№1. Тақырып. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Дәріс жоспары


«Материя» ұғымы. Материалдық әлем болмысы. Қозғалыс, кеңістік



жүктеу 1.84 Mb.
Pdf просмотр
бет12/52
Дата04.11.2022
өлшемі1.84 Mb.
#23331
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   52
№1. Та ырып. Ойлау м дениетіні пайда болуы. Д ріс жоспары
Жоспар I кіріспе II негізгі б лім, Баяндама (1), irregularverbs
2. «Материя» ұғымы. Материалдық әлем болмысы. Қозғалыс, кеңістік 
және уақыт. Философияның негізгі ұғымдары: дүние, заман, мән, 
құбылыс, мазмұн, форма, жалпы, жеке, бүтін, бөлік, сан, сапа, өлшем,
терістеу, себеп, салдар, қажеттілік, кездейсоқтық, мүмкіндік,
шындық.. Ұзақ тарихи замандарынан бері адамзат ойы материяны зат деп 
түсінді, яғни материя дегеніміз — зат. Бірақ заттардың сан алуан түрлері бар. 
Жансыз зат, жанды зат, т.б. материяны затпен барабар деп қараудың біршама 
ұзақ тарихы бар. Ежелгі грек философиясында барлық саналуан заттардың 
түпкі тегі белгілі бір зат деген көзқарас болған. Ол ең қарапайым зат. Ерте 
заманғы материалистер дүниенің алғашқы негізі, түпкі бастамасы деп суды 
алған, екіншілері — ауаны, үшіншілері отты алған; сөйтіп, бәрі де судан, 
ауадан немесе оттан пайда болады да, қайтадан бәрі де солардың өзіне 
айналады деп есептеген. Мысалы, Фалес үшін ол — су, Анаксимен үшін — 
ауа, Гераклит үшін — от, Демокрит үшін — атом («бөлінбейтін» деген сөз), 
Пифагор үшін — сан,т.б. Күрделі заттардың барлығы қарапайым заттардан 
шыққан, солардың құрамасы, құрамды заттар сондықтан да тұрақсыз, өзгере 


береді. Күрделі заттар бұзылғанда алғашқы қарапайым заттарға бөлінеді. Ал 
қарапайым біртекті заттар тұрақты. 
Материя дегеніміз — адамға оның өзінің түйсігі арқылы көшірмесі, 
суреті, сәулесі түсетін объективтік реалдылықты белгілеу үшін 
қолданылатын философиялық категория. Әр дәуірдің материяны қалай 
түсінетіндігі ғылымның , танымның ғана нәтижесі емес. Материя туралы 
адамдардың ойлары өз заманындағы өздерінің дүниеге қатынасының, жалпы 
мәдениеттің көрінісі. Адамдардың материалдық дүниені қаншалықты 
дәрежеде игерді, сол игерген мазмұнда, күштерден қаншалықты дәрежеде 
өзінің әлеуметтік дүниесін жасады — міне, материя туралы ең алдымен 
қоғамдық санада туатын көзқарастар осы жағдайларға байланысты. Адамзат 
бүгінгі күнге дейінгі тарихында іс жүзінде материяны зат түрінде біледі. Ол 
заттың әртүрлі қасиеттерін меңгерді, заттан көптеген құралдар жасады, яғни 
ол заттар дүниесінде тіршілік етеді. Өзі де сол заттар дүниесінің, жанды 
тіршіліктің бірі. Адамдар табиғатта бар заттардан басқа, онда тіпті болмаған 
және адамсыз болуы мүмкін емес заттар жасайды. Адамдар өздерін 
белгілейтін заттармен өзін қоршаған. 
Материя ұғымы философиялық материализмнің негізгі іргетасы. Ол 
әлем мен адамды табиғи себептерге сүйене отырып зерттеудің ұзақ 
тәжірибесінен туындаған. Ғылымның ірі жетістіктері әлемнің механикалық 
үлгісінің іргесін босатты. Материя туралы білімнің аясы одан да кеми түсті. 
Ғылымда қалыптасқан осы бағытты қорытындылай отырып, В.И. Ленин 1908 
жылы материя ұғымының кеңейтілген анықтамасын берді: “Материя 
дегеніміз - адамға оның түйсіктері арқылы мәлім болатын, біздің 
түйсіктерімізге тәуелсіз бола отырып, сол түйсіктеріміз арқылы көшірмесі 
алынатын, суреті түсірілетін, бейнесі жасалатын, объективтік реалдылықты 
белгілеу үшін қолданылатын философиялық категория”. Яғни, материя 
дегеніміз біздің сана-сезімізден тыс өмір сүретін реалдылық, өйткені ол 
адамнан, адамзаттан тыс өмір сүреді. Әлемді ешкім жасаған жоқ, ол болған, 
болады және бола бермек. Әлем шексіз, шетсіз, ол көпжақты, көп қырлы, 
оның әр түрлі қасиеттері, ерекшеліктері бар. Әлемнің шексіздігі ондағы 
процестер мен құбылыстардың ешқашан аяқталмайтынын білдіреді. 
Материалдық әлемнің басы, соңы жоқ, ол ұдайы даму, ұдайы өзгеру, ұдайы 
қалыптасуда болып отырады. Материяға біртұтастық, яғни бүтіндік және 
құрылымдылық, біркелкілік тән. Әлемнің әр түрлі бөліктері мен қырлары 
өзара тікелей немесе бір бірі арқылы байланысқан – табиғат пен қоғам, тұлға 
мен тап. Материяның өмір сүру тәсілі - қозғалыс. Қозғалыс дегеніміз кез 
келген өзгеріс. Қозғалыс объективті, абсолютті, салыстырмалы, мәңгі. 
Қозғалыс көп түрде болады. Ф.Энгельс қозғалыстың негізгі бес түрін 
көрсетіп, жүйелеген еді. Олар: механикалық, физикалық, химиялық, 
биологиялық, әлеуметтік деп аталған. Қозғалыстың ең қарапайым түрі 
механикалық қозғалыс, ол заттар мен құбылыстардың кеңістікте орын 
алмастыруын білдіреді. Әлеуметтік қозғалыс қоғам өміріндегі шым-
шытырық құбылыстар мен процестерді бейнелейді. Материя кеңістік пен 
уақытта өмір сүреді. Уақыт дегеніміз заттар мен құбылыстардың өмір 


сүруінің ұзындығын, олардың әр түрлі жағдайының ауысуын білдіреді. Ол 
оқиғалар ағымы. Платонның сөзімен айтсақ “Мәңгіліктің қозғалу бейнесі”. 
Әр түрлі материалдық обьектінің өз уақыты бар. Сондықтанда физикалық, 
әлеуметтік уақыт болады. Уақыттың үш өлшемі бар: қазіргі, кешегі және 
болашақ. Уақыт ұдайы алға ұмтылады , ешнәрсе, ешкім оның обьективті 
бағытын өзгерте алмайды. Оны тоқтатуға болмайды. Қоғамда уақыт ағысы 
жылдам және күрделі. Ол адамның іс әрекетімен тығыз байланысты. Уақыт - 
тіршіліктің мықты да аяусыз өшірушісі, сонымен қатар оны жаратушысы да. 
Уақытша деген ұғым өткіншілікті жоғалып кетуді білдіреді. Керісінше, 
мәңгілік ұғымы ұдайылықты, ұдайы болып отыруды меңзейді. Адам өмірі 
биологиялық тұрғыдан өткінші. Сондықтан да ойлы адам өзінің өмірінің 
жүгіртпе секундтарына жоғарыдан қарай алмайды. Ол өзінің бұл дүниедегі 
өткінші жағдайын жақсы түсініп, өз өмірінің мән мағынасы, мақсаты туралы 
ойланып, толғанады. Әлеуметтік кеңістік пен әлеуметтік уақыт бұл адамның 
іс - әрекетінің бүкіл дүние жүзілік тарихы. Адам уақыттың есебін жүргізбей 
өмір сүре алмайды. Мұндай есеп жүргізудің әдістері тым ерте ойлап 
табылды. Кеңістік - заттар мен құбылыстардың бір - бірімен қатар орналасу, 
өзара әрекеттесу ретін білдіретін философиялық ұғым. Дүниедегі заттардың 
барлығы да, кеңістікте орналасқан. Кеңістіктің негізгі бірліктері - нүкте, 
көлем, ұзындық, қашықтық. Кеңістік объективті, өйткені ол материяның 
ажырамас қасиеті. Кеңістіктің үш өлшемі бар, ол ұзындығы, ені және 
биіктігі. Бұл өлшем тек заттық формаға ғана тән емес, әр түрлі процестерге 
де тән. Уақыт пен кеңістік бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан, 
уақыт оның төртінші өлшемі болып табылады. Кеңістік пен уақыт туралы 
ұғым мифтік дәуірдегі дүниетанымдық жүйесінің негізгі түпқазығы болып 
табылады. Дәстүрлі мәдениет үлгілерінен уақытты игеру әрекетінің көптеген 
мысалын табуға болады. Уақытты тоқтату талпынысы дәстүрлі салтты 
қайталау арқылы іске асады. Болмыс, материя, қозғалыс ұғымдары дүние 
дегеніміз бір-бірінен оқшау тұрған заттар мен құбылыстардың ретсіз 
жиынтығы емес, тұтас байланысты бірліктегі құбылыс екендігін айқын 
көрсетіп отыр. Өлі табиғат пен тірі табиғат арасында өзара тылсым байланыс 
пен бір-біріне өту бар. Қоғам өмірі, оның заңдылықтары өзінің материалдық 
негізі болып табылатын табиғатпен тығыз байланысты. Жердегі тіршілік 
космос әлемімен байланысты. «Адамның мәңгі арқа сүйейтін, рухани - тірегі-
ол жарық Дүние, осы жарық Дүние мен өмірдің ажырамас мәңгі 
біртұтастығын сезіну - түсіну. Осы сезіну-түсіну әр адамның таным -
білімінің ең терең деңгейі болып табылады. Сондықтан адаммен әр уақытта 
бірге өмір сүретін арқа сүйеудің күші мен мәңгілігіне еш уақытта 
күмәндануға болмайды. Осы тірек әр адамға өмірдің ерекше тереңдігін 
сыйлайды, өйткені әр адам өмірді өзі жеке, жеке мүмкіндіктерімен қабылдай 
отырып, оның мәңгілігіне, дүниенің мәңгілігіне өз өмірінің (ұрпағының) 
баласының өмірі арқылы мәңгі жалғаса беретініне сенеді. Адамның рухани, 
мәңгі тіреуі - бұл жарық Дүниені ешнәрсемен салыстыруға болмайды. 
Сондықтан да қазақтар естіртіп те және естіртпей де өзінің арқа сүйеуі 
Жарық Дүниеге - О, Жарық Дүние-ай, деп сиынып отырады”-деп жазды Қ.Ш. 


Нұрланова. Қорыта айтқанда, дүниенің ғылыми картинасы ұғымы: 1) 
біртұтас дүние жайлы біртұтас білімді білдіреді; 2) олар фундаменталдық 
сипатта болады; 3) жалпы заңдар мен принциптер негізінде бір жүйеге 
келтірілген; 4) ол өлі табиғат пен тірі табиғатты да әлеуметтік өмір мен 
адамның өзін де қамтиды; 5) ол практикада әбден тексерілген, объективтік 
ақиқатты білдіретін білімдер; 6) айтарлықтай тұрақты; 7) ғылыми танымның 
алдағы дамуында, соның негізінде жаңа білімдердің тууында эвристикалық 
роль атқаратын білімдер”.21 Дүниенің ғылыми картинасына жақындау ұғым 
“әлем үлгісі” категориясы. В.Н. Топоровқа сүйеніп, бұл ұғымды кеңінен 
пайдаланған Ж.Ш.Резин. Әлем үлгісі дегеніміз - өмірде бар заттар мен 
құбылыстарды түсіндірудің жалпы және қарапайым бейнесі. Үлгі әрдайым 
нысанды түгелдеу емес, оның белгілі бір жақтарын, функциялары мен қалып 
- күйін туындатады, бұндайда таңдау ісінің өзі танымның маңызды буыны 
болып табылады. Әлемді игерудің көне әмбебап тәсілдерінің бірі болып 
табылатын үлгі жасау дүниенің ғылыми картинасын жасау жолындағы 
алғашқы қарапайым қадамдардың бірі болып табылады. Өйткені, оған да 
біртұтастық, жүйелік тән, ол да дүниенің біртұтастығын, ажырамас бірлігін 
түсіндіруге тырысқан. 

жүктеу 1.84 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   52




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет