнерпаздарды  жинап,  олардың 

өнерлері көпшілікке паш етілуде. 

Биылғы  жылы  вокал,  хорегра-

фия  бойынша  19  бала  сынға  түссе, 

бейнелеу  өнері,  сәндік-қолданбалы 

шығармашылық  сынды  сырттай 

байқау-көрмеге  24  жұмыс  қойылды. 

Әрине,  қазылар  алқасына  үздіктерді 

анықтау оңайға түспеді. Өйткені, На-

рын құмы әркез өнерлілерімен көпке 

танылған.  Сөйтсе  де,  төрелік  еткен 

облыстық  білім  басқармасының  ин-

клюзивті  білім  беру,  қорғаншылық 

және  қамқоршылық  бөлімінің  бас-

шысы 

Н.Лебедева, 



облыстық 

психологиялық-дәрігерлік-педа-

гогикалық 

кеңес 


меңгерушісі 

Р.Маселова  және  облыстық  «Өркен» 

қосымша  білім  беру  орталығы 

директорының 

орынбасары 

А.Бақытжановалардың 

шешімімен 

фестивальдің  сәуір  айында  өтетін 

облыстық  кезеңіне  «Моя  мама  луч-

шая  на  свете»  әнімен  мәметовалық 

Айжұлдыз 

Исалиева 

(7-сынып), 

«Өзбек» биімен жәнекешевтік Гүлназ 

Қадым  (5-сынып),  құсайыновтықтар 

«Қазақстан» 

әнімен 

Кенжебек 



Орынғалиев  (8  сынып)  және  корей 

халқының  ұлттық  биімен  Перизат 

Темірғалиева  (5  сынып)  ұсынылды. 

Ал,  көрменің  қорытындысы  кейін  ха-

барланады. 

Фестивальге 

қатысушылар 

аудандық  білім беру бөлімінің  Алғыс 

хатымен  марапатталып,  оларға  ес-

керткіш-сыйлықтар да табысталды.



Ақгүл МҰХТАРОВА,

аудандық әдістемелік 

кабинеттің әдіскері.

Сынып сағаты

Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  20  жылдығына  орай  М.Мәметова 

атындағы орта мектептің 7-сыныбында (жетекшісі К.Ізбасарова) «Татулықтың 

тұтқасы  –  бірліктің  белгісі»  атты  сынып  сағаты  өткізілді.  Достық  эстафета-

сы  түрінде  оздырылған  айтулы  шарада  оқушылар  үнді,  корей,  өзбек,  орыс 

ұлттарының ән айту, би билеу, киім кию, сәлемдесу салтын көрсетті. 

Нәтижесінде,  ән  шырқаудан  өзбек,  биден  үнді,  киім  үлгісінен  орыс, 

сәлемдесуден корей халқын сомдаған шәкірттер үздік деп танылып, Мақтау 

қағаздарымен марапатталды.



Р.ХАМЗИНА, 

машықкер.

Газет  жарияланымдарындағы  автор  пікірі  редакцияның 

түпкілікті көзқарасы болып есептелмейді. Редакция оқырман 

хаттарына жауап бермейді, оны қайтармайды. Деректердің 

дәлдігі үшін автор жауапты. 

Мекен-жайымыз:  090200  Батыс  Қазақстан  облысы,  Бөкей 

ордасы ауданы Сайқын ауылы, Ғ.Әзербаев көшесі, 10/1 үй. 

Телефондар: Редактор: 21-5-30 (факс). Тілшілер: 21-8-42

Біздің электронды поштамыз: too-orda@bk.ru

ж белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есеп-

телінеді.

Меншік иесі:

«Жайық Пресс» ЖШС

Бас директор 

Жантас Сафуллин

«Жайық Пресс» ЖШС

Бөкей ордасы филиалы

«Орда жұлдызы» Бөкей ордасы 

аудандық қоғамдық-саяси газетінің 

директор-редакторы:

Бисенов Бауыржан  Махутұлы

Газет  БҚО  Әділет  департа-

менті,  Бөкей  ордасы  аудандық 

Әділет 


басқармасында 

09.01.2012 жылы тіркелген. Тіркеу  

№7-1926-15-ф-л.

Газет  Бөкей  ордасы  аудандық  «Орда 

жұлдызы»  газеті  редакциясында  компью-

терлік әдіспен теріліп, беттелді.

«Жайық  Пресс»  ЖШС  баспаханасында 

басылды. 

Орал қаласы, Мұхит көшесі: 57/1

Газет аптасына 1 рет сейсенбі күні шығады.

Көлемі 2 баспа табақ. Тапсырыс: 12

Таралымы: 1754 дана.

Корректор: Раушан Бақытова. 

Газетті 


есепке 

қою 


тура-

лы  №12259-Г  куәлікті  2012 

жылғы  19  қаңтарда  Қазақстан 

Республикасының  Байланыс  және 

ақпарат  министрлігінің  Ақпарат 

және мұрағат комитеті берген. 

Ойдың  иірімін  бояу  тілінде 

сөйлету арқылы және зергерлік 

бұйымдарымен мектеп даңқын  

аудан,  облыс  көлемінде  та-

нытып  жүрген  ұл-қыздарымыз 

қарым-қабілеттерін тағы да бір 

дәлелдеді. 

Ауданда  өткен  «Абайла 

жолдан,  Жас  Ұлан!»  атты  жол 

ережесіне  байланысты  сырт-

тай  сурет  байқауынан  Пери-

зат  Нұресова  (7  «б»  сынып)  

ІІ  орын  иеленіп,  туындысы 

облысқа  жолданды.  Сурет 

байқауының сырттай кезеңінде 

Ерес  Бекарыстың  (8-сынып) 

теңге  күніне  арналған  «Ақша 

тиыннан  құралады»  туындысы 

да үздік шығып, облыста ІІІ орыннан көрінді. Ал, Мұрат Әжіғалиевтің (10 «а» 

сынып)  «Менің  Қазақстанымдағы  қолөнер»  тақырыбындағы  зергерлік  еңбегі 

ауданда  І  орынға  бағаланып,  облысқа  жіберілді  және  Гүлдана  Нұрболаттың 

(8-сынып) аралас материалдардан жасаған «Сәукелесі» ауданнан ІІІ орынды 

еншіледі. 

Еселі еңбегін, шығармашылық жұмысын осындай дарынды шәкірттер бойы-

на сіңірген «Қылқалам» үйірмесінің жетекшісі Айжан Қарақұлованың қашанда 

қызметі  елеулі.  Төл  мерекесі  қарсаңында  біз  оның  осынау  игілікті  істерін 

көпшілікке паш етуді жөн көрдік.

Ж.ӘУМІШЕВА,

Қ.Сағырбаев атындағы орта мектептің тәлімгері.

Суретте: Е.Бекарыстың облыстан жүлде 

алған туындысы.

Айжан және оның шәкірттері

Балабақша  –  білім  ошағының  бірінші  баспалдағы. 

Өйткені,  мұнда  оздырылатын  әрбір  іс-әрекет  баланың 

ең  қарапайым  жолмен  айналаны  танып-білуіне,  өмірге, 

қоғамға  бейімделуіне  бағытталған.  Ол,  әрине,  ең  алды-

мен  ұстаздардың  білімі  мен  біліктілігіне  байланысты. 

Сондай  жандарға  әріптесім  Гүлнұр  Құттығалиеваны  да 

жатқызуға болады. Жеті жылдан бері былдырлаған бала 

тілін түсініп, олардың пәк жүректеріне жол тауып жүрген 

Гүлнұр Серікқызы қашан да өз ісіне аса жауапкершілікпен 

қарап,  үнемі  шәкірттері  алдына  тиянақты  әзірлікпен  ке-

леді. Жуырда өз тобында ұйымдастырған «Қысқы орманға 

саяхат» атты сабағы да жоғары дәрежеде өтті.

«Ер Төстік» атты бақшаның тәрбиелі баласы,

Алдыменен үлкенге амандасып алады.

Қайырлы таң, апайлар!

Қайырлы таң, достарым!-деп басталған шарада алды-

мен шаттық шеңбері құрылды, қыс мезгіліне байланысты 

жұмбақтар жасырылды, сұрақтар қойылды, ғажайып сер-

гіту сәттері ұйымдастырылып, түрлі ойындар да ойналды. 

Қысқасы,  балалар  да  қысқы  орманда  саяхаттап,  ондағы 

аңдармен танысып, оларға қатысты сұрақтарға жауаптар 

қайтарып, көп нәрсені көңілдеріне тоқыды. Шара соңында 

балғындардың осынау сабақтан алған әсерін бейнелейтін 

смайликтерді  келген  қонақтарға  ұсынуы  да  жиналғандар 

көңілінен шықты.

Балаң  жүрекке  жол  таба  білген  Гүлнұр  Серікқызына 

жұмысың жана берсін дейміз.

Гүлім КАМЕЛОВА,

«Ер Төстік» ясли-бақшасының тәрбиешісі.

Тәрбиеші тәлімі

Семинар

«Бақытты отбасы» жобасы... 



«Жұлдызай – 2015»

Өнерлі өрендер сайысы 



Мамандығы – мақтанышы


1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал