10 наурыз 2015 жыл



жүктеу 411.89 Kb.

бет2/4
Дата16.05.2017
өлшемі411.89 Kb.
1   2   3   4

10 наурыз 2015 жыл

2

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


Еліміз  Ұлы  Отан  соғысындағы  Жеңістің 

70  жылдығын  лайықты  атап  өту  жөніндегі 

дайындық үстінде. Қалай болғанда да бұл соғыс 

әркімнің  басына  қиындық  әкеліп,  тағдырына 

тікелей  әсер  еткені  анық.  Мен  Ұлы  Отан 

соғысына  қатысқан  майдангердің  қызымын. 

Маған  осыдан  бес  жыл  бұрын  Қазақстан  мен 

Ресей  елдері  Президенттерінің  ынталылық 

танытуымен  іске  асқан  «Жеңіс  пойызы» 

жолаушыларының қатарында 100 және 101-ші 

атқыштар бригадаларының ерлік жасаған жер-

лерін көріп, Ржев қаласында болудың сәті түсті. 

Келе  жатқан  жолаушылар  түгелге  жуық  сол 

соғыстың  көзі  тірі  ардагерлері  мен  онда  қаза 

болған  боздақтардың  ұрпақтары  еді.  Жүйіткіп 

келе жатқан пойыз доңғалақтарының дүрсілі сол 

қиян-кескі соғыстың дүлей көріністерін елестетіп, 

мұңға  бөлейді.  Олар  мыңдаған  адамдардың 

құрбандығымен  келген  Жеңіс  қаншалықты 

қымбатқа түскенін еске алды. Бұл сапар бейбіт 

өмір үшін, жас ұрпақтың болашағы үшін жанын 

пида еткен Отан қорғаушыларының алдындағы 

борышымызды қайыра ойға салғандай. Біз мін-

ген «Жеңіс пойызы» жерлестеріміздің ерлікпен 

шайқасып, құрбан болған жері – Ржев қаласына 

келе  жатты.  Сол  бір  кескілескен  ұрыста  жан 

алысып-жан  беріскен  боздақтар  басына 

мемориалдық  кешен  орнатылыпты.  Кешеннің 

бір  қабырғасы  Қазақстанда  жасақталған  100 

және 101-ші атқыштар бригада жауынгерлеріне 

арналған.

Батыс Қазақстан облысынан «Жеңіс пойызы» 

делегациясының  құрамында  101-ші  атқыштар 

бригадасының  жауынгері  Есен  Есмұқашевтың 

қызы  мен  де  болдым.  Соғыс  күркірі  баяғыда 

басылғанымен,  сұрапыл  шайқастар  еріксіз 

еске  түсіп,  көңіл  толқынысын  сыртқа  теп-

ті.  Соның  әсерінен  қайғы  мен  қуаныш  және 

мақтаныш  сезімімен  аралас  келген  көз  жасын 

«Жеңіс пойызы»



немесе Ржев қаласына сапар

Ұлы  Жеңістің  70  жылдығы  Отан  үшін  от 

кешкендердің ұрпақтарына үлкен қозғалыс 

туғызып  отыр.  Осы  тұрғыда  іздеу  салу 

көбейді.  Біреулер  әкесі  туралы  мәліметті 

әскери  мұрағаттардан  сұрастырып,  та-

уып жатса, енді біреулері оның жерленген 

жерін  анықтап,  басына  барып  тәу  етуде. 

Үшінші біреулері осы тақырыпқа хат жазып, 

мақала  жолдап,  естеліктерімен  бөлісуде. 

Олар  мерзімді  баспасөз  беттерінде  жарық 

көріп те жатыр. Жуырда сондай бір хат пен 

мақала  аудан  әкімі  Нұрлан  Сағынтайұлы 

Рахымжановтың  атына  келіп  түсіпті.  Орал 

қаласынан жолданған хаттың иесі – Қазақстан Журналистер одағының мүшесі 

Мира Есенқызы Бердіғалиева. Ол 1912 жылы Орда ауданының Жиекқұм ауы-

лында дүниеге келіп, 97 жасында өмірден өткен әкесі Есен Есмұқашевтің 101 

атқыштар бригадасының жауынгері ретінде орыстың ежелгі Ржев қаласын 

азат  ету  шайқасына  қатысқанын  айта  келіп,  осыдан  бес  жыл  турасында 

Ржевке  барған  «Жеңіс  пойызы»  жолаушылары  құрамында  жолсеріктерінің 

аузынан естіген жолжазбаларын жіберіпті. Аудан басшысы ол материалды 

пайдалану үшін редакцияға жолдаған. 

Біз төменде М.Бердіғалиеваның орыс тілінде жазылған сол жолжазбасын 

журналист Амантай Хамзиннің тәржімалауымен газет оқырмандарының на-

зарына ұсынып отырмыз.

қалай  тиярсың.  Орда  ауданында  дүниеге  кел-

ген  әкем  Есен  Есмұқашев  (суретте)  соғысқа 

1941 жылдың қарашасында Ақтөбе қаласынан 

аттанған.  Аға  сержант  шеніндегі  ол  миномет-

шілер тобының (расчетының) командирі болып 

тағайындалады. Сол жойқын ұрыстардың бірін-

де ауыр жараланып, оң қолынан айырылған ол 

ауылға қайтарылады. 

Ал,  бейбіт  өмірде  Ақтөбе  облысының  Мар-

тук  аудандық  оқу  бөлімінде  инспектор  болып 

қызмет  етті.  «Жауынгерлік  ерлігі  үшін»,  ІІІ 

дәрежелі  «Даңқ»,  І  дәрежелі  «Отан  соғысы» 

ордендерімен  және  көптеген  медальдармен 

наградтала тұрса да, бізге, балаларына соғыс 

туралы  айтуды  ұнатпайтын.  «Соғысты  қарғыс 

атсын, ұрпақтарымыз оны көрмей-ақ қойсын»,-

дейтін.


...1942  жылдың  26  қарашасында  Ржев 

қаласы  түбінде  «Марс»  атты  жасырын  шарт-

ты  белгімен  кеңес  әскерлерінің  ірі  шабуылы 

басталады.  Оған  Ақтөбе  қаласында  Ақтөбе, 

Гурьев, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыста-

ры  жігіттерінен  жасақталған  101-ші  атқыштар 

бригадасының  жауынгерлері  де  қатысады. 

Олар  кешегі  қатардағы  жұмысшы,  колхозшы, 

қызметші,  коммунист,  комсомолдар  болатын. 

Бригада  құрамының  80  %  қазақтар,  қалғаны 

орыс, украин, өзбектер екен.

Пойызда  101-ші  бригаданың  саяси  жетек-

шісі  болған  соғыс  ардагері  Ізгілік  Дабаев: 

«Соғыс сол бір қаһарлы күндерде қаскөй жауды 

жеңуге көмек еткен адам бойындағы батылдық, 

табандылық, ержүректік сияқты асыл қасиеттер 

қаншалықты  құнды,  қаншалықты  қажет  екенін 

көрсетіп  берді»,-  деп  одан  өзіне  өмірлік  сабақ 

алғанын  әңгіме  етті.  Біз  оның  аузынан  сол 

соғыстың  шынайы  батыры  101-ші  бригаданың 

командирі Мұса Садыбековтің ерлігі туралы көп 

жәйтті  естіп-білдік.  Оның  айтуына  қарағанда, 

Мұса Садыбеков бір емес, бірнеше  рет Батыр 

атағын алуға лайықты жан көрінеді. 

Ізгілік ағаның әңгімесінен үзінді:

«1942  жылдың  қысы  аса  аязды  болды. 

Суықтық  пен  аштықтан  адамдар  әлсіреді. 

Міне,  осы  қиын  жағдайға  қарамастан,  100 

және 101-ші атқыштар бригадалары жауынгер-

лері  немістердің  Ржев  шоқысы  секторындағы 

қорғаныс  шебін  бұзып,  оларды  әрі  шегіндіру 

мақсатында,  100-ші  бригада  «Молодой  Туд» 

деревнясының  бойын  жағалай,  101-ші  бри-

гада  «Мишуково»  және  «Букарево»  селола-

ры  жағынан  шығып,  бір  мезетте  ұрысқа  кірді. 

Қарсыластардың  текетіресі  жарты  жылға  со-

зылды.  Күш  тең  емес,  жау  жағы  әлдеқайда 

басым.  Міне,  осы  жағдайда  біздің  әскер  не-

містер  қорғаныста  жатқан  «Мишуково»  село-

сын  тып-типыл  етіп  жойып  жіберуді  ұйғарды. 

Ржев  шоқысы  секторында  жүргізілген  осынау 

аса  ауыр  шайқаста  қазақстандық  100,  101-ші 

атқыштар бригадалары жауынгерлерінің басым 

көпшілігі қаза болды. «Отты тамұқтан» санаулы 

адам ғана тірі қалды. Міне, осылайша, Отанның 

адал  ұлдары  өз  өмірлерін  құрбан  етуінің 

арқасында кеңес әскерлері майдан шебін алға 

жылжытуға мүмкіндік алды».

Пойыздың  бірсарынды  ырғағы  бірде  ұйқыға 

тартса,  бірде  әңгімеге  тартады.  Жолсерігіміз, 

соғыс  ардагері  Ғайнен  Байкеевтің  ұлы  кезінде 

әкесінен естіген әңгіменің ұшын шығарып, бы-

лайша  баян  етті:  «Қызыләскерлер  бөренеден 

батпақтың  үстіне  ұзындығы  70  шақырым  тіке 

жол  салады.  Нәтижесінде,  жауға  күтпеген 

жерден  шабуылды  бастап  жібереді.  Қиян-кес-

кі  қырғын  шайқас  барысында  қызыләскерлер 

бір  күн  ішінде  Смоленскіні  алады.  Алайда, 

Отанымыздың  жүрегі  –  Москваға  таяу  жерді 

жаудан  қайтарып  алу  жолындағы  мыңдаған 

адамдардың құрбандығымен келген бұл Жеңіс 

аса қымбатқа түседі».

Бізбен  бірге  сапарлас  болған  101-ші  брига-

да  боздақтарының    бірі  сержант  Әбдірайым 

Бегімовтің  келіні  Жақсыгүл  Бекманова  күйеуі 

Сергейдің  әкесінің  қайда  жерленгенін  біле  ал-

май  өткен  жылдың  жазында  дүниеден  өткенін 

айтты. Есесіне атасы жөнінде енді немерелері 

білетін  болды.  Тыңдап  отырсақ,  оның  әңгімесі 

соғыс  тақырыбына  қатысты  көптеген  басқа  да 

кісілердің әңгімесі сияқты қайғылы. 1942 жылы 

Әбдірайым Бегімов ұлы дүниеге келер алдында 

үйіне жолдаған хатында снаряд жарылысынан 

өз  денесімен  қорғап  қалған  қарулас  жолдасы 

Сергейдің  есімін  баласына  беруді  сұрайды. 

Бұл  оның  соңғы  хаты  екен.  Осынау  шаңырақ 

атасы Әбдірайымның есімін қалай қастерлесе, 

орыс  жауынгері  Сергейдің  де  есімін  солай 

қастерлейтін көрінеді.

Отанды  фашист  басқыншыларынан  қорғау 

жолында  бір  мақсатқа  жұмылған  халықтар 

достығының куәсі болған мұндай мысалдар аз 

емес.  Ақтөбелік  Каракуль  (жазуында  солай  – 

ред.) Алниязова ағасы, 101-ші бригаданың жа-

уынгері Төлебай Айдаровты көрмей бойжетіпті. 

Ата-анасының  да  ұлының  Ржев  түбіндегі  ба-

уырластар  зиратына  жерленгенінен  хабарла-

ры  жоқ-ты.  Мемориалдық  тақтадан  ағасының 

есімін  тума-туыстары  арасынан  алғаш  көрген 

Каракуль көңілі босап, көзіне жас алды.



Р.S.  Ржевке  іңірлетіп  жеттік.  Жайлап  ақ 

ұлпа  қылаулап  тұрды.  Неге  екенін  қайдам, 

әлде  ойлағасын  ба  екен,  әйтеуір,  сол  Ржев 

үшін  ұрыста  қаза  болған  боздақтардың  рухы 

бізді  төңіректеп  жүргендей  сезімде  болдық. 

Қайда  барып  тоқтасақ  та,  жерлестеріміздің 

ерлігін  жоғары  бағалаған  ресейлік  ағайындар 

бізге  алғыс  сезімін  білдіріп,  жылы  қабақпен 

қарсы алып жатты.

Мира БЕРДІҒАЛИЕВА,

Қазақстан Журналистер

 одағының мүшесі.

Орал қаласы.

Халықаралық  әйелдер  мерекесі 

қарсаңында  аудан  әкімі  Нұрлан  Ра-

хымжанов  нәзікжандылар  өкілдерін 

қабылдады.  Шақырулы  қонақтармен 

қатар  бұл  салтанатты  жиынға 

аудандағы  мекеме,  қоғамдық  ұйым 

басшылары қатысты.

–Сонау  1910  жылы  Копенгаген-

де  өткен  әйелдердің  халықаралық  ІІ 

конференциясында  Клара  Цеткин  8 

наурыз  күнін  халықаралық  әйелдер 

күні ретінде атауды ұсынған еді. 1897 

жылы Нью-Йоркте әйелдер көтерілісі 

болып,  16  сағаттық  жұмыс  күнін  8 

сағатқа  қысқартып,  жалақыны  да 

ерлермен  теңестірген  8  наурыз  күні 

1975  жылы  Біріккен  Ұлт¬тар  Ұйымы 

ресми түрде қабылдап (Кеңес Одағы 

идеологтарының  ықпалымен),  ол 

бүгінде көптеген елдерде аталуда,-деді 

аудан басшысы Нұрлан Сағынтайұлы 

шуақ  сыйлайтын  көктеммен  келетін 

мерекенің  мән-маңызына  тоқталып. 

Әрі  қашанда  кең  пейіл  қазақ  халқы 

өзге  ұлттарға  құрмет  көрсетуді  ұмыт 

қалдырмайтынын  және  биылғы  жыл 

елімізде  Қазақстан  халқы  Ассамбле-

ясы жылы болып белгілегендігін тілге 

тиек етіп, арамызда жүректері «Менің 

Қазақстаным»  деп  соғатын  өзге  ұлт 

өкілдері  де  қатысып  отырғандығын 

жеткізді.  Мерекелік  қабылдауға  кел-

ген ақжаулықты әженің, асыл ананың, 

аяулы  қарындастың  жетістіктерін  де 

ұмыт  қалдырмаған  аудан  әкімі  пәк 

көңілдің  символындай  болған  ақ  ра-

ушан  гүлді  «Алғыс  хат»  пен    бағалы 

сыйлығымен қоса табыстады.

Өз  кезегінде  салтанатқа  қатысқан 

аудандық  мәслихат  хатшысы  Ербо-

лат  Таңатов,  «Нұр  Отан»  партиясы 

аудандық  филиалы  төрағасының 

бірінші орынбасары Тілеген Арыстан-

беков, аудандық ардагерлер кеңесінің 

төрағасы  Серік  Таңатов,  аудандық 

аурухананың  басшысы  Әділгерей 

Ғаббас,  аудандық  балалар  мен 

жасөспірімдер спорт мектебінің дирек-

торы  Дмитрий  Семилиди,  аудандық 

жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік 

бағдарламалар  бөлімінің  басшысы 

Жанқуат  Еркеғалиев,  аудан  әкімінің 

орынбасары 

Рүстем 

Зұлқашев, 



аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, 

спорт және дене шынықтыру бөлімінің 

басшысы Әлібек Айтқалиев, аудандық 

ішкі саясат бөлімінің басшысы Асқар 

Әжіғалиев, Сайқын ауылдық округінің 

Шуақ боп шашылғандар

Құшақ гүлге толған күн

әкімі 


Бисенбек 

Насимоллиндер 

жылы  лебіздерін  білдіріп,  әйел  заты 

қашанда құрметтеуге лайық десті.

Жәңгір 

хан 


атындағы 

орта 


мектептің  бастауыш  сынып  мұғалімі 

Альфия Аксенова көптің ішінен осы-

нау  құрметке  лайық  деп  тапқаны 

үшін  алғысын  өлең  жолдарымен 

өрнектесе,  сайқындық  зейнеткер 

Анна  Марченко  балалығын  соғыс 

ұрлағанын  баян  етіп,  кіндік  қаны 

тамған  Қазақстаным  өркендесін  дей 

келе,  жиналғандарды  келе  жатқан 

сайлауда 

белсенділік 

танытуға 

шақырды.  Осындай  игі  тілектің  ке-

зегін  аудандық  «Нарын  шуағы» 

әйелдер 

қоғамдық 

бірлестігінің 

төрайымы 

Гүлжан 

Бисекенова, 



зейнеткер-ұстаздар 

мұратсайлық 

Құралай  Әдиева,  бөрлілік  Ғалия 

Мұқашева 

және 

саралжындық 



медбике  Рапш  Өтешева  жалғады. 

Аудан  әкімінің  орынбасары  Лари-

са 

Қайырғалиева 



ауданымызда 

да  еліміздегідей  көп  ұлттар  мекен 

ететінін айтып, татулық-бірліктің кілті 

үйдің ұйытқысы, әйелдердің қолында 

екенін  баса  айтып,  бұдан  былай  да 

ынтымағы жарасқан ел болу жолын-

да жұмыстануға шақырды.

Раушан БАҚЫТОВА.


10 наурыз 2015 жыл

3

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


Нарынның нар ұлдары

Семинар-кеңес

Ежелден Еділ мен Жайық бойын ен жайлаған 

өңірде ерекше із қалдырған дүрбелең оқиғалар, 

ел  қамы  үшін  жанын  жалау  тұтқан  тұлғалар 

хақында  аңызбен  астарлас  ауызша  да,  жаз-

баша  да  деректер  жеткілікті.  Қауым  болып 

қалыптасқаннан  ұлт  болып  ұйысқанға  шейін 

тарихтың  талай  талқысында  мың  өліп,  мың 

тірілген  халқымыздың  өткені  жадыдан  өше 

жаздап,  кешегісі  көмескі  тартқандай  кездерді 

де бастан өткердік. 

Батыс пен Шығыстың арасын жалғап, әлемдік 

өркениет  пен  мәдениеттің  көпіріне  айналған 

біздің  өлкеміз  дәстүрлі  байланыстың  жаңа 

арнасын  тауып,  жандана  түсуде.  Егемен  ел 

шебіндегі  табиғи,  тарихи  байлығы  тұнған,  ХІХ 

ғасырдың  архитектуралық  мұрасы  сақталған, 

көптеген  айтулы  тұлғалардың  Отаны  болған 

Бөкей Ордасын көру, тарихымен танысу, қазақ 

даласындағы  тұңғыштардың  мекені,  алғашқы 

істердің  бастамашысы  атанған  Хан  ордасын-

да  болу  –  көп  адамның  көкейінде  жүрген  ой, 

қала  берді    мақсат.  Өлке  шежіресі  Бөкей  Ор-

дасы  тарихи-музейлік  кешенінде  жинақталса, 

оны арнайы келіп көрушілер  қатары жылдан-

жылға көбейіп, өткені жан-жақты насихатталып 

келеді.  Тіптен  таяу  және  алыс  шет  елдерден 

келіп көрушілер де асқан таңданыс танытуда.

Айта  кетелік,  музейге  келушілер  –  түрлі 

жастағы,  әртүрлі  кәсіптегі  адамдар.  Олардың 

таным  деңгейі  де  әр  қалай  болса,  тарихқа 

көзқарастары  да  әркелкі.  Осындай  ұлт    тари-

хын  дәріптеушілердің  бір  тобы  2009  жылдың 

көктемінде  Атырау  өңірінен  келген  ұлтжанды 

азаматтар  болатын.  Олар  «Теміржолжылу» 

АҚ-ның  президенті  –  Қуат  Есімханов,  мем-

лекеттік  қызмет  жөніндегі  Атырау  облыстық 

тәртіптік  кеңестің  төрағасы  –  Мұхит  Кәрімұлы 

Ізбанов,  «Құралай»  корпорациясының  дирек-

торы  –  Әбдібек  Талапұлы  Бисенов,  Сараптау 

және  сертификаттау  ұлттық  орталығы  АҚ-ның 

Атырау  филиалы  директоры  –  Оразбек  Бек-

тасов Хан Ордасы ауылының көруге тұрарлық 

келбеті  мен  мақтан  етерлік  шежіресіне  разы 

болып,  оны  жерлестеріне  насихаттап,  жеткі-

зетінін айтты. Сондай-ақ, қонақтар Хан сарайы 

музейі коллекциясына Жәңгір хан мен Фатима 

ханым екеуі 1826 жылдың көктемінде  Николай 

патшаның таққа отыру салтанатына қатысқанда 

Фатиманың патшамен билеген сәтін полотноға 

(картинаға)  салдырып  беруге,  Бөкей  Орда 

мен  Атырау  өңіріне  ортақ  тарих  пен  тарихи 

тұлғалар  туралы  мәліметтер  алмасып  тұруға 

уәде еткен-ді. Араға ай салып Мұхит Кәрімұлы 

жанұясымен,  жақын  жолдастарымен  екінші 

рет Ордаға ат басын тіреді. Ата-бабалар рухы-

на  тағзым  етіп,  оларды  кеңірек  білуді  мақсат 

тұтқан  Ізбановтар  әулеті  шетелдердің  әлемге 

танымал музейлерінде, Қазақстанның әйгілі та-

рихи орындарында әлденеше рет болған екен. 

Сондықтан да  іргедегі Хан Ордасын көрмеуді 

өздеріне сын санап, осындағы бабалар рухына 

тәу  етіп,  өлке  тарихымен  танысып,  табиғатын 

тамашалауды жөн көріпті. 

2009  жылдың  9-11  қазанында  Аты-

рау 

қаласында 



облыстық 

Мәдениет 

басқармасы  мен  тарихи-өлкетану  музейінің 

ұйымдастыруымен 

аймақтық 

семинар-


кеңес  оздырылып,  онда  музейлер  жұмысын 

ұйымдастыру  және  музейаралық  мәселелер 

талқыланды.  Осы  семинар-кеңесті  жүргізген 

Мұхит  Кәрімұлы  көпшілікке  Жайық  суын  тең 

ішіп,  Нарын  бойын  жайлаған  атыраулықтар 

мен  батысқазақстандықтарға  ортақ  тарих  пен 

ата-баба шежіресін бірге жинап, кейінгі ұрпаққа 

мұра етуді ұсынды. Жоғарыда аталған Жәңгір 

хан  мен  Фатима  ханымның  балдағы  бейнесі 

кескінделген  полотноны  Бөкей  Ордасы  тари-

хи-музейлік  кешенінің  сол  кездегі  директоры 

марқұм Т.Махимов бастап барған делегацияға 

табыстады.  М.Кәрімұлы  өзі  бас  болып,  се-

минар-кеңеске  қатысушыларды  Махамбет 

бабамыздың  кесенесіне,  көне  Сарайшық  му-

зейіне апарып,  тарихымен таныстырды. Бөкей 

ханның,  оның  рухани  жолдасы  Сейіт  баба 

қорымының басында болғанын  әңгімеледі. 

Бөкей 

Ордасы 


тарихи-музей 

кешені 


қызметкерлері 2009 жылдың желтоқсан айында 

Батыс Қазақстан облысы әкімінің қолдауымен,  

облыстық Мәдениет басқармасының қаржылай 

көмектесуі нәтижесінде Ресей Федерациясы Ас-

трахан мемлекеттік мұрағатында жұмыс жасауға 

қол  жеткізді.  Сапар  барысында  М.Ізбановтың 

кеңесімен бұрынғы Бөкей Ордасының террито-

риясы  болған  Астраханның  Алтынжарындағы 

күйші  Құрманғазы  мен  Қызылжар  ауданы  Кіші 

арал  поселкесіндегі  Бөкей  хан,  Сейіт  баба, 

Атан  ханшаның  жерленген  жерінде  болдық. 

Жәңгір хан  ата-анасының басына Петербургте 

таттанбайтын темірден соқтырған киіз үй пішін-

ді  күмбезді дуал мен Бөкей ханның тәлімгері 

әрі рухани ұстазы болған Сейіт бабаның маза-

рын аралап көрдік.

Бөкей бабамыздың басына ханға лайық бел-

гі  тұрғызуды  бүгінгі  ұрпақтың  парызы  санаған 

Мұхит Кәрімұлы өз ойын қайырымдылығымен 

танылған  атыраулық  кәсіпкерлерге  жеткізеді. 

Бүгінгі  ұрпақ  игілігін  көріп  отырған  Жайық 

суының байлығы, мол мұнай қоры, мал жайы-

лысы Бөкей бабамыз заңдастырып берген мұра. 

Оның  ұсынысын  атыраулық  кәсіпкер  азамат-

тар бірауыздан қолдайды. Жанашыр топқа бас 

болған М.Кәрімұлы  Ресейдегі  Қазақстан елшісі 

Зауытбек  Тұрысбековтың  араласуымен  2010 

жылдың қыркүйегінде Астрахан облысының гу-

бернаторы марқұм А.А.Жилкинмен бірлесіп, өз 

идеясын жүзеге асырады.

Бұл  айтуға  ғана  оңай  көрінгенмен,  іс  бары-

сында  қажетті  материалдарды  Қазақстаннан 

жеткізу, оны шекаралық бекеттен өткізу  жүйелі 

жоспар мен үлкен  жауапкершілікті талап етті. 

Осы жұмыстардың басы-қасында жүрген Мұхит 

Ізбановтың  (суретте)  ұйымдастырушылық  ше-

берлігі мен алғырлығы тағы бір көрініс тапты.

Қазақстан  мен  Ресейдің  мемлекеттік  шека-

расы  шебіндегі  төбеде  12х15м  іргетас  үстіне 

19,5м биіктікте қызыл кірпіштен қаланған Бөкей 

ханның  кесенесі  екі  елдің  мәңгі  достығының 

куәсіндей сонадайдан менмұндалайды. «...Осы-

нау істі бастауға негіз болған Хан Ордасындағы 

Жәңгір кесенесін көргеннен кейін түйген ой еді. 

Ешқандай  қантөгіссіз,  шебер  дипломатиялық 

әдіспен  қазақтарды  Еуропа  аумағындағы 

атақонысына алып келіп, Еділ мен Жайық ара-

сына орда тіккен, сөйтіп, бізді еуразиялықтарға 

айналдырған ұлы ханға осындай керемет кесе-

не тұрғызылғанына қуаныштымын», - деп сөзін 

аяқтаған-ды ол. 

Мемлекеттік  қызметтен  тыс,  жоғарыда 

аталған  ел  тарихын  ұлықтайтын  істер-

ді  азаматтық  парызым  деп  қараған  Мұхит 

Кәрімұлы  сол  сапар  барысында  әйгілі  Мақаш 

правитель,  Ресей  Федерациясы  жеріндегі  күй 

атасы Құрманғазы, Сейіт баба, Бөкей хан, Атан 

ханша  кесенелерінде,  Махамбет  аудандық 

өлкетану 

музейінде, 

Сарайшық 

музей-


қорығында  болуға,  біздің  делегацияға  Атырау 

облыстық  өлкетану  музейі  қызметкерлерімен 

кездесіп,  олармен  ортақ  тарихымыз  жөнінде 

тәжірибе  алмасуға  да  мүмкіндік  жасады. 

Еңбекқор  жан  біздің  келесі  бір  өтінішімізді  де 

құп  алып,  Ресей  Федерациясының  Астрахан 

облысы,  Харабайлы  ауданы,  Хошеутовка 

ауылындағы күйші Сейтектің мәңгі тыныс тапқан 

жерін анықтап, оның күтімсіз қалған зиратының 

қайта  жаңғыртылып,  қабір  ескерткішінің  ашы-

лу  салтанатына  батысқазақстандықтардың  да 

қатысуын  ұйымдастырды.  Таным-білігі  мол 

басшы ресейліктерге күйші тұлғасын танысты-

рып, Сейтектің рухын ұлықтауға бөкейліктердің 

қосқан үлесін мақтан етті. Біз апарған күйшінің 

портреттік  кескінін  және  таспаға  жазылған 

шығармаларын,  т.б.  жазбалай  деректерін  та-

ратты.


      «Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын» 

деген  халық  сөзін  негізге  ала  отырып,  қазақ 

халқының  тарихын,  атадан  балаға  жалғасқан 

ұлттық дәстүрді кейінгі ұрпаққа жалғап жүрген 

ұлтжанды  азаматтың  атқарған  істері  қалай 

дәріптеуге де лайық. Бөкей Ордасы тарихи-му-

зей кешенінің ұсынысымен, аудандық ардагер-

лер кеңесінің қолдауымен, Бөкей Ордасы ауда-

ны әкімінің келісімімен Бөкей Ордасы аудандық 

мәслихаты  сессиясының    23  желтоқсан  2014 

жылғы  №20-4  шешімімен  өңіріміздің  тари-

хын  ұлықтап  жүрген  ұлтжанды  азамат  Мұхит 

Кәрімұлы Ізбановқа Бөкей Ордасы ауданының 

«Құрметті азаматы» атағы берілді. 

Біздің  тілек  елі  мен  жерін,  туған  тарихын 

сүйген  Нарынның  осындай  нар  ұлдарының 

қатары көбейе бергей!

Бақыт ДӘУЛЕТОВА,

Гүлжиян САПАРҒАЛИЕВА,

музей кешенінің ғылыми 

қызметкерлері.  

Елжанды азаматтың ерлік істері

«Еңбегі 

барды 


ел 

құрметтейді»  деген  рас-ау. 

Бұрынғы  «Орда»  кеңшарының 

құрылғанына  жарты ғасыр то-

луына  арналған  мерейтойда 

Бөкей Ордасы тарихи мұражай 

кешенін  аралап  жүрген  сәтте 

өзім  жақсы  танитын  адамның 

фотосуретіне  көзім  түсті.  «Ей, 

мынау  Қойшекен  ғой...»  деген 

сөздің  аузымнан  қалай  шығып 

кеткенін  аңғармай  қалдым. 

Шамасы,  таңданысым  мен 

ризашылық сезімімді тежей ал-

масам керек.

Қойшекен  Ермекқалиев  еке-

уіміз  бір  жылдың  төліміз.  Ұлы 

Отан соғысы басталмастан сәл 

бұрын  дүниеге  келген  біздер 

өткен  жылы  75  жасқа  толдық. 

Балалық 

балдәуренімізді 

соғыс  бұзды.  Тәй-тәй  тұрып, 

жүріп 


кетсімен, 

еңбекке 


араластық.  Мал  қайырудан 

басталған  жұмысымыз,  соқаға 

жегілген  өгізді  жетектеуге, 

шөп  шабуға  ұласты.  Бізбен 

қатарластардың  жастық  шағы 

осылай қалыптасты. Саралжын 

ауылында  туып-өсіп,  сондағы 

жетіжылдық  мектепті  бітірген 

Қойшекен  Жаңақала  меха-

низация  училищесінде  оқып, 

кең  профильді  тракторшы-ма-

шинист  куәлігін  алады.  Сол 

мамандығы  бойынша  зейнет-

керлікке шыққанша Құрманғазы 

атындағы  кеңшарда  істеді. 

Техника  тілін  жетік  меңгеруі, 

еңбекқорлығы 

арқасында 

абыройға  бөленді.  Өңіріндегі 

социалистік  жарыс  жеңімпазы 

белгілері,  медаль,  ордендер 

соның  айғағы.  «Еңбек  даңқы» 

орденінің  екі  дәрежесіне  ие 

болған  ол  ауданымыздың 

«Құрметті азаматы» да.

Қ.Ермекқалиев бұл күнде сол 

Саралжын  ауылында  тұрып 

жатыр.  Зайыбы  Әмина  екеуі 

балаларының  қызығын  көріп 

отыр.  Қариялардың  тілегі  бір 

ғой:  «Ел  аман,  жұрт  тыныш, 

Тәуелсіздігіміз  тұғырлы  бол-

сын, ұрпағымыз Нұрлы жолдан 

таймасын!»



Есенболат ШӘПЕНОВ, 

зейнеткер. 

Бөрлі ауылы.

Замандас келбеті

«Ей, мынау Қойшекен ғой...»



1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал