1. Тәрбие әдістері Тәрбие әдісі дегеніміз



жүктеу 38.5 Kb.
Дата08.02.2022
өлшемі38.5 Kb.
#17064
Бастауыш мек тео әдіс 2 тап
бастауыш мек дид

Жоспары:
1. Тәрбие әдістері
2.Тәрбие әдістерін ғалымдардың жіктеуі бойынша анықтау

3.Тәрбие құралдары

1.Тәрбие әдістері
Тәрбие әдісі дегеніміз - оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері.
Әдістерді мұғалім тәрбиенің мақсатына, мазмұнына балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне қарай іріктейді. Әдістер тәрбие мақсатына жетуге, оқушыларды қоғамдағы тәртіп ережелерін үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға, олардың жақсы тәжірибесін алуға көмектеседі.

Тәрбие әдістеріне берілген әр түрлі анықтамаларға талдау жасасақ, онда :



  1. Жеке басқа ықпал ету құралы;

  2. Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс әрекетінің өзара байланыс тәсілдері;

  3. Тәрбиенің мақсатына сай оқушылардың санасы мен ерік күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы;

  4. Тәрбие мақсатына жету жолдары ретінде қарастырылғанын байқаймыз .

Тәрбие әдістері деп тәрбиенің мақсат міндеттеріне сай оқушылардың санасы мен ерік күшіне ықпал ету , жағымды мінез құлық нормаларын қалыптастыру және осы бағытта олардың іс әрекеттерін ұйымдастыру , ынталандырудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекеттерінде қолданатын амал тәсілдер мен құралдарының жиынтығы.
2.Тәрбие әдістерін ғалымдардың жіктеуі бойынша анықтау
Педагогика оқулықтары мен ғылыми зерттеу еңбектерінде тәрбие әдістерін жіктеуге байланысты ортақ пікір жоқ. Қалыптасқан тәжірибе бойынша әдістерді негізінен 3 топқа жіктейміз .

Г.И. Шукинаның «Педагогика» оқулығында тәрбие әдістерін :



  1. Жеке адамның санасын қалыптастыру ;

  2. Қоғамдық мінез құлықты қалыптастыру , іс әрекетті ұйымдастыру ;

  3. Мінез құлық пен іс әрекетті ынталандыру деп жіктесе, В.А. Сластенин бойынша оған қосымша :

  4. Мінез құлық , іс әрекетке бақылау жасау , өзін өзі бақылауды ұйымдастыру және өзіне өзі баға беру әдістері деп те қарастырады.

Ғалым педагогтар Н.И. Болдырев , Н.Г. Гончарев , Ф.Ф. Королев еңбектерінде тәрбие әдістерін сендіру , жаттығу , мадақтау және жазалау деп қарастырады.

Жеке адамның санасын қалыптастыру немесе сендіру әдісі. Бұл тәрбие әдістеріне негізінен әңгіме , әңгімелесу , лекция , пікірталас , өнеге жатады.

Әңгімеде тақырыптың мақсаты айқын белгіленуі, мазмұны нақтылы фактілермен дәлелденуі, оқушылардың жас ерекшелігін ескеріп, қарапайым тілмен нақтылы өмірге қатысты мәселелер қозғалуы қажет.

Әңгімелесу сынып ұжымының өмірі мен оқушылардың мүддесіне сай тақырыптарды талдау, оған олардың белсене араласуын , қойылған мәселеге сын көзбен қарап, нақтылы қорытындылар жасапу қажеттігі туындайды.

Тұлғаның идеялық сенімі мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда лекция тәсілі де қолданылады.

Тәрбие әдістерінің келесі бір түрі пікірталас тәсілі.Ерекшелігі, оқушылардың жай тыңдаушылар қатарында емес , керісінше қаралып отырған мәселеге олардың белсене қатысу жағдайында ұйымдастырылуы, оған ұжым болып пікір алмасуы , дербес ойлай білуге дағдылануы т.с.с. болып келеді.

«Ереже ұсынғанша өнеге ұсын» демекші сендіру әдістерін қолданғанда балаға шектен тыс мораль айтудан аулақ болған жөн. Оның санасы мен мінез құлқын қалыптастыруда өзін қоршаған ортаның ықпалы зор. Бұл орайда өнеге жеке бастың үлгісі негізінде тәрбиелеудің маңызы ерекше.

Қоғамдық мінез құлықты қалыптастыру, іс әрекетті ұйымдастыру немесе жаттықтыру әдісі.Бұл топтағы әдістерге талап қою , жаттықтыру , тәжірибелік жағдай туғызу, тапсырма беру жатады.

Мінез құлық пен іс әрекетті ынталандыру немесе мадақтау және жазалау әдістері.


3.Тәрбие құралдары

Тәрбие құралдары дегеніміз - оқушының адамдық қасиеттерін қалыптастыратын, мұғалім мен баланың санасына тәуелсіз материалдар. Тәрбие құралдары:
•  Іс-әрекет түрлері (ойын, еңбек);
•  заттар (ойыншыңтар, электронды есептегіш машиналар);
•  рухани және материалдық мәдениет (өнер, қоғам, өмір);
•  бұқаралық ақпарат құралдары;
•  педагогикалық ықпал жасау құралдары.

Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері.
Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері (ұғым, байымдау - пікірін айту, баға беру, сендіру):
•  этикалық әңгіме;
•  әңгімелесу;
•  пікірталас;
•  лекциялар;
•  өнеге;
•  көндіру (суггестия).
жүктеу 38.5 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет