1 тақырып. Қазіргі әлемді түсінудегі әлеуметтану


Құрылымдық-функциялық теория: технология және эволюциялық әлеуметтік өзгерістер



жүктеу 281.55 Kb.
бет41/53
Дата01.11.2022
өлшемі281.55 Kb.
#23114
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   53
Тезисы Социология каз.2020 г.
Құрылымдық-функциялық теория: технология және эволюциялық әлеуметтік өзгерістер
Құрылымдық-функциялық теория, ең алдымен, әлеуметтік құрылымның ұйымдасңан тәсілмен бір қалыпта сақталуын зерттейді. Бірақ қоғам мен мәдениеттің өзгеруін де назардан тыс қалдырмайды. Құрылымдық-функциялық теория бойынша өзгеріс эволюция арқылы жүзеге асады: әлеуметтік құрылымдар жаңа сұраныстар мен талаптарға кезең-кезеңімен бейімделеді, ал ескірген үлгілер, ойлар және құндылықтар біртіндеп жойылады. Осындай эволюцияға түрткі болатын жаңа сүраныстар мен талаптар технологиялық жетістіктер болып саналады.
Өзгерістер эволюциялық жолмен жүргенімен әрдайым біркелкі болмайды. Оның себебі - мәдениеттің бір тұсындағы өзгеріс басқаларына эсер етеді. Құрылымдық функцияшылдар мәдениеттердің мұндай өзгерістерге бейім келетінін, бірақ бейімделу белгілі бір уақытты қажет ететінін айтады. Соның салдарынан қоғамдар «мәдени кешігуді» сезінеді. Бұл ретте мәдениеттің кейбір салалары өзге салалардағы өзгерістерден кейіндеп қалады. Мысалы, 1870 жылы фабрикалардың көбеюі өндірістік апаттарды көбейтті. Бірақ жүмысшылардың өндірістік жарақатына өтемақы төлеу туралы заңнамалар 1920 жылға дейін қабылданбады. Яғни 50 жылға жуық мәдени кешігу байқалды. Мәдени кешігу - әлеуметтік құрылым жаңа технологияларға бейімделіп жатқан кезде болатын уақытша кезең.
Конфликт теориясы: технология, билік және әлеуметтік өзгеріс
Құрылымдық-функциялық теория әлеуметтік өзгерістерді ретті және жалпылай келісім деп қарастырса, конфликтология теорияшылары өзгерісті жаңа технологияларды қоса алғанда бәсекелес топтардың күресінің нәтижесі деп санайды. Сонымен бірге конфликтология теорияшылары қолында мол билігі бар адамдар технологиялық және әлеуметтік өзгерістерді өз мүддесіне бағыттайды деп түжырымдайды. Қақтығыс және құлдырау сипаты бар процесте әлеуметтік қүрылым өзгереді. Өйткені ықпалды топтар өзгеріс үшін немесе қалыптасқан жағдайды сақтау үшін әрекет етеді.
Торстейн Вебленнің (Thorstein Veblen, 1919) айтуынша, қалыптасқан жағдайдан пайда тауып отырғандар оны сақтау үшін бар күшін салады. Заңды мүддені көздеушілер қалыптасқан жағдайды сақтауға немесе өзгертуге тырысады. Әлеуметтік өзгерістен залал көрген топтар мен адамдар қалыптасқан жағдайды сақтағысы келеді. Ал өзгерістен пайда табатындар, керісінше, жаңашылдықты қолдайды. Электр компапиялары электромобильдерді сатуға мүдделі. Бірақ бұл жанармай компанияларының мүддесіне сай келмейді. Колледж студенттері ғаламтордан оқулықты тегін жүктегісі келеді, ал баспаханаларға бұл тиімді емес.
Технологияның артықшылықтары сияқты шығындары да тең бөлінбейді. Конфликтология теорияшылары әдетте шығынға әлсіздер ұшырайды дейді. Корпорацияларға көп пайда түсіретін ауаны ластаушы фабрикалар кедей-кепшік тұратын аудандарда орналасады.
Эволюциялық теориялар сияқты әлеуметтік өзгерістерге қатысты конфликтологиялық көзқарас та тек болжамға ғана сүйенбейді, эмпирикалық зерттеулермен дәлелдейді. Конфликтологиялық көзқарас жөніндегі жалпы түсінік бойынша, қоғамда байлығы, мәртебесі мен билігінің үлесі әркелкі қалыптасқан адамдар жағдайды сақтап қалуға тырысады. Қазіргі қүбылмалы қоғамда бұл түсінік өзгеріп кетуі де мүмкін: қуатты топтар, жеке адамдар мен ұйымдар да қолдауға бейім болып, технологиялық инновацияларға қарсы шығуы ықтимал. Мысалы, Microsoft компаниясы бағдарламалармен қамдаумен айналысып, компьютерлерді бақылайтын Linux және Apple жасайтын инновацияларға қарсы жүмыс істесе де Windows бағдарламалық қамдаудың жаңа версиялары сияқты пайда әкелетін жаңа технологияларды толықтай қолдайды. Сонымен қатар кейбір ғалымдар технология «автономды» дейді. Осылайша, технологиялық өзгерістер сізге тікелей бақыланбайтын күштермен іске асуы мүмкін.
Дербес компьютердің ойлап табылғанына барлығымыз қуаныштымыз. Оның артықшылықгары айқын, бірақ одан ту ындайтын кішкентай мәселелерді біз елемейміз. Ал атом бомбасының жасалғанына қуанғандар аз. Алайда Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Америка үкіметі оны қолданғанда америкалықтардыц көбі риза болды.
Демек, жаңа технологиялардың артықшылықтары мен кемшін түстары болады және олар бірден байқалмауы мүмкін.

жүктеу 281.55 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   53




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет