10 наурыз 2015 жыл



жүктеу 411.89 Kb.

бет3/4
Дата16.05.2017
өлшемі411.89 Kb.
1   2   3   4

Сейтек Оразалиевтің  зираты басында

10 наурыз 2015 жыл

4

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


Өңіріміз  табиғи  тосын  апаттардан 

аман  болғанымен,  тұрғындардың 

салғырт-салақтығынан  2014  жылы 

20  өрт  оқиғасы  орын  алыпты.  Жілік-

теп  айтсақ,  8  жеке  қора-жайды,  4 

тұрғын  үйді,  4  моншаны,  1  автокөлік 

пен  1  трактор  тіркемесін  және  1 

мемлекеттік 

мекеменің 

электр 


қазандығын  жалын  шарпыса,  бір 

рет  дала  отқа  оранған.  Олардың  8-

і  іс  тергеу  тәртібімен  аудандық  ішкі 

істер  бөліміне  жолданған.  Өрттен 

зардап  шеккен  адам  жоқ.  Ал,  келген 

материалдық шығын 8 514 000 теңге 

көлемінде.

Табиғи және техногендік сипаттағы 

төтенше 

жағдайлардың 

және 

өрт  оқиғаларының  алдын  алу 



мақсатындағы 

профилактикалық 

шараларға 

тоқталған 

Тұрарбек 

Қайратұлы  былтыр  824  объектіде-

гі  (804-і  тұрғын  үй  секторы,  20-сы 

әлеуметтік-мәдени  сала  нысандары) 

өрт  қауіпсіздігі  ережесінің  сақталуы 

тексерілгенін, 

ережені 

бұзған 


тұлғаларға  хаттама  толтырылып, 

әкімшілік  айыппұлға  тартылғанын, 

шешім 

қабылдау 



үшін 

аудан 


әкімшілігіне, аудандық прокуратураға 

бір-бірден,  тиісті  органдар  мен  ме-

кемелерге  4  ұсыныс  жолданғанын 

жеткізіп,  жүргізілген  үгіт-насихат 

жұмыстарын, аудан әкімінің бұйрығы 

негізінде  2-28  ақпан  аралығында 

оздырылған 

«Халықты 

төтенше 

жағдайлар  кезінде  әрекет  етуге 

үйрету»  айлығының  қорытындысын 

тілге тиек етті.

Комиссия  отырысында  аудандық 

білім  бөлімі  басшысы  Е.М.Иманбаев 

«Қайсыбір білім ұяларына автономды 

электр  қуаты  көздерін  алу  жөнінде» 

хабарлама  жасаса,  аудан  әкімінің 

орынбасары  Р.М.Зұлқашев  облысы-

мызда  көктемгі  су  тасқынына  бай-

ланысты  жасалып  жатқан  шаралар-

мен  таныстыра  келіп,  Мұратсай  су 

қоймасының жайын әңгімеледі.

–1961  жылы  салынған  бұл  су 

қоймасының  ұзындығы  1300,  ені  18 

метр.  Негізгі  сиымдылығы  16,3  млн. 

текше  метр.  Соңғы  жылдары  ауа 

райының  құрғақшылықты,  қар  мен 

жаңбырдың  аз  болуы  салдарынан 

оған мардымды су түспеуде. Тек жыл 

сайынғы бөлінген қаржыға Жәнібек су 

шаруашылығы  мекемесі  арқылы  ай-

далатын  2-3  млн.  текше  метр  судың 

арқасында  ғана  ұсталып  отыр.  Де-

генмен,  оның  өзі  аздық  етуде.  Егер 

оған  қажетті  мөлшерде  су  жиналса, 

Қарағаш,  сондай-ақ,  Орда  ауылдық 

округіне қарасты «Қопа» көлдеріне су 

жіберуге  мүмкіндік  туып,  өңіріміздің 

экологиялық  жағдайын  жақсартуға 

септігі  тиер  еді,–  деген  Рүстем 

Мүлкайұлы су қоймасы қабырғасымен 

өтетін  көпірдің  авариялық  жағдайын 

мәлім етті. Осы объектілермен  қоса, 

Жәнібектен  келетін  ұзындығы  38 

шақырым КП-16 каналын жөндеу үшін 

қаржы көздерін іздестіруді, су қоймасы 

мен көпірді республикалық бюджетке 

беру жолдарын қарастыруды ұсынды. 

Өзге де ой-пікірлерін ортаға тастады.

Отырысты 

түйіндеген 

Нұрлан 


Сағынтайұлы 

меншік 


нысанына 

қарамастан заңды, жеке тұлғалардың 

қауіпсіздік 

техникасын, 

техника 

қауіпсіздігі  шараларын  бұлжытпай 

орындауы,  техникалық  байқау,  өртке 

қарсы  қызмет  саласы  адамдарының 

да  талапшылдық  танытулары  керек-

тігін баса көрсетті.

«Сақтансаң, сақтармын» дегендей, 

төтенше  жағдай  төрге  озбас  үшін 

қай  кезде  де  қырағылықты  күшейте 

түскен жөн.



К.ҒАЙСИН.

Еліміздің  пошта  байланысы  саласының  бір  топ  қызметкері  өткен 

жылдың  соңында  Қазақстан  Республикасы  Инвестициялар  және  даму 

министрлігінің  бұйрығымен  «Үздік  байланысшы»  атағына  ие  болса, 

олардың  ішінде  Бөкей  Ордасы  аудандық  пошта  байланысы  торабының 

хат тасушысы Хамзина Гүлсара Кәрімқызының да есімі аталған-ды.

Көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі қарсаңында аудандық пошта бай-

ланысы торабы басшысы Мұқанова Гүлнар Бақытқызы арнайы төсбелгі 

мен №085 куәлікті иесіне салтанатты жағдайда табыстады (суретте). «Бұл 

хат  тасушылықта  отыз  жылдан  астам  қызмет  етіп,  тұрғындар  құрметіне 

бөленген  жанның  еңбегіне  берілген  әділ  баға»,-десті  әріптестері  де 

ризашылық сезіммен.

–Мерекеңіз құтты болып, мерейіңіз асқақтай берсін, Гүлсара!

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.

Жақында М-С.Бабажанов 

атындағы орта мектепте 

аудандық туризм және экология 

орталығының ұйымдастыруымен 

«Жайық толқыны» атты өлкетану 

фестивалі болып өтті.

Оқушыларды  қазақстандық  патриотизмге 

баулып,  салт-дәстүр,  мәдениетті  дәріптеуге 

негізделген  айтулы  шараның  ашылу  сал-

танатында  «Нұр  Отан»  партиясы  аудандық 

филиалы  төрағасының  бірінші  орынбасары 

Т.Арыстанбеков,  білім  беру  бөлімі  әдістемелік 

кабинеті меңгерушісі Н.Нарболова жүрекжарды 

лебіздерін балғын шәкірттерге арнады.

Қазақ  хандығының  550,  Ұлы  Жеңістің  70, 

Қазақстан Конституциясы мен Қазақстан халқы 

Ассамблеясының  20  жылдығы  сынды  атау-

лы даталарға арналған шарада 13 пен 15 жас 

аралығындағы  57  талапкер  «Жас  суретші», 

«Жас  қалам»,  «Жас  ақын»,  «Жас  шебер», 

«Жас талант» және «Жас костюмер» бөлімдері 

бойынша  қабілет-қарымдарын  байқатты.  Су-

ретшілер  шеберханасында  үміткерлер  әртүрлі 

материалдардан  Ұлы  Жеңістің  70  жылдығына 

орай  әзірлеген  еңбектерін  ұсынса,  «Жас 

қалам»,  «Жас  ақын»  бөлімдерінде  алды-

мен  байқауға  қатысушылар  өз  туындыларын 

мәнерлеп оқып, екінші кезеңде шектеулі уақыт 

ішінде  жас  ақындар  «Мен  бөкейлік  ұланмын!» 

тақырыбында  өлең  шығарып,  балаң  жазушы-

лар  «Жәңгір  ханның  жасампаз  ұланы»  атты 

шығармаларын  көпке  паш  етті.  Сондай-ақ, 

«Бабалар мұрасы – киіз үй» атты  бөлімде жас 

шеберлер өз қолдарымен жасаған әрі ұмытыла 

бастаған көне қолөнер (кесте, теріден, жүннен 

істелген)  бұйымдарын  көрсетті.  «Жас  костю-

мер» бөлімінде олар Қазақстан халқы Ассамб-

леясы жылы аясында ұлттық костюм үлгілерін 

көрермендер назарына ұсынды.

Әрине,  жүзден  жүйріктерді  анықтайтын 

қазылар  алқасы  назарынан  оқушылардың 

Комиссия отырысы

Төтенше жағдай төрге озбасын



Төтенше жағдайлар 

жөніндегі аудандық 

комиссияның жақында 

оздырылған отырысында 

ауданымыздың төтенше 

жағдайлар бөлімі бас-

шысы Т.Қ.Апақаевтың 

«Төтенше жағдайлардың 

алдын алу бойынша 

өткен жылы атқарылған 

жұмыстар және 2015 

жылғы міндеттер туралы» 

баяндамасы тыңдалып, 

талқыланды. Оны аудан 

әкімі Н.С.Рахымжанов 

жүргізді.

«Үздік байланысшы»

Хат тасушы 

мерейі


Талаптыға нұр жауар

«Жайық толқыны»



өнерлі өрендерге өріс сыйлады

шығармашылық  идеясын  жүзеге  асыруға 

ұмтылысы  да  тыс  қалған  жоқ.  Өлең  мен 

шығарма  жазуға  бағыт  алған  балғын  та-

лапкерлерде  ізденіс,  көп  оқу  жағы  кемшін 

түсіп  жатқаны,  өлеңге  үстірт  қараушылығы  

аңғарылды.  Өлең  салмағын  сезіну  үшін 

классикалық  шығармаларды  көп  оқудың 

оң  нәтиже  берерін  ескерткіміз  келеді.  Бір 

қуантарлығы,  «Жас  таланттар»  бөліміне 

барлық  қатысушылардың  да  тың  әзірлікпен 

келгені.  Онда  балғын  өнерпаздар  «Қазақ 

хандығына  550  жыл»  тақырыбын  мейлін-

ше  ашуға  тырысқан.  Әр  мектептен  келген 

қабілетті  шәкірттер  сахналаған  қойылымдар 

көпшілікті сүйсінтті. Драма жанрын әртістік ше-

берлікпен жеткізген сағырбаевтықтар 1 орын-

ды жеңіп алды. Сондай-ақ, М.Мәметова және  

М-С.Бабажанов  атындағы  орта  мектеп 

ұжымдары  да  жоғары  деңгейден  көрініп, 

ІІ,  ІІІ  орындарды  иеленді.  Мұнда  жекеле-

ген  өнерпаздар:  Досжан  Ғайсин,  Төлеген 

Бақдәулет  (Қ.Сағырбаев  атындағы  орта  мек-

теп), Абзал Ермекқалиев, Ерназар Ханафиянов 

(М.Мәметова), Әлихан Әлішев, Еламан Қазиев, 

Бақытжан  Ахмедияровтар  (М-С.Бабажанов) 

өзіндік қабілеттерімен дараланды. «Жас қалам» 

номинациясы бойынша шәкірлік Бекзада Ерна-

зарова сәтті туындылары үшін І орынға лайық 

деп  танылса,  мәншүктік  Жұлдыз  Тілекқызы 

ІІ, жәңгірхандық Еламан Қуанышбаев ІІІ орын 

алды.  «Жас  ақын»  номинациясы  бойынша 

Аяжан  Жұмасбаева  (Б.Жәнекешев)  І,  Саягүл 

Аннасова  (Ш.Жексенбаев)  ІІ,  Ернұр  Есімов 

(М-С.Бабажанов)  пен  Асхат  Өтеуғалиевтер 

(Қ.Сағырбаев) ІІІ орынды өзара бөлісті. «Жас 

суретші»  номинациясында  Диана  Рафхатова 

(М.Бегалиева)  І  орынды  жеңіп  алды.  Әдемі 

Жексенбаева  (М-С.Бабажанов)  мен  Милана 

Шәмелова  (Жәңгір  хан)  ІІ  орыннан  көрінді. 

Ал, Ерес Бекарыс (Қ.Сағырбаев) пен Қуандық 

Мұхатов (МТТО) ІІІ орынды еншіледі. Сондай-

ақ,  «Жас  шебер»  бөлімінде  Диана  Шәмелова 

(Жәңгір хан) І, Дана Нәсіпқалиева (Қ.Сағырбаев) 

ІІ,  Азамат  Фатхоллин  (М.Мәметова)  ІІІ  орын-

дарды иеленді. Фестивальдің «Жас костюмер» 

бөлімінде  Айгерім  Ишанова  (МТТО)  І  орын, 

Әсемгүл  Бекенова  (М.Мәметова)  мен  Айза-

да  Камалова  (М.Мәметова)  және  Жангүлім 

Меңдібай  (М-С.Бабажанов)  ІІ,  Найля  Ербо-

латова  (Жәңгір  хан)  мен  Диана  Шәмелова 

(Жәңгір хан), Айтоты Қадерова (Б.Жәнекешев), 

Саламат  Ғиниятов  (Б.Жәнекешев)  ІІІ  орынды 

қанағат етті.

Балалар  мен  жасөспірімдер  туризмі  және 

экология  орталығының  директоры  Кенжебек 

Құрмашев  қорытынды  сөз  сөйлеп,  аудандық 

әдістемелік кабинет меңгерушісі Нәйлягүл Нар-

болова  жүлделі  орын  алған  талапкерлердің 

жетекшілерін  «Алғыс  хатпен»  марапаттады. 

Алдыңғы  лектен  көрінген  шәкірттерге  мақтау 

қағаздары мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

«Жайық  толқыны»  өлкетану  фестивалінің 

соңы 


көпшілікті 

серпілткен 

драмалық 

қойылымдармен аяқталды.



Гүлнар ҚАДЫРОВА.

10 наурыз 2015 жыл

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


Аудан әкімдігінің қаулысы

Бөкей ордасы ауданы бойынша 2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен 

оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы 

қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Сайқын ауылы                №7             16 қаңтар, 2015 жыл

Әділет  органдарының  міндетіне  жылжымайтын  мүлікке  құқықтарды  тір-

кеу  және  осы  қатынастарды  реттеуге  бағытталған  заңдар  мен  нормативтік-

құқықтық  актілерді  түсіндіру  де  жатады.  Бөкей  Ордасы  ауданының  әділет 

басқармасы  да  өз  тарапынан  жылжымайтын  мүлікке  құқықтарды  тіркеу  ба-

рысында  туындайтын  құқық  бұзушылықтың  алдын  алу  мақсатында  «Орда 

жұлдызына» мақалалар жолдап тұрады. Соған қарамастан, жер учаскелерін, 

ғимараттарын, құрылыстарын тіркету мерзімін бұзу әлі де орын алуда. Мыса-

лы, өткен жылы Ұялы ауылдық округінің «Қуанышбек», «Мейрамбек» шаруа 

қожалықтары, ал, ағымдағы жыл басталмастан Т.Масин ауылдық округінің А. 

деген тұрғыны салынған тұрғын үйінің тіркету мерзімін сақтамай, әкімшілік жа-

уапкершілікке тартылды.

Қазақстан  Республикасының  2007  жылғы  26  шілдедегі  «Жылжымайтын 

мүлікке  құқықтарды  мемлекеттік  тіркеу  туралы»  Заңының  9-бабына  сәйкес, 

жеке  немесе  заңды  тұлғалар  нотариалдық  куәландырылған  шарттарын,  сот 

шешімдерін,  өзге  де  құқық  белгілейтін  құжаттарын  (мемлекеттік  жер  актісі, 

техникалық паспорты) берілген күннен бастап 6 айдан кешіктірмей аудандық 

халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы әділет басқармасына мемлекеттік 

тіркеуге өтінішпен жүгінуі тиіс. Егер жеке және заңды тұлғалар белгіленген мер-

зімді  бұзған  болса,  Қазақстан  Республикасының  әкімшілік  құқық  бұзушылық 

кодексінің  460-бабымен  жауапкершілікке  тартылады.  Яғни,  жеке  тұлғаларға 

10 айлық есептік көрсеткіш (19 820тг.), ал, заңды тұлғаларға 20 айлық есептік 

көрсеткіш (39 640тг.) мөлшерінде айыппұл салынады.

Осыған  орай,  жылжымайтын  мүлікке  құқықтарын  тіркемеген  жеке  немесе 

заңды тұлғалар, шаруа қожалықтары міндетті түрде аудандық халыққа қызмет 

көрсету  орталығына  келіп,  мемлекеттік  тіркеуге  өтініш  білдіруі  қажеттігін 

тұрғындар қаперіне береміз.

Асхат АТАЕВ,

аудандық әділет басқармасының басшысы.

Бұрын-соңды  араласпағанмен  бір  көшенің  бойында 

тұратындықтан  апайды  танитынмын.  Қарты  Қалакөшев 

Елемес марқұмның М.Мәметова атындағы совхозда қой 

баққанынан да хабардармын. Сондықтан да кездескенде 

сәлемдесіп тұрамыз.

–  Газетке  мақала  деп,  мақала  да  емес,  тәртіп 

сақшыларына ризашылығымды білдірейін деп едім. Жөні 

қалай болар екен?-деп сұрады кеше ұшырасқанымда Ма-

рия апай (фамилиясы Қайрошева).

–  Алғыс  айту  болса,  ол  ақылы,  -  дедім.  –  Редакцияға 

жазып апарып, бухгалтерге ақшасын төлейсіз. Қалғанын 

өздері қатырады.

–  Қағазға  түсіретін  бізде  сауат  та  кем.  Азын-аулық 

зейнетақымызға  көзалартып  қайтесіздер.  Мен  саған  ай-

тайын, өзің жаза салсаңшы...

Бұрын  «моя  милиция,  меня  бережет»  деп  әндетіп 

жүретін  тұрғындар  қызыл  жағалылар  полиция  атанғалы 

жылы  лебізді  сиреткендей  еді.  Жоғарыдағылар  да 

сақшылар қызметіне төл мерекелерінде ғана назар ауда-

ратындай. Ережені, тәртіпті бұзатындардың, әрине, олар-

ды жаратпайтыны шындық. Қарапайым жандардың ниеті 

таза. Қолындағы баласы әскерге кеткен соң үйдегі әйел-

балашағаны  басынғандары  ма,  біреулер  түн  ішінде  Ма-

рия апайдың ауласына түсіп, моншадағы бак пен шөгенін 

үптеп кетіпті.

– Моншаға кілт салмайтын ба едіңіз?

–  Құлып  дегенді  білмейтін,  өзгенің  затына  тимейтін 

қазақтың ұрпағы емеспіз бе? Тексіздік жайласа не шара, 

құлпыңды да бұзады.

– Полицияға шағымдандыңыздар ма?

– Иә, солар ғой, ұрыларды ұзатпай ұстап, алып келген. 

«Алдыңа  келсе,  атаңның  құнын  кеш»  деген,  әлгілерге 

кешірім беріп, біраз ақылымды айттым. Тәртіп сақшылары 

Жангелді мен Қажыбайға ризашылығымды білдірдім.

Апайдан  ұрылардың  аты-жөнін  сұрағанымызда: 

«Қайтесің,  соларды.  Естері  болса,  енді  қайталамас. 

Одан да жедел қимыл танытып, ұрлықты ашқан полиция 

қызметкерлерін дәріптесеңіздер,-деді.

Ол  ұрылар  алыстан  келмегені  айқын.  Осы  ауылдың 

ұлдары. «Ұлың ұры екен» десе, ауылдастың талағы тарс 

айрылары хақ. Бірақ, шындығы сол. Егер ұялса, намысы 

болса,  ата-анасы  баласына  жөнді  тәрбие  берсін.  Бере 

алмаса,  шындықты  мойындап,  тиісті  орындардан  көмек 

сұрасын. Біздің де міндетіміз болған жайды бүге-шігесіне 

дейін баяндап, біреуді қаралау емес,  алыстан ұры кел-

мейтінін хабарлау ғана.

К.ҒАЙСИН.

Еліміз  дамып,  халықтың  тұрмысы  көтерілгенімен, 

қылмыстың  саны  онша  кемімей  отыр.  Тіпті  оның  жаңа 

түрлері  пайда  болуда  десек  артық  болмас.  Соның  бірі 

– алаяқтық. Көбіне қалалық жерде болатын бұл қылмыс 

біздің ауданымызда да көрініс бере бастапты. Мысалы: Б. 

есімді азаматша К. есімді азаматшадан Орал қаласындағы 

студент баласының емтиханына көмектесемін деп 155 000 

теңге алып, өз қажетіне жұмсаған. Аталған факті бойын-

ша  қылмыстық  іс  қозғалып,  сотта  қаралды.  Келтірілген 

залалдың  өндірілуіне  және  тараптардың  бітімгершілікке 

келуіне байланысты іс қысқартылды.

Сондықтан аудандық прокуратура азаматтарға ерекше 

сақтық  танытуды  және  алаяқтардың  құрған  қақпанына 

түсіп  қалмауды  ескертеді.  Егер  ондай  әрекеттерді 

байқасаңыз, аудандық прокуратурадағы 21-2-68 телефо-

нына шұғыл қоңырау шалыңыз.

Р.ШӘКІРЖАНОВ, 

аудан прокурорының аға көмекшісі

2-ші сыныпты заңгер.

Мемлекеттік 

қызметкерлер назарына

 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 

Заңына  сәйкес  мемқызметкерлер  2014  жылғы  табыс  және  мүлік  салығы 

жөніндегі  декларация  (Н-230.00)  мен  қосымшаларды  31  наурызға  дейін 

аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына табыс етулері қажет.

Декларацияны  келу  тәртібімен,  пошта  арқылы  (хабарламасы  бар  тапсы-

рыс хатпен) немесе электронды түрде тапсыруларына болады. Тиімдісі жеке 

«Салық төлеушінің кабинеті» арқылы www.salyk.kz сайтына виртуалды жолдау. 

Интернет болмаған жағдайда, салық органындағы «салық төлеуші терминалын» 

қолдануға болады. Декларацияны электронды жіберудің артықшылықтары:

–  өзіне  ыңғайлы  орында  салық  есептілігін  қарау  және  декларацияны 

тапсырғаны жөнінде анықтама қағазын алу;

– жұмыс уақытын үнемдеу.

Электронды  табыс  ету  үшін  мемқызметкерлер  тұрғылықты  жері  бойын-

ша  салық  органынан  электрондық  криптографикалық  кілт  алып,  сайтта 

көрсетілген  ережелерге  сай  декларацияны  толтырып  жіберуі  керек.  Элект-

ронды сандық қолтаңбасы (ЭСҚ) бар қызметкерлер оның қолданылу мерзімін 

тексеріп, уақыты аяқталған жағдайда ауыстыруы тиіс.



А.ӨТЕШҚАЛИЕВА,

аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының «Ақпараттарды 

қабылдау және өңдеу орталығы»  бөлімінің басшысы.

Қазақстан судьяларының VΙ съезін-

де Елбасымыз Н.Назарбаев әділ сот 

төрелігінің  халықтың  барлық  жіктері 

үшін  қолжетімді  болуын  қамтамасыз 

етуді, бұл істе электронды ресурстар-

ды  кеңінен  пайдалануды  тапсырған 

болатын. Осы орайда, Жоғарғы сотта 

интернет-ресурс  арқылы  азаматтар 

мен ұйымдардың  сот органдарымен 

электронды  түрде  байланысуының 

жаңа  жобалары  таныстырылды. 

Сотқа  ісі  түскен  тұрғындар  енді  сот 

ғимаратына  бармай-ақ,  «Сот  каби-

неті»  жобасы  арқылы  біраз  жәйтке 

қол жеткізеді. Электрондық қызметке 

жүгінушілер  өтініш,  арыз,  шағым 

және электрондық түрдегі өтінімдерді 

әзірлеу  және  беру,  мемлекеттік 

алымдарды  онлайн  түрінде  төлеу, 

деректерді  сақтау  мен  біріктірудің 

қауіпсіздігі  сияқты  жұмыстарды  іске 

асыра алады. «Сот кабинеті» сервисі 

сот өндірісін жеңілдетуге, сондай-ақ, 

сот жүйесінің жеңілдігін, қолжетімділігі 

мен  ашықтығын  қамтамасыз  етуге 

бағытталған. 

Аудан  тұрғындарының  аудандық 

халыққа  қызмет  көрсету  орталығы 

арқылы электронды түрде қол қоюға 

мүмкіндік 

беретін 


электрондық-

цифрлық  қолтаңбаны  иеленіп,  сол 

арқылы  барлық  құжатқа  электрон-

ды  түрде  қол  қойып,  «Сот  кабинеті» 

жобасы  арқылы  электронды  сканер-

ден  өткен  құжаттарын  үйінен  жібе-

ре  алады.  Арызданушы  және  сотқа 

қатысушы адамдар өздеріне ыңғайлы 

кез келген уақытта сот құжатын қарап, 

істің  тарихымен  танысады,  қажет 

етсе, сот актісін басып шығарады.

Осылайша,  «Сот  кабинеті»  элек-

тронды 

қызметін 



пайдаланады. 

Бұл  жоба  аудан  орталығынан  алыс 

тұратын  тұрғындарға  өте  ыңғайлы 

және  үнемді.  Оны  сот  органдарының 

электрондық сервисіне кіруге арналған 

бірыңғай терезе десе болады.



Асхат АМАНОВ, 

аудандық соттың 

бас маманы, 

сот отырысының хатшысы.

Руководствуясь Законами Республики Казахстан от 23 

января 2001 года «О местном государственном управле-

нии  и  самоуправлении  в  Республике  Казахстан»,  от  27 

июля 2007 года «Об образовании», акимат района ПОС-

ТАНОВЛЯЕТ:

1.  Утвердить  прилагаемый  государственный  образо-

вательный заказ на дошкольное воспитание и обучение, 

размер подушевого финансирования и родительской пла-

ты на 2015 год по Бокейординскому району.

2. Государственному учреждению «Аппарат акима Бо-

кейординского  района»  обеспечить  государственную  ре-

гистрацию настоящего постановления в органах юстиции, 

его  официальное  опубликование  в  информационно-пра-

вовой системе «Әділет» и в средствах массовой инфор-

мации.


3. Контроль за исполнением настоящего постановления 

возложить на заместителя акима района Кайргалиеву Л.Т.

4.  Настоящее  постановление  вводится  в  действие  со 

дня первого официального опубликования.



Аким района Н.Рахимжанов

(Продолжение следует)

«Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекет-

тік  басқару  және  өзін-өзі  басқару  туралы»  2001  жылғы 

23 қаңтардағы, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі 

Қазақстан  Республикасының  Заңдарын  басшылыққа  ала 

отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  Қоса  беріліп  отырған  Бөкей  ордасы  ауданы  бойын-

ша 2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мем-

лекеттік  білім  беру  тапсырысы,  жан  басына  шаққандағы 

қаржыландыру  және  ата-ананың  ақы  төлеу  мөлшері 

бекітілсін.

2. «Бөкей ордасы ауданы әкімінің аппараты» мемлекет-

тік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемле-

кеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 

және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жари-

ялануын қамтамасыз етсін.

3.  Осы  қаулының  орындалуын  бақылау  аудан  әкімінің 

орынбасары Л.Т.Қайырғалиеваға жүктелсін.  

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бас-

тап қолданысқа енгізіледі. 



Аудан әкімі Н.Рахымжанов.

(Жалғасы бар).

Постановление районного акимата



Об утверждении государственного образовательного заказа на

 дошкольное воспитание и обучение, размера подушевого финансирова-

ния и родительской платы на 2015 год по Бокейординскому району

Село Сайхин                  №7                  16 январь, 2015 год

Ұят


-ай!

Бак ұрлаған жігіттер...

Жирен жаман әдеттен

Алаяқ аяқ астында, абайла! 

Сала басшысы сөз алады

Мүлікті тіркету тәртібін сақта!  

Маман түсіндірмесі

Сот кабинеті: ыңғайлы және үнемді




1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал