10 наурыз 2015 жыл



жүктеу 411.89 Kb.

бет1/4
Дата16.05.2017
өлшемі411.89 Kb.
  1   2   3   4

10 наурыз 2015 жыл

8

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


Алланың жолы – ақ жол

Бисен ауылдық округіне қарасты Жиекқұм ауылының 

тұрғыны 

Рысқалиев  Елеусін  Садырұлын  60  жас  ме-

рейтойымен құттықтап, деніне қуат, көңіліне шуақ, ұзақ 

ғұмыр тілейміз.

Өмір-өзен жақсылығын жалғасын,

Тіршілікте сәттіліктер қолдасын.

Жанұямен мақтанамыз қашанда,

Арамызда сіздей әке болғасын.

Игі тілекпен: жұбайы Кенжеғаным, 

қызы Назгүл, ұлы Бекнұр.

*     *    *

Орал  қаласының  тұрғыны  бірімізге  ардақты  балдыз,  бірімізге  қадірлі 

жиен,  енді  бірімізге  қымбатты  бөле 

Мусина  Жансая  Ғалымжанқызын 

туған күнімен құттықтаймыз.

Өмір саған жылылығын арнасын,

Ғұмырыңда мұңды сәттер болмасын.

Денсаулығың мықты болсын әрдайым,

Сырлы сезім жүрегіңе орнасын.

Сый-құрметті берсін Құдай басыңа,

Әрқашанда Қыдыр жүрсін қасыңда.

Еңбегіңнің табысын көр, ақын қыз,

Ұзақ жылдар қосылып тек жасыңа.



Шын жүректен тілек жолдаушылар: апа-жездесі Ағира-

Ханатбек, бөлелері Татухан-Асылгүл, Айша, Ақжол.

*     *    *

Мұратсай 

ауылдық 

округіне 

қарасты 

Әжен 


ауылының  тұрғыны  сүйікті  немере,  сүйкімді  ұл,  адал 

жар,  қайырымды  іні,  қамқор  аға 



Хиясов  Сағындық 

Халиярұлын  жалындаған  25  жасқа  толуымен 

құттықтаймыз.  Денсаулығың  мықты  боп,  отбасыңның 

тірегі,  бауырларыңның  қамқоршысы  болғайсың  дегіміз 

келеді.


Жиырма бес қыран шығатын самғап шыңдарға,

Мойымас тіпті тосыннан келген сындарға.

Тербете білсін жердегі бақыт желкенін,

Жүректің отын ұсынып келер жылдарға.



Игі тілекпен: әжесі Жамиға, ата-анасы Халияр-Майғаным, 

апа-жезделері Райгүл-Ердене, Әсел, Асылғаным-Асылан, 

зайыбы Армангүл, қызы Санжана, бауыры Қуандық.

*     *    *

Сайқын ауылының кішкентай тұрғыны жанұямыздың 

еркесі

 Бауыржан Ақбота Думанқызын 5 жасқа толуы-

мен құттықтаймыз. Оған денің сау, ақылды, инабатты, 

өнерлі болып өс деген тілек айтамыз.

Ақбота деп атыңды,

Аташың қойды, жан ботам.

Иманды бол, арлы бол,

Нұрға толсын айналаң.

Ақ тілекпен: ата-анаң Азамат-Гүлсезім, 

нағашы ата-әжең Амантай-Гүлсара, 

апа-жездең Мейрамгүл-Абай, әпкелерің Рауан, Райхан.

Құттықтаймыз!

Мерекелік  

сый-құрмет

8 наурыз халықаралық әйелдер күні мейрамына орай аудандық мемлекеттік 

кірістер басқармасы басшысы Сағыныш Жадыраев пен салық төлеушілермен 

жұмыс  және  өндіру  бөлімінің  басшысы  Мұрат  Таңатов  қос  әже  Үнзила 

Сұлтанғалиева мен Ұлғаным Жұмағалиеваны мейрамдарымен құттықтап, сый-

сыралғыларын табыстады. Осынау мереке қарсаңында үлкендерін ұмытпай, 

алтын уақыттарын бөліп, арнайы келген ұлдарына ақ жаулықты аналар да дән 

ризалық танытып, еліміз тыныш, ұрпағымыз аман жүрсін деп ақ батасын беріп, 

алғыстарын жаудырды. 



Г.БАДЕЛОВА.

19  ақпанда  Астана  қаласындағы 

Бейбітшілік  пен  келісім  сарайын-

да  Қазақстан  мұсылмандары  діни 

басқармасының 

ұйымдастыруымен 

өткен «Ислам – бейбітшілік пен келісім 

діні»  тақырыбындағы  республикалық 

имамдар 

форумына 

мен 

де 


қатысып  қайттым.  Форумға  еліміздің 

түпкір-түпкірінен  келген  Қазақстан 

мұсылмандары  діни  басқармасының 

бес  жүзге  жуық  имамы,  ҚМДБ 

Ғұламалар кеңесінің мүшелері, еліміз-

ге  танымал  дін  ғалымдары  жиналды. 

Сонымен  қатар  форумның  қонағы 

ретінде  ҚР  Парламенті  Сенаты  мен 

Мәжілісінің  депутаттары,  бірнеше 

шет  мемлекеттердің  исламдық  діни 

ұйымдарының  басшылары,  Қазақстан 

халқы  Ассамблеясы,  Қазақстан  Пра-

вослав шіркеуі, Рим-Католиктік шірке-

уі  өкілдері  және  қоғам  қайраткерлері 

залдан орын алды.

Қазақстан  Республикасы  Прези-

денті  Н.Ә.Назарбаевтың  имамдар 

форумына  қатысушыларға  арнаған 

құттықтауын  Қазақстан  Республикасы 

Президенті  Әкімшілігі  Басшысының 

орынбасары  Бағлан  Майлыбаев  жет-

кізді. Елбасы өзінің құттықтау хатында 

форум  отандық  мүфтият  қызметіне 

тың  серпіліс  беріп,  дін  саласындағы 

түйткілді 

мәселелерді 

шешудегі 

имамдардың  рөлін  арттыруға  себін 

тигізеді деген сенімін білдіріпті. Имам-

дарды  діни  тұрақтылықты  нығайту, 

өскелең  ұрпақты  дін  атын  жамылған 

теріс  ағымдардың  ықпалынан  сақтау 

жолында  табанды  жұмыс  жүргізуге 

шақырыпты.

Еліміздің 

бас 


мүфтиі 

Ержан 


Малғажыұлы  өз  баяндамасын  діни 

басқарманың  осы  уақытқа  дейінгі 

атқарған жұмыстары мен игі бастама-

ларына  тоқталып,  ислам  бейбітшілік 

пен  татулықтың  діні  екеніне  және 

ол  халқымыздың  рухани  өнегелік 

құндылықтарын  бекемдей  түсетініне 

қатысушылардың назарын аударды.

Форум 

қорытындысы 



бойын-

ша  «Қазақстан  мұсылмандарының 

тұғырнамасы»,  «ҚМДБ  қызметкерінің 

этикасы»,  «Имамның  тұлғалық  кел-

беті»,  «Мұсылманның  тұлғалық  бей-

несі»  атты  құжаттар  қабылданды. 

Ол  құжаттардың  мақсаты  –  ел 

мұсылмандарын  қазіргі  заман  та-

лабына  сәйкес  жан-жақты  білімді 

болуға,  ізгілікке,  зайырлы  мемле-

кет  құрылымына  құрметпен  қарауға 

шақыру, түрлі ағымдарға бөлінуіне жол 

бермеу, өзге діндер өкілдерімен бейбіт, 

ынтымақта  тіршілік  етіп,  этносаралық 

және конфессияаралық тұрақтылықты 

сақтаудағы  отандық  тәжірибені  одан 

әрі нығайтуға үлес қосу.

Астанадан 

облыс 

орталығына 



оралған  соң  ҚМДБ-ның  БҚО  бойынша 

өкілдігі мен Батыс Қазақстан облыстық 

дін  істері  басқармасының  бастама-

сымен  оздырылған  ақпараттық  на-

сихат  топ  мүшелеріне  арналған  үш 

күндік  оқыту-семинарға  да  қатыстық. 

Семинардың  ашылуында  сөз  алған 

ҚМДБ-ның  БҚО  бойынша  өкіл  има-

мы  Руслан  қажы  Тыныштықұлы 

тыңдаушыларға  «Діни  ілімдеріңді  арт-

тырып, екі дүниенің бақытына бөленіп 

жатсыңдар. Асыл дінімізде көкірегі ояу, 

білімді  жандардың  жақсылық  атаулы-

мен жарасатыны анық»,-деп ақ тілегін 

жеткізсе,  Қазақстан  Мұсылмандары 

діни басқармасының жанынан құрылған 

РАНТ  (республикалық  аппараттық  на-

сихат тобы) мүшесі, қарағандылық тео-

лог Рүстем Мәлікұлы мен деструктивтік 

діни  ағымдардан  зардап  шеккендерге 

көмектесетін  «Нұрлы  білім»  орталығы 

қоғамдық  бірлестігінің  төрағасы,  тео-

лог  Рүстем  Сыздықов  дәріс  оқыды. 

Соңында тест тапсырдық.

Жасыратыны жоқ, бұл сапардан көп 

нәрсені көңілге түйіп, рухани марқайып 

қайттым.  Елімізге  танымал  ғалым, 

қоғам  қайраткері  Мырзатай  Жолдас-

беков  айтпақшы,  ислам  –  мейіріңді 

қандыратын мөлдір бұлақ, сарайыңды 

ашатын, мауқыңды басатын көктемнің 

бір  жұпар  саумалы,  кеудеңе  нұр 

құятын  сәуле,  мерейіңді  тасытатын, 

жылағанды  жұбататын,  тарыққанды 

жебейтін,  кем-кетікті,  жетім-жесірді 

мүсіркейтін,  егер  қадіріне  жетпесең 

–  құтыңды  қашыратын  құдірет. 

Сондықтан  да,  исламды  санамен 

сезініп, жүрекпен сүю керек.

Назымбек ИМАНҒАЛИЕВ, 

аудан имамы.

Исламды санамен сезініп,

жүрекпен сүю керек

Жер-Ана  бусанып,  айналаға  серпін 

беретін  көктемнің  алғашқы  мейрамы 

–  халықаралық  әйелдер  күніне  орай 

Мұратсай ауылында «Пай-пай, шіркін, 

қазақтың келіндері-ай» атты аудандық 

байқау  болып  өтті.  Әр  ауылдық  ок-

ругтен  10  үміткер  қатысқан  айтулы 

шара  таныстыру,  зерделілік,    ісмер-

лік,  аспаздық,  сән-салоны  сынды  бес 

бөлімнен құралды.

Тұла  бойларына  әдемілік  пен 

нәзіктікті  сіңірген  отбасы  ұйытқылары 

бұл  байқауда  аянып  қалмады. 

Алғашқы  бөлімде  арулар  өздерін 

өлеңмен  таныстырса,  мұратсайлық 

Гүлнұр  Әменованың  беташар  сөзі 

қыз-ғұмырдың 

балауса-үміттерімен 

үндесіп,  балалық  шақтың  ақ  ұлпа 

сезімдерін сыйлағандай еліктірді. Бұл 

сын сәтінен кейін жас келіндер ән мен 

биге  кезек  берді.    Аналарға  арналған 

ақын жырларын тебірене оқыды.

Зерделілік 

бөлімінде 

сайысқа 

қатысушылардың бәрі талап үрдісінен 

шықты  деп  айту  қиын.  Оншалық 

күрделі  емес  сұрақтарға  толымды 

жауап  қатқандар  аз  болды.  Мұқағали 

ақынның зайыбы кім екені және  Алпа-

мыс батырдың жары туралы қойылған 

қарапайым сұрақтар жауапсыз қалды. 

Бір  ғажабы,  өз  өнерлерін  ортаға 

салуда  жас  келіндер  еш  аянбады. 

Бұл  бөлімде  үміткерлердің  оқығаны 

көбіне  ана  туралы  жыр  болды. 

Жүректеріндегі 

аяулы 


жандары-

на  деген  махаббаттарын  олар  жыр 

шумақтары  арқылы  жеткізді.  Әсіресе, 

бисендік  Данагүл  Құрмашеваның 

сүйкімді  де  қоңыр  үнімен  өрілген 

өлеңі мазмұндылығымен баурады. Бір 

өкініштісі,  мөлдіреп тұрған өлеңдерді 

қағазға  қарағаннан  гөрі  жаттап  алып, 

мәнерлеп оқыса, қандай керемет болар 

еді?! Сайқындық Райгүл Құбайтованың 

Ұлы  Жеңістің  70  жылдығын  қамтып 

шырқаған  «Соғыстан  қайтқан  сол-

даттар»  әні  де  тыңдарман  қауымды 

тебірентті. 

Мұратсайлық  Гүлнұр  Әменованың 

домбыра 


шанағынан 

төгілген 

Құрманғазының  «Балбырауын»  күйі  

көрермен жүрегіне жылы ұялады. Со-

нымен  қатар  оның  жерлесі    Эльмира 

Ишанғалиеваның  (Мұратсай)  мың 

бұрала билеген қазақ биі де көпті риза 

етті.  Ісмерлік  сайысында  үміткерлер 

әр қилы қолөнер бұйымдарын ұсынды. 

Біреуі  тоқу,  енді  бірі  ою-өрнек,  ал, 

біреулері  уақ  моншақтан  алқа, 

әртүрлі  дәнді-дақылдар  мен  макарон 

өнімдерінен  гүл  шоғырларын  дайын-

дап  әкелген.  Сонымен  қатар  ілмек-

пен  тоқылған  ұялы  телефон  салатын 

қап,  құрақ  төсеніштер  мен  құрымнан 

жасалған  бой    тұмар,  қоржындар  да 

көптің  назарына  ілінді.  Ана  бір  елең 

еткізер дүниені көре алмағанымызбен, 

талпыныстарын 

анық 

байқатқан 



келіндердің  қай-қайсысы  да  ісмерлік 

өнерден құралақан емесін көрсетті.

Аспаздық сайыста  келіндер әр қилы 

салат  түрлерін  көрермен  алдында 

жасады.  Мұнда  ептілік,  шапшаңдық, 

жан-жақтылық сынды қасиеттер сынға 

түсіп, келіндер асүйдегі шеберліктерін 

танытты. Ал, «Сән салонында» талап-

керлер  өздерінің  қолдарымен  тігілген 

киімдерін  сахнаға  алып  шықты.  Хор 

қыздарындай  үлбіреген  бір-бір  үйдің 

ханшайымдары  сахна  шырайын  аша 

түсті.  Әдемі,  жарасымды  әрі  ізденіс-

терін анық байқатқан кейбір  жас келін-

дер  ене  тәрбиесінен  өткендіктерін 

көрсетіп қалды.

Осынау  байқауда  шаңырағына 

шырай-көрік 

таратып 

жүрген 


мұратсайлық  Гүлнұр  Әменова  өзінің 

қазақы  қасиетімен  әрі  салт-дәстүрді 

дәріптейтіндігімен 

жиналғандарды 

сүйсінтті. 

Оның 


жаңашылдыққа 

ұмтылысы да назардан тыс қалмады. 

Талап үрдісінен шыққан алғыр жас бас 

жүлдені қанжығасына байлап, «Өнегелі 

келін» номинациясына ие болды. «Па-

расатты  келін»  атанған  сайқындық 

Райгүл Құбайтова І, «Инабатты келін»- 

ұялылық  Сәндігүл  Қосанова  ІІ,  «Иба-

лы  келін»    мұратсайлық  Эльмира 

Ишанғалиева    мен  «Зерделі  келін» 

ханордалық  Аяулым  Шәмеловалар 

ІІІ  орынға  ие  болды.  Сонымен  қатар 

бұл  сайыста  бисендік  Данагүл 

Құрмашева «Шебер», бөрлілік Анаргүл 

Райымқұлова «Ісмер», сайқындық Лау-

ра Мұқанова «Сүйкімді», мұратсайлық 

Жаңылсын  Махметова  «Өнерлі», 

бөрлілік  Айдана  Бекзатқызы  «Ізетті» 

келін аталымдарына иемденді.

Шырайлы көңіл-күй сыйлаған айтулы 

шараны  аудандық  мәдениет,  тілдерді 

дамыту,  спорт  және  дене  шынықтыру 

бөлімінің  басшысы  Әлібек  Айтқалиев 

қорытындылап,  жеңімпаздарға  сый-

сияпат табыс етті.

Гүлнар ҚАДЫРОВА.

Мұратсай ауылы.

Келіндер түсті сайысқа

Шаңыраққа шырай-көрік таратқан...


Газет 1930 жылдың 7 қыркүйегінен шығады

Апталық  басылым



№12 (6941)    10 наурыз    2015 жыл

Бөкей  ордасы   аудандық  қоғамдық-саяси  газеті

Орда жұлдызы

+10


-2

Сәрсенбі, 11.03.2015

+11

0

Бейсенбі, 12.03.2015



+10

+1

Жұма, 13.03.2015



+9

-1

Сенбі, 14.03.2015



+9

-3

Жексенбі, 15.03.2015



Бүгін – аудан атауын өзгерткеніне 15 жыл

+10


-3

+9

-4



Дүйсенбі, 16.03.2015 Сейсенбі, 17.03.2015

Егер Бөкей көшпесе,

Жүрер едік біз қайда.

Шекараны өзге жұрт

Басқа жерден сызбай ма?!

Ғайса-Ғали Сейтақ. 

«Затына  қарай  аты»  демекші  әр 

нәрсенің  де  өзіндік  аты  бар  және  ол 

оның мазмұнын білдіріп тұрады. Қазақ 

жеріндегі  үш  жүздің  бірі  Кіші  жүздің 

соңғы ханы Нұралы қайтыс болғасын 

мұнда хандық жойылып, оның орнына 

«Хан  кеңесі»  құрылады.  Нұралының 

баласы  Бөкей  сұлтан  осы  кеңестің 

төрағасы  болып  сайланады.  1799 

жылы ол босып кеткен қалмақтардан 

қалған  атамекенді  сұрап,  Ресей  пат-

шасы  Павел  І-ге  хат  жазады.  1801 

жылы  11  наурызда  Бөкейдің  өтініші 

қабыл  алынғаны  жөнінде  орыс 

патшасының жарлығы шығады. Араға 

он жылдың үстінде уақыт салып 1812 

жылы  халық  Бөкейді  хан  көтереді. 

Оған  дейін  «Ішкі  қырғыз  Ордасы» 

аталып  келген  өңір  енді  Бөкейдің 

есімімен  атала  бастайды.  Кейін  Хан 

көтерілген баласы Жәңгір хандықтың 

орталығын,  яғни,  астанасын  (бүгінгі 

Хан  ордасы  ауылын)  салғызып, 

шаруашылығын, 

сауда-саттығын 

жүргізіп, діни, білім, денсаулық сақтау 

орындарын ашты.

Кеңес өкіметі кезінде де 1930 жылға 

дейін өңіріміз Бөкейдің есімімен атал-

ды. 1918-1920 жылдары аралығында 

ол  Бөкей  облысы,  1920-1925  жыл-

дары  Бөкей  губерниясы,  1925-1928 

жылдары  Бөкей  уезі  болып,  1928 

жылдың  қаңтарында  Орда  ауданы 

аталып, Орал округінің құрамына кір-

ді.  СОКП  ОК  мен  ҚСРО  Министрлер 

кеңесінің  1952  жылы  8-ші  сәуірдегі 

қаулысымен  Орда  ауданы  таратыл-

ды. Араға 20 жыл салып 1972 жылы 

Орда  ауданы  қайта  құрылды.  Ал, 

2000  жылы  10  наурызда  ҚР  Прези-

денті  Н.Назарбаевтың  Жарлығымен 

Бөкей  Ордасының  200  жылдығына 

орай (дәл бір жыл қалғанда) ауданға 

өңірдің негізін қалаған Бөкейдің есімі 

қайтарылып, 72 жылдан кейін тарихи 

атау қалпына келтірілді. Міне, сөйтіп, 

ауданымыздың «Бөкей Ордасы ауда-

ны» деп аталғанына бүгін 15 жыл то-

лып отыр.

Аудан Батыс Қазақстан облысының 

оңтүстік  батысында  орналасқан.  Ба-

тысында  Ресей  Федерациясының 

Астрахан  облысымен,  солтүстігінде 

облысымыздың 

Жәнібек 

және 


Қазталов,  шығысында  Жаңақала 

аудандарымен,  оңтүстігінде  Атырау 

облысының  Құрманғазы  ауданымен 

шектеседі.  Аудан  батыстан  шығысқа 

қарай  177  километрге,  солтүстіктен 

оңтүстікке  қарай  130  километрге  со-

зылып жатыр. Жер көлемі – 19,9 мың 

шаршы километр, халық саны -15864. 

Аудан  аумағында  7  ауылдық  округ-

ке  біріктірілген  25  елді  мекен  бар. 

Орталығы – Сайқын ауылы.

Аудан 


жерінде 

420 


шаруа 

қожалығы,  349  жеке  кәсіп,  3  жау-

апкершілігі  шектеулі  серіктестікте 

1446  адам  жұмыс  істейді.  Мал  саны 

жөнінен аудан облыс бойынша бірін-

ші орында. Мұндағы 179698 малдың 

57106-сы ірі қара, 104165-сі қой-ешкі, 

17241 жылқы, 1186-сы түйе. 

Денсаулық  сақтау,  білім  беру, 

мәдениет саласына келсек, 1 аудандық 

аурухана, 1 емхана, 3 дәрігерлік амбу-

латория, 4 ФАП, 11 медпункт, 2 апте-

ка  бар.  Халық  денсаулығы  күзетінде 

150  медициналық  қызметкер  еңбек 

етеді.  Олардың  30-ы  жоғары  білімді 

дәрігерлер,  120-сы  арнаулы  орта 

білімді фельдшер мен медбике.

Білім  беру  саласында  9  орта,  10 

бастауыш  мектеп,  1  саз  мектебі,  1 

мектептен тыс тәрбие, 1 техникалық 

шығармашылық  орталығы  жұмыс 

істейді.  Оларда  507  педагог  2559 

балаға  дәріс  беріп,  тәлім-тәрбие 

жұмысын  жүргізуде.  Одан  тыс  Бөкей 

ордасы колледжінде 115 студентке 31 

оқытушы сабақ береді.

Мәдениет  саласында  1  аудандық 

демалыс  орталығы,  6  ауылдық 

мәдениет үйі, 6 клуб, 1 балалар және 

жасөспірімдер  спорт  мектебі,  25 

спорт  алаңы,  1  мұражай  кешені,  22 

кітапхана  тұрғындарға  қызмет  етеді. 

Бұдан басқа аудан орталығы Сайқын 

ауылында аудандық мұрағат, Хан ор-

дасы ауылында Орда орман және жа-

нуарлар дүниесін қорғау мемлекеттік 

мекемесі мен ауа зерттеу станциясы 

жұмыс істейді.

Бөкейордалықтар 

өз 


тарихын 

Тәуелсіз 

Қазақстанның 

негізін 


қалаушы  Елбасы  Н.Назарбаевтың 

есімімен  байланысты  екенін  ерек-

ше  мақтан  тұтады.  ҚР  Президенті 

облысымыздың жерінде бірнеше рет 

болса,  киелі  Орда  топырағына  оның 

табаны бір емес, екі рет тиді. Елбасы 

ол келістерінде ел-жұртпен жүздесіп, 

мұражайға қолтаңбасын да қалдырды. 

Жерлестеріміздің  аудан  атауының 

15  жылдығына  орай  өз  жарлығымен 

ауданға  өңірдің  іргетасын  қалаған 

Бөкейдің  есімін  қайтарып,  соншама 

жылдардан кейін тарихи әділеттілікті 

қалпына  келтірген  Н.Назарбаевқа 

білдірер  ризашылығы,  айтар  алғысы 

шексіз.


Алда кезектен тыс Президент сайла-

уы. Осы ретте зиялы қауым, үкіметтік 

емес  қоғамдық  ұйымдар  өкілдері, 

санмыңдаған 

қазақстандықтар 

Нұрсұлтан Әбішұлына Президент сай-

лауына  өз  кандидатурасын  ұсынуды 

сұрап, өтініштер жолдауда. Олардың 

ішінде бөкейордалықтар да бар.

А.ХАМЗИН.

Ел қалаған таңдау

Қазіргі  күнімізге  шүкіршілік  етеміз.  Еліміз  аман, 

жұртымыз  тыныш  жағдайда  өмір  сүрудеміз. 

Қызметтегілер  жалақыларын,  ал,  мен  сияқты 

зейнеткерлер  мен  мүмкіндігі  шектеулі  жандар 

зейнетақы,  жәрдемақыларын  уақтылы  алуда.  Біз 

елдің  өркендеуін,  ұлтаралық  татулықты,  өзге  ел-

дермен  жақсы  экономикалық  қарым-қатынасты 

Елбасының  есімімен  байланыстырамыз.  Онымыз 

дұрыс та. Мемлекетіміздің іргетасының мықтылығы 

Президентіміз  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  жүргізіп 

отырған салиқалы саясатының нәтижесі. Мен ел-

дегі барлық этностар өкілдік ететін Ассамблеяның 

бастамасын  толық  қолдаймын.  Өзгелерді  де 

қолдауға шақырамын.

Біздің бәріміз ел болып бірігіп, Елбасымыз алға 

қойған  міндеттерді  шешуге  белсене  атсалысуы-

мыз керек. 26 сәуірдегі кезектен тыс Президент сайлауы тек саяси науқан ғана 

емес, онда халық пен ұлттың тағдыры шешілетін болады. Мемлекет басшы-

сына сенім мандатын беру халықаралық саясаттың ең бір күрделі кезеңінде 

жұдырықтай жұмылудың жалғыз жолы.



Рахымжан ШӘКІРЖАНОВ,

зейнеткер.

Сайқын ауылы.

* * * 


Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі мүшелерінің кезектен тыс Президент-

тік сайлау өткізу жайындағы бастамасына біз де қарапайым жас маман ретінде 

өз  үнімізді  қосамыз.   Ассамблея  өкілдері  «Нұрлы 

жол  –  болашаққа  бастар  жол»  бағдарламасын 

және «Қазақстан – 2050» ұзақ мерзімді Стратегия-

сын жүзеге асыру үшін бар күш-жігерімізді біріктіру 

керек деген ұсыныс айтады.

Елбасымыз  атап  көрсеткендей,  жастар  – 

қозғаушы  күш.  Мен  де  «Дипломмен  –  ауылға!» 

бағдарламасына  үн  қосқан  жастардың  бірімін. 

Жүрегім  қалаған  мамандыққа  қол  жеткізіп,  туған 

ауылымда  еңбек  етіп  жатырмын.  Бағдарлама 

бойынша  бапаналы  болар  уақытым  алыс  емес. 

Біз, жастар, өзімізге жасалып жатқан қамқорлыққа 

жігерлі  ісмізбен,  ерен  еңбегімізбен  жауап    бер-

мекпіз. 


Нұрбол МЫРЗАҒАЛИЕВ,

М.Бегалиева атындағы 

орта мектептің мұғалімі.

* * *


Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі мүшелерінің Президенттік сайлауды 

мерзімінен  бұрын  өткізу  жөніндегі  үндеуіне  толықтай  қолдау  білдіремін.  Се-

бебі, бұл бастама еліміздің алған бағытынан тай-

май, одан әрі жалғасуын көздейді.

Елімізде  жастарға  мемлекет  тарапынан  түрлі 

білім гранттары ұсынылып, мамандық алып, оны 

іске асыру үшін республикамызда бірқатар тиімді 

бағдарламалар  жұмыс  істегелі  де  біраз  болды. 

Соның  арқасында  тегін  жоғары  білім,  оған  қоса 

жоғарылатылған  шәкіртақы  алып  келдім,  бүгінде 

өзім  түлеп  ұшқан  алтын  ұямда  қазақ  тілі  мен 

әдебиет пәнінің мұғалімімін. 

Бәріміздің  де  Тәуелсіз  еліміздің  болашақта 

жақсылыққа  жетуін  қалайтынымыз  айқын. 

Сондықтан 

атқарылып 

жатқан 

ауқымды 


шаралардың  шапағатын  көріп  отырған  әр 

қазақстандық,  соның  ішінде,  саралжындықтар  да 

26  сәуір  күні  өтетін  Президенттің  кезектен  тыс 

сайлауына бір кісідей қатысып, байыппен таңдау 

жасайды деп сенемін.

Бұлбұл ҚҰБАЕВА,

Қ.Сағырбаев атындағы орта мектептің мұғалімі.

* * *


«Қазақстан 

– 

2050» 



Стратегиялық 

бағдарламасының  басты  мақсаты  –  әлемдегі 

дамыған, бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру. 

Осы орайда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың әр Жол-

дауы  нақтыланған  жоспар  құрып,  дамуымыздың 

сара  жолын  айқындап,  қазақстандық  азаматтарға 

ерекше  серпін  беріп,  халықтың  болашаққа  де-

ген  нық  сенімін  тудыруда.  Биылғы  «Нұрлы  жол 

–  болашаққа  бастар  жол»  атты  Жолдауында: 

«Нұрлы  жол»  міне,  біздің  креативті,  ырғақты  

жастарымыздың,  күш-жігер  жұмсап,  құлаш  сер-

мейтін  тұсы  осы»,-деп  білім  қуған  біз  сынды  сту-

денттер    мен  кеше  ғана  еңбекке  араласқан  жас 

мамандарға жүрекжарды лебізін білдірді. 

Бүгінде мектеп, колледж не жоғары оқу орны бол-

сын сапалы білім беруге, білімді түлек дайындауға 

бар ынтасын салуда. Әсіресе, күні ертең-ақ білдей 

мамандық  иелері  атанғалы  отырған  өзіміздей  студенттерге  үлгіріміне  қарай 

шәкіртақы  тағайындалып,  қажет  еткендері  жатақханамен  қатмтылған.  Біздің 

міндет – тек оқып  білім алу әрі болашақта адал қызмет ету ғана.

Еліне  осындай  және  басқа  да  орасан  зор  мүмкіндіктер  туғызып  отырған 

Елбасымыздың  кезектен  тыс  сайлауын  бөкейордалық  студенттер  де  біра-

уыздан қолдаймыз.

Арайлым ҚАСҚАБАСОВА,

Бөкей Ордасы колледжінің ІІІ курс студенті.

26 сәуір – Президент сайлауы күні

«Егер Бөкей көшпесе...»



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал