№1. Тақырып. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Дәріс жоспары



жүктеу 1.84 Mb.
Pdf просмотр
бет1/52
Дата04.11.2022
өлшемі1.84 Mb.
#23331
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
№1. Та ырып. Ойлау м дениетіні пайда болуы. Д ріс жоспары
Жоспар I кіріспе II негізгі б лім, Баяндама (1), irregularverbs


№1. Тақырып. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. 
 
Дәріс жоспары 
1. Ойлау мәдениетінің қалптасуы. Көркемдік рефлексия. 
2. Философия – даналыққа құштарлық ретінде. 
3. Өткенге сыни көзқарас – қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы мен 
ұлттық санасындағы өзгерістер шарты.. 
Дәріс тезистері.
1. Ойлау мәдениетінің қалптасуы. Көркемдік рефлексия. 
Қоршаған дүниені танып білуде тек сезіну жеткіліксіз, сезімдік таным 
арқылы заттар мен құбылыстар тұралы үстірт, қарапайым білімдерге ғана қол 
жеткізе аламыз.
Заттар мен құбылыстардың ішкі құрылымы, қатынастары мен 
байланыстары ойлау арқылы бір-бірімен байланыстыра отырып танылады. 
Ойлау адам санасы мен объективті шындық арасындағы диалектикалық 
бірлікті білдіреді. Ол адамның сыртқы дүниемен қарымқатынас процесінде 
туындап отыратын, өте күрделі және маңызды, түпкілікті процесс. Ойлау
қарама-қарсы қайшылықтарға толы процесс. Бұл ойлаудың дамуы мен іске 
асуының қозғаушы күші. Ойлаудың пайда болуы – белгісіз нәрселерге зер 
салу мен таныпбілуге деген қызығушылықтан туындайды. 
Әлем шексiз, соған орай дүниенi танып бiлу де шексiз. Адамның ойы сол 
шексiз әлемдегi нәрселердiң сырын, құпиясын бiлуге бағытталады. Әрбiр 
адам ойланып-толғанғанда өзiне беймәлiм нәрселердiң сырын ашып, 
жаңалықты бiледi. 
Ойлау дегенiмiз-әлеуметтiк жағдаймен ұштасқан, тiлiмен тығыз 
байланысты психикалық үрдiс, сол арқылы болмыстың, дүниедегi 
нәрселердiң жалпы және жанама бейнеленуi. Бұл бейнелену адам ойының 
талдау және бiрiктiру әрекеттер арқылы танылады. Бiр сөзбен айтқанда, 
ойлау – сыртқы дүниедегi болмыстың жалпы жанама жолмен бiздiң 
санамыздағы ең биiк сатыдағы бейнесi. Ойлау адамның өмiр тәжiрибесi мен 
практикалық iс-әрекеттерi нәтижесiнде пайда болып, тiкелей сезiм үрдiсiнiң 
шеңберiнен әлдеқайда асып түседi. 
Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз 
болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау 
арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің 
заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым корытындылар жасалады. Бірақ 
қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі 
құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере 
алмайды. Адамның ой-әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір-біріне 
жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді. 
Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының 
байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз 
арқылы бейнеленуі. 


Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау 
танымның бірінші баспаддағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау 
болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. 
Ойлау сезімдік мағлүматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. 
Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі 
ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері ете кең. 
Адамның ойы өрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін 
білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде 
білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседу Ойлау мен 
сөйлеу бірдей,нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. 
Ой — сыртқы дүниені бейнелеудік ең жоғары формасы, сөз — ойды басқа 
адамдарға жеткізетін қүрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам 
өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, 
ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланды. 
Бала тілі шықпай тұрйй кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы 
дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы тайыи Тіледі. Ойлаудың 
бұл түрі оның тайымын онша кеңіте аямайды; Баланың тілі шығып, сөз 
арқылы үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шёңбері 
кеңейетін болады. 
Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында да үлкен 
орын алған. Сөзбен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің білмегенін 
екіншісі біліп, ақыл-ойын молайта түскен. Тіл мен ойдың бір-бірімен тығыз 
байланыста болатындығын халық ерте кездің өзінде-ақ байқаған. Мәселен, 
халқымыздың “Ішіндегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түсімде” деген 
мақалы адамның басындағы ойы тілінен көрінетіндігін, ал тілдің өзі адам 
психологиясын байқататын тамаша құрал екендігін жақсы көрсетеді. Сөйтіп, 
ойдың дамуы адамның нақтылы іс-әрекетімен шарттас болумен қатар, оның 
сөйлеу мәдениетін меңгере білуімен де, сөз өнеріне жетілуімен де тығыз 
байланысты. 
Сөйлеумен тығыз байланысты жүріп отыратын ойлау процесі тек адам 
баласының психикасына ғана тән процесс болып табылады. Кейбір 
психологтардың (Л. Леви-Брюль т. б.) айтатынындай, мәдени дамудан артта 
қалған халықтардың ойлауы төмен, логикасы, шорқақ дейтін теориялар 
ғылыми жағынан дәйексіз болып есептелінеді. Адам ойлауының 
эволюциялық даму жолы өте ұзақ. Ойлаудың ішкі мазмұны қоғам дамуымен 
бірге өзгеріп отырады. Қоғам ілгері дамып, оның ғылымы мен техникасы 
өскен сайын жаңа ұғымдар пайда болып, қалыптасады, бұрынғылары ескіріп 
қатардан шығады. Мәселен, атом бөлінбейді деген ұғым болса, қазіргі ғылым 
атом ядроларын сансыз бөліктерге бөліп отыр. Тағы бір нақты мысал. Белгілі 
АҚШ этнопсихологы Маргарет Мид (1901-1975) Тынық мұхит аралдарының 
бірінде, өзге дүниемен ешқандай қарым-қатынас жасамай өмір сүріп келе 
жатқан, бір тайпа ел бар екенін анықтады. Бұл тайпаның тіршілігіндегі көп 
ерекшеліктің бірі балалар да, үлкендер де қуыршақ дегеннін не екенін 
білмейді екен. Осы айтылғандар ғалымның Мәдениет эволюциясындағы 
сабақтастық (1964) сутегінде айтылған. 


Ғалымның әкеліп таратқан қуыршақтарына ер балалар да, қыздар да қатты 
қызығып өздерінде. нерв қалың елдердің, киіндіріп, ұйықтатып ойлау 
бастаған; Бұған қарап қыз баладарда бңрлогиялық аналық түйсіктің оянғаны, 
ал ер балалар соларға еліктеген ғой деуге болар еді. Шынында да, 
балалардың біразы қуыршақтармен бір сәт қана ойнап, кейін жайына кетті, ал 
басқалары қуыршақтардың қасынан кетпей, ойындарын түрлендіре түсті. Ал, 
бір ғажабы, ер балалар қуыршақпен ойнауларын жалғастыра бергенде, бұл 
ойыннан тез жалыққан қыздар болды. Арал тұрғындары тұрмысының бір 
ерекшелігі де осындай еді, баланы күтіп-бағумен неғұрлым қолы бос 
еркектер айналысады екен. 
Адам сыртқы дүние құбылыстарының сырын көбірек білген сайын 
оның ойлауы да жетіле түседі, қазір ойлаудың практикалық әрекетпен 
байланысқан сан-салалы түрлері пайда болды. Адам өз ойлауының 
ақиқаттығын, яғни шындығы мен құдіреттілігін, өмірге жарасымдылығын 
практика жүзінде дәлелдеуге тиіс. Ой амалдары мен логикалық операциялар, 
оларды орындаудың белгілі ережелері мен жүйесінің пайда болуы — адам 
ойлауыны зор табысқа жетуінің, тарихи дамуының нәтижссі. Ойлау-
заңдылықтары мен ережелері сансыз қайталаудың және тәжірибеде 
тексерілудің нәтижесінде адам санасында бекіп, зор шындыққа айналды. 
Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде туындап 
отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін — объективтік шындық. 
Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге үмтылдыратын. —: оның 
қажеттері. 
Ойлау — өзіндік ішкі қарама-қарсы қайшылықтарға толы процесс. Бұл 
оның дамуының және іске асуының қозғаушы күштері болып табылады. 
Ойлаудың пайда болуында жаңа, белгісіз нәрселерге зер салып, қызығудың 
да маңызы зор^ Әлде де белгісіз, түсініксіз нәрсені білуге деген ынтызарлық, 
түрлі сұрақтарға жауап іздеп, ой-әрекетімен шұғылдануға адамды 
итермелейді. Ойлау-сұраққа жауап қайтарудан, мәселені шещуден, оның 
мән-мағынасына түсіне білуден жақсы байқалады. Меселен, “Сырдария Арал 
теңізіне құяды” деген сөйлемде ой естіген, не көріп білген мағлұматтарды 
жәй қайталау бар. Ал, затты не құбылысты түспалдап айтатын жұмбақтардан, 
айтыс өнерінен ой процесінің иебір керіністерін байқауға өркез өзінің 
алдына мақсат, міндет қоя білуі қажет. Бұларды басқа адам да қоюыі мүмкін, 
өмір тәжірибесі мен білімі жеткілікті кісі алда тұрған міндетті тез аңғарады 
да, мәселе қоя біледі, ой процесінің бағытын айқындайды. Бұдан соң 
мәселені шешу, яғни ойдың негізгі кезеңі басталады. Бұл адам 
психологиясына ерекше әсер ететін өзекті, аса мәнді кезең болып есептеледі. 
Ойдың кейде шындықтан “ауытқитын кездері де болады”. Бұл адамды 
шындықтағы құбылыстар жөнінде қате көзқарасқа, теріс пікірлерге де алып 
келеді. Қоғамдық тәжірибенің, адам танымыньщ тарихи дамуының 
барысында ғана бұлар біртіндеп, түзетіліп отырылады. Түйсік пен 
қабылдауға қарағанда ойлауда қателесуге мүмкіндік бар, әйтсе де, ойлау 
құбылыстардың мәнін екі жақтан (теория мен тәжірибе) бірдей қарастырып, 
тереңірек біліп отыратындықтан, қабылдау мен елестерге қарағанда 


әлдеқайда жоғары тұрады. Сөйтіп, ойлау сыртқы дүниені мида бейнелеудің 
ең жоғары формасы. 
Ғылыми-техникалық прогресс “ойлайтын” машинаналарды дүниеге 
келтірді. Қазіргі есептегіш машиналар (оларды ойлайтын машиналар деп те 
атайды) өз жұмысының нәтижесін бағалай алады, программаланған 
нәрселерді үйрене де, оны жақсарта алуға да шамасы келеді. Машиналар 
белгілі ережелерге сәйкес мәтінді бір тілден екінші тілге аударады, сөйленіп 
тұрған сөзді машина тіліне, яғни кодқа айналдырады. Мәселен, осындай 
машина дойбы да “ойнайды”. Ол адамды ұтып кетуі де мүмкін. Бірақ оқып 
үйрену қабілеті женінен машина адамнан аса алмайды. Машинаға қарағанда 
адамның оқып үйренуі әлдеқайда жеңіл. Адам өзін машинаға ұтқызбас үшін, 
өз өнерін жетілдірігі отыруы тиіс. Машинаға төңірдей табынатын кейбір 
адамдар: алдағы жерде бәрін машина істейді, ал адамдар қолын қусырып, 
әзір асқа ие болып қарап отырады дегенді айтады. Бұл —сөз енжар, әрекетсіз 
адамның сөзі. Машинаның алдына тиіслі міндет қойып, оған программа 
беретін — адам. Машинадан «ақыл» үйренуге болмайдьі, онда «ақыли жоқ. 
ЕсептегіИі машинаньщ қүндылығы — адамның оны дүрыс пайдалана білуіне 
байланысты. Бұл үшін адамға өз ойлауын үнемі жетілдіріп отыру қажет. 
Екінші жағынан, машина да адамның ойлау қабілетінің дами түсуіне, оның 
психикасының шыныға түсуіне жағдай жасайды. Әрқашанда идеяньщ иесі 
болумен бірге, машинаға тәуелді болып қалмау жағын да қарастырып отыру 
— адамның алдында тұрған ең басты міндет. Сөйтіп, есептегіш машиналар 
қанша “ақылды” болғанымен адам ойлауына пара-пар келе алмайды, адам 
ойлауы, оның барлық психологиялық қасиеттері өз қасиеттерін мәңгі-бақи 
сақтап қалады. 
Ойлау аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше 
ғылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен психологияның орны 
ерекше. Осы екі ғылымның ойды зерттеудегі әдіс-тәсілдерінде де өзіндік 
айырмашылықтар бар. Мәселен, психология түрлі жас мөлшеріндегі адам 
ойының пайда болу, даму, қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау 
ерекшеліктерінін, заңдылықтарын қарастырса, логика — бүкіл адамзатқа 
ортақ ой әрекетінің заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының 
нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының 
табиғатын зерттейді. Кей жағдайда бұл екеуі бірін-бірі толықтырып, ой 
мәдениетінің арта түсуіне көп пайдасын тигізеді. 
Ойлаудың физиологиялық негіздері И. П. Павловтың бірінші және екінші 
сигнал жүйесі жөніндегі іліміне байланысты түсіндіріледі. Ойлау — ми 
қабышның күрделі формадағы анализдік-синтездік қызметінің нәтижесі, 
мұнда екінші сигнал жүйесінің уақтатша «жүйке байланыстары жетекші рель 
атқарады. Екінші сигнал жүйесінде жүйке қызметінің өз алдына дербес 
зандары бар деуге болмайды. Сигнал жүйелерінің мидағы заңдылықтары 
бірдей. Олардың айырмашылықтары мынада: егер бірінші сигнал 
жүйесіндегі реакциялар нақтйлы құбылыстарға байланысты туса, екінші 
сигнал жүйесі оларды жалпылап отырады. 



жүктеу 1.84 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет