1 тақырып. Қазіргі әлемді түсінудегі әлеуметтану



жүктеу 281.55 Kb.
бет8/53
Дата01.11.2022
өлшемі281.55 Kb.
#23114
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   53
Тезисы Социология каз.2020 г.
Макс Вебердің (1864-1920) теориясындағы өзекті мәселе: адамның өзара күрделі қарым-қатынастары жүйесінің салдары болып табылатын әлеуметтік әрекетттерді қоғамдағы индивидтер мінез-құлқының қарапайым түрлерінен бөліп қарастыру болды. Оның ілімі бойынша, қоғам әрқайсысы өздерінің мақсаттарына жету үшін әрекеттенуші индивидтердің жиынтығынан тұрады. Жекеленген индивидтер іс-әрекеттері бірігіп, соның негізінде серіктестіктер (топтар немесе қоғам) пайда болады. М.Вебердің әлеуметтану теориясы позитивистік теорияға қарсы шығу кезеңінде пайда боды. Позитивизмке қарсы шығу дәуірінде ол әлеуметтанудың өзгешелігін жақтай отырып, адм іс-әрекетін, қимылын «түсіну, ұғыну» теориясын қалыптастырды. М.Вебер ойларының өзектілігі, ең алдымен, оның нақтылы зерттеулерінің жаңа дәуір сипатымен тығыз байланысында. Сондықтан әлеуметтік білімдердің жаңа типі М.Вебердің еңбектерінен көрінді. Жиырмасыншы ғасырда кең тараған дағдарысты мәдениеттің дағдарысы деп түсінген М.Вебер жаңа ғасырда өзінің жаңашылдығын, өзектілігін танытқан социология ғылымының негізін қалаушылардың бірі болды. М.Вебердің пікірінше, әлеуметтану қоғамның әлеуметтік-тарихи құбылыстарының субъективтік жақтарын, нақтылы айтқанда адамның іс-әрекетінде, қызметінде оның мұң-мұқтажын, талап-тілегін, қажеттілігін, мақсатын т.б.әр уақытта ескеріп отыруы керек. Әлеуметтану оны объективтілік пен эмпирикалық жағынан бақылап, тексеру жақтарын ескеру керек. Әлеуметтанудың міндеті – адамдардың іс-әрекетінің, қимылының мәнін, мағынасын, мазмұнын терең түсіну, ұғыну болып табылады. Осыларды ескере отырып, қоғамның даму заңдарының себебін ашуға болады.
М.Вебер әлеуметтану зерттеулерінде түсіну, ұғыну әдістеріне көп көңіл қоюына байланысты, оның әлеуметтану теориясы «түсіну, ұғыну теориясы» деп аталады. Ол «идеалды типтер» әдісін жасады. Оның пікірінше, мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет, қимыл негізгі идеалдық тип болып саналады, ал саналы емес іс-әрекет, оның төмендеуі әр уақытта тәртіптен ауытқуға алып келеді. Әлеуметтік іс-әрекеттің ақылдығы, парасаттылығы, ақылға жеңдірушілігі – тарихи процестің басты бағыты. М.Вебердің пікірінше, капитализмнен бұрыңғы қоғамдарда салт-дәстүр маңызды орында болды. Ақыл-парасаттылық тек капиталистік қоғамдық өмірді ұйымдастырудың негізі принципінде болады. Бұл жерде ол экономиканы дінмен байланыстырады. «Протестанттық этика және капитализм рухы» деген еңбегінде ол діни-этикалық нұсқаулардың экономикалық іс-әрекетке ықпалын түсіндіруге тырысты. Еуропа өркениетіндегі ақыл-ой, парасаттылықтың ықпалын зерттеу осы еңбегінің негізгі тақырыбы. Адам мінез-құлқын зерттеу әлеуметтанушыны әр уақытта қызықтырып отырады, себебі әрбір адам өзінің тәртібіне, әс-әрекетіне белгілі бір мағына, мән береді, оны түсінуге тырысады. Сондықтан әлеуметтану «түсіну» ғылымына айналады. М.Вебердің әлеуметтануы саналы адамның мінез-құлқы, сондай ақ оның әлеуметтік әс-әрекеті туралы ғылым. Ол саяси әлеуметтануды да дамытуға үлес қосты. Бұл бағытта ол саяси биліктің үш түрін көрсетті: харизматикалық, дәстүрлі, бюрократиялық. Сондай ақ ол биліктің үш түрлі легитимдігі болатындығын айтты: харизматикалық легитимдік, әдет-ғұрып легитимдігі, ақыл-парасат, құқық легитимдігі. М.Вебер әлеуметтік стратификация (жіктелу) теориясының негізін салды.

жүктеу 281.55 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   53




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет